UF

ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?

Категориясы: Табиғат


Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.

Гүлдердің әсемдігінен ләззат алатын тек біз, адамдар, ғана. Ал шыбын-шіркейлерге маңыздысы - олардың түсі, гүлінің бітімі және исі, себебі гүлдер бұл жәндіктерді өзіне шақырып қана қоймайды. Тамағын да тауып береді: біреулерін - сөлшырынымен, басқаларын - тозаңымен, тағы бір тобын - осы екеуімен де қоректендіреді. Тозаң дегеніміз гүлді иіскеген кезде мұрныңның бәрі сап-сары болып қалып.

Өсімдіктің ұрық салуы үшін бір гүлдің тозаңын екінші гүлге көшіру қажет. Міне, мұны жасайтын - әлгі шыбын-шіркейлер, шырынның тәтті тамшысына бола ұшып келген көбелек гүлге қонады, сол сәтте оған тозаң да жабыса қалады. Көбелек келесі өсімдікке көшеді, ал оның аяқтарына ілесе келген тозаң да көрші гүлге қонып үлгіреді.

Тозаңды тиісті жеріне жеткізіп салатын көбелектер ғана емес, бұл қызметті басқа шыбын-шіркейлер де атқарады. Тек әрқайсысы әр гүлді ұнататыны болмаса. Мысалға, бал арасы да, жай ара да інжугүлге қонбайды. Керісінше, інжугүлдің қауызы - масалар үшін әрі дастарқан, әрі үй. Ұсақ шыбын-шіркейлер «арыстанның аузы» деп аталатын гүлді айналып өтеді, олар бұл өсімдіктің гүлінен дәметпейді де: қауызын ашып, ішіне енуге күштері жетпейді. Ал араларға жол ашық, жоғарғы қабығын арқасымен тіреп тұрады да, аяғымен төменгі қабықты айқара ашып, ішіне еніп кетеді.

Шыбын-шіркейлер гүлдерді ешуақытта шатастырмайды: қолайлы қорек табылатын және оны алуға күші жететін өсімдікке ғана ұшып барады.

Кейбір гүлдер кеш түсе ғана ашылып, өзінің хош иісті шырынын түнде беріп тауысады. Әдетте мұндай гүлдердің түсі ақ болып келеді: ақ түс қараңғыда көзге тез шалынады ғой. Олар кімді күтеді дейсің бе? Көбелектерді! Тек бұл енді күндізгі көбелектер емес, түнгі көбелектер. Көктемде бақ біткен қызыл ала бұлтқа оранғандай құлпырады емес пе - алма мен шие ағашының тұла бойы тұнған сансыз гүл. Тындасаң әр ағаш ақырын гуілдеп тұр, маңындағы мыңдаған шыбын-шіркейлердің үні ол. Бірақ уақыт шіркін тез өтеді емес пе, бір күні қарасаң кешегі гүл тұрған тұстан қып-қызыл алмалар, тәтті жидектер пайда болады. Албырап піскен бұл мол байлықтың жасалуына аралар мен басқа да шыбын-шіркейлер жұмыла үлес қосты

Олар болмаса, жеміс-жидек те шықпас еді.

Бидай гүлі өте ұсақ, көзге шалынбайды. Хош исі де жоқ, бидай шыбын-шіркейлердің қызметіне зәру емес. Себебі, оның тозаңын жел таратады. Ақ қайыңды, көк теректі, шыршаны, сарағайды, қараағашты т. б. тозаңдандыратын да осы жел.

Жел тозаңды тасып қана қоймайды, ол бұдан пайда болған дәнді де қақшып әкетіп, өзі сеуіп шығады. Әрине, салмақты жүкті желдің өз бетімен алысқа жеткізе алмайтыны белгілі. Сонда да қайыңның, шыршаның, қарағайдың, тұт ағашының дәндері алысқа-алысқа, ұшады. Себебі, олардың кішкентай қанат сияқты жұқа кабыршақтары бар. Бұл қабыршақтар жаңа тіршілік дәнінің ауада ұзақ қалықтап, шыр көбелек айналған қалпы жарығы мол, жас шыбықтардың кедергісіз өсуіне қолайлы орын таңдап алуына мүмкіндік береді.

  Жарияланған-2016-09-16 16:03:04     Қаралды-15170

Мәлімет сізге көмек берді ма

ФАЙНКУХЕН

...

Бөлке жасалатын қамырдан пісірілген сопақша нан осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАЛИТРА

...

Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАНБАЙДЫҢ ТУЫ

...

1864 жылы қытай басқыншылары бүкіл Шығыс Түркістан аймағына шабуыл жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИНЕРАЛДЫ СУ: ТЕРІГЕ ПАЙДАСЫ

...

Сіз минералды судың сұлулық пен жас тері үшін күресте бірегей құрал екенін білесіз бе?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҢҒЫС ХАН

...

Шыңғыс хан - Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы әмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты қолбасшы. Ол 1162 жылы Дилпун-Болдан (Дилунь-Булдак) шатқалында Онон өзені жағалауында дүниеге келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »