UF

АННОТАЦИЯ

         Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуі, экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционкалды болып қабылданылуы, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағы әсер ету күші, тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? әлде эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті бола ма? - деген мәселелер төңірегінде қарастырылады. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолданылуы. Тіл бірліктердің семантикалық  стилистикалық белгілердің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылуы жұмыстың негізгі нысаны болып табылады.

         1-тарауда эмоционалды бірліктердің лексика-семантикалық сипаты, эмоционалды бірліктерді топтастырудың белгілері, эмоционалдылексикалық бірліктердің лексика-семантикалық топтары қарастырылады. Эмоция тіл білімде қарастырыла бастағаннан бері бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер де қатар орын алып келеді.

         2-тарауда эмоционалды бірліктердің сөзжасамдық сипаты, тбір эмоционалды сөздер, эмоционалды лексиканың сөз таптары жүйесіндегі орны, туынды эмоционалды сөздер қарастырылады. Аталып отырған тақырыптардың негізгі мәнін ашу мақсаты зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.

         Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді.

Жұмыстың көлемі-67 б.

 

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................7

1 Эмоционалды бірліктердің лексика-семантикалық сипаты...............................10

 

1.1 Эмоционалды бірліктерді топтастырудың белгілері.......................................16

 

1.2 Эмоционалды лексикалық бірліктердің лексика-семантикалық тобы..........22

 

2 Эмоционалды бірліктердің сөзжасамдық сипаты...............................................36

 

2.1 Түбір эмоционалды сөздер.................................................................................37

2.2 Эмоционалды лексиканың сөз таптары жүесіндегі орны................................42

2.3 Туынды эмоционалды сөздер.............................................................................47

 

Қорытынды................................................................................................................63

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................65

КІРІСПЕ

         Эмоция арқылы шыққан сөздердің лексикалық мағынасы солғандау болды. Олардың (одағай мен еліктеу сөздердің) лексикалық мағынасы субстантивтенген жағдайда немесе зат есім, етістік тудыратын жұрнақтар жалғанғанда ғана айқындалады. Эмоция арқылы шыққан сөздер сөз топтастыруда грамматикалық принципке толықтай жауап бере алмайды. Аталмыш сөздер тобы өздігінен жеке тұрып (түбір күйінде) белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды, яғни атаушы сөз таптарының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу секілді атаушы топтарына сұрақ қойған сияқты, оларға сұрақ қоя алмаймыз. Сөз топтастырудың синтаксистік принципі эмоци арқылы шыққан сөздерді топтастыруда негізі бола алмайды. Оны одағай, еліктеуіштер туралы еңбек жазған ғалымдар нақты мысалдармен дәлелдеп берген.

         Тақырыптың өзектілігі: Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуі, экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қолданылуы, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтіліуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағы әсер ету күші, тілді экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? әлде эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болама? - деген мәселелер төңірегінде қарастырылады. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолданылуы. Тіл единицаларының семантикалық стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. оның фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсетеалатын қабілетке ие бола алады. Эмоция айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді. Эмоция құралдарын фонетика,грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді деп көрсетілген.

         Тақырыптың зерттелу деңгейі: Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш.Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоционалдылықпен тығыз байланысты деп санайды. Ж.Вандриес "аффективті элементтер ойға логикалық әсерлі реңктер мен бояу береді" деген шешімге келеді. К.эрдман: "Осы сәттердің (эмоционалды жәнеи экспрессивті) барлығының тікелей қатысы бар, сөзді әр айтылған сайын басқаша көмкеріп тұратын барлық  осы санадан тыс және зорға білінетін қосалқы түсініктер, белгілі бір сезімдер мен олардың реңктері, дауыстың қатты бәсеңдігі- осының бәрі логикалық мағынадан кем түспейді" дейді. Бай тілдік материалдарға сүйеніліп жасалған терең теориялық жұмысты іргелі зерттеудің қатарына қосуға болады. Мұнда  ауызекі-әдеби және диалектілік тілдерде қолданылатын экспрессивті лексикаға терең семантикалық талдаулар жасаған. Тілдегі адам факторының рөлін қазір ғалымдар басты мәселе ретінде қалыптастырып жүр. Бұл бағыттағы зерттеулер ең алдымен тілдік құралдардың экспрессивтілік мәселесін қарастырудан басталу тиіс. Экспрессивті тілдік механизмдерін жан-жақты зерттеуге В.Н.Телияның  жетекшілігімен ұжымдық монография жариялайды. Бұл еңбекте экспрессивтіліктің барлық мәселелері қозғалған деуге болады. В.И.Шаховскийдің пікірі бойынша, "бұл кітаптың басты жетістігі онда экспрессивтілік категориясы сөйлеу-ойлау әрекеттің когнетивтік жағымен байланысты қаралады және экспрессивтілікті осы тұрғыдан қарастыру аталмыш монографияның ерекшелігі мен жаңалығын көрсетеді". Осы кезде эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің тіл жүйесіндегі алар орны мен рөлін зерттеуді мақсат еткен жұмыстар да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің арақатынасын анықтауды зерттеушілердің көзқарастары әртүрлі, бір жерден шықпайды. Н.М.Павлова сөзде эмоционалдылық пен экспрессивтілік тығыз байланысты деп санап, олардың табиғи өзгешеліктеріне шек келтіреді.

         Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты-тіл біліміндегі эмоционалды сөздердің жасалу ерекшеліктері, қолданылу, зерттелу нысаны, қазақ тіліндегі алатын орны мен қосатын үлесін анықтау. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

-диплом жұмысына тиянақ болатын теориялық және әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

-эмоционалды және экспрессивті сөздердің белгілерін анықтау;

-тілдік деңгейі;

-беретін мағынасы;

-тілдік қызметі;

-тілдік құралдары.

         Бүгінгі күнге дейін аталмыш мәселеге арналған зерттеулерге эмоционалды, экспрессивті, эмоция, эмоционалды-экспрессивті сияқты сөздерді бірінің орнына бірін қолданып, жиі шатастырылатындығы аңғарылады. Тілде осы мәселеге байланысты жазылған лексикологиялық еңбектерде "эмоционалды", "экспрессивті" атауларын дәрежесі бір бейнелі сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Десек те, Н.А.Лукянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдануды сәтті әрі тиімді деп санай келе, бұл термин номинатив терминіне құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, оған қарсы мағынада қолданыла алады. Және оның бір мағынасы ретінде экспрессема да сондай мағынада қолданылады. Жоғарыда айтып кеткендей, экспрессивті сөздер номинатив бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) негізінен екі жағдайда да ерекшеленеді: семантикасы және жұмсалымдық өрісіарқылы ажыраты;

         Зерттеу нысаны. Аталып отырған тақырыптың негізгі мәнін ашу мақсатында, қазақ тілінде эмоционалды бірліктердің қолданылуын негізгі зерттеу нысанына айналдыру.

