БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ
Категориясы: Тағам
Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.
Бадам қант-сірне шырынына салынып, карамель массасының ылғалдылығындай болғанша, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Салқындатылған плитада массаның температурасы 80-85 градус болғанда ванилин қоса отырып, массасы 2-3 килограмнан бөлінеді. Содан соң қалыңдығын 8-10 миллиметрдей етіп созып, 25х25 мм мөлшерде кесіледі.
Жаңғаң және жер жаңғағы грильяждары да осындай рецептімен, бадам орнына тиісті дән салып жасалады.
Грильяждар қаңылтыр қораптарға салынады да, нығыз қақпақпен жабылып, жолаң қағазбен желімделіп тасталады.
Бір килограмм грильяжға 546,4 грамм қант, 273,2 грамм сірне, 273,2 грамм бадам, 0,22 грамм ванилин жұмсалады.
Бадамды грильяждың 1 килограмында кемінде 143 дана болады. Ылғалдылығы - 3 процент, орағандағы массасы - 5 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 3 ай.
Жарияланған-2016-02-23 14:08:26 Қаралды-2476
ҚАБАТТАЛҒАН ПОМАДА-ЖЕМІС ТОРТЫ
Дайын қамырдан көлемі 25 х 25 сантиметр төрт бұрыш формалы тең үш шелпек жайылып, майланған жұқа табаға салынады.
ТАЙТҰЯҚ – МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ
Құрамында эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алкалоид бар.
АЛХОРЫ САМБУГЫ
Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.
ЖЕМІСТЕР МЕН ЖИДЕКТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЦУКАТТАР
Жемістер мен жидектер жуылып, елекке салынады да сорықтырылып, содан кейін шырынға қосылып дайын болғанша қайнатылады.
БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ
Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік.