UF

ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІКТІҢ МАТЕРИАЛДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

Генотип - біртұтас жүйе. Біз генетиканың негізгі заңдарымен таныса отырып, енді бірсыпыра организмдердің гені және генотипі туралы түсініктерді біраз жинақтап, тереңдете аламыз. Геннің нақты бар екендігі фактілердің негізгі екі тобымен: ажырау кезінде салыстырмалы түрде тәуелсіз комбинацияланумен; өзгеруге - мутациялануға қабілеттілігімен дәлелденеді. Геннің негізгі қасиеттеріне оның хромосомаларының екі еселенуі кезіндегі екі еселене алу қабілеттілігі жатады. Гендер едәуір тұрақты болады және түрдің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гендер өзара бір-біріне тығыз әсер етіп отырады, сондықтан тұтас генотипті - гендердің жай механикалык қосындысы деп қарауымызға болмайды; генотип - организмдердің эволюциялық процесінде қалыптасқан күрделі жүйе.

Құрамында ДНҚ және белоктар болатын хромосомалар тұқымқуалаушылыктың материалдық негізін жеткізетін гендердің қызметін атқарады. Гендердің жоғарыда атап өтілген қасиеттері ДНҚ-ның өздігінен екі еселену қабілеті болып табылады. Организмнің даму процесіндегі ген әрекетінің негізіне оның РНҚ қатысы арқылы белок синтезін анықтау қабілеті жатады. ДНҚ молекуласында белок молекулаларының химиялық құрылымын анықтайтын информация жазылғандай болып көрінеді.

Бұл механизм вирустар мен бактериялардан бастап, сүтқоректілер мен өсімдіктерге дейінгі эволюциясының барлық сатысына ортақ. Мұның өзі тіршілік эволюциясының алғашқы кезеңдерінде, тіпті өліден тіріге көшу кезінде-ақ нуклеин қышқылдарының биологиялық маңызы болғанын көрсетеді.

Генетиканың дамуында үлкен табыстар бола тұрса да, ғылымда бұл саладағы көптеген мәселелер әлі шешілген жоқ. Мәселен, организмнің жеке даму (онтогенез) процесінде гендердің қалай әсер ететіні толық шешілмеген мәселе. Әр клеткада диплоидты хромосбма жиынтығы болады, демек сол түрдің бүкіл гендерінің жиынтығы да сондай диплоидты болғаны. Сірә, әртүрлі клеткалар мен тканьдерде азғана гендер қызмет атқаратын болса, атап айтқанда олар сол клетканың, тканьнің, мүшенің.қасиеттерін қамтамасыз етеді. Белгілі гендердің активтілігін қандай механизм қамтамасыз етеді? Қазір ғылымда осы проблема жете зерттелуде.

Цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Қазіргі кездегі генетиканың барлық деректері тұқымқуалаушылықта хромосомалардың басты ролі болатынын дәлелдейді. Хромосомалық теория өте көп фактілерге негізделеді. Алайда цитоплазмада ядро хромосомаларымен қатар тұкымкуалаушылықта роль атқаратын құрылымдар болады, олар цитоплазмалық тұқымқуалаушылықты айқындап береді.

Өсімдіктердегі пластидтер (соның ішінде хлоропластар да) бөліну жолымен көбейеді. Бұл органоидтарда да, клетка ядросы сияқты, өзін-өзі ұдайы өсіре алады. Гүлді өсімдіктердің пластидтері жұмыртқаклеткалар арқылы келесі ұрпағына беріліп отырады. Пластидтердің тозаң түтікшелері арқылы да келесі ұрпаққа берілуі мүмкін, бірақ мұндай пластидтер аз мөлшерде беріледі және бұл сирек кездеседі. Бірсыпыра өсімдіктердегі хлоропластар қасиеттерінің тұқым қуалау өзгерістері (мутациялары) сипатталып жазылған. Сондай өзгерістердің біріне хлоропластардың хлорифилді синтездеу қабілетін (толық немесе ішінара) жоюы жатады. Егер бұл езгеріс клеткалардың бірсыпырасын қамтыса, теңбіл жапырақ пайда болады: жапырақтың және өсімдіктің жасыл мүшелерінің әр жерінде хлорофилдер жойылып, ақтаңдақталып қалады. Клетканың хлоропластардан басқа өзін-өзі ұдайы өсіретін органоидтары митохондриялар болып табылады. Бұларда да хлоропластағыдай, ДНҚ болатыны анықталды. Қазіргі кезде негізінен бірклеткалы организмдерде (ашытқы саңырауқұлақтарда, қарапайымдарда) митохондриялардың ДНҚ-сының өзгерісімен байланысты мутациялар табылды. Жыныстық жолмен көбейетін көп клеткалы организмдердегі цитоплазмалық тұқымқуалаушылықтың ерекше сипаты - аналық линия бойынша берілуі. Бұлай болуы - жұмыртқаклеткада цитоплазма көп, ал сперматозоидта ол жоққа жуық.

Мұның бәрі тек хромосомалық тұқымқуалаушылық туралы ғана емес, бағыныңқы роль атқаратын цитоплазмалық тұқымқуалаушылық туралы да сөз қозғауға мүмкіндік береді.

 

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.316-318.

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-12 17:34:13     Қаралды-859

ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ

...

Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Мохаммед Али өзінің алтын медалін өзенге тастап жіберді

...

Өзінің өмірбаянында Али 1975 жылы Рим Олимпиадалық Ойындардан қайта кері оралғанда Огайо өзеніне өзінің алтын медалін тастап жіберді, одан және оның досынан «түсті» болғандықтан ресторандардың бірінде қызмет көрсетулеріне мүмкіндік берді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛАН

...

Бұлан (бұғы) - мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕТ МҮШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗАҚША АТАУЛАРЫ

...

Мал етін мүшелеуді біреу біліп, біреу біле бермейді. Сол жөнінде әңгіме болғанда этнограф С. Қасиманов былай деген еді:

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЛАТ

...

Бұл - ұн мен қантқа аунатып алған өрік сүйектерінен жасалатын тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »