ЕРТІС БОЙЫ
Категориясы: Табиғат
Ертіс бойы өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысымен ағатын еліміздегі ең ұзын өзен (1698 км) - Ертіс алабын алып жатыр. Ертіс бойында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы орналасқан. Қытайдан бастау алатын (Зайсан көліне дейін «Қара Ертіс» дейді) бұл өзен еліміздің аумағында Алтай тауларынан бірнеше сала қосып алады. Олар: Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабек, Ұлан, т.б.
Өзен бойында Қазақстандағы ең үлкен бөген - Бұқтырма орналасқан. Одан басқа Шүлбі, Өскемен бөгендері салынған. Оларда елімізге әйгілі су электр стансалары жұмыс істейді.
Батыс Сібір жазығының бір бөлігі саналатын Ертіс жазығы осы Ертіс өзенінің екі жағының кең алқабын алып жатыр. Жазықты Ертіс өзені екіге бөлгендіктен, онын сол жағалауын көбіне Ертіс бойы, ал оң жағалауын Ертіс сырты деп атайды. Жағалау аңғарында көлдер мен батпақ көп кездеседі. Шөбі шүйгін, мал жайылымына және шабындыққа қолайлы. Ені жүздеген метрге жететін суы мол Ертіс өзенінде балықтын алуан түрі мекендейді.
Жарияланған-2015-11-25 16:56:13 Қаралды-4876
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР
Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.
ФАРФОР ӨНДІРІСІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Фарфор ең жоғары сападағы ең асыл керамика болып саналады.
ЕСКЕРТКІШ
Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті.
ЛАШЫН
Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.