UF

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Категориясы: Тарих


АРХЕОЛОГИЯ - тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды. Негізгі назар аударатындары - еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, сән-салтанат бұйымдары, үй іші заттары, мекен-жай, қоныстардың орны, сарайлар мен бекіністердің қираған қалдықтары, зираттар т. б. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылми түсініктер беру үшін археология, геология, ботаника, зоология, этнография, антропология ғылымдарының мағлұматтарына сүйенеді.

Археология терминін алғаш б. з. б. 4 ғасырда Платон көне заманды зерттейтін ғылым деген мағынада қолданыпты. Археологиялық қазба жұмыстары көне ғасырларда басталған. Вавилон патшасы Набонид қазба жұмыстарын жүргізіп, ерте замандағы патшалар салдырған құрылыстардың ірге тасына жазылған жазуларды іздеген. Ежелгі Римде ақын Лукреций (б. з. б. 1 ғ.) материалдық мәдениеттің даму схемасын жасады, сөйтіп тас дәуіріне жалғас қола дәуірі, одан кейін темір дәуірі болғанын ғылми түрде дәлелдеп, 19 ғасырда қайта анықталған шындықты ашты. Қайта өркендеу дәуірінде 15-16 ғасырларда Италияда антикалық сәулет өнерінің мұраларын іздеуге бағытталған көптеген қазба жұмыстары жүргізілді. Россияда Петр I көне заманның қазбадан табылған бұйымдарын жинау, сақтауға ерекше мән беріп, 1718 жылы сол туралы арнайы бұйрық шығарған. Орыс тарихшысы В. Н. Татищев 1739 жылы археология қазба жұмыстарын жүргізу ережелерінің бір саласын жазды. Оның кейбір пікірлері әлі де құнын жойған жоқ. 18-19 ғасырларда Понтикопей қаласының, Египеттің Қосөзен бойының көне мәдени мұраларын зерттеуге бағытталған қазба жұмыстарына байланысты археология ғылымы ілгері дамыды. Палеолит пен неолиттің аралығында мезолит дәуірі бар екені анықталды (19 ғасырдың аяғы). 1836 жылы дат ғалымы X. Томсен алғашқы қауымдық қоғам 3 дәуірді (тас, қола, темір) басынан кешкенін дәлелдеді. Орыс археологы И. С. Поляков палеолит дәуірінің қоныстарын ашу әдісін жасады. А. А. Иностранцев Ладога көлінің жағасынан неолит қонысын тауып, дүние жүзінде тұңгыш рет зерттеді. 19 ғасырдың 1-жартысында Россияда Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. В. В. Фармоковский көне заманғы қалалардың орнын зерттеу тәсілін жоғары дәрежете көтерді. 20 ғасырдың басында В. А. Городцов Шығыс Европада қола дәуірі болғанын дәлелдеді. Орта Азияда археологиялық зерттеулер жүргізуде Н. И. Веселовский мен В. Л. Вяткиннің еңбектері зор. 2017 жылы социалистік революциясынан кейін Совет елінде археология маркстік-лениндік ғылым негізінде дамыды. Тарихи материализмніц методологиясына сүйене отырып, археологиялық материалдар негізінде өткен заманныц қоғамдық қатынастарын, құлдық және феодалдық қатынастардың нақтылы даму варианттарын, сонымен бірге қоғам дамуының негізгі заңдарын анықтауға елеулі үлес қосты. Әр түрлі аймақтағы мәдени құбылыстар ортақ заңдылық бойынша дамығанда, арасында ұқсастық болатынын көрсетті. Археологиялық жұмыстар мемлекет көлемінде ұйымдастырылатын болды. Ғылымды жедел дамыту мақсатымен барлық жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. 1919 жылы Материалдық мәдениет тарихы академиясы құрылды. 1937 жылы ол СССР РА-ның институтына айналдырылды. Одақтас республикалар академияларында қазір археология институттары немесе бөлімдері бар. Республикалар мен облыстарда 500-ден аса музейлер ұйымдастырылған, оның бәрінде археология бөлімі құрылған. Археологиялық қазбалар СССР, одақтас республикалар ҒА-ның арнаулы рұқсат қағазы бойынша ғана жүргізіледі. Совет археология СССР-дегі көптеген облыстардың мыңдаған жылдық тарихын анықтады. Ол жерлерге адамның алғаш орналасуын, ру қоғамының ыдырап, таптық қоғамның туу процестерін зерттеді. Құлдық, феодалдық қоғамдар мен ежелгі мемлекеттердің шаруашылық, мәдени дәрежесін сипаттайтын аса қажетті материалдарды тапты. Палеолит дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардан мағлұмат беретін құнды деректерді ашты. Совет археологтары И. П. Окладников, П. И. Борисковский палеолит заманының сырын ашуға, С. В. Киселев, М. П. Грязнов - Сібір мен Қазақстан археологиясын зерттеуге көп еңбек сіңірді. Антикалық археологияны зерттеуде С. А. Жебелев, В. Ф. Гайдукевич, В. Д. Блаватский, Кавказ археологиясын зерттеуде Б. Б. Пиотровский, Орта Азия археологиясына зерттеуде С. П. Толстов, М. Е. Массон, А. Ю. Якубовский елеулі табыстарға жетті. Археологиялық материалдар негізінде Орта Азия мен Қазақстанның көне мәдениеті туралы деректер ашылды. Қазақ халқының этникалық шығу тегін, оның көне заманнан бері қарайғы тұрмыс-салты, мәдениетінің сипаты қай кезеңде қандай болғанын анықтау археологияға тығыз байланысты шешіліп келеді.

Революциядан бұрынғы қазақ даласында археологиялық қазба жұмыстары мүлде аз жүргізілді. Бұл салада азды-көпті еңбек еткен В. В. Радлов, А. В. Андрианов, Н. В. Веселовский, И. В. Каменский т. б. болды. Орыс археологиялық қоғамы қазақ жеріндегі зерттеулерге жете мән берген жоқ. Мұнда жүргізілген жұмыстардың көлемі де, методикасы да төмен еді. Буржуазиялық өлке тану ғылымы Қазақстаннан жиналған археологиялық материалдарға ғылыми терең талдаулар жасай алмады. Көлемді археологиялық жұмыстар жүргізуге жергілікті әуесқойлардың білім-тәжірибесі, басқа да мұмкіндіктері жетпеді. Совет археологиясының жетістіктері Қазақстанның көне тарихының кейбір мәселелерін қайта қарауға мүмкіндік берді. 1920-1930 жылдар (одақтық академияның археологиялық экспедициялары Қазақстан тарихына байланысты күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. 1926 жылы М. П. Грязнов Қазақстан жерінде көптөген археологиялық зерттеулерді жүзеге асырып, Андронов мәдениеті тараған аймақтың батыс шекарасын белгіледі. 1930-1939 жылдар О. А. Кривцова-Гракова Қостанай облысы Алексеевка селосы жанынан қола дәуірінің қоныстары мен зираттарды жэне табынатын жерді зерттеді. Қазақстан археологиясын зерттеуде СССР Мемлекеттік материалдық мәдениет академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зор роль атқарды. Археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, қола, бастапқы темір дәуірінің молаларын қазды. 1935-1938 жылдар С. С. Черников Шығыс Қазақстандағы Қолба, Нарын тауларынан СССР жеріндегі ең көне заманның кен орындарының бірін тапты. Оның бұл жөнінде жазған кітабы Одақ көлемінде көне дәуірдегі кен зерттеу мәселесіне арналған құнды еңбектің бірі болып отыр. 30 жылдары СССР ҒА мен оның Қазақстандағы филиалының А. Н. Бернштам бастаған экспедициясы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды археологиялық жағынан зерттеп, Қазақстанның көне тарихын анықтауға қажетті көптеген жаңа деректер тапты. 1936-1939 жылдар көне замандағы Тараз қаласының орнын қазып, оның Орта Азиядағы мәдениет, сауда, қолөнер орталығының бірі болғанын дәлелдеді. Сөйтіп, жазба деректердегі мағлұматтарды растап шықты. СССР ҒА-ның С. П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Қызылорда, Қазалы төңірегінен жүздеген құнды археологиялық мұраларды ашты.

Ұлы Отан соғысы кезінде республикада археологиялық зерттеулер тоқтап қалды. 1946 жылы Қазақ ССР ҒА, оның құрамында тарих, археология және этнография институты құрылды. Содан бері республикадағы археология-зерттеу жұмысын осы институттың археологиялық бөлімі жүргізіп келеді. Ол ең алдымен археологиялық барлау, Қазақстанның көне тарихын анықтау, республиканың археологиялық картасын жасау жұмыстарын қолға алды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 1960 жылы «Қазақстанның археологиялық картасы» жарық көрді. Бұл - одақтас республика көлемін түгел қамтитын еліміздегі тұңғыш еңбек. Республиканың барлық облыстарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кейбіреуі өте сирек кездесетін археологиялық мұраларды ашты. Орталық Қазақстаннан орасан зор қақпақ тастан салынған Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Буғылы т. б. қоныстары қола дәуірінің құрылыс техникасынан мағлұматтар береді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңынан табылған обалар Алтай мен Днепр бойында кездескен скифтердің атақты обаларымен бара-бар шықты. Оңтүстік Қазақстандағы көптеген ескі қалалардың жұрты мен Қазақстан жерінде тұңғыш кездескен алғашқы қауым адамдары мекенінің орны ғылми мәні зор зерттеу болды. Бұл мәселені зерттеуге палеолит маманы Қ. Алпысбаев қатысты. 1957 жылдан бері Қазақстан археологтары үш күрделі мәселені зерттеп келеді: алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы, таптық қоғамның пайда болуы және дамуы, Қазақстан территориясындағы феодалдық қатынастар. Бұл мәселелерді шешуге керекті материалдар негізінен Орталық және Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу алабынан жиналмақ. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола және темір дәуірінен

Орталық Қазақстанда қалған зираттар мен қоныстардың орындары зерттеліп, академик Ә. X. Марғұланның редакциясымен шыққан «Орталық Қазақстанның ерте замандағы мәдениеті» атты (1966 жылы Қаз. ССР-і ҒА-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген) монографиялық еңбекте түйінделді. Орталық Қазақстан Андронов мәдениеті дамыған негізгі аймақтардың бірі болғаны көрсетілді. Б. з. б. 7-6 ғасырларда ертедегі көшпелі тайпалардың, сақтар мен үйсіндердің мәдениетінен қалған мұралардың көп табылған орталығы - Жетісу алабы. Мұндағы археологиялық мұралар таптардың шығуы туралы мәселені шешуге мүмкіндік берді. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясын, Солтүстік және Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі қоныстарын зерттеуге Ә. М. Оразбаев, Орталық Қазақстан мен Жетісу алабындағы темір дәуірінің орта кезеңін зерттеуге Қ. Ақышев, М. К. Қадырбаев жолдастар едәуір еңбек сіңірді. Орта ғасырда Сырдария, Шу, Талас бойында болған гүлденген қалалардың, егіншілікпен шұғылданған отырықшы қоныстардың жұртын қазу арқылы феодалдық қатынастардың туу, даму процесі, қала мәдениетіне көшпелі шаруашылықтың тигізген әсері зерттеледі. 5-8 ғасырларда және 13-15 ғасырларда Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталығының бірі болған Отырарды зерттеу ісінің мәні зор. Отырар 1968 жылдан зерттеле бастады. 1971 жылы негізгі қазу жұмысы қолға алынды. Отырар экспедициясын археолог К. А. Ақышев басқаруда. Қазақстан жеріндегі ерте заманның кезеңдерін анықтау, бұл жерді мекендеген тайпалардың төл-тума мәдениетінің өз заманында жоғары сатыға көтерілген әйгілі мәдениет болғанын, ежелгі қазақ далаларын мекендеген тайпалар (қазақтың арғы аталары) көрші елдермен, халықтармен игі қарым-қатынаста болғанын анықтау республика археологтарының зор табысы болды.

Археология, архитектура мен көркем-өнер өскерткіштерінің белгілі бір аймақта орналасуын көрсететін карталар. Археология қазба бетінде ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерінің түрлері белгілі бір тарихи кезеңдерде нақтылы бір ауданда немесе ұлан-байтақ өңірде болғандығы шартты белгілермен көрсетіледі. Археологиялық ескерткіштер адамның өндірістік әрекетінің жемісі болғандыңтан, Археологиялық  қазба белгілі бір тарихи дәуірде сол аймақты адамдардың мекендегенін, алғашқы қауым адамының табиғаты, ауа райы әр түрлі өңірлерді игергендігін, шаруашылық түрлерінің жетілуін, қоғам мен мәдениеттің дамуын бейнелейді. Археология қазба археологиялық зерттеудің, қазба жұмыстарының нәтижесі боп табылады, белгілі бір жердің археологиялық зерттелу дәрежесін анықтайды. Археологиялық қазба жасаудың түп мақсаты - көп жылдық қазба жұмыстары жүргізілуге тиісті археологиялық мәні зор аудандарды анықтау, ескерткіштерді есепке алу, қорғау. Археологиялық ескерткіштер картаға алғаш рет 19 ғасырда түсіріле бастады. 20 ғасырда арнаулы карталар жасалды. Археология қазбалардың негізі - топографиялық карталар.

Петербургте 1834 жылы халық ағарту министрлігінің жанынан құрылған комиссия; алғашқыда Археографиялық экспедицияның жинаған тарихи деректерін жариялаумен айналысты, кейін көптеген басқа документтерді, оның ішінде шет тілдердегі материалдарды жарыққа шығарды. Археологиялық қазбаны көрнекті архивші және археограф П. М. Строев басқарды. Археологиялық қазба Россиядағы тарихи деректерді, оондай-ақ Францияның, Италияның, Германияның, Швецияның, Ватиканның т. б. елдердің архивтері мен кітапханаларынан материалдар жинады. 18 ғасырға дейінгі орыс тарихының көптеген материалдарын жинап, басып шығарды. Бұл еңбектер осы күнге дейін ғылми мәнін жоғалтқан жоқ. 19 ғасырдың ортасында Киевте, Виленде, Кавказда (Тифлисте) Археологиялық қазба құрылды. 1922 жылдан бастап археологиялық қазба СССР ҒА-на қарады. Қазір ол СССР ҒА-ның Тарих бөліміне кіреді. Баспа органы - «Археографический ежегодник» (бұрын «Летопись занятий А. к.» болған).

Археологиялық қазбалар - көне заман мен орта ғасырлардан қалған мәдениет ескерткіштерін, жан-жануарлардың сүйектерін қазу, зерттеу жұмыстары. Оны СССР немесе одақтас республикалар ҒА-ның арнаулы рұқсаты бойынша ғылми дайындығы бар, қазудың әдіс-тәсілдерін білетін және археологияның талабына сай жүзеге асыра алатын тәжірибелі адамдар жүргізеді. Қазу объектісі қаланың жұрты болса, оның ұзындығын, көлденеңін, биіктігін анықтайды, барлық бөліктеріндегі мәдени қабаттың құрамын, демек, археологиялық стратиграфиясын зерттейді. Зираттар қазылғанда, топырақтан үйілген обаның құрылысы қабірдің қабырғасы, өліктің сүйегі зерттеуге алынады. Өлікпен бірге қойылған нәрселер кейде бүтін қалпында сақталады, олардың жатқан орнына қарай, қандай кәдеге жаратылғандығы айқындалады. Қабірдің құрылысын зерттеу арқылы өлікті жерлеу ғұрпы, оны тудырған діннің сипаты білінеді. Табылған қаңқа сүйектердің антропологиялық қорытынды жасаудағы мөні зор. Бірге қойылған бұйымдар өлген адамның бай, кедей екенін, ал сүйектер сол замандағы шаруашылықтың түрін аныңтауға көмектеседі. Көне мекендерде ғасырлар бойы пайда болған мәдени қабаттарды (ғылми документтерді жасай отырып) мұқият зерттеу хронологиялық дерек береді. СССР-де археологиялық ескерткіштер арнайы есепке алынады және оны мемлекет қорғайды.

Археологиялық мәдениет - әралуан аймақта белгілі бір дәуірден қалған археологиялық ескерткіштерді жергілікті ұсақ ерекшеліктерінен басым тұрған ортақ, ұқсас сипаттарына қарай топтап атауға қолданылатын термин. Археология мәдениетке белгілі бір ерекшелігіне (ою-өрнегіне, өлікті жерлеу дәстүріне) немесе алгашқы табылган жеріне қарай ат қойылады (Таңбалы тас, Қима, Андронов мәдениеті т. б.). Археология мәдениет түрлі этникалық ортақ сипаттардың пайда болуы процесінде қалыптасады деп есептеледі. Археология мәдениеттің туу, таралу, өшу процестерін зерттеу жазба тарихқа дейінгі тайпалар мен халықтардың этникалық тарихын анықтауға мүмкіндік береді.

Археологиялық музейлер - көне заманнан, орта ғасырлардан қалған материалдық мәдениет пен өнер ескерткіштерін жинап сақтайтын, зерттейтін және насихаттайтын ғылми мекеме. Алғашқы музей б. з. б. 3 ғасырда Александрияда (Египет) болған, оған өнер мен көне заман ескерткіштері жинастырылыпты. «Музей» атауын алғаш рет 15 ғасырда Флоренция тұрғыны Лоренцо Медичк өзі жинаған көне қолжазбалар мен әр түрлі ескілікті бұйымдардың коллекциясына байланысты қолданған, содан дүниеге тараған. Шын мәніндегі археологиялық музейлер 19 ғасырда шықты. Қазір барлық елдерде бар. Россияда 1714 жылы Петербургте Петр І-нің нұсқауымен ашылған Кунсткамера СССР РА-ның Археология мен этнография музейіне негіз болды. Бұл музейде әр алуан дәуірдің Қазақстаннан табылған археологиялық, этнографиялық мұралары өте көп. 19 ғасырда археологиялық зерттеу ісіне ерекше мән берілуіне байланысты жергілікті жерлерде археологиялық қоғамдар мен музейлер ұйымдастырылды. Соның бірі Москвада ашылды (1864). Қазақстан жеріндеті тұңғыш музей 1883 жылы Семейде Абайдың досы Михаэлистің қатысуымен құрылды.

Совет өкіметі жылдарында көне мәдениет мұраларын қорғау мәселесіне айрықша назар аударылды. Археологияға арналған бөлімі бар музейлер саны көбейді. Қазақстан жерінен С.П. Толстов, Ә. X. Марғулан, А. Н. Бернштам, Б. Н. Граков, Қ. И. Сәтбаев, С. С. Черников көп деректер мен материалдар жинады. 1919 жылы Қостанайда, 1920 жылы Көкшетау, Шымкент, Оралда, 1923 жылы Петропавлда, 1929 жылы Ақтөбеде, 1932 жылы Қарағандыда, 1936 жылы Жамбылда, 1938 жылы Гурьев, Қызылордада, 1942 жылы Павлоарда, 1946 жылы Өскеменде, 1960 жылы Лениногорскіде музейлер ұйымдастырылды. Қазір Қаз. ССР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты жанында археологиялық музей бар. Онда неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі археологиялық ескерткіштер жиналған.

Әдеб.: Грязнов М. П. Погребение бронзовой әпохи в Западном Казахстане. в сб.: Казаки. -В. 11. -Л., 1927; Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение и могильник. «Тр. ГИМ», в. 17, М., 1948; Бернштам А. Н. Основные этапы истории культуры Семиречья и Тянь-Шаня. М., 1949; Маргулан А. X. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана. «Вестник АН КазССР». -№3.       -А.-А.,1956; Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая. -А.-А., 1949; Маргулан А. X. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. -А.-А., 1966; Археологическая карта Казахстана. -А.-А., 1960; Авдусин Д. А. Археологические разведки и раскопки. М., 1959; его же, Археология СССР. -М., 1967; Лунин Б. В. Из истории русского востоковедения и археологии в Туркестане. -Таш., 1958; Сатпаев К. И. Доисторические памятники в Джезказганском районе. «Народное хозяйство Казахстана», 1941. -№ 1.

  Жарияланған-2021-05-12 14:36:19     Қаралды-13429

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАНДАЙ ӨСІМДІКТЕР ПАРАЗИТТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Басқа өсімдіктің ұлпаларына жабысып, одан су мен қоректік заттарды бөліп алатын...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ

...

Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАТОРҒАЙ

...

Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған. Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАШИНА НЕДЕН ЖАСАЛЫНҒАН?

...

Әрине, машина жеке бөлшектерден құралады. Ал бөлшектер металдан жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

...

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »