ҚОЖАҚАТ – ДЕНЕГЕ ҚУАТ
Категориясы: Өсімдікті
ҚОЖАҚАТ – ЕЖЕВИКА
Қожақат – биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады. Бүкіл бойы тікенекті. Жапырақтары қауырсын тәрізді, сағақтары ұзын, 3-5 жапырақшалардан тұрады. Шеттері ара тісті, пішіні жұмыртқа тәрізді, екі жағында да түктері бар. Гүлдері ақ, ірі, гүл тәжісінің жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Жемісі бірнеше сүйегі бар қара дәндерден тұрады. Өзен жағаларында, төбелердің басында, бұталардың арасында, жол жиектерінде өседі. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілік мақсат үшін есімдіктің жапырағын гүлдеген кезінде, ал жемісін піскен кезінде жинап алады. Құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, аскорбин кышқылы, каротин, Е витамині, органикалық қышқылдар, илік заттар бар.
Халық арасында қожақатты жалпы іштің өтуіне және дизентерияға (қантышқаққа) қарсы пайдаланады. Өсімдіктің тер шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Сондықтан оны жұтқыншақ бездері қабынғанда, тамақ ауырғанда, тіс түбінің еттері босағанда ауыз, тамақ шайқау үшін пайдалануға болады. Бұған қоса өсімдіктің нервті тыныштандыратын, денеге қуат беретін қасиеті де бар. Онымен асқазан жарасын, ішектің қабынуын, шемен ауруларын емдеуге де болады.
Қолдану тәсілі. Диабетті емдеу үшін шағанның, дала қырықбуынының, қожақаттың және дәрілік шүйгіншөптің бір-бір бөлігін тең мөлшерде алып араластырады. Осы қоспаның 6-8 грамын қайнап тұрған 1 литр суға салып тұндырады да, ыстықтай да, салқындай да шетінен ұрттап іше береді.
Сулы тұнба жасау тәсілі: өсімдіктің 20 грамын алып қайнап тұрған 1,5 стакан суға салады да 20 минут тұндырады, сонан соң оны жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді.
Ішек қабынғанда қожақаттың екі бөлігін, қырмызы гұлдің 1 бөлігін алып бір-біріне арластырады. Бұдан кейін осы қоспаны қайнап тұрған 1 стакан суға 4 шай қасықтан келетіндей етіп салып әзірлейді де, 20 минут тұндырады, сонан соң оны жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішеді.
Жарияланған-2016-07-14 15:32:16 Қаралды-4827
ТУНДРА – ҚЫРУАР КӨК КІЛЕМ

Егер біздің ұшқыш кілем тундраның үстінен қыста ұшқан болса, Солтүстік Мұзды мұхиттың қай жерден бітіп, тундраның қай жерден басталғанын байқамас едік.
ТӘУЕКЕЛ ХАН

Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір
КОСМОНАВТАРДЫҢ КОСМОС ҮЙІ

Космонавтардың 2 үйі болады: бірі - Жерде, екіншісі - космоста. Бірі Жер үстінде тапжылмай тұрса, екіншісі сол Жерді өзінің орбитасы - шеңберлі жолымен спутникше шыр айналады.
МУСКАТ ЖАҢҒАҒЫ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

Қант пен жұмыртқа араластырылып, он бес минут бойы шайқалады. Мұқият тазаланған бадам ұсақтап туралады да оған қосатын басқа заттармен қосып араластырылады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.
КЕНТАУ

Кентау - Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіпті қала. Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі сұр топырақты шөл белдемінде орналасқан.