UF

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Мал мен құс азықтандыру жөніндегі ғылымның казіргі кезендегі даму деңгейі олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, мал мен құстың денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал мен құс басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.

Қазіргі кезде мал және кұс азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспей-тін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде олар-ды қуат, протеин мен амин қышқылдары, көмірсутектер (талшық, қант, азот-сыз шырынды заттар), майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-, микроэлементтер, витаминдер, гормондар, ферменттер, т.б. сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі болды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Білімді маман қолдағы мал мен құсты өсіру мақсатына, яғни олардан өндірілетін өнім бағытына сәйкестендіре азықтандыру арқылы ас қорыту жүйесі мен зат алмасу ерекшелігін қалыптастырып, организмдегі морфофунк-ционалдық өзгерістерді қажетті өнім түзуге бағыттай алады. Мұны іске асыру үшін мал түлігі мен құс түрінің ас қорытуының морфофункционалдық құрылымы мен бүкіл қоректену биохимиясын кажетті өнімділікке бағыттай білу керек.

Қоректену барысындағы биохимиялық өзгерістердің материя мен энергия алмасуының жалпы физикалық-химиялық заңдылықтарына сәйкес өтетіндігі мал азықтандыру білімі туралы деректер жинала бастағаннан-ақ айғақталған.

Практикалық маңыздылығы. Мал организміне қажетті барлық қоректік заттардың бір азықта бола бермейтіні белгілі. Сондықтан да оларға құрамында белокты- витаминді- минералды қоспалары бар құрама жеммен азықтандырған тиімді екенін Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көрсетіп берді.

Біз дипломдық жұмысты орындау барысында солардың тәжірибесіне сүйене отырып, талдау жасап, жүйеге келтірілген кальций, фосфор, йод, мыс, кобальт туралы ғылыми мәліметтерді беріп отырмыз.

Жұмыс көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 64 бетке копьютерлік мәтінмен терілген, кіріспеден, әдебиеттерге шолу, негізгі бөлім, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Құрамына 15 кесте, 5 сурет, 16 әдебиеттер тізбесі кіреді.

 

1 Әдебиеттерге шолу

1.1 Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері

 

Фарфор ыдысқа  салынған орташа үлгі сынамасын жоғары (500-5500С) температурада муфель пешінде жаққан соң органикалық заттар өртеніп, ыдыста күлі қалады. Оның құрамында минералды элементтермен қоса азықта жанбайтын шаң, тозаң секілді бөгде қалдықтары болатындықтан, оны «шикі» күл деп атайды. Биологиялық маңызды минералдық элементтердің мал азығындағы мөлшері грамдап (г/кг) есептелетін жетеуін – макроэлементтерге  (грекше «macros» - көп), ал қалған мөлшері миллиграмдап не тіпті микрограмдап (мг/кг, мкг/кг) есептелетіндерін – микроэлементтерге (грекше «тісros» — аз) не тіпті ультра (латынша «ультра» - өте) микроэлементтерге жатқызады.

Биологиялық маңызды макроэлементтерге – кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге – темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод жатады.

Кальций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минералды элементтер ішіндегі мал денесінде ең кеп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%) сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады. Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына, бұлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.

Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаңқасы дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеу-шілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остео-порозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа жиі ұшырайды. Сүйектің біруақытта резорбацияланып және минералсыз-дануынан туындайтын алиментарлық остеодистрофияға жататын бұл аурулар мал азығында минералдық заттардың жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің темендеуінен де туындайды[2, 3, 5, 12].

Фосфор. Кальций секілді бұл элементтің де мал денесіндегі негізгі мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты. Фосфор сүйек, нуклеин қышқылдары, фосфопротеиндер мен фосфолипидтер құрамына кіреді. Аденозинфосфаттар құрамында энергия алмасуына, жасуша белогының құрамында бірқатар ферменттердің әсерін күшейтуге, қан мен ұлпа буферлігін қалыптастыруға қатысады. Демек, фосфор қышқылы түрінде бұл элемент организмдегі бүкіл физиологиялық үрдіске ықпал етеді деуге болады.

Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит ауруларының белгілері байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып, денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсендейді. Азығында фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде заттарды жалап, жалмайды.

Биогеоценозда фосфор жетіспесе мал арасында афорозды остеодистро-фия ауруы кездеседі. Ал, бұл аурудың алдын алу үшін фосфор тыңайтқыш-тарымен топырақты байыту арқылы мал азығына фосфор тұздарын енгізу қажет[2, 3, 5, 12, 16].

Кальций алмасуы бұзылғанда сүйек құрылымы бұзылып, сүйек ауруына шалдығады. Төлдің мешел ауруында: олардың басы үлкен, сопақ-жалпақ  көкірек  керегесі кеңейіп, қабырғалар жұмсарады, сирақтары қисайып, борсық пен аю аяқтарындай маймақтанады. Жақ сүйектері жұмсарып, қабырға ұшы жалпайып, жуандайды, буыны іседі, тісі босап, бел омыртқаның қанаты майысып, жұмсарады. Ал құйрықтың соңғы омыртқалары кішірейеді, тіпті мүлдем жойылып кетеді. Сүйек құрылысының бұзылуын ренгенография, эхоостеометрия тәсілдерімен анықтайды.

Рентгенофотометрия тәсілін тәжірибеге енгізген И.Г.Шарабрин, ал эхоостеометрия тәсілін енгізіп, бұл салада жемісті еңбек еткен Е.Ф.Дымко, Қ.М.Қыдырбаев, Ә.Н.Ермаханов және басқалар жоғары айтылған жағдайларды дәлелдеп берді[5, 6, 12, 14].

Кальций жетіспеген жағдайда эндемикалық аурулардың симптоматоло-гиясы әр алуан брлады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемикалық аурулардың белгілері, әдетте жалпылама келеді: қоңдылығы-ның, өңімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар. Оларды биохимиялық зерттеудегі. мағлұматтармен толықтыра отырып ауруларды жіктей аламыз. Қалыпты жағдайдағы мал организімінің биохимиялық көрсеткіштері 1-4 кестелерде келтірілген.

Мал организміне макро- және микроэлементтер белгілі бір мөлшерде түсіп тұруы қажет. Олар жетіспегенде немесе шамадан тыс артық болғанда жалпы организмге малдың денсаулығына, өніміне кері әсер етеді.

 

1.2 Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері

 

Азық құрамында жүзден, мыңнан пайыз болып келетін микроэлементтер-дің жалпы организмге ас қорыту процестерінде атқаратын ролі зор. Олардың рационда жетіспеуі эндемиялық ауруларға әкеліп соғады.

Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқанша безде жиналады. Йод молекулаларының тирозинмен құрған бір-, екі-, тирозин түріндегі қосындылары осы бездің Т3-үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин, яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бұл гормондар альбумин және глобулинмен байланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті орга-низмдегі «зат алмасу моторы» деп те атайды. Ол жалпы организм резистент-тігін күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.

1-кесте. Макроэлементтер жетіспеуінің белгілері

Белгі

Макроэлементтер

кальций

фосфор

калий

натрий

магний

күкірт

темір

Төлдің өсіп-жетілуінің тежелуі

+

+

-

+

-

+

+

Тәбеттің бұзылуы, аранының ашылуы

+

+

-

+

-

-

-

Түлеудің тежелуі

±

±

-

±

-

±

±

Кілегей қабықтың бозғылт тартуы

±

±

-

-

±

±

+

Буынның өзгеруі

+

+

-

-

-

-

-

Ақсау

+

+

-

-

-

-

-

Остеомаляция

+

+

-

-

-

-

-

Остеопороз

+

+

-

-

-

-

-

Остеолиз

+

+

-

±

-

-

-

Жалпы қозуы

-

-

-

-

+

-

-

Салдану, тартылу, жиырылу

-

-

-

-

+

-

-

Алдыңғы қарын бөлігінің жиырылуының әлсіреуі

±

±

-

-

-

±

±

Гепадотистрофия

±

±

-

-

-

±

±

Жүрек дистрофиясы

±

±

-

-

-

±

±

Төлдің туа пайда болатын ақаулары

±

±

-

-

-

-

+

Ескерту: «+» - белгі байқалады, «-« - белгі байқалмайды, «±» - белгі байқалады немесе байқалмайды

2-кесте. Микроэлементтер жетіспеуінің белгілері

Белгі

Микроэлементтер

йод

мырыш

кобальт

мыс

селен

марганец

фтор

Төлдің өсіп-жетілуінің тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

Түлеудің тежелуі

±

±

±

±

-

±

-

Терінің түссізденуі

-

-

-

+

-

-

-

Терінің құрғауы мен қыртыстануы

±

±

±

±

±

±

±

Микседема

+

-

-

-

-

-

-

Алқымның ісуі

+

-

-

-

-

-

-

Тәбеттің бұзылуы, аранның ашылуы

±

±

±

±

+

±

±

Жалағыштану (лизуха)

±

±

±

±

-

±

±

Қарынның алдыңғы бөлігінің жиырылуының әлсіреуі

±

±

±

±

±

+

-

Қимыл-қозғалыстың бұзулы

-

-

-

±

-

±

-

Салдану

-

-

-

-

+

-

-

Қан азаюы

±

-

±

±

-

-

-

Тері ауруы, паракератоз

-

+

-

-

-

-

-

Жүрек ырғағының бұзылуы

-

-

-

-

±

-

-

Миокардиодистрофия

+

+

+

+

+

+

+

Гепадодистрофия

±

±

±

±

±

±

±

Тістің мұжылуы, өсу тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

Төлдің туа пайда болатын ақаулары

+

+

+

+

+

+

+

3-кесте. Макроэлементтердің шектен тыс жиналуының белгілері

Белгі

Макроэлементтер

кальций

фосфор

калий

натрий

магний

күкірт

темір

Төлдің өсіп-өнуінің тежелуі

±

±

±

±

-

±

±

Тәбеттің бұзылуы, аранның ашылуы

+

+

-

-

-

-

-

Жалағыштық

+

+

-

-

-

-

-

Қозу немесе есеңгіреу

-

-

±

±

-

-

-

Түлеудің тежелуі

±

±

-

-

-

±

±

Сілекей ағу, құсу

-

-

±

±

-

-

-

Миокард дистрофиясы

±

±

±

-

-

-

-

Бауыр дистрофиясы

±

±

±

-

-

-

-

Остеомаляция

+

+

-

-

-

-

-

Остепороз

+

+

-

-

-

-

-

Остеолиз

+

+

-

-

-

-

-

Туа пайда болған өсу ақаулары, гипотрофия

±

±

±

-

-

±

-

Тұқым қуалаушылығының бұзылуы

-

-

-

-

-

+

-

4-кесте. Микроэлементтердің шектен тыс жиналуының белгілері

Белгі

Микроэлементтер

фтор

селен

қорғасын

никель

стронций

молибен

мыс

бор

Төлдің өсіп-жетілуінің тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

+

Қозу немесе есеңгіреу

-

±

±

-

±

±

±

±

Көрудің нашарлауы

-

+

-

+

-

-

±

-

Қимыл-қозғалыстың бұзылуы

±

-

±

-

±

±

+

±

Кілегей қабықтың сарғаюы

±

-

±

-

±

±

±

±

Тері мен көз ауруы

-

-

-

+

-

-

-

-

Остеодистрофия

+

-

-

-

±

-

-

-

Сілекей ағу, құсу

-

-

±

-

-

±

±

±

Қарынның алдыңғы бөлігінің жиырылуы-ның әлсіреуі

±

-

±

-

±

+

±

+

Гастроэнтерит

-

-

±

-

-

-

±

+

Гепатодистрофия

±

-

±

-

±

±

±

±

Миокардодистрофия

±

-

±

-

±

±

±

±

Сілті ауруы

-

+

-

-

-

-

-

-

 

Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған бұл биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтермен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге жатқызуға болады.

Рационда йод жетіспейтін жағдайда эндемиялық алқым ісігі (қалқанша безінін ісуі) немесе энзоотикалық алқым ісігі – өте кең тараған геохимиялық энзоотия. Бұл ауруға шалдыққан қалқан безінің қызметі бұзылып, зат алмасу барысы зақымдалады.

Алқым (қалқан) ауруы ауа, су және топырақ кұрамында йод жетіспеген жағдайда, яғни топырақта йодтың мөлшері – 0,00001%, суда – 10 мкг/л аз болғанда орын алады.

Иод жетіспеушілігімен қатар энзоотикалық ісіктің пайда болуына йодқа қарсы әсер ететін химиялық элементтер, яғни кальций, стронций, марганец, қорғасын, фтор, кобальт, күкірт және кейбір азықтық қосындылар құрамында  күкірті бар тұздар, зәрлік, антибиотиктер мен параминсалицил қышқылының көп мөлшері, С витаминінің жетіспеуі себептеседі.

Қалқан безінің ісуі және оның қызметінің бұзылуы гормон түзу құбылы-сының бұзылуына тікелей байланысты. Ол жеті сатымен өрбиді:

1. Қалкан безіне йодтың жиналуы;

2. Йодтің молекулалық йодқа ыдырауы;

3. Йод пен тирозиннің монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин  және тетрайодтирозинге айналып, тиреоглобулинмен тығыз байланысуы;

4. Қалқан безінің гормондары тиреоглобулиннен бөлініп, ыдырап, өз алдына жеке дара монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин,   тетрайод-тирозин түрінде қан айналымына сіңуі;

5. Монойодтирозин, дийодтирозиннің галогенсізденуі және қалқан безінің йодидті пайдалануы;

6. Үшйодтирозин мен тетрайодтирозиндердің қан кұрамындағы альфа-глобулинмен йодтың ақзатпен байланысқан түрін түзуі;

7. Ақзатпен байланысқан йод торшада одан бөлініп, галогенсізденіп және ацитилді йодидтанып, торша ішіндегі зат алмасу құбылысын жылдамдатуы.

Сонымен қалқан безі гормондарының негізгісі йодид пен тирозин. Егер бұл заттар жетіспесе тиреоид гормондарының түзілуі төмендеп, қалқан безінің құрылымы мен қызметі бұзылады.

Энзотикалық дерт өте баяу білінеді. Малдың қоңдылығы мен өнімділігі, жүйке тамыр-тірек-қимыл тонусы төмендейді, түлеуі кешігеді.

Ірі қара малдың организімінде йод жетіспесе басы мен мойынның жүні шектен тыс өседі, яғни «жал» мен «кекіл» пайда болады. Терісі құрғақ, қатты, серпімділігі нашарлап, көзге сөлекет көрінеді. Жүрек сазы мен дүрсілі әлсірейді, малдың азыққа араны ашылады, қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, ішек-қарын қабығы қабынады.

Төменгі жақ асты мен мойнына су үймелеп, ісінеді, яғни микседема пайда болады. Сүт құрамындағы йодтың мөлшері 20-100 есе азаяды.

Қан құрамындары гемоглобиннің мөлшері, эритроцитпен лейкоциттің саны азаяды. Аналық малдың арасында іш тастау және өлідей туу кездеседі, Өлідей туған түсіктің қалқанша безі шектен тыс үлкен, жақ асты, мойын және арқа терілерінің астына сұйық жиналып, ісінген.

Диагноз қойғанда сойылған және өлген малдан зерттеуге алынған заттарды тексеріп, талдап анықталады.

Геохимиялық эндемикалық зобты немесе йодтың жетіспеуін анықтауда қалқанша бездің дене массасына қатынасты салмағы арқылы,   биогеоценоз-дағы йодтың мөлшері анықталады. Н.Уразаев (1978) дерегі бойынша қалқанша безінің салыстырмалы салмағы (100 кг тірі салмаққа   шаққанда) ірі қарада – 7 граммнан аспауы керек.

Аурудың дауасы (емі мен алдын алу) – мал организмінде жетіспейтін йодтың мөлшері үстеп қоректендіру арқылы толтыру.

Йодтың жетіспеуінен пайда болатын ауруларды емдеп, алдын алу үшін йодты калий қолданылады. Калий йодидінің аурудың алдын-ала алу үшін қолданылатын мөлшері (1 кг тірілей салмағына шаққанда) – ірі қара малға – 3 мг.

Калий йодидін ас тұзына қосып та қолданады. Йодталған ас тұзының құрамында калий йодидінің мөлшері 25 мг/кг болады, ал йодталған ас тұзын ұзақ сақтағанда оның құрамындағы йод ұшып кетеді, сондықтан йодтың мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін тексеріп тұру қажет.

Калий йодидін йоды байланған түйіршек түрінде беруге болады, оны кайод деп атайды. Кайод – ас тұзының калий йодпен түйіршегі – оның кұрамында 3 кг калий йодиді бар, ондағы йод жылға дейін сақталады. Ірі қара малға тәулігіне – 1, ал сүтті сиырларға – 2-3 талдай береді.

Калий йодидін тері астына немесе етке вазелинмен немесе А витамині ерітіндісімен араластырып енгізуге болады.

Эндемикалық зобтың алдын алудың тиімді жолы – агробиогеоценоздағы биохимиялық жағдайды қалыптастырып, топырақ құрамына йодты енгізу. Мұны йод жетіспеушілігі орын алған Қазақстан аймағында қатаң ескерген жөн. Өйткені тіпті клиникалық ісік түрінде бейімделмеген жағдайда да йод жетіспеушілігі өсімі мен көбеюі, өнімділігін төмендету арқылы сала экономикасына орасан зиян тигізеді[1, 6, 10, 11, 13].

Мыс. Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді. Қанға  сіңірілген мыс аминқышқылдары және альбуминдермен байланысып, негізінен бауырда, сүйек кемігінде, жұлын мен жүнде, ал денедегі бүкіл мыстың жартысына дейіні бұлшық етте жиналады. Сондай-ақ, ішек, сүйек, тері құрамында кездеседі. Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс малдың көбеюшілігіне, сүттілігіне,  жүннің өсімі мен оның түске боялуына (пигментациялануына) әсер етеді[1, 5, 13].

Кобальт. Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда гемоглобинінің, глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді. Денедегі кобальт гидролитикалық ферменттерді белсендіріп, нуклеин қышқылдары мен бұлшық ет белогының түзілуін күшейтеді. Қан глобуліндерімен байланысқан кобальт бауыр, көкбауыр, бүйректе жиналады.

Төменде рационда мыс пен кобальт жетіспеген жағдайдағы эндемиялық аураларды қарастырамыз[1, 2, 5, 7, 12, 13].

Гипокупроз мал организмінде мыстың жетіспеуінен пайда болатын ауру. Гипокупрозда эритроциттің, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, ұлпаның тыныс алуы нашарлайды, ферменттердің белсенділігі әлсіреп, жүйке, азық қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.

Ауру мал азығанда мыстың мөлшері аз болса немесе жетіспесе орын алады. Әдетте, азықтың  1 кг құрғақ затының құрамында мыстың мөлшері 6,0 мг-нан аз болса, сиырдың қанындағы мөлшері 0,7 мг/л кем болады да мыс жетіспеушілігінің белгілері айқындалады.

Қан мен бауырда мыстың мөлшері шектен тыс төмен болса оның қажетті мөлшері миға жетпейді, мидың коректенуі бұзылып, ми торшаларында кеңістік пайда болады, жүйке тамырдың миеленсізденуі өрбиді, ми жұмсарып,. оған су жиналады. Каротиннің және ақзат сульфгидрильді тобының пайда болуы тежеледі және де басқа зат алмасу құбылыстары бұзылады.

Мал төлдерінің қоректенуі бұзылу салдарынан атаксия байқалады.

Гипокупроз жіті, созылыңқы және созылмалы болады. Жіті және созылыңқы түрімен мал туғаннан кейін 2-3 күнде, ал созылмалы түрі 2 ай және одан үлкен кезінде ауырады.

Жасы үлкен малдардың сүттілігі, тірілей салмағы төмендейді, тәбеті бұзылады, яғни заттарды жалап, мал астына төселген зәр мен нәжіспен ластанған нәрселерді жеп, сүйек, шүберек, ағаш қиқымдарын, сымтемірді жұтып жейді, содан барып азық қорыту ағзалары зақымданып, кейбір бөлік-терін бітеп тастайды, Жүрек соғысы жиілеп, ырғағы бұзылады. Жүрек сазы әлсіз, естілер-естілмес болады.

Ауру малды азық, қан, бауырдағы мыстың мөлшсрін анықтау арқылы   анықталады. Мыс тұздарымен қоректендіру арқылы емдеп білуге болады.

Ауру малға азыққа малдың тірілей салмағының 1 кг-на 0,25 – 0,5 – 1,0 мг мыс сульфатын енгізіп, 30-60 күн бойы қоректендіру керек.

Егер мал азығының құрамында мыс шектен тыс төмен болса мал азығына мыс сульфатының немесе тотияинның 0,5-1% ерітіндісін немесе 0,5 мг тұзын жемге қосып, берілетін мөлшер көлеміне шектеп беруге болады.

Егер аймақта молибден көп болып, кобальт және йод жетпесе онда мыстың мөлшерін көбейту қажет, яғни 1 кг салмаққа 1 кг мыс тұзын беруге болады.

Кобальт хлоридін, мыс сульфатын және калий йодидін бір мезгілде бірге берген жағдайда, мыстың мөлшерін азайту қажет, себебі кобальт пен йод мыстың сіңуін жылдамдатады.

Мал азығына мыс тұзын қосынды ретінде берген дұрыс (1 кг мыс сульфаты және 10 кг натрий хлориді бар қоспаны 1 кг салмаққа 1 г мөлшерінде беру керек) немесе құрама жемге қосып беруге болады.

Ішетін суға мыс тұзын қосып беріп суаруға болады (100 л суға 20-30 мг 5% мыс ерітіндісін қосу қажет).

Энзоотикалық атаксия – гипокупроздың бір түрі. Ол өсімдік пен мал организмінде мыс жетіспеуінен болады. Бұл аурумен негізінен малдың төлі, яғни қозы, лақ, бұзау және торайлар ауырады. Әсіресе қозы жиі ауырады: 40-65% ауырып, оның 50-90% өлім-жітімге ұшырайды. Содан барып мал басының өсуі төмендеп, өнімділігі төмендейді.   

Кейбір   жерлерде мыс мөлшері қалыпты жағдайда болғанда да бұл ауру байқалады, ал оның себебі сол жердің топырағы мен өсімдігінің мал организімнің құрамында мыстың антогонистері бор, молибден, қорғасын, марганец, мырыш, күкірт шектен тыс болуында.

Энзоотикалық атаксияның бірнеше себептері бар:

- мыстың абсолютті жетіспеуі, яғни азықпен суда мыстың мөлшерінің шектен төмен болуы;

- мыстың салыстырылмалы түрде жетпеуі, яғни мыстың антогонистерінің мөлшерінің ортада жоғары болуы;

- мал азығында мыстың жетіспеуі мен антогонистердің шектен тыс болуы. Ең соңғы себеппен ауырған мал өте ауыр ауырады.

Мал гипокупрозбен ауырғанда құрамында мыс, темір бар ферменттердің тотығуы төмендейді, жүйке тамыр жүйесінде өзгеріс пайда болады, яғни мыс жетіспегенде ми құрамындағы белоктық заттарға әсер ететін жүйке торшалары өледі, ал олардың ыдырауынан шыққан зат қанға сіңеді.

Ми ұлпаларының еріп, ыдырап, сінуінің салдарынан мидың жарты бөлігі қабығы жұқа қуысқа айналады, ол сұйыққа толады (гидроцефалия). Жүйке тамыр талшықтары ісініп, кеуіп, бөлектеніп, біркелкіленіп, өзгереді. Ол талшықтардың етпен жалғасуы бұзылады, яғни үзіледі, содан барып төлдің атаксиясы пайда болады немесе тірек-қимыл   жүріс-тұрысы бұзылады.

Малдың қоңдылығы, өнімділігі, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Дене бітімі бұрыштанып, түр-тұлғасы бұзылады, жүні жығылып, түссізденеді, тері түгінің түсі түссізденеді, терісі қыртыстанып, дөрекіленіп қатайып, серпімділігі төмендейді.

Қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, асқазан мен ішек қабынады, тісі қозғалып түседі, анемия, қанның құрамындағы гемоглобин мен эритроцит азаяды.

Билирубиннің мәлшері көбейеді, кілегей қабықпен тері сарғыш тартады. Малдың қозғалған және тыныштық сақтаған кезінде де атаксия байқалады.

Ауруды анықтағанда биогеоценозбен малды зерттеп тексергенде алынған мағлұматтарды жіктеп, талдап, анықтайды. Малдың ауруын алдын-ала анық-тауды клиникалық, ал – негізінен биохимиялық тәсілмен жүргізеді. Бауырдағы мыстың мөлшері 500 мг/кг төмен болса, мал ауру деп саналады.

Ауруды емдеу үшін 1 литр сиыр сүтіне 5-10 мл 0,1% мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ауру малға тәулігіне бір рет береді. Ал, сауылатын сиырдың азығына кобальт және мыс тұздарын қосу қажет, себебі қой сүтімен салыстырғанда сиыр сүтінің құрамында мыс мөлшері 40 есе көп.

Мысты жалағыш ас тұзымен тотиянның 1:1000 қатынастағы қоспасын жасап беруге болады.

Гипокрупоздың алдын алудың ең негізгі жолының бірі топыраққа мыстың тұзын енгізу арқылы биогеоценоздың геохимиялық жағдайын қалыптастыру.

Гипокобальтоз – энзоотикалық созылмалы ауру, ол топырақта, өсімдікте және мал организмінде кобальт жетіспегенде туындайды. Гипокобальтозда малдың тәбеті мен дәм сезуі бұзылып, жылдам арықтайды, қаны азаяды, эритроциттің пайда болуы және зат алмасу бұзылады.

Аурудың негізгі себебі топырақта кобальттың жетіспеуі (2-2,5 мг/кг төмен болса) және осы жерде өскен өсімдіктің құрамындағы мөлшері 0,07-0,08  мг/кг   құрғақ затқа шаққандағы шамасы болса.

Гипокобальтоздың пайда болуына топырақпен өсімдікте кобальтқа қарама қарсы әсер ететін элементтер (марганец, стронций, бор) шектен тыс болса әсер етеді.

Сондай-ақ өсімдікті кальций, фосфор тыңайтқыштарымен қоректендір-генде кобальттың организімге сіңуі нашарлап төмендейді.

Кобальт организімде өте қажетті микроэлемент. Ол организімге азықпен енеді немесе витамин В12 түрінде жиылады. Кобальтпен В12 витамині бір-бірінің белсенділігін арттырып отырады, В12 витаминінің құрамында үш валентті кобальт 4,5% мөлшерінде болады. Ол қан құрылымын, ұлпа тынысын, иммундық дененің пайда болуын және зат алмасу құбылысын жылдамдатады.

Мал азығында кобальт ұзақ уақыт жетіспесе үлкен қарындағы азық қорыту, микроорганизмдердің сандық және сапалық қасиеттері өзгереді.

Малдың біртіндеп тәбетінің бұзылуы анорексиямен аяқталады. Құнарлы азықты қабылдаудан бас тартып, малдың түріне тән емес заттарды жейді, яғни зәр мен қиға былғанған төсеніш нәрселерді, темір, шүберек, ағаш, жіп және басқа заттарды.

Малдың тәбеті бұзылған соң, ол жылдам азып, арықтайды, яғни іші жабысып қатып қалады – қатпа болады.

Сиырдың салмағы 150-250 кг дейін төмендеп сүттілігі азайып, жүні жығылып, ұйпаланып, кейбір аумақта түсіп қалады, түлеуі кетеді, құрғақ тартып, серпімділігі төмендейді. Кілегей қабықтың түсі ақшыл тартып, бозарады. Күйіс қайтаруы мен шайнауы әлсізденіп, күйіс қайтару уақыты азаяды. Үлкен қарынның жиырылуының саны азайып, әлсізденеді.

Жүрек сазы тармақталып, әлсізденеді, диурез бұзылады, жүйке тамыр жүйесінің сезімталдығы төмендейді.

Гипокобальтозда гемоглобин мен эритроциттің мөлшері күрт төмендейді, эритроциттің көлемі мен түрі өзгереді, яғни анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, эозинофилия, гипохромды анемия, В12 агиповитаминозы орын алады.

Малдың сыртқы жағымсыз әсер етуші күштерге тұрақтылығы нашарлап, ауруға шалдыққыш болып, өлімге алып келеді.

Өлексе арық, құр сүйек пен теріден тұрады. Кілегей қабықтар ақшыл, сұрғылт тартады.

Еттің көлемі мүлдем кішірейеді, ішкі ағзалар іседі. Ағзалардың ұлпалары мен торшаларында атрофия және дистрофиялық өзгерістері ұшырайды.

Кобальт жетіспеген жағдайда ірі қараның қанының құрамында кобальттың мөлшері 30-60 мкг/л, қойда – 15-50; шошқада – 25-50; жылқыда – 10-50 мкг-л; сиыр сүтінің құрамында В12 витаминнің мөлшері 3,2-12,4 мкг/л, қойдікінде – 1-2; шошқанікінде – 0,03-2,7 мкг/л. Сау қойдың бауырындағы кобальт мөлшері орташа – 0,15, бүйрегінде – 0,25 мкг/лкг (құрғақ затында), ал В12 витамині қойдың бауырында – 0,1-0,19 мкг/г болуға тиіс.

Егер күйіс қайтаратын малдың бауырында кобальт құрғақ затқа шаққанда 0,06 мкг/кг-нан төмен болса, ал В12 витамині 0,07 мкг/г төмен болса, онда ол мал организмінде кобальттың жетіспеуін білдіреді.

Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуі керек.

Кобальттың тұздарын жеммен, ас тұзымен қосып беру қажет. Ірі қара малға кобальтты – 20-40 мг мөлшерінде беру қажет. Егер малда анемия болса, онда етке құрамында темір бар дәрі-дәрмекті егу керек (ферроглюкин, ферродекс), яғни 150-30 мг темірді В12 витаминімен қосып етке егеді.

Кобальт жетіспейтін биогеохимиялық аймақта: сауын сиырға – 1 азықтық бірлікке шаққанда 0,6-0,9 мг кобальт мөлшерінде беріледі.

 

1.3 Минералды заттар биогеохимиясы

 

Азық минералды заттары сүйек және басқада тоқыма мен қосындылар кұрамына кіретіндіктен бір жағынан құрылыстық, пластикалық қызмет атқарады. Бірақ зат алмасуында олардың биологиялық маңызы зор. Олардың түрлі қосындылары, тұздары мен иондарының қатысуымен организмдегі осмостық қысым, кышқылсілтілік арақатынас, торша мембранасының жіберушілігі секілді бүкіл тотығутотықсыздану барысы мен бағытын қалыптастыратын динамикалық гомеостаз, яғни бірқалыптылық, жағдайы туғызылады.

Мал организіміндегі тіршілікке жәйлі гомеостаздың калыптасуы, ол өмір сүретін сыртқы орта жағдайымен қатар сол ортаға организімнің бейімделушілік қабілеттілігі және мүмкіншілігімен айкындалады. Сыртқы орта мен мал денесіндегі минералды элементтер миграциясы академик В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық ілімінің заңдылықтарымен өтеді. Олар бойынша биосфераның, яғни тіршілік иелері мекен ететін «жер, су мен ауа қабаттарының барлық қабатындағы минералды заттар миграциясы бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне күшті әсер етумен өтеді. Жер бетіндегі тіршілік жер құрылысы мен қабатындағы өзгерістерге бір жағы тәуелді болғанымен, екінші жағы сол өзгерістерге өз тарапынан кері әсер етуі арқылы дамиды[10, 11, 13].

Әр жердегі биосфера қабаттарында минералды элементтердің шоғырлану дәрежесі, алдымен олардың сол жер топырағындағы көлеміне байланысты. Топырақтағы элементтер өсімдікке жиналып, оны жеген малға, ал мал өнімімен адам тағамына өтіп, академик В.В.Ковальский сипаттаған: топырақ –су – өсімдік (азық) – мал өнімі – адам – болып тізілетін «биохимиялық қоректік тізбегін» тізеді. Бұл тізбектегі минералды элементтердің деңгейі әр өңір мен аймақта жергілікті жағдайларға сәйкес ерекшеленетіндіктен, академик А.П.Виноградовтың биохимиялық аудандастыру іліміне сәйкес биосферасында бір не бірнеше элементтердің шоғырлану дәрежесі көрші жердегіден ерекшелінетін жерлерді «биогеохимиялык аймақтар мен өңірлер» деп атайды.

Жергілікті мал басын сол биогеохимиялық аудандастыру ерекшеліктерін ескере отырып жүргізгенде ғана жақсы нәтижеге, мол өнімділікке жеткізуге болады. Өйткені өткен ғасырдың өзінде Ю.Либихтің ашқан «минимум заңы» бойынша минимумдағы, яғни ең аз мөлшердегі химиялық элемент, организімінің биологиялық өнімділігін қалыптастырады. Демек, сыртқы ортада, яғни биосфера қабатында, ал одан барып биохимиялық қоректік тізбекте жетіспеген биогенді, яғни биологиялық тұрғыдан маңызды, элемент, малдың көбеюшілігін, өсіп-өнуін, өнімділігін шектейді, өнім сапасын төменде-теді.

Малдың өсіп-өнуін минералды элементтердің жетіспеуімен қатар шамадан тыс көп мөлшері де шектейді. Сондықтан сыртқы ортадағы минералдық заттар шоғырлануын біз экологиялық тұрғыдан қарап, геохимиялык, экология заңдылықтары бойынша мал азықтандыруын ұйымдастыруымыз қажет. Эколог Д.Н.Кашкаровтың айтуы бойынша экологиялық ортаға байланысты әр элементтің тіршілікке қолайлы, яғни оптимум көлемі мен тіршілікке қолайсыз пессимум көлемдері болады. Сонымен қатар бұл көлемдер шегінің элементтің өзінің ғана мөлшерімен коса басқа да элементтердің мөлшеріне, олардың өзара және де басқа да қоректік заттармен арақатынасына тәуелді өзгеретіндігін ескерту қажет.

Биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) айналым бойынша жүреді. Осы айналым арқасында биосфераның қабаттары – литосфера, гидросфера мен атмосфера – бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы қабаттар арасындағы зат пен энергия алмасуының арқасында жер бетінде тіршілік пайда болып, өз ретінде органикалық зат түзуі мен ыдырауы арқылы үлкен айналымға әсер ететін кіші айналым құрды. Кіші айналым биосфераның жер бетіндегі бірлік өлшемі –биогеоценоздар айналымы арқылы жүреді. Биогеоценоз өзінде тіршілік ететін тіршілік иелерінің (өсімдік, микроб, жануар) жергілікті тобының (популяциясы) таралу шекарасымен шектеледі. Олар табиғи және антропогенді, яғни адам араласқан түрлеріне бөлінеді. Сыртқы орта экологиясын бұзу арқылы, адамның өндірістік қаракеті биосфераның және оның ішіндегі биогеоценоздардың қалыптасқан элементтер миграциясын бұзады, соның салдарынан мал түрлі эндемиялық, яғни жергілікті жағдайлармен байланысты ауруларға шалдығады.

Қазіргі кезде азық құрамында 80-нен астам минералды элементтер табылып отыр. Оларды мөлшері мен биологиялық қызметі арқылы топтастырады. Мөлшері бойынша минералды элементтерді В.И.Георгиевский, т.б. (1979) үш топқа бөледі – көп мелшерлі макроэлементтер (өсімдіктегі шоғырлану дәрежесі 0,01%-тен астам), аз мөлшерлі микроэлементтер (0,01-0,00001%) және өте аз мөлшердегі ультрамикроэлементтер (0,00001 %-тен төмен). Макроэлементтер – г/кг, микроэлементтер – мг/кг, ультрамикро-элементтер – мкг/кг көлемінде есептеледі. Макроэлементтерге кальций, магний, фосфор, калий, натрий, хлор мен күкірт, микроэлементтерге – темір, мыс, мырыш, марганец, йод, фтор, молибден, стронций, бром, шакпақ кадмий, бор мен рубидий, ультрамикроэлементтерге – селен, кобальт, хром, никель, ванадий, титан, күміс және басқалар жатады.

Биологиялық маныздылығы бойынша ең қажеттілерін биотикалық, не биогендік минералды элементтер деп атайды. Оларға аталған 7 макроэлемент, микроэлементтерден темір, мыс, мырыш, марганец, йод, кобальт, селен мен молибден, тіршілікке қажеттілігі шамаланғандарға – фтор, шақпақ, хром, титан, т. б. жатады. Осы екі тұрғыдан және мал денесінде жиналуына сәйкес биогенді минералды элементтерді 5-кестедегідей топтастыруға болады.

 

5-кесте. Биогендік минералды элементтерді топтастыру

Шоғырлану

Негізгі жиналатын жүйесі

тобы

дәрежесі

сүйек

ретикулэндо-телиалдық тоқыма

бүкіл денеде

Макро-элементтер

1-9

0,1-0,9

10-3 – 9-2

Са

 

Mg

 

P  K  Na  S  Cl

Микро-элементтер

10-3 – 9-3

10-4 – 9-4

Ғ

Вr

Fe Cu

Mn

Zn  Mo

J  Si

Ультрамикро-элементтер

10-5 – 9-5

 

Co Cr Ni

Se

Бүкіл денеде шашыранды түрде кездесетін элементтердің де негізгі жиналатын мүше не қосындылары болады. Мысалы, натрий мен хлор иондары қанда, күкірт – жүнде, йод – қалқанша безде.

Азық құрамын зоотехникалық зерттеу аркылы талдау барысында ондағы минералдық элементтерді органикалық заттардан 500 градуста жағу арқылы бөледі. Бірақ азық сынамасы жанғаннан кейін қалған күлдің мөлшері минералдық қоректіліктің тек сандық көрсеткіші болып табылады, ал оны жан-жақты бағалау үшін минералдық элементтердің азықтағы түріне, қосындысына байланысты өзгеретін сапалық сипаттама керек. Айталық, организмге катиондардың әсері аниондардікінен бөлек. Минералды тұздағы элементтің әсері оның органикалық қосындыдағы әсерінен бөлек. Мысалы, фосфор-қышқылды натрийдегі фосфордың нуклеин қышқылы, глюкозофосфаттар әсері аденозинүшфосфаттағы фосфордың әсерінен бөлек.

Металдың органикалық косындыларымен (аминқышқылы, пептид, ақзат) байланысын хелат деп атайды. Микроэлементтер хелаттары тотығу-тотықсыздану реакцияларына ықпал етіп, ферменттердің пәрменді тобын құруға қатысады. Олардың әрқайсысына өзіндік биохимиялық және физиологиялық қызметі тән. Мысалы, азықтағы үшвалентті темір ақзат, көмірсу, органикалық қышқылмен кешенді байланыста болады. Қарын сөлінің хлорлысутектік қышқылының, ал денеде аскорбин қышқылы мен цистеин қатысымен ол екі валентті түріне иондалып, сіңріледі де ішек кілегей қабығында апоферритин ақзатымен байланысып, қайта үшвалентті түріне енеді.

Ішектен әр мүшелерге темір ферритин (апоферритин + темір гигидрототығының фосфор қышқылымен кешені) мен трансферритин (темір + глобулин) түрінде жеткізіледі. Ферритин түріндегі темір бауыр, көк бауыр мен жұлынға жиналады. Одан қанға еніп, гемоглобин, миоглобин мен темірі бар ферменттер түзуіне пайдаланылады. Ыдыраған эритроциттерден босаған темір де толығымен гемоглобин түзуіне пайляланылады. Гемоглобин құрамында оттегін өкпеден тоқымаларға, ал олардан көмірқышқыл газын өкпеге жеткізеді. Гемоглобиннің буферлік касиеті арқасында организмдегі қышқыл-сілтілік теңдікті қалыптастыруға қатысады. Бұлшық еттегі миоглобин байлаған оттегін біртіндеп беріп отырады.

Мыстың қанға сіңуін аш ішек кілегей қабығындағы онымен байланысатын металтионеин ақзаты реттестіреді. Сіңірілген мыс қанда аминкышқылдары және альбуминдермен байланысты түрде таратылады. да негізінен бауырда, жұлында, сүйек кемірігінде, жүнде жиналады. Бауырдан қанға мыс церулоплазмин түрінде еніп, тоқыма торшаларына жеткізіледі. Мысы бар ферменттер құрамында көптеген тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Ферменттегі мыс валенттігінің өзгеруі арқылы реакцияға қатысатын электрондар санының өсіп не кемуіне әсер етеді. Эритропоэзға (эритроциттердің пайда болып жетілуіне), бауыр мен торшадан темірдің алынуына себептеседі. Алдыңғы қарын микроорганизмдері де мысты пайдаланады.

Кобальт химиялық қасиеті жағынан мысқа жакын. В12 витамині, яғни цианкобаламин кұрамында мукопротеинмен байланып сіңіріледі де, қан глобулиндерімен байланысып, бауыр, бүйрек, көк бауырда жиналады. Ферменттердің простетикалық тобымен көптеген реакцияларға қатысады. Метионин, нуклеин қышқылы, қанның эритроцит, лейкоцит, гемоглобинін түзудегі метил тобын ауыстыруға қатысады. Гемоглобин глобинінде кобальт бар. Көптеген ас қорыту ферменттерінің пәрменділігін арттырады.

Мырыш ақзатпен байланысқан түрде сіңіріледі. Оған дәнде көп болатын фитин қышқылы, кальцийдің көп мөлшері мен витаминдердің жеткіліксіздігі кедергі туғызады. Қандағы мырыш карбоангидраза кұрамында эритроцитте болады. 70-тей ферменттер кұрамына кіріп, белсендіреді, гипофиз гормондары арқылы малдың жыныстық қабілеттілігіне, организм резистенттігіне, инсулин гормонына, көмірсу алмасуына әсер етеді.

Марганец азықта хелаттық қосындылармен байланыста болады. Қандағы деңгейі азайса, жиналған мүшелерден тез арада алынады. Бірқатар ферменттер кұрамына кіреді. Тоқымалық тыныстануға, тотыққыш фосфорлануға қатысады. Аргининды орнитин мен зәрлікке (мочевинаға) ыдыратушы аргиназа ферментіне кіреді.

Иод иодидтер түрінде сіңіріліп, негізінен қалқанша безде жиналады. Онда иод молекуласы тирозинмен байланысып, бір-екі тирозин кұрады. Олардан қалқанша без гормондары Т3 – үшиодтиронин мен Т4 - төртиодтиронин, яғни тироксин түзіледі. Бұл гормондар қанда альбумин және глобулиндермен байланысады. Гормондары арқылы зат алмасуының барлық жағына күшті ықпал ететіндіктен, қалқанша безді тіпті «зат алмасуының моторы» деп те атайды. Жалпы алғанда иод организм резистенттігін күшейтеді. Оны организімнің жалпы динамикалық бұлшық еттік статусының жоғарылауынан (жүрек соғуы мен тамыр қағысы арқылы анықтайды) байқауға болады.

Малды суару гигиенасы. Судың тіршіліктегі маңызы өте зор. Бүкіл зат алмасу барысы ылғалды ортада және судың тікелей қатынасуымен өтетіні белгілі. Ұрықтың 97%-ті судан тұрса, жаңа туған бұзау денесінің 72%-ті, тананың – 61%, бұқа денесінің 52%-ті судан тұрады. Мал қоңдылығы көтерілген сайын денесіндегі суы азаяды. Мысалы, арық койдың денесінде 60% су болса, семіз қойдікінде – 46% болады[8, 9].

Денедегі судың бөлінуі әр түрлі – мида 86%, бүйректе – 80%, бауырда -70%, сүйекте – 20%. Олардың біршамасы ақзат молекулаларымен абсорбциялық байланыста болады, оның 1 грамы 0,5 г суды байлайды. 18% ақзаты бар бұлшық етте 9% су байланған түрде ұсталады. Сондықтан арық малдың салмақ жоғалтуы денсаулығына семіз малдікінен қауіпті. Өйткені 5% майы бар дене салмағы – 10/1-ге азайғанда, торша ішіндегі судың 5/1 бөлігі жоғалтылып, ал 35% майы бар денеден тек 15/1 бөлігі ғана шығындалады.

Су зат алмасуындағы барлық тотығу, гидролиздену, т. б. реакцияларына қатысып, олардың аяққы қосындыларын организімінен шығарады. Бүкіл аноболизм, катаболизм реакциялары, оларды қамтамасыз ететін резорбция, диффузия, осмос, т.б. барысы судың тікелей қатысуымен сулы ортада өтеді. Қанға су оның жоғары осмостық қысымының арқасында енеді.

Су және азықпен енген су ас қорыту жолынан қан мен лимфаға сіңіріледі де алмасу барысында ас қорыту сөлдермен қайта ішекке, ал сілекеймен қарынға құйылады. Ішектің соңғы бөлімдеріндегі жын суы қайта сіңіріледі де тезекпен тек аз бөлігі шығады. Ас қорытуы бұзылып, мал тышқақтағанда судың шығыны өседі де, организм сусызданады. Бұл әсіресе төлге қауіпті. Өйткені дене суының азаюы электролиттердің коюлануына соқтырып, организм гомеостазын бұзады. Сондықтан қажетті жағдайда суды төлге парентральдық (ауыз қуысынан басқа) жолмен құюға тура келеді.

Организімге су малды суарғанда және азықпен енеді, ал біршамасы торша ішіндегі ыдыраудан пайда болады. Организімдегі су негізінен тері, қосатын тоқыма мен бұлшық етте жиналады. Су алмасуын реттестіруде әсіресе терінің атқаратын қызметі ерекше. Теріден су ішке қарай өтпейді, ал термен одан эпидермис арқылы шығады. Осыған байланысты тері дененің ішкі жылулығын қалыптастырып, бүйрек қызметіне себептеседі. Организімді сусызданудан сақтандырып, тұздардың шығынын азайтады. Денедегі судың 10%-ті теріде болатын натрий хлоридімен (бүкіл денедегі көлемнің 3/1 бөлігі) байланады. Сондықтан тері минералды заттар алмасуында реттестіруге қатысады.

Бүйрек қызметі бұзылған жағдайда натрий хлориді теріде жиналып, осмостық қысымын бұзғандықтан, ісініп кетеді. Су алмасуы бұзылуынан зат алмасуының бар қыры зиян шегеді, сондықтан мал су жетіспеушілігіне шыдамсыз келеді. Организімдегі судың 10%-тінің азаюы жүрек жұмысын әлсіретіп, тамыр соғуын жиілетеді, дене жылулығын көтеріп, тәбетті бұзады. Малдың бұлшық еті дірілдеп, кілегей қабығы кұрғап, сарғаяды, жүйкесі жұқарып, қарын сөлінің бәлінуі азаяды. Организімнің 20% суының жоғалтылуы өлімге апарып соқтырады. Азықсыз мал салмағының жартысын жоғалтсада 30-40 тәулік шыдайды, ал сусыз – тек 4-8 тәулік шыдай алады.

Су жетіспеушілігінен организімдегі көптеген физиологиялық қызмет бұзылады: зат алмасуы бұзылып, сүт қышқылының мөлшері көбейеді, тотығу барысы тежеліп, қан қоюланады; дене жылулығы көтеріліп, тыныстану жиілейді; тоқыма мен мүшелер сусызданып, ас қорыту сөлінің бөлінуі азаяды, тәбет бұзылып, өнімділігі күрт кемиді. Бауыр, бүйрек, қандағы өзгерістер мен ақзат ыдырауынан организім уланады. Сонымен қатар, организімге судың көп мөлшері де зиянды. Ол электролиттерді ыдыратып, торшаны зақымдайды да «сумен улану» қаупін туғызады. Қан мен басқа да тоқыма торшалары ісініп, кан қысымы өседі. Ішектегі судың көп мөлшері қоректік заттар сіңімділігін тежейді. Сиыр сауымы күрт азаяды, өйткені әр 1 кг сүт түзілуіне 4-5 л су (азық суын қосқанда) берілуі қажет.

Мал суаруға судың түрлі көзі пайдаланылады. Олар атмосфералық жер бетіндегі және жер астындағы болып бөлінеді. Атмосферадан жауын-шашынмен (жаңбыр, қар, шық, тұман) түскен су газдарға (азот, оттегі, көміртегінің екі тотығы) қаныққан, ал көмір қышқыл газы оларға қышқыл реакция беретіндіктен дәмі жағымсыз, ішуге жарамайды. Жер бетіндегі бұлақ, өзен, көл суларын кажетті жағдайда алдын ала тазартады. Ең таза су көзі – жер  асты сулары. Бірақ мал суаруға қолдану үшін олардың кұрамын тексереді. Өйткені жергілікті топырақтан оларға түрлі тұздар ериді. Құрамында көміртегінің екі тотығы мен тұщы суда аз кездесетін элементтер (бром, иод, фтор, темір, радий) мөлшері 1000 мг/л-ден асса, оларды минералды суларға жатқызады.

Табиғи сулар сыртқы ортадан енетін түрлі қосындылармен ластанады да, физикалық қасиеті (мөлдірлігі мен түсі, иісі, дәмі, т.б.), химиялык құрамы бұзылады. Органикалық қалдықтардан судағы оттегі азайып, ондағы микроорганизмдер көбейеді. Әсіресе мұнай (0,2-0,4 мг/л мөлшерінде суға кетірілмейтін иіс береді), фенол (антисептикалык әсері судағы биоценозды бұзады) секілді химиялық қосындылармен ластанған сумен малды суаруға болмайды.

Республика жерінде ядролық жарылыстар көп болғандықтан су көздерінің радиациялық ластану қаупі сақталады. Сондықтан да суаруға пайдаланылатын суды радияциялық бақылаудан өткізіп тұру қажет.

Табиғи ашық су қоймалары түрлі қосындылармен ластанғанымен, сапасын тез арада жоғалтпайды. Өйткені онда өзіндік тазару барысы әрдайым жүріп отырады. Судың өзіндік тазаруы гидрологиялық (енген заттардың сумен араласу мен шоғырлануының төмендеуі), механикалық (тұнбаға түсуі), физикалық (күн сәулесі мен жылулық әсері), биологиялық (суда өсетін өсімдіктердің әсері) пен химиялық (органикалық заттардың минералды заттарға айналуы, яғни минералдануы) жолдармен жүреді.

Ластанған сулар ашық су коймасына енісімен араласып, қосындылары-ның шоғырлану дәрежесі күрт төмендейді. Олардың біршамасы тұнбаға түсіп, су мөлдірлігі қалпына келеді. Лас сумен келген патогендік микроорганизімдер күн сәулесінің 1 метрден астам тереңдікке дейін ететін ультракүлгін сәулесінің бактерицидтік әсерінен, сапрофиттер шығаратын антибиотиктер мен бактериофагтар ықпалынан, су жылулығының тіршілігіне жағдайсыздығынан, судағы организімдердің антогонистік қатынасынан, коректік заттар жетіспеуінен, т.б. жағдайлардан өліп, су тазарады. Ашық су қоймаларындағы зоопланктон (шаян, карапайымдылар, т. б.) суды өз денесінен өткізіп, көптеген бактерияларды жояды. Оған судағы бактериофагтарда атсалысады.

Суға енген азотты қосындылар алдымен аммоний ионы мен аммиакқа тотығады. Аммиак нитритке, ал ол оттегімен тотығып азотты заттар минералдануының соңғы қосындысы – нитратқа айналады. Май, көмірсулар тотығуынан көмірқышқыл газы пайда болады. Тотығуға судың оттегімен баю дәрежесі тікелей әсер етеді.

Судың өзіндігінен тазару мүмкіншілігі шектеулі. Оны түрлі металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап) қосындылары тежеп, судың органолептика-лық қасиетін бұзып, малды уландыру қаупін өсіреді. Азғана суда көп жиналған азотты заттардың ыдырауынан уландырғыш қосындылар (күкіртсутегі, нитриттер, екі аминдер, т. б.) жиналуы мүмкін.

Жер асты сулары топырактан сүзіліп, минералдануы арқылы тазарады.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, мал суаруға пайдаланылатын суды үнемі санитарлық бақылаудан өткізу кажет. Шаруашылықтағы мал денсаулығын сақтап, аурулардың алдын алудағы бұл өте маңызды малдәрігерлік шара. Оны шаруашылықта бар барлық су көзін есепке алып, құжаттандыру арқылы жүргізеді. Су көзінің санитарлық құжатында оның санитарлық жағдайын, тексерістер деректерін, суының химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштерін, суға байланысты мал шаруашылығын жазады.

Құжатты дайындау үшін су көзінің санитарлық-топографиялық зерттеуін жүргізеді. Оған су көзінің шығу тегін, көлемі мен тереңдігін, топырағын, жер жағдайын түсіреді. Суды ластандыратын жағдайларды көрсетеді. Су көзіне малдәрігерлік-санитарлық бақылау қояды. Су сапасын бакылау үшін оның келесі көрсеткіштерін зерттейді – жылулығын, иісін (балмен), мөлдірлігін (снелленнің №1 шрифті бойынша), бояуын (платин – кобальт шкаласымен), лайлылығы мен тұнбасын (сипаттама беріп), мөлдірлігі 10 см-ден аспаса лайлағыш заттарын (мг/л), пәрменді қышқылдылығын (рН), сілтілігін (мг-экв/л), қатайтқыштығын (мг-экв/л), құрғақ затын (мг/л), кальций, магний, темір, хлор, сульфат, аммоний иондарын, нитриттер мен нитраттарын (мг/л), тотыққыштығын (О2 мг/л), күкіртсутектің иісі болса оның мелшерін (мг/л), 1 милилитрдегі бактериялардың, 1 литрдегі ішек таяқшаларының санын, дәмін; суда ауыр метал тұздары болу қаупі болса – оларды жеке зерттейді.

Осы көрсеткіштерінің барлығы мал денсаулығына әсер етеді. Судың физикалық-химиялық касиеттерінің өзгеруі мал тәбетіне, ас қорытуына әсер етеді. Лас немесе өте суық су оларды бұзып, азық қорытылымын нашарлатады, буаз малды іш тастатады. Ең жағымдысы сақа малды таза – 10-12°С, буаз малды – 12-15°С, төлді (жасына байланысты) – 30-15°С сумен суару. Мол минералдандырылған су мал тоқымасы мен ұлпасының гидрофильдігін өсіреді, диурезін төмендетеді де денесінде көп су жиналуына соқтырады (тірі салмағы соған байланысты өседі). Судың 1 г/л-ден асқан сілтілігі әсіресе төл ішін айдайды. Бірақ мал оған біртіндеп үйренеді (2,5 г/л-ге дейін). 1%-тен астам хлоридтер суды тұз татырып, тоқыма мен ұлпаны сусыздандыру арқылы организімнің электролитикалық теңдігін бұзады. Азотты тыңайтқыш қолданған жерлердегі суда мал денсаулығына зиянды нитриттер мен нитраттар көбейеді. Сондай-ақ, сумен малға түрлі аурулар тудыратын микробтар жеткізілуі мүмкін. Олардың суда сақталу мерзімі жылулығына, кұрамына байланысты. Мысалы, коли тобының (ішек таяқшасы) бактериялары дистилленген суда – 21-72, қайнатылғанда – 8-13, құбырдікінде – 2-262, өзендікінде – 21-183; салмонелла тобынікі, сол ретпен, 3-81, 3-30, 4-99, 4-183 тәулік сақталады.

Мал суаруға жарайтын судың зоогигеналық талаптары келесідей:

Көрсеткіш

Қалыпты жағдайы

 

1 милилитрдегі микроорганизмдер саны

100-ден аспауға тиіс

1 литрдегі коли тобының бактериялары (колииндексі)

3-тен —»—

20-60 градустағы иісі

2-баллдан —»—

20 градустағы дәмі

2 —» —»—

Түсі

20 градустан —»—

Лайлығы

1,5 мг/литрден —»—

Сутектік көрсеткіші

6-9

Құрғақ қалдығы

100 мг/литрден —»—

Хлоридтер

350 мг/литрден —»—

Сулфаттар

500 —»-------»

Темір

0,3 —»—

Марганец

0,1 —»—

Мыс

1,0 —»—

Мырыш

5,0 —»—

Көпфосфаттар

3,5 —»—

Жалпы қатаулығы

7,0 мг-экв —»—

Алюминий

0,5 мг/литрден —»—

Бериллий

0,0002 —»—

Молибден

0,25 —»—

Нитраттар

45,0 —»—

Қорғасын

0,003 —»—

Селен

0,001 —»—

Стронций

7,0 —»—

Фтор

1,2 —»—

Тұзды, сортаң жердің жоғары минералданған суын келесі талаптарға сай болса мал суаруға пайдаланады (6-кесте).

 

6-кесте. Мал суаратын судың минералды шегі

 

Мал түрі 

Судың минералдық құрамы, мг/л

Жалпы

қаттылығы,

мг-экв./л

құрғақ

калдық

хлоридтер

сульфаттар

Сақа ірі кара

800/2400

120/600

260/800

10/18

Бұзау, тана

600/1800

100/400

200/600

10/14

Қой

1000/5000

700/2000

800/2400

24/45

Қозы, тоқты

300/3000

500/1500

600/1700

20/30

Шошқа

600/1200

100/400

200/600

8/14

Торай

500/1000

100/300

180/500

8/12

Жылқы

500/1000

100/400

150/400

10/15

Құлын-тай

400/800

80/300

120/350

10/12

Ескертпе:  Алымында – жұғымды, жәйлі;   бөлімінде – шектік мөлшерлері

 

Жергілікті су көздері келесі талаптарға сәйкес болуы керек: мөлдірлігі – 30 сантиметрден астам, бояуы – 40 баллдан төмен, иісі мен дәмі – 2-3 баллға дейін, жалпы қаттылығы – 14 мг экв/литрге дейін, фтор – 1,5, нитраттар – 10, нитриттер – 0,002, аммиак – 0,1, хлоридтер – 20-30, тотыққыштығы – 4 мг литрге дейін, микробтық саны – 1 миллилитрде 300-400-ге дейін, колититр, яғни ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз көлемі – 100-ден, колииндекс, яғни 1 литр судағы ішек таяқшасының саны – 10-нан аспауы керек.

Суаруға қажетті су мөлшері мал түріне, жасына, өнімділігіне, суару тәсіліне, сыртқы орта мен судың температурасына байланысты өзгереді. Орташа есеппен желінген азыктың әр 1 кг кұрғақ затына қой – 2-3, жылқы – 2-3, сиыр – 4-6, бордақылаудағы ірі қара – 3-4, шошқа – 6-8 л су ішеді. Дене салмағының 1 процентіндей суы жоғалтылған мал шөлдей бастайды. Сыртқы ауа температурасы жоғарылаған сайын мал тез шөлдейтіндіктен оларды суару мөлшерін ұлғайтады, бірақ оны 25%-тен асырмайды. Мал ұстайтын кешендердегі технологияға сәйкес тезекті шаюға әр басқа қосымша тәулігіне 4-10 л су жұмсауды жоспарлайды. Келесі 7-кестеде мал басына жұмсалатын су шығынының нормативі келтірілген.

Малды жайылымда арнайы таспен немесе темір бетонмен 5X25 м төселген суару алаңында су көзінен 10-15 м жерде орналасқан науалардан суарады. Олардың келемі келесідей (см):

 

Ені

Тереңдігі

ернеуі

түбі

Ірі қара мен жылқы үшін

35-40

25-30

25-30

Қой, ешкі үшін

25-30

20-25

20-25

 

7-кесте. Тәулігіне мал басына шығындалатын су мөлшері, л

 

Мал түрі мен тобы

Барлығы

Оның ішінде

суаруға

ыстық су

Ірі қара

Сүтті сиыр

Етті сиыр

Құнажын, қашар

Тана

100

70

60

30

85/65

70/65

55/40

28/25

15

-

5

2

Бұзау

20

18/10

2

Қой

Саулық, қошқар, ісек

8

6

 

Тоқты

4

3

 

Қозы

3

 2

 

Жылқы

Айғыр

70

45  

 

Құлынды бие

80

65

 

Бие, дөнен, кұнан

60

 50

 

Тай, кұлын, жабағы

45

35

 

Шошқа

Қабан

25

 

 

Буаз мегежін

25

 

 

Торайлы мегежін

60

5

 

Бордақылаудағы шошқа

15

2

 

Ересек торай

5

 

 

Ескертпе. Алымында – бір басқа жұмсалатын судың жалпы мөлшері,

                   бөлімінде – оның суаруға жұмсалатыны

 

Науаны темірбетоннан, кірпіштен, тастан, темірден, ағаштан, т.б. тазартуға ыңғайлы тегіс бетті материалдан жасайды. Олардан су өтпеуі керек. Суды ағызатын арнайы тесігі болуға тиіс. Жер бетінен оларды біршама көтеріп – ірі қараға 50-70, жылқыға – 80-100, қойға – 25-35 сантиметрге, - Г; П немесе үшбұрыш, шеңбер түрінде орналастырады. Жан-жағына 3 метрге тас төсеп немесе қиыршық тас төгеді. Науа ұзындығын әр басты суаруға кажет көлемі бойынша есептейді (8-кесте).

 

8-кесте. Малды суаруға қажет науа ернеуінің ұзындығы, м

 

 Мал түрі

Науаға малды салу

Бір бастың суарылу мерзімі, мин.

бір жақты

екі жақты

Ірі қара

0,75

0,50

7-9

Жылқы

0,60

0,40

7

Қой, ешкі

0,35

0,25

5

 

Әр суаратын алаң ірі қара мен жылқының – 250, қойдың – 1000 басына есептеледі. Оған дейінгі қашықтық жайылымнан – 1-1,5 км, мал қонысынан -150-200 м. Мал айдап ететін жол бойында әр 1-10 км сайын суару алаңын орнатады.

Малды суару тәртібін сақтау қажет. Мысалы, автосуарғыштан сиыр аз-аздап тәулігіне 12-21 рет су ішеді. Автоматты суарғыш болмаған жағдайда оларды тәулігіне – 3, ал жоғары өнімділерін – 4-5 рет, азықтандырғаннан және сауғаннан кейін суарады.

Жаңа туған бұзауды уыз берілгеннен кейін 1,5-2,5 сағаттан соң қайнатылған жылы (30-38°С) сумен суарады. 2 айлығына дейін оларды – 22-25°, 4 айлығына дейін – 16-18°, 4 айдан кейін – 10-12° жылулықтағы сумен суарады.

Жылқыны азықтандыру алдында немесе пішен бергеннен кейін тәулігіне – 3, ал ыстық кезде немесе ауыр жұмыстағыларын – 4-5 рет суарады. Терлеген атты міндетті түрде суытып барып суарады. Суыту үшін жұмысы аяқталған соң атты жарты сағат демалдырып, содан соң сәл ылғалдандырылған пішен салып, тек бір сағаттан кейін жарты шелек салкын су ішкізеді де, жарты сағаттан кейін және қайталап суарады. Суды аздап жұтуы үшін шелектегі су бетіне пішен салса болады. Құлынды биелердің суы әрдайым жеткілікті болуы керек.

Қойды таң сәріде, жайылар алдында және сәскеде, демалдырғаннан кейін суарады. Демалар алдында, шырынды балаусада (әсіресе бұршақ тұқымдас-тар), шық түскен жерде жайғаннан кейін тез арада суармау керек. Балауса жайылымдағы қойды, әсіресе ісекті 2-3 тәулікте бір суаруға болады. Су тапшы жағдайда тәулігіне бір рет қана суарылатын қой отарының жылжуын баяулатып, ыстықтан ықтатып, жақсы желденетін жерде демалдырады. Әсіресе, қозылы саулықтардың сүттілігі, демек қозысының жетілуі, суаруына байланысты екенін ескеру қажет. Жеткілікті сүт емген қозыны 2-3 аптаға дейін суармауға болады. Суық кезде қоздаған саулықты – 20-25, кейіннен – 18-20° жылулықтағы сумен тәулігіне 3-4 рет суарады. Қыста жемді қойға суарғаннан кейін таратады. Өте суық судын, іш тастатуы мүмкін екенін ескереді.

Мал суаруда судың өңделу тәсілін де ескерген жөн. Қайнатылған судың физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінен, оның физиологиялық қызметі де (сіңімділігі, еріткіштігі, т.б.) өзгереді. Су молекуласындағы оттегі мен сутегінің орбиталдарындағы біріккен электрондық жұбы электр потенциалы күштірек оттегі атомына жақын орналасқандықтан, олар бір-бірімен бұрышты түрдегі көп молекулалы ассоциативтерге біріктірілген. Терминалық өңдеу барысында сыртқы жылулық энергиясы молекула атомдарының «байланыс энергиясымен» сипатталатын ішкі біріктіргіш химиялық энергиясынан асқанда, соңғылары үзіліп, босаған пәрменді су молекулалары азық қоректік заттармен гидратацияланып, яғни қосылып, олардың қорытылымын, сіңімділігін және игерілімін жақсартады. Демек, су мөлшерімен қатар мал суарудағы олардың физика-химиялык, қалпы да кадағалауды қажет ететін маңызды қоректендіргіш көрсеткіш болып табылады.

Азықтандырудан зақымдалудан сақтандыру. Азықтандыруды дұрыс жүргізбеуден ас қорыту жүйесінің анатомиялық құрылысы мен жекелеген мүшелерінің қызметіне зақым келуі мүмкін. Олар түрлі механикалық, физика-лық, химиялық және биологиялық себептерден туады. Айталық, азықпен бірге енген бөгде заттармен (сым, шеге, әйнек, шыны, қүм, тас, т. б.) ас қорыту жолы зақымдалуы мүмкін. Бұл бөгде заттар кейде ұзақ уақыт ас қорыту жолында жатып қалып, кейде бірден тақия карынды, жалбыршықты, диафрагманы немесе басқа бөлімін зақымдауы мүмкін.

Топырақ, құммен ласталған азықтың сапасы күрт төмендеп, тіпті азықтандыруға қолдануға жарамай қалуы мүмкін. Ластанған жемшөп ас қорыту барысын бұзады, қоректік заттар қорытылымын төмендетеді. Жемшөппен көп мөлшерде енген топырақ пен құм ірі қара алдыңғы қарнының жиырылуын бұзып, жалбыршықтан өтпейді де, малдың тәбетін, күйіс қайыруын нашарлатады, қарнын кептіріп, сүттілігін темендетеді. Кейде тіпті малды өлімге соқтырады.

Азықпен енген топырақ пен құм жылқы ішегінде (қартасында) жиналып, ішін қатырып, ауыртады (түйнетеді). Ішектің кілегей қабығын жарақаттан-дырып, өлімге ұшыратуы мүмкін.

Ірі қара ауыз қуысын ірі азықтың сабағы, астық тұқымдастардың қылтанағы зақымдайды. Олар біраз тереңдеп кіріп, іріңді жара пайда болуы мүмкін. Одан азық желінуі кеміп, мал өнімділігі төмендейді. Асқынған жағдайда актиномикоз ауруына соқтырады. Оның емдеуі күрделі. Сондықтан қатты сабақты немесе қылтанақты азықты алдын ала өңдеуден кейін малға жегізу керек. Мысалы, топан аралас сабанды кальцийлендіріп немесе көк азықпен бірге сүрлемге салып (30%-ке дейін), жұмсартады. Оларды комбайннан еткізіп, буландыруға да болады. Қылтанақты дақылдардан пішендеме дайындап немесе оларды түйіршектеуге болады.

Малды азықтандырудағы жарақаттардан сақтандыру үшін оларға берілетін жемшепті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Топырақ, шаң-тозаңнан оларды желдетіп тазартса, металл қосындыларынан магниттік қондырғыдан өткізу арқылы тазартады. Өңешке, карынға енген металл қалдықтарында магниттік зонд арқылы алуға болады. Онымен алынбаса руменотомия жүргізеді. Ең негізгісі – мал азығын таза дайындап сақтауда. Азық сақталатын және мал жайылатын жерлерді қоқыстандырмау қажет. Жемшепті бууға, қаптауға қолданылған заттарды мұқият жинап алады.

 

2 Негізгі бөлім

 

2.1 Мал азықтарының химиялық құрамын анықтау әдістемелері

 

Азықтың орташа сынамасын алу. Азықты талдау кезіндегі олардың орташа сынамасын дұрыс іріктеудің үлкен маңызы бар. Химиялық құрамы мен негізгі қасиеттері бойынша орташа сынама азықтың барлық бөлігінің нұсқасы болуы қажет.

Азыққа белгіленген стандарттар бойынша, белгілі терминология қабылданған. Айталық, бөлік (партия) деп біртекті азықтың (түрі мен класы бірдей шөп, жем, т.б.) бір рецептімен дайындалып, бір мезгілде қабылдануға, тиеуге, өткізуге не сақтауға арналған кез-келген мөлшерін айтады. Ойып алынатын немесе бір жолғы сынама-азықтың бөліктен бастпақы үлгіні алу үшін бір қабылдауға іріктелініп алынған аз мөлшері.

Бастапқы үлгі (жалпы сынама) – қоймадан, малдан, вагоннан азықтың бір бөліктен ойып алынған жиынтығы. Орташа сынама немесе үлгі бастапқы үлгіні алу үшін бір қабылдауға іріктелініп алынған аз мөлшер. Бастапқы үлгі мұқият араластырып барып алынады. Азықтың алынған сынамасы сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін оның нақты мөлшерін алады.

Азықтың талдауға іріктелінген орташа сынамасына төлқұжат толтырылып, онда шаруашылық, аудан, облыс, бөлімше және бригада, сондай-ақ ботаникалық құрамы, вегетациялық кезеңі (шөп, пішен үшін) технологиясы, әзірлеу мерзімі мен органолептикалық бағалаудың негізгі көрсеткіштері жайлы мәліметтер көрсетіледі. Зертханалық талдау аяқталысымен, төлқұжатқа азық сапасын зерттеудің нәтижелері мен азық құрамындағы қоректік заттардың мөлшері туралы деректер жазылады.

Шөптің орташа сынамасын алу. Бұл жұмыс шөпті дайындап біткеннен кейін оны малға, шөмелеге, қораға үйгеннен соң кемінде 30 тәулік ішінде жүргізіледі. Бір жолғы сынақтар престелмеген шөптен қолмен сынама алғышпен (әр жерінен 200-250 г) іріктеледі. Массасы 25 т престелмеген шөптің бір бөлігінен бір жолға 20 сынама, яғни әр 5 тоннадан 4 сынамадан алынады. Массасы 15 тоннадай престелген шөптің бір бөлігінен теңдердің 3 процентігін есептеп, кемінде 5 орташа сынама алады. Егер бір бөліктің массасы 15 тоннадан 50 тоннаға дейін болса, онда теңдердің 1 процентіне есептеп кемінде шөптің 15 сынамасын алады. Престелген шөптің іріктеліп алынған әр теңінен бір жолғы сынамалар алынады. Ол үшін теңнен сым не жікті алып тастап, шөпті сындырмай әрі қиқымдамай, әр теңнен бір-бір қабаттан, яғни біріншісінің бір қабатын, екіншісінің келесі қабатын, т.с.с. етіп алады. Сонда жалпы сынама массасы бойынша қомақты болып шығады (кемінде 5 кг). Бұл жағдайда шөптің орташа сынамасын алу үшін бәрін қосып, көлемі 2х2 брезентке салады да, шөпті сындырмай әрі қиқымдамай ептеп араластырады. Ол үшін брезенттегі араласқан шөптің кемінде 10 жерінен 90-110 г келетін бір уыс шөпті іріктейді. Араластырған кезде пайда болған шөп қиқымы мен сынықтарын да орташа сынамаға қосып жібереді. Шөпті сындырмай мұқият қатты қағазға орайды.

Шөптің ылғалдылығын анықтау үшін массасы 300 г жеке алынған сынаманы аузы нығыз жабылатын тығынды шыны ыдысқа салып, зертханаға жібереді. Сынамалары бар пакет пен ыдысқа шаруашылық, аудан, облыс, бөлімше, бригада, звено, егістік пен учаске нөмірі, шөптің ботаникалық құрамы, вегетациясының кезеңдері, шабылған мерзімі, әзірлеу технологиясы, сақтау тәсілі, мал (қойма) нөмірі, шөпті жинау және сақтауға өткізілген уақыты, сондай-ақ талдауға іріктеліп алынған күні, мерзімі көрсетілген құлақша белгі толтырады. Оған қоса әзірлеуге, сақтауға, және сынама іріктеуге жауапты кісілердің қолы қойылады. Зертханада сынамалар сыртқы түрі, ботаникалық құармы, түсі, иісі, бүліну белгісі, болу, болмауы (топырақ, метал заттар, т.б.) секілді жайттарға қараған кезде байқалған көрсеткіштері бойынша журнал тіркеледі.

Сүрлем мен пішендеменің орташа сынамасын алу. Егер сүрлем мен пішен әр түрлі өсімдіктен дайныдалса, онда орташа сынама мұнараның не ордың кемінде 1/4 бөлігін алатын шикізаттың әр түрі үшін жеке-жеке жасалады.

Талдауға қажет сынаманы малға немесе басқа шаруашылықтарға берердің алдында ордан 10 күн, ал мұнарадан 5 күн бұрын, бірақ пішендемені (сүрлемді) сақтаудан және консервілеу процесінің аяқталуынан кемінде 4 аптадан кейін ғана сынама алғышпен алады.

Сынамаларды ордан кемінде 2 м тереңдіктен, ал пішендемені қалыңдығы 2 метрден жоғарғы тұтас қабатынан алады. Мұнаралардан сынаманы алдымен үстіңгі қабаттан, ал оны ойып алғаннан кейін пішендеменің қалған қабатынан алады. Әр сынаманы алу кезінде нүктелік үш сынама: біріншісін орта тұсынан, екіншісін мұнара қабырғасынан 2 м, үшіншісін 0,5 м қашықтықтан алады.

Ордан да осындай үш сынама: біріншісін ғимараттың бітеу жағынан 5 м қашықтықтағы көлбеу бөлігінің бірінің ортасынан, екіншісін – тік қабырғалы орда оның ұзына бойының ортаңғы бөлігіндегі қабырғалардың бірінен 0,5 м, ал көлбеу қабырғалы ортаңғы орда 1 қашықтықтан, үшіншісін ордың ортасынан алады. Пішендеменің әр нүктелік сынамасын полимер пленкалы жеке қапшыққа салады, Әр нүктелік сынаманың масасы 0,5 килограммнан кем болмауы тиіс. Нүстелік сынама алар алдында пішендеме мен сүрлемнің пленкаға дейінгі жабын қабаты алынып тастаалды. Талдауға арналған сынамаға ордан 20 см, мұнарадан 50 см тереңдіктегі үстіңгі қабатынан алынған сүрлем мен пішендеме қосылмайды. Мұнарадан алынған пішендеменің нүктелік сынамаларын бір сынамаға біріктіріп, полимер пленкалы қапшыққа салып, әбден араластырады.

Көк балаусаның орташа сынамасын алу. Химиялық және ботаникалық талдау үшін жер отының сипаты мен зерттелетін учаскенің жер бедерін ескере отырып жүзеге асырады. Көк балаусаның сынамасы мал жайылған немесе шөп шапқанда, пішен ору уақытында шық кепкеннен кейін және күн батқан соң құрғақ кезде алынады. Жер оты әр түрлі болғанда барлық шабындықты бір тектес учаскелерге бөлуге болады. Әр шабындықтан ауданы 1 га учаскені бөліп алып, өлшемі 1 м2 10 сынамалық бөлікті қарастырады. Әр сынамалық бөліктен шөпті жер бетінен 3-5 см биіктікте орып алады. Орылған әр бөліктің 10 жерінен бір жолғы сынама алады. Жалпы сынаманы барлық сынамалы бөліктерден алынған шөптермен араластырады. Егер оның мөлшері 3-4 килограммнан асса, она жақсылап араласқан бастапқы үлгіден шөптің орташа сынамасын өлшеп, полиэтилен қапшыққа салады. Орташа сынаманың салмағы 1,5-2 кг шамасында болуы керек. Лабораторияға келіп түскен көк балауса сынамасын тез ұсақтап, кептіру үшін квадрат принципі бойынша массасы 0,5-0,8 кг үлгіні іріктеп алады.

Өсімдік клеткаларындағы ферментативтік құбылысты тоқтату үшін орташа сынамасы алынған шөпті 4 сағатан кейін кептіру шкафына салып, 800 температурада 30-40 минут ұстайды. Содан кейін екі өлшеу аралығындағы айырым кемінде 0,5 г болғанға дейін 60-650-та кептіреді.

Тамыртүйнек жемістілердің орташа сынамасын алу (қызылша, сәбіз, тарна). Тамыржемістілердің химиялық құрамы мен сапасы олардың тамырының мөлшеріне байланысты. Сол себепті талдау үшін орташа сынамаға бір бөліктен ірі, орта және майда тамырлары пропорцияналды түрде іріктейде де, оның өзінде алдымен тамыржемістілердің әр бөлігінен бастапқы үлгі алады. Егер бөлікте 100 орын «контейнер, жәшік, т.б.) болса, онда сынаманы қатталған үш жерден алады. Егер бөлікте 100-ден астам орын болса, одан әрбір 50 қосымша орынға есептеп, қатталған бір жерден сынама алады, қызылшаны үйінді астында сақтаған кезде тамырды үлгі үшін әр қабаттан (үстіңгі, ортаңғы, астыңғы) шамамен мынадай мөлшерде алу керек: тамыржемістілердің 200 килограмдық бөлігінен 10 килограмға дейін, 202-500 кг бөлігінен 20 килограмға дейін, 501-1000 кг бөлігінен 30 килограмға дейін, 1001-5000 кг бөлігінен 60 килограмға дейін. Орташа сынаманың массасы бастапқы үлгі массасының 10 процертінен кем болмауы тиіс.

Шаруашылықтарда тамыржемістілердің орташа сынамасын көбінесе ашылған бурттардан алады. Зерттелетін бөліктің әр жерінен шамасы әр түрлі тамырлардың химиялық құрамын анықтау үшін шамамен бірден 100-150 тамыр алады. Оларды топырақтан тазартып, ірі, орта және ұсақтарға ажыратады. Әр топтың тамырларын өлшеп, олардың үлгідегі қатысын анықтайды. Мысалы, үлгіде ірі тамырлардың саны 35 кг, ортаңғысыныкі 30 кг және ұсағы 15 кг болса, онда олардың үлгідегі қатынасы 43,8; 37,5 және 18,7 болады. Бастапқы үлгіні орташа сынамадағы ірі, орта және ұсақ тамырлардың қатынасы бұрынғысынша қалатындай етіп 10-12 есе азайту керек. Лабораторияға 6-8 кг тамыр жіберу қажет.

Массасы 80 кг бастапқы үлгінің орташа сынамаға 3,5 кг ірі, 3 кг орта және 1,5 кг ұсақ тамырлары алынуы тиіс. Зертанаға жіберген кезде тамыржемістілердің ылғалдылығы кеміп кетпесі үшін жәшікке жымқыл мүкпен не үгіндімен орап салады.

Түйіршік және биркеттелген аралас жемнің бір жолғы сынамасын алу. Түйіршік құрама жем әзірлегенде және оны тигенеде (түсіргенде) бір жолғы сынаманың оның құйылатын жолына 0,5 кг-дық темір жемшөпті тосып алады. Брикеттелген құрама жем әзірлегенде бір жолғы сынамаға пресс көмейінен шығатын жеке брикеттерді әр 2 сағат сайын алып отырады. Түйіршікті не брикеттелген аралас жем қаптарға не қапшықтарға салынса, онда бір жолғы сынаманы сол бөлік қаптарының «қапшықтарының) 5 процентіне есептеп кемінде үш жерден алады. Қаптың аузын шешіп, бір жолғы сынааны оның үстіңгі бөлігінен алады.

Шашылм алы, түйіршік және брикеттелген құрама жемнің бастапқы үлгісінің бір жолғы сынамасының таза ыдыс қа салынған жалпы массасы 4 кг-нан кем болмауы тиіс.

Шашылмалы және түйіршік құрама жемнің бастпақы үлгісінен орташа сынаманы айқыш бөлу жолымен алады. Ол үшін бастапқы үлгіні тегіс орынға (үстелге, ағаш қалқанға) төгіп, қиылған қабырғалы екі ағаш пленкамен квадрат етіп тегістейді. Жол жасай отырып, үш рет араластырады да (бидайдың орташа сынамасын алуды қараңыз), қайта тегістеп, пленкамен диагоналы бойынша төрт үшбұрышқа бөледі. Қарама-қарсы екі үшбұрыштағы аралас жемді алмай, қалған екі үшбұрыштысын бір-біріне қосады. Сонда екі үшбұрышты жемнен 2 кг-дай қалғаннша осылай етеді, ал ол шашылмалы және түйіршік құрама жемнің орташа сынамасы болып табылады.

Жоғарыдағыдай әдіспен алынған сынаманы екі бөлікке бөліп, олардың әрқайсысын құрғақ таза ыдысқа салады. Оның бірін бір ай бойы арбитрал үшін сақтап, екіншісінен талдау үшін құрама жемнің үлесін алады.

Брикеттелген құрама жемнің орташа сынамасын алу үшін бастапқы үлгіден 6 бриетті бөліп алып, қалғандарын ұсақтап, алынған массадан жоғарыдағы әдіспен орташа сынамасын іріктейді. Бөлінген 6 брикеттің бір не екі брикетін оларды тығыздығын анықтау үшін пайдаланып, қалғандарын таза ыдысқа салып, арбитраж үшін бір ай бойы сақтайды. Орташа сынамаға аралас жемнің аты, оның рецептісі, партиясы, массасы, ал ыдысқа салынған құрама жемге сынама іріктелген орын, оның саны, күні, айы, әзірленген кәсіпорынның аты, тасымалдау құжатының нөмерлері жазылған құлақша көрсетіледі. Зертханада орташа сынаманы тіркеп, нөмірлейді. Алынған сынама берілген нөміоді оған қатысты барлық құжатқа қояды.

Дәннің орташа сынамасын алу. Қоймаларда үйіп (биіктігі 1,5 м-ге дейін) сақтағанда бір жолғы сынама алу үшін вагондық сүңгі, ал өрте биік боғланда штангісі бұралатын сүңгі қолданады. Бір жолғы сынама алу үшін қоймадағы дән бетін әрқайсысының ауданы 100 м2 бөліктерге бөледі. Сынаманы көршілес бөліктің шекарасынан 1 метрдей әр бөліктің бес жерінен (төрт бұрышынан және ортасынан) алады. Бес жерден бір жолғы сынаманы үстіңгі (10-15 сантиметрлік тереңдіктен) орташа және төменгі қабаттарынан алады. Әр бөліктен алынатын дәннің жалпы массасы 2 кг болуы керек. Автомашинадан бір жолғы сынаманы кузовтың төрт жерінен (бетінен, төменгі қабатынан немесе үйіндінің тұтас тереңдігі бойынша борттан 0,5 м қашықтықта) сүңгімен алады. Бір жолғы сынаманың жалпы массасы кемінде 1 кг болуы керек. Дәнге толтырылған вагондардан, сондай-ақ қоймалардан және сүрлемдік элеваторлардан бір жолғы сынаманы транспорт лентасынан құйылатын дәннен алады. Бұл мақсат үшін механикалық сынама алғашқы не бірдей уақыт аралығында бидай құйылатын жерге тасылатын арнаулы жемшөпті пайдаланады. Мұндай сынамалардың жалпы массасы құйылатын діннің 1 тоннасына шаққанда кемінде 0,1 кг болуы керек. Вагондар дәнге жарым-жартылай толғанда бір жолғы сынаманы әрбір екі осьті вагонның бидай бар бетінің бес нүстесінен (қабырғадан 50-70 см аралықтағы төрт бұрышынан және ортасынан), ал төрт осьті вагонда дән бетінің 11 нүктесінен (қабырғадан белгілі бір аралықтан бойлық қабырғаның 8 жерінен және ортасындағы 3 жерден) алады.

Көрсетілген нүктелердің әрқайсысынан бір жолғы сынаманы үйіндінің үш қабатынан: үстіңгі – 10 см-ге дейінгі тереңдіктен, ортаңғыдан үйіндісі биіктігінің жартысына тең тереңдіктен және төменгі – вагон еденінен алады. Екі осьті вагоннан алынатын бір жолғы сынаманы жалпы массасы 2 кг-ға жуық, төрт осьті вагоннан алынатын 4,9 кг болуы керек.

Қаптағы дәннің бір жолғы сынаманы үш жерден (аузын шешіп) бетінен, ортасынан және төменгі жағынан алады. Аузы тігілген қаптан дәннің бір жолғы сынамасын қаптың бұрышын төменнен жоғары қарай қаптың сүңгіні шөміш басын төмен қаратып ортасына қарай итереді. Сүңгіні 1800-қа бұрып алады. Діннің бір жолғы сынамасын алатын қап саны оның бөлік мөлшеріне байланысты болады.

Әр бөліктен алынған бидай сынамаларын қарап, салыстырады. Егер бидай бір түрлі блса, онда оның барлық бір жолғы сынамасынан таза ыдысқа бөліп алады. Бұл бастапқы үлгі болып табылады (кейде жалпы сынама дейді). Бастапқы үлгідегі бидай 2 кг-нан көп болса, ол орташа сынама бола алады. Бастапқы үлгінің массасы үлкен болса, барлық бидайды беті тегіс үстелге төгіп квадрат түріеде бөледі де, екі қысқа ағаш планкімен үш рет жақсылап араластырады. Бастапқы үлгіні араластырғаннан кейін бидайды тегіс етіп квадратқа қайта бөледі де, планкімен диагональ бойымен 4 бұрышқа ажыратады. Қарама-қарсы екі үшбұрыштағы бидайды алмай, қалған екі үшбұрыштағы бидайды қайта араластырып, тағы да үшбұрыштарға бөледі. Осылайша 2 килограмм бидай қалғңанша жасайды, ал ол орташа сынаманы түзеді.

Шаруашылықтан астық қабылдау пінкітіне тасымалданатын көп бидай сапалық тұрғыда орташа тәуліктік үлгімен бағаланады. Орташа тәуліктік үлгі автомашинадан алынған бастапқы үлгі болып табылады. Ол үшін көлемі 200 текше сантиметр өлшем пайдаланылады, пункте әкелінген 1-5 тоннаға дейінгі бидай партиясының үлгісінен бір өлшем, ал 1,5-нан 3 тоннаға дейінгі бидай бөлігінің үлгісінен екі өлшем, 3 тоннадан жоғары болса, әр 1,5 т бидайдан қосымша бір өлшем алынады. Бидайдың орташа сынамасын орташа тәуліктік үлгіден де жоғарыдағыдай әдіспен алады.

Күнжараның, шроттың және азық ашытқысының орташа сынамасын алу. Күнжараны вагоннан түсіру және тиеу кезінде автоматты сынама алғышпен 1 т өнімге шаққанда 250 г, бірақ бір бөлігінен кемінде 2,5 кг бір жолғы сынама алынады. Бірдей уақыт аралығында бір жолғы сынамаға іріктек үшін, шөмішпен күнжара келіп құйылатын тұстан кемінде 10 рет алады. Егер күнжара қапқа салынып қойылса, сынама алу үшін конустық сүңгіні пайдаланып, әр бесінші қаптан 0,5 кг өнім (бірінші қаптың үстінен, екіншісінің ортасынан, үшіншісінің астынан) алады. Қоймада үйіліп жатқагн күнжараның бастапқы үлгісін алу үшін, оның күллі бетін шартты түрде 1 м2 бөліктерге бөліп, содан кейін шахмат ретімен үстіңгі, ортаңғы, төменгі қабаттарынан бір жолғы сынама алады. Күнжара сынамасының қолмен іріктегендегі массасы өнімнің бір тоннасына шаққанда 1 кг болуы керек. Күнжараның барлық сынамаларын қарап, мұқият араластырады да, бастапқы үлгі алады. Одан әрі күнжараны қалыңдығы 10 см етіп квадрат түрінде тегістейді де, жоғарыдағы әдіспен 2,5 кг қалғанға дейін бөледі. Осылайша орташа сынама алып, оны екіге бөледі де, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға салады.

Шрот. Шроттардың орташа сынамасын да күнжара секілді, бірақ өнімнің әр оныншы қабынан ғана алады. Шротты үйінді түрінде сақтағанда бір жолғы сынамалар конустық сүңгімен бетінің әр 2 м сайынғы үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан алынады. Сынамалардың жалпы массасы кемінде 2,5 кг болуы керек.

Жануар тектес азықтың, қосымша азықтың және сұйық азықтың орташа сынамасын алу. Ыдыс сақталған жануар тектес азық ұнының жалпы сынамасын транспортерден (нория. Шнек бірдей уақыт аралығында 1 т өнімге шаққанда әр бөлігінен 250 грамнан кемінде 1,5 кг етіп алады. Ыдысқа сақталатын ұнның жалпы сынамасын үш жерде орналасқан жалпы санының 10 процентінен қима бойымен сүңгімен алады. Азық сынамасын іріктеу алдында қарап, ыдыс жағдайын, бір бөлігінен барлық орынның 5 процентінен таңдайды да, осылардан бір жолғы сынама алады. Егер азық сапасы жағынан бірдей болмаса, онда ашу үшін оның бір бөлігінен орынды көбірек етіп алу ұсынылады. Жалпы сынаманың массасы кемінде 1,5 кг болуы керек. Зоотехниялық талдау үшін жалпы сынамадан қабылданған әдіспен іріктелетін 100-150 г ұн алса жеткілікті. Азықты ұстады, саңылауының диамтері 0,5 мм електен өткізіп, аузы тығыз жабылатын ыдысқа салады.

Құрама азықтың орташа сынамасын алу. Азықтық монокальций – фосфаттың сапасын тексеру үшін транспортер лентасынан бірдей уақыт аралығында әр бөлігінен (бөлік өнімінің кемінде 65 тоннасы болғанда) 25 бір жолғы сынама алады. Егер қосымша минералдық азық қапқа салынған болса, онда бір жолғы сынаманы әр бөлігінің 25 қабынан сынама алғышпен алады. Қаптардан бір жолғы сынаманы сүңгімен 3/4  тереңдікке сұға отырып алады. Транспортер лентасынан және қаптан алынатын бір жолғы сынама массасы 200 г болуы керек. Бір жолғы сынамаларды қосып, араластырады, ал орташа сынаманы алу үшін қабылданған әдіспен массасын кемінде 0,5 килограмға жеткізу керек.

Фтордан айырылған азықтық фосфаттың бір жолғы сынамасын әр жиырмасынша, ал басқа азықтық фосфаттың бір жолғы сынамасы әр елуінші қаптан алады. Синтетикалық мочевинаның бір жолғы сынамасы барлық бөліктегі қаптың кемінде 1 процертінен бірақ кемінде 10 қаптан алады, орташа сынаманы полиэтилен қапшыққа не таза құрғақ ыдыс қа салады. Ыдысқа өнім аты, сорты мен маркасы, бөлік нөмірі, стандарт не техникалық шартының белгілері, кәсіпорынның аты, дайындаушы, сынама ірістелген күні, сынвама алған кісінің аты-жөні көрсетілген құлақша жапсырылады.

Барлық азықтың аналитикалық өңдеуге жәберілетін азық үлгісіне зертханаға жіберер алдында төмендегідей төлқұжат толтырылады.

1. Пайдаланған азық туралы қысқаша мәлімет.

2. Азықтың аты.

3. Үлгінің сипаттамасы мен шаруашылықтың құндылығы.

4. Үлгі алынған жер және мерзімі (шаруашылық, облыс, аудан, егістік, учаске, т.т. аты).

Азықты талдауға әзірлеу және бастапқы ылғалдығын анықтау. Құрамында су болу – азық қоректілігінің және өсімдіктің жетілгендігінің басты көрсеткіші. Азықта су бос және байланысқан түрде болады. Бос су өсімдік клеткасындағы қантты, аин қышқылдарын, органикалық қышқылдарды және т.б. заттарды еріткіш болып табылады. Байланысқан суға қарағанда қозғалғыш боп келеді. Байланысқан су бос суда еритін заттарды ерітпейді де, әртүрлі гидрофиль коллоидтары құрамына кіреді. Барлық суды (бос және байланысқан) азықты 100-1050-та кептіріп кетіруге болады. Азықты талдауға әзірлеу барысында оны ұзақ мерзім сақтау үшін ауалы құрғақ күйге келтіру қажет, яғни азықтың гигроскоптық ылғалдығы мен бөлме ішіндегі ауа ылғалдығының өзара тепе-теңдігін жасау мақсатында табиғи азыққа тән бастапқы ылғалдықты келтіру қажет. талдау жүргізу үшін диаметрі 20-30 см фарфор ыдыс не эмалдан кептіріп кетіруге болады. Азықты талдауға әзірлеу барысында оны ұзақ мерзім сақтау үшін ауалы құрғақ күйге келтіру қажет, яғни азықтың гигроскоптық ылғалдығы мен бөлме ішіндегі ауа ылғалдығының өзара тепе-теңдігін жасау мақсатында табиғи азыққа тән бастапқы ылғалдықты келтіру қажет. талдау жүргізу үшін диаметрі 20-30 см фарфор ыдыс не эмалданған тостаған, әр түрлі кірі бар техникалық таразы, кептіргіш шкаф не термостат, шөпті, сүрлемді тағы басқа азықты майдалайтын пышақ пайдаланады.

Азықты талдауға әзірлеу. Лабораторияға талдауға жәберілген азық сынамасының бастапқы ылғалдығын анықтау үшін орташа сынамасының 200-300 грамын алып, ұсақтау керек (ұсақталған бөліктің ұзындығы 1-2 см болуы керек). Сүрлемді де (800-100 г) алдын-ала ұсталады. Дәннің, шрот, ұн тарту өндірісінің қалдықтары мен басқа да азықтардың орташа сынамасынан массасы 150, 200 г үлгіні іріктеп алады. Ол үшін орташа сынаманы араластырып, тегіс бетке квадрат түрінде жұқа етіп жаяды да, қима бойыфмен төртке бөледі. Осылайша қабылданған әдіспен азық массасы 150-200 г болғанға дейін жүргізеді.

Бастапқы ылғалдылықты анықтар алдында күнжараны алдын-ала ұсақтайды. Тамыр түйнек жемістілерді топырақтан сумен тазалап, құрғатып сүртеді. Әр азықтың орташа сынмасының шамасына сәйкес жартысын, 1/4 не 1/8 бөлігін талдауға арналған үлгі массасы 1000-1200 г болатындай етіп ұзына бойымен кесіп алады.

Талдау үшін азықтарды майдалау. Азықтың ауалық-құрғақ сынамасын арнаулы зертханалық диірменнен тартып (кофе диірменімен келіге ұсақтап), содан кейін саңылауы миллиметрлік елекпен еленеді. Електе қалған бөлшеутерді қайтадан майдалап, барлық ұсатылған үлгінің қалдығы 2 процетттен аспағанша елейді. Содан кейін қалдықты үлгімен араластырып жібереді. Ұсатылған үлгіні көлемнің жартысын толтыратындай әрі азық үлесін алу кезінде жақсы араласатындай тығыз жабылатын тығыны бар ыдыста сақтайды.

 

2.2 Қоректік заттардың қорытылуын зерттеу әдістемелері

 

Мал азығының құрамындағы қоректік заттардың қорытылуын арнайы қойылған физиологиялық алмасу тәжірибелерінде анықтайды. Тәжірибеге тәжірибелік топтардың орташа көрсеткіштері бойынша алынған 3-5 мал басын арнайы бөлмеге (станокқа) кіргізіп, тәулік бойы жеген азығын, оның қалдығын, шығарған тезегін (алмасу тәжірибесінде – зәрін де, ал респирация-лық тәжірибеде тыныстану газдарын да) дәл өлшеп есепке алады.

Тәжірибенің алғашқы күйісті мал үшін – 15-20 тәулікке созылатын дайындық кезеңінде тәжірибе жүргізу жағдайы мен тәртібіне, азық беру және тезек жинау тәсіліне үйретеді. Бул кезеңде малдың ас қорыту жолы түгелімен бұрынғы желінген азықтар қалдығынан тазартылуы керек. Содан кейінгі күйісті мал үшін - 7-10 тәулікке созылатын тәжірибенің негізгі кезеңінде желінген азықтары мен шығарған қалдықтарын (тезегін) дәл өлшеп, есепке алып, тәжірибедегі мал басының тәулігіне жеген азықтары мен олардың қалдықтарының орташа үлгісін зерттеуге алып отырады. Сонымен қатар әр тәжірибелік бастың күнделікті жиналған тезегін мұқият араластырып орташа үлгісін алады да, оны аузы тығыз жабылатын шыны ыдысқа салып, хлороформмен консервілеп, азотын түгел сақтау үшін үстіне 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісін құяды.

Азық қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін екі тәсілмен анықтайды:

- біріншісі, тік тәсілде, оны жекелеген азықтың немесе малға жегізілген бүкіл азықтардың қоректік заттарының қорытылуын жалпы анықтағанда қолданады;

- екіншісі, жанама тәсіл, оны малға жегізілген азықтардың ішіндегі жеке азықтың қоректік заттарының қорытылуын анықтағанда қолданады.

Тәжірибе барысында желінген азық пен шыққан тезектің орташа үлгілері-нен сынама алынып, химиялық құрамы зерттеледі де, олардың орташа тәуліктік көлеміне көбейтілуі арқылы есептелінген малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен олардың қорытылмай шыққан көлемінің айырмашылығы бойынша қорытылған мөлшерін анықтайды:

Қорытылған ҚЗ = Желінген азықпен енген ҚЗ – Тезекпен  шыққан К3, г.

Қоректік заттардың қорытылу дәрежесін қорыту коэффициентімен (ҚК) белгілейді:

ҚК = (Қорытылған ҚЗ : Азықпен енген ҚЗ) х 100, %

Малға берілген жемшөп ішінде жеке бір азықтың қоректік заттарының қорытылуын анықтау қажет болса, тәжірибені жанама тәсілмен жүргізеді. Жанама тәсіл бойынша, бірінен соң бірі жалғасатын екі (қос), екеуінде де алғашқы – дайындық және негізгі – есептік кезеңдері қарастырылған тәжірибе жасайды. Бірінші тәжірибеде малды құрамында зерттелетін азығы бар жемшөп құрамасымен (рационымен) азықтандырып, олардың қоректік заттарының қорытылуын тура тәсілмен жүргізілген тәжірибедегідей анықтап алады. Соның артынан жалғастырыла қойылған екінші тәжірибеде жемшөп қосындысының құрамындағы зерттелетін азық мелшерін біршама ұлғайтып жегізеді де, қорытылу коэффициенттерінің өзгеруінен сол азық қорытылуын есептейді.

Есеп дұрыс шығу үшін қосалқы қойылған екі тәжірибеде малға жегізілген жемшөп қосындысының қоректілігі, яғни қоректік заттар деңгейі бірдей болуы шарт. Бұл шартты сақтау үшін тәжірибелердегі негізгі жемшөп қосындысымен (НА) зерттелетін азық (ЗА) аралығындағы арақатынас келесідей болуға тиіс:

- бірінші тәжірибеде...  0,7-0,8 НА + 0,3-0,2 ЗА;

- екінші тәжірибеде...  0,5-0,6 НА + 0,5-0,4 ЗА.

Шаруашылық жағдайында мұндай алмасу тәжірибелерін өткізу қиын. Өйткені оны ұйымдастыру үшін арнайы бөлме не мал қорасының оқшау-ланған жері болып, оны жүргізуге бөлінген адамдар мал азығы мен шығарылатын қалдықтарын жинау техникасымен олардан зерттеуге қажетті орташа үлгі алу тәртібі мен әдістерін меңгеруге тиіс. Ол адамдар бүкіл тәжірибе кезеңінде тек кезекшілікке тұрып, күндіз-түні қолдары босамайды.

Ондай жағдай туғызуға шаруашылықта жағдай болмаса мал азығының, әсіресе жайылым отының қорытылуын басқа жанама әдістермен анықтауға болады. Ондай әдістерге инертті және индикаторлы заттар (элементтер) қолдану тәсілі жатады. Инертті заттарға малдың ас қорыту барысында қорытылмайтын лигнин, шақпақ қышқылы, темір тотығы, хром тотығы секілді тұрақтылығын мықты сақтап, ас қорыту сөлдерінің әсерінен өзгере қоймайтын қосындыларды қолданады.

Бұл тәсіл бойынша малға берілген жемшөпке біркелкі етіп инертті затты араластырып жегізеді де, тәжірибенің есептік кезеңінде химиялық зерттеуге тезегінен орташа үлгі алып отырады. Тәуліктің белгілі мезгілінде алынатын тезектің орташа үлгісін ірі қара малдың тік ішегінен тіпті қолмен алуға болады. Сол үлгілер зерттелген соң инертті заттың (ИЗ) жемшөп пен тезектегі шоғырлану дәрежесі (%) бойынша қоректік заттар қорытылуын, яғни қорыту коэффициенттерін (ҚК) есептейді:

ҚК = 100 - [100 х (Азық ИЗ : Тезек ИЗ) х (Тезек ИЗ : Азық ИЗ)]

Ескерту. Инертті заттар іс жүзінде қорытылмағанмен, ас қорыту барысында біршама сіңіріледі. Соны ескеріп, қоректік заттар қорытылуын есептегенде, қажетті өзгертулер енгізеді.

Жайылым отының қорытылуын малдың күнделікті жеген шөбі мен шығарған тезегін анықтамай-ақ қос индикатор тәсілімен есептеуге болады. Бұл тәсілді қолдану ережелері мал азықтандыру жөніндегі арнайы жинақтарда берілген. Азық қорытылуын малға жегізбей-ақ, ас қорыту сөлдерінің әсерін қолдан туғызған ортаға салып, мал организмінен тыс, яғни іп vintо жағдайында да анықтауға болады. Ол үшін азық үлгісін: пепсин + тұз қышқылы не месқарын сұйығы + пепсин + тұз қышқылы құйылған жылылығы 370С ортаға белгілі мерзімде ұстайды да, ол орталардағы ерігіштігі бойынша...

- бірінші жагдайда, азықтың азотты заттарының;

- екінші жагдайда, барлық органикалық заттарының қорытылуын анық-тайды.

Бұл in vitro тәсілін алдымен жасунығы аз, ал протеині көп азықтарға қолдануға болады. Өйткені олардың нәтижелері мұндай азықтар қорытылуын малға жегізіп барып, яғни in vivo тәсілімен анықтау нәтижелерге жақын шыққан. Күздік дақылдар секілді жасунықты жемшөпке алынған олардың көрсеткіштері жоғары болған.

Р.Тэрмен, Дж.Уехунттың әдісі бойынша 2-3 г азықтың майдаланып ұнтақталған сынамасын сумен 1 : 19 қатынаста араластырылған тұз қыш-қылының (НСl) ерітіндісінде ішкі қысымы 6,8 кг автоклавта бір сағат бойы өңдейді де, колбаға құйып, суытылғаннан кейін метилроттан тамызып, натрий гидрототығының (NаОН) 20%-дық ерітіндісімен бейтараптандырады. Колбадағы азық сынамасын сүзгіден өткізіп, сүзгі бетінде қалған қалдықты дистилятты сумен шайып, ауада содан кейін кептіргіш шкафта 100-1050С тұрақты салмаққа дейін кептіріп, соның салмағы бойынша азық сынамасының «қорытылмаған» бөлігін шығарады.

Көптеген зерттеулер малдың желінген жемшөпті қорытуы мен шығарған тезегіндегі азот мөлшерінің арасында регрессиялық байланыс бар екенін керсетеді. Бұл қолдануға өте ыңғайлы қарапайым тәсіл. Ол үшін мүйізді ірі қара малдың тік ішегіне қол жүгіртіп, ондағы жиналған тезекті араластырып барып, жарты килограммдай орташа үлгі алады да, ондағы жалпы азоттың пайыздық мөлшері (х) бойынша органикалық заттарының қорытылуын (у) келесі теңдеумен есептейді: у = 46,89 + 8,21 х, %.

Түрлі азықтар қоректік заттарының қорытылуы әртүрлі болуымен қатар, белгілі бір азық қоректік заттарының қорытылуы өзгеріп тұрады. Ол алдымен рацион құрамына, ондағы азық топтарының (ірі + шырынды + құнарлы) және де ол азықтардағы қоректік заттардың (негізінен жасунық пен протеинніц) арақатынасымен көлеміне, азықтандыру тәртібіне, жемшөптің малға жегізуге алдын ала дайындалуына, мал түріне, жасына, жынысына, физиологиялық ахуалына, күнделікті берілетін жемшөпке дағдыланғандығына және де көптеген басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Ол алдымен ас қорыту жүйесінің құрылысына байланысты. Бұл тұрғыдан мал түлігі күрделі қарынды күйіс қайыратын және қарапайым қарынды малға бөлінеді.

Күрделі қарынды күйіс қайыратын мал аумақты жасунықты жемшөпті көптеп жеп жақсы қорытуға бейім болса, бірқарынды мал шырынды және құнарлы жемшөпті қорытуға бейім келеді.

Профессор Т.Қ.Рисимбетовтың мәліметі бойынша жайылым отының құрғақ затындағы жасунық көлемі 25,1% болғанда, органикалық затының қорытылуы - 75%, 28,4% болғанда - 67%, 29,8% болғанда - 61%, 30,0% болғанда - 54% болуымен айғақтауға болады.

Олардың аралық алмасу барысында игеріліп, пайдаланылу дәрежесі туралы да әр түрлі жолмен мәлімет алуға болады.

Жоғарыда келтірілген мал азығының қорытылуын анықтау тәжірибесінде жиналатын шығарған тезегімен қатар бөлінген зәрінің мөлшері өлшеніп, орташа үлгісі зерттелсе, қоректік заттарды қорыту коэффициенттерімен қоса жекелеген индикаторлық, яғни ас қорытуының белгілі бір қырын – көрсеткіш, элементтер алмасуын анықтап, олардың мал денесіндегі балансын есептеп шығаруға болады. Ондай индикаторлық элементтерге организмдегі протеин балансын айғақтайтын азот (өйткені азот белгілі мөлшерде, орташалап алғанда, 16,6% көлемінде, тек «шикі» протеин құрамында болады) пен минералдық алмасуды байқататын кальций, фосфор, т.б. макро және микроэлементтер жатады.

Баланстық тәжірибе респирациялық камера деп аталатын, ішіндегі газ құрамының өзгеруін қадағалайтын қондырғылар орнатылған бөлмеде немесе мал басына кигізілген респирациялық маскамен өткізілсе, тыныстану барысындағы көмірқышқыл газ көлемін де есепке алып, мал организміндегі көміртегінің балансын анықтауға болады. Азот пен көміртегінің оң (+) теріс            (-) немесе тең (0) балансы бойынша мал денесіндегі белокпен май айналымын есептеп, солар бойынша ет (бұлшық ет + май) байланымын шығаруға болады. Бұл элементтердің мал жасы мен жынысына, салмағы мен өнімділігіне байланысты өзгеру заңдылықтарымен оны есептеу жолдары мал азығының қоректілігін өнімдік әсерімен бағалау тарауында беріледі.

Зерттелетін қоректік фактордың малдың қаңқа дамуына, жоқ бұлшық етінің жетілуіне немесе май байланысына әсер еткендігін арнайы аналогты, яғни барлық жағынан (тегі, тұқымы, жынысы, жасы, тірілей салмағы мен қондылығы, өнімділігі, т.с.с.) біркелкі, іріктелген малдың бақылаудағы бастарын сойып зерттеу тәсілін қолданады.

Бұл тәсіл мал денесіндегі материалдық өзгерістер зат пен энергияның сақталуы заңына сәйкес жүретіндігіне негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, мал денесіне желінген азықпен енген заттармен (энергия) шыққан қалдықтары арасында динамикалық тендік орын алады. Оны бағалау үшін іріктелген аналогты бастармен арнайы тәжірибе қойылады. Тәжірибені зерттеу мақсатына сәйкес бірнеше топтарға бөліп, олардың азықтандыруын тек зерттелетін фактор бойынша ерекшеленетіндей етіп ұйымдастырады. Белгілі мерзімнен тәжірибедегі мал басын сойып, ұшасының көрсеткіштерін тәжірибе алдында сойылған бастар ұшасының морфофизиологиялық, физика-химиялык, т.б. көрсеткіштермен салыстыра отырып, оларда орын алған өзгерістерді анықтайды.

 

2.3 Азықтың қорытылуы мен қоректік заттардың пайдаланылуы

 

Жемшөптің қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, желінген азықтағы қоректік заттарды ас қорыту жолында қорытып, қанға сіңірілген бөлігін негізгі және аралық алмасу барысында қажеттілігіне игеріп, тіршілік мұқтаждығы мен өнім өндіруге пайдаланады.

 

2.3.1 Мал азығының желінуі мен пайдаланылуы

 

Азықтағы қоректік заттардың қоректілігі айқындалып, мал қажеттілігіне пайдаланылуы үшін олар алдымен желінуі керек. Тек желініп, ас қорыту жолына енген азықтың химиялық қосындылары қорытылып (ыдырап), қанға сіңіріліп, мал организмінің тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруіне пайдаланы-лады. Организм тіршілігін қамтамасыз етуге бағышталған ауыз қуысында басталып, тік ішекте аяқталатын күрделі ас қорыту үрдісі оның желінуінен басталады. Демек, мал азығының өнімдік потенциалы ең алдымен оның желіну мөлшеріне тәуелді өзгереді. Г.Богдановтың (1990) пайымдауынша азық өнімдік потенциалының 70% желінуіне, ал қалған 30% қорытылуына тәуелді келеді. Бұған В.Раймондтың (1969) азық желінуінің 10% кемуі қоректік заттар қорытылуының 6% төмеңдегендегі энергия мөлшерінің азайуымен пара-пар келетіндігі жөніндегі дерегі дәлел бола алады.

Азықтың желінуі мен оның энергиялық қуаттылығы арасында тығыз байланыстық байқалады. Малға берілген азық құрғақ затындағы энергия деңгейінің өсуі оның желіну көлемін шектейді. Құрғақ заттың қоректілік құндылығының жоғарылауы малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын көлемін азайтады. Сондықтан жүйке-гуморальдық жүйе реттейтін азық желінуіне күрделі физиологиялық рефлекторлы үрдіс ретінде қарау керек. Ол, бір жағынан, ас қорыту жолдарының желінген азыққа механикалық түрде толып, кернелуінен, екінші жағынан, қанға сіңірілген метаболикалық алмасу өнімдерінің шоғырлану деңгейінен туындайтын тоқтық және де ол факторлардың бәсендеуінен туындайтын аштық сезімімен шектеледі.

Тоқтық пен аштық сезімдерін тудыратын қандағы метаболиттерге бір қарынды малда глюкоза түріндегі қант мөлшері жатса, қарыны көп бөлімді күйісті малда алдыңғы қарын бөлімдерінде пайда болып, тікелей қанға сіңірілетін ацетат түріндегі микробиологиялық үрдіс өнімі жатады. Қанда бұл үрдістің майлы қышқылы, кетондық денелер секілді метаболиттерінің шоғыр-лануы да мал тәбетін бұзып төмендетеді. Бұған қоректену барысындағы термо-статикалық факторлар, тоқыма мен жасушадағы су, май мөлшері, мал азықтандыру режимінің сақталуы мен шартты рефлекстерінің қайталанып, бекітілуі секілді көптеген ішкі және сыртқы жағдайлар әсер етеді.

Сыртқы жағдайлардан мал азығының желінуіне оның құрамы, мөлшері, сонымен қатар малдың дене ірілігі, тірілей салмағы, өнімділігі, күнделікті азық түрлеріне бейімділігі, азықтандыру төртібінің сақталуы, жиілігі, жемшөптің ас қорыту жолынан өту жылдамдығын жатқызуға болады. Өз ретінде, азықтың жалпы энергиясының алмасу энергиясына айналуы оның көлемін айғақтап, желінуіне тікелей ықпал ететін жасунық мөлшеріне тәуелді келеді (9-кесте).

 

9-кесте. Азық алмасу энергиясының жасунық деңгейіне сәйкес өзгеруі

Жасунық

мөлшері

%

Азық құрғақ

затындағы АЭ,

МДж/кг

 

АЭ/ЖЭ

 

Жасунык

мөлшері

%

Азық қүрғақ

затыңдағы АЭ,

МДж/кг

 

АЭ/ЖЭ

 

18

11,0-10,6

0,60

26

9,8-9,5

0,52

20

10,6-10,4

0,58

28

9,5-9,2

0,50

22

10,4-10,0

0,56

30

9,2-9,0

0,48

24

10,0-9,8

0,54

32

9,0-8,7

0,46

Кесте дерегінен жасунық көлемінің 18%-дан 32%-ға дейін көтерілуі, 1 кг азық құрғақ затындағы алмасу энергиясын (АЭ) 10,3 МДж-ден 8,8 МДж-ге төмендетіп, жалпы энергияның (ЖЭ) алмасу энергиясына айналуын 60%-дан 46%-ға дейін азайтылғанын көреміз. Осыған байланысты азық желіну көлемі желінгеннен кейінгі оның қорытылуымен де тығыз байланысты келеді.

Желінген жемшөптегі жасунықтың физиологиялық шамадан тыс мөлшері жалпы азық көлемі мен аумағын ұлғайтумен қоса өзінің де, өзімен қатар басқа да қоректік заттардың қорытылуына кедергі келтіріп, жалпы жемшөп желінуін шектейді. Өйткені жасунықты аумақты азықтың ас қорыту жолынан өту мерзімі ұзарып, қорытылуы баяулайды. Осыған байланысты мал қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастарды астық тұқымдастардан гөрі көбірек жей алады, ал құрғақ затымен есептегенде аумақтырақ болып келетін сүрлемді күйісті мал пішенге қарағаңда 20%-дай кем жейді.

Азық желінуін мал тәбетін ашатын сірне, ашытқылар, биологиялық активті минералдық заттар, витаминдер қосындылары жоғарылатады. Мысалы, А.Синещековтың тәжірибелік мәліметіне сәйкес жалпы қоректілігі бойынша 79,7% ірі және 20,3% құнарлы жемшөп берілген сиыр тәулігіне 13,1 кг азық жеп, оның 42,4%-ы қарында, 18,1%-ы ішекте, яғни жалпы 66,6% қорытса, 18,8% ірі, 43,2% шырынды, 38,0% құнарлы жемшөп берілген сиыр тәулігіне 14,0 кг азық жеп, оның 40,1%-ы қарында, 31,9%-ы ішекте, яғни жалпы 72,0% қорытқан. Бұл азық желінуі мен қорытылуының малға берілген жемшеп түрі мен ас қорыту жолынан өту жылдамдығына, осыдан барып ол жол бөлімдерінің біркелкі толтырылуына байланысты екенін де көрсетеді. Әсіресе мұны өнімділігі азық құрғақ затының желінуімен арттырылатын жоғары өнімді сиыр мен бордақылаудағы мал басын азықтандыруда ескеру керек.

Мал азығының желінуі оның өнімдік потенциалын айғақтайтын негізгі фактор болғанымен, ол азықтың мал денесіндегі жалпы пайдаланымына тікелей коррелятивтік ықпал етпейді. Оған азық қоректік заттарының қорытылуымен қатар біршама жағдайлар әсерін тигізеді. Олардың ішінде азық қоректілігінің жалпылама көрсеткіші болып табылатын энергетикалық қуаттылығының орны ерекше. Мұны мал тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіруге пайдаланылатын алмасу энергиясының көлемі оның желінген құрғақ затындағы шоғырлану дәрежесіне тәуелді өзгеретіндігі туралы Г.Богдановтың (1990) келтірген мәліметтері көрсетеді (10-кесте).

Келтірілген деректен мал азығының құрғақ затындағы алмасу энер-гиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның күйісті мал тіршілігін қамтамасыз етуге пайдаланымы – 66%-дан 78%-ға, дене салмақ қосымына пайдаланымы – 33%-дан 66%-ға жоғарылайтынын, ал сүт өндіруге азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының 10-12 МДж/кг көлемінде шоғырланғаны тиімді екенін көреміз. Мұны К.Блекстердің сиыр азығының 1 кг құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесіне байланысты оның тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге пайдалану тиімділігі – 60-78%, қосымша дене салмақ қосымына пайдалану тиімділігі – 33-66%, сүт өндіруге пайдалану тиімділігі – 61-70% құрайтыны туралы мәліметтері де растайды.

10-кесте. Азық құрғақ затындағы шоғырлану дәрежесіне байланысты алмасу энергиясының пайдаланымы

Құрғақ заттағы АЭ, МДж/кг

АЭ/ЖЭ қатынасы,

%

Алмасу энергиясының пайдаланылуы, %

тіршілікті қамтамасыз

етуге

дене салмағын

қосуға

сүт түзуге

6,69

36,4

66

33

62

7,53

41,0

67

36

64

8,36

45,5

68

40

66

9,20

50,0

70

44

68

10,04

54,5

71

47

69

10,87

59,0

72

51

70

11,71

63,6

74

55

70

12,56

68,2

75

58

68

13,38

72,7

76

62

64

14,22

77,3

78

66

61

 

Азықтандыру деңгейі кеміген сайын қоректік заттар пайдаланымының жоғарылайтынына мал қоректендіру ғылымының негізін қалаушы зерттеуші-лер де байқаған. Бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізілген респирациялық тәжірибелерінің нәтижелерін қорытындылай келе, бұл жөніндегі тұжырымын неміс ғалымы Оскар Келнер 1926 жылы шыққан («Жануар азықтандыру» «Tierernerung») атгы кітабында жазады.

О.Келнердің деректерінен сиыр азықтандыру деңгейінің тіршілік қажетті-гінен артқан сайын қоректік заттар пайдаланымы нашарлап, азықтандыру тиімділігінің кемитіні белгілі. Соның салдарынан шығындалған азық бірлігіне өндірілген өнім мөлшері азайып барып, тіпті қосылмайтын болады. Мұндай жағдайды сол кезде АҚШ-та жүргізген тәжірибелерінде Форбс (1928) пен Митчелл (1932) де байқаған. Мал азығының тіршілікті жеткілікті қамтамасыз ету деңгейінен ұлғайған сайын, оның 1 кг құрғақ затына өндірілген таза энергия көлемі азайып қана қоймай, сонымен қатар, физиологиялық пайдалы алмасу энергиясына айналымы да төмендеген. Бұл жағдай рациондағы минералдық заттың мөлшеріне тікелей байланысты.

Мал қоректенуіндегі қоректік заттар деңгейі жоғарылаған сайын олардың пайдаланымының кему зандылығын азықтандыру ғылымы мен практикасы-ның бүгінгі күнге жиналған деректері де дәлелдей түседі. Азық қоректілігінің бірлігі, яғни өлшемі ретінде алынған сұлы азық өлшеміне (с.а.ө.) шаққанда, 1 кг сүт түзілуіне қандай да болмасын сиыр сүттілігінде (сауымында) – 0,48 а.ө. шығындалады.

Бірақ азықтандыру практикасында сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын 1 кг сүтке шығындалатын азық мөлшері, яғни а.ө. азаяды. Бұл мал организмінің тіршілігін сақтап, өнім өндіруіндегі мұқтаждығы мен шығыны жай механика-лық алып-қосу заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін, күрделі биологиялық физиологиялық-биохимиялық үрдіс екенін керсетеді.

Желінген азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесіне байланысты оның тіршілік қажеттігі мен өнім өндіруге жұмсалуы өзгереді – тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын үлесі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын үлесі өсе түседі. Орташа өнімді мал денесінде жалпы энергия шығынының 40-60% тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады. Мысалы, 1 кг құрғақ затында 9,0 МДж АЭ шоғырланған азық жеген сиыр майлылығы 3,8-4,0%, 1 кг сүт түзуге – 5,8-6,0 МДж АЭ шығындаса, 10,0 МДж АЭ шоғырланған азықпен азықтандырылған сиыр – 5,2 МДж АЭ, ал 11,0 МДж АЭ шоғырланған азықпен азықтандырылған сиыр – 4,6-4,8 МДж АЭ шығындайды.

Осының бәрі, сайып келгенде, мал қоректену барысының басталуы, яғни берілген жемшөптің желінуі мен содан кейінгі қорытылып, пайдаланылуы, бірқатар биолого-физиологиялық зандылықтармен өтетін өте күрделі үрдіс екенін айғақтайды.

 

2.3.2 Қоректік заттардың қорытылуы

 

Мал жеген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорыту барысында механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңіріледі. ЬІдырап үлгермеген қоректік заттар ас қорыту жолында сіңірілмей, қорытылмаған қалдықтар түрінде нәжіспен (тезекпен) тік ішектен сыртқа шығарылады. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады.

Ас қорытылуы. Желінген жемшеп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан басталады. Онда енген азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (алдымен, амилаза) мен минералды заттар оның құрамына сіңіп, әсер ете алатын қосындыларын (айталық, амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға (асқазанға) түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) ферменттерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылда-нып, борсып-босаған, боркеміктенген азық жыны (химус) онекі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Оған өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен және бауыр өтімен араласады.

Өттің қосындылары азық майының ішек сөлі ферменттерімен (липазалар-мен) ыдыратылуына көмектеседі. Аш ішекке өткен химус қоректік заттары ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жай қосындыларға дейін (протеиндер – аминқышқылдарына дейін, майлар – май қышқылдары мен глицеринге дейін, көмірсулар – глюкоза, фруктоза түріндегі моноқанттарға дейін) ыдыратылады. Химиялық тұрғыдан қарапайым қосындылар болып келетін амин және май қышқылдары мен қарапайым қанттар аш ішек түгінен өтіп, қан мен лимфа құрамына сіңіріледі. Толық ыдырап үлгермеген қосындылар тоқ ішекке өтіп, тік ішекке жылжу барысында химус суы қайта сіңіріліп, біртіндеп нәжіс (тезек) қалыптасады.

Жасунықты өсімдік жемшеппен қоректенетін мал түлігінің қарын сыйымдылығы мен ішек ұзындығы жасунығы аз азықпен қоректенетін жануарлардікінен анағұрлым басым болып келеді. Тіпті күйіс қайыратын малдың (ірі қара, қой, ешкі) қарны бөлімденіп, бірнеше алдыңғы қарын бөлімнен тұрады. Оның алдыңғы месқарын, жалбыршақ және тақия қарыннан тұратын үш бөлімі желінген жемшөпті мейлінше көп сыйғызып, ондағы микроорганизмдер көмегімен қорытылуын жоғарылату үшін жаратылған азық қоймасы ретінде қызмет атқарады. Бір қарынды малдың қарнындағыдай нағыз қорыту көп бөлімді қарынның тек төртінші бөлімі – ұлтабарда өтеді. Бір бөлімді қарынның да ішкі қабаты біркелкі кілегей қабығынан тұратын қарапайымы және кілегей қабығының әр жерінің құрылысы мен бездері әр түрлі болып келетін кардиалдық, фундальдық және пилорикалық бөлімдерге белінетін күрделісі болады.

Ауыз қуысының сілекейімен ылғалданып, сілекейдегі амилаза фермент мен көмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарын құрамында тұз қышқылы бар қарын сөлі әсер етеді. Ондағы қышқыл ортада пепсин ферменті әсерленіп, азық протеинін ыдырата бастайды. Онекі елі ішекте құйылатын өт азық майының қорытылуына көмектесіп, негізгі қорыту аш ішекте қарын асты безі мен ішек бездерінің сөліндегі ферменттермен (пепсин, трипсин, амилаза, т. б.) ыдыратылады. Тоқ ішекте химус суы сіңіріліп, тезек қалыптасады.

Бірқарынды малда азық негізінен ішекте қорытылып, сіңіріледі. Көпқарынды малдың алдыңғы қарындары тек азықты сыйғызып, жинайтын орны болғанымен, ондағы орнатылған қолайлы жағдайда (месқарындағы жылы, ылғалды, қараңғы, реакциясы сәл сілтілі, қоректік затқа бай ортада) микро-организмдер тіршілігінің арқасында химуста көптеген физиологиялық және химиялық өзгерістер өрістейді де, солардың барысында малдың өзі қорыта алмайтын өсімдік жасунығы ыдыратылып, жеңіл қорытылатын көмірсулардың ашытылуынан күйісті малдың негізгі энергия кезі болып табылатын сүт, майлы, пропион, т. б. секілді ұшпалы май қышқылдары (ҰМҚ) пайда болады. Олар қарыннан тікелей қанға сіңіріліп энергетикалық алмасу мен өнім түзуіне пайдаланылады.

Бұл әрине мал организміндегі ас қорыту барысының жалпы жобалық суреттемесі. Іс жүзінде бұл үрдіс өте күрделі, әр мал түлігі мен құс түріне тән өз ерекшеліктері бойынша өтеді. Айталық, месқарын, жұмыршақ (тақия қарын), жалбыршақ (қатпар қарын) күйісті мал қарнының алдыңғы бөлім-дерінде тұз қышқылды ас қорыту сөлі бөлінбейтіндіктен, онда шынайы түрдегі желінген жемшеп қоректік заттарын ыдырататын ас қорыту үрдісі жүрмейді. Оларда желінген жемшөп тек жиналып, біршама мерзім ұсталады да, ондағы түрлі микроорганизмдер тіршілігінің арқасында, бір жағы, микробиологиялық ашытуларға тап болса, екінші жағынан, мал (қожайын) демалып, күйістегенде механикалық түрде мыжылып, ұсақталып, қарынға құйылған сілекеймен қосымша ылғалданады.

Сөйтіп қарынның алдыңғы бөлімдерінде ұсақталып, микробиологиялық үрдіс барысында біршама ашытылып, бапталған жемшөп біртіндеп қарын сөлі бөлінетін нағыз қарын болып табылатын ұлтабарға өтеді. Ұлтабарда құрамын-да тұз қышқылы бар қарын сөлінің қышқылдылығымен химус қоректік затта-ры одан әрі өңделіп, боршаланып, ыдыраушылыққа ұрынады да, химуспен енген микрофлора (бактериялар) мен микрофаунадан (қарапайымдылардан) тұратын микроорганизмдер өлтіріліп, дене қосындылары қожайыны (мал) қорытып пайдаланатын қоректік заттар қатарына қосылады.

Алдыңғы қарын бөлімдеріне күйісті мал жеген азық көмірсуының жар-тысына жуығы осы жолмен ыдыратылып, қорытылады. Соның нәтижесінде қожайын болып келетін мал организмі (макроорганизм) мен қолайлы жағдай туғызылған микроорганизмдер арасында бір-бірінің тіршілігіне көмектесу-шілік қатынас, яғни симбиоз қалыптасады. Азықтың желіну мөлшері (көлемі) оның құрғақ затының аумағына байланысты өзгереді. Өйткені азықтың әр 1 кг құрғақ затына қарында 10-15 л химусқа, яғни жартылай қорытылған қарын жынына айналып, онекі елі ішекке енеді. Тәулігіне қарыннан сиыр ішегіне - 250 л, шошқа ішегіне – 50 л шамасында химус енеді де, ішекте оның 92% суы, 55% құрғақ заты, 53% органикалық заты (41% көмірсулар мен майлар, 96% протеин), 65% минералды заттары сіңіріледі. Сіңірілген қоректік заттар мал тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім түзіміне жұмсалады.

Ас қорыту процестеріне қатысатын барлық ферменттердің құрамында микроэлементтер болғандықтан олар зат алмасу процесіне тікелей әсер етеді.

Күйісті малдың ас қорытуы. Көп бөлімді күрделі қарынды күйіс қайы-ратын малдың ас қорытуы қарапайым қарынды малдікіне қарағанда көп ерекшеленеді. Күйісті малға жататын мүйізді ірі және ұсақ қара мал жемшөпті күшті тілімен молынан орып, жалмайды да, бір-екі шайнап, мол сілекейлеп жұтады. Олар ішкен судың негізінен күрделі қарынның алдыңғы бөлімдерінде сіңіріліп, қанмен сілекей бездеріне жеткізіледі де, олар өндірген мол сілекей-мен қайта ауыз қуысына құйылады да, шайналған жемшөппен месқарынға түседі. Осындай организмдегі ішкі су айналымының арқасында ол үнемді жұмсалып, бүйрек арқылы аз мөлшерде ғана бөлініп шығарылады.

Алдыңғы қарын бөлімдерінің ішіндегі негізгісі де ең аумақтысы месқарын. Мүйізді ірі қара малдың месқарын сиымдылығы 180 литрге дейін болады.

Күйісті малдың жалпы қарын аумағы ас қорыту жолының 60-65% қамтып, қалған 20-21% - аш ішек, 2-3% - соқыр ішек (бүйен), 9-11% - тоқ және тік ішек аумақтарына тиеді.

Күйісті малдың ас қорытуындағы басты ерекшелік күрделі көп бөлімді қарын құрылысымен байланысты. Төрт бөлімнен тұратын қарынның алдыңғы үш бөлімінде, атап айтқанда екі бөлікті болып келетін месқарында (түксіз болғандықтан тазқарын деп те атайды), жұмыршақ келген тақия қарында және қатпарланған жалбаршақта ас қорытатын қарын сөлін бөлетін бездер болма-ғандықтан, онда түскен жемшөп тек алдын ала өңдеуден өткізіледі. Оларды алдыңғы қарындар деп атайды да, ас қорыту бездері бар ұлтабарды шынайы қарын деп атайды. Алдыңғы қарындарда сілтілі реакциялы сілекеймен мол ылғалдандырылып жұтылған жемшөп жиналып, сақталып, мал демалып күйіс-тегенде ауыз қуысына кекіріліп қайта қайрылады да, мұқият шайналып және мол сілекейленіп барып қайта жұтылады.

Бір қарынды малға қарағанда күйісті малдың сілекейі желінген жемшөптің ылғалдылығынан (құрғақтығынан, құрғақ затының көлемінен) бұрын оның физикалық-химиялық қасиеттеріне тәуелді бөлінеді. Мысалы, желінген сүрлемнің әр 1 кг құрғақ затына шамамен 14 л сілекей бөлінсе, пішендікіне – 17 л, ал ылғалды көк балаусанікіне 32 л бөлінеді. Бұл күйісті мал үшін сілекей тек қана желінген жемшеп құрғақ затын ылғалдандырушы ғана емес, негізінен месқарындағы биохимиялық үрдіске оңтайлы жағдай туғызып, реттейтін электролиттік химиялық қосынды қызметін атқаратынын аңғартады. Тәулігіне бөлінетін сілекеймен мүйізді ірі қара малдың месқарнына 1000-1500 г екікарбонаттар мен 200-500 г фосфаттар еніп, онда бейтарапты (рН =  6-7) орта орнатып, қараңғы да жылы (39-410С) жағдайда бактериялар мен қарапайымдылардан тұратын микроорганизмдер дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Месқарындағы микробиологиялық өзгерістер барысында микроорга-низмдердің көпшілігі шығаратын көмірсу ыдыратушы ферменттердің әсерінен азық көмірсулары глюкозаға дейін ыдырап, одан анаэробтық гликолизде ұшпалы май қышқылдарына айналатын пирожүзім қышқылы пайда болады. ҰМҚ пайда болу барысында месқарында көміртегінің тотығы мен сутегі жиналады. Олардан және де сірке қышқылының түзілуінде пайда болатын метан газының негізгі көлемі кекірікпен шығарылады.

Месқарында азық протеині микроорганизмдердің протеолитикалық ферменттерінің әсерінен ыдырай бастайды да, аминсызданған аминқыш-қылдарынан аммиак пайда болады. Көптеген микроорганизмдер бұл және де басқа да азотты қосындылардың, айталық карбамидтің аммиагін игере алады. Бірақ тез арада көптеп пайда болған аммиакты игеріп үлгеруі үшін оларды қант секілді жеңіл ыдыратылатын энергия көзімен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін желінген жемшөптегі қант-протеин қатынасы – 0,8-1,2 : 1 аралығында болуға тиіс.

Күрделі қарынның алдыңғы бөлімдерінде өңдеуден өткен азық химусы жалбыршақ арқылы ұлтабарға өтеді. Тәулігіне мүйізді ірі қара мал ұлтабарында – 100  литрдей бөлінетін қарын сөлі, негізінен, тұз қышқылы мен пепсиннен тұрады. Ол ұлтабарға енген азотты қосындыларды, оның ішінде, микробтар денесін ыдыратады. Ұлтабардан азық химусы онекі елі ішек арқылы ұзындығы мүйізді ірі қара малда – 40-50 м аш ішекке өтеді, одан тоқ ішекке өтеді.

 

2.3.3 Мал азығының қоректілігін бағалау

 

Азық қоректілігі деп оның мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін түсінуіміз керек. Бір мөлшерде малға жегізілген жемшөптің қайсысы тіршілік пен өнімдік қажеттігін толығырақ өтесе, сол жемшөптің қоректілігі жоғары болып есептелінеді. Сайып келгенде, жемшөп қоректілігі оның азықтық шығын бірлігіне өндірілген өнім мөлшерімен өлшенеді. Аз жемшөп шығынымен мол өнім өндіріп, өнім өндіруге жұмсалған азық мөлшерін, ал соған тікелей байланысты жалпы шығынын мейлінше кеміту үшін мал азықтандыруды ғылыми түрде ұйымдастыру керек. Оны осылай ұйымдастыру алдымен мал азығының қоректілігін дұрыс бағалауға негізделеді.

Ауыл шаруашылығының даму барысында мал азығына дайындалған жемшөптің көлемімен қатар оның қоректілігін, сапасын бағалау қажеттілігі туындады. Сол өндірістік қажеттілікті өтеу үшін әр елде ғылыми ізденістер жүргізілді. Сол ізденістердің алғашқыларына неміс зерттеушісі Албрехт Теердің «Малды тиімді азықтандыру негіздері» атты еңбегі жатады. А.Теер азық қоректілігін шалғын пішенінің қоректілігімен салыстыруды ұсынды.

Осы әдіспен есептелінген 100 фунт шалғын пішенінің қоректілігіне тең қоректік заттар қосындысы беде не жоңышқа пішенінің – 90 фунтында, картоптың – 200 фунтында, сәбіздің – 266 фунтында, азықтық қызылшаның – 460 фунтында, азықтық орамжапырақтың  - 600 фунтында болғандықтан, олардың бұл мөлшері пішендік теңеулері  деп аталды. Мысалы ол теңеулер бойынша 1 кг қызылшаның пішендік теңеуі – 0,2 кг (1 кг шалғын пішеннің өнімдік әсеріне одан 5 есе көп, яғни 5 кг қызылшаның өнімдік әсері теңестірілуінен) деп алынды.

Француз ғалымы Ж.Буссенго қоректіліктің азықтағы азот мөлшерімен есептелінген пішендік теңеулер кестесін жариялады.

XIX ғасырдың екінші жартысында жылдам дами бастаған химия мен физиология ғылымдарының жетістіктері азық қоректілігінің химиялық құрамынан басқа да қасиеттерімен байланысты екеңдігін айғақтады. Соған байланысты Либих, кейінірек неміс ғалымы Эмиль Вольф азық қоректілігін химиялық құрамымен бағалауды ұсынды. Ал Э.Вольф жемшөп қоректілігін пішендік теңеулер және жалпы химиялық құрамымен бағалаудың жеткілісіз екенін айқындап, сиырдың қоректік мұқтаждығын қорытылатын белок, май және көмірсулар қосындысымен бағалауды ұсынды.

Уолл мен Хемфри болса азық қоректілігін бағалаудағы Э.Вольфтың бұл әдісін қорытылатын қоректік заттар қосындысымен (ҚҚЗҚ) бағалау деп атауды ұсынды. Бұл әдістің басты кемшілігі ретінде азық қоректік заттарының ас қорыту барысындағы тек алғашқы сатысына, яғни қорытылуына негіздел-генін келтіруге болады.

Осындай зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы жемшөптің түрлі қосын-дыларының, оның ішінде, қиын қорытылатын жасунықтың қоректенудегі маңызын айғақтаған В.Геннеберг пен Ф.Штомман жасунық қорытылуының азықтың жалпы қоректілігіне ықпал ететіні туралы тұжырым жасап, қоректілікті қорытылатын заттармен бағалауды ұсынды. Бірақ олардың да ұсынысының физиологиялық тұрғыдан негізделуі жеткіліксіз болды. Осы кезде Юлиус Кюн қоректілікті азотсыз экстрактивті заттар қоректілігін – 1,0, май қоректілігін – 2,4, белок қоректілігін – 6,0-ге теңестіріп алатын «көмірсу-лық бірлікпен» бағалауға болатынын айтып кетті.

Бұл тәсілдерді іс жүзінде қолдануға бейімдеу үшін Данияда Фиорд пен Ванкель, Швецияда Н.Гансон жемшөп қоректілігін мал салмағы мен өнімділігіне тигізген әсері бойынша тең жартысы (0,5 кг) арпа, тең жартысы (0,5 кг) сұлы дәнінен тұратын 1 кг қосындының қоректілігімен салыстырмалы түрде бағалауды ұсынды. Бірақ азық қоректілігін бағалаудың бұл тәсілдері еш физиологиялық негіздеусіз эмпирикалық жолмен анықталды

Осы тәжірибелердің нәтижелерін қорыта келе 1915 жылы Копенгагенде өткен съезде азық қоректілігінің өлшемі ретінде скандинавтық азық өлшемі деп аталған 1 кг арпаның қоректілігін алу жөнінде шешім қабылданды. Әдебиетте оны арпалық азық өлшемі деп те атайды. Бұл жемшөп қоректілік-тілігін эмпирикалық жолмен бағалайтын қолайлы тәсіл Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия кіретін Скандинав елдерінде қазіргі кезге дейін қолданы-лып келеді.

XX ғасырдың басында дүниежүзілік ғылым мен өндірістің дамуының арқасында азық қоректілігін жан-жақты дәл бағалауға мүмкіндік туғызылды. Неміс ғалымы Оскар Кельнер азық қоректілігін организмдегі азот, көміртегі мен энергия теңеулері бойынша өнімдік әсерімен бағалауды ұсынды.

Малдың зат пен энергия алмасуын зерттейтін тәжірибелер жүргізілетін респирациялық қондырғыларда қалыпты атмосфералық қысым жағдайында малдың тыныстанған оттегі газ сағаты арқылы енгізіліп, шығарған көмірқыш-қыл газымен (СО2), негізінен метан (СН4), содан кейін күкіртгі сутегі, көміртегі тотығы, ацетон, этан, т. б. (Н2S, СО, С2Н5, т. б.) тұратын ішек газдары сорылып шығарылады. Олардың шығарылған көлемі газ есептегіші-мен өлшеніп, 10% су буын байлайтын күкірт қышқылы құйылған ыдыстан, содан кейін көмірқышқыл газын байлайтын сілті құйылған ыдыстан өткізіледі. Онда байланған көмірқышқыл газын қондырғыдан өткізілген ауа көлеміне көбейте отырып, жалпы көлемін есептейді де, оның тынысталынған оттегіне қатынасымен (СО22) мал организмінің энергетикалық алмасуын сипаттай-тын респирациялық коэффициентін (RQ) шығарады.

RQ арқылы малдың тіршілігін қамтамасыз ету деңгейіндегі дене жылу өндіруін анықтайды. Өйткені бұл деңгейде организмде физиологиялық пайдалы (алмасу) энергиясын бөлумен өтетін қоректік заттар ыдырауы, биохимиялық тұрғыдан тотығу түрінде өтеді. Оның тотығуына жұмсалған оттегінің көлемін шығарылған кемірқышқыл газының көлемімен бақылауға болады. Мысалы, глюкоза тотығуы келесі жолмен жүреді:

С6НІ2Об + 6О2 ® 6СО2 + 6Н2О + 2,822 МДж

Азық қоректілігін өнімдік әсерімен, атап айтқанда мал денесіндегі май байланымымен бағалау үшін О.Кельнер сақа өгіздермен тікелей респирация-лық тәжірибелер жүргізсе, американдық ғалым Генрих Армсби малдың энергетикалық алмасуын зерттеуде жанама көрсеткіштерін де пайдаланды. Оның есебі бойынша қорытылған әр 100 г көмірсулардан 4,5 г метан пайда болып, соған пара-пар энергия (күйісті малдың жеген жемшөп энергиясының 6-12%) жоғалтылады. Ішек газдарына қоса желінген жемшөп пен мал денесіне енген бүкіл, яғни брутто энергиясынан ас қорыту барысында пайдасыз шығындалатын тезек пен зэр энергиясын алғанда таза өнім өндіруге жұмсала-тын, яғни нетто энергиясы шығады.

Бүгінгі күнге бізде мал азығының қоректілігі бағалау бірлігі ретінде сулы азық өлшемі деп аталатын орта сапалы 1 кг сұлы дәнінің сақа өгіз денесіндегі май байлау түріндегі өнімдік әсері алынған. Азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалау О.Кельнердің респирациялық тәжірибелерінде анықтаған қоректік заттардың май байлау коэффиценттеріне негізделген. Азық қоректілі-гін есептеуде тұрақты түрде қолданатындықтан, оларды константалар, яғни өзгермейтін көрсеткіштер деп те атайды.

О.Кельнер азықтардың май байлау мөлшерінің орнына сол көрсеткіші бойынша оларды ауыстыруға пара-пар келетін крахмал көлемін (100 г/кг) келтіріп, бұл сандарды азықтың крахмалдық теңеулері деп атаған.

Азық қоректілігін крахмалдық теңеулермен бағалау мал денесіндегі азот пен көміртегінің балансы арқылы есептелінген оның өнімдік әсеріне негізделген. Азот балансы бойынша мал денесіндегі белок (белокта орташа 16,67% азот болатынын ескеріп) байланымын, сол арқылы бұлшық ет қосылуын (бұлшық етте 23,2% белок болатынын ескеріп) есептесе, көміртегінің балансы бойынша оның белок түзілуіне (түзілген белок құрамына 52,54% көміртегі енетінін ескеріп) жұмсалған мөлшерін алып тастап, денедегі май байланымын (май құрамында 76,5% көміртегі болатынын ескеріп) есептейді. Мысалы, О.Кельнер тәжірибелерінің бірінде өгіз денесіне желінген жемшөппен енген...

- 186,46 г азоттан 179,24 г тезек және зәрмен шығарылған;

- 5574,5 г көміртегі 4891,9 г тезек, зәр және ішек газымен шығарылған. Демек, денеде қалып қойған...

- 7,22 г азоттан (7,22 х 100) : 16,67 = 43,4 г белок түзіліп,

- 682,9 г көміртегінің (43,4 х 52,54) : 100 = 22,75 г белок түзілуіне жұмса-лып, қалған (682,6 - 22,75) = 659,85 грамынан (659,85 х 100) : 76,5 = = 862,55 г май байланғаны есептелінген.

О.Кельнер 18 жыл жүргізген 100 тәжірибесінде тікелей 16 азықтың өнімдік әсерін зерттеп, қалған 248 азықтың өнімдік әсерін азот пен көміртегі балансы бойынша есептеп шығарған. Қоректік заттардың энергетикалық қуат-тылығы бойынша (1 г белокта – 5,7 кал, 1 г майда – 9,5 кал) ол жемшөптердің таза қоректік заттарының майға теңестірілген (май байлауы бойынша) өнімдік қуаттылығын есептегенде азот балансы тең (нөлдік) сақа өгіз денесінде көміртегінің оң (+) балансы бойынша есептелген май байлау мөлшері мынадай болған:

- 100 г қорытылатын белоктікі – 23,5 г;

- 100 г қорытылатын майдікі – 47,4-59,8 г;

- 100 г қорытылатын көмірсулардікі – 24,8 г.

Бүгінгі күнгі бірқатар азық қоректілігін бағалау өлшемдері мал азығының энергетикалық қуаттылығына негізделгендіктен, оның зерттеулеріне толығы-рақ тоқталайық.

Малдың газ алмасуымен жылуын өлшейтін респираторлық калориметрде 11 жылда өткізілген 76 тәжірибесінде Г.Армсби 10 азықтың энергетикалық қуаттылығын зерттеген. Сақа өгізге жегізілген бұл азықтардың мал денесіне енген жалпы (брутто) энергиясының қорытуға, дене жылуына және бұлшық ет жұмысына жұмсалуын бөлінген тезегі мен зәрін калориметрлеу арқылы, ал ішек газдарымен жоғалтылуын олардың ішіндегі басым пайда болатын метан көлемімен (қорытылу барысында әр 100 г көмірсулардан 4,5 г метан пайда болады) есептеп тапқан да мал денесіңде пайда болған энергия (Э) түрін келесі жолдармен есептеген:

- қорытылган Э = желінген азық Э – тезек Э;

- алмасу Э – қорытылган Э – (зәр Э + ішек газдарының Э);

- өнім = алмасу Э –  жылу Э.

1-сурет. Өгіз денесіндегі энергия алмасуы (%)

 

Осылайша іс жүзінде санаулы жемшөптің энергетикалық қуаттылығын зерттеп, оны терммен бағалаған Г.Армсби қалған азықтардың қоректілігін есептеп шығарған жіне де тәжірибелері бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізілуіне қарамастан, оның деректерін өсіп келе жатқан төлмен сүтті сиырларға да қолдануға болады деп сенген.

Қазіргі кезде көптеген елдерде азық қоректілігін оның организм қызметі-не не өніміне жұмсалған алмасу энергиясымен есептейді. Алмасу энергиясын (АЭ, ккал не МДж), мал жеген азықтың жалпы энергиясынан (ЖЭ), тезекпен (ТЭ), зәрмен (ЗЭ) және ішек газдарымен (ІЭ) жоғалтылған көлемін алу арқылы есептеп шығарады: АЭ = ЖЭ - (ТЭ + ЗЭ + ІЭ).

Англияда К.Блэкстердің азық қоректілігін алмасу энергиясымен бағалау жүйесі қолданылады. 1963 жылы А.Дмитриченко мал азығы қоректілігін 2500 ккал (10 МДж) АЭ тең энергетикалық азық өлшемімен бағалауды ұсынды.

 

2.4 Мал азығының құнарлылығы

 

Жануар организмінің қоректенуі – күрделі биологиялық құбылыс. Оның барысында, бір жағынан, сыртқы ортадан енген жемшөптің күрделі қоректік қосындылары қорытылып, сіңіріліп, игеріліп жатса, екінші жағынан, дене қосындылары ыдыратылып, қайта сыртқа шығарылып жатады. Тіршілік бойы осылай ассимиляция мен диссимиляция (катаболиз мен анаболизм), яғни түзу мен ыдырау түрінде үздіксіз жүретін организмдегі зат алмасуы қажетті қорек-тік қосындылар мен желінген жемшөп арқылы қамтамасыз етіледі. Организм-нің осындай мұқтаждығын жан-жақты да толық қамтамасыз ету дәрежесімен айғақталатын мал азығының қоректілігі қандай да болмасын бір көрсеткішпен белгілеуге келмейді.

Жоғарыда келтірілген азық қоректілігін өлшеу (есептеу) әдіс-тәсілдері мен бағалау өлшемдері қоректілік қасиетін жалпы сипаттайтын химиялық құрамы, қоректік затгарының қорытылуы, азық өлшемі, алмасу энергиясы, т.б. өнімдік (жалпы энергиялық) әсерін біріктіруші көрсеткіштеріне негізделген. Бірақ олар азық қоректілігін жан-жақты қамтып, толық сипаттай алмайды. Өйткені қоректену барысында қоректік заттар әсері көптеген сыртқы және ішкі факторларға тәуелді өзгереді. Мысалы, қорытылатын қоректік заттар қосындысы бойынша сұлымен (62%) шамалас келетін бидай кебегін (60%) бірдей өнімдік әсер өндіру үшін 25% көп жұмсауға тура келеді.

Бұл азық қоректілігінің протеин, май, көмірсулар түріндегі жалпы, яғни энергетикалық қоректілігін сипаттаушы қоректік заттарымен қоса құрамын-дағы басқа да заттарға тәуелді екенін айғақтайды. Ондай, өздері тікелей энергия өндірмегенмен энергия өндіруші қоректік заттардың өнімдік әсерін айғақтауға, олардың өздерінің ішкі құрамдық (сапалық) ерекшіліктерімен қоса организмдегі зат алмасуына оңтайлы жағдай туғызатын минералдық элемент-тер, витаминдер мен биологиялық әсерлі қосындылар жатады.

Демек, мал азығының қоректілігін жан-жақты да толық сипаттау үшін оның жалпы, яғни энергетикалық қоректілігімен қатар құрғақ затының қасиеттері мен желінуін, протеинінің физикалық-химиялық қасиеттері мен аминқышқылдық құрамын, майының ерігіштігі мен ауыспайтын май қышқыл-дарына қаныққандығын, көмірсуларының негізгі фракциялары мен қорытылы-мын, минералдық, витаминдік құрамын анықтайды. Тек сонда ғана азық қоректілігінің биологиялық тұрғыдан толық бағалылығы, яғни құнарлылығы туралы тұжырымдауға болады. Азық құнарлылығын айғақтайтын сапалық көрсеткіштері протеиндік, минералдық және витаминдік құндылығы болып табылады.

 

2.4.1 Азықтың минералдық құнарлылығы

 

Мал азығының минералдық құнарлылығы организмге қажетті мөлшерде және оңтайлы арақатынаста биогенді минералды элементтердің жеткізілуімен бағаланады. Жоғарыда айтылғандай ол элементтерге кальций, фосфор, натрий, калий, хлор, күкірт, магний, темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, т.б. жатады. Зерттеу әдістері мен тәсілдері дамып, мал қоректендіру ғылымы дамыған сайын мұндай биогендік элементтердің қатары толықтырыла түспек.

Минералды заттар организмде құрылымдық (айталық, сүйек пен тіс құрамында) және де алуан түрлі физиологиялық-биохимиялық қызметтер атқарады. Макроэлементтер мөлшері мен грамм-эквивалентгік арақатынасы организм ішкі ортасындағы осмостық қысымды, буферлік сыйымдылықты, қышқыл-сілтілік және иондық теңдікті қалыптастыратын болса, микро-элементтер витаминдер, ферменттер, гормондар секілді әсерлі қосындыларды белсендіріп, әсерлендіреді.

Минералдық элементтер өздері тікелей организмдегі түрлі құрылымдар құрамына кіруімен қатар (мысалы, кальций мен магний – сүйектің, фосфор – фосфатты қышқылдардың, күкірт – күкіртті аминқышқылданының, темір – гемоглобиннің, кобальт – цианкобаламиннің, йод – тироксиннің, т.с.с.), олар-дың көлемі мен арақатынасы азық күлінің реакциясынан бастап, қышқыл-сілтілік қатынас, осмостық қысым, иондық теңдік, қанның буферлік сыйымдылығы, т.б. қалыпты зат алмасуына оңтайлы, У.Кенон гомеостаздық (латынша «gото» бірдей, «status» — жагдай) деп атаған бір қалыптылық жағдай туғызуға қатысады.

Организмде аталған гомеостаздық жағдайлар сақталғанда ғана зат алмасу барысындағы биохимиялық өзгерістер аяғына дейін өтіп, тотығу-тотықсыз-дану реакциялары олардың соңғы көмірқышқыл газы, су мен зәрлік түріндегі қосындыларына ыдыратылады да, қорытылған қоректік заттар энергиясы толығымен игеріледі.

Бұдан бір жарым ғасыр бұрын 1859 жылы жазылған еңбектерінде француз ғалымы Клод Бернар жоғары организмдер екі ортаға – қоршаған сыртқы орта мен өзінің ішкі ортасына тәуелді дамитынын атап еткен. Организмнің ішкі химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері негізінен су мен натрий, калий мен хлор, диссоцияланатын органикалық молекулаларының электролиттері қалыптастыратын изотония, изогидрия, изоиония және изотер-мия жагдайларының динамикалық гомеостазымен айғақталады.

Жануар тіршілігіне қолайлы дене жылуы, сұйықтардың осмостық қысы-мы, сутегі иондарының шоғырлану деңгейі, белок пен қант мөлшері, биоло-гиялық әсерлі иондар деңгейі мен арақатынасы секілді гомеостатикалық биологиялық константалар жағдайлар мен ас қорыту, шығару (бүйрек, екпе, тері арқылы) қызметін жолға қою арқылы жүйке-гуморальдық жүйе реттейді. Организмдегі интерстициальдық сұйық қан мен лимфа жасушаның сыртқы ортасын құрайды да, К.Бернардың пайымдауынша келесі үш қызмет атқарады:

а) жасушаға О2, қоректік және әсерлі қосындылар жеткізеді;

ә) СО2, лактат, гормондар, секреттер, т.б. алмасу қалдықтарын шығарады;

б) ішкі орта қалыптылығын сақтап, жылу бөліп, қант, Са, Nа, т.б. маңыз-ды метаболиттердің қандағы мөлшерін сақтайды.

Осының арқасында мал организмі, бір жағынан, сыртқы ортадан енетін қоректік заттар су мен ауаға ашық болып енгізгенімен, олардың зат алмасуын қамтамасыз ететін жабық ішкі ортасын тұрақтандырады. Денедегі реакция-ларда сутегі ионын, яғни протонды шығаратын қосынды (протон доноры, электрон рецепторы) қышқыл болып, ал протонды қосып алатын қосынды сілті болып табылады. Сутегі ионын шығармайтын және қоспайтын қосынды-лар бейтарап реакциялы болады. К+, Ма+, Са++ катиондары олардың гидро-оксидтері секілді сілтілік қасиет көрсетпейді, тек соңғылардың гидрооксидтік тобы протонды қосып ала алады. Осылардың грамм-эквиваленттік арақатына-сына тәуелді қалыптасатын орта қышқылдылығын сутегі иондарының молярлық әсерлігінің кері логарифмі болып табылатын рН көрсеткішімен белгілейді.

Жасушадағы осмостық қысымды күшейту не әлсірету немесе иондық теңдікті өзгерту арқылы сілтілік қатынасты қалыптастырады. Мал қанының рН = 7,0-7,6 аралығында болуын қос карбонаттар, гемоглобин, плазма белогы мен фосфаттан тұратын буферлік жүйе қышқыл не сілтілі сутегінің ионын қосып алу не шығару арқылы қамтамасыз етеді. Бұл жүйедегі негізгі буферлік қызметті жасуша сыртындағы сұйығының 2/з бөлігін құрайтын интерстициал-ды сұйықтың қос карбонаттары атқарады.

Дұрыс азықтандырмаудан не зат алмасуының бұзылуынан буферлік жүйелерінің шамасы келмей қышқыл-сілтілік қатынастың өзгеруі, мысалы, мүйізді ірі қара мал қанының рН көрсеткіші 7,43-тен жоғарылауы алпеламия деп аталатын алкалозға, ал 7,38-ден төмендеуі ацидемия деп аталатын метабо-ликалық немесе респирациялық ацадозға үшыратады.

Метаболикалық алкалозға ұшыраған мал қанында қос карбонаттар молайып, ал метаболикалық ацидозға ұшыраған мал қанында керісінше азаяды. Оны қалпына келтіру үшін өкпеден көмірқышқылының шығарылуы азайтылып, ол қанда жиналады да, ҚСҚ бұзылуынан орын алған метаболика-лық өзгерістер көмірсу-май алмасуының толық тотықпаған қосындыларының да қанда көп жиналуымен сипатталатын кетозға душар етеді.

Өкпе мен қандағы газ алмасуының езгеруінен туындайтын респираторлық алкалоздағы ҚСҚ бұзылуы, қандағы көмірқышқылының парциалды қысымын (рСО2) өсіріп, ал алкалозда керісінше төмендетеді. Кей жағдайда бұл мета-боликалық және респирациялық бұзылушылық қатар орын алып, тіпті зат алмасуының басқа да бұзылуымен ұштасады. Малға жеткізілген азық анион-дары не катиондары тірі организмдегі (өсімдіктегі) көлеміне эквивалентті келетіндіктен, ҚСҚ өзгеруіне олардың мөлшерінен көрі азық үлгісі жағыл-ғаннан кейінгі азық күлінің «қышқылды» не «сілтілігі» ықпал етеді, өйткені ас қорыту барысында желінген азық «жағылып», тотыққанда органикалық қышқыл қалдықтары ыдырап катиондары қалады.

Қарапайым бактериялардан бастап күрделі мал организміне дейінгі тіршіліктің молекулалық деңгейде ұйымдастырылған принциптері бір. Оны барлық тіршілік иелерінің катализ бен генетикалық мәліметті ұрпақтан ұрпақ-қа беруі айғақтайды. Бірақ осы ұқсастыққа қарамай тіршілік иелерінің алуан түрлі болуы олардың эволюция барысында сыртқы орта жағдайына бейімделу-шілігінен туындайды. Оның механизмін түсіну үшін қоршаған орта өзгеріс-теріне жауап ретінде барлық тіршілік иелерінде бірдей орын алатын биохимия-лық өзгерістерді атап өтуге болады. Оларға...

- әр түрлі ортада алдымен ферменттер, жиырғыш белоктар, нуклеин қышқылдары, т.б. құрылымдық макромолекулалар бірлігі мен қызметін қамтамасыз ету;

- жасушаларды энергия (АҮФ), биотүзу мен қорға (гликоген, май, т. б.) қажет құрылымдық қосындылармен қамтамасыз ету;

- сыртқы орта жағдайына сәйкес метаболикалық бағыты мен жылдамды-ғын өзгертетін жүйелер қызметін қамтамасыз ету... түріндегі бейімделушілік реакциялары жатады.

Бұл фундаменталды жүйелер қай ортаға болмасын барлық тіршілік иелеріне қажет бейімделу бағытын бірдей өзгертеді. Бірақ организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделіп, адаптациялануы бұдан жүз жыл бұрын К.Бернар айтып, У.Кеннон дамытқан сыртқы орта жағдайының өзгеруіне қарамай организмнің ішкі бірқалыптылығы сақталатыны туралы гомеостаздық ілім қағидаларына қарама-қайшы келмейді. Организм бір қалыптылығы мен өзгерушілігі бір-біріне әсер ететін құбылыстар. Мысалы, глюкоза деңгейін сақтау үшін қарама-қайшы жүретін глюкогенез бен гликолиз үрдісінің ұштасуы қажет.

Сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты организмнің кейбір гомеостатистикалық көрсеткіштері біршама өзгеріп тұрады. Айталық, қан мен жасушалық сұйық реакциясы (рН) дене жылулығына тәуелді өзгереді. Бірақ та жылулыққа байланысты қан реакциясының өзгеруі тек белок қызметі бұзылмайтын аралықта ғана өтеді. Бұл тіршілік өзгерістерін қамтамасыз етуде соған ықпал ететін құрылымдар біркелкілігінен бұрын олардың өтуіне қажет жағдай туғызылғаны маңыздырақ болып табылатынын керсетеді. Сондықтан Мангум мен Тоуленің (1977) тұжырымдауы бойынша бейімделушіліктің нәтижесі бірқалыптылық гомеостазды сақтаудан бұрын функцияны (қызметті) қамтамасыз ету, яғни энантиостаз жағдайын маңыздырақ деп түсінгеніміз жөн сияқты. Организмнің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне бейімделуші-лігі үш негізгі бағытта өтеді:

1) Жасушалар мен сұйықтардың макромолекулаларының (айталық ферменттердің) бейімделушілігі олардың санының, яғни шоғырлануының немесе сапасының, яғни жаңа қасиеттерінің пайда болуы арқылы өзгеруімен;

2) Макромолекулалар дамитын микроортаның (осмостық қысым, иондық теңдік, т. б.) өзгеруімен;

3) Макромолекулалар қызметінің жаңа жағдайға бейімделуімен.

Міне, осы негізгі үш бағытта жүретін бейімделушілікте локомация, өсу немесе анаэробиозға өтумен байланысты ферменттердің әсерлігін өзгертетін метаболикалық реттеу, ферменттер ингибиторлары не олардың әсерлігін арттырушы заттары арқылы іске асырылады. Және де көп жағдайда осы механизм арқылы өтетін бейімделушіліктің үш бағыты ферменттердің био-химиялық реакцияларды катализдеу мен зат алмасуын реттеуі арқылы бірден жүргізіледі. Саны мен сапасының (құрамының) өзгертілуі арқылы жүретін ферменттердің катализдеу мүмкіндігін өзгерту көп жағдайда олардың жалпы пәрменділігін өсіруден маңыздырақ болады.

Желінген азық реакцияның мал денесіндегі қан, лимфа, сілекей секілді сұйықтарының реакциясына сөйкес сәл сілтілі, яғни рН көрсеткіші бойынша 7,2-7,4 аралығында болуы керек. Олай болмаған жағдайда мал азығы күлінің реакциясының бұл көрсеткіштен үзақ мерзім ауытқуы (өзгеруі) қан реакциясы-ның сілті не қышқыл жағына өзгеруін туындатып, малды ацидоз не алкалоз түріндегі зат алмасу бұзылушылығына соқтырады. Оған ұшыраған малдың қанында кетон, ацетон секілді аралық алмасу енімдерінің деңгейі ұлғайып, мал кетонемия, ацетонурия ауруларына шалдығады.

Бұған жол бермеу үшін мал азығының күлінде сілті элементтерінің грамм-эквиваленттік қосындысы қышқыл элементтерінің грамм-эквиваленттердің қосындысынан сөл басым түсіп, қышқыл-сілтілік қатынас аралығы ҚСҚ = 0,8-0,9 болуға тиіс. Элементтің атом массасын валенттігіне бөлу арқылы есептелінетін грамм-эквиваленттерін санап отырмау үшін мал азығындағы қышқыл-сілтілік қатынасты элементтердің атомдық салмағы бойынша келесі жолмен шығаруға болады:

ҚСҚ = (80Р + 62S + 28Сl) : (50Са + 25,5 + 44Na + 52Мg), г.

Қышқыл-сілтілік қатынаспен қоса алмасуы өзара тығыз байланысты және бір-бірінің алмасуына әсер ететін элементтер арақатынасын да қадағалайды. Айталық, организмдегі су алмасуына қатысатын натрий мен калий арақаты-насы 0,4-0,5, ал сүйек қалыптасуына қатысатын кальций мен фосфор арақаты-насы 1,5-2 : 1 аралығында болуға тиіс. Сонда ғана бұл элементтер ас қорытуда жақсы сіңіріліп, алмасу барысында тиімді пайдаланылады.

Оңтайлы арақатынастары бұзылған жағдайда олардың сіңіріліп, пай-даланылуы нашарлап, желінген азық және минералды қосындылармен жеткі-лікті көлемде жеткізілуіне қарамастан организмде олардың жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Мысалы, мал мен құс азығына азықтық бор, өк, ұлу қабыршығын қосып, кальциймен оңай толықтыруға болады. Бірақ соған қарамастан малдың онтогенезі (жеке дамуы) барысында сүйегінің (қаңқасы-ның) қалыптасуының, яғни остеогенездің бұзылуынан туындайтын ауруларға, оның ішінде, атап айтқанда төл – рахитке, сақа мал – остеопороз бен остеома-ляцияға, балапан – перозиске жиі шалдығады.

 

2.5 Сауын сиырды минералды заттармен толыққанды азықтандыру

 

Мүйізді ірі қара мал қарыны көп бөлімді күйіс қайыратын малға жатады. Олар, негізінен, өсімдік тектес көкшеп және басқа да аумақты жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара малды азықтандыру алынатын өнімі бойынша сүтті және етті болып келуіне байланысты болады. Оңтүстік өңірінде сүт өндіруге қара-ала, аулие-ата ірі қара мал тұқымдарды өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда болатын құнды биологиялық сұйық.

Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, минералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен – 90 есе, май мөлшері – 18-20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шоғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда кездеспейтін казеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт майы, ондағы липидтер, фосфотидтер мен басым бөлігі сірке қышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы – сіңірілген аминқышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуі-не месқарындағы микробиологиялық метаболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады. Қандағы витамин-дер мен минералды заттар сүт құрамына өзгеріссіз енеді.

Сауын сиыр азықтандыруын сауымның физиологиялық заңдылықтарына сәйкес сауым сызығының езгеруіне байланысты ұйымдастырады. Бұзаулаған сиырдан бірден сүт сауылмайды. Алғашқы күндері сиыр желінінде жай сүттен құрамы ерекшеленетін уыз түзіледі. Оның құрамында сүттікімен салыстырған-да жеңіл ыдырап, жылдам қорытылып сіңірілетін альбуминдік және глобулин-дік фракциясы басым белок (сүт белогында казеин фракциясы басым болады), қант, минералды заттар, каротин мен витаминдер және басқа да биологиялық әсерлі заттар (иммундық денелер, ферменттер, гормондар, т.б.) көп бөлінеді. Осындай қоректілігі мен биологиялық құндылығы, диетикалық және иммун-дық қасиеттері жоғары уызбен жаңа туған бұзауды неғұрлым ерте ауыздан-дырудың оның ас қорытуын қалыптастырып, ауруға шалдықпаушылық иммунитетін күшейтіп, резистенттігін (өміршендігін) жетілдірудегі маңызы зор.

Сауын сиырдың қоректік мүқтаждығы оның тірілей салмағына байланыс-ты тіршілігін қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты өнім түзу қажеттілі-гінен туындайды. Тірілей салмағы ауырлап, сүт сауыны молайған сайын азықтандыру нормасы ұлғаяды. Орташалап алғанда, сауын сиыр тіршілігін қамтамасыз етуге 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 а.ө. (10,4 МДж АЭ) жұмсалады. Дәлірек алғанда, малдың тірілей салмағы ұлғайған сайын тірші-лігін қамтамасыз етуге жұмсалатын энергия шығынының үлесі кемитіндіктен, 100 кг-ға шаққанда... тірілей салмағы 450 кг-ға дейінгі сиыр – 1,1 а.ө., тірілей салмағы 450 кг-нан артқан сиыр 0,9 а.ө. шығындайды. Бұған қоса сауын сиыр 1 кг сүт түзілуіне... майлылығы 3,5% болса – 0,44 а.ө., майлылығы 4,0% болса, 0,5 а.ө. (5,7 МДж АЭ) жұмсайды (11-кесте).

 

11-кесте. Сауын сиырдың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы

 

Сүт сауыны,

кг

Рацион  құрғақ  затының 1 кг-да

азық

өлшемі

алмасу

энергиясы, МДж

«шикі»

протеин, г

қорыт.

протеин, г

«шикі»

май, г

крахмал, г

«шкі»

жасунық, г

7-8

0,96

9,72

137

55

88

82

271

9-10

0,97

9,83

139

56

89

88

263

11-12

0,98

9,94

141

57

90

90

256

13-14

0,99

10,04

143

58

91

92

248

15-16

1,00

10,15

145

59

92

94

239

17-18

1,02

10,25

147

60

93

96

230

 

Сиырдың протеиндік мұқтаждығын есептеу үшін дене белогын алмастыру үшін тәулігіне 100 кг тірілей салмағына шаққанда – 90 г «шикі», 60 г қорытылатын, ал әр 1 кг сүт түзілуіне – 85-90 г «шикі», 55-60 г дарытылатын протеин қажет екенін ескереді. Өйткені, 1 кг сүттге 30 г белок болса, оның түзілуін қамтамасыз ету үшін өнімдік пайдалынымы: 0,57 (57%) 30 : 0,57 = 53 г азық протеині қажет. Сиыр рационындағы қорытылатын протеин (ҚП, кг) мөлшерін желінетін құрғақ заты (ҚЗ, кг) мен «шикі» протеині (ШП, кг) бойынша Р.Паквей (1972) формуласымен есептеуге болады:

ҚП = 0,885 х ШП - 0,03 х ҚЗ.

Сиыр сүттілігі молайған сайын 1 а.ө.-де шоғырланған қоректік заттарға мұқтаждығы жоғарылай түседі. Мысалы, сиыр азығының әр 1 а.ө.-де тәуліктік сауымы 10 кг-ға дейінгі сиырға – 95 г қорытылатын протеин болғаны жеткілік-ті болса, тәуліктік сауымы 10-15 кг сиырға – 100-105 г, тәуліктік сауымы 15-20 кг сиырға 105-110 г қорытылатын протеин жеткізілуі керек (12-кесте).

 

12-кесте. Сүтті сиырдың энергия мен протиенге мұқтаждығы

 

Майлылығы 3,8-4% сүт сауыны

1 кг сүтке жұмсалатын а.ө.

1 а.ө. қорыт. прот., г

Жылына қажет

азық өлшемі

алмасу энергиясы, МДж

қорыт. протеин, кг

2500

1,25

95

3125

37500

297

3000

1,15

98

3450

41055

338

3500

1,10

100

3850

45430

385

4000

1,05

102

4200

49140

428

4500

1,03

104

4635

53766

482

5000

1,02

106

5100

58650

540

 

Сүтейту кезеңінде сауыла бастаған сиыр сүттілігін арттыру үшін оларды күнделікті сауынына сәйкес келетін нақтылы азықтандыру нормасына кейінгі күндердегі есетін 2-3 кг сауын есебінен қосымша 1-1,5 а.ө. қосып үстемелеп азықтандырады. Үстемелеп азықтандыруды сиыр желінін сылап-сипау және жиі сауумен ұштастыра отырып, сүтейту кезеңінде сиыр сүттілігінің тұқым-дық мүмкіндігін толық пайдалануға тырысады. Өйткені алғашқы 100 күнде сиырдан сауым бойынша өндірілетін бүкіл сүттің 40-50% сауылатындықтан, оның сүтейу деңгейінің 1 кг кемуі сиырдың сауым бойындағы сүттілігін 200-300 кг азайтады.

Дұрыс сүтейту әсіресе құнажын сүттілігіне күшті ықпал етеді. Сондықтан шаруашылықта сауын сиыр басын алғашқы сауымында мол сүтейіп, жоғары өнімділікке жетуін байқатқан құнажындардан сұрыптайды. Тірілей салмағы – 480-500 кг, жылдық сауымы 2500-3000 кг сиырды дұрыс азықтандырып, иіткенде алғашқы сауымында қосымша – 800-1000 кг, ал одан кейінгі сауым-дарында 500-600 кг сүт өндіруге болатынын ескереді.

Сауым басында сиырдың сүт түзуге жұмсалатын дене шығыны жеген азық қоректік заттарымен толық қамтамасыз етілмейді де, сиыр «денесінен сауылып» салмағын азайтады. Дұрыс азықтандырылған жағдайда салмақ азаюы алғашқы тәуліктерде 1 кг-нан аспай, жалпы сауымның алғашқы 10 аптасында сиырдың тірілей салмағы 50-100 кг аралығында кемиді. Мұны содан кейінгі сауымның кызған кезеңіндегі азықтандырумен қалпына келтіреді.

Сүтейту кезеңінің аяқталғанын сиыр тәуліктік сүттілігінің ұлғаймауынан байқайды да, үстемелеп азықтандыруды доғарады. Содан кейін сауымының келесі қызған кезеңі басталады. Сауым сүтінің негізгі бөлігі осы кезеңде сауылатындықтан, қысқа мерзімде жоғары сауынына сиыр сауымының бұл кезеңін мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру арқылы сиырдың сауым барысында айлық сүттілігінің 8-10% орнына тек 3-4% дейін кемуін қамтама-сыз етуге болады. Сиыр сауымының қызған кезеңінде сақа, орта қоңды сиыр-ларды анықтамалықтарда келтірілген негізгі азықтандыру нормасына сәйкес азықтандырады (13-кесте).

 

13-кесте. Тірілей салмағы 500 кг сауын сиыр азықтандыру нормасы

 

Көрсеткіш

Тәуліктік сауыны, кг

10

12

14

16

18

Азық өлшемі

9,6

10,6

11,6

12,6

13,6

Алмасу энергиясы, МДж

115

126

134

148

158

Құрғақ зат, кг

13,2

14,1

14,9

15,8

16,5

«Шикі» протеин, г

1445

1630

1785

1940

2090

Қорытылатын протеин, г

940

1060

1160

1260

1360

«Шикі» жасунық, г

3700

3810

4020

4110

4130

Крахмал, г

120

1435

1570

1705

1840

Қант, г

800

955

1045

1135

1225

«Шикі» май, г

290

340

370

405

435

Ас тұзы, г

65

73

81

89

97

Кальций, г

65

73

81

89

97

Фосфор, г

45

51

57

63

69

Магний, г

21

22

23

25

26

Калий, г

75

82

80

90

103

Күкірт, г

25

27

29

31

33

Темір, мг

770

850

930

1010

1090

Мыс, мг

82

95

105

115

122

Мырыш, мг

566

635

695

756

815

Марганец, мг

566

635

695

756

815

Кобальт, мг

6,3

7,4

8,1

8,8

9,5

Йод, мг

7,7

8,5

9,3

10,1

10,9

Каротин, мг

410

475

520

565

655

Д витамині, мың х.ө.

9,6

10,6

11,6

12,6

13,6

Е витамині, мг

385

425

465

505

545

 

Сауын сиыр азықтандыру нормасы жасы мен физиологиялық ахуалына, тірілей салмағы мен қоңдылығы, сүт сауымы мен майлылығына сәйкес өзге-реді. Кестелерде келтірілген азықтандыру нормасы орта қоңдылықтағы, сүтінің майлылығы 3,8-4% сақа сиырларға арналған. Сиыр сүтінің майлылығы басқа болса, сауылған сүт сауымын нақтылы пайыздық майлылығына көбей-тіп, 4-ке бөлу арқылы майлылығы 4% сүт сауымына айналдырады. Сүт майлы-лығының 0,5%-га өзгеруіне азықтандыру нормасы, тиісінше, 0,03-0,05 а.ө. жоғарылатылып не азайтылады. Сауын сиыр жеген азығының әр 1 а.ө.-мен 95- 105 г қорытылатын протеин, 6,5-7,5 г Са, 4,5-5,3 г Р, 40-50 мг каротин жеткізілуі керек. Сиыр сүттілігі өскен сайын жегізілген азық құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттар шоғырлану деңгейі жоғарылай түседі.

Сондықтан тәуліктік сауымы өскен сайын оның 1 кг құрғақ затындағы энергия (а.ө., АЭ) мен құрылымдық (протеин) және жеңіл ыдырағыш қоректік заттар тобының (крахмал, қанттар) шоғырлану деңгейі жоғарылап, керісінше қиын қорытылатын қосындылар тобының (жасунық) деңгейі төмендетіледі. Осындай құрғақ заттың сиыр басына тәуліктік сауымы 10 кг болса - 10-12 кг, 15 кг болса – 13-14 кг, 20 кг болса 15-17 кг жеткізілуі керек. Жеткізілген рацион құрғақ затымен сауын сиыр азықтандыру нормасы қамтамасыз етілуге тиіс.

Әлі өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажынның қалыпты дамып жетілуін, салмақ қосуын және де сауым барысында түрлі себептермен арықтаған сиырға қоңдылығын көтеру үшін азықтандыру нормасының көрсеткіштері 1 кг қосымша салмақ қосымына 5 а.ө. есебінен жоғарылатады. Айталық, олардың басына тәулігіне 200 г қосымша салмақ қосуы жоспарланса, кестедегі негізгі азықтандыру нормасына күңделікті... 5 х 0,2 = 1 а.е. қосылады

Жасы мен сүттілігіне байланысты сауын сиыр азығының әр 1 а.ө. – 95-105 г қорытылатын протеин, 6,5-7,5 г кальций, 4,5-5,3 г фосфор, 2,4-1,5 г магний, 8,1-6,7 г калий, 2,8-2,1 г күкірт, 80 мг темір, 8-11 мг мыс, 55-70 мг марганец, 55-70 мг мырыш, 0,6-0,9 мг кобальт, 0,7-1,0 мг йод, 40-50 мг каротин, 40 мг Е витамині, 1000 х.ө. көлемінде Д витамині болуға тиіс.

Сауын сиырға тәбеті шапқанша сапалы пішендеме мен сүрлем, ал жазғы-тұры кекшөп беріп, содан кейінгі кездегі сүтті сиыр рационын осы аумақты шырынды жемшөпке негіздейді. Сиырдың тәуліктік сүт сауымына қарай құнарлы жем береді (14-кесте).

 

14-кесте. Сауын сиырды сүтейту рационының құрамы (жалпы қоректілігіне, %)

Жемшөп тобы

Тәуліктік сүт сауыны, кг

10

15

20

Ірі жемшөп

14-20

16-19

15-16

Шырынды азық,

70-75

65-70

60-65

Оның ішінде, сүрлем

60-65

55-60

45-50

Тамыржемістілер

10-15

12-15

13-15

Құнарлы жем

10 -ға дейін

15-ке дейін

20-ға дейін

 

Сүт сауынының қосылуын қамтамасыз ету үшін сиыр азығының құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттардың жеткізілу деңгейі жоғарылатылуы қажет. Оны рацион құрғақ затындағы энергия мен қоректік, минералдық және витаминдік заттар шоғырлану дәрежесін молайтумен қамтамасыз етеді. Олай ету рацион құрамындағы аумақты жемшөптің өзіндік үлесіне байланысты өзгереді (15-кесте).

 

15-кесте. Сүтті сиырдың рацион кұрғақ затын аумағына байланысты жеуі (100 кг тірілей салмағына, кг)

 

Аумақты жемшөп АЭ/ЖЭ қатысы, %

Рацион ҚЗ АЭ деңгейі, МДж/кг

Тәуліктік сауыны, кг

Суалтылған кезеңде

21-30

11-20

11-ден төмен

60

11

1,6-2,0

2,0-2,5

2,5-3,0

1,5

55

10

1,0-1,5

1,5-2,0

1,6-2,2

1,5

50

9

0,8-1,0

1,0-1,2

1,2-1,4

1,5

45

8

0,8-ге дейін

0,8-1,0

1,0

1,0

40

7,5

0,5

0,5

0,5

 

Құрғақ затты жеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сиыр өнімділігі өскен сайын азықтандыру рационындағы құрғақ заттың шоғырлану дәрежесін жоғарылатады. Қоректену дәрежесі жоғарылаған сайын азық энергиясын игеру тиімділігі жоғарылап, жұмсалған азық бірлігіне өндірілетін жылу көлемі кеміп, ал өнім көлемі өседі. Содан барып сауылған сүт бірлігіне жұмсалатын азық шығыны кеми түседі.

Профессор П.Дмитриченконың (1972) мүйізді ірі қара малмен жүргізген арнайы распираторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен шығарылатын үлесі азайып, желінген азық көміртегінің игерілуі жоғарылайты-ны көрсетілген.

Рационда тағайындалған жемшөп көлемін сиырдың ас қорыту жолына сыйдырып жей алу шамасын құрғақ затының тірілей салмаққа шаққандағы көлемімен есептейді.

Жасы, жыл мезгілі, дене салмағы мен сауым кезеңіне қарай 100 кг тірілей салмағына шаққанда сауын сиыр орташа 3-4,5 кг рацион азықтарының құрғақ затын жей алады.

Сауын сиырдың күнделікті жей алатын азық көлемі тірілей салмағымен бірге оның сүттілігі мен рацион құрамындағы аумақты азық үлесіне де байланысты өзгереді.

Сиыр өнімділігі артқан сайын азықтандыруға жұмсалған азықтың тірші-лікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бөлігі азайтылып, өнім өндіруге жұмсала-тын бөлігінің үлесі өседі. Мысалы, тірілей салмағы 450 кг сиырдан күніне 4,5 кг сүт сауылса, желінген азықтың 2/3 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, ал 1/3  бөлігі сүт түзілуіне, 9 кг сүт сауылса, 1/2 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, 1/2 бөлігі сүт түзілуіне, 18 кг сүт сауылса 1/3 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, 2/3 бөлігі сүт өндіруге жұмсалады.

Сауын сиыр рационын сиырдың сүтейуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55% жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі. Төуліктік сауыны 8 кг-ға дейінгі сиырға құны қымбат жемді шығындамай-ақ, 1 кг сүтке шаққанда... тәуліктік сауыны 8-10 кг сиырға – 100-150 г, тәуліктік сауыны 10-15 кг сиырға – 150-250 г, тәуліктік сауыны 15-20 кг сиырға – 250-350 г, тәуліктік сауыны 20 кг-нан асқан сиырға 350-400 г құнарлы жем жегізуді жоспарлайды.

Қабылданған рацион типіне сәйкес сиырға берілётін азықтар мөлшерін белгілейді. Айталық, шаруашылық жемшеп қорында бар азықтардан сиырға күніне 5 кг түрлі шеп пішені, 6 кг астық және бұршақ тұқымдастар пішендемесі, 15 кг жүгері сүрлемі, 12 кг азықтық қызылша, 4,8 кг құнарлы жем (1 кг сүтке 300 грамнан есептегенде) беру жоспарлансын. Анықтамалық дерегі бойынша осы азықтардың қоректілігін есептегенде, олардың қосынды-сының, яғни рационның энергетикалық қуаттылығы (а.ө. мен АЭ), «шикі» және қорытылатын протеині, «шикі» жасунығы, крахмалы, қанты, «шикі» майы, магнийі, калийі, күкірті, темірі, марганеці, Д мен Е витаминдері норманың қажеттілік көрсеткіштеріне сәйкестігі көрінеді. Нормаға жетпеген кальций, фосфор, мыс, мырыш, кобальт пен йод мөлшерін кальций-фосфорлық қосынды мен тиесілі микроэлементтер тұздарын қосып толықтырады.

Сиыр рационының жасунығының қорытылуын жақсарту үшін азотгы қосындылар қосып, қажетті қант-протеиндік қатынас қалыптастырумен қатар месқарын микрофлорасының өсуіне қолайлы ортаның сәл сілтілі (рН = 7,2-7,4) реакциясын қалыптастыру керек. Ол үшін мал азығындағы Р, S, Сl секілді қышқыл және Са, К, Nа, Мg секілді сілті реакциялы макроэлементтерінің (97Р + 62S + 28Сl) : (50Са + 25,6K + 44Na + 82Мg) жолымен анықталған грамм-эквивалентгік қатынасы (қышқыл-сілтілік қатынас) 0,8-0,9 шамасында болуға тиіс. Сонымен қатар сиыр азығында бір-бірінің сіңіріліп игерілуіне ықпал ететін Са : Р қатынас 1,5-2 : 1 аралығында болғаны жөн.

 

Қорытынды

 

1. Оңтүстік Қазақстанның азық қорында кальций шамадан тыс артық болып, фосфордың мөлшері аз болғандықтан, олардың қатынасы 3:1, 4:1, 5:1 ге жоғарылап, оптималды мөлшерден (2:1) 1,5-2,5 есеге артуы ас қорыту процестеріне қолайлы жағдай тудырмайды. Мұндай жағдайда азық рациондарына фосфорға бай минералды қоспалармен үстеп қоректендіру керек.

2. Оңтүстік өңірі қоршаған орталары компоненттерінде (топырақ, су, жемшөп) йод, мыс, кобальт микроэлементтері жетіспейтін биогеохимиялық провинцияға жатады. Азық рациондарын аталған элементтердің тұздарымен байытылмаған жағдайда ас қорыту процесі бұзылып, ауыл шаруашылық малдары түрлі эндемиялық, қалқанша бездің ісінуі, гипокупороз, энзоотикалық атаксия, гипокобальтоз, т.б. ауруларға душар болып, малдың өнімі төмендеп, өлім-жітімге дейін алып келеді.

3. Сауын сиырлардың минералдық заттарға қажеттілігі негізінен салмағы мен сүттілігіне байланысты болып, 1 азық өлшеміне 6,5-7,5 г кальций, 4,5-5,3 г фосфор, 40-50 мг йод, 0,6,-0,9 мг кобальт, 55-70 мг мыс болуы тиіс.

4. Минералды заттардың зат алмасудағы ролін ескере отырып, сауын сиырда энергия және басқа да қоректік заттармен толыққанды қамтамасыз ету керек. Сауын сиыр рационының 1 азық өлшемінде 12,0 МДж алмасу энергиясы, 1,37 кг құрғақ зат, 95-105 г қорытылатын протеин, т.б. қоректік заттар болуы тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Байтурин М.А. Научные основы применения микроэлементов в животноводства Казахстана (рекомендации). –Алма-Ата, 1986. -29 с.

2. Беляков Г.П., Чубинская А.А. Минеральное и витаминное питание сельскохозяйственных животных. –Л., 1970. -300 с.

3. Георгиевский В.М. и др. Минеральное питание животных. –М.: Колос, 1979. -471 с.

4. Дмитриченко А.П. Кормление сельскохозяйственных животных. –Л., 1964. -527 с.

5. Кальницкий Б.Д. Минеральные вещества в кормлении сельскохозяйст-венных животных. –Л.: Агропромиздат, 1985. -207 с.

6. Калашников А.П. и др. Нормы и рационы кормления сельскохозяй-ственных животных. –М.: Колос, 1985. -352 с.

7. Кормоновская М.А. Химический состав и питательность кормов Казахстана. –Алма-Ата, 1968. -238 с.

8. Методические рекомендации по изучению физиологии питания сельскохозяйственных животных. –Дубровицы, 1977. -31 с.

9. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве. –М.: Колос, 1976. -302 с.

10. Риш М.А. Биогеохимические провинции Зеравшанского бассейна //Тр. ВНИИК. –Самарканд, 1958. –Т.7. –С.337-359.

11. Росляков А.К., Байтурин М.А. Микроэлементы в питании животных в условиях Тянь-Шаньской предгорной зоны //Тр.АЗВИ. –Алма-Ата, 1961.  –Т.12. –С.148-152.

12. Олль Ю.К. Минеральное питание животных в различных природно-хозяйственных условиях. –Л., 1967. -207 с.

13. Рисимбетов Т.К. Применение кобальта, меди, йода при выращивании молодняка крупного рогатого скота в условиях предгорной зоны Заилийского Ала-Тау. –Алма-Ата, 1960. -28 с.

14. Рисимбетов Т.К. Разработка нормы кормления каракульских овец при пастбищном содержании. –Алма-Ата, 1991. -40 с.

15. Омарходжаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. –Алматы, 1969. -161 б.

16. Омарходжаев Н. Мал азықтандыру нормалары мен рациондары.   –Астана, 2005. -302 б.

18. Нечаева Н.Т. Особенности продуктивности растительного покрова пустынь Туркменистана в связи с составом жизненных форм растений.- Проблемы освоения пустынь, 1975г., с. 11-20.

 19. Ескараев Н., Алтыбаев Б. Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сексеуіл өсімдігінің сұрыптау жолдарын зерттеу. Тыңның 50-жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-теоретикалық конференциясы баяндамасының тезистері. Астана  - 2004, 96-97 бет.

20. Абдраимов С.А.Создание культурных пастбищ в пустынях Казахстана, - Проблемы пустынь, 1974г., №2, с. 61-63.

21. Верник Р.С., Маркова Л.Е., Хасанов О. Х.и др. Биологические особенности вводимых в культуру кормовых растений.-В кн.:Эколого-биологические основы создания искусственных пастбищ и сенокосов на адырах ферганской долины. Ташкент: фан, 1977, с. 16-77.

22. Веселовский В.Ф. Измаилов Г.Ф. Продуктивность аридных постбищ. – Алма-Ата.Кайнар,1983-128с. 

23. Акжигитова Н.И. Галофильная растительность - Halophyta- В кн.: Растительный покров Узбекистана. Ташкент:фан,1973, т. 2 с. 278.

24. Семенова М.И. Природа и хозяйства Южно-Казахстанской области.-Алма-Ата.: Изд-во АН КазССР, 1959.-С. 143.

25. Рубинштейн М.И. Богарные почвы  предгорных равнин Тянь-Шаня, Алма-Ата, 1998, С.5-24.

26. Жихарева Г., Курмангалиева А.А., Соколов А.А.Почвы Чимкентской области.-Алма-Ата.: Наука, 1969.-С. 411.

28. Работнов Т.А. О флористической и ценотической полночленности цензов// ДАН СССР – 1960. т. 130 - №3. С.671-673.

29. Шалыт С.М  Методика изучения морфологии и      экологии   подземной части отдельных растений и растительных сообществ. Полевая геоботаника. Вып. 2. стр. 369 – 466.

30. Шамсутдинов З.Ш. Создание долголетних пастбищ в аридной зоне Средней Азий.Ташкент: Фан, 1975, 175с.

31. Гранитова О.Н. Влияние температуры и влажности на прорастание семян некоторых среднеазиатских растений.-Труды Ин-та ботаники АН Уз.ССР.Ташкент: изд-во АНЗУ.ССР,1955, вып. 3.с. 63-101.

 32. Гудочкин М.В., Чабан П.С. Леса Казахстана.- Алма-Ата, Казгосиздат, 1958.-320стр.

33. Ескараев Н. Қызылқұм алқабында құмды бекіту мен жайлымды қорғау жұмыстары. Каракулеводство, верблюдоводства и аридное ормопроизводство., Алматы 2003, стр. 249-251.

34. Флора Казахстана. -  т.т. 1-9, Алма-Ата, 1956-1966 г.

35. Иллюстрированный определитель растений Казахстана, т.т. 1-2. Алма-Ата, Изд. «Наука». 1969-1972 г.

36. Определитель растений Средней Азии. - Ташкент, ФАН, 1968-1987. - Т.1-9.

37. Тахтаджян А.Л. Система магнолиофитов. -  Л.: «Наука» 1987. - 408с

38. Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. -Алматы, 1999. –187 с. 

39. Арыстангалиев С. А., Рамазанов Е.Д. Қазақстан өсімдіктері. Алматы. 1977. – 256 с.

40. Гаевская Л.С., Сальманов Н.С. Пастбища пустынь и полупустынь Узбекистана и пути их рационального использавания.Ташкент: Фан, 1975, с3-139.

41. Гранитов О.Н. Влияние температуры и влажности на прорастание семян некоторых Среднеазиатских растении – В кн: Труды института ботаники АН Уз ССР, вып. 3, Ташкент, 1955.

42. Ларин И.В., Агабабян Ш.М. и др. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР.т.2, двудольные (хлорантовые бобовые) М.-Л; гос.изд-во с-х. Лит 1951. с. 948.

43. Шамсутдинов З. Ш. Пути улучшение пустынных и полупустынных пастбищ Средней Азий. – в ин.: Технология производства прдукции Каракулеводства. Труды ВАСХНИЛ, М., 1974 г., с. 177 – 187.

44. Сафонов В.В. «Приемы возделывания саксаула черного на корм в условиях пустынь Южного Казахстана. В кн: Аридное кормпроизводства, Алма-Ата 1989 с18-28.    

45. Байтулин И.О. Предпосылки и тенденции опустынивания в Казахстане, Алматы, 1999, С.8.

46. Наканова Э.Г. Биологическме особенности роста и развития саксаула черного в условиях Коскудыкского лесхоза Джамбулской области (муюн-Кумы) Автореферат, канд.биол.наук.- Ташкент, 1969. 14 стр.

47. Шацкая М.Г. О всхожести семян саксаула черного и кейреука. –В тезисах докладов: Разработка научных основ улучшения и рационального использования Каракулеводческих пастбищ. Ташкент: Фан, 1967, с.78-81

48. Усманалиев А. Биолого-экологические основы создания искусственных кормовых угодии на Чартакских адырах ферганской долины. Автореферат дис....канд. биол. Наук, Ташкент: Узгипрозем, 1977, 25стр.

49. Иванов  А. И., Сосков Ю. Д., Бухтеева А. В. Ресурсы многолетнихкормовых растений Казахстана. – Алма – Ата, 1986 г., 219 с.

50. Шамсудинов З.Ш., Ширинская В.Н. Полевая всхожесть семян дикорастущих кормовых растений и пути ее повышения.-В кн.: Введение в культуру кормовых растений для улучшения полупустынных и пустынных пастбищ.-Москва, 1969.- С.117-123.

51. Гаевская Л.С., Сальманов Н.С. Пастбища пустынь и полупустынь Узбекистана и пути их рационального использавания.Ташкент: Фан, 1975, -110.

52. Морозова О.И. Пастбищное хозяиство в каракулеводстве Средней Азий. М.: Международная книга, 1946, 300с.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:42:20     Қаралды-15322

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »