АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)
Категориясы: Тағам
Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды.
Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.
Стол үстіндегі қамырға жұмыртқа қосып 5-7 минут бойы иленеді. Қамыр жабысқыш және созылғыш болғандықтан илеуді оңайлату үшін - оның үстіне ауық-ауық ұн сеуіп қою керек. Иленіп, дайындалған қамырды 8-10 минут қоя тұрып, содан соң бөле беруге болады. Бұл тағамды дайындау үшін клейковинасының мөлшері 30-35 процент ұн пайдаланған дұрыс.
Қамырдың ылғалдылығы 34-36 процент, температурасы 18 градус болу керек.
Қамырды бөлу үшін ол тағы бір рет мұқият иленеді. Соңынан әрқайсысының салмағы 2,5-3 килограмнан келетіндей етіп бөлінеді. Әр бөлік 2-3 миллиметр қалыңдықта төрт бұрыштап жайылады. Оған үн себіліп, ені 40-50 миллиметр етіліп кесіледі. Ол бөліктер бірінің үстіне бірі (8-10 белікті) салынады. Содан соң ені 5-6 миллиметр етіліп кесіледі. Кесілген қамыр қағаз төселген табақтарға салып қойылады. Олар сонда тұрып цех температурасында 5-7 минут бойы кебеді.
Кепкен нан кесінділері қайнап жатқан майы бар табаға салынып, 2-3 минут ұсталады да металл торы бар елекке салып алынады. Соған орай нанның артық майы ағып кетеді.
Қазанға кәдімгі ара балы құйылып қайнатылады. Содан соң оның үстіне майға құырылып, салқындатылған кесінділер салынады.
Тағамның бұрын құырылу дәрежесіне байланысты балға салып қайнату процесі 15-20 минутке созылады.
Салқындатып бөлу үшін қайнатылып пісірілген кәзинәктер жабысып қалмас үшін алдын ала суланған кәдімгі жазу жазатын қағаздың үстіне жайылады. Кәзинәктар 1,0-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, оңтаумен немесе қасықпен тегістеледі.
Жақсылап салқындатылған кәзинәктар төрт бұрыштап, қиғаш төрт бұрыштап кесіледі.
Бір килограмм астрахнули жасауға 329,0 грамм бидай ұны, 166,0 грамм жұмыртқа, 173,0 грамм қайнатылған май, 500 грамм ара балы жұмсалады.
Астрахнули әр түрлі формалы, яғни төрт бұрышты, қиғаш төрт бұрышты т. б. болады. Түсі ашық қоңырдан қоңырға дейін, ауытқиды, ол қытырлатып қуырылуға тиіс. Морт сынады, тіске салғанда қытырлауы керек. Ылғалдылығы – 3-3,5 процент.
Ұннан жасалған кәзинәктар жақсы желдетіліп тұратың құрғақ, температурасы 18 градус, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде бір ай бойы бұзылмай сақталады.
Жарияланған-2016-03-01 19:01:14 Қаралды-2665
«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.
БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.
Мысық йодты қалай ойлап тапты. Тосын жаңалық

Француз химик-технологы және фармацевт Бернар Куртуа 1811 жылы йодты ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалығы ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін еді, егер Бернар Куртуаның сүйікті мысығы болмағанда. Бұл оқиғаны Куртуаның достары айтып береді.