ЕЛІК
Категориясы: Жануарлар
Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс бөлігіндегі және Тянь-Шаньнан Алтайға дейінгі тау етегіндегі орман, тоғайларда кездесетін сымбатты жануарлардың бірі - елік. Мүйізі тармақталып келген, қазан - қараша айларында түсіп, сәуір айында жаңадан мүйіз шығады. Ұрғашысында мүйіз сирек кездеседі. Мекендейтін қоныстарында елік түнде жайылып, күндіз орман арасына жасырынады. Қыс айларында 5-10-нан топтасып жүреді. Өсімтал жануар, көбіне егіз, кейде үш-үштен мамыр - маусым айларында лақтайды. Еліктің лағы құралай деп аталады. Құралайдың түсі теңбіл-теңбіл болып келеді, бірақ мұнысы үш-төрт айдан кейін жойылып кетеді. Еліктер 11-12, кейде 16 жылға дейін өмір сүреді.
Жарияланған-2015-11-25 22:16:40 Қаралды-15083
ТАСШҮЙГІН – ЖҮРЕК ҚАТТЫ СОҚҚАНДА ЕМ ҮШІН ПАЙДАЛАНАДЫ

Тасшүйгін – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Ертеде мотоциклистер жолаушылармен өте сирек қарым-қатынас жасаушы еді

Мотоциклистердің үнемі бір қиыншылықтары болатын еді – егер екі адам бірдей мотоциклде отырса олар бір-бірімен сөйлесе алмайтын еді. Бақытына орай, қазірде бұл мәселе шешілуде.
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.