Тақырыбы: ОҚО Созақ ауданында уран өндіруге байланысты қалыптасқан экологиялық жағдайлар
мазмұны
|
кіріспе............................................................................................ |
|
1 |
әдебиеттік шолу...................................................................... |
|
1.1 |
Табиғи жайылымға абиотикалық және антропогендік экологиялық факторлардың тигізетін әсері................................... |
|
1.2 |
Табиғи су көздерінің ластануы....................................................... |
|
1.3 |
Уран өндірісінің экологиялық мәселелері..................................... |
|
2 |
негізгі бөлім............................................................................... |
|
2.1 |
Зерттеу нысандары мен әдістемелері............................................. |
|
3 |
Абиотикалық экологиялық факторлардың жайылым өсімдіктерінің шығымына тигізетін әсері...................................... |
|
4 |
Жайылымның экологиялық жағдайына байланысты қаракөл қойларының қоректік затпен қамтамасыз етілуі және өнімділігі................................................................................. |
|
5 |
Әртүрлі дәрежедегі минералданған судың қаракөл организміне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері......................... |
|
6 |
Уран өндіретін маңдағы жайылымда бойдақ саулықтарды күйекке дайындау нәтижелері......................................................... |
|
|
қорытынды.................................................................................. |
|
|
пайдаланылған әдебиеттер............................................ |
|
Кіріспе
Ғылыми тақырыпты таңдау негіздері мен өзектілігі. Созақ өңірінде ежелден бастап, ХХ ғ. 40-шы жылдарына дейін көшпенділердің төрт түлік малды жайып-бағуына байланысты экологиялық жағдай қалыптасты. Ол кезде Қаратау етегінің жайылымы көктемде, Бетпақдала жазда, Шу өзенінің бойы күзде, Мойынқұм қыста төрт маусымдық жайылымға бөліп пайдалану қоршаған ортаға анау айтқан ауырпалық түсірмейтін.
Өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап Созақ ауданында 10 қаракөл қой шаруашылығы совхоздары құрылып, олардың шекаралары толық геобота-никалық зерттеулер жүргізілместен белгіленді, кейбір шаруашылықтардың үлесіне тек көктемдік немесе жаздық, қыстық маусымдық жайылымдар тиіп, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жағдайға өзгерістер енгізіп, жыл мезгіліне қарай көшіп-қону біршама шектелді. Ол табиғи ортаға (жайылымға) антропологиялық экологиялық ауыртпалықты арттырды.
1990 жылдан басталған мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру барысында көптеген шағын шаруашылықтар пайда болып, маусымдық жайылымды пайдаланудың негізгі принциптері толығымен жойылды. Шағын қашықтықта көшіп-қонудан, отырықшы шаруашылыққа айналды. Бұл жүйе қоршаған ортаға зор экологиялық ауырпалығымен ерекшеленеді. Көшіп-қонуды қойып, қысы-жазы бір жерде отыру жайылымның азғындауына әкеліп соқты. Әсіресе қыстау мен құдық төңірегі тақырға айналып, топырақ және жайылым дегредацияға дұшар болды. Бұл жерде экологиялық ауырпалықтың антропогендік сипат алуы айтқын көрініп тұр.
ОҚО-ның Созақ ауданында 1990 жылдың басында 550 мың қой, 10,8 мың түйе, 11,1 мың жылқы, 64,3 мың ірі қара мал өсіріліп жылына 8,3 мың тонна ет, 340 мың қаракөл елтірісі, 1,3 мың тонна жүн өндіріліп келді.
Осы уақытқа дейін жыл бойына 1 қойды жайып бағуға 2,5га табиғи жайлымнан келіп, мал шаруашылығының өнімі жоғарыда көрсетілген деңгейде болатын.
Соңғы онжылдықтан бастап ОҚО Созақ ауданында уран өндіру қарқынды жүргізіліп келеді. Осыған байланысты ҰҚ «Қазатомпром» иелігіне берілген 800 мың га астам ауылшаруашылық жерін ескерсек 1 қойды жайып-бағуға 4,0 га жайылым қажет болып отыр. Бұл жағдайда жайлым бірлігіне мал басының тығыздығы артып, өнімділігінің жоғарлауына қажетті қоректік заттардың тапшылығы байқалады.
Профессор Т.Рисимбетовтың [1] мәліметтері бойынша соңғы жарты ғасырда Созақ өңірінің табиғи жайылымның өнімділігі гектарына 3 ц-ден 1,5 ц-ге дейін азайып, жайылым отының құнарлығы төмендеумен қатар табиғи өсімдіктердің ботаникалық құрылымында мал жемейтін және зиянды өсімдіктердің үлес салмағы 25%-ға артты. Созақ өңіріндегі дегредацияға ұшыраған табиғи жайылымның аумағы 599 мың гектарға жетіп, жайылым алқаптарының 26,5% құрады.
Табиғи жайылымның өнімділігінің төмендеуі өсімдіктердің қоректік құнарлығының нашарлауы, жайлым бірлігіне мал басының тығыздығының артуы қоршаған ортаға экологиялық қысымды 1,7 есеге арттыра түсті. Сондықтан антропогендік экологиялық факторлардың зиянды әсерін тежеуге жан-жақты зерттелген ғылыми негіздеме қажет.
Егемендік алар 1990 жылдары Созақ өңірінде мал басының көбеюі мен қатар жайлымның өнімділігінің төмендеуі жайылым бірлігіне малдың тығыздық көрсеткіші жоғары болып, жануарлар қажетті мөлшерде жем-шөппен қамтамасыз етілмегендіктен олардың өнімділігі едәуір төмендеді. Осы айтылғандар экологиялық жағдайды шиеленістіре түсті.
2000 жылдан бастап Созақ ауданында, бұрынғы қаракөл совхоздар территориясында уран өндіру қарқынды жүргізіліп, тұрақты пайдаланып келген 2,4 млн гектар жайылымының үштен бірі ҰАҚ «Қазатомпром» уран өндіретін аумағында қалып, жайлымға жалпы экологиялық қысым арта түсті. Ол мал басының көбеюіне, олардың өнімділігінің сапасына кері әсерін тигізуде . Уран өндірістік шеңберінде басқа халық шаруашылық жұмыстарын жүргізуге болмайтындығын айтсақ, байырғы кең даламызға техногендік факторлардың әсері айқын байқалады. Оған соңғы 2011-2012 жылдары Созақ ауданында қой басының 2-3% кемуі толық дәлел бола алады.
О.И.Василенко [2] уран өндіру технологиясы жер асты суларды, топырақты, өсімдікті ластадырады. Табиғи радиация сәулелері шамадан тыс артық болғанда тіршілік көздеріне, жан-жануарлар мен жәндіктерге, құстар мен аңдарға, қала берсе адамға да зиянын тигізеді. Себебі уран өндіру технологиясы барысында табиғи радионуклеидтер бөлініп шығып қоршаған ортаның радиациялық көрсеткішін жоғарылатады. Уран өндірудегі негізгі сәуле көзі – 222Rn. Оның мөлшері 1%-тік уран оксиді бар (U3O8) рудада 1 Гега Беккерель шамасында болады. Уран өндіру барысында бөлінген радионуклеид рөлі анау айтқан көп болмасада, жалпы табиғи радиацияның көрсеткіштері жоғарлағаны белгілі. Мысалы, Қазақстанда жалпы радиациялық фон 6-8 мкР/с болса, ол Созақ өңірінде 11-13 мкР/с. Бұл көрсеткіш пайдаланылған ұңғырлар төңірегінде 50-60 мкР/с дейін жетеді.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда радиацияның барлық түрлері (капсулалық, толқындық) топырақта қордаланып өсімдіктер мен жан-жануардың клеткаларына биологиялық зақым келтіреді. Тірі организмдердің клеткаларының ионизациялану молекулалық құрылымдарға ыдыратып нуклеин қышқылдарының, белоктың жойылуынан зат алмасу процесі бұзылып, клеткалардың бөлініп көбеюі тоқталады. Былайша айтқанда тірі организмдердің тіршілігі тоқталады.
Тірі организмдердің радиацияға сезімталдылығы әртүрлі. Адам және жануарлар организміне зиян келтірмейтін максималарды апталық шектеу мөлшері 0,003Гр (Грей), ал бір жылғы сәулелену – 0,025Грейге тең. Бұдан жоғары көрсеткіштер адам денсаулығына және өміріне қауіпті деп есептелінеді.
Сүтқоректілер 10Грейге мөлшерінде сәулеленгенде өлетін болса, насекомдар үшін ол -103 Гр, бактериялар үшін -104 Гр мөлшеріне тең.
Сондықтанда қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау үшіән әрдайым мониторинг жүргізіп отыру қажет.
Сонымен жоғарыда қоршаған орта жағдайына (өсімдік және жануарларға) абиотикалық факторлардың жайылым өсімдіктерінің ботаникалық құрамы-ның, олардың өнімділігінің, қоректілігінің, т.б. қалыптасуына климаттың зор әсері бар екендігі байқалады.
Сонымен қатар, әртүрлі кезеңдерде малды күтіп-бағу әдістерінің өзгеруіне техногенездің (ұран өндіру) әсерімен байланыстыра отырып, біздің таңдаған «ОҚО Созақ аудананда уран өндірісіне байланысты қылаптасқан экологиялық жағдайлар» тақырыбымыз қазіргі таңда өзекті демекпіз. Өйткені 2010 жылғы ресми мәліметтер бойынша Созақ ауданы территориясының 49 пайызы абиотикалық, антропогендік, техногендік, экологиялық пуыртпалықтан тоқырау алды жағдайына жатқызылып отыр.
Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында табиғи факторлар мен уран өндіруге байланысты жаңа экологиялық жағдайдың қалыптасуының қаракөл қойларын өсіру және оларды жайылымда күтіп-бағу жүйелеріндегі орын алған өзгерістерді зерттеу.
Жұмыстың мәндеттері:
- әр түрлі жылдары қалыптасқан абиотикалық экологиялық жағдайға байланысты маусымдық жайылым өсімдіктерінің құндылығын зерттеу (өнімділігі, химиялық құрамы, желінуі, қорытылуы, қоректілігі);
- әр жылдары қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты қаракөл қойларының жайылым есебінен энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, олардың өсімділігін анықтау;
- уран өндіретін аймақтарда жалпы радиациялық деңгейін анықтау;
- Созақ ауданының су көздерінің физика-химиялық, экологиялық қасиеттерін және ішілетін судың маусымдық нормаларын анықтау;
- уран өндіру маңындағы күйекке дайындалған қаракөл саулықтардың энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етлуіне байланысты олардың қоңы, күйі және ұрықтануын зерттеу.
Жануарлар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 10 пайыз кемісе мал өледі. Жас организм аштықтан көрі шөлге шыдамсыз келеді. Жануарлар ашыққанда су беріп отырса, майының, көміртегі мен ақуыздары-ның 50 пайызын жоғалтқанымен 30-40 тәулік тіршілік ете алады. Ал су бермесе 4-8 тәулік ішінде-ақ өліп қалады.
Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссимиляция, резорбция, диффузия, осмос және т.б.) органикалық және бейорганикалық заттардың судағы ерітіндісі күйінде өтеді.
Су мал қажеттілігін өтеумен қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық процестерді өтеу үшін де өте қажет.
Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың таралуында үлкен роль атқарады.
Қазақстанның көп аймақтарында судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі кеңінен орын алған. Сондықтан республикамызда салалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданған. Бардарламаның негізгі мақсаты су көздерінің санитариялық-гигиеналық және экологиялық жағдайларын жақсарту. Аталған бағдарламаның орындалуы Қазақстанның көптеген елді мекендері мен мал шаруашылығын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің кепілі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әр жылы, маусымда өзгеріп отыратын абиотикалық факторларға байланысты жайылымдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы, олардың ботаникалық, химиялық қасиеттерін, желінуін, қорытылуы мен қуаттаылығын, қоректілігін зерттеу нәтижелері.
Уран өндіретін аймақтарда табиғ радиациялық деңгейді анықтап, бұрғы мұнарасы маңындағы жайылымдағы күйекке дайындаған қоңы, күйі, ұрықтануы, гематологиясын зерттеу нәтижелері.
Қазақстанның Оңтүстік-Батыс аймақтағы су қорларының құрамындағы минералды заттардың мөлшері судың 1 литрінде 5-25600 мг аралығында болатыны анықталған [11, 12, 13]
Сондықтан да дәмі кермек, ащы, өте ащы суды мал суғаруға пайдалану үшін әр түліктің оларға шыдамдылығын, минералды судың жас төлге тигізетін әсері, олардың өсіп-жетілуі, өлім-жітімнің азайту жолдарын зерттеудің үлкен шаруашылық маңызы бар.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Жылдың экологиялық жағдайына қарай маусымдық жайылымның бірлігінде бағылатын қой басы мен мерзімін анықтау жерді және өсімдіктерді азғындырудан сақтап малл шаруашылығының өнімділігіне жағымды әсерін тигізеді.
Саулықтар үшін судың құрғақ заты – 10950 мг/л, хлоридтер – 2350 мг/л, сульфаттар – 3700 мг/л, қаттылығы – 72 мг-экв/л болып, қозылар үшін бұл көрсеткіштер: 6760 мг/л, 1580 мг/л, 2560 мг/л және 52 мг-экв/л болғанда тұздылығы жоғары сулармен салыстырғанда қойлардың тәуліктік салмақ қосуы 58 г, жүн түсімі 195 г артық болады.
Қозылардың 4 айлығында – анасынан ажырату мезгілінде тірілей салмағы 3,8 кг, ал жүні 280 г артық болып, 1 кг салмақ қосуына 2,6 кг азық өөлшемі кем жұмсалады.
1 Әдебиеттік шолу
1.1 Табиғи жайылымға абиотикалық және антропогендік экологиялық факторлардың тигізетін әсері
Аты әлемге белгілі Орта Азия және Қазақстан Республикасы жайылымдарын зерттеуші ғалымдар И.В.Ларин [3], Е.В.Коровин [4], Н.Т.Нечаева [5] еңбектерінде шөл және шөлейт аймақтардағы өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасын, тіршілік формаларын, экологиялық және биологиялық ерекшелігін зерттеу барысында олардың абиотикалық факторларға тәуелді болатындығын дәлелденген. Түрлі өсімдіктер қауымдастықтарын жоғарыда көрсетілген сиапттамаларына қарай маусымдық жаылымдарға бөлген.
Қазақстандық ғалымдар: академик Д.А.Зыков [6], Х.Х.Махмудов [7, 8], В.И.Матвеев [9, 10] Т.И.Сарбасов [11, 12], Т.Қ.Рисимбетов [13, 14], Э.Л.Бекмухамедов [15, 16] жайылымның алуан түрлі маусымдық типтерін пайдалану тәсілдері туралы жазады. Жайылым өсімдіктерінің ботаникалық құрамына, өнімділігіне қарай пайдалану, табиғи жемшөп қорының азғындауына жол берілмейтіндігі дәлелденген.
П.А.Глумов [17], С.И.Кедрова [18] зерттеулері бойынша жайылымның өнімділігі, желінуі көп жағдайда ауа райына, пайдалану мезгіліне, дәрежесіне (коэффициентіне) байланыстылығын анықтауда жайылымды суландыруға үлкен мән береді.
Маусымдық жайылымдарды зерттеген Э.Л.Бекмухамедов және т.б. [19] шөл және шөлейт аймақтағы көктемгі жайылымдарының өсімдіктер қауымдастығы: негізінен эфемерлі, жусанды-эфемерлі, ірі және көделі шөптесін типті болып келеді.
Созақ ауданының жаздық жайылымдары ірі шөптесінді өсімдіктер мен эфемерлерден, жусанды-эфемерлі және эфемероидті, көделі шөптесінді ассоциялардан тұрады.
Күздік жайылымдар негізінен Шу өзенінің аяғындағы, кейбіреулері көктемде пайдаланған алқаптардан тұрады. Мұндағы өсімдіктер қауымдастығын туран және ақ жусан, теріскен, соралар, тасбүйірген, боялыштар, т.б. құрайды.
Қысқы жайылым жусанды-масақты, жусанды-соралы, көделі шөптесін типтерінен құралып, өсімдіктер қауымдастығында негізінен құмда өсетін еркек шөп, изень, терескен, боялыш, сексеуіл, т.б. кездеседі.
Жайылымдағы өсімдіктердің құндылығы олардың құрамындағы қоректік заттардың қорытылуы арқасында жануарлар организмінің тіршілікке қажетті энергия және құнарлы заттармен бағаланады. А.К.Росляков [19], М.Ф.Кормоновская [20], Қ.Қ.Құсаинов [21] зерттеулерінде өсімдіктердің химиялық құрамы мен қоректілігі өзгеріп тұруы олардың өсетін топырағына, жыл маусымына, метеорологиялық жағдайға байланысты болатындығы туралы мәліметтер келтіреді. Мысалы: абсолюттік құрғақ затқа есептегенде өсімдіктердің құрамында протеиннің мөлшері көктемнен қысқа қарай азая бергенде, клетчатка керісінше көбейіп отырады. Басқа да қоректік заттар да маусымға байланысты өзгеріп тұратындығы анықталған.
Қоректік заттардың қорытылуы өсімдіктер қурай бастағаннан нашарлап, олардың құнарлылығы төмендей береді.
А.М.Лысовтың [22] жайылымды тиімді пайдаланудың табиғи азықтық желінуін есептеу қажеттелігіне тоқталады. Жайылымда оның желінуін инертті индикатолар әдісімен анықтап, ауытқуларына әсер ететін факторларға өсімдіктердің өнімділігін, маусымдық және климаттық факторларды есепке алуды ұсынады.
1.2 Табиғи су көздерінің ластануы
Қойларды жайылымда суары мал ішуге жарамды, сапалы болу тиіс. Олар күнделікті суға қанбағанда организмдегі физиологиялық үрдістер бұзылып жас төлдің өсуі тоқталып, ересек жануарлардың өнімділігі төмендейді [23, 24]. Созақ ауданында мал негізінен шахталы құдықтардан суарылады. Олардың суының сапасы ГОСТ 2874-54 сәйкес болуы тиіс [26, 36]. Тәжірибе жасаған аймақтардағы құдықтардың тереңдігі 6-15 м аралығында болып, оның тұздылығының (құрғақ қалдықтың) көрсеткіштері үлкен алшақтықта болып келеді [26]. Қаракөл қойының тәуліктік су ішуі олардың жасына және жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.
Суатты мүмкіндігінше жайылым орталығына орналастырған жөн. Малдың суға баратын жолының ұзақтығы жайылым түріне, жер бедеріне, мал түлегіне және мал жасына т.с.с. басқа да факторларға байланысты болады. Шөл және шөлейт жерлерде, отарлы мал жайылымдарда өріс пен суат арасы ірі қара үшін 4-6, жылқы үшін 5-7, қой үшін 3-4 км шамасындай болуы тиіс.
Қазігі кезде республика территориясында жер асты суларын ластауы ықтимал 700-ден аса ошақ бар. Мұның ішінде ең көп ластау көздері Алматы, Қарағанды, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Жер асты суларының ластануы негізгі минерализацияның артуы, кермектіліктің жоғарылауымен, хлоридтер мен сульфаттардың мөлшерінің артуымен сипатталады.
Табиғи су көздерінің ластануы. Табиғи су көздерінің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен қатар мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, риадиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтары кіреді. Аталған ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Бұл өзгерістер әртүрлі болып келеді: судың физикалық қасиеттерінің өзгеруі (алғашқы мөлдірлігі мен түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс пен татымның пайда болуы, т.б.); судың химиялық құрамының өзгеруі (әсіресе, оған зиянды заттар судың бетіне жүзіп жүретін затар түсуі, түбіне шөгінді шөгу, су қоймасынан түскен органикалық ластаушы заттарды тотықтыруға жұмсалуы салдарынан еріген оттегі мөлшерінің азаюы); бактериялар мен басқа да микроорганизмдердің, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдердің де пайда болуы салдарынан судың сапасының өзгеруі.
Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды.
Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері уран өндірісінде радионуклидтер зиянды әсер тигізеді. Олар өзен және басқа су қоймаларының бетіне жұқа қабат жасап қана қоймай, оның түбіне шөгінді болып шөгеді. Құрамында сәл-пәл ғана мұнай (литріне 0,2-0,4 мг) болғанның өзінде суда ерекше өткір иіс болады.
Түрлі өнеркәсіптерден ағып шығатын судың құрамында болатын фенол қосылыстарының қауіптілігі де ешқайсысынан кем емес.
Табиғи су көздері кейбір өндіріс орынарынан ағып шығатын судың құрамындағы синтетикалық сырт қабатқа әсерлі (СҚӘ) заттармен ластануы мүмкін. Мұндай судың татымы, дәмі өзгеріп, бөгде иіс болады. Су көздерін ластауда ауыл шаруашылығы егіс алқабының беткі жайынды суларындағы пестицидтер мен тыңайтқыштар үлкен орын алады. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды қолдану су құрамындағы азот және фосфордың көбеюіне, нитратардың жоғарылауына әкеп соғып, суды ішуге жарамсыз етеді. Органикалық тыңайтқыштар да (көң, сұйық қи) су қоймаларының ластану көздеріне жатады.
Табиғи суға, жан-жануарлар мен балықтарға радиоактивті заттар да үлкен қауіп төндіреді [31, 32, 34, 37, 38].
Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау. Табиғи суды қорғау проблемасы көп жағдайда олардың әлеуметтік тұрғыдан және өнеркәсіп кәсіпорынларының қалдық суымен ластануын алдын алуға байланысты туындайды. Жер беті су көздерін қорғаудың негізгі жолдары: суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу, лас суларды су қоймаларына ағызбау және оларды тазалау, қалдықсыз және сусыз технологияларды дамыту, лас суларды жер асты су қабаттарына енгізу, пайдаланған суды тазалау және зарарсыздандыру. Жер беті суларын ластанудан қорғауда гидротехникалық және агроорман – мелиоративтік шаралардың маңызы зор.
Пестицидтер мен тыңайтқыштардың зияндығын азайту мақсатында олардың мөлшері мен қолдану уақытын қадағалау және суаратын сумен бірге пайдалану, өсімдіктерді қорғауда улы химикаттарды биологиялық әдістермен ауыстыру тиімді.
Басқа лас су көздеріне қарағанда мал шаруашылығының ағынды лас суларының ерекшелігі оларды утильдеудің өте күрделілігі, әрі су көздеріне жойқын әсер етуінде. Малдан шығатын зиянды ағынды суларды өңдеудің қазіргі таңда ең танымал технологиясы – оларды фракцияларға бөлу: қатты және сұйық бөліктерге. Қатты бөлігін компост ретінде пайдалануға болады, ал сұйық бөлігін (қоюлығы 18 пайызға дейін) гумусқа (қара шірікке) айналдырады.
Санитариялық күзет аймағы. Қазіргі қағидаларға сай, суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен (СКА) қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көздері ғана пайдаланылады.
СКА дегеніміз – су көздерінің және су құбыры құрылысының айналасындағы белгіленген арнаулы тәртіп сақтауға тиіс территория. Мұны ұйымдастырудағы мақсат – су көздерін, су құбырын, құрылысын және олардың территорияларын ластандырмас үшін күзетпен қамтамасыз ету. СКА-ны, ең алдымен оңай ластанатын жер беті су көздерінің маңынан құру керек. Бұл шараның жер асты суында санитариялық қорғаудың маңызы бар. Өйткені, мұндай шара қолданылмаса олардың да ластануы әбден ықтимал [42, 43].
Лас суды механикалық тазалау – бұл сүзгі және арнайы құм ұстағыш арқылы, сондай-ақ әртүрлі тұндырушылар арқылы іске асырылады.
Биологиялық тазалау арнайы қозғалыста іске асырылады – ол биототықтырғыш, мұнда биохимиялық процесс өтеді, яғни органикалық заттар минералданады.
Лас суды залалсыздандыру. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.
Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі – ол хлорлау болып табылады. Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың дозасы (мөлшері) 70 мг/л.
Мал ішетін суға қойылатын ветеринариялық-гигиеналық талаптар. Судың физикалық жағдайы, химиялық және газдық құрамы, микробпен ластануы, оның тағы басқа сипаттамалары мал денсаулығына белгілі бір дәрежеде әсер етеді.
Мал ішетін судың сапасы нашар болса (лай, бөгде иісті, қалыптан бөлек дәмді келсе) асқазан-ішек жолдары секреторлық аппараттарының қызметін қоздырмай, кері физиологиялық реакция береді. Өте суық сумен суарғанда мал организмі суық тиіп ауырады, ас қорыту қызметі бұзылады. Буаз мал мұндайда іш тастауы ықтимал.
Сондықтан малды сапалы сумен қамтамамсыз ету үшін оның санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерін анықтап отыру қажет (1-сурет).
Суды гигиеналық тұрғыдан бағалау су көзін санитариялық тексеру, судың физикалық, химиялық және бактериологиялық қасиеттерін анықтау негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар гельминтологиялық, гидробиологиялық, радиометрикалық және басқа да суды зерттеу әдістері қолданады.
Мал шаруашылықтары пайдаланатын табиғи су көздері мамандар тарапына үнемі санитариялық бақылауда болуы қажет.
Санитариялық бақылауға алудың негізгі мал фермаларын сумен қамтамасыз ететін барлық су көздерін есепке алу мен паспорттаудан тұрады. Су көздеріндегі удың сапасы мен мөлшеріне сиапттама беру үшін санитариялық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитариялық жағдайы, тексеру нтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштері, мал арасынла, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Санитариялық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитариялық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және технкиалық жағдайлары анықталады.
1-сурет. Су сапасын анықтау сызбасы
Су көздерін экологиялық, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауға мынандай жайттар жатады: оның ветеринариялық-санитариялық жағдайын байқау және судың органикалық, тағы басқа қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын-алу мақсатымен күзеттер ұйымдастыру, су сапасын санитариялық-лабораториялық бақылау.
Судың организм үшін маңызы ол белгілі бір нормадан асқанда немесе оның құрамында зиянды әрі улы заттар мен зардапты микробтар болғанда мал денсаулығының төмендеп өнімділігінің азаятындығы дәлелденген. Сондықтан малды күнделікті ұстап - баққанда малға арналған тұтыну суы әрі жеткілікті әрі таза болуы міндет. Егер су құрамы қабылданған нормативке сәйкес болмаған жағдай да ол белгілі әдістермен тазаланып зарарсыздандырылуы керек.
Малды суару гигиенасы. Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі ластаушы болып табылады. Мал шаруашылығының шайынды суларының қалдықтары тұрмыстық сумен салыстырғанда 5 есе көп. Бір миилион қой басы қоршаған ортаны сонша халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр түрлі қосылыстарымен (нитраттар, нитриттер, аммиак) биологиялық агенттермен байланысты.
Суды пайдалануға оны қалдықтар мен қоқыстардан, соның ішінде улы және радиоактивті элементтерден құтылу үшін қолдану жатады. Уақыт өте келе олар суға түседі.
Айтарлықтай экологиялық ыластану су қоймаларының түріне байланысты биодеградацияға ұшырайды.
Көптеген су қоймаларының түбінде ауыр металдар, радиоактивті эелменттер шоғырланған.
Судың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі мал тәбетіне, ас қоры-туына әсер етеді. Лас немесе өте суық су оларды бұзып, азық қорытылымын нашарлатады, буаз малды іш тастатады. Ең жағымдысы сақа малды таза – 10-120С, буаз малды – 12-150С, төлді (жасына байланысты – 30-150С сумен суару. Судың 1 г/л-ден асқан сілтілігі әсіресе төл ішін айдайды. Бірақ мал оған біртіндеп үйренеді (2,5 г/л-ге дейін). 1%-тен астам хлоридтер суды тұз қатырып, тоқыма мен ұлпаны сусыздандыру арқылы организмнің электролитикалық теңдігін бұзады. Азотты тыңайтқыш қолданған жерлердегі суда мал денсаулығына зиянды нитриттер мен нитраттар көбейеді. Сондай-ақ, сумен малға түрлі аурулар тудыратын микробтар жеткізілуі мүмкін. Олардың суда сақталу мерзімі жылулығына, кұрамына байланысты. Мысалы, коли тобының (ішек таяқшасы) бактериялары дистилленген суда 21-72, қайнатылғанда - 8-13, құбырдікінде 2-262, өзендікінде - 21-183; салмонелла тобынікі, сол ретпен, 3-81, 3-30, 4-99, 4-183 тәулік сақталады.
Мал суаруға жарайтын судың зоогигеналық талаптары келесідей:
Көрсеткіш |
Қалыпты жағдайы |
1 милилитрдегі микроорганизмдер саны |
100-ден аспауға тиіс |
1 литрдегі коли тобының бактериялары (колииндексі) |
3-тен --//-- |
20-60 градустағы иісі |
2-баллдан --//-- |
20 градустағы дәмі |
2--//----//-- |
Түсі |
20 градустан --//-- |
Лайлығы |
1,5 мг/литрден --//-- |
Сутектік көрсеткіші |
6-9 |
Құрғақ қалдығы |
100 мг/литрден --//-- |
Хлоридтер |
350 мг/литрден --//-- |
Сулфаттар |
500 --//-- |
Темір |
0,3--//-- |
Марганец |
0,1 --//-- |
Мыс |
1,0--//-- |
Мырыш |
5,0--//-- |
Көпфосфаттар |
3,5--//-- |
Жалпы қатаулығы |
7,0 мг-экв |
Алюминий |
0,5 мг/литрден --//-- |
Бериллий |
0,002-//-- |
Молибден |
0,25 -//-- |
Нитраттар |
45,0-//-- |
Қорғасын |
003 -//-- |
Селен |
0,001 |
Стронций |
7,0-//-- |
Фтор |
1,2-//-- |
Тұзды, сортаң жердің жоғары минералданған суын келесі талаптарға сай болса мал суаруға пайдаланады (1-кесте).
1-кесте. Мал суаратын судың минералды шегі
Мал түрі |
Судың минералдық құрамы, мг/л |
Жалпы қаттылығы, мг-экв./л |
||
құрғақ қалдық |
хлоридтер |
сульфаттар |
||
Қой |
1000/5000 |
700/2000 |
800/2400 |
24/45 |
Қозы, тоқты |
300/3000 |
500/1500 |
600/1700 |
20/30 |
Ескертпе: Алымында – жұғымды, жәйлі; бөлімінде – шектік мөлшерлері |
Жергілікті су көздері келесі талаптарға сәйкес болуы керек: мөлдірлігі -30 сантиметрден астам, бояуы – 40 баллдан төмен, иісі мен дәмі – 2-3 баллға дейін, жалпы қаттылығы – 14 мг-экв/литрге дейін, фтор – 1,5, нитраттар – 10, нитриттер – 0,002, аммиак – 0,1, хлоридтер – 20-30, тотыққыштығы – 4 мг литрге дейін, микробтық саны – 1 миллилитрде 300-400-ге дейін, колититр, яғни ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз көлемі – 100-ден, колииндекс, яғни 1 литр судағы ішек таяқшасының саны – 10-нан аспауы керек.
Суаруға қажетті су мөлшері мал түріне, жасына, өнімділігіне, суару тәсіліне, сыртқы орта мен судың температурасына байланысты өзгереді. Орташа есеппен желінген азықтың әр 1 кг кұрғақ затына қой – 2-3 су ішеді. Дене салмағының 1 процентіндей суы жоғалтылған мал шөлдей бастайды. Сыртқы ауа температурасы жоғарылаған сайын мал тез шөлдейтіндіктен оларды суару мөлшерін ұлғайтады, бірақ оны 25%-тен асырмайды, 4-10 л су жұмсауды жоспарлайды. Келесі 2-кестеде мал басына жұмсалатын су шығынының нормативі келтірілген.
2-кесте. Тәулігіне қой басына шығындалатын су мөлшері, л
Мал түрі мен тобы |
Барлығы |
Оның ішінде |
|
суаруға |
ыстық су |
||
Саулық, қошқар, ісек |
8 |
6 |
|
Тоқты |
4 |
3 |
|
Қозы |
3 |
2 |
|
Малды жайылымда арнайы таспен немесе темір бетонмен 5X25 м төселген суару алаңында су көзінен 10-15 м жерде орналасқан науалардан суарады. Олардың көлемі келесідей (см):
Ені Тереңдігі
ернеуі түбі
Қой, ешкі үшін 25-40 20-25 20-25
Науаны темірбетоннан, кірпіштен, тастан, темірден, ағаштан, т.б. тазартуға ыңғайлы тегіс бетті материалдан жасайды. Олардан су өтпеуі керек. Суды ағызатын арнайы тесігі болуға тиіс. Жер бетінен оларды біршама көтеріп, қойға – 25-35 сантиметрге, үшбұрыш, шеңбер түрінде орналастырады. Жан-жағына 3 метрге тас төсеп немесе қиыршық тас төгеді. Науа ұзындығын әр басты суаруға кажет көлемі бойынша есептейді (3-кесте).
3-кесте. Қойды суаруға қажет науа ернеуінің ұзындығы, м
Мал түрі |
Науаға малды суару |
Бір бастың суарылу мерзімі, мин |
|
Қой, ешкі |
0,35 |
0,25 |
5 |
Қойды таң сәріде, жайылар алдында және сәскеде демалдырғаннан кейін суарады. Демалар алдында, шырынды балаусада (әсіресе бұршақ тұқымдас-тар), шық түскен жерде жайғаннан кейін тез арада суармау керек. Балауса жайылымдағы қойды, әсіресе ісекті 2-3 тәулікте бір суаруға болады. Су тапшы жағдайда тәулігіне бір рет қана суарылатын қой отарының жылжуын баяулатып, ыстықтан ықтатып, жақсы желденетін жерде демалдырады. Әсіресе, қозылы саулықтардың сүттілігі, демек қозысының жетілуі, суаруына байланысты екенін ескеру қажет. Жеткілікті сүт емген қозыны 2-3 аптаға дейін суармауға болады. Суық кезде қоздаған саулықты - 20-25, кейіннен - 18-200 жылулықтағы сумен тәулігіне 3-4 рет суарады. Қыста жемді қойға суарғаннан кейін таратады. Өте суық судың іш тастатуы мүмкін екенін ескереді.
Судың физикалық көрсеткіштері. Белгіленген гигиеналық нормалар бойынша ішетін судың төмендегідей қасиеттері болуы керек. Былайшы айтқанда ол мөлдір, түссіз, температурасы белгілі деңгейде иіссіз және жағымсыз дәмі жоқ болуы керек.
Судың температурасы оның маңызды санитариялық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Жануарлар суық суды ішкенде организмнің температурасын реттеуге көп энергия жұмсайды, бұл өнімділіктің төмендеуіне және азықтың көп шығымына әкеледі. Судың қолайлы температурасы сақа мал үшін 10-12°С, буаз мал үшін 12-15°С, ай шамасындағы төл үшін 15-30°С. Осы шамадағы температурадағы су шөлді жақсы басып сергітеді.
Судың иісіне ондағы органикалық заттардың бар-жоғы әсер етеді.
Судың дәмі. Жағымды және сергітетін болуы керек. Судың жағымсыз дәмі немесе татымы көбінесе суда минералды және органикалық заттардың мөлшерінің көп болуына байланысты болады.
Судың дәмі ондағы еріген минералды қосылыстарға байланысты: магний мен барий иондары – ащы, сутегі иондары – қышқыл, темір тотығы – ауыз қуыратындай дәм береді.
Судың түсі әртүрлі органикалық және минералды текті қоспаларға байланысты.Су көздеріне гуминді қышқылдардың,өсімдіктердің ыдырау өнімдері түскенде су сарыға немесе қоңыр түске боялады.
Су құбырындағы судың мөлдірлігі 1,5 мг/л аспауы керек.
Судың химиялық құрамы. Ішетін ауыз су құрамы жағынан зиянсыз, былайша айтқанда, ондағы тұздардың мөлшері мал денсулығына зиянды асер ететіндей артық болмауы, әрі улы заттардың және радиактивті ластардан таза болуы керек.
Ауыз судың химиялық құрамы шамамен 20 негізгі көрсеткіштерден тұрады (кейбір жағдайда ауыз судың құрамымен қасиеттеріне санитариялық тұрғыдан жалпы талап 11 негізгі көрсеткіштер бойынша қойылады, және су ішіндеболуы мүмкін 420 уытты заттарға шекті жоғары концентрациясы (ШЖҚ) белгіленген. Судың ішуге жарамдылығын сипаттау үшін аталған көрсеткіштер екі топқа бөлінеді. Біріншісі судың токсикологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, ал екіншісі – судың органолептикалық көрсеткіштерінің кенеттен өзгеруін болдырмауға бағытталған.
Судағы химиялық қоспалардың мөлшері сумен қамтамасыз ету көзінің (қайнарының) қалыптасуының табиғи ерекшеліктеріне, сондай-ақ техногендік және антропогендік факторларға негізделген. Осының бәрі биогеохимиялық аймақтар құрып мал ішінде энзоотияның пайда болуына әкеп соғады.
Суда кездесетін тұздың жиынтығының құрамы мал организміне әсері әртүрлі. Мал ішетін судың органолептикалық белгілері бойынша минералдануының шегі 1 литріне 1 грамм болған кезде анықталады және тұщы суда бұл көрсеткіш бұдан жоғары болмау керек. Құрамында тұзы көп судың дәмі кермек немесе ащы келеді. Тұщы судың құрғақ қалдықтарының негізгі бөлігі хлоридтер мен сульфаттар.
Қой суару тәртібі. Қой түлігі таңертең (өріске шығарады) және кешкі (түскі жусау, яғни тынығудан кейін) салқынмен суарылады. Малды тынықтырар алдында, балғын екпе шөпті, әсіресе бұршақ тұқымдастар өсетін өріске, егіні жаңа жиналған аңызға, шықты өріске немесе жаңбырдан кейін жайып келген соң, бірден суаруға болмайды. Әйтпесе, малдың асқазан – ішек жолының қызметі бұзылып, іші кебеді.
Қой, әсіресе ісек қойлар, көктемде құрамында ылғалы мол жас балауса шөпке жайылғаннан кейін 2-3 тәулік бойы шөлге шыдай береді. Жаздыкүні қой суаруды 2-3 реттен 1 ретке дейін амалсыздан қысқартқанда малды аз жүргізуге немесе малды жая айдауға, сондай-ақ көлеңкелі жерде ұстауға немесе жел жақсы соғатын биіктеу жерге иіруге тырысу керек.
Саулықтарды, әсіресе қозылары еміп жүрген саулықтарды суаруға зор қамқорлықпен қарау қажет. Өйткені олардың сүттілігі мен қозыларының жетілуі осы реттілігіне, жиілігіне байланысты болады. Енелерінің сүттілігіне, қалыпты қозылар 2-3 апталығына дейін,яғни оттыққанша суды аса қажет ете қоймайды. Оттыққан соң 2-3 апталығынан кейін қозылар су ішуге үйретіле бастайды.
Саулықтар төлдеп жатқан кезде күн сайын суарылып отыруға тиіс. Төлдеген бойы, жылдың суық мезгілінде берілетін судың температурасы 20-25°С кем болмауға тиіс. Ал одан кейінгі күндері 18-20°С болуы тиіс. Олардың тәулігіне 3-4 рет суару керек, ең дұрысы мал кез келген уақытта еркін су іше алатындай жағдай жасалғаны жөн.
Қыстыкүні жайылымда қойға жем суарылып болған соң беріледі. Суық салдарынан тиетін ауруларға шалдықтырмас үшін құдықтан суарған кезде қой астауға еркін келе алатындай жағдай жасау қажет. Оттық орналасқан жерге немесе оның маңына пішен шашылады, жайылады, астауға су содан соң ғана толтырылады. Жылдың суық мезгіліне қойды айдап келмей тұрып астауға су құйылмайды. Өйткені, су қабыршықтанып қата бастайды да су ішкен малдың асқазан – ішек және тыныс жолдары ауруларын тудырып қана қоймайды, сонымен бірге буаз саулықтардың іш тастауына да себепкер болады.
Қалыпты тұрғыда азықтандырылатын және кез келген уақытта барып су іше алатын мал физиологиялық жағдайы мен жеген жем – шөбіне сай мөлшерден артық суды іше алмайды.
1.3 Уран өндірісінің экологиялық мәселелері
Уранның табиғатта таралуы. Табиғатта уранның аз бөлігі ғана кен орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Қазақстан бүгінгі күні табиғи уран кенінің қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның барланған қоры 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы құмды-шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бүгінгі күні уран кеніштерінің жалпы саны 21-ге жеткен.
Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон (деңгей) Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді.
Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50
Сурет 2. Уран өндірудің үлесі
радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма – кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.
Изотоптар деп бірдей қасиеттерімен, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді айтады /грекше – изос – бірдей, тең; топос – орын/. Мысалы, уран 235 және уран 238 – изотоптар.
Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда пратондардың саны бірдей.
Атомның және атом ядросысының құрылысын анықтап, зерттеу ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік берді.
Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының таусылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәлелену бөлініп отырады.
Ең алғаш 1942 жылдың желтоқсан айының 2 күні өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми [27] жасап шығарған бірінші ядролық реактор өзінің жұмысын бастады. Осы күннен атом энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.
Уран - Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің топтық жүйесіндегі табиғатта кездесетін 92 – ші, радиоактивті элемент. (Қазір бұл жүйеде 109 химиялық элемент бар). Уран орасан қуат көзі. Уран табиғатта сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Табиғатта оның аз бөлігі ғана кен орындарында шоғырланған.
Уран – көпжақты қасиеті бар химиялық элементтердің бірі. Оның радиациялық қасиеті барлығын ерлі-зайыпты ғалымдар Мария және Пьер Кюрилер анықтаған болатын [28]. Ал бұл элементтің аса қуатты энергия көзі екенін анықтаған неміс ғалымдары, одан тереңдете тазарту арқылы плутоний алуға болатынын есептеп білді [29].
Уран – бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын көздерiнен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмiрден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. Жалпы құны жағынан да тиiмдi. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмiрдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегi газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемi небәрi 0,4 евроцентпен бағаланады.
Атом және оның ядросы қалай құрылғанын толығырақ түсіндіруге мүмкіншілік тудырды. Радиоактивтілік сәулеленудің көздері мен радионуклео-тидтер қалай пайда болатыны анықталды [30].
Уран өндірісінде түзілетін қалдықтар. Қазіргі уран алу технологиясы бұрынғы шахты арқылы, немесе ашық әдіспен алудан мүлдем ерекшеленеді. Қазіргі күні ұзын саны 21 ден асатын кеніштерден алынатын уран шикізаты негізінен жер астындағы кені бар жерді бұрғылау арқылы ұңғылар жасалынып, одан кейін кенді қабатқа күкірт қышқылын айдау арқылы кен ерітіледі. Одан соң күшті қышқылды ортада еріген уран мен басқа ілеспе металлдар ерітіндісін жоғарыға арнаулы сораптармен сорып шығарылып, бұл ерітінділер арнаулы ыдыстарға құйылып, одан кейін оны байыту, бөлу және тазалау зауыттарына жібереді. Қазір көптеген кен орындарында байыту мен тазалауды ұйымдастыру үшін арнаулы технологиялық қондырғылар орнатылған. Бұл әдісті алғаш рет Кеңес үкіметі кезінде, яғни 20 ғасырдың жетпісінші жылдары Басқармасы Ташкентте орналасқан «Краснохолмскі» экспедициясы Өзбекстан-дағы «Үшқұдық» уран кенішінде қолданған. Бұл әдіс уран кендерін шахтылардан қазып алуға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз, құмды – шөлейтті аймақтарда суды да үнемдейді, әрі кенші - оператор жоғарғы радиоактивті кендермен және оны өндіру кезінде пайда болатын асқан зиянды радиоактивті шаңдармен тікелей байланысқа түспей, жердің бетіндегі технологиялық қондырғыларда арнаулы басқару тетіктері арқылы процесстерді басқарып отырады.
Одан кейінгі ең жауапты кезең, кені ерітіліп сорылынып алынған жер асты қабаттарындағы қышқылды ортаны залалсыздандыру. Себебі жер астындағы жыныстардың арасында өте күшті қышқылдар мен радиоактивті ерітінділер қалып қояды. Жер жыныстарында табиғи сілтілі орта өте сирек кездеседі. Оның бәрін түк қалдырмай сораптармен сорып алу әрине мүмкін емес. Сондықтанда бұл жынысты қабаттарға сілті немесе негіз ерітінділері, ең арзаны сөндірілген кәдімгі әк суы айдалынады. Сонда қышқылды орта бейтараптандырылып, бұл өз кезегінде айналадағы жер асты суларының бүлінбеуіне оң әсерін тигізеді. Және бұл іс-шаралар қышқылды ортамен табиғат пен қоршаған ортаның күресуін оңайлатады. Бұл көп сатылы жұмыс біткесін арнаулы лабораториялар жер астындағы сұйықтықтардың рН – 6,5-8,5 көрсеткішіне жеткеніне сенімді болғасын ғана ураны алынып залалсыздан-дырылған бұл ұңғыларды жабуға рұқсат береді. Енді бұл ұңғыларға міндетті түрде қатты тұқымды ағаш бөренелер тасталынып, әр бөрене арнаулы (тампонажды) цемент тығындармен бекітілуі тиіс. Себебі қышқылды, радио-активті ортада металл құбырлар шыдас бермейді. Ал ағаш бөренелер уақыт өте келе жер астындағы ауасыз қабаттарда өмір сүретін анаэробты бактериялардың әсерімен қатты жер жынысына айналып кетіп, радиоактивті сулар мен газдардың қоршаған ортаға таралмауына негіз болады. Бұл қосымша шығындарды талап етеді.
Сурет 3. Уранды шаймалау әдісімен өндіру схемасы
Оңтүстік Қазақстанның уран кен орындарындағы табиғи гидрогео-химиялық ортаның техногендік ықпал етуден кейін өзін өзі қалпына келтіру қабілетіне ие екендігі анықталған. Біртіндеп табиғи қалпына келтіру есебінен біршама жай болса да, кен орналасқан сулы көкжиектегі жерасты суларын рекультивациялау үдерісі тұрақты жүргізіледі. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, бұл үдерісті айтарлықтай қарқынды етудің әдістерін жасап шығып, ол рекультивацияны он еселеп жылдамдата түсті.
Терiскей өңiрi тағы бiр уран өндiретiн зауытпен толықты. Өткен сенбiде Созақ ауданында уран кен орнын игерiп жатқан «Инкай» Қазақстан-Канада бiрлескен кәсiпорны бас өндiрiстiк кешенiн iске қосты. Аталған компания басшылары мен құрылтайшылары, Канаданың Қазақстандағы елшiлiгi қызметкерлерi, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы билiк өкiлдерi қатысқан салтанатты жиында дайын өнiмнiң жаңа партиясы Канада елiндегi қайта өңдеу зауытына жол тартты.
Уран шикiзатын өндiруде 14 жылдық тәжiрибесi бар «Қазатомөнеркәсiп» канадалық CAMECO компаниясымен бiрлесе отырып iске қосқан өндiрiстiк кешен Созақ ауданына қарасты Тайқоңыр елдi мекенiне жақын маңда орналасқан. «Инкай» кен орны Шу-Сарысу уран кендi шалғай аймағындағы гидрогендi типтегi iрi кен орны саналады. Мұндағы №1 учаскеде уран өндi-рiлсе, №2 және №3 учаскелерiнде геологиялық барлау жұмыстары жүргiзiледi.
Уран өндірісінің қоршаған ортаға әсері. Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер тірі организмге түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радияциялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэтта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар, өсімдік организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радияциялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.
Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуле мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Ал, 100 рентген/сағ бастап сәуле ауруы дами бастайды.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауру және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар және жануарлар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына үшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.
Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа – 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр – 300-500 рентген; 4-ші дәрежесі өте ауыр – 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Уранмен сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
Уранмен сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғаны анықталды. Солардың ішінде, мысалы – ергежейлік, “гамофилия, - түрлі – түстіні ажырата алмау соқырлығы”, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне, сонымен қатар тіршілік ету қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарды және тағы басқа.
- Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивтілік сипатталды, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.
4-кесте. Уран қосылыстарының тышкандарға арналған 24 сағаттық орташа өлім дозасы (Haven, Hodge)
Жануардың жынысы |
Жануардың салмағы, г. |
ЛД50, мг/кг |
Жануардың жынысы |
Жануардың салмағы, г. |
ЛД50, мг/кг |
|||
Уранил нитраты |
Уран хлориді (ІV) (натрий ацетатының 5% ерітіндісі) |
|||||||
еркек |
50-100 200-300 300-400 |
305(287÷324) 204(167÷250) 128(120÷136) |
еркек |
100-200 300-400 |
434(411÷458) 298(260÷341) |
|||
ұрғашы |
200-300 |
132(120÷152) |
ұрғашы |
100-200 200-300 200-300 |
368(327÷415) 350(330÷371) 190*(176÷204) |
|||
Уранил фториді |
еркек және ұрғашы |
50-100
150-200 |
335*(314÷358)
615(598÷633) |
|||||
еркек және ұрғашы еркек |
50-100 150-200 300-400 |
78(65÷94) 87(79÷85) 40(36÷44) |
||||||
Өсімдіктер эволюциясы және радиоактивтілік. Жануарлардың және өсімдіктердің ең қарапайым түрлері радиация мөлшерінің деңгейі қазіргі кезге қарағанда өте жоғары болған дәуірде пайда болып, таралған. Олардың радиация әсеріне сезімталдығының төмен болуы осыған байланысты болуы мүмкін.
Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері. Малина жас өсімдігіне радиоактивтік зат енгізілгенде ол өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ жолақтарына көптеп жиналады. Радиоактивтік сәулелену организмде заттардың жылжуын, орын алмастыруын, санын, көлемін анықтауға мүмкіндік жасайды.
Радиация өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Тұқымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерін өткізеді. Радиация арқылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіндік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайтқыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз қолайлы мерзімін анықтауға пайдаланады.
Қант қызылшасын себер алдында сәулелену әсерінен өткізгенде оның өнімі 40% өседі және құрамындағы қант 15-35% - ке дейін жоғарылайды.
Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін 25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген тұқымдарда даму құбылысы жылдамдайды. Топыраққа әлсіз радиоактивтік затты салғанда өнім жоғарылайды. Егер сәулеленудің үлкен мөлшері тірі организмге зиян болса, оның аз мөлшері, керісінше, тіршілік жағдайын күшейтеді. Арнайы жасалған гамма – сәулелену құралы арқылы бір сағатта бір тонна тұқымды сәулелендіруден өткізуге болады. Тұқымды сәулелендіру үшін оның сортын, ылғалдылығын және т.б. жағдайларды еске алады, яғни әр организмге радиация мөлшері оның жағдайына байланысты арнайы түрде беріледі.
Радиоактивтік заттар арқылы топыраққа салған тыңайтқыштардың қалай және қанша көлемде өсімдіктермен сіңірілетінін зерттеп біліп, өсімдіктердің өмірін зерттеп, агротехниканы дұрыс қолдану мүмкін. Мысалы, фосфор – 32 радиоактивті жүзім сабағының түбіне салғанда өсімдікке тез сіңеді, ал ерітінді түрінде салғанда баяу, аз сіңеді.
Уран өндірісінде қоршаған ортаны қорғау. Уран өндірісінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, коршаған ортаның қолайлығын сақтау және табиғи қорларды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінеді.
Жұмысшылар еңбегінің кауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау «"Қазатомөнеркәсіптің» ең басты мэселелері болып табылады.
Еңбекті жэне қоршаған ортаны қорғау саласында «Қазатомөнеркәсіп» кызметі мына мақсаттарды қояды:
- өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;
- өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;
- еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;
- өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;
- ресурстарды тиімді пайдалану;
- техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды тұрақты жетілдіру және жаңа технологияларды ендіру;
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында Мемлекеттік және Халықаралык қоғамдармен тұрақты бірлесіп әрекет қылу.
Осы мақсаттарға жету үшін Компания еңбекті қорғау, ядролық, радиациялык, техникалық қауіпсіздік және Компания кәсіпорындарында қоршаған ортанының жағдайына тұрақты әдістемелік басшылық, бақылау және талдау жүргізіп отырады. «Қазатомөнеркәсіп» барлық кәсіпорындарында қоршаған ортаның, радиациялық, техникалық және ядролық қауіпсіздік жағдайына өндірістік бақылау жүргізетін еңбек пен қоршаған ортаны қорғау қызметтері бар. Бұл қызметтер зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Апаттардың алдын алу мақсатымен радиоактивті заттар мен басқа қауіпті жүктердің тасымалдануына бақылау жасайды. Қауіпті жүктерді тасымылдауға байланысты соңғы үш жылда бірде-бір апат болған жоқ.
Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған табиғи ортаға әсерді азайту бойынша шаралар әзірлейді және қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік органдармен келіседі. «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында ластайтын заттардың шығуы мен тасталу мөлшерінен асып кеткен жағдайлар кездескен жоқ. Барлық кәсіпорындардағы өндіріс нысандарына аттетация уақытында жүргізіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті қалыпта ұстау үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын, радио-экологиялық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмысты, мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісіліп, радиациялық бақылау номенклатурасы белгілеуіне сәйкес шама-шарықпен білікті өлшемдер жүргізу үшін дозиметрлік және радиометрлік аппартурамен жабдықталған, дозиметрлік кызметкер жүргізеді.
«Қазатомөнеркәсіп»-тің барлық кәсіпорындары белгіленген тәртіпте өнеркәсіп кәсіпорындарының қауіпсіздік Декларациясын әзірлеп және бекітіп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық басқару органдарына тапсырды. Мүмкін болатын апаттар залалдарын жою үшін барлық кәсіпорындарда Төтенше жағдайлар министрлігі аттестациялаған арнайы бөлімшелер құрылған. Апат жағдайларында, шұғыл қимылдар мен кәсіпорындар бөлімшелерімен, Компанияның бас кеңсесімен және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс органдарымен жедел байланыс үшін іс-әрекетке дайын диспетчерлік қызмет құрылған.
2 негізгі бөлім
2.1 Зерттеу нысандары мен әдістемелері
Созақ ауданының жер қоры, ҰАҚ «Қазатомпром»-ға берілген жерлерді есептемегенде 2346844 га. Оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 217946 га, егістік жерлер 3027 га. Ресми мәліметтер бойынша Созақ ауданының жер кешенінің 49% антропогендік факторлардың әсерінен деградацияға ұшыраған (4-сурет).
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында «Қарақұр» қаракөл қой шаруашылығы кооперативінде 2009-2012 жж. жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізінен төменгі көрсетілген әдістеме-лер қолданылды:
Созақ ауданының жер қоры, мал басы және оның өнімдері ауданның статисткалық есебін талдау арқылы жүргізілді.
5-кесте. ОҚО Созақ ауданы бойынша 01.01.2012 ж. мал басы мен өндірілген мал шаруашылығы өнімдері
Түлік түрлері мен мал шаруашылығы өнімдері |
Мал басы |
Ірі қара, бас |
23266 |
О.і. сиыры, бас |
11949 |
Қой-ешкі, бас |
340368 |
Жылқы, бас |
7947 |
Түйе, бас |
7147 |
Құс, бас |
34284 |
Ет, тн |
10464 |
Сүт, тн |
16314 |
Жүн, тн |
501 |
Жұмыртқа, млн |
4,3 |
Ғылыми-өндірістік тәжірибелерге жакетті типті 1 класқа жататын қара қаракөл қойлары таңдап алынды.
Созақ ауданының абиотикалық мәліметтері «Шолаққорған» және «Тасты» метеостанцияларынан алынды.
Жайылымның өнімділігі Бүкілодақтық мал азықтандыру ғылыми-зерттеу институтының әдістемелерімен анықталды.
Жайылым өсімдіктерінің өнімділігі, химиялық құрамы, энергия және қоректік заттар жылы маусымның ортасында жүргізілді.
Жемшөптің, сүттің химиялық құрамы, және оның энергиясы, қоректік заттар Н.Омарходжаев, А.Егеубаевтың әдістемелерімен анықталды.
Жайылымда желінген жемшөптің мөлшері инерттік индикатор әдісімен жүргізілді.
4-сурет. Антропогендік деградацияға ұшыраған ландшафт картасы
Жемшөптің жалпы қоректілігі (азық өлшемі) қой организмінде майдың қорлану әдісімен есептелініп, ал энергиясы мына формула бойынша шығарылды: энергия = 17,71 қП + 37,89 қМ + 13,44 қК + 14,78 қАЭЗ.
Судың физика-химиялық қасиеттері: дәмі – ГОСТ 2761-67, қаттылығы – ГОСТ-4151-72, хлоридтер – ГОСТ 4389-71, құрғақ заттар – ГОСТ 18164-72 анықталды.
Саулықтардың сүттілігі Г.Р.Литовченко (1972) әдісімен анықталды.
Саулықтардың күйекке дайындалуы олардың салмағы, қоңдылығы және төлдегіштігі 100 саулықтан туған қозылардың санымен есептелінді.
Қоршаған ортаның радиациялық деңгейі дозиметрмен анықталды.
3 Абиотикалық экологиялық факторлардың жайылым өсімдіктерінің шығымына тигізетін әсері
6-кесте. «Шолаққорған» және «Тасты» метеостанцияларының жыл жағдай-ларына орташа абиотикалық көрсеткіштері
Ай |
Құрғақшылық жылы |
Орташа жауын-шашынды жыл |
Жауын-шашынды жыл |
||||||
Абиотикалық факторлар |
|||||||||
жауын-шашын, мм |
ауа температурасы, 0С |
желдің max жылдамдығы, м/сек |
жауын-шашын, мм |
ауа температурасы, 0С |
желдің max жылдамдығы, м/сек |
жауын-шашын, мм |
ауа температурасы, 0С |
желдің max жылдамдығы, м/сек |
|
Қаңтар |
35,7 |
-4,0 |
11 |
42,2 |
-5,0 |
18 |
21,1 |
-8,8 |
17 |
Ақпан |
47,1 |
-5,3 |
12 |
53,8 |
2,0 |
10 |
30,8 |
-1,2 |
17 |
Наурыз |
46,4 |
-2,2 |
18 |
24,7 |
5,4 |
18 |
45,9 |
6,1 |
14 |
Сәуір |
- |
12,8 |
17 |
37,0 |
14,5 |
22 |
48,3 |
15,0 |
18 |
Мамыр |
0,7 |
20,8 |
16 |
24,0 |
17,8 |
23 |
14,3 |
20,4 |
16 |
Маусым |
- |
27,0 |
15 |
0,5 |
24,7 |
15 |
0,2 |
26,1 |
12 |
Шілде |
1,7 |
29,7 |
18 |
- |
29,0 |
17 |
- |
29,2 |
14 |
Тамыз |
0,6 |
27,0 |
16 |
- |
26,8 |
16 |
- |
26,3 |
13 |
Қыркүйек |
3,4 |
20,5 |
16 |
2,0 |
20,2 |
18, |
21,2 |
16,9 |
12 |
Қазан |
1,2 |
10,7 |
15 |
4,5 |
14,3 |
14 |
5,9 |
11,6 |
15 |
Қараша |
22,6 |
0,3 |
12 |
10,1 |
7,1 |
20 |
18,5 |
5,8 |
14 |
Желтоқсан |
36,2 |
-3,8 |
9 |
21,0 |
3,6 |
15 |
12,7 |
-2,7 |
9 |
Жылдық |
198,0 |
12,1 |
14 |
220,3 |
13,4 |
17 |
219,0 |
12,1 |
14 |
Әртүрлі өзгеше экологиялық жағдайдың қалыптасуы климаттық факторларға: жауын-шашынға, ауа температурасына, желдің жылдамдығына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына, күн инсоляциясына байланысты болды. Жоғарғы аталған абиотикалық факторлар шартты түрде мал шаруашылығына төмендегідей экологиялық жағдайды қалыптастырады: құрғақшылық, орташа, жауын-шашынды жылдар. Мысалы: құрғақшылық жылы жылдық жауын-шашын – 198 мм аспайды, орташа жылы – 220,3 мм, жауынды шашынды деп аталған жылы – 219,0 мм. Соңғы екі көрсешкітке көңіл аударатын болсақ, олардың айырмашылығы тіптім аз. Бірақ үшінші жағдайды жылдық температура біршама жоғарылығы және жауын-шашын-ның негізінен көктем және күз айларында молырақ жауғаны жайылым өсімдігінің дамуына қолайлы әсер етті. Сондықтан климаттық факторларды жан-жақты талдап, төмендегідей тұжырымға келдік. Мысалы: құрғақшылық жылы ақпан айында 47,1 мм қар аралас жауын-шашын болды. Ай бойы жауған қар еріп жатты. Осы айдағы ауа температурасы – 2,30С болып, 12 м/сек жел тұрды. Соның салдарынан жер бетінде пайда болған мұздақ, күзде өсіп, қардың астында көктеп жатқан өсімдіктерді үсітіп жіберді.
Наурыз айында 46,4 мм жаңбыр жауды да 18 м/сек өткір жел ақпан айында үсіген көктің өсіп-жетілуіне жағымды әсерін тигізе қоймады.
Сәуір айы жаңбырсыз өттіп, ауаның температурасы жоғары болып (+160С), аңызақ жел (17 м/сек) жерді құрғатып жібергендіктен эфемерлі өсімдіктердің бойы 5-8 см аспады да, олардың өнімділігі төмен болды.
Жаз айларында бар-жоғы 3,4 мм жаңбыр жауып, ауа температурасы +20,50С болғанда, 16,5 м/сек жылдамдықпен соққан керімсамал эфемерлі өсімдіктердің шығымына кері әсерін тигізді.
Қараша, желтоқсан айларында 26,6, 36,2 мм қар жауды да, ауаның температурасы 00С шамасында болғандықтан, қалыңдығы 10-15 см қар, аласа бойлы өсімдіктердің қоректенуі қиындыққа түсті.
Орташа жылы ақпан айында қарлы-жаңбырлы 53,8 мм ылғал түсті. Қар еріп жатты. Мезгіл-мезгіл болған аяз күзгі көктеген өсімдіктерге қолайлы жағдай туғызбады.
Наурыз-мамыр айларындағы жауын-шашын 24-37 мм аралығында болды. Көктем жылы болғанмен, 18-23 м/сек тұрған өкпек жел топырақтағы ылғалдың ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік бермеді. Дегенмен көктемгі бірқалыпты жауған жаңбыр эфемерлі өсімдіктерге біршама қолайлы жағдай тудырғандықтан, олардың бойы 15 см дейін көтерілді. Бұл жылы жаз айларындағы температура құрғақшылық жылдан біршама төмен болғандық-тан жусанның және күздік қара оттардың өсуіне қолайлы болды.
Қыркүйек айында бары-жоғы 2 мм-дей жауын жауды, ал күздің қалған айларында бүл көрсеткіш 4,5; 21 мм болды. Жылы ауа температурасы мен соңғы күз айындағы ылғалдың мөлшері кешеуілдетіп болса да өсімдіктердің көктеуіне біршама қолайлы әсер етті.
Шартты түрде жауын-шашынды деп аталған жылда жалпы ылғалды-лықтың мөлшері орташа жылмен бара-бар екендігі жоғарыда айтылды. Бұл жылы жауын-шашын мөлшері басқа абиотикалық факторлармен үйлесімді болып, жайылымның өнімділігі салыстырмалы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленді. Осы жылы ақпан айында 30,8 мм қар жауып, қатты жел соққанмен (17 м/сек), қар астындағы күзде көктеген эфемерлерге көрпе болып қолайлы жағдай туғызды.
Наурыз айында 45,9 мм-лік жаңбыр +6,10С жылылық, қатты жел тұрмағандықтан эфемерлердің өсуіне қолайлы әсер етті.
Сәуір айы да жауынды (48,3 мм) болып, көктемгі эфемерлер одан сайын өсіп-жетіле берді.
Мамыр айында 14,3 мм-лік жауын, 7 м/сек жел тұрса да жетіліп қалған өсімдіктердің әрі қарай дамуына қолайлы болды. Бұл жылы барлық абиотикалық (климаттық) экологиялық жағдайлар үйлесімді болып, эфемерлі өсімдіктердің бойы 25 см жетті.
Жаз айларында желдің жылдамдығы басқа жылдармен салыстырғанда 3-4 м/сек кем болып, қалыптасып қалған өсімдіктер ассоциациясына зиянын тигізе қоймады.
Күздің қыркүйек айы жаңбырлы болды (12,2 мм) да, күзде эфемерлердің көктеуіне, жусанның балақтануына қолайлы әсер етті.
Қыстың күні қар қалың жаумағандықтан, мезгілдің орташа температурасы +0,70С жағдайында мал жайылымда қиналмады. Профессор Т.Қ.Рисимбетовтің [1] көп жылғы мәліметтеріне қарағанда 12 мүшел жылдық-тың 4 жылында құрғақшылық, 6 жыл орта, ал жауын-шашынды жыл 2 рет қайталанатыны келтірген.
Абиотикалық экологиялық жағдайлардың жайылым өсімдіктерінің өнімділігіне әсері. Ғылыми-зерттеу барысында жинақталған мәліметтер бойынша, жайылым өсімдіктерінің өнімділігі мен шұрайлылығы қалыптасқан экологиялық жағдайға қарай өзгеріп тұратындығы дәлелденді. Жайылым өнімділігін анықтау трансектік және зоотехникалық әдістерімен жүргізілді. Бірінші әдіспен жайылым өсімдіктерінің жалпы өнімділігі, ботаникалық құрамы анықталса, екіншісімен қойдың жайылымда жеген өсімдік салмағы, желіну коэффициенті, өндірістік өнімділігі, жайылым бірлігіне келетін малдың басы шығарылды.
Жоғарыда айтылған тесттер 7–кестеде көрсетіледі. Мұнда қойдың жайылымда желінген шөбі экологиялық және маусымдық жағдайларға қарай өзгеріп тұратындығы келтірілген. Мысалы: құрғақшылық жылы желінетін шөптің жалпы шығымы гектарына 1,37 ц болса, орташа және қолайлы жылдары – 2,14; 3,89 ц/га болып, алғашқымен салыстырғанда 1,6 және 2,9 есе артық болды.
Айта кететін жайт, барлық экологиялық жағдайда көктемгі жайылым жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді. Қысқы жайылымның өнімдігі көктемгі-ден 2,5 есеге аз болады. Желіну коэффициенті жайылымның өнімділігіне тікелей байланысты болып келеді. Жайылым нашар болған сайын жайылым коэффициенті орта есеппен 7,8%-ға артады. Дегенмен орташа және қолайлы жылдары жайылымның өндірістік өнімділігі 1,5 және 2,4 есе артық болатыны анықталды. Профессор Т.Қ.Рисимбетовтің [1] мәліметі бойынша экология-лық жағдай қандай болса да эфемерлер мен эфмероидтардың 75% дейін желінетіні дәлелденген.
7-кесте. Маусымдық жайылым өнімділігінің жыл жағдайына қарай өзгеруі (құрғақ шөпке есептегенде)
Маусым |
Жыл |
|||||
құрғақшылық |
орташа |
жауын-шашынды |
||||
ц/га |
% |
ц/га |
% |
ц/га |
% |
|
Жайылымның өнімділігі |
||||||
Көктем |
2,06 |
100 |
3,27 |
157,6 |
4,80 |
234,2 |
Жаз |
1,36 |
100 |
2,10 |
154,4 |
4,46 |
327,9 |
Күз |
1,23 |
100 |
1,90 |
154,5 |
3,36 |
297,6 |
Қыс |
0,83 |
100 |
1,36 |
163,9 |
2,66 |
320,5 |
Орташа |
1,37 |
100 |
2,14 |
156,2 |
3,89 |
284,2 |
Желіну коэффициенті |
||||||
Көктем |
|
54,8 |
|
48,3 |
|
41,0 |
Жаз |
|
55,1 |
|
51,9 |
|
43,9 |
Күз |
|
61,8 |
|
55,8 |
|
50,0 |
Қыс |
|
42,2 |
|
45,6 |
|
33,1 |
Орташа |
|
54,7 |
|
50,9 |
|
42,7 |
Өндірістік өнімділігі |
||||||
Көктем |
1,13 |
100 |
1,58 |
139,8 |
1,97 |
174,3 |
Жаз |
0,75 |
100 |
1,09 |
145,3 |
1,96 |
261,3 |
Күз |
0,76 |
100 |
1,06 |
139,5 |
1,83 |
240,8 |
Қыс |
0,35 |
100 |
0,62 |
177,1 |
0,88 |
251,4 |
Орташа |
0,75 |
100 |
1,04 |
145,3 |
1,66 |
221,1 |
Бір қойға қажетті жайылым, га |
||||||
Көктем |
1,08 |
100 |
0,85 |
78,7 |
0,61 |
56,5 |
Жаз |
2,12 |
100 |
1,46 |
68,9 |
0,74 |
34,9 |
Күз |
2,77 |
100 |
1,70 |
61,4 |
0,89 |
32,1 |
Қыс |
8,96 |
100 |
4,28 |
47,8 |
2,87 |
32,0 |
Орташа |
3,73 |
100 |
2,07 |
55,5 |
1,27 |
34,0 |
Қойлардың жеген жайылымдық шөбіне және коэффициентіне, пайдала-ну күніне байланысты 1 қойға қажетті маусымдық және жылдық жайылым ауданы есептеп шығарылды. Мұнда 1 қойға құрғақшылық жылдың көктемін-де 1,08 га жайылым керек болса, жазда бұл көрсеткіш 2 есеге, күзде – 2,6 есеге, қыста – 8,3 есеге артады. Бұл көрсеткіштер орташа және қолайлы жылдары 1,7-5,0 және 1,2-4,7 аралығында болады.
Орташа және қолайлы жылдарының көктемінде жайылым бірлігіне қой басын 1,3; 1,8 есеге, жазда – 1,5; 2,9, күзде – 1,6; 3,1 және қыста – 2,1; 3,1 есеге көбейтуге болады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келдік. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында айрықша континентальды климат жайылым өнімділігін 1,3-3,9 ц/га аралығында қалыптастырып, маусымдық диспорциялық көрсеткіштермен ерекшелінеді.
М.А.Кормановская [12], К.К.Кусаинов [13] жасаған анықтамалықта-рында Қазақстанның табиғи жайылымдарының өсімдіктерінің химиялық құрамы олар жылдағы экологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отыратыны көрсетіледі. Біздің зерттеген шөл аймағындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының өсімдіктерінің химиялық құрамы осыған сәйкестенеді. Мысалы: 8-кестенің деректеріне сүйенсек, көктемде эфемерлік өсімдіктердің бойында 64,1-72,1% су болса, басқа маусымдарда ол 37,4-47,2% аралығында өзгеріп отырады.
Абсолютті құрғақ затқа есептегенде көктемгі өсімдіктерде протеин – 8,36-13,62%, ол жазда – 7,19-9,59% төмендейді де, күзде біршама жоғарылап (7,88-9,85%), қыста протеиннің ең аз мөлшері (3,79-5,9%) анықталған.
Клетчатканың ең үлкен үлес салмағы (35,81-40,30%) құрғақшылық жылы қыста байқалады.
Эфемерлік өсімдіктің құрамында кальций – 7,18-8,78 г/кг болса, жазда және күзде – 7,56-11,68 г/кг артып, қыстың күні онан сайын жоғарылайды (10,89-12,75 г/кг). Біздің мәліметтер бойынша каротиннің ең көп мөлшері (172 мг/кг) көктемгі өсімдіктерде жинақталып, олар қураған кезде бар-жоғы 9 мг/кг дейін төмендейді.
Біздер жайылым шөбінің химиялық құрамы мен қоректік заттардың қорытылу коэффициенттеріне негізделе отырып, олардың энергиялық және жалпы қоректілігін есептеп шығардық. 9–кестенің мәліметтеріне көңіл бөлсек, азықтың энергетикалық және жалпы қоректілігі шөптің құрамындағы құрғақ заттың мөлшеріне байланысты екенін аңғарамыз. Оған дәлел ретінде жазғы және күзгі жайылым шөбінің қоректілігін көрсетуге болады (5,09-5,71 және 4,47-4,60 МДж). Көктемгі және қысқы жайылым шөбінің қоректілігі – 2,54-2,78; 3,90-4,18 МДж. Бірақ соңғы сынамаларда 1 кг құрғақ затқа шаққандағы энергияның концентрациясы жоғары болып келеді – 9,19 МДж. Жайылым шөбінің жалпы қоректілігі азық өлшемі энергия мөлшеріндей болып келеді.
Азықтағы шикі және қортылатын протеин көп жағдайда маусымдық факторларға және қоректік заттардың қорытылу коэффициентіне байланыс-ты. Қоректік заттардың концентрациясы экологиялық жағдайының жақса-руына байланысты. Мысалы: 1 кг азық өлшеміне көктемде – 86-109 г қоры-тылған протеин келсе, жазда – 64-80 г, күзде – 86-90, қыста – 52-61 г.
Жайылым шөбіндегі кальцийдің мөлшері қысқа қарай – 24,5-28,7 г ар-тып, күзде-18,4 г, көктем мен жаз айларында 11,6-16,8 г төмендейді. 1 кг азық өлшемінде фосфор мөлшері күзде – 3,7-4,2 г, ал басқа маусымда 2,8-4,0 г.
Жазғы және қысқы жайылым шөбіндегі 1 кг күкірттің мөлшері 4,5; 5,3 г болса, ол көктемде және күзде – 3,2-3,8 г дейін азаяды.
Қорыта айтқанда жайылым шөбінің энергиялық және жалпы қоректілігі жыл жағдайына қарай өзгеріп отырады.
Жайылым шөбінің желінуі көптеген факторларға байланысты. Ол жайы-лымның өнімділігіне, маусымға, климаттық жағдайға, малды күтіп-бағу тех-нологиясына, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына байланысты.
10-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, қозылы қойлар (құрғақ шөпке есептегенде) құрғақшылық жылы 0,97 кг, орташа жылы – 1,38 кг, қолайлы жылы – 1,51 кг жайылым шөбін қабылдайды.
8-кесте. Жыл жағдайына қарай маусымдық жайылым шөбінің химиялық құрамының өзгеруі (құрғақ затқа есептегенде)
Жыл ерекшеліктері |
Химиялық құрамы |
||||||||||
протеин, % |
май, % |
клетчатка, % |
АЭЗ, % |
күл, % |
кальций, г/кг |
фосфор, г/кг |
күкірт, г/кг |
кобальт, мг/кг |
мыс, мг/кг |
каротин, мг/кг |
|
Көктем |
|||||||||||
Құрғақшылық |
8,26 |
2,51 |
34,54 |
39,00 |
15,60 |
7,18 |
1,87 |
1,81 |
0,18 |
4,11 |
53 |
Орташа |
10,89 |
3,63 |
32,34 |
39,60 |
13,63 |
8,45 |
2,11 |
2,38 |
0,21 |
5,23 |
119 |
Жауын-шашынды |
13,62 |
3,58 |
30,11 |
41,22 |
11,47 |
8,78 |
2,22 |
2,51 |
0,24 |
5,82 |
172 |
Жаз |
|||||||||||
Құрғақшылық |
7,19 |
4,15 |
38,66 |
38,02 |
11,98 |
7,56 |
1,89 |
2,36 |
0,14 |
7,16 |
13 |
Орташа |
8,61 |
3,64 |
34,11 |
42,22 |
11,42 |
8,38 |
2,40 |
2,85 |
0,15 |
7,53 |
28 |
Жауын-шашынды |
9,59 |
4,09 |
32,15 |
42,63 |
11,55 |
11,67 |
2,95 |
2,75 |
0,15 |
7,84 |
37 |
Күз |
|||||||||||
Құрғақшылық |
7,88 |
3,42 |
36,64 |
40,41 |
11,64 |
9,13 |
2,32 |
2,28 |
0,16 |
4,72 |
9 |
Орташа |
8,63 |
3,96 |
35,25 |
40,11 |
12,05 |
10,13 |
2,32 |
2,16 |
0,22 |
4,61 |
16 |
Жауын-шашынды |
9,85 |
4,55 |
34,28 |
39,39 |
11,93 |
11,59 |
2,41 |
2,31 |
0,19 |
4,82 |
40 |
Қыс |
|||||||||||
Құрғақшылық |
3,79 |
2,41 |
40,34 |
39,66 |
13,79 |
10,88 |
1,48 |
2,00 |
0,28 |
5,36 |
- |
Орташа |
4,74 |
2,37 |
39,78 |
40,15 |
12,96 |
11,93 |
1,77 |
2,17 |
0,27 |
5,57 |
3,6 |
Жауын-шашынды |
5,94 |
2,41 |
35,81 |
43,23 |
12,62 |
12,75 |
1,50 |
2,41 |
0,32 |
5,29 |
16,7 |
9-кесте. Жыл жағдайына қарай жайылым шөптерінің қоректілігі (1 кг шөптің маусымдық ылғалдылығына есептегенде)
Жыл жағдайы |
Құрғақ зат, % |
Сіңірілген энергия, МДж |
1 кг құрғақ затқа келетін сіңірілген энергия, МДж |
Азық өлшемі, кг |
Протеин, г |
1 кг азық өлшеміне, г |
1 кг құрғақ затқа, мг |
||||||
протеин |
кальций |
фосфор |
күкірт |
||||||||||
шикі |
қорытылатын |
шикі |
қорытылатын |
кобальт |
мыс |
||||||||
Көктем |
|||||||||||||
Құрғақшылық |
35,9 |
2,69 |
7,49 |
0,20 |
30 |
17,3 |
150 |
86 |
11,6 |
3,4 |
3,2 |
0,18 |
4,11 |
Орташа |
30,3 |
2,79 |
3,19 |
0,21 |
33 |
20,3 |
157 |
97 |
12,2 |
3,0 |
3,4 |
0,21 |
5,23 |
Жауын-шашынды |
27,9 |
2,54 |
9,10 |
0,22 |
38 |
24,0 |
173 |
109 |
11,1 |
2,8 |
3,2 |
0,24 |
5,83 |
Жаз |
|||||||||||||
Құрғақшылық |
62,6 |
5,51 |
8,80 |
0,39 |
45 |
24,9 |
115 |
64 |
12,1 |
3,0 |
3,8 |
0,14 |
7,16 |
Орташа |
60,4 |
5,71 |
9,45 |
0,38 |
52 |
29,3 |
137 |
77 |
13,3 |
3,8 |
4,5 |
0,15 |
7,53 |
Жауын-шашынды |
56,3 |
5,09 |
9,04 |
0,39 |
54 |
31,3 |
138 |
80 |
16,8 |
4,3 |
4,0 |
0,15 |
7,84 |
Күз |
|||||||||||||
Құрғақшылық |
58,4 |
4,47 |
7,65 |
0,29 |
46 |
25,0 |
158 |
86 |
18,4 |
4,2 |
4,6 |
0,16 |
4,72 |
Орташа |
55,6 |
4,60 |
8,27 |
0,32 |
48 |
27,0 |
150 |
84 |
18,0 |
4,0 |
3,7 |
0,22 |
4,61 |
Жауын-шашынды |
52,8 |
4,60 |
8,71 |
0,34 |
52 |
30,5 |
153 |
90 |
18,0 |
3,7 |
3,6 |
0,19 |
4,82 |
Қыс |
|||||||||||||
Құрғақшылық |
58,0 |
3,90 |
6,72 |
0,22 |
22 |
11,5 |
100 |
52 |
28,7 |
3,9 |
5,3 |
0,28 |
5,36 |
Орташа |
54,8 |
3,96 |
7,23 |
0,24 |
26 |
14,0 |
108 |
58 |
27,2 |
4,0 |
5,0 |
0,27 |
5,57 |
Жауын-шашынды |
53,9 |
4,18 |
7,75 |
0,28 |
32 |
17,2 |
11,4 |
61 |
24,5 |
2,9 |
4,6 |
0,32 |
5,29 |
10-кесте. Қозылы саулықтардың маусымды жайылымда тәулігіне желінетін шөптің салмағы, кг
Жыл жағдайы |
Көктем |
Жаз |
||
табиғи ылғал-дылығы, кг |
құрғақ затқа, кг |
табиғи ылғал-дылығы, кг |
құрғақ затқа, кг |
|
Құрғақшылық |
3,65 |
0,97 |
2,05 |
0,93 |
Орташа |
5,65 |
1,38 |
2,90 |
1,24 |
Жауын-шашынды |
6,40 |
1,51 |
3,45 |
1,34 |
4. Жайылымның экологиялық жағдайына байланысты қаракөл қойларының қоректік затпен қамтамасыз етілуі және өнімділігі
11-кесте. Қозылы саулықтардан жыл жағдайына қарай жайылымнан алған энергия және қоректік заттар деңгейі
№№ |
Энергия және қоректік заттар |
Бірлік өлшемі |
Көктем |
Жаз |
||||
құрғақ |
орта |
жауынды |
құрғақ |
орта |
жауынды |
|||
1 |
Жайылым шөбі |
кг |
3,65 |
5,62 |
6,40 |
2,05 |
2,90 |
3,45 |
2 |
Оның құрамы: құрғақ зат құрғақ жылға |
кг % |
1,31 100 |
1,70 129,8 |
1,79 136,6 |
1,28 100 |
1,75 136,7 |
1,94 151,6 |
3 |
Сіңімді энергия құрғақ жылға |
МДж % |
9,62 100 |
15,70 159,9 |
16,30 165,9 |
11,30 100 |
16,60 146,9 |
17,6 155,7 |
4 |
Азық өллшемі құрғақ жылға |
кг % |
0,73 100 |
1,18 161,6 |
1,41 193,1 |
0,80 100 |
1,10 137,6 |
1,35 168,8 |
5 |
Шикі протеин құрғақ жылға |
г % |
109,5 100 |
185,5 169,4 |
243,0 221,9 |
92,5 100 |
150,8 163,0 |
186,3 201,4 |
6 |
Қорытылған протеин құрғақ жылға |
г % |
63,1 100 |
114,1 180,8 |
153,6 243,4 |
49,8 100 |
85,0 170,7 |
108,0 216,8 |
7 |
Кальций құрғақ жылға |
г % |
8,5 100 |
14,4 169,4 |
15,7 184,7 |
9,7 100 |
14,7 151,6 |
22,7 234,0 |
8 |
Фосфор құрғақ жылға |
г % |
2,5 100 |
3,6 144,0 |
4,0 160,0 |
2,4 100 |
4,2 175,0 |
5,7 237,5 |
9 |
Күкірт құрғақ жылға |
г % |
2,4 100 |
3,7 154,1 |
4,5 167,5 |
3,0 100 |
5,0 166,6 |
5,4 180,0 |
10 |
Кобальт құрғақ жылға |
мг % |
0,22 100 |
0,34 154,6 |
0,45 204,5 |
0,18 100 |
0,26 144,4 |
0,31 119,2 |
11 |
Мыс құрғақ жылға |
мг % |
5,4 100 |
8,3 153,7 |
10,4 192,6 |
9,2 100 |
13,2 143,4 |
15,2 165,2 |
12 |
Каротин құрғақ жылға |
мг % |
69,3 100 |
106,8 154,1 |
307,2 443,3 |
16,4 100 |
49,3 300,6 |
72,4 441,5 |
Жыл жағдайына байланысты қозылы саулықтардың қоңы мен күйінің өзгеруі 12-кестеде көрсетіледі.
12-кесте. Жыл жағдайына байланысты қозылы саулықтардың салмағының маусымдық өзгеруі
Көрсеткіштер |
Көктем |
Жаз |
||||
кұрғақ |
орта |
жауынды |
кұрғақ |
орта |
жауынды |
|
Тірі салмағы, кг Басында |
34,2 |
36,3 |
38,3 |
34,0 |
37,4 |
40,2 |
Аяғында |
34,0 |
37,4 |
40,2 |
33,6 |
38,2 |
42,7 |
Ауытқуы |
-0,2 |
+1,1 |
+1,9 |
-0,4 |
+0,8 |
+2,5 |
Сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүргізілген тәжірибелердің нәтиже-леріне сүйенсек, құрғақшылық жылы қозылы саулықтар көктемде салмақ қоспайды. Бұл көрсеткіш орташа жылы 1,1 және 1,9 кг болып, жаздың күндері 0,8 және 2,5 кг шамасында болды.
Қаракөл қойы өздерінің тектестеріне қарағанда сүтті келеді. Шаруашылыққа қолайлы жылдары бір күнде максимум 2 кг сүт беріп, 4 айлықта қозы ажырату мезгіліне дейін 115 кг сүт береді.
Өндірістік жағдайда қиын құрғақшылық болған жылы буаз көтерем қойлар ақсыз туып, қозыларын жаытпайды. Сондықтан қой төлдету Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен көктемде (Созақ ауданында сәуірдің басында) басталады.
Тәжірибелерге қарағанда қозылы қойлардың жайылымда жейтін шөбі қоршаған ортаның қалыптасқан абиотикалық экологиялық жағдайына байланысты болып келеді. Мысалы: қозылы қойлар орташа және қолайлы жылдары құрғақшылық жылымен салыстырғанда желінген жайылым жөбінің энергиялық қуаттылығы – 59,9; 65,9%, шикі және қорытылатын протеиннің мөлшері 69,4; 121,9% жоғары болады. Қолайлы жылы қой организміне түсетін каротиннің мөлшері 4,5; 3,0 есеге артық. Жазды күнгі жайылымдық рационды сіңімді энергияның концентрациясы жоғары болғандықтан, осы мезгілде көктемге қарағанда ол көктемгі уақыттан кем түспейді. Бірақ абсолюттік өлшемде жайылым рационының жалпы қоректілігі және басқа элементтер (кальцийден басқасы) төмен болады.
Қойдың сүттілігі жылдың экологиялық жағдайына байланысты (13-кесте).
Құрғақшылық жылы қозылы қойлардан небары 41,2 кг сүт бөлінеді, орташа жылы 90 кг, ал қолайлы жылы 108,9 кг немесе 2,2; 2,6 есе көп. Қай жылы болмасын қозылы қойлардың ең жоғары тәуліктік сүттілігі 20-күні байқалады. Сонан соң төмендеп 65-лактация күнінде барлық бөлінетін сүттің 82,9-86,2% қозылары еміп алады.
Қой сүтінің химиялық құрамы мен энергиясы 14-кестеде көрсетілген. Бұл көрсеткіштер экологиялық жағдайға тікелей байланысты болып келеді. Құрамындағы ақуыз 41,2%, май – 50,1, қуаттылығы – 36,8%-ке жоғары бола-
13-кесте. Экологиялық жағдайға байланысты қойдың сүттілігінің қалыптасуы
Көрсеткіштер |
Жыл жағдайы |
Лактация күні |
|||
5 |
20 |
65 |
120 |
||
Күндік сүттілігі, г |
құрғақ |
320 |
980 |
280 |
30 |
орташа |
860 |
1770 |
725 |
110 |
|
жауынды |
950 |
2050 |
900 |
150 |
|
Құрғақ жылмен салыстырғанда, % |
құрғақ |
100 |
100 |
100 |
100 |
орташа |
269 |
225 |
210 |
219 |
|
жауынды |
294 |
260 |
251 |
264 |
ды. Қойдың сүттілігі азайған сайын оның майлылығы және минералдық заттар жоғарылап, қант мөлшері кемиді.
Қозылардың өсіп-жетілуі саулықтардың сүттілігіне байланысты. 15-кестеде көрсетілгендей, жаңа туылған қозылардың тірілей салмағы құрғақшылық жылы 3,1 кг болса, ол орташа жылы – 3,85, қолайлы жылы 4,5 кг жетеді. Одан кейінгі салмақ қосуы саулықтардың сүттілігіне байланысты.
15-кесте. Саулықтардың сүттілігіне байланысты қозылардың өсіп-жетілуі
Көрсеткіштер |
Туылған күні |
20 күнде |
75 күнде |
120 күнде |
Құрғақшылық жыл |
||||
Тірілей салмағы, кг |
3,10 |
5,40 |
9,60 |
14,60 |
Салмақ қосуы, кг |
|
2,30 |
4,20 |
4,90 |
1 күндік салмақ қосуы, г |
|
115 |
113 |
109 |
1 кг салмаққа жұмсалған сүт, МДж |
|
28,98 |
|
|
Орташа жыл |
||||
Тірілей салмағы, кг |
3,85 |
10,24 |
22,70 |
27,80 |
Салмақ қосуы, кг |
|
6,39 |
11,46 |
5,1 |
1 күндік салмақ қосуы, г |
|
320 |
208 |
113 |
1 кг салмаққа жұмсалған сүт, МДж |
|
20,24 |
|
|
Жауынды жыл |
||||
Тірілей салмағы, кг |
4,50 |
11,55 |
24,20 |
29,90 |
Салмақ қосуы, кг |
|
7,05 |
12,65 |
5,70 |
1 күндік салмақ қосуы, г |
|
352 |
230 |
127 |
1 кг салмаққа жұмсалған сүт, МДж |
|
22,73 |
|
|
14-кесте. Қозылы саулық сүтінің химиялық құрамы мен энергиясы
Қоректік заттар, % |
10-күн |
75-күн |
120-күн |
||||||
құрғақ |
орта |
жауынды |
құрғақ |
орта |
жауынды |
құрғақ |
орта |
жауынды |
|
Ақуыз |
4,12 |
5,41 |
5,82 |
5,13 |
5,74 |
5,88 |
4,67 |
5,82 |
5,86 |
Май |
4,43 |
6,07 |
6,65 |
5,70 |
6,46 |
7,30 |
6,12 |
7,76 |
8,25 |
Сүт қанты |
5,06 |
5,13 |
5,24 |
5,02 |
4,98 |
5,30 |
4,71 |
4,58 |
4,62 |
Күл |
0,79 |
0,84 |
0,87 |
0,82 |
0,91 |
0,95 |
0,87 |
0,93 |
1,04 |
Құрғақ зат |
14,40 |
17,45 |
18,58 |
16,67 |
18,09 |
19,43 |
16,37 |
19,09 |
19,77 |
Калориясы, МДж |
3,58 |
4,67 |
4,90 |
4,32 |
4,77 |
5,18 |
4,39 |
5,24 |
5,26 |
Қозылардың постнатальды кезеңде күндік салмақ қосуы құрғақшылық жылы 115 г, орташа жылы – 320, қолайлы жылы – 352 г немесе біріншімен салыстырғанда 2,0-2,5 есе артық. Қозыларды 4 айлық бөлу мерзімінде олардың салмағы құрғақшылық жылы небары 14,5 кг, орташа жылы – 27,8 кг, қолайлы жылы – 29,9 кг болып, алғашқымен салыстырғанда 1,9-2,1 есе артық болады.
5. Әртүрлі дәрежедегі минералданған судың қаракөл организміне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері
Біз, дипломдық жұмыста «Қарақұр» асыл тұқымды қаракөл қой кооперативіндегі су көздерін зерттеп, оның санитарлық-гигиеналық жағдайына сараптау жүргізіп, оны өз жұмысымызға негіз етіп алдық. Құдықтағы судың жылылығын 1000С шкалалы термометрмен өлшенді, мөлдірлігі Снеллен әдісімен жүргізіліп, органолептикалық көрсеткіштері (иіс, дәм) 2874-68 және 2761-64 МемСт бойынша бағаланды.
Судың қаттылығы 4151-72 МемСт бойынша комплекснометрикалық әдіспен зерттелді. Құрғақ заттар, сульфаттар 4245-72, 7389-71, 18164-72 МемСтандарттары бойынша анықталды.
Түрлі дәрежедегі минералданған сулардың қаракөл қойларына тигізетін әсерін анықтау үшін төмендегі тәжірибе үлгісі бойынша жүргізілді.
16-кесте. Тәжірибе үлгісі
Тәжірибе тобы |
Қой саны |
Судың дәмі |
Судың құрғақ заты |
Бақылау |
846 |
тұщы |
1007 |
І-тәжірибе |
821 |
кермек |
3399 |
ІІ-тәжірибе |
797 |
ащы |
6762 |
ІІІ-тәжірибе |
808 |
өте ащы |
10936 |
Жоғарыда көрсетілгендей, бақылау тобындағы қойлар таза тұщы су қабыл-дап, ал I, II, III топтардағы қойлар түрлі дәрежедегі тұзы бар сумен суарылды.
Тәжірибедегі қойлардың саны әр топта 30 бастан болды.
Тәжірибе барысында мына көрсеткіштер анықталды:
1. Қойдың жайылымда жеген шөбі А.И.Овсянников (1976) әдісі бойынша:
2. Шөптің химиялық құрамы.
3. Азық құрамындағы қоректік заттардың қорытылуы.
4. Қан құрамы (эритроцит, лейкоцит, гемоглобин, т.б.).
5. Тәжірибедегі қойлардың тірілей салмағының динамикасы.
6. 1 кг салмақ қолдана жұмсалған азық мөлшері.
7. Әр түрлі дәрежедегі минералды судың экономикалық көрсеткіштері.
Тәжірибедегі қойлардың түрлі жыл мезгіліндегі қабылдаған су мөлшері 17-кестеде көрсетілді.
17-кесте. Қойлардың қабылдаған суы, кг
Ішілген су |
Жыл мезгілі |
|||
көктем |
жаз |
күз |
қыс х) |
|
Қозысы елтіріге сойылған саулық |
||||
Барлығы |
7,93 |
8,55 |
6,71 |
1,40 |
Соның ішінде: суарғанда |
3,80 |
8,30 |
6,30 |
0,90 |
азықпен |
4,13 |
0,25 |
0,41 |
0,50 |
Қозылы саулық |
||||
Барлығы |
8,64 |
9,45 |
- |
- |
Соның ішінде: суарғанда |
5,10 |
9,20 |
- |
- |
азықпен |
3,54 |
0,25 |
- |
- |
Қозылар |
||||
Барлығы |
0,79 |
4,25 |
- |
- |
Соның ішінде: суарғанда |
- |
3,80 |
- |
- |
сүтпен |
0,79 |
0,25 |
- |
- |
азықпен |
- |
0,20 |
- |
- |
х) Қардың суы есепке алынбаған |
17-кестеде көрсетілгендей тәэжірибедегі қойлардың су қабылдау мөлшері жыл маусымына, жасына қарай өзгеріп отырады. Көктемгі жайылым шөбінің ылғалдылығы жоғары болғандықтан су аз ішіледі, ал жайылым шөбі қурай келе жоғарылай түседі.
Су құрамындағы минералды заттар қойдың физиологиялық көрсеткіштеріне әсер етеді (18-кесте).
18-кесте. Су құрамындағы минералдық заттар, мг/л
Тәжірибе тобы |
Көрсеткіштер |
|||||
қаттылығы, мг-экв/л |
тұз құрамы |
кұрғақ қалдық |
||||
магний |
кальций |
сульфаттар |
хлоридтер |
|||
Бақылау |
3,8 |
27,0 |
31,6 |
352,0 |
160,8 |
1007,0 |
І-тәжірибе |
34,6 |
261,0 |
272,2 |
1329,0 |
897,7 |
3399,0 |
ІІ-тәжірибе |
52,1 |
311,5 |
520,0 |
2560,0 |
1576,2 |
6762,0 |
ІІІ-тәжірибе |
72,4 |
511,2 |
596,0 |
3712,0 |
2345,8 |
10936,0 |
Судың минералдық құрамы қойдың жайылымда жейтін шөптің мөлшеріне әсер етеді де, олардың салмақ қосуы әр түрлі болады.
Бақылау тобындағы (тұщы су ішкен) қойлар тәжірибе барысында 4,6 кг салмақ қосса, I тәжірибе топтары 4,2 кг, П-тәжірибе тобы - 3,5 кг, Ш-тәжірибе тобы - 2,8 кг салмақ қосты. Салмағы жөнінен бақылаудағы топ тәжірибе топтарымен салыстырғанда 6,8% және 34,3% артық болды (19-кесте). Бұл көрсеткіштер қабылдаған судың минералдығымен байланысты екенін айқын көрсетеді.
19-кесте. Қойдың тірілей салмағының динамикасы мен жұмсалған азық мөлшері
Көрсеткіштер |
Тәжірибе тобы |
|||
бақылау |
І-тәжірибе |
ІІ-тәжірибе |
ІІІ-тәжірибе |
|
Бастапқы салмағы |
40,7±0,36 |
40,6±0,41 |
40,3±0,39 |
40,1±0,26 |
Тәжірибе соңындағы салмағы, кг |
45,3±0,19 |
44,8±0,21 |
43,8±0,24 |
42,9±0,23 |
Тірілей салмағының өсуі, кг |
4,6±0,12 |
4,2±0,08 |
3,5±0,11 |
2,8±0,10 |
Күндік салмақ қосуы, г |
145 |
135 |
113 |
90,0 |
Бір өлшемге жұмсалынған азық өлшемі, кг |
8,15 |
8,71 |
9,74 |
10,85 |
Қорытылған протеин, г |
730 |
779 |
860 |
1002 |
Тәжірибедегі қойлардың жүн шығымы 20-кестеде көрсетіледі.
20-кесте. Қойдың жүн өнімі, г
Көрсеткіштер |
Тәжірибе тобы |
|||
бақылау |
І-тәжірибе |
ІІ-тәжірибе |
ІІІ-тәжірибе |
|
Жабағы жүн |
1285±13 |
1265±10 |
1280±14 |
1250±12 |
Бақылау тобына % есебімен |
100 |
98,4 |
99,6 |
97,7 |
Күзем жүн |
1070±16 |
1050±15 |
940±18 |
910±19 |
Бақылау тобына % есебімен |
100 |
99,1 |
98,7 |
85,8 |
Барлығы |
2355 |
2315 |
2220 |
2160 |
Бақылау тобына % есебімен |
100 |
98,7 |
94,3 |
92,3 |
Жабағы жүн өнімінде, айтарлықтай алшақтық болмағаны қыста және көктемде, қардың, көк шөптің құрамындағы минералдық заттарға байланыс-ты болса, ал күзем жүннің шығымы әр түрлі құдықтан ішкен судың тұздылығының әсерін көрсетіп отыр.
Түздылығы жоғары судың жас қозылардың өсіп-жетілуіне және күзем жүн шығымына тікелей әсер ететінін 21-кестеден көруге болады.
21-кесте. Анасынан ажыратылған қозылардың тірілей салмағы және күзем жүн шығымы
Көрсеткіштер |
Тэжірибе топтары |
|||
бақылау |
І-тәжірибе |
ІІ-тәжірибе |
ІІІ-тәжірибе |
|
Жаңа туылған қозы салмағы, кг |
4,47±0,07 |
4,45±0,07 |
4,47±0,06 |
4,40±0,06 |
Анасынан 4 айлығында ажыра-тылған қозылар салмағы, кг |
28,9±0,22 |
27,8±0,08 |
26,9±0,21 |
25,1±0,21 |
Күзем жүн шығымы, г |
960±20 |
910±22 |
770±23 |
680±22 |
Тұздың концентрациясы жоғарылаған сайын қозылардың салмақ қосуы тәжірибе тобының реттігіне байланысты 3,8; 6,9 және 13,1%% кемиді.
Ауыз судың тұздылығы қоректік заттардың қорытуына және зат алмасу процестеріне тікелей әсер етеді (22-кесте).
22-кесте. Қоректік заттардың қорытылуы мен организмдегі азықтың алмасуы
Көрсеткіштер |
Тәжірибе топтары |
|||
бақылау |
І-тәжірибе |
ІІ-тәжірибе |
ІІІ-тәжірибе |
|
Қүрғақ зат |
64,8 |
64,2 |
62,7 |
58,2 |
Органикалық зат |
65,7 |
65,1 |
63,9 |
59,6 |
Протеин |
66,5 |
65,6 |
62,8 |
59,1 |
Май |
69,8 |
68,1 |
65,7 |
61,2 |
Клетчатка |
56,2 |
56,0 |
55,9 |
54,7 |
АЭЗ |
72,7 |
72,1 |
69,6 |
63,5 |
Азот балансы: Денеде қорланғаны, г |
8,6 |
7,9 |
6,6 |
5,6 |
Қабылданған мөлшерден, % |
33,7 |
31,7 |
27,0 |
23,7 |
Қорытылған мөлшерден, % |
50,4 |
48,7 |
44,3 |
40,6 |
Қабылдаған судың тұздылығы артқан сайын құрғақ заттың қорытылуы 6,6%, органикалық заттың қорытылуы - 6,1%, протеиннің қорытылуы - 5,2% төмендейді.
Судың тұздылығы жоғарылаған сайын қой организмінде азоттың сіңірілуі 2-10%-ға дейін төмендейді.
Тәжірибедегі қойлардың минералды заттарды қабылдауы 23-кестеде көрсетілген.
23-кесте. Сумен қабылданған минералдық заттардың тәуліктік мөлшері
Бақылау топтары |
Қабылданғаны, г |
|||||
кальций |
күкірт |
магний |
||||
барлығы |
сумен |
барлығы |
сумен |
барлығы |
сумен |
|
Бақылау |
10,34 |
0,16 |
3,35 |
0,73 |
1,30 |
0,14 |
І-тәжірибе |
11,38 |
1,25 |
4,52 |
2,00 |
2,07 |
1,20 |
П-тәжірибе |
12,36 |
2,34 |
6,38 |
3,84 |
2,26 |
1,40 |
ІП-тәжірибе |
11,98 |
2,44 |
7,50 |
5,07 |
2,92 |
2,10 |
Организмдегі минералды заттардың қордалануы ішкен судың тұздылығына байланысты екені анықталды.
Бақылау тобындағы таза су ішкен қойлардың организмінде кальций, күкірт және магнийдің үлесі тәжірибедегі топтарға қарағанда 1,5; 21,8 және 10,4% артық болды.
Бұл жағдайда рациондағы минералдық заттардың тепе-теңдігін азықтағы сумен тұрақтандыруға болатынын ескерген жөн.
Ауыз судың минералдық құрамы қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне әсер ететіні анықталды.
Әртүрлі тұздылықты су ішкен қойлардың экономикалық көрсеткіштерін есептеуде тәжірибедегі малдың салмақ қосуын есепке алдық.
Сонда таза, тұздылығы төмен су ішкен қойдың әр басынан алынған өнімнің құны 1071 теңгеге жетіп, тұздылығы су ішкен қойлармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіштерге жетті.
6. Уран өндіретін маңдағы жайылымда бойдақ саулықтарды күйекке дайындау нәтижелері
Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелері көрсеткендей, қаракөл саулықтардың күйекке дайындығы, ұрықтануы олардың физиология-лық жағдайына байланысты болып келеді. Қаракөл шаруашылығында еркек қозылары елтіріге сойылған саулықтар сәуірдің басынан қарашаға дейін 6,5 ай, қозылары 2-2,5 айда ажарыталса 4,0-4,5 ай, ал 4 айлығында ажыратылса 2,5-3 ай бойдық болған саулықтар күйекке дайындалады. Мұндай жағдайда бойдақ саулықтардың қоңы негізінен күйекке дайындау мерзіміне байла-нысты болып келеді. Қазіргі уақытта кішігірім шаруашылықтар қозыларды енесінен 4 айлығында ажыратып, күйекке дайындық мерзімі негізінен 2,5-3 ай болып отыр. Өйткені, еркек қозыларды елтіріге сою мүлдем тоқтатылды. Сондықтан бойдақ саулықтар 70 күндей күйекке күзде дайындалады.
Жоғарыда айтылғандай, біздер уран өндіретін аймақта табиғи радиациялық деңгейін анықтаған болатынбыз. Бұл көрсеткіштер радиактивті белгі қойылған жерден; 1-топтағы саулықтар 50 м қашықтықта 40 мкр/сағ, 2-топтағы – 500м-ге ұзақтағанда – 25 мкр/сағ, ал 3-топтағы саулықтар 1500 метрлік жерде – 18 мкр/сағ болса, Созақ ауданының уран өндірілмейтін ай-мақтарында табиғи радиацияның деңгейі – 11-13 мкр/сағ мөлшерін көрсетті.
Біздер күйекке дайындалатын саулықтарға алғашқы үш жерде қоныс-танған отарларда жүргіздік. Олардың барлығының жайылымы уран өндір-генге дейін бір текті (типті) болып, бір құдықтан суарылып тұрды. Осы жерде айта кететін мәселе, бұрғылау мұнарасының төңірегі – диаметрі 300 м жайылым түгелімен техникамен тапталып, әр жерде қалған жусан қою жасыл түске айналған, ал одан 500 м жайылым да айтарлықтай деградацияға (азғындауға) ұшыраған.
Жайылымның өнімділігін, өсімдіктердің ботаникалық құрамына зерттеу жүргізгенімізде, «радиациялық қауіпті» деген белгі қойылған жерден 1500 м дейін жайылымның өнімділігінің төмендігі байқалып, өсімдіктердің жарты-лай бұталы түрлері басым болып келеді. Осы жағдайды біздер тек табиғи радиацияның жағдайымен байланыстырмаймыз, бірақ тапталған жерден ары-бері жүрген техниканың іздеріне көбірек басымдылық береміз. Өйткені, қоршаған ортаға таралған радиануклеидтерді анықтамағандықтан, тек тәжірибе жүргізілген жердің радиациялық деңгейінің жоғарылығымен де байланыстыра алмаймыз. Бірақ О.И.Василенконың [2] «Радиациялық экология» оқу құралында келтірілген қағидалар еске аларлықтай. Оның айтуынша, «Адам және жануарлардың сәулеленуі өзгерілген табиғи техногендік радиациялық деңгеймен байланысты» деп жазады. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген табиғи радиациялық деңгейінің қойларға тигізетін әсерін жоққа шығара алмаймыз.
О.И.Василенко [2] табиғи радиацияның деңгейінің жоғарылауы жануарлар-дың азықтануына, зат алмасу процестеріне және көбеюіне жағымсыз әсер етеді деп жазады. Осы жағдайлар бірінші кезекте уран өндіретін аймақтағы жайылымның техногендік деградацияға душар болғанын ескерсек, екіншіден табиғи радиация деңгейінің жоғарылығымен қоса байланыстырамыз. Сонымен, күзде күйекке дайындалатын бойдақ саулықтардың әр тәжірибе учаскеінде жайылым рациондарын салыстыра отырып, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, салмақ қосуы, қоңдылығы, ұрықтануы туралы ғылыми-зерттеу нәтижелері 24-кестеде баяндалады.
24-кесте. Күздік жайылымда күйекке дайындалған бойдақ саулықтардың жайылым рациондары
Жайылым рациондарының қоректілігі |
Радиациялық деңгейі, мкр/сағ |
||
«Радиация қауіпті» белгісінен қашықтығы, м |
|||
40 50 |
_25_ 500 |
_18_ 1500 |
|
Жайылымда желінген шөп, кг |
2,40 |
2,92 |
3,44 |
Оның құрамы: Құрғақ зат, кг |
1,40 |
1,62 |
1,81 |
Сіңімді энергия, МДж |
10,73 |
13,43 |
15,82 |
Азық өлшемі, кг |
0,69 |
0,93 |
1,17 |
Шикі протеин, г |
110,9 |
164,4 |
201,6 |
Қорытылатын протеин, г |
60,0 |
78,9 |
104,8 |
Кальций, г |
12,79 |
16,79 |
21,0 |
Фосфор, г |
2,93 |
3,73 |
4,36 |
Күкірт, г |
3,19 |
3,50 |
4,19 |
Кобальт, мг |
0,22 |
0,35 |
0,41 |
Мыс, мг |
6,60 |
7,47 |
8,74 |
Каротин, мг |
12 |
26 |
72 |
24-кестеде көрсетілгендей, «Радиациялық қауіпті» белгісі қойылған жер-дегі табиғи радиация деңгейі 40 мкр/сағ, «Радиация қауіпті» белгісінен 50 м-дегі техногенді деградация деңгейі жоғары күзгі жайылымда саулықтар тәу-лігіне 2,4 кг шөп жеген болса, радиация деңгейі 25 мкр/сағ (жоғары көрсетіл-ген белгіден 500 м) айтарлықтай деградацияға ұшырамаған жайылым-да – 2,92 кг, ал табиғи радиация 18 мкр/сағ «Радиация қауіпті» белгісінен 1500 м қашықтықтағы жайылымда саулықтар тәулігіне 3,44 кг шөп жеген.
Осы көрсетілген айырмашылықтар жайылым рационынан түскен қоректік заттардың барлығының айырмашылықтарына тікелей әсер еткені 25-кестеден көрінеді.
Тәжірибе жасаған жылы күзде қыркүйек-қазан айларында оқтын-оқтын жаңбырлы болып, шөптің шаңы басылып, жұмсарып, малдың жайылуына
25-кесте. Табиғи радиация деңгейі әртүрлі жайылымдағы саулықтардың энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі
Жайылым рациондарының қоректілігі |
Радиациялық деңгейі, мр/сағ |
||
«Радиация қауіпті» белгісінен қашықтығы, м |
|||
40 50 |
_25_ 500 |
_18_ 1500 |
|
Құрғақ зат |
17,6 |
100,0 |
113,5 |
Сіңімді энергия |
89,4 |
111,9 |
131,8 |
Азық өлшемі |
73,3 |
98,4 |
123,1 |
Шикі протеин |
79,2 |
117,4 |
144,0 |
Қорытылатын протеин |
70,6 |
92,8 |
123,3 |
Кальций |
213,2 |
279,2 |
350,8 |
Фосфор |
68,1 |
87,6 |
101,6 |
Күкірт |
74,2 |
94,7 |
113,4 |
Кобальт |
19,3 |
31,3 |
36,6 |
Мыс |
41,2 |
46,7 |
54,6 |
Каротин |
86 |
186 |
514 |
қолайлы болды. Өсімдігі техногендік деградацияға ұшыраған жайылым алқаптарының өзінен (радиация 40 мкр/сағ) қаракөл қойлары организміне қажетті сіңімді энергияның 90% алса, радиациясы – 25 мкр/сағ жердегі жайылымнан олар энергиямен толық қамтамасыз етілді. Үшінші учаскеде (радиация 18 мкр/сағ) жайылымнан энергияның мөлшері қажетті нормадан 31,8% артық болды. Осы кезде қойлар жайылымда қорытылатын протеинмен энергияға сәйкес 70,6; 92,8; 123,3% қамтамасыз етті.
Жайылым шөбінің құрамында кальций қай жылы болса да болғандықтан қойлардың қажеттілігі 2,1; 2,8 және 3,6 есе артық болды. Организмге өте қажетті фосфор, күкірт, кобальт, мыс, йод жайылым шөбінде көп жағдайда аз кездесіп, Созақ ауданының жемшөбінде жоғарыда көрсетілген макро- және микроэлементтер жетіспейтін биогеохимиялық провинцияға (аймақтарға) жататын болғандықтан, оларды суға ерітіп немесе жемге араластырып беру қажеттідігі туындайды.
Күзде эфемерлік өсімдіктер және қара от қайта көктегендіктен қойлар каротинге қажеттілігін 2- және 3-учаскелерде толық қамтамасыз етіп, тек 1-учаскеден каротинді нормадан 14% кем алған.
Осы қалыптасқан жайылым рациондары әр түрлі учаскелерде күйекке дайындалған саулықтардың салмақ қосуына және қоңына төмендегідей (26-кесте) әсер етті.
26-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйенсек 70 күн ішінде күйекке дайындалған 1-топтағы саулықтар 2,2 кг салмақ қосса, 2-топтағылар 3,6 кг, ал 3-топтағы саулықтар – 6,3 кг салмақ қосқан немесе соңғы екеуінің көрсеткіштері 1-топтағылармен салыстырғанда (қосқан салмақтары) 63,6; 186,4% артық болған.
26-кесте. Тәжірибедегі саулықтардың күйекке дайындық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Радиациялық деңгейі, мр/сағ |
||
«Радиация қауіпті» белгісінен қашықтығы, м |
|||
40 50 |
_25_ 500 |
_18_ 1500 |
|
Саулықтардың тірілей салмағы, кг тәжірибе басында күйекке түсерде |
38,6 40,4 |
40,2 43,8 |
40,6 46,9 |
Жалпы салмақ қосуы |
2,2 |
3,6 |
6,3 |
Күйек алды қоңы, % жоғары орта ортадан төмен |
32,0 48,7 19,3 |
39,0 47,1 13,9 |
51,8 41,9 6,3 |
Ұрықтану көрсеткіштері, % бірінші реттен қайта күйге келуден күйге келмегендері |
64,2 18,6 17,2 |
72,1 18,3 9,6 |
81,4 13,4 52,0 |
Тәжірибедегі саулықтардың күйекке түсер алдындағы жоғарғы қоңды-лары 1-топта – 32,0%, 2-топта – 39,0%, ал 3-топта 51,8% болып, бірінші реттен ұрықтанғандарының үлесі топқа байланысты 64,1; 72,1 және 81,4% болды.
Біздер тәжірибедегі саулықтардың гематологиялық көрсеткіштеріне сүйене отырып мынадай тұжырымға келдік. 1-топтағы «Радиация қауіпті» белгісінен 50 м жерде жайылған саулықтарға 40 мкр/сағ радиация әсер еткен жағдайда барлық гематологиялық көрсеткіштері дені сау қойлардың нормаларына сәйкес болды. 2- және 3-топтағы саулықтардың қанының 1-топтағыдан біршама артық болғанын олардың жайылымнан алған энергия және қоректік заттардың артықшылығымен түсіндіруге болады.
Созақ өңіріндегі жалпы табиғи радиациялық деңгейдегі жануарлар организміне тигізетін әсеріне бір жылдық тәжірибемен қорытынды шығаруға болмайтынын айта келе, оған жауап беру үшін келешекте уран өндіретін аймақтардан қоршаған ортаға таралатын радиануклидтерге мониторинг жасаудың қажеттілігі туындайды.
Қорытынды
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы экологиялық жағдай 2000 жылға дейін тек мал шаруашлық өнімдерін өндіруге байланысты болып қалыптасты.
Табиғи жайылымға түскен экологиялық қысым әр кезеңдегі мал басы-ның санына, жайып-бағу технологиясына және абиотикалық факоторларға тәуелді өзгеріліп отырады.
2ү Созақ ауданының жайылым қорының үштен бір бөлігі (800 мың га) ҰАҚ «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы ауқымына өтуіне байланысты жайылымдағы малдың тығыздығы гектарына 2,5-ден 4-ке дейін артып, экологиялық жағдайды қиындатып, жекелендірілген ұсақ шаруа қожалықтарын отырықшылыққа көшуге мәжбүрледі.
3. Уран өндірудің салдарынан жайылымның тарылуынан жаңа экологиялық жағдайды қалыптастырып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді. Жайылым өнімділігі 3 ц/га-дан 1,5 ц/га-ға дейін азайып, мал басының көбеюі мен өнімділігіне және оның сапасына зиянын тигізуде. Соның салдарынан әсіресе қой басы 2011-2012 жылдардан бастап 2-3% азайып келеді.
4. Ғалымдардың зерттеулері бойынша абиотикалық факторлардың жайылымның өнімділігіне тікелей байланыстығы дәлелденіп, оның мал шаруашылығының өнімділігіне әсеріне қарай – шартты түрде құрғақшылық, орташа, қолайлы жылдарға бөлінеді. Табиғи жайылымның орташа өнімділігі жоғарыда көрсетілген ретке қарай – 1,37; 2,14; 3,89 ц/га.
Жайылым шөбінің химиялық құрамы, желінуі, қойлардың қажетті энергиямен қоректік қамтамасыз етілуі қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты болатындығы дәлелденді.
Құрғақшылық жылы 1 қойға 3,73 га жайылым қажет болса, орташа жылы – 2,07 га, ал шаруаға қолайлы жылы – 1,27 га қажет.
5. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында мал суару негізінен шахталы құдықтардан болғандықтан су көздерінің физика-химиялық қасиеттері өте үлкен алшақтықта өзгеріп отырады: құрғақ заттар – 802-25399 мг/л, судың жалпы қаттылығы – 2-124 мг-экв/л, судың жалпы қаттылығы 2-124 мг-экв/л, хлоридтер – 105-6856 мг/л, сульфаттар – 277-6432 мг/л, кальций – 24-652 мг/л, магний – 9-113 мг/л.
6. Созақ ауданында орналасқан шаруашылықтарда мал суарылу негізінен шахталы құдықтан суарылады да олардың тұздылығы түрлі дәрежеде болып келеді. Су құрамында құрғақ заттың мөлшері – 800-25400 мг/л, хлоридтер 105-6856 мг/л, сульфаттар – 277-6432 мг/л, кальций – 24-680 мг/л, магний – 0,9-1112 мг/л, натрий және калий – 146-4740 мг/л болып, олардың жалпы қаттылығы – 2-124 мг-экв/л, ал қышқылдық-сілтілік реакциясы – 6,0-8,6 аралығында болады. Судың дәмі тұщыдан өте ащыға дейін өзгереді.
7. Қойдың ішетін су мөлшері жыл маусымына, жасына, қоршаған орта жағдайына, судың тұздылығына байланысты. Саулықтар көктемде және жазда, шілдеде 5,1-9,2 л су ішетін болса, күзде 6,3 л, ал қыста 1,2 л су ішеді. Сүт еміп жүрген қозылар орта есеппен жасына қарай 0,5-1,2 л су ішеді.
8. Судың тұздылығы артқан сайын азықтың қоректік заттарының қорытылуы төмендей береді. Құрғақ заттар 66,82%-дан 57,25% төмендесе, протеиннің сіңімділігі 66,85%-дан 58,21%-ке, майдың қорытылуы – 65,55%-тен 63,76%-ке, клетчатка – 56,40%-тен 53,09%-ке азаяды.
9. Тұщы су ішкен қойлардың тәуліктік салмақ қосуы тұздылығы жоғарымен салыстырғанда 58 г, жүн түсімі 195 г артық болса, қозылардың 4 айлығында анасынан ажырату мезгілінде тірілей салмағы 3,8 кг, ал жүні 280 г артық болып, 1 кг салмақ қосуына 2,6 кг азық өлшемі кем жұмсалады.
10. Қойдың организміне қозылардың өсіп-жетілуіне, саулықтың сүттілігіне, өніміне жағымды әсер ететін судың тұздылығы төмендегі мөлшерден аспауы керек. Саулықтар үшін құрғақ зат – 10950 мг/л, хлоридтер – 2350 мг/л, сульфаттар – 3700 мг/л, қаттылығы 72 мг-экв/л, ал қозылар үшін бұл көрсеткіштер: 6760 мг/л, 1580 мг/л, 2560 мг/л және 52 мг-экв/л, судың температурасы +12-200С аралығында болуы керек.
11. ОҚО Созақ ауданында жалпы табиғи радиацияның деңгейі 11-13 мр/сағ болса, уран өндіретін бұрғылау мұнарасынан 50 м қашықтықта 40 мр/сағ, 500 м – 25, 1500 м – 18 мр/сағ болды. Осы қашықтықтағы бұрғылау мұнарасына жақын жайылым негізінен техногендік тапталуға душар болып, оның өнімділігі және тәжірибедегі қойлардың энергия мен қоректік заттарға қажеттілігін өтей алмағандықтан, олардың зоотехникалық көрсеткіштері төмендеді. Бірақ тәжірибе жасаған, радиация деңгейі жоғары (40 мр/сағ) учаскелерде жайылған қойлардың гематологиялық көрсеткіштері қойларға тән нормативтерден ауытқымағаны байқалды. Сондықтан тәжірибедегі қаракөл саулықтарының күйек алды салмағын, қоңын, күйін, ұрықтануын, негізінен жайылымға әсер еткен абиотикалық факторлармен байланыстыр-дық. Сондықтан да ОҚО Созақ ауданында жайылымдық жердің үштен бірі уран өндіретін «Қазатомпром» иелігіне өткендіктен, қазіргі қалыптасып отырған экологиялық жағдайға байланысты мал өсірудің жаңа технологиясын жасау керек деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рисимбетов Т.К. Химический состав и питательность кормов каракулеводческих совхозов Чимкентской области //Ж. Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. –Алма-Ата, 1972. -№7.
2. Василенко О.И. Радиационная экология. –М.: Медицина, 2004. -216 с.
3. Ларин И.В. Луговодство и пастбищное хозяйство. –Л.: Колос, 1964. -515 с.
4. Коровин Е.П. Растительность Средней Азии и Южного Казахстана. –Ташкент, 1961. -452 с.
5. Нечаева Н.Т. Кормовая база овцеводства в пустынной зоне Средней Азии и Казахстана //Природные условия животноводства и кормовая база пустынь. –Ашхабад, 1963. –С.306-319.
6. Зыков Д.А. Кормовые ресурсы Казахстана. –Алма-Ата, 1964. -192 с.
7. Махмудов Х.Х. Кормовая база с зоне пустынь и полупустынь. –Алма-Ата, 1974.- 124 с.
8. Махмудов Х.. Химический состав и переваримость овцами пастбищной растительности песчаной пустыни Сары-Ишик-Отрау в зависимости от сезона года //Авторефер.дис…канд.с.-х. наук. –Алма-Ата, 1952. -19 с.
9. Матвеев В.И. Освоение и улучшение полупустынных и пустынных пастбищ. –Алма-Ата, 1968. -67 с.
10. Матвеев В.И. Способы рационального использования пастбищ в полупустынной зоне //Кормовая база отгонного животноводства. –М., 1967. –С.120-125.
11. Сарбасов Т.И. Эффективные методы кормления овец в различных зонах Казахстана //Овцеводство: проблемы, поиск, опыт. –Алма-Ата, 1981. –С.164-175.
12. Сарбасов Т.И. Особенности полноценного кормления овец при круглогодовом использовании сезонных пастбищ //Полноценное кормление овец в Казахстане. –Алма-Ата, 1986. –С.16-32.
13. Рисимбетов Т.К. Уровень кормления и продуктивность каракульских маток //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. –Алма-Ата, 1984. -№ 7.
14. Рисимбетов Т.К. Влияние погодных условий на разнообразие каракульских маток //Актуальные вопросы каракулеводства. –Алма-Ата, 1984. –С.126-133.
15. Бекмухамедов Э.Л., Рисимбетов Т.К. и др. Кормовые ресурсы Казахстана. –Шымкент, 2010. -381 с.
16. Бекмухамедов Э.Л., Бекмухамедова Н.З. Справочная книга луговода. –Алма-Ата? Бастау, 2005. – 304 с.
17. Глумов П.А. Сезонные пастбища юго-запрадных предгорий Джунгарского Ала-Тау и их кормовая ценность //Автореф. дис…канд.с.-х. наук. –Алма-Ата, 1971. -22 с.
18. Кедрова С.И. Кормление и содержание овец. –М.: Колос, 1969. – 175 с.
19. Росляков А.К. К вопросу определения количества поедаемого пастбищного корма овцами, его переваримость и питательность //Труды АЗВИ. –Алма-Ата, 1972. –Т.34. –С.161-164.
20. Кормановская М.А. Химический состав и питательность кормов Казахстана. –Алма-Ата, 1968. -252 с.
21. Кусаинов К.К. и др. Справочная книга по питательности кормов растений лугов и пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1982. -148 с.
22. Лысов А.М. и др. Определение количества корма, поедаемого овцами на выпасе //Труды ВНИИК. –Самарканд, 1958. –Т.7. –С.181-188
23. Онегов А.П. и др. Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. –М., 1975. -285 с.
24. Волков Г.К. Справочник: Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. –М.: Агропромиздат, 1986. -303 с.
25. Рисимбетов Т.К, Асанов А.Л. Экологическая оценка пастбищных водоисточников юга Казахстана. –Алматы: Бастау, 2002. -48 с.
26. ГОСТ 2874-54. «Вода питьевая». Санитарно-гигиенические требования к воде, водоснабжению и поению животных. –М., 1975. –С.68-89.
27. Изтлеуов Г.М. Радиоэкология. –Шымкент, 2009. –С.5-18.
28. Андреева О.С. Вопросы гигиены труда на урановых рудниках и обогатительных предприятиях. –М., 1971. –С.18-23.
29. Андреева О.С. Гигиены труда при работе с ураном и его соединениями. –М., 1960. -96 с.
30. Галибин Г.П. Гигиена и санитария. –М., 1975. – С.41-46.
31. Онегов А.П., Дударов Ю.М. Справочник по гигиене сельско-хозяйственных животных. –М.: Россельхозиздат, 1975. -636 с.
32. Асанов А.А. Экологическое состояние водных ресурсов на юге Казахстана и меры их защиты от загрязнения агрохимикатами. –Алматы, 2007. -44 с.
33. Сабиров М.С. Мал жайылымдарын суландыру. –Алматы: Қайнар, 1979. -105 б.
34. Королев Р.В. Санитарно-химическая экспертиза воды и пищевых продуктов. –М.: Медицина, 1971. -143 с.
35. Завьянов В. Защита и дегазация воды и пищевых продуктов. –М., 1984.
36. Кальтгоф. Количественный анализ воды. -1972. -40 с.
37. Порембский Б.М. Практикум по индексации воды. –Киров. -145 с.
38. Стерлин Р.И., Зоман А.С. Краткая химическая энциклопедия воды. –М., 1974. -201 с.
39. Рисимбетов Т.К., Кулбалиев Ж.Т. Зоогигиенические показатели водных источников каракулеводческих совхозов юга Казахстана //Труды КазНИИК. –Алма-Ата, 1974.
40. Рисимбетов Т.К. Реактивность каракульских овец на питьевую воду с разной минерализацией //Труды КазНИИК. –Алма-Ата, 1975.
41. Рисимбетов Т.К., Кулбалиев Ж.Т. Потребление каракульскими овцами питьевой воды с разной степенью минерализации //Тезисы докладов научно-технической конференции по проблемам сельского хозяйства. –Шымкент, 1976.
42. Граждан П.Е. О нормах минерализации питьевых вод пустынных районов Туркмении //Изв. Туркменского АН ССР. -1976. -№5. –С.68-72.
43. Кулбалиев Ж. Влияние степени минерализации воды на продуктивность каракульских овец. –Алма-Ата. -23 с.
44. Рисимбетов Т.К. Разработка нормы кормления каракульских овец при пастбищном содержании. –Алма-Ата, 1991. -40 с.
45. Омарходжаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. –Алматы, 1969. -161 б.
46. Омарходжаев Н. Малды азықтандыру нормалары мен рациондары. –Астана, 2005.- 302 б.
Жарияланған-2015-06-09 00:00:27 Қаралды-8858
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы