ДҮНИЕДЕ ЕҢ ЖЫРТҚЫШ ҚАЙ АҢ?
Категориясы: Жануарлар
Біз әуелі ең ірі жыртқыштардың бірі - аң патшасы арыстанды аузыңа алғандықтан, әңгімемізді содан бастайық. Арыстанның тоя жеуі үшін жиырма килограмм ет жетіп артылады. Артылғанын шүйебөрілерге қалдырып, жататын көлеңке іздеп кетеді. Арыстанның жеген тамағы асқаннында ұзақ корытылады. Өйткені жыртқыш атаулының бәрі етті ұзақ шайнап жатпайды, жұлып алғанын жұта береді. Арыстан жиі тамақтанбайды. Екі-үш күнде бір-ақ қоректенеді. Соған қарағанда арыстан үнемі тоқ жүре бермейтін секілді. Күніге жейтіні орта есеппе он килограмға да жетпейді екен.
Жолбарыс та сирек тамақтанады. Содан ұзақ уақыт бойы қорек іздемейді. Қарны ашкан кезде қайтадан аңға шығып жатпай, тығып кеткен жемтігін тауып жейді.
Қабылан да, сілеусін де, тіпт қасқыр да сен ойлағандай соншалықты мешкей емес. Ірі жыртқыштар жайында жұрт «қаскүнем», «қаһарлы», «қан-құмар» деген сөздерді жиі айтады. Шын мәнінде, тіпті де олай емес. Жыртқыштар арасында кейде қатты шайқастар болатыны рас. Қаншама қаһарлы болса да, олардың шайқастары әлсізінің өлімімен аяқталмайды. Көбінесе жеңілген аң ырылдап, жарасын жалауға кетеді. Ал жеңгені оның соңынан ермей қалып қояды.
Егер жолбарыстар мен қара қабыландарда таңдана білетін қасиет болса, онда төбелескіш қасиетімен олардың өзін таң-тамаша қалдыра алатын жәндік те бар. Ол - кәдімгі көртышқан. Жартылай соқыр жерқазғыш, домаланған семіз көртышқан біз ойлағандай жуас емес. Егер екі көртышқанның жер асты жолдары түйісіп екеуі кездесе қалса, қанды шайқастың көкесі сонда болады. Бірі өлмей тынбайды.
Көртышқанның мешкейлігі соңдай, қасқыр да, жолбарыс та, арыстан да оның шаңына ілесе алмайды. Ол бір тәулік ішінде әр күн сайын өз салмағындай жемтік жейтін болса қайтер еді? Ойласаң, жаның түршігеді.
Көртышқан күндіз-түні бірдей тынбай жем іздеумен болады. Оның қорегі - жер құрты, личинкалар, қоңыздар. Қыстыгүні ұйықтап жатқан кесірткені көре қалса, оны да жеп қояды, Жазда жердегі құс ұяларын іздеп тауып, балапандарды да қылғытады.
Жертесердің мешкейлігі көртышқаннан да асып түседі. Оның бір тәулікке жейтін жемтігі өз салмағынан төрт есе көп.
Жарияланған-2016-09-17 11:34:17 Қаралды-7810
АЛАШОРДА
Алашорда - Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды. Үкіметтің т
РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар.
ДӘРІЛІК МЕЛИССА
Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?
Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...
ТАҢҒЫ АСҚА АРНАЛҒАН 30 РЕЦЕПТ БУТЕРБРОДТАР
Таңғы асқа арналған 30 рецепт бутербродтарды ұсынамыз.
СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?
Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.