САДАҚПЕН КӨЗДЕП АТУЫ
Категориясы: Спорт
Англияның садақпен ататын әскери құрамалары 1627-1628 жылдарға дейін қызмет еткен деген тарихи дерек бар.
Ал Океанияда қазіргі өмір сүретін жабайылар әлі күнге дейні садақ жебесімен өз бәсекелесінен кек алады.
XIX ғасырдан бастап садақ ату спорттық өнерге айналды. Сөйтіп 1879 жылы Америкада спорттың бұл түрінен алғашқы үлкен жарыс өтіпті. Осындай, үлкен жарыс Париж қаласында 1897 жылы өткен. 1931 жылы Польша мемлекетінің бастамасымен Халықаралық федерация (ФИТА) құрылды, бұл ұйымынң қазір 70-ке жуық мүше мемлекеттері бар. Осы федерация құрылған жылы садақшылар арасында Әлем біріншілігі де өтті. 1955 жылға дейін Әлем біріншілігі әр жылы өткізіліп тұрды. Спорттың бұл түрінен жарыс өткізу 1900 жылы Лондон олимпиадасынан бастап дәстүрге айнала бастады. Садақ ату ережесі бойынша жарыс жолына шыққандар - 30, 50, 70, 90 метрлік қашықтықтай 72 рет жебе атады. Бұл ерлер арасындағы жарысты ФИТА деп атайды, жарыс төрт күнге созылды. Әйелдер - 70, 60, 50, 30, метрлік қашықтықтан 72 рет садақ тартады.
Садақ ату - өту күрделі спорт түрі, себебі, әрбір атылған садақ оғы, 20-22 кг жуық жүк көтергенмен бірдей екен. Ал жарыс барысында әрбір спортшы 144-ке дейін садақ ататынын ескерсек - бұл осалдар спорты еместігіне көзіміз жетеді.
ҚСРО - Әлем чемпионатына 1969 жылдан бастап қатынасып келді. Бұл жарыста әйелдер - Н. Козина, Э. Гапченко, Т. Образцова Әлем чемпионы тәжін киіп қайтты. Садақ ату өнерінен көбіне тұрақты нәтиже көрсететін әйелдер көрінеді. Садақ ату өнерінен ең жас (17 жаста) олимпиада чемпионы болған Финн жасөспірімі Томи Пойколайнен.
Қазіргі кезендегі садақ ату өнерінен ең көп мергендері бар мемлекеттер: Америка Құрама Штаттары, Оңтүстік Корея, Германия, Бельгия. Америка мемлекетгерінде садақ атумен айналысатын кәсіби спортшылар федерациясы бар. Садақ атумен аң аулаушылар өте коп. Олар садақ асынып жабайы аюға, түлкіге, тіпті бұғы аулауға шығады.
Қазіргі кезенде ең үздік мерген садақшы аталған спортшылар 1976 жылғы олимпиада чемпионы Даррел Пейс пен Ричард Маккин, бұлар екі дүркін Әлем чемпиондары. Әйелдер арасында олимпиада чемпионы - Ливда Райбон.
Садақ оғының күші адам таңқаларлық жойқын екендігін XVI ғасырда өмір сүрген саяхатшы «бұл оқпен 300 метр қашықтықтан қалыңдығы 5 см қайық ағашын тесіп шығуға болады», деп жазыпты. Күшпен тартылған садақ оғы 900 метрлік қашықтықка дейін ұшып барады екен.
Садақ ату өнерін 10 жасар баладан 70 жасар қартқа дейін меңгеруге болатынын уақыт толык дәлелдеп отыр.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-28 17:34:57 Қаралды-2781
ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.
ЖАҢҒАҚ НУГАСЫ

Бұл жаңғақты мол салып шайқалған кәмпит массасынан тұрады. Жаңғақ нугасы да лимон нугасы сияқты дайындалады.
ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ - эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета.
АХМЕТ ХАН

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.
ӘСІП ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Әсіп дайындау үшін қойдың ішегі бірнеше рет жылы су жүгіртіліп тазартылады. Ақырында тұзды су жүгіртіледі.
ШУ ӨЗЕНІ

Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км.