ИТСИГЕК
Категориясы: Өсімдікті
ИТСИГЕК — АНАБАЗИС БЕЗЛИСТНЫИ, ЕЖОВНИК БЕЗЛИСТНЫЙ
Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді. Түп жағындағы сабағы қатайған қоңыр түсті, жоғарғы жағында жасыл сұр түсті болып келеді. Бұтақтары жұмыр, жапырақсыз. Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, олар бұтақшаларының жоғарғы жағында масақша шоғырланып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі жидек сықылды болып келеді. Ол - улы өсімдік. Шөлді далаларда, сортаң жерлерде қалың болып өседі. Итсигектің жоғарғы жағындағы жас бұтақшаларын гүлдемей тұрғанда орып, жинап алады. Кепкеннен кейін машимамен майдалап, електен өткізеді. Кұрамында анабазин, афиллин, лупинин, афиллидии, оксиафиллидин, оксиафиллин сияқты алкалоидтар бар.
Итсигек медицинада тікелей қолданылмайды. Негізінен алғанда анабазин және афиллин алкалоидтерін алу үшін қолданылады. Анабазиннен РР витамині деп аталатын никотин қышқылы алынады. Ол дене сыртындағы көптен жазылмай жүрген жараларды емдеу үшін қолданылады.
Афиллин гипертония ауруы мен жүрек ауруларым емдеу үшін де қолданылады. Ал анабазин өте күшті улы зат. Оның 2-3 тамшысы кісіні өлтіріп жіберуі мүмкін. Міне, осыған байланысты итсигекпен улану оны жинап жүрген адамдар арасында кездесіп қалып отырады. Кісі уланғанда сілекейі ағып, басы айналады, жүрегі айниды, құсады, жүрегі қатты соғып, дем алысы жиілейді. Аурудың маңдайынан суық тер шығып, денесі тырысады, дем алысы бұзылады. Бұл жағдайларда аурудың асқазанын жуып, құстыратын дәрілер береді, қолдан дем алдырады. Жоғарыда аталғандарға байланысты итсигек жинаумен айналысқан адамдардың уланып қалмауы үшін барынша сақтық шараларын қолданған жөн.
Жарияланған-2016-07-12 15:29:38 Қаралды-6954
ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ

Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады.
БҮЙДАШ ХАН

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды.
Жалынды кемпірқосақ

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды
КӨКБҰТА

Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.