UF

КҮН - ҒАЖАЙЫП ЕҢБЕККЕР

Категориясы: Ғарыш


Күн тыным таппай, тәулік бойы, ай бойы, жыл бойы шуақ шашады.

Күн сәуле төгеді, сондықтан да үнемі жарық болып тұрады.

Күнді ең басты жарық көзі деуге болады. Аспанда үнемі әйдік шам жанып тұрған сияқты. Сол жарықтың арқасында біз өзімізді қоршаған әлемді көреміз, бірімізді-біріміз көреміз. Егер Күннің сәулесі болмаса, дүниені түнек басар еді де, көп ұзамай-ақ Жердегі тіршілік тоқталар еді...

Күн бүкіл планетаны «жылытып» тұрады. Қалай жылытатынын білемісің? Күннің сәулелері Жер бетін қыздырады, соның әсерімен ауа жылынады. Жылы ауа суық ауадан әлдеқайда жеңіл, сондықтан ол жоғары көтеріледі, ал ауаның салқын кабаттары төмен түседі. Осының нәтижесінде атмосферада қозғалыс басталады: әбден жылынған ауа дариялары тынымсыз жылжып планетаның ең суық бөлігі - полюстерге карай ағылып, жолай өзінің жылуын Жерге беріп отырады, ал суық ауа жылынған аймақтарға қарай ауысып, кайтадан қызу алады...

Таза ауамен дем алғанымыз үшін біз ең алдымен Күнге борыштармыз. Күн сәулесі болмаса, жасыл желектер ауадағы зиянды көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оны оттегімен байыта алмас еді, ал оттегі біздің планетадағы жан иесі атаулының тынысы ғой.

Күн жылғалар мен қақтарды ғана құртпайды, ол өзендер мен көлдердің, теңіздер мен мұхиттардың беттерінен қаншама су жинап әкетеді. Кәдімгі сұйық су күн қызуының әсерімен «ұшатын» суға, яғни буға айналады. Жеңіл бу көтеріліп жоғары ұшады. Судың ұсақ тамшылары бұлт болып жиналады. Енді осы бұлттарды жел айдап, құрылыққа әкеледі, одан жаңбыр жауып, қыр мен дала, орман мен көгал тегіс сусындайды. Ал сусыз жерде ғой, не көк өспейді, не егін шықпайды,  гүл шешек атып, бау-бақша мәуеге толмайды.

Бұл Күн адамдарға Жер бетінде ғана емес, космоста да қызмет көрсетеді. Күн - барлық космостық саяхаттардың тұрақты серігі. Басқа планеталарға ұшатын планетааралық станциялар, космос кораблі, Жердің спутниктері - бәрі де Күннен сәуле алады, қызу алады.

Жер бетінде әзірге Күн электр станциялары өте аз, бірақ барлары жаксы істеп жатыр. Олардан алынған жылу электр қуаты заводтарға, үйлерге, Күннің арқасында қыстыгүні жеміс пен жидек өсіретін оранжереялар мен парниктерге беріледі.

Күннің Жерге қаншама энергия беретінін білемісің? Мөлшерін ойша шамалауың үшін бір ғана мысал келтірейік... Кәдімгі электр станциясынан Күнніц бізге бір секундта беретін энергиясын алу үшін 40 000 000 тонна көмір жағу керек болар еді. Осыншама көмірді электр станциясына жеткізу үшін ғана ауыр жүк машиналарын өзара тіркестірсе, олардың ұзындығы жер шарын 3 рет орап алуға жетер еді. Көмір өндіру - ауыр әрі қымбат жұмыс. Ал Күн өзінің қуатын бізге тегін береді - ала бер, пайдалана біл!.. 

  Жарияланған-2016-09-09 22:56:52     Қаралды-4924

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСҚАБАҚ БАСЫТҚЫ

...

Піскен асқабақтың қабығы жұқалап аршылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕҢІЗ КӨЛІ

...

Теңіз көлі Ақмола облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп кұйылады. Тереңдігі - 2-2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Дәм қабық (корица) қосылған бисквит

...

Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »