ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Категориясы: Тарих
Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын. Өйткені, ерте кезде барша шәкірт атаулы, оның ішінде біздің елдегі шәкірттер де араның балауызынан жасалған дәптерге жазатын. Ал балауыз дегеннің ыстықтан еріп кететіні мәлім.
Әрине, ол кезде бұған ешкім де дәптер деп ат қойып, айдар тақпаған. Бұл әншейін жіппен байлап, қабаттап-қабаттап қойған жұқа тақтайшалар еді. Әрбір тақтайшалар қоңырқай немесе қара балауыз толтырған табақшаларға ұқсайтын.
Сол кездегі шәкірттерге обал-ақ! Мұндай «дәптерге» сабақ жазудың өзі оңай болмаған ғой!
Уақыты жеткенде оқушылардың көзі ашылып, олар төртке бүктеліп, сыртын жұқа мұқабамен тыстаған қағаз дәптерге жаза бастады. Бір қағазды төртке бүктегеннен дәптер - орысша тетрадь сөзі шыға келген.
...Мінеки, қағаз жасау фабрикасынан дәптер жасау цехына даяр орамалар келіп түсті. Олардың үлкендіктері сонша - тіпті орындарынан қозғаудың өзі қиын. Оған қалайша жазу жазарсың? Жазу жазу үшін ораманы жеке-жеке беттерге бөліп, ұзын жол немесе тор көз ғып сызады, сонан соң түптеп, тыстайды.
Ұзын жол, тор көз сызықтарды да арнаулы машина түсіріп береді. Сызық түсіргіш шеберлер машинаға қажетті сызық түсіретін бедерлі біліктер орнатады. Сонан соң бояу құйып, машинаны іске қосады.
Дәптер жасайтын ақылды машиналар сызықтарды түсіріп болған соң, қажетті мөлшерде кесіп, сыртқы тысымен бірге сым бекіткіштермен түптеп шығады.
Әр машинаның тез істейтіні сонша, бір жұмысшы бір жұмыс күнінде ондаған мың дәптерді даярлап үлгіреді.
Жарияланған-2016-09-07 16:26:44 Қаралды-8073
ИКОНА ЖАСАУ ӨНЕРІ
Куликов даласында татарлар орыс әскерінің тегеурініне шыдай алмай, тырағайлап қаша жөнелді. Сан ғасырдан бері еңсесін көтере алмай келе жатқан Русь еркіндік алды. Жұрт монғол-татар үстемдіғімің дәурені өткеніне енді-енді көздері жете бастады.
СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.
ЛАШЫН
Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.