UF

ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ

Категориясы: Өсімдікті


ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ – РЕВЕНЬ ТАТАРСКИЙ И РЕВЕНЬ ВИТТРОКА

Рауғаштың медицинаға ену тарихы өте қызық. Біздің эрамыздан 2700 жыл бұрын бұл өсімдік Қытайда іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылған. XIII ғасырда белгілі саяхатшы Марко Поло Қытайда болып, бірінші рет европалықтарға рауғаш жөнінен мағлұмат береді. Ал 1871 жылдары орыстың белгілі саяхатшысы Н.М.Пржевальский осы өсімдіктің жабайы өсіп тұрған түрін Кокунур өзенінің бойынан тауып, тұқымын Петербургке жібереді. Рауғаштың таңғұт рауғашы деген осы түрі Петербургтің ботаникалық бағында өсіріліп шығарылады да, мәдени өсімдік ретінде таралып кетеді. Таңғұт рауғашы бұл кезде мәдени өсімдік ретінде Россияда, Қырғызстанда өсіріледі. Қазақстанда рауғаштың дәрілік қасиеттері бар. Виттрок рауғашы және түйе жапырақ рауғаш деген түрлері өседі.

Виттрок рауғашы – биіктігі 1 метр шамасындағы, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары сопақша келген, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 40 сантиметрге дейін барады. Жапырақтарының төменгі жағы мен шеттерінде ұсақ бүршікті түктері бар. Гүлдері ақ немесе қызыл түсті, гүл сабақтары қысқа, сыпырғы тәрізденіп шоғырланып тұрады. Жемісі – жұмыртқа тәрізді, қоңыр түсті, қанатты жаңғақ. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Түйе жапырақ рауғашының екі-үш сабағы болады. Сабақтарының ұзына бойына созылған сайы бар. Гүлдері шашақ тәрізді шоғырланып тұрады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақ. Жапырақтарын түйе жейді.

Рауғаштың жоғарғы аталған түрлері таудың шалғынды беткейлерінде, далалы аймақтарда, ормандардың шеттерінде өседі. Дәрі жасау үшін рауғаштың сабағы мен тамырын көктемде қазып алып пайдаланады. Құрамында іш жүргізетін антрогликозидтер, хризофен қышқылы, илік заттар бар.

Рауғаштың тамырын дәрі ретінде көбірек пайдаланса (0,2-2,0 г) іш жүргізеді, орташа мөлшерде пайдаланса (0,2 г) өт айдайды, аз мөлшерде пайдаланса (0,05-0,2 г) іштің өтуін тоқтатады. Ішектің жұмысы нашарлағанда, іш желденгенде, іш жүрмей қалғанда рауғашты андызебен қосып пайдалануға болады.

Халық арасында рауғаш туберкулезді, қан азайғандықты емдеу үшін қолданылады. Геморрой ауруына шалдыққанда және көтен ішектің шеті жарылғанда үлкен дәретті сұйылтып шығару үшін де пайдаланылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 2 ас қасық ұнтақталған тамырды 1 стакан суға салып, 15 минут қайнатады да, стаканның 1/3 бөлігіндейін жатар алдында ішеді. Ұнтақталған тамырды сірке қышқылына араластырып дене сыртындағы ақтаңдақтарды емдеуге де болады.

  Жарияланған-2016-07-15 14:56:25     Қаралды-12842

Мәлімет сізге көмек берді ма

БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ

...

Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Катаев не туралы ойлады?

...

Агриппина Донцоваға (қазірде Дарья деген атпен әйгілі) мектепте «Валентин Петрович Катаев не туралы ойлады, «Жалғыз парус ағарды»

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ

...

Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қа

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

...

Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт

ТОЛЫҒЫРАҚ »