БАБЫР-НАМЕ
Категориясы: Әдебиет
«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.
Бабыр Әмір Темірдің немересі, Ұлы Моғолдар мемлекетінің негізін құрушы, атақты қолбасшы, Ферғананың әмірі болған. Ол Темір әулетінің арасындағы өзара билікке таласта жеңіліске ұшырап, Үндістан аумағына кетеді. Мұнда Үндістанның солтүстік бөлігін бағындырып, Ұлы Моғолдар империясының негізін қалайды. Автор өзінің өмірбаяндық шығармасын «Бабыр-наме» деп атаған. «Бабыр-намада» XV-XVI ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан елдерінің тарихы баяндалады. Осы елдердегі билік пен жер үшін болған соғыстар, көптеген елді мекендер туралы мәліметтер жинақталған. Шығармадан Қазақстанның Сырдария, Жетісу бойындағы жерлері туралы жазылған мағлұматтар алуға болады. Мұхаммед Бабыр орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янгикент (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағанын айтып өткен.
Жарияланған-2015-11-19 12:26:47 Қаралды-5713
БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ
Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.
ЖҮЗІМ НУГАСЫ
Туралған курага мен жүзімнен қайнатып жасалған төрт қырлы ұзыншалау кәмпит жүзім нугасы деп аталады.
ЕТ МҮШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗАҚША АТАУЛАРЫ
Мал етін мүшелеуді біреу біліп, біреу біле бермейді. Сол жөнінде әңгіме болғанда этнограф С. Қасиманов былай деген еді:
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.
ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ
Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.