ДУАДАҚ
Категориясы: Жануарлар
Дуадақ - далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады.
Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді. Еркегінің салмағы - 16 кг, ұрғашысынікі 6 кг-ға дейін жетеді. Олар жыл құстары сияқты мекен еткен жерлерінен өте алысқа кете қоймайды.
Кейде дуадактарды қыс айларында Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан да кездестіруге болады.
Дуадақ денесі салмақты болса да, жақсы ұшады және мықты сирақтарымен тез жүгіре алады. Олар мейлінше сақ. Дуадақтар ұясын жерге салады, олар кішкентай шұңқыр дайындап, астына құрғақ шөптен төсеніш төсеп жасайды да, сол ұяға 1-ден 3-ке дейін жұмыртқа басады.
Қазіргі кезде дуадақтар Қазақстан даласында өте аз, тіпті олар жойылып кетуге жақын. Сондықтан заң бойынша қорғауға алынған.
Жарияланған-2015-11-26 13:29:55 Қаралды-17183
ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ

Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.
АҚҚАЛАҚ

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.