ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ
Категориясы: Тарих
ВЕНЕЦИЯ (Venezia) - Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы. Халқы 260 мың (2019). 400-дей көпірі бар 150 канал бөліп тұратын 118 құмдақ аралға орналасқан.
Тарихы. Венеция жеріне адам б. з. б. 5 ғасырда алғаш қоныстанған. Қатыгез тайпалардың (варварлардың) шапқыншылығы кезінде (б. з. 4-7 ғасырлар) халықтың саны Италияның құрлық жағынан қашқандардың есебінен көбейді, аралдарда қауымдар пайда болды. 7 ғасырдың аяғы 8 ғасырдың бас шамасында онда республика құрылды. Венеция қаласы 9 ғасырдың басында Риальто аралында салынды. 9-10 ғасырда Венеция Батыс Европа мен Шығыстың ірі сауда орталығына айналды. 4-крест жорығының нәтижесінде (1202-1204) Жерорта теңізіндегі империяға айналып, 14-16 ғасырда құрлықтағы жерін кеңейте түсті. 1797 жылы Наполеон Бонапарт басып алды да, 1848-1849 жылы Революция кезінде республика болып жарияланды. 1866 жылы Вена келісімі бойынша Италия корольдығының құрамына енді. 1943-1945 жылдары Венеция неміс-фашист басқыншылығы кезінде Қарсыласу қозғалысының ірі орталығына айналып, 1945 жылы 29 сәуірде азат етілді. Венеция - үлкен сауда және әскери порт, әуе жолының торабы. Өнеркәсібі нашар дамыған, көбінесе ескі кәсіпорындар; кеме, қағаз, полиграфия жабдықтары, тамақ, әйнек т.б. жасап шығарылады. Фтор, алюминий, мырыш, және мұнай айыру т.б. заводтары 2-дүние жүзілік соғыстан кейін салына бастады. Лидо аралында белгілі халықаралық теңіз курорты орналасқан. Сан-Ладзаро аралында армян-мхитарилер қауымы, оның кітапханасында ежелгі армяндардың бағалы қолжазбалары бар. Қалада қызғылықты орындардың, архитектуралық ескерткіштердің, түрлі өнер шығармаларының мол болуынан туристер көп келеді. Вавилонда халықаралық фестивальдар, осы замаңғы көркемөнер көрмесі, театр және музыкалық фестивальдары т. б. өткізіліп тұрады. Туризм мен қонақ үйлерден түсетін табыс қала экономикасында елеулі роль атқарады.
14 ғасырда ірге көтерген Венеция архитектурасы 16 ғасырдың басында қалыптаса бастады. Әдемі безендірілген шіркеулер, сарайлардың түсті мәрмәрден ернектелген галереялы фасадтары, әшекейлі терезе, сәнді көпірлер мен каналдар, 3-4 қабатты үйлері бар сұлу көшелер саны көбейді. Венеция орталығы - Сан-Марко Пьяццасы орналасқан алаң (829-832). Пьяццетта алаңы, Сан-Марко кітапханасы (1583), әйгілі Дождар сарайы (9-14 ғасырлар) да осы тұста. Готика, ренессанс және барокко стилінде салынған Ка д’ Оро (1422-1440), Вендрамин-Калерджи (1481-1509), Редзонико (1660), Пезаро (1710) сияқты салтанатты сарайлар Үлкен каналды жағалай салынған. Санта-Мария Глориоза деи Фрари (1338-1443), Сан-Джорджо Маджоре (осы аттас аралда; 1565-1580) сияқты Венеция архитектурасынан маңызды орын алатын бірнеше шіркеулер мен монастырьлар бар. 20 ғасыр құрылыстарынан тұрғын үй салынған жаңа аудандарды (1917 жылдан бастап), Санта-Лучия т. ж. вокзалын (1956) атауға болады. Басты музейлері: Коррер (14-16 ғасырлар өнері), Қазіргі заман өнерінің халықаралық (Пезаро сарайында), Археологиялық музей, Дж. Франкетти галереясы (Ка д’ Орода). 2 жылда бір ұйымдастырылатын Биеннале Халықаралық көркемсурет көрмесі (1895 жылы ұйымдастырылған) Венецияда өтеді.
Әдеб.: Венеция. Архитектурные памятники. Л., 1938; Всеволожская С. Н. Венеция. Л., 1970.
Жарияланған-2019-09-04 14:21:05 Қаралды-4537
ЖАНР
Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.
АСПАНДА ҚАНША ЖҰЛДЫЗ БАР?
Күн - біздің космостық үйіміздегі әрі жалғыз, әрі ең жақын жұлдыз.
Дәм қабық (корица) қосылған бисквит
Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.
БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?
Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.