         зерттеу әдістері. бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау қорыту әдістерінің негізінде жазылды.

         Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 ТАРАУ ЭМОЦИОНАЛДЫ БІРЛІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-

СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

         Қазіргі қазақ тіл білімінде эмоционалды лексика эмоционалды және экспрессивті болып екіге бөлінетіні белгілі. Қазіргі кездегі лингвистикалық әдебиеттерде (орыс, қазақ) осы екі терминді атауда бірізділіктің жоқтығы байқалады. Эмоция тіл білімінде қарастырыла бастағаннан бері бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер де қатар орын алып келеді. Бүгінгі күнге дейін аталмыш мәселеге арналған зерттеулерде эмоционалды, экспрессивті, эмоция, эмоционалды-экспрессивті сияқты сөздерді бірінің орнына бірін қолданып, жиі шатастырылатындығы  аңғарылады. Тілде осы мәселеге байланысты жазылған лексикологиялық еңбектерден "эмоционалды", "экспрессивті" атауларын дәрежесі бір бейнелі сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Десек те, Н.А.Лукьянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдануды сәтті әрі тиімді деп санай келе, бұл термин норматив териніне құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, оған қарсы мағынада қолданыла алады. Және оның бір мағынасы ретінде экспрессема да сондай мағынада қолданылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, экспрессивті сөздер номинатив бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) негізінен екі жағдайда да ерекшеленеді: семантикасы және жұмсалымдық өрісі арқылы. Осымен байланысты Н.Ан.Лукьянова: "экспрессив"- семантикада денонативті компонент (номинативті базис) пен коннотативті компонент (экспрессивтілік, эмоционалдылық және бағалауыштық)  қатар қолданылған узуалды немесе оккозионалды сөздерде және сөйленімде номинавтилік пен экспрессивтілік (көркемді, грамматикалық) қатар қолданған сөздерді айтады. [1,5]. Зерттеуші "экспрессия мен эмоция өзара байланысты, осы негізде эмоция экспрессив негізінде пайда болған, ол екінші" [1.6] деп түсіндіре келе, экспрессивтілік кең мағынада тілдік бірліктердің семантикалық қасиеттерінің негізінде (эмоционалдылық, бағалаушылықтың, бейнелілік) көрініс бере отырып, сөйлемнің көркемдеуші құралы болып табылады дейді. Демек, Н.А.Лукьянованың пікірінше, тілде экспрессивтілік бірінші, ал эмоционалдылық соның категориясы болып табылады. Байқағанымыздай, ол "экспрессивтілікті" кең ұғым ретінде санайды. "Экспрессив" терминін өте кең, ауқымды түрдеқарайтын ғалымдар- М.И.Черемисина мен О.А.Рыжкина. Олар бұл топтағы сөздерді "экспрессивті лексикалық қорға [2.24] жатқызады".

         Келесі топтағы ғалымдар, дәлірек айтқанда, Е.М.Галкина-Федорук, Н.М.Павлова т.б. "экспрессив" терминін "эмоционалды" терминімен бір деңгейде қарайды. Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere- қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды - сезім негізінде шыққан эмоциялар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәлелдейді. Бірақ осы лингвистикалық еңбектерде эмоционалды және экспрессивті ұғымдар жиі шатастырылады. Көптеген еңбектерден "эмоционалды-экспрессивті" немесе "экспрессивті-эмоционалды" деген терминдерді олардың мағыналарында сезімге қатысты ешқандай реңк болмаса да, "экспрессивті" деп, немесе, керісінше, олардың мағыналарынан эмоцияны, сезімді кездестіре алсақ та, оларды "эмоционалды" деп қолданылатынын байқаймыз. Яғни эмоционалды сөздер 50-60 жылдың шеңберінде зерттеліп келсе де, экспрессиялы сөздер дегеніміз не? эмоция мен экспрессия аралығында қандай айырмашылық бар? экспрессия тілде қалай көрініс табады?- деген мәселелер әлі де күн тәртібінде тұр деуге болады.

         Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қолданылуы мүмкін. Сол себептен Е.М.Галкина-Феодорук: "тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда әлдеқайда кең, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағыәсер етуші күші басым, қатты таң қалдыратын барлық сөздер экспрессиялы сөздерге жатады" [3,107] деп, "эмоционалдылық" пен "экспрессивтілікті" бір деңгейдегі категориялар екендігін атап көрсетеді. Және эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің ара жігін шектеп, лингвистикада ең алғаш рет эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болады деген крийтериді ұсынады. Шынында да , жоғарыдағы ғалымдардың дәлелдеулеріндегідей тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болама? - деген мәселелер төңірегінде ойлануға тура келеді.

         Тіл білімінде "эмоционалдылық - (лат. Emovere-еліктіру, толқыту) фр. emation - қоршаған болмасқа деген  адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, әсері. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолданылуы (қара. эмотивтік, экспрессивтік, одағай) [4,432], деп түсіндірсе, экспрессивтілік (лат. expressio- выражение, мәнерлілік) ағыл. Expressivity expressivitat (мәнерлілік) - тіл единицаларының семантикалық стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық, монрфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдылық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Эмоция айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді . Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді [4.430-431] деп көрсетілген.

         Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуін ХХ ғасырдың басында жазылған еңбектерден кездестіреміз, бұл еңбектерде эмоция мени экспрессияны бөлмей бірге қарау орын алған. К.Эрдман: "Осы сәттердің (эмоционалды және экспрессивті) барлығының тікелей қатысы бар, сөзді әр айтылған сайын басқаша көмкеріп тұратын барлық осы санадан тыс және зорға білінетін қосалқы түсініктер, белгілі бір сезімдер мен олардың реңктері, дауыстың қатты бәсеңдігі - осының бәрі логикалық мағынадан кем түспейді." [5] дейді. Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш.Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоционалдылықпен тығыз байланысты деп санайды [6]. Ж.Вандриес "аффективті элементтер ойға логикалық әсерлі реңктер мен  бояу береді" деген шешімге келеді [7].

         Орыс тіл білімінде экспрессивтілік пен эмоционалдылық мәселесі зерттеушілердің назарын көптен бері аударып келе жатқаны белгілі. Бұл тұрғыдан алғашқы зерттеулердің бірі ретінде академик В.В.Виноградовтың "Русский язык (грамматическое учение о слове)" атты еңбегін атауға болады. Ғалым аталмыш сөздерді мағыналық жағынан грамматикалық және лексикалық мағына деп, сонымен бірге жеке тұлға мен топтық бағаның берілуі деп те бөледі. Сөздер әлеуметтік ортада қолданыс табуына байланысты олардың экспрессивті бояуы болады. Сөздің көмегімен сөйлеуші қандай да бір затқа, құбылысқа өзінің бағасын береді. Осы негізде олар жоғарыда берілген топтардан (атауыш сөздер) ажыратылады. Қандай да бір жағдайда сөзбен берілген бағаны В.В.Виноградов экспрессиялық сөздер деп атайды. [8.18-19].

         Бұл мәселе 1950 жылдары жан-жақты зерттеліне бастады. Осы кезде В.В.Виноградовтың, В.А.Звегинцевтің, А.И.Ефимованың, Е.М.Галкина-Федоруктың, А.Н.Гвоздеваның, Л.Л.Кимнің, А.Д.Григорьеваның және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Бұл ғалымдардың еңбектерінде тілдің экспрессивті-көркем тәсілін жан-жақты түсіндіру, тілдік бірліктерден экспрессивті-эмоционалды бірліктерді табу және олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін айқындау, эмоционалдылық, экспрессивтілік ұғымдарына анықтама беру ең алғаш рет орын алды десе де болады.

         Осы кезде эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің тіл жүйесіндегі алар орны мен рөлін зерттеуді мақсат еткен жұмыстар да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эмоционалдылық пен экспрессивтілік арақатынас анықтауда зерттеушілердің көзқарастары әртүрлі, бір жерден шықпайды. Н.М.Павлова сөзде эмоционалдылық пен экспрессивтілік тығыз байланысты деп санап, олардың табиғи өзгешеліктеріне шек келтіреді. Берілген ой желісіне В.В.Шаховский "бұл екі бөлек-бөлек категориялар бір-бірін толықтыру арқылы ғана байланысты болмайды" деген қарсы пікір айтты. Бұл екі ұғымды Ю.М.Осипов та осылай ажыратады. Ғалым оларды бір-біріне тәуелсіз құбылыс ретінде қарайды. Эмоционалдылықты тілдік жүйедегі элемент деп санаса, ал экспрессивтілікті сөздің сұрыпталуы және қолданылуы негізінде пайда болған деп есептейді. Яғни, ол сөйленімдік элемент болып табылады. Тіл білімінде мұндай пікірлердің қалыптасуы аталмыш тақырыпты жеке-жеке зерттеуге әкеліп соғады. Осының нәтижесінде аталған тілдк категориялар туралы тың пікірлер айтыла бастады.

         1974-1980 жылдары аралығында жыл сайын жарық көрген "Актуальные проблемы лексикологии и словообразования" жинағы да аталмыш мәселені зерттеуге өз үлесін қосып отырды. Бұл жинақта экспрессивтілікті негізінен теориялық тұрғыдан зерттеу жағы басым. н.А.Лукьянова орыс тіліндегі экспрессивтілікті, эмоционалдылықты, бағалауыштық ұғымдарын жеке-жеке жіктеп, осы негізде олардың семантикалық типологиялық тұрғыдан зерттеуді қалыптастырады. Ғалым лексикологтар ішінен экспрессивтілікті жеке қарастыратын жаңа лексикологиялық пәнді бөліп шығару туралы оң пікірлер шығып қалуы да ғажап емес деп есептейді. Өйткені қазіргі зерттеу бағыты соған алып келе жатыр. Ол кісінің экспрессивті лексиканың сөздігін жасауда да елеулі орны бар. 1986 жылы оның "Экспрессивная лексика разговорного употребления (проблемы стилистики)" атты монографиясы жарық көрді. Онда экспрессивті сөздердің лексикалық семантикасы жайлы айтылған. Бай тілдік материалдарға сүйеніліп жасалған терең теориялық жұмысты іргелі зерттеудің қатарына қосуға болады. Мұнда ауызекі-әдеби және диалектілік тілдерде қолданылатын экспрессивті лексикаға терең семантикалық талдаулар жасалған.

         Тілдегі адам факторының рөлін қазір ғалымдар басты мәселе ретінде қалыптастырып жүр. Бұл бағыттағы зерттеулер ең алдымен тілдік құралдардың экспрессивтілігі мәселесін қарастырудан басталуы тиіс. Экспрессивті тілдік механизмдердің жан-жақты зерттеуге  В.Н.Шаховскийдің пікірі бойынша, "бұл кітаптың басты жетістігі онда экспрессивтілік категориясы сөйлеу-ойлау әрекеттің конгнетивтік жағымен байланысты қаралады және экспрессивтілікті осы тұрғыдан қарастыру аталмыш монографияның ерекшелігі мен жаңалығын көрсетеді" [9,126].

         Түркі тілдерінде де аталмыш мәселені айтарлықтай зерттелді деуге болады. түркітануда бұл мәселе негізінен 1950 жылдардан бастап зерттеле бастады. Оларға әзірбайжан тілі бойынша С.Абдуллаевтың, Т.А.Эфендиеваның, Э.А.Багированың, а.Денирчи заденің, А.Охундованың, Ю.Сандованың және т.б.; өзбек тілі бойынша Ш.Казановтың; якут тілі бойынша В.И.лихановтың; қазақ тілі бойынша С.К.Кеңесбаевтың, Н.Т.Сауранбаевтың, М.Б.Балақаевтың, Ғ.Ғ.Мұсабаевтың, А.І.Ысқақовтың, Ш.Ш.Сарыбаевтың, Е.Жанпейісовтың, Ш.Ы.Нұрғожинаның, Х.Нұрмұхановтың, Ф.М.Мұсабекованың және т.б. ғалымдардың еңбектерін жазуға болады.

         Т.А.Эфендиева эмоционалдылық пен экспрессивтілікті тілдің дербес екі категориясы ретінде түсіндіре келіп, әйтсе де "экспрессивті лексикаға қарағандаэмоционалды лексика мағынасы жағынан экспрессивтірек болады" деген шешімге келеді. [10]. Осы негізде ғалым әзербайжан тілінің сөздік қорын экспрессивті-эмоционалды және экспрессивті лексикка деп екіге бөлінеді. Аталған еңбекте тілдегі эмоционалды және экспрессивті сөздерді тудырушы лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдері талданады: 1) жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика; 2) жағымсыз экспрессивті бояу тудыратын эмоционалды лексика деп эмоционалды - экспрессивті лексиканың эвфемизмдерден жасалатындығын көрсетеді.

         Ш.Казанов "Өзбек тіліндегі Хамза драмасындағы эмоционалды бағалауышты лексиканың семантика-стилистикалық ерекшеліг" атты еңбектерінің бірінші тарауы хамза драмасындағы эмоционалды-бағалауышты лексикаға, екінші тарауы аталмыш драмадағы эмоционалды-бағалауышты фразеологизмдерге арналады. Ол драмадағы эмоционалды лексиканың семантикалық жағынан: 1) жағымды мағынаны беретін эмоционалды-бояулы

сөздер; 2) жағымсыз мағынаны беретін эмоционалды -бояулы сөздер деп екіге бөліп қарастырылады. Хамза драмасындағы жағымды мағынады беретін сөздерді: 1) салтанатты (торжественные) лексемалар; 2) плэтикалық лексемалар деп екіге бөліп, жағымсыз эмоцияны білдіретін экспрессивті-бояулы лексемаларды: 1) жақтырмай айтылатын лексемалар (а) жалпы хайуанаттардың атауы; б) үй құстарының атауы; в) үй жануарларының атауы) және 2) қоғам мен өмірде жағымсыз құбылыстарды білдіретін лексемалар деп оларды екіге жіктейді. Бірінші тараудың екінші бөлімін лексикадағы эмоционалды сезімді білдіретін кішірейткіш-еркелеткіш қосымшаларға арнап, экспрессивті сөздердің грамматикалық деңгейде жасалуын сөз етеді. Өзбек тілінде экспрессивті сөздер негізінен сөйлеу тілінде,тәуелділік (1жақта жиі жасалады) жалғаулары арқылы жасалады дейді. Дәл осы аффикстер, не еркелетуші болып, не сыйлаушы, не құрметтеуші болып үлкен роль атқарады. Ғалым тіл материалдарын салыстыра келе, көптеген сөздер тәуелділік жалғауынсыз  өздігімен еркелетушілік мағына бере алмайды [11,68] деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ осы еңбекте еркелету мағынасы лексикалық тәсілдер арқылы берілетіндігіне кішкене тарауша арналған. Жұмытың екінші тарауы аталмыш драмадағы эмоционалды бояулы фразеологизмдерге арналған, оны зерттеуде мағынасына қарай жоғары, салтанатты эмоцияны, қалжыңды, сайқымазақты, жақтырмауды, деректілікті немесе балағаттағандықты беретін фразеологизмдер деп жіктеген [11].

         Лексика-семантикалық  жағынан жеке эмоционалды-бағалауышты сөздерді зат есімдерден және етістіктерден жасалғандар деп, оған жеке тарау арнап, семантикалық жағынан зат есімдерден жасалған эмоционалды-бағалауышты сөздер (эмоционалыно-оценочные слова личности характеристики), дерексіз ұғымды беруші эмоционалды-бағалауышты зат есімдер; сын есімдерден жасалған эмоционалды-бағалауышты сөздерді: адамның жұмыс әрекетін сипаттайтын эмоционалды-бағалауышты сын есімдер, адам мінезіндегі әртрлі жағымсыз қасиеттерді беретін эмоционалды-бағалауышты сын есімдер; етістіктерді қимылға байланысты эмоционалды-бағалауышты етістіктер; сөйлеуге байланысты эмоционалды бағалауышты етістіктер деп жіктейді. Автор жұмысының үшінші тарауында лексика-семантикалық жағынан жеке экспрессивті сөздерді де жеке эмоционалды-бағалауышты сөздер сияқты іштей зат есімдерден, сын есімдерден, сан есімдерден жасалғандар деп бөліп көрсетеді де, оларды іштей бірнеше лексика семантикалық топтарға жіктейді. [12,102-135].

         Қазақ тіл білімінде аталмыш мәселеге байланысты еңбектерді көптеп кезедестіруге болады. Олардың ішінде бұл мәселеге байланысты еңбектерді көптеп кезедестіруге болады. Олардың ішінде бұл мәселеге байланысты арнайы қалам тартқандары да немесе лексикологияның мәселелерін және де тілдің басқа салаларын сөз етуде жолай аталмыш мәселе жайында сөз ете кеткендерін де кезедестіруге болады.

         М.Балақаев бастаған бір топ авторлардың бірігуімен шыққан "Қазақ тілінің стилистикасы" атты еңбекте еліктеуіш негіздерден жасалған етістіктердің басқа сөздерге қарағанда экспрессивтілік қасиеті басым болатыны және оларн көбінесе көркем әдеби, сөйлеу және публицистикалық стильдерде жиі кезесетіні жайлы айтылады. Сондай-ақ бұндай бояу жеке сөздерге де фразеологиялық тіркестерге де сөз формаларына да, синтаксистік конструкцияларға да тән сипат деп, экспрессивті бояуды екі тұрғыдан 1) лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер; 2) қолданылу процесінде жүре келе экспрессивті бояу алатын есімдер мен етістіктер сөз етілуі тиіс екені айтылады [13,58-59]. Алайда бұл стилистикалық оқулықта эмоционалды сөздерге де экспрессивті сөздерге де анықтама берілмейді.

         Ғалым Ғ.Ғ. Мұсабаев "Современный казахский язык. Лексика" атты оқулығында "қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ кез келген басқа тілдерде де затқа немесе құбылысқа сөйлеушінің эмоционалды қарым-қатынасын білдіретін сөздер қатары бар. Бұндай сөздер категориясынтіл білімінде эмоционалды лексикаға жатқызады немесе эмоционалды бояу" деп көрсетеді де, ары қарай бұларды былай бөледі: 1. эмоцияналы бояуы бар сөздер; 2. кішірейткіш-еркелеткіш, үлкейткіш немесе кеміткіш аффикстер жалғану арқылы сөзге морфологиялық жолмен эмоционалды бояу беретін сөздер деп, бірінші топты: а) әсері өте күшті эмоцияны беретін сөздер (масқара, сұмдық, сұм, қайғы, қуаныш, қорқыныш, жауыздық, жыртқыштың, нәзіктік, ақ көңілділік т.б.). Бұл топтағы сөздер лексиканың негізінде өздігімен экспрессивтілікті қасиетті бере алады; ә) кейбір сөздер затқа немесе құбылысқа қоғамдық қарым-қатынас негізінде эмоционалды-экспрессивті бояу беруге қабілетті болады (ұрлық, жауыздық, залым т.б.) деп, бұл сөздер өзінің табиғатынан жағымсыз мағынадағы эмоционалды реңкті береді; б) сөйлеушінің негізінде құбылысқа баға беретін сөздер (әдемі, жақсы, көңілді, тамаша, қатты т.б.); в) шарттылықпен қолданылатын сөздер. Мысалы, пысық сөзі ертеректе ешқандай эмоциялық бояусыз қолданылады. Бірақ А.Құнанбаевтың туындыларында бұл сөз адамның жағымсыз мағынасындағы эмоционалды бояумен қолданылған. Екінші топтағы сөздер қатарынан іштей грамматикалық тәсіл арқылы кішірейткіш суффикстердің көмегімен жасалған сөздер; -қай кішірейткіш-еркелеткіш суффикстерді қолданылуы арқылы затқа немесе құбылысқа қоғамдық мағына беру арқылы жасалған сөздер; сөздердің кішірейткіш-еркелеткіш реңкті -тай жұрнағы арқылы жасалады; -еке, -й, -ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы еркелікті және кішіпейілділікті бере отырып жасалған сөздер эмоционалдылықтың жоғарғы реңкін білдіреді; -сымақ арқылы жасалған сөзге жек көру, кемсіту мағынасын үстейді де іштей лексикалық жолмен жасалғанына және де грамматикалық жолмен жасалғанына байланысты  жіктеп көрсетеді. [14].

         "Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы" атты оқулықта экспрессивті-эмоционалды сөздерге анықтама беріліп, олар тілде негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетте кездесетінін айта келе, тілде экспрессивтік-эмоционалды лексика үш жолмен 1) ешбір қосымшасыз жеке тұрып эмоционалды бояуға ие болатын сөздер; 2) мәтін ішінде эмоционалды бояуға ие болатын сөздер; 3) морфологиялық жолмен пайда болатын  эмоционалды сөздер) жасалатыны баяндалады. Сондай-ақ тілімізде бұндай сөздерге негізінен еліктеуіштер мен одағайлар бай екендігі жайлы айтылады.  Эмоционалды бояуға өте бай одағай мен елітеуіш сөздер жайлы жұмысымыздың екінші тарауында кеңірек тоқталамыз.

         Қазақ тіл білімінде эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер семантикалық жағынан біраз зерттелінде деп айтуға болады. Тілдің бұл мәселесіне арналып бірталай диссертациялар, көптеген мақалалар жазады. Олардың негізгілеріне тоқталар болсақ, қазақ тілінің ауызек тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексикасына арнайы ғылыми еңбек жазған - Ш.Ы.нұрғожина. Автор еңбегінің бірінші тарауында қазақ тілінің ауызекі тіліндегі эмоционалды-экспрессивті сөздердің ерекшелену нышандары мен жұмсалымдық ерекшелігі жайлы сөз қозғайды. Эмоционалды-экспрессивті сөздер жалпылама лексика, қарапайым сөздер, тұрмыстық лексика, диалекті, варваризм сөздер тобында кездеседі деп көрсетеді. Еңбектің екінші тарауы қазақ тілінің ауызекі тіліндегі эмоционалды-экспрессивті бірліктердің негізгі жасалыну тәсілдерін және толықтыру жолдарына арналған. Сондай-ақ олардың бірнеше ЛСТ-ға (лексика-семантикалық тапқа) жіктейді.

 

         1.1 Эмоционалды бірліктерді топтастырудың белгілері

         Тілдегі эмоционалдылық мәселесімен айналысытын лингвисттердің алдында бір-бірімен байланысты екі мәселе тұрады. Оның біріншісі - жалпы лексикалық қорған эмоционалды  мән туғызатын сөздерді бөліп алу да, екіншісі-оларды семантикалық топтарға ажырату. Осы мәселеге арнайы қалам тартқан тілші -ғалымдар семантикалық талдаудың лингвистикада екі жолы бар деп көрсетеді:

         а) парадигмалық мағынаны талдау және сол сөздердің қандай синтагмалық мағынаға ие бола алатынын байқауға мүмкіндік алу;

         б) сөздің синтагмалық мағынасын контекстік талдау арқылы сол сөздің семантикалық құрылымды құраушы мағынасын анықтап алу, яғни оның парадигмалық мағынасын анықтау.

         Орыс ғалымы Т.А.Трипольская экспрессивті (біздіңше экспрессив-эмотив) лексика талдаудың 5 түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетеді [15.101-113]. Олар мынадай:

         а) идентификация әдісі. Бұл әдіс экспрессивті етістіктердің семантикасынан коннотативті мағынаны айырып алуда тиімді болып табылады. Бірақ бұл әдіс басқа қатардағы экспрессивтердің семантикасын сипаттауда әлсіздік танытады, сол себепті олардың зерттеуде басқа да әдістерді қатыстыру қажеттігі туындайды.

         ә) дефинициялық талдау (дефиниционный анализ), бұл әдіс семантикады зат есімдердің "интенсивті" және "эмоционалды бағалауышты" коннотативті компоненттердің, сондай-ақ экспрессивті сын есімдермен етістіктердің коннотативті компоненттерін бөліп алуға мүмкіндік туғызады. бірақ та бұл әдістің мынадай кемшіліктері де бар: а) коннотативті компоненттердің қарапайым жиынтығы түрінде әрқашанда экспрессивті бірліктердің семантикасын анықтай бермейді; ә) олар әрқашада экспрессивті семантиканы анықтай бермейді, яғни бір мағына ғана айқындайды немесе керісінше болады. б) контекстік талдау. Контекст коннотацияны анықтап алуға мүмкіндік туғызады, сонымен бірге жалпы түрде "бағалауыштықтың" коннотативті компоненттің сапасын анықтайды. Экспрессивтің бағалауыштық әлеуетті өте кең болғандықтан, контекстік талдаудың көмегімен бағалауышты мағынаның жеке реңктерін сипаттау қиын. Бағалауыштықтың мағынасының сапасы тілд қолданушылар мен сөйленімдік жағдайға байланысты. Дегенмен контекстік талдау арқылы экспрессив семантикасынан коннотацияны анықтауға болады. Кейбір жағдайларға байланысты контекстік талдау сөздің коннотативті мағынасын анықтауды және сипаттауда көмекші құрал болып табылады.

         в) компонеттік талдау. Компоненттік талдау әдісі экспрессивті лексиканың семантикасын зерттеуде жиі қолданылады. Компонентті талдау лексикалық мағынаны құраушы компоненттерді ажырату жолымен оны, яғни лексикалық мағынаны толық сипаттау мақсатында қолданылады. Бұл әдіс атауыш сөздердің семантикасын сипаттау тәсілі ретінде пайда болған, сол себептен оны атауыш сөздерден сапалық жағынан өзгешеленген материалдарға қолдану, оның қолданылу шегі және мүмкіндігіне байланысты сұрақ туғызады. Коннотативті талдаудың көмегімен мағынаның қандай аспектісін (тек денотативті ғана ма, жоқ әлде денотатив пен коннотативті мағынаны бірге ме) сипаттайтынын айырып алуға және көптеген атауыш сөздердің семантикасын толықтай сипаттауға болады. Бұл әдісті қолдану экспрессивті сөздердің семантикасының белгілі бөліктерін ғана анықтай алады, нақтырақ айтсақ, денотативті мағынаны ғана, ал коннотацияны анықтай алмайды [16.53].

         Ғалым коннотативті талдау әдісінің 3 түрін көрсетіп береді. Әйтсе де бұл әдістің де атауыш сөздердің семантикасын зерттеуден қарағанда экспрессивтердің семантикасын зерттеуде өрістің шектеулі екені байқалады.

         г) психолингвистикалық талдау. А.П.Клименко психолингвистикалық талдау әдісінің 3 түрін көрсетеді: 1) сынаушыға бірнеше мәтін құрау керек, не болмаса сөз аралық синтагмалық қатынас орнату керек. Соның нәтижесінде сөздің синтагмалық қасиеті жайлы ақпарат аламыз; 2) сынаушыға қабылданған ассоциацияны ары қарай ден қоя өңдеу жүргізілетін еркін ассоциативті эксперимент болуы қажет; 3) сөздің семантикасын анықтау, зерттеуші бірліктердің семантикалық жақындықтарын орнату мақсатындағы метатілдік тапсырма беру керек [17,54-55].

         Т.А.Трипольскаяның жоғарыда берген 5 түрлі әдіс-тәсілдері лексикалық қордан эмоционалды бірліктерді айырып алуда және оларды семантикалық топтарға бөлуде мәні ерекше.

         О.В.Загоровская сөздің лексикалық мағынасын денотативті, коннотативті және образды компонент негізінде зерттеу керек екенін айтады [15.74] . Тілшілер тілдегі лексикалық мағынаның төрт макрокомпоненттерін көрсетіп жүр. Олар: денотаттық мағына бөлшегі және тілдің ішкі құрылымымен байланысты мағына бөлшегі [8.71]. Десек те, бұл жердегі денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына бір компонент деп қарайтын көзқарастар да бар. Ғ.Хасанов денотатов немесе (заттық, ситуативтік, синтагматикалық т.б.) сигнификатты, коннотатты немесе эмотативт, прагматикалық және функционалды-стилистикалық макрокомпоненттер [18,51] деп бөледі. М.Оразов көрсетіп отырған сигнификаттық мағына денотаттық мағынадан соншалықты қашықтап кетпейді. Олардың арасында жақындық бар. Сигнификат идеалды денотатқа сәйкестенеді. Автор жоғарыда сілтеме жасаған еңбегінде "егер байыптап қарайтын болсақ, сигнификат денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес. Денотаттан айымашылығы сол - ой субстантив қасиетке ие. Екінші сөзбен айтқанда, сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзбей идеал денотатқа сүйенеді" [19,84] деп көрсетеді. Эмоционалды сөздерді талдауда жалпылық пен жалқылық ешқандай да маңыздылық атқармайтындықтан, аталмыш сөздерді компонентке жіктеуде денотат, сигнификат деп жіктемей, оларды бір компонент деп санайтындарды қолдай отырып, біз де бір компонент деп есептейміз.

         Жоғарыдағы О.В.Загоровскаяның образдылықты компонент ретінде алуының себебі, біздің түсінуімізше, эмоционалды сөздерге байланысты болса керек. Осы жерде айта кететін бір нәрсе бар, Н.А.Лукянова образдылықты эмоционалдылықтың жеке бір жіктемеліктің белгісі ретінде беріп, оны эмотив пен экспрессив сөздердің коннотативті компоненттердің жеке бір семасы деп қарайды [20.16]. Біздің шамалауымызша, образдылық жеке компонент бола алмайды. Ол жоғарыда айтып кеткендей денотативті, коннотативті компоненттердің жеке бір семасы ғана болуы мүмкін.

         Жоғарыдағы лексикалық мағына компонеттерінің мәселесіне қайтып орылар болсақ, Т.А.Трипольскаяның көрсетуі бойынша тілдегі эмоционалдылықтың (эмоционалды сөздердің) семантикалық ерекшеліктерін анықтау аспектіде  жүзеге асуы керек, бірінші-денотативті (заттық) мағына да, екіншісі - коннотативті мағына [10.51]. И.В.Арнольд денотат пен коннотат мағынасы туралы былай дейді: информацияның бірінші бөлгі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттық мағына сыртқы өмірмен байланысады. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлеушілермен және олардың жағдайлармен байланысты болып, коннотацияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компоненттері енеді [21.109].

         Бұл келтірілген сілтемелерден байайтынымыз: эмоционалды сөздер семантикада негізінен денотаттық мағына мен коннотаттық мағыналарда кездеседі және эмоционалды сөздердің семантикадағы орны негізінен коннотацияға тең екендігі. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт бар. Сөздердің компоненттерге бөлуге денотат дегенімізде сигнификат ұғымын да қоса қамтимыз.

         Ғ.Хасанов коннотаттық мағынаның компоненттерін сөздің түсіндірмесінен байқауға болады деп, ҚТТС -нен "ұшқалақ" сөзінің түсіндірмесін орынды көрсетеді: тым жеңілтек, шошақай, тұштақай. Коннотаттық компонентті-жақтырмау, ұнатпай, қостамау. Коннотацияның бойында денотаттық мағынаға қосымша белгіні білдіретін қасиет те бар. Ол сөз мағынасындағы денотатқа қарағанда екінші (маңызды аздау) болып табылады (тарихи тұрғыдан керісінше). Мысалы, -Өй өзің бір арсылдаған төбет екенсің (Ауызекі тіл) деген мысалдағы төбет сөзінде номинативтік қасиетпен қосымша, жанама сипатта экспрессивті- эмоционалды қасиет те орын алған. Яғни денотатқа жанама коннотаттық мағына да үстелген. Сөйлеуші төбет сөзінің номинативті негізгі қасиеттерін (денотат) негізге ала отырып оған өзінің эмоционалды бағасын беріп тұр.

         Коннотативтілікке негізінен эмотив сөздер тән. ол туралы Н.А.Лукянова былай дейді: "экспрессивтілік жеке коннотативті семантика болып та (егер образдылықты ескермесек), эмоционалды баалаушылықпен де аралас қолданыла алады. Эмоционалдылық (біздіңше эмотивтілік - Б.Ж) кейбір сөздер табына ғана коннотативті семантиканың жеке саласы болып табыла алады" [20,16]. Мысалы, еркелету мәнінде қолданылатын сөздер: қарағым, шырағым, балапаным, алтыным, қошақаным т.б. Одағай сөздер: пан, туу, айхай т.б. Түбір еліктеуіш сөздер: жалп, зып, тарсаң, талтаң т.б. В.И.Шаховский тілдегі жалпы эмоционалды сөздер коннотативтілікке тән деген жаңаша пкір ұсынады: "Эмотивті компонент коннотацияның семантикалық өзегі болып табылады, ал эмоция әрқашанда бағалауышты және экспрессивті болады. Бағалауышты және экспрессивті компонеттер тегінде коннотативті ғана болмайды, олар денотацияның компоненттер де бола алады. Біздің түсінуімізші, мәтінде эмотативтілік қасиетке ие экспрессивті және бағалауышты мағыналы компоненттер болып қолданылған тілдік және сөйленімдік бірліктер де коннотативті болып табылады"  [16,14]. Бұл ғалымның көзқарасын біз де құптаймыз, себебі эмоционалды (эмотив) сөздер әрашанда экспрессивті болады деген көзқарасты алдыңғы тараушыларда сөз еткенбіз. Және де осыған ұқсас көзқарасты Н.А.Лукянованың еңбегінен де кездестірдік: "эмоционалдылықпен" де "бағалаушылықпен" де әрекеттеспейтін тек тәуелсіз экспрессивтіліктің семасы ғана болуы мүмкін; "эмоционалдылықтың"семасы "экспрессивтіліктің" семасы тәуелі болады; "бағалаушылықтың" семасы әрқашанда "эмоционалдылықтың" коннотациясы тәуелді  [22,16]. Алайда, бұл жерде автор эмоционалдылықтың (эмотивтіліктің) семасы әрқашан да экспрессивтіліктің семасы тәуелді бола бермейтіндігін ескермесе керек.

         Эмотативтіліктің семасы кей жағдайларда экспрессивтіліктің семасына тәуелді бола бермейтіндігіне жоғарыда мысалдар келтіріп кеткен едік. Нәтижесінде "коннотативті компонентке эмотивтілік тән" деген жоғарыдағы пікірімізді растаймыз.

         Ал экспрессивтілік пен бағалаушылықтың коннотативтілікпен бірге денотаттық компонентке де ие бола алады. Осыан байланысты денотаттық мағынаның солғандауынан эмоционалды мағына пайда болады. Н.А.Лукьянова: "барлық экспрессивті мағыналар (біздіңше эмоционалды-Б.Ж) денотаттық мағынаның даму кезінде солғындауынан пайда болған бірліктер" деп көсетеді [22,19]. Мысалы, шошқа - 1 (хайуа атауы) және шошқа - 2 (адамның мінезіне байланысты) деген сөздерді алсақ, бірінші сөздегі "шошқа" жай ғана жұмыр, жуан, сирағы қысқа өсімтал айыр тұяқты үй хайуаны атауын беріп денотаттық мағынаға ие болып тұр. Екінші мысалдығы "шошқа" сөзінің бойында, яғни денотаттық компоненттен бірге (жағымсыз бағада) лас, икемсіз, сүйкімсіз т.б.көрсететін жеті семантикалық тобы пайда болады: 1) экспрессивті лексикалық мағына; 2) экспрессивті-эмоционалды лексикалық мағына; 3) экспрессивті-эмоционалды-бағалауштықты лексикалық мағына; 4) эмоционалды лексикалық мағына; 5) эмоционалды - бағалаушылық лексикалық мағына; 6) бағалауыштық лексикалық мағына; 7)экспрессивті-бағалауыштық лексикалық мағына.

         Ғалым берілген кестеден басқа "экспрессивтіліктің белгілі бір бөлігі болса да, тағы да бір жктемелік белгіні - "образдылықты" беруге болады. Мұндай жағдайда әр топты  іштей образды/бейоразды экспрессивтер де п екі топқа бөлуге болады." [20,15] деп көрсетеді.

         Коннотаттық мағынада экспрессивтіліктің семасы эмотивтіліктің семасына тәуелді болады. Мысалы, Сен барып тұрған тұштақайдың өзісің (Ауызекі тіл). Бұның коннотаттық қалпы экспрессив-эмотив-бағалауыштық мағынадағы сөз болып келеді. Бұл жерде баға эмотивтіліктің семасына тәуелді болу себепті, сөз өзінен өзі бағалауышты болады. Яғни бағалауыштың семасы эмотивтің семасына тәуелді болады. Мысалы: жарығым, күнім, сүйіктім т.б. Бұның коннотаттық қалпы эмотив-бағалауыштық мағынадағы сөзге тең келеді. Сонымен "экспрессивтілік" семасы эмотив еркелету мәтінде қолданылатын аздаған сөздерден басқа барлық мағына беруші эмоционалды сөздерде кездеседі. Осыған байланысты эмотивтілік эмоционалды сөз жасауда экспрессивтілікке едәуір дәрежеде қызмет етеді. Біз бұл байланыстың себебін эмоционалдылықтың көптеген жағдайда (сөйлеу кезінде) экспрессивтіліктің аясында қолданылуымен түсіндіремі. Олардың экстралингвистикалық табиғаты, бір-бірімен өзара қатынасы мынадай болып келеді: белгілі бір объектілермен нақты құбылыстарға деген сөйлеушінің эмоционалды реакциясы

(эмоционалды қатынас, эмоционалды баға) қандай да бір шектеулі белгінің дәрежесі орташа деңгейден жоғары немесе төмен болып белгіленген жағдайда, әсіреғсе номинативті сөздер семантикасы мен лексика семантикалық варианттар жасырын немесе айқын берілген жағдайларда пайда болады. Мысалы, "аяғымен адымдап тез жылжу" - орташа нормада жүгіру, нейтралды етістігімен қолданылады, ал "аяқтың көмегімен өте тез, шапшаң адымдап жылжу" - орта нормадан жоғары -ұшу, зыту сөздерімен қолданылады. "Өте жай, зорға қозғалу" - орта нормадан төмен итеңдемей тез жүру дегендегі итеңдеп елітеуіш, нақтырақ айтсақ, бейнелеуіш етістіктермен беріледі.

         Ал денотаттық тұрғыдан сөзге эмотивтілік қатыса алмайды. Бұл жерде тек экспрессивтілік пен бағалауыштықтың семкалары қалады. Бірде олар бір бірімен байланысса, яғни сөз экспрессивті-бағалауыштық болса (арбаңда, жылтыңба т.б.), бірде баға жете қолданылады (жақсы, жаман т.б.). Бірақ ол (баға) біз қарастырып отырған эмоционалды сөздердің шеңберінен шығып қалады. Яғни олар уәжсіз сипатта болады.

         Бағалауыштың эмоционалды сөздер жүйесінде ғана семантикалық белгі ретінде "эмотивтілік" семасымен байланысты және олар бұлардан бөлек қолданылмайтынын жоғарыда айтып кеттік. "Бағалауыштық" семасын сөйлеуші сөйлеу кезінде затқа немесе құбылысқа субъективті баға беруде басты мақсаттардың бірі етіп алады. Субъективті баға сөйлеу кезінде сөйлеушінің эмоциясы арқылы сөзбен беріледі. Сөйлеуші денотат пен конноттық тұрғыда бір нәрсеге немесе құбылысқа баға беруге бағаның параметрлері былай сәйкестенеді: коннотаттың параметрлері "жағымды"/"жағымсыз" болса, денотаттың параметрлері "жаман"/"жақсы" болып келеді.

         Осы негізде уәждік тұрғыдан (эмотив пен экспрессив эмоцияның негізінде пайда болған) эмоционалдылық семантикасындағы коннотатив компоненттер мен денонатив компоненттердің өзара нақты байланысын ескере отырып, Н.А.Лукьянованың жоғарыдағы берілген кестесіне өзгертулер енгіздік. Сонда мынадай эмоционалды (эмотив-экспрессивті) топта пайда болады:

         1. эмотив-бағалауышты мағыналы сөздер.

         2. эмотивті-экспрессивті-бағалауыштық мағыналы сөздер.

         3.экспрессивті-бағалауыштық мағыналы сөздер.

         Біздің зерттеу нысанымыз жалпы эмоционалды бірліктер болғандықтан, аталмыш лексикалық бірліктерді бұндай семантикалық топтарға бөліп қарамай, оларды жалпы бір бүтін топ ретінде қараймыз. Бірақ эмоционалды сөздерді (эмотив-экспрессив) лексика-семантикңалық топтарға жіктегенде аталмыш сөздер тобын осындай қалыпқа салып талдап көрсетеміз.

 

         1.2 Эмоционалды лексикалық бірліктердің лексика-семантикалық тобы

          Қазақ тілінде эмоционалды сөздерді қимылды, қимылдың санын, заттың атауын, санын білдіретін және адамның көңіл-күйіне байланысты шыққан сөздер деп, лексика-семантикалық топқа бөліп, одан әрі іштей бірнеше айырушы (диференциалды) семаларға жіктеп қкарауға болады. Қимылдың білдіретін эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары. Бұл топтағы сөздер кеңістікте қозғалуды білдіреді. Оларға жүру; сүйреу; кіру, шығу семалары жатады. "Жүру" семасы: абдыр, апыраңда, арсалаңда, аяңда, бүкшеңде, быжылдат, дедектет, еңкеңдеп, жөнел, жылжу, зымыра, кербеңде, күйбеңде, цазданда, қалталақта, қыбырла, лағу, одыраңда, сандал, сыпсыңда, тайраңда, талтаңда, ілбі т.б. Мысалы, Қатты айқайлаған болуым керек, апам мен Еркінай орындарынан атып-атып тұрып, менің қасыма келді. "Не болды, не болды!"-деп екеуі абдырап жүр (Д.Исабеков). Қартқожа киініп, үй жаққа аяңдады (Ж.Аймауытов). Сөз көбейген сайын басы қатып бара жатқан соң, тысқа жөнелді (Ж.Аймауытов). Үстінде отырған қызымыр бригадир емес, нәзік жанды әйел екенінсезгендей, сол әйелдің басына төген қауіптен құтылу керегін білгендей жер танабын қуыра зымырады. (О.Бөкей). Бірінше сөйлемде автор экспрессив сөзімен кейіпкерлердің жай жүргенін емес, оның қатты сасып жүргендігін берген. Екінші сөйлемде "жүр" (қалыпты жағдайдағы адамның жүрісі) етістігінің орнынамалдың жүрісін аяңда экспрессивті сөзін қолданып, Қартқожаның жылдам, аяғын тез-тез басып жүріп бара жатқанын берген. Басқа мысалдарда да солай. Мұндай семалардағы сөздерге денотаттық компоненттер тән. Бұлардың семалары экспрессив мағыналы және экспрессив -бағалауыштық мағыналы сөз болады.

         "Сүйреу" семасы: дедектет, дырылдат т.б. Мысалы, Сыбанбай, Қарағым, несін айтасың, қолды-аяққа тұрғызбай дедектетіп, бірақ әкетпеді ма? (М.Әуезов). Әңгіме "Кәне, құда айттан" басталады. онысы тек сылтау. Айта алмай әнтек бөгелсе, аяқтан дырылдата жөнеледі (Ж.Аймауытов). Бұл семадағы сөздерге де денотаттық компонент тән және олардың да компоненттері жеке экспрессивті немесе экспрессивті-бағалауыштық та болады.

         Қалыпты білдіретін эмоционалды сөздер тобы. Бұл топтағы сөздер кеңістікте орналасудың таза қалпын білдіреді. Оларға отыру, тұру, жату, құлау, кейбр заттың орналасу қалпы семаларындағы сөздерді жатқызамыз. Қолда бар материалдарымыздан "отыру" семасындағы сөздер бейнелеуіш негізде етістіктерден жасалып, сөздің коннотативті компонентіне тең келетінін байқауға болады. Мысалы, алшай, аңғарал, қоқи, мелши, шалжи т.б. Мысалы, Балташ сары портфельді үстелге бір алып ұрып, бетті бір сипап орнына алшая келіп отырды (Ж.Аймауытов). -Ойын басталды ма? Неге аңтарылып отырсыңдар ? - деп Байман жайнаңдай, жалақтай келді (Ж.Аймауытов). "Лау керек", -деп, толықтау келген сұр жігіт бұйрық берді. Үстінде қасқыр ішік, әкесінен қалған мұрасы құсатып, жағасын қайырып, қоқилаңқырап отыр (Б.Майлин). Жанына жетіп келгенімде ол маған назар аударған жоқ. Басын төмен тұқыртып алып, мелшиіп отыра берді (Д.Исабеков).

         Аталмыш семадағы сөздер ауызекі тілде де, көркем әдеби тлде де қолданылады. Және бұлардың құрылымында экспрессивтіліктің де, эмотивтіліктің де, бағалауыштықтың да компоненттері қатар кездеседі. Формула түрінде былай деуге болады: эмотив-экспрессив-бағалауышты. Бұл сөздердің бойынан адамның қандай көңіл-күйде тұрғанын және сонымен бірге оның қандай адам екендігін де байқауға болады. бірінші сөйлемдегі алшай эмоционалды сөзінің бойынан кейіпкердің жай қарапайым емес, ол өзін басқалармен салыстырғанда деңгейін жоғары бағалайтынын, маңызды санайтынын да байқаймыз. Сондай-ақ баяндауышының оған деген өзінің бағасы да көрініс тауып отырады. Енді осы сөзді төртінші сөйлемдегі кейіпкерлердің отыру қапымен салыстырып көрейік. Бұл мысалдағымелши сөзі шарасыз, басына қайғы орнаған, аянышты байғус кейіптегі кейіпкерге қолданылған. Яғни бұнда аяу бар.

         Қалыпты білдіретін лексика-семантикалық топтардыңкелесі тобы - "тұру" семасындағы сөздер. Олар мына секілді сөздер тобы жиынтығынан көрініс табады: делди, қазди, қақи