БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ
Категориясы: Табиғат
Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула біртіндеп жазыққа ұласады. Табиғаттың әдемі, сұлу келген тас мүсіндері де дәл осы орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің жағалауларындағы әсем құздар, алуан бейнелі алып жартастар, үңгірлер, тау етектерінен аққан бұлақтар ерекше көрік береді. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған «Найзатас», «Жұмбақтас», «Көгершін», «Кемпіртас», «Атбасы», сонымен бірге қола дәуірінен қалған «Әулиетас», «Құмыра» атты тарихи-археологиялық ескерткіштер көптеп кездеседі. Бұлардың барлығы осында - Қазақстанда тұңғыш рет 1985 жылы ұйымдастырылған Баянауыл ұлттық табиғи саябағында орналасқан. Жасыбай көлінің солтүстігінде таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікелей көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың (320 м) бар. Оның дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген белбеумен белуарынан айналдырыла тартылғанын көруге болады. Шың ертеден ел аузында «Құсайын Найзатасы» немесе «Найзатас» деп аталады. Бұдан әрі жол аузын қонақжай қазақ дәстүрімен зәулім келген хан ордасындай «Киіз үй» қарсы алады. Ол лоджиялары бар театрды елестетеді. Театр алдындағы жартастарды - күн көзінен немесе жаңбырдан таса болар биік-биік «саңырауқұлақ» тастарды табиғат көрермендер үшін әдейі жаратқан сияқты. Одан әрі бір-бірімен құшақтасып, махаббат мұңын сыбырласқан қос ару - «бүйрек тасты» көруге болады. Содан соң «мыстан кемпірдің» басы шыға келеді. Осындай ғажайып тас мүсіндерді бұл аймаққа табиғат әдейі жинап қойған «ойыншық алаңына» ұқсатуға болады. Бұл Баянауыл тауларының бір көрінісі ғана. Мұндай табиғат ескерткіштері («Қырғыншы», «Жылантас», «Қос батыр», «Жас батыр», «Кәрі батыр», т.б.) жетерлік.
Жарияланған-2015-11-25 21:00:05 Қаралды-12596
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.
ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ
Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.
ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?
Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.
БЮСТ
АДАМДАРДЫҢ кеудеден жоғарғы тұлғасын ғана бейнелейтін мәрмәр, қола немесе ағаш мүсіндерді бюст деп атайды.
ТҰШ БАУЫРСАҚ
Бұл көбінесе мерекелерде ғана дайындалады. Сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға ұн қосылып, қамыр иленеді.
МИФТЕР
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, әфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақсипаттары коп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен ажыратып, өзгешелеп тұратын бірқатар ерекшеліктері д