ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ
Категориясы: Табиғат
Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды. Басты байлығы - су құстары. Қорық арқылы Пәкістанда, Үндістанда, Солтүстік Африкада және Каспий теңізінде қыстаған құстардың солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Көктем, жаз айларында құстарға толы көлдері бар бұл қорықты «Кұс базары» деп атайды. Қамыс арасын шағала, қасқалдақ, сұқсыр үйрек, қоңыр қаздар мекендейді. Сондай-ақ әупілдек, қарадегелек, аққұтан, қалбағайларды, шөлді дала аймағында дуадақ, безгелдек, ақбас тырналарды, тоғай ішінде жыртқыш құс - саз құладынын көруге болады. Қорғалжыңда түлкі, қарсақ, суыр, т.б. жануарлар да бар.
Жарияланған-2015-11-25 20:04:47 Қаралды-4747
13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.
БАРЕЛЬЕФ

МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.
КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.
ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ

Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.
Кейбір амфибиялар дене бөлігін қалпына келтіре алады

Аксолотль — қосмекенді амбистомалардың кейбір түрлерінің неотениялық дернәсілдері, құйрықтылар отрядының амбистомалар тұқымдасына жатады. Бұл қосмекенділер өз аяқтарын регенерациялаумен шектелмейді.