UF

ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Категориясы: Өнер


Қақаған қаңтар түні. Сүттей аппақ ай нұры деревня көшесіне, тәпене үйлерге, күртік-күртік қарға аяусыз төгіліп тұр. Жұрт баяғыда-ақ ұйқыға кеткен. Ұйықматаман  тек қорыққаннан орманнан қашып кеп, алақтап, жан-жағына қарап түр кішкене қоян мен оны күртік кешіп қуып келе жатқан ит қана.

В.Фаворский (1886-1964 жж.) Л.Толстойдың "Хайуанаттар туралы әңгімелер" кітабына иллюстрация

Суретте бар болғаны екі-аң бояу - ақ пен қара. Бірақ суретші сол екеуінің өзімен-ақ тып-тыныш аязды кешті, ай сәулесінің күміс нұрын, қар бетіндегі көлеңкелерді айнытпай жеткізе алған. Осынау теңдесі жоқ әдемі гравюраны тамаша суретші Владимир Андреевич Фаворский ағаштан ойып жасаған-ды.

Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз. Ағашқа салынған гравюраны ксилография деп атайды.

Ол қалай жасалады? Суретші бейнелегісі келген көрінісін самшит немесе құрма сияқты қатты ағаштан жасалған тақтайға салады. Суретте ақ қалуға тиісті жерлерді штихель деп аталатын арнаулы қашаумен шұқырлап ояды; ал әлгіндей қашау тимей, сол қалпында қалған жерлер қағаз бетіне қап-қара боп түседі.

Ағаштан жасалған гравюра

Гравюрада ақ пен қарадан басқа солғын боялған жерлер де болады. Ол штихель жүргізілген сызықтардың санына, бағытына, тереңдігіне байланысты; сол арқылы әлгіндей солғын боялған жерлердің өзі әр түрлі реңк танытады.

Сурет түгел қашалып біткен кезде тақтайға баспахана бояуы жағылады да, үстіне қағаз жапсырылып, арнайы сырғытпа доңғалақ білікпен әрлі-берлі тапталып тегістеледі. Содан барып гравюра шығады.

Ағаштан жасалған гравюра бұдан әлденеше ғасыр бұрыннан белгілі. Ол кезде кітап басқанда суретін ғана емес, әріптерін де ағаштан ойып жасайтын-ды. Кейін әріпті металдан жасап, суреттерді ағашқа салған бедерден көшіріп басатын болды.

Гравюра өнері бірте-бірте ұмытыла бастаған-ды. Россияда ол осы ғасырдың басынан бастап қайтадан кең етек жая бастады. Ағашқа гравюра жасауды алғаш бастағандардың бірі - суретші А.П.Остроумова-Лебедева. Ол өзі ұнататын Петербургтің сүйікті жерлерін бейнеледі.

Сендер, міне, ағылшын суретшісі Томас Бьюиктің гравюрасын көріп отырсыңдар.

Т.Бьюик. Автогравюра. Гүлдерді теріп жатқан қыз.

Ағаш гравюраға көз тоқтатып қарасаң болды, ол өзіне баурап алады; онда тек ақ пен қарадан басқа ешқандай бояу жоқ екенін де естен шығарасың. Гравюра өзінің мөлт қара, шаңқан ақ, күміс қылау солғын бояуларының өзімен-ақ жарқыраған күн нұрын да, бұлыңғыр мұнар мен шудаланған қара бұлтты да, көктемгі зеңгір аспанның мөлдірлігін де айнытпай жеткізе алады.

Гравюра тек ағашқа ғана емес, металға да, линолеумге де салынады. 

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-02 15:38:21     Қаралды-4504

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ

...

Рауғаштың медицинаға ену тарихы өте қызық. Біздің эрамыздан 2700 жыл бұрын бұл өсімдік Қытайда іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨНДІРІСТЕ ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Бүгінгі күнде қағаз да барлық істе адамдарға машиналар көмектесетін алып комбинатта даярланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАБЫР-НАМЕ

...

«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ

...

Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

...

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »