ВИНДСЕРФИНГ
Категориясы: Спорт
Виндсерфинг - дегеніміз желкенді ағаш деген ұғымды білдіреді. Спорттың бұл түрімен айналысушылар ұзындығы 2,5 метр, ені 70-85 см, ұзынша қайық табанына ұқсас тақтайға діңгек орнатып, оған желкен тағып, су үстінде жүзеді. Мұндай жел өтінде жүзу ұзақ мерзімге де жалғасуы мүмкін. Мысалы, инженер Валерий Горшков 1984 жылдың 26-шы тамызында Байкал көлінде 6 сағатта 40 шақырым аралықты жүзіп өткен. Ал француз спортшысы Арно де Роске Берингов 8 сағат бойы жүзіп 90 шақырымдық жерді кесіп өткен. Американдық ұшқыш Кристиан Барти 38 тәулікті Атлантиканы Африка жағалауынан латын жағалауына дейін 4 метірлік виндсерфингпен жүзіп өткен.
Қазіргі кезенде спорттың бұл түрімен айналысушылардың саны 25 млн.-ға жетіпті. Виндсерфинг тек суда жүзу үшін ғана емес, онымен құрғақта да айналысушылар көптен табылады. Сөйтіп, серфинг суда, құрғақта, мұз үстінде де пайда болды. Серфинг спортын кепшілік, арасында серфинг федерациясы айналысады, оның құрамында 60-қа жуық мемлекеттер тіркелген.
Серфинг-спортын олимпиада бағдарламасына енгізуде үлкен күш-жігерін жұмсаған адамның бірі - американдық газет шығарушы бай адам Гэри Филоса, оның еңбегі жанып, виндсерфинг 1984 жылы XXIII Олимпиада бағдарламасында өз еншісі бар мүше болды, спортшылар жарыста бақтарын сынады. 1972 жылы бұл спорт түрінен Европа және алғашқы рекордқа тіркелді. Ағылшын спортшысы К.Коленсо «Олимпик голд» - деп аталатын көлемі 6 кв метрлік желкенді қайықпен 42,48 км шапшандықпен бір сағатта межелі жеріне жетті. Франчуз Жан-Поль Банья желкенді тақтайша үстінде бүлк етпей тұрып, 61 сағат 30 минут бойы суда жүзіп, дүниежүзілік жаңа рекорд жасады. Қазіргі серфингге пайдаланып жүрген желкенді тақтайшаның салмағы 18-20 кг, желкенінің көлемі 7 кв. метр, ұзындығы 4 метрлік болып келеді.
Дүниежүзіндегі ең серфингті голландиялық шебер Д.Недерлельт жасапты, оның ұзындығы 14 метр, команда кұрамы 9 адамнан түрады, олардың 1 сағатта көрсеткен жүзу шапшаңдығы 66 шақырым екен.
Жепкенді серфинггі жасау тек шеберлердің ғана үлесіне тимеген. Мысалы, американың болашақ 35-президенті Джон Кеннеди 19 жасар кезінде серфинг спортының атасы аталған Гэри Филосқа Гавай ағашынан жасалған серфингке желкен құратын діңгек құрып беріпті.
Серфинг арқылы толқында ойнау жастардың ең сүйіп айналысатын демалыс түріне айналғаны қазіргі бұқараға танымал бола басталғанына кәміл сенеміз. Мамандардың айтуынша қазіргі кезенде адамдардың ең сүйіп жаттығатын спорт түрі-қыс айларында шанғымен серуендеу болса, жаз айларында серфинг болып отыр.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-24 16:38:29 Қаралды-3286
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған
«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.
ЖАЙЫҚ

Жайық өзені Орал тауларының оңтүстігінен басталады. Жалпы ұзындығы - 2428 км. Қазақстандағы ұзындығы - 1082 км. Жайық өзені туралы деректер грек, рим жылнамаларында Дайкс, Ликос, ал орыс жазбаларында 1775 жылға дейін Яик атауымен берілген.
Адамдар тұрмайтын тамаша қалалар

Заманауи адамы көп әлемде тұрып, планетаның адамдар тұрмайтын қалаларының бар екендігіне сену өте қиын. Бірақ, естігенге таңқаларлықтай болғанымен, шын мәнісінде осындай қалалар бар.
ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ

Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна