UF

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

Категориясы: Өнер


Ян Ван дер Страет (1523-1605 жж.). "Көне заманғы эстампы шеберханасы".

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа. Бірақ оның бейнелеу өнері туындыларының көпшілігінен бір өзгешелігі тек жалғыз ғана емес, ондаған дана күйінде де өмір сүре алады.

Эстамп - гравюра жасайтын тақтайдан түсірілген көшірме. Ол, түптеп келгенде, сол ағаштан, металдан, линолеум мен тастан ойған гравюра боп табылады.

Эстамптардың түрлі-түсті, не ақ пен қара бояулардан ғана тұруы да мүмкін. Көлемі көбінесе шағын боп келеді.

Эстамп бірнеше дана күйінде сақталынғанымен, оның қай-қайсысы да түпнұсқа боп есептеледі. Өйткені оның әр біреуі суретшінің өзі қолдан ойған тақтадан түсірілген. Көбіне-көп әлгіндей көшірмені де суретшінің өзі басып шығарады. Демек, эстамптың әр данасында суретшінің өз қолының, өз еңбегінің таңбасы жатыр.

Кейде суретшілер эстамптың бірнеше нұсқасын түсіріп алады да, басы артық даналар болмауы үшін гравюра ойылған тақтаны өртеп жібереді.

Эстамп суретшінің өз қол таңбасын сақтаған шынайылығымен, сұлулығымен тартымды.

  Жарияланған-2016-11-17 14:13:43     Қаралды-4350

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

...

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЗДЫҢ ЫСТЫҒЫНДА ШӨЛ ҚАНДЫРАТЫН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ

...

Жаздың аптап ыстығында ішкен сап-салқын сусын мейіріңді қандырмай ма?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?

...

Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙРЕУ ҚАРУЫ

...

Түйреу қаруының негізгі екі түрі бар. Сауытсыз жауынгерге қарсы найза, ал темір сауытпен жарақтанған адамға ұзын сапты, қырланган, бір немесе екі үшкір басы бар сүңгі қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)

...

Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »