ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ
Категориясы: Тағам
Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.
Дайын қамыр 300 грамнан бөлініп, 4-5 миллиметр қалыңдықта дөңгелек қылып жайылады. Осылай жайылған қамырдың үстіне қалыңдығын бірдей етіп ішіне салатын 200 грамм жаңғақ жайылады да рулет етіп оралады. Бетін жұмыртқаның сары уызымен майлап, температурасы 190-200 градус пешке қаңылтыр табақтарға салып, 30-35 минут бойы пісіріледі. Салқындатылған рулет астына қағаз төселіп, астаушаларға қабырғасынан (тігінен) салынады.
Қамыр, ішіне салатын жаңғақ және оның ылғалдылық мөлшері жаңғақ түтікшелерін жасағандағы мөлшердей. Бұл рулеттің формасы ұзыншалау батон секілді болады, түсі күңгірт сары, беті жылтырап тұрады. Дәмі сол тағамның өзіне ғана тән, аздап дәм қабың иісі шығады. Ылғалдылығы 14-17 процент.
Шикізат әркімнің қалауынша алынады.
Жарияланған-2016-03-02 10:24:08 Қаралды-2556
ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген.
ДЕРМЕНЕ

Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
ШАШ КҮТІМІ

Әдемі жылтыраған шаш әйелдің сәнін келтіріп қана қоймайды, оның денінің сау екендігінің де куәсі.