UF

Тақырып. Виктомология

1.Виктомология туралы ілім.

2.Қылмыстан жәбірленушіні жіктеу.

«Виктимология» сөзі – құрбан туралы ілім деген мағынаны білдіреді (victima – латынша құрбан, логос – грекше, білім, ілім). Виктимология туралы сөз қозғағанда біз жалпы құрбанды (мысалы, бақытсыз оқиғадан) және кез келген құқық бұзушылықтан (әкімшілік, азаматтық, еңбек) зәбір көрген адамды емес, КР КІЖК 75-бабына сәйкес қылмыстан моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілген жәбірленуші жайында айтып отырмыз. Қылмыспен жәбірленген адамның құзыры ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыспен жәбірленген адамның құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнамаларды практикада қолдану туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 қаулысында толық айтылған. «Виктимология» терминін пайдаланы отырып, біз оның криминологиялық аспектілерін ғана қарастырамыз.

Криминалдық виктимология қылмыс құрбаны мәселелерін ең алдымен қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминология тарапынан қарастырады. Сонымен бірге, әлеуметтік-психологиялық ғылым салаларының (әлеуметтану, психология, педагогика және басқалары) жетістіктерін кеңінен қолданады.

Сөйтіп, криминалдық виктимология нәрсесі болып мыналар саналады:

-                                            виктимдік  - соған тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыстар

-                                            қылмыспен дене, моральдық және материалдық зиян келтіру себептерінің мән-жайлары мен шарттары

-                                            виктимогендік жағдай, яғни, мүмкін деген құрбанына зиян келтіру себептерінің мән-жайлары мен шарттары

-                                            қылмыстық жағдайға дейінгі, құқыққа қайшы әрекет кезіндегі және одан кейінгі құрбан мен қылмыскер арасындағы қарым-қатынастар табиғаты мен заңдылықтары

-                                            қылмыстық қол сұғушылықтың мүмкін деген құрбанын қорғаудың нысандары мен жолдары

-                                            жеке, түрлік, топтық жаппай виктимділікті төмендеуге арналған алдын алу шаралары

-                                            қылмыс нәтижесіндегі құрбанға келтірілген шығынның орнын толтыру тәртібі.   

Криминологиялық зерттеулерге сүйеніп қылмыстылықтың арнайы алдын алғанда жоғары криминогендік және жоғары виктимдік әлеуметтік топтар, әрекет салалары және объектілер бөлініп алынады. Біріншілерге, мысалы сәтсіз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандар; тұрақты табыс көзі жоқ адамдар; халықтың кедейшіліктен де төмен тұрған топтары жатады. Жоғары виктимділерге – мол байлықтың иелері және құндылықтар сақталынатын объектілер, әрекет саласынан – ақша және валюта айналымымен байланыстылар, объектілерден – көші-қон тасқыны мол аймақтар және т.б. жатады.

Виктомология саласындағы мамандар «рөлдік» виктимдікті бөліп алады, олар:

а) адамның кемшілігімен және ол орындайтын рөлдің күрделілігімен байланысты

ә) әрекеттің күрделілігінен, ол адам тап болған ситуациядан туындайтын рөлдер

«Жеке бастың» виктимдігі дегеніміз қылмысқа құрбан болу ықтималдығын көтеретін жеке бастың сипаттамасы.

Мысалы, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының немесе алтын өндіру және өңдеу саласындағы қылмыстылықтың немесе тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы қылмыстылықтың алдын алу бағдарламасы жасалады. Қылмыстылықтың детерминациясы мен себептілігінің жалпы процестерімен қатар тек кәмелетке толмағандарға, алтын өндіру және өңдеуге, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына қатысты арнайы процестерді бөліп ала отырып тиісті қылмыстылықты арнайы зерттеу оларға криминологиялық негіз бола алады. Ал, тиісті себептік кешендер мен детерминациялық өзара әрекеттестіктер бұл жағдайларда әр түрлі болып келеді. Қоғамды түгелдей жетілдірмей-ақ белгілі бір топтың немесе объектінің криминогендік және виктимдік әлеуетін, шындығында, шектеулі мөлшерде төмендетуге болады. Мұның өзі де жаман нәтиже емес.

Қылмыстардан зардап шегушілердің виктимдік мінезқұлқы әр қилы болуы мүмкін. Жәбірленушінің бейтарап мінез-құлқы  - бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына қалай да болса әсер етпейтін, сондай-ақ қарсылық көрсетпеумен байланысты емес мінез-құлық түрі. Жәбірленушінің жағымды мінез-құлқы - бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болмайтын, жағдай туғызбайтын, сондай-ақ жағдайға қарай абай, мұқият болуы және қылмыскерлерге қарсылық көрсететін мінез-құлқы. Жәбірленушінің жағымсыз мінез-құлқы -  бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болатын, әрекеті не әрекетсіздігі:

-         адам мас күйінде адамсыз жерлерде ұйықтап қалып, тонау мен қарақшылықтың жәбірленушісіне айналатын жағдай;

-         ол күйінде, әлбетте, қылмыскерлерге қарсылық көрсете алмайды, адам мас күйінде қылмыскердің басқа жерге шығу туралы ұсынысына келісіп, діттеген жердегі кінәлінің сыбайластарына ұрынатын жағдай

-         көп адамға қарсылық көрсете алмайды;

-         адам өзіне жаңа таныстарды белсенді түрде іздеп, оларды өз үйіне шақырып, спирт ішімдіктерін ішіп, қылмыс жәбірленушісіне айналады;

-         әрине, мас күйінде қарсылық көрсете алмайды;

-         адам есік қағып тұрған адамның кім екендігін анықтамай немесе оның айтқан өтірігіне иланып, есік ашып, сол жерде шабуылға ұшырайтын жағдай;

-         адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде әсер қалдырып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;

-         адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге ыңғайлылық туғызатын жағдай;                  

   Қылмыстан жәбірленушіні жіктеу. Жоғарыда қарастырылған қылмыс құрбанының сапалық және сандық сипаттары ең болмағанда жәбірленушілерді жүйелендіру, жіктеу жүргізуге мүмкіндік туғызады. Қылмыстан жәбірленгендерді жүйеге бөлу туралы қызықтырушылықтар тудыратын ұсыныстар Л.В.Франктің, Д.В.Ривманның, шетелдік мамандар Г.Хентиг, Г.Элленбергер, Б.Менднльсон, Г.Бауэр еңбектерінен орын алған.

Жәбірленушілерді жіктеуге құрбанның әлеуметтік,психологиялық және биофизикалық сипаттары, сондай-ақ оның зиян келтірушімен өзара қарым-қатынасы жалпы негіз болады. Жалпы алғанда, қылмыс құрбандарын төмендегідей жіктеу жолдарын ұсынуға болады.

1.      Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны бойынша:

1)      қасақана қылмыс құрбаны

2)      абайсыздық қылмыс құрбаны

2.      Қылмыстылық қол сұғушылықтың бағыттылығы бойынша:

1)      бірнеше объетілердің қылмыс құрбаны (халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, меншікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар)

2)      қылмыстың белгілі бір түрінің құрбаны (кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, ұрлық, шабуыл жасау, алаяқтық және басқалар).

3.      Жәбірленушіге келтірілген шығынның сипаты бойынша:

1)      денесіне зиян келген құрбан

2)      материалдық шығын құрбаны

3)      қылмыстан моральдық шығын келтірілген құрбан

4.      Жәбірленуші мен қылмыскер арасындағы қырым-қатынас бойынша

1)      күні бұрын белгіленбеген құрбан

2)      күні бұрын белгілі болған құрбан

3)      арандатушы құрбан

5.      Жәбірленушінің қылмыс түріндегі рөлі бойынша:

1)      бейтарап құрбан

2)      қатысушы құрбан

3)      арандатушы құрбан

6.      Өзге де әлеуметтік сипаттары бойынша:

1)      қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрбанның орын алатын орны (кәсібі, мамандығы, қоғамдық құзыры)

2)      қылмыскермен әлеуметтік байланысы (туысы, әріптесі және басқа)

3)      шығын келтірушімен әлеуметтік қарым-қатынасы (іскерлік, жолдастық, жаулық және басқа да)

7.      Психологиялық  критерийлері бойынша:

1)      адамгершілік-психологиялық ерекшеліктерімен көрінетін құрбан (қызба, ашуланшақ, әсіре қызыл және басқа)

2)      психикасы бұзылған (есі ауысқан тұлға,  маскүнем, нашақор, жыныстық сезімі бұзылған адам және басқалар).

8.      Жәбірленушінің биофизикалық қасиеттерінен мыналар ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады:

1)      құрбанның жынысы

2)      оның жас шамасы

3)      ұлты

4)      құрбанның қылмыстың алдындағы және қылмыс сәтіндегі денесінің жай-күйі (өмірге қауіпті, ауру, дәрменсіз және басқа)

9.      Құрбанның қылмысқа дейінгі және қылмыс жасау кезіндегі мінез-құлқы бойынша:

1)      өзіне қарсы қылмыс жасалуына жағдай туғызушы адам

2)      селқос жәбірленуші 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 12:09:36     Қаралды-7283

ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

...

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРТ - АСЫЛ ТАС, ІРІМШІК - ПАЙДА АС!

...

Мәйек - әлі отықпай тұрып сойылған жас қозының ұлтабары. Мұндай ұлтабардың уызды өңезі (сары уызы) болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ

...

Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ

...

Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫ

...

Азот қышқылы - түссіз сұйық. Азот қышқылы барлық металдарға әсер етеді, күшті тотықтандырғыш.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »