БҰЛАН
Категориясы: Жануарлар
Бұлан (бұғы) - мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.
Қыркүйекте бұқалары өкіріп, жекпе-жекке шақырады. Олар ашық жерде топырақ боратып, тармақталған мүйіздерін бұлғап, көздері қанталап, сарт-сүрт сүзісе кетеді. Мүйіздері айқасып, маңдай тіресіп, бар күшін пайдаланып бір-бірінің мойындарын бұрап тастауға тырысады. Мүйіздердің сартылдаған дыбысы орман ішін ерекше жаңғыртады.
Жарияланған-2015-11-25 21:44:44 Қаралды-5830
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.
ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ

Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды.
ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
ШЫҒЫС ЖАҢҒАҒЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Кастрюльге су құйылады. Жұмыртқа салынады. Тұз бен қант ұлпасы ерітіліп, стол үстінде еленген ұнды әр жерінен тесіп, үстіне жаңағы ерітінді құйылады.
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КЕКС

Сарымай қант ұлпасымен қосып шайқалып, бірінен соң бірі: жұмыртқа сары уызы, сүт, ірі-ірі жаңғақ дәндері, жүзім, ванилин қосылады. Бұл кезде қоспа ұдайы араластырылып отырады.
МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.