UF

Адамдар тұрмайтын тамаша қалалар

Категориясы: География


 

Заманауи адамы көп әлемде тұрып, планетаның адамдар тұрмайтын қалаларының бар екендігіне сену өте қиын. Бірақ, естігенге таңқаларлықтай болғанымен, шын мәнісінде осындай қалалар бар.

Біздің алдымызда бірнеше осындай қалалар келтірілген, олар біршама жағдайлардың әсерінен тұрғызылған және қараусыз қалған. 

 

1. Канбаши

Қытайдың солтүстігіндегі Ордос қалалық аймақта 300 мың тұрғынға есептелінген Канбаши қаласы бар. Құрылыс бумы кезеңінде салынған, келешек мегаполис жылжымайтын мүлік инвестициясы ғана болып қала берді.

Әлемдік қаржы дағдарысы құрылысшылардың тәбетін айтарлықтай төмендетті және енді олардың кейбіреулері салынған қаржыларының аз болса да бір бөлігін қайтарып алуға бекерге тырысып жүр, босап қалған мұнараны жарып, алған жерлерін жаңа инвесторларға сатуды ойластырып жүр.

 

2. Сесенья қаласының шеті

Испанияның Сесенья қаласының аулаларында, Мадрид пен Толедо арасында, жылжымайтын мүлік үшін  шамадан тыс сұраныстың ортасында миллиардер Франсиско Эрнандо жеке үй салушылармен салынғандардың ішіндегі Еуропадағы ең ірі атанған, 13 500 пәтері бар үлкен тұрғын үй кешенін салды.

2008 жылы Эрнандо 2 мыңнан аса пәтерді жобаның несие алушыларына берді, бірақ үкімет ауыз судың және ғимаратқа орналастыруға рұқсат қағаздың жоқтығынан сатуды тоқтатты, инфақұрылымды және жолды айтпағанда. Барлық айтылғандарда Эрнандо салықтарды төлемеуші және пара алушы ретінде кінәлі болып танылды, нәтижесінде құрылысты тастап кетуіне және Экваторлық Гвинеяға қашып кетуіне тура келді.

 

3. Киджондон

Қарусыздандырылған аймақтан жақын жердегі солтүстік кореяның қаласы Киджондонды жиі «насихаттау ауылы» деп атайды. Бұл Солтүстік Кореяның толығымен жабылған бір ғана  елді мекен, оны Оңтүстік Корея аумағынан бақылауға болады.

 

4. Киламба

Мүлікті басқару жөніндегі халықаралық қытай инвестициялық корпорациясы Ангола астанасы Луандадан 30 км жерге Киламба қаласын салды. 750 сегіз қабатты тұрғын үй 500 мың адам тұруға есептелінген, оларға сондай-ақ, жүздеген сауда орталықтары және ондаған мектептер салынған.

Құрылыстың аяқталғандығына қарамастан, Киламбада осы уақытқа дейін 220 пәтер ғана сатылды, себебі Анголаның көп тұрғындарының тіпті ипотеканың көмегімен пәтерлер сатып алуына мүмкіндіктері жоқ. 

 

  Жарияланған-2015-10-21 14:30:20     Қаралды-4152

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Туралған курага мен жүзімнен қайнатып жасалған төрт қырлы ұзыншалау кәмпит жүзім нугасы деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

...

Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ

...

1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған ескерткіш қойылды (мүсінші - Х.Е. Наурызбаев, архитектор - Л.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биіктігі - 13,7 м. Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ

...

Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды ке

ТОЛЫҒЫРАҚ »