ҚЫРҒИ
Категориясы: Жануарлар
Қырғи - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оның түр-түсі де қаршығаға мейлінше ұқсас. Қырғидың дене тұрқы - 30-43 см, қанатын жайғандағы ұзындығы - 18-26 см, салмағы 120- 280 г. Ұябасары шәулісіне қарағанда кесектеу. Шәулісінің жоны көк сұр, бауыры ақ сары, қоңырқай дақтары бар, төбесі қара, көзінің айналасы ақ, ал ұябасарының жоны қоңыр, бауыры ақ сұр, қоңыр жолағы бар, құйрығының ұшы ақ болады. Қырғи ұшып жүргенде қанатының қысқалығына, құйрығының ұзындығына қарап, оны бірден айыруға болады.
Қарымы шағындау, күші аздау болғандықтан да қырғи көп ретте үйрек, тарғак, бұлдырық, бөдене сияқты құстарға түседі. Тұрымтай, ителгі сияқты қырғи да қазақ ауылының жаңа талап, жас бозбалаларының ермек ететін, саятшылыққа жаттығатын құсы. Шақырайған түс кезінде, желді күндері, ыстықта қырғиды құсқа салмайды. Мұндайда құстың шабыты болмайды. Қырғиды құсқа мүскектеп салады. Мүскектеп салу деген - құстың қанатын қомдатып, сол қолмен жауырынынан уыстай ұстайды да, сол бетінде бауырын алақанға тигізе оң қолына алады. Кейін бетін желге қаратып, салатын құсқа қарай сілтеп жібереді. Бір ұмтылғанда «жемін» іле алмаған қырғи да қаршыға сияқты отырып қалады. Мұндайда кұсқа зекімей, белгі бере шақырып алып, сылап-сипап ықылас көрсеткен пайдалы.
Жарияланған-2015-11-17 15:52:08 Қаралды-9263
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ КОЛОРИТ
Креслода кішкене бала отыр. Оның бірдеңеге қатты елегізгені байқалады. Әлденеден назарын аудармай, тесіле қарап қапты. Бұл Мика Морозовтың портреті. Салған - В.А.Серов.
ТӘТТІМБЕТ
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ
LEGO-НЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?
Балаларға арналған ең танымал құрылыс жиынтығының әкесі даниялық ағаш ұстасы Оле Кирк Кристиансен...
КАПУСТА ҚҰЙМАҒЫ
Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады.
ҚОЛҒА ДА КҮТІМ КЕРЕК
Кейбір әйелдер бет сұлулығына көбірек көңіл бөліп, қол кутімін естен шығарып алады.