UF

СУ ДОБЫ

Категориясы: Спорт


Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты. Балалар ұзақ уақыт ыстық күндегі футбол ойынынан кейін суға шомылмақ болып, суға түсіп салқындағаннан кейін, баяғы ойыннан суда жалғастыра беріпті, бірақ аяқпен тебу мүмкіншілігі болмағандықтан қолмен ойнай бастаған. Міне, кездейсоқ мұндай жағдай су добы ойынын ойлап табуға себепші болған дейді, спорт тарихы туралы деректерде. Ал шын мәніне келгенде бұл спорт ойынының өзіндік тарихы, белгілі даму кезеңдері бар, мұның делелі 1885 жылы құрылған су добы федерациясы. Ол 1900 жылы француз спорт мамаңдарының ұсынысымен екінші Олимпиада ойынының бағдарламасына кіреді де ол ойынға екі француз ойыншыларымен бірге тағы да екі команда қатынасып, барлығы төрт команда, су добынан олимпиада медалын сарапқа салыпты.Ал 1920 жылғы олимпиадаға дүниежүзінің 12 командасы қатынасады.

Су добы алғашқы уақытта судағы футбол деп аталынғанымен біртіндеп өз ережесі, өз құрал-сайманы бар спорт ойынына айнала түседі.

Алғашқы кезенде су добы, ұзындығы 45 метірлі су айдынында өтеді, қақпаның орнына «гол» - деп жазылған нысана қойылады, егер қарсы жақтың ойыншысы лақтырған доп көрсетілген нысанаға тисе ұпай есептелетін болған.

Қазіргі кезенде су добы 30х20 метірлік су айдынында айналады. Ережеге сәйкес бассейіндегі судың тереңдігі 2 метірден кем болмауы керек. Қақпаның кеңдігі 3 метр, ол су бетінен 0,9 метрлік биік тұруы міндетті. Су добының дөңгелектігі 68-71 см, салмағы 400-500 гр болады. Допты екі қолымен ұстауға тек қақпашыларға ғана рұқсат етіледі,ойыншылар тек бір қолымен ғана доп ұстайды. Алғашқы Европа біріншілігі 1926 жылы өтіп, 1973 жылдан бастап дүниежүзілік чемпионат өткізіліп келеді.

Су добының отаны аталған ағылшындар командасы 1920 жылдары алдына команда салған емес, олар 4 мәрте олимпиада чемпионы болды. Рессей тарихында су добынан алғашқы жарыс 1910 жылы өткізілген. ҚСРО-біріншілігі 1925 жылдан бастап өткізіліп келеді. Су добы өнерінің кең таралуына байланысты оның ойыншыларының бойында өсе береді.

Мысалы, венгриялық ойыншы Иштван Совоштың бойы 2 м 2 см. Мұндай жағдай бассейіңдегі суды тағы да 15 см тереңдетуге мәжбүр етті. Сөйтіп 1964 жылғы Токиода өткен олимпиада бассейінің тереңдігі 2 метр, 17 см-ге көтерілді. Судобы ойынында деген қызығушылық қыздар арасында да кеңінен етек ала бастады, нәтижеде су добы федерациясы 1972 жылы Эквадорда Австралия, Канада және Америкалық қыздар командасыңың алғашқы байқау ойынын өткізді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының құрама командасы ТМД елдеріңдегі таңдаулы команда болып есептелінеді, олар 1995 жылғы өткізілген Азия ойынынның жүлдегерлері.

Жамбылдық ватерполшы қыздардың «Химик» комаңдасының атағы ҚСРО-ның кезінде-ақ әлемге жайылып үлгергенді. Еске ала кетуге де болады. 1991 жылы жоғары лигада жасөспірімдер арасында алғаш рет өнер көрсеткеніне қарамастан Кеңестер Одағының чемпионы атанып. ҚСРО кубогының жеңімпазы болды.

Жалпақ жиһаннан хабар алып жүрген спорт шолушылары мен мамандарының айтуынша, әлемдік су полосы тарихыңда мұңдай құбылыс болған емес.

Өкінішке орай, сол тұстағы спорттық қоғам бұл жетістікті жамбылдықты ватерполшылардың басына кездейсоқ қонған бакыт құсына балаған да қойған.

Алайда, спортшы қыздар 1992 жылы ТМД біріншілігіңде де кубокты жеңіп алып, өздерінің жай ғана әуесқойлар ғана емес екеңдігін дәлелдеді. Содан кейін әлем кубогы үшін жарысқа жолдама алды. Бірақ бұл жетістік олар үшін оңайға түскен жоқ. Жамбыл қаланың қарапайым бассейінінде жаттығудан өткен қыздарымыз іріктеу турнирінде спортшылары әлемдік аренаға жүздері жарқырап шығатын Германия, Англия, Франция және Греция сияқты елдердің командаларымен күш сынасып, қайсарлықтық арқасыңда ғана жеңіп шықты.

Келесі кезеңде венгриялық құрбыларымен тең ойнайды. Сөйтіп, су добының жамбылдық сұлулары финалда кұрметті сегізінші орыңды иемденді.

Әрине, қаржының жетімсіздігі, материалдық базасының нашарлығы, ватерполшы кыздардың жаттығуына, көңіл-күйіне қиындық келтіріп жүрді. Бірақ спортқа деген сүйіспеншілік оларды алған бағыттарынан қайтарған жоқ. Өткен жылғы әлем чемпионатында Голландия, Австралия, Канада командалары қатысқан жарыста жетінші орынға ие болу көптеген мемлекеттер үшін әзірге арман ғана.

Алдағы уақытта жамбылдық ватерполшы қыздар Златоуст, Алматы, Мәскеу қалаларындағы жарыстағы Голландиадағы Олимпиада алдындағы турнирге қатысуы керек. Сонау Канададан бірлескен жаттығулар өткізу үшін шақыру келді. Өкінішке қарай, қаржының жетіспеушілігі, тағы да қол байлау болып отыр. Басқасын былай қойғанда, су добын шыр көбелек айналдырып, әлемдік жарыстарға танымал болып жүрген қыздарымыздың бүгінде жаттығу жасайтын бассейні де жоқ екен. Басқа салса, амал бар ма? Қыздар қазір баскетбол, волейбол ойнап жаттығуда. Бірақ осыған қарамастан, қыздардың суда жүзу техникасы қарсыластарынан анағұрлым басым көрінеді. Күш қолдану әдісі де ағылшыңдық және канадалық әріптестерін орта жолда қалдырады.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-25 16:32:22     Қаралды-8878

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЧАГОС АРХИПЕЛАГЫ

...

Үнді мұхитындағы архипелаг.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТІС БОЙЫ

...

Ертіс бойы өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысымен ағатын еліміздегі ең ұзын өзен (1698 км) - Ертіс алабын алып жатыр. Ертіс бойында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы орналасқан. Қытайдан бастау алатын (Зайсан көліне дейін «Қара Ертіс» дейді) бұл өзен е

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ САМБУГЫ

...

Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

...

Эпизоотиялық жағдай - жасақтар мен халықтың іс-қимылына әсер ететін жануарлардың жұқпалы ауруларының (топалаң, маңқа, аусыл) белгілі бір ортада болуы, таралу сипаты мен дәрежесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

...

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »