UF

СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ

Категориясы: Өнер


Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді. Осындай керекті де, келісті бұйымдар туғызатын онерді сәнді бұйымдар жасау өнері дейміз.

Міне, стол үстінде қоңырқай құмыра тұр. Оған көктемде көгілдір жауқазын, күзде нарт қызыл не ақ шаңқан астра күлі салынады. Егер әжелеріміз жинап-терген қоқыр соқырды ақтарып көрсек, қып-қызыл әтештер кестеленген қол орамалды жылтылдаған мөлт қара қорапшаларды табар едік.

Ресейде қол өнерімен айналыспаған бірде-бір өлке болған емес. Халық шеберлерінің сиқырлы өнерінің құпиясы ұрпақ тан ұрпаққа асыл мұрадай мирасқа қап отырды.

Волгада әйелдер жылтыраған шырағдан түбіне отырып алып, ұзақты түнге кесте тігетін. Олардың инесінен шығып жатқан әшекей біресе ағаш бұтағын, біресе нәзік гүлді, біресе әйнекке қатқан аязды еске түсіретін.

Қазіргі Горький облысындағы Хохлома селосының ісмерлері ағаш бұйымдарға албыраған күзгі орманның әр алуан өрнектерін нақыштайтын. Киров (бұрынғы Вятка) түбіндегі көне Дымковода мүйізі едірейген кішкене бұғылар, атқа мінген бала, бала әлдилеген күтуші, албыраған-жалбыраған алабажақ киім киген сәнқой әйел - сан алуан ойыншықтар жасалатын. Ол фигуралар әуелі саздан жасалып, пешке сап күйдірілетін, сосын әр алуан түске боялатын.

Халық шеберлерінің қолынан шыққан кілемдерді айтсаңызшы! Қызыл арайдай шұғыла шашқан теке кілемі, ию-қию өрнектер тоғысқан украин, дағыстан, армян, өзбек кілемдері көздің жауын алмай ма!

Төңірегіміз толы сәнді бұйымдар. Мебельдер де, перделер мен киімдер де - түгел дерлік суретшілер салған жоба бойынша жасалған. Халық қол өнері - сәнді бұйымдар жасау өнерінің бір түрі ғана. «Бесеге» - латынның «әшекейлеу» деген сөзі. Декоратор-суретші спектакльдерге декорация жасайды, музейлердің, театрлардың, қоғамдық үйлердің қабырғалары мен төбелерін жасаулайды. Үйлердің сыртқы қабырғаларына сурет салады.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-17 11:57:01     Қаралды-6388

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ ТЕРІСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Биологтар мен дәрігерлер адам терісін бұрыннан зерттеген және оның бізден ешқандай құпиясы қалмаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР

...

Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар,

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРША

...

Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

...

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »