UF

БҰҚАР ЖЫРАУ

Категориясы: Адамдар


Бұқар жырау 1668 жылы Баянауыл жерінде дүниеге келген. Жүз жылдан аса өмір сүрген Бұқар шамамен 1781 жылы қайтқан. Әкесі Қалқаман арғын руынан шыққан атақты батыр болған.

Бұқар жас кезінен би атанып, Қазыбек, Төле, Әйтеке билермен бірге Тәуке ханның заңдар жинағын құрастыруға қатысқан. Бұқар көшпелі халықты жоңғарлар жан-жақтан қыспаққа алып, шабуылдап жатқан қатал заман тұсын жырлаған.

Ол сол кезде қазақтың билеушісі Абылай ханның ақылшысы әрі кеңесшісі болатын.

Ұлы ханның барлық қазақ тайпаларын біріктіретініне сеніп, оны алып күш иесі деп кұрметтеген.

Бұқар жыраудың ең таңдаулы шығармаларының бірі - Абылайдың дүниемен қоштасуы туралы өлең-жоқтауы. Онда ханның батылдығы мен ақылдылығы, дана саясаты мен көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты жүргізе алу ерекшелігі айқын суреттелген. Өз заманын жақсы түсіне білген ақын үш жүздің бірігуін қолдап, біртұтас мықты мемлекет кұруды армандаған. Бұқар жырау мұраларынан бізге жеткені - жырларының 1100 өлең жолдары ғана.

Сөз өнерін тамаша меңгерген оны өз замандастары «көмекей әулие» деп атаған. Бұқар жырау, шынында да, өз заманының жаршысы болған. Оның айтқан сөздері халыққа әскери рух беріп, ұлттық сана-сезімнің нығаюына әсер еткен.

  Жарияланған-2015-11-24 16:40:53     Қаралды-17478

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШУ ӨЗЕНІ

...

Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЛИТА

...

Бұл тағамды жасау үшін қатты етіліп қамыр иленеді де, 20 тең бөлікке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ЕРЕКШЕ САЛЫҚТАР

...

Бұл мақалада салықтар туралы қызықты деректер келтірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАСКЕТБОЛ ТАРИХЫНАН

...

Баскетбол алыптар ойыны - ден те атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР НЕ ЖЕЙДІ?

...

Қоректену тәсілі бойынша балықтар шөпқоректілер (фитофагтар)...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

...

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »