UF

ШУ ӨЗЕНІ

Категориясы: Табиғат


Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Бұл өзеннің атауы «су», «өзен» мағынасындағы көне түркі диалектілерінің бірінен жасалған деген пікірлер бар.

  Жарияланған-2015-11-25 19:37:53     Қаралды-18136

Мәлімет сізге көмек берді ма

БЕРЕН САУЫТ

...

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАСҚЫР

...

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮРКІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

...

Түркілердің пайда болуы туралы айтылатын генеалогиялық аңыз қытай жылнамасында келтірілген. Бұл аңыз Римнің негізін салатын Ромул мен Ремнің Қапитолии қасқырын еміп күн көретіні сияқты әңгімені көлденең тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖӘҢГІР ХАН

...

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИЯМПҰР

...

Інжірден жасалып, арасына грек жаңғағы салынған тағамды шығыста осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУАТ (кинза шекері)

...

Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »