UF

ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫ

Категориясы: Табиғат


Ұлытау аймағы Сарыарқаның оңтүстік-батыс шегінде, Қарағанды, Қостанай облыстары жерінде орналасқан. Негізінен, Қарағанды облысы Ұлытау ауданын қамтитын бұл аймақ шоқылы, қыратты келген аласа таулардан тұрады. Олардың жалпы орташа биіктігі 400-600 метр, көтеріңкі орта тұсы 800-1000 метрге жетеді. Солтүстігін Жақсы Арганаты (757 м) мен Едіге таулары (1064 м), оңтүстігін Кішітау жотасы (793 м) алып жатыр. Ал көтеріңкі орта тұсында Ұлытау (1133 м) таулары жайғасқан. Аймақ оңтүстіктен солтүстікке 230-240 шақырымға созылған.

Аймақта темірлі кварциттің, темірлі марганецтің, мыстың, полиметалдардың, қоңыр көмірдің, сирек металдардың кен орындары көп. Ұлытау аймағы қойнауын барлауға, кен орындарын ашуға аса көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаев көп еңбек сіңірді.

Аймақта қыс айларында ауа райы - 35-40°С-қа дейін төмендейді. Ал шілде-тамыз айларында 30- 35°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын аз түседі (220-250 млг). Өзендері аз. Батысындағы Торғай алабында Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы Жыланшық ақса, шығысындағы Сарысу өзені алабымен Қаракеңгір, Жезді, т.б. кішігірім өзендер ағады. Бұл өзендер жауын-шашын суларымен толығады да, көктем айларында тасиды. Ал жазда қара суларға бөлінеді. Жер үсті суы аз болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Оның жалпы қоры 30 млрд м2-ге тең және суының минералдылығы шамалы, негізінен, тұщы сулы келеді. Жалпы, аймақ мал жайылымына қолайлы.

Әкімшілік тұрғысынан, негізінен, Ұлытау ауданына қарайтын аймақтың ауданы (123,0 мың км2) 12,3 млн гектарға жуық. Еуропаның бірнеше мемлекеттері сыйып кетер аймаққа еліміздің Солтүстік Қазақстан (98,0 мың км2) облысы да еркін сыйып кетер еді.

Осы аймақтың жан-жануар, өсімдігін және тарихи-археологиялық ескерткіштерін қорғауға арналған 1990 жылы Ұлытау ұлттық қорықшасы құрылды. Мұнда Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің үлкен шоғыры орналасқан.

  Жарияланған-2015-11-25 17:15:59     Қаралды-5660

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖЕР АТМОСФЕРАСЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНША?

...

Біздің Жер планетасы газ қабатымен - атмосферамен қоршалған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕРЕН САУЫТ

...

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

...

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЕЛ

...

Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАРИХ... ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ... МАҒЫНАСЫ...

...

Олимпиада ойындары бүкіл әлем халқын бұл оқиғаны тыныстап тамашалауға мәжбүрлейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »