ҚЫСТЫҢ ЕҢ СУЫҚ АЙЛАРЫ
Категориясы: Табиғат
Қаңтар мен ақпан - қыстың ең суық ай лары. Шаруақор қазақ кейде бұл екі айға жан бітіріп, тіл беріп сөйлетіп қоятыны бар. Ондағысы қатал қысқа қамданып, қымтанып келмесе жағдайдың қиын болатынын ескертуі болса керек.
Қаңтар айының жүзі ауып бітуге айналғанда ақпанға қарап айтыпты дейді: «Боз тоқтыда кұйрық қалды, бозша қызда бұғақ қалды, кырлан, ақпан, қырлан!», — деп, Қаңтардыд мұнысы - «қанша қаһарлансам да титықтатуға мұршам келмейді, тоқтыда құйрық, бойжеткенде бұғақ қалды, енді өзің, ақпан, ақыра кірісші, мен алмаған өшімді өзің алшы» дегендей. Демек, жыл он екі айды шаруақор қазақ түрлі кейіпте елестеткен. Олар үшін Қаңтар мен Ақпан қатыгез, дұшпан сияқты.
Сондықтан да осы екі айға шыдаса болды, әрі қарай жеңілдей беретінін де ескертіп отырады. «Қүн қаңтарда қарға адым ұзайды, ақпанда ат адым ұзайды» дейді. Қүн ұзаса жер жылынады. Жер жылынса көшпелі елдің көңілі жай.
Жарияланған-2016-04-21 17:52:12 Қаралды-3723
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.
НЕЛІКТЕН ҚҰСТАРҒА МАМЫҚ ҚАЖЕТ?

Мамық қауырсындар кішкентай жотадан және ұзын икемді ойықтардан тұрады...
ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір
Әдемі – ақымақ дегенді білдірмейді

Егер сіз тіпті ескі американдық киноларға қызықпайтын болсаңыз да, сізге керемет әдемі актриса Хеди Ламаррдың түрі таныс шығар.
АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.
БИДАЙДАН АЛЫНҒАН ДӘРІ ЖҮРЕК ДЕРТІН ЕМДЕЙДІ

Қазіргі зерттеулер бойынша әлем халқының 66 пайызы жүрек дертінде шалдыққаны анықталып отыр. Бұл кардиолог (жүректі емдеуші) дәрігелерді қатты алаңдатуда.