UF

ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

Категориясы: Спорт


Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты. «Арнайы тапсырмамен жолға шыққан офицердің астындағы аты зорыққан ол, жаяу жүріп, судан жүзіп етіп, жолда кездескен қарсыласын қылышпен шауып, келесі жауып атып өлтіріп, бұйрықты орындапты», дейді аңыз. Шын мәніне келгенде бессайстың тарихы әріректе жатыр. Ертедегі гректер ойлап шығарған «Пентатлон» деген спорт түрі бар. Бұл сөз негізгі екі ұтымды береді; «пенг» - бесеу, «атлон» - сынақ. Сөйтіп, пентатлон спортынан жарыс жолына шығушылар спорттың бес түрінен бәсекеге түсетін болған: жүгіру, ұзындыққа секіру, найза мен диск лақтыру және күресу.

Ал қазіргі бессайыстан өтетін жарыстар бағдарламасын алғашқы жасаушы және оның «Атасы» аталған Пьер де Кубертен. Сол Кубертеннің тікелей ұсынысымен қазіргі бессайыс спорты 1912 жылы Стокгольмде өткен V олимпиядалық ойындардан бастап күні бүгінге  дейін олимпиадалық ойыңдарбағдарламасынан түспей келеді.

Қазіргі бессайыстан Халықаралық Одақ 1948 жылы құрылып, бұл спорт бүкіл халықтық спорт түріне айналды.

Қазіргі бессайыстан дүниежүзіндегі ең беделді құрама команда - Швеция мемлекетінің ұландары.

Швеция командасы 1912-1980 жылдар арасындағы XV олимпиадалық ойындардың алты дүркін командалық біріншілігін жеңіп алды. Ал осы елдің атақты бессайысшысы Свен Тофельт тоғыз олимпиядалық ойындардың жекелей чемпионы аталып, дүниежүзінің ешбір спортшысы қайталамаған рекорд жасады.

Қазіргі бессайыс өнерінің ең тандаулы командалары - Швеция, Венгрия және Ресей мемлекеттерінің спортшылары. Бессайыс өнері Польша спортшылары арасыңды да ерекше беделге ие. Олардың ішінен Януш Печак-Пычакты атап өткен орынды. Ол Монреаль қаласында өткен олимпиада чемпионы және дүние жүзінің де чемпионы атағының иегері. ҚСРО спортшыларының ішінен алғашқы дүниежүзінің чемпионы атағынана ие болған Константин Сальников. Бессайыс өнерін Әлем чемпионы атанған ең жас спортшы - Анатолий Старостин, ол 18 жасында чемпиондық тұғырға көтерілді, ал 20 жасыңда олимпиадалық ойындардың жеңімпазы аталды. Бір спортшының спорттың бес бірдей түрінен алдына жан салмай спорт майталманы болуы сирек кездесетін оқиға, ол ат құлағында ойнайтын шабандоз, құралайды көзден ататын мерген, суда балықтай жүзетін төзімді, қолы қалт кетпейтін найзагер (фехтование), желмен жарысқан жел аяқ болуы керек. Бұл табиғат берген дарын емес пе.

Бессайысшылар жолдасын жолда тастамайтын бауырмал да халық, себебі, олар тек қана командалық жарыс жолына шығады.

Қазіргі бессайыс өнері теқ ерлер еншісінде ғана емес, бұл спортты әйелдер де зор шеберлікпен меңгеріп кетті.

ҚСРО-ның қыздар командасы 1982 жылдан бастап дүниежүзілік аренаға шықты. Олардың ішінен алғашқы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған - Светлана Яковлева.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:26:32     Қаралды-1943

Мәлімет сізге көмек берді ма

САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

...

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРМА САМБУГЫ

...

Жуылып, 4-8 бөлікке бөлінген құрма сүйектері алынып тасталып, үстіне аздаған су құйылады да 10-12 минут бойы қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗОТ НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Азот – түссіз және иіссіз газ. Олар оны мүмкіндігінше «тұншықтыратын ауа», «тіршілікті қолдамайтын» және зиянды газ деп атады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

...

Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

...

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.

ТОЛЫҒЫРАҚ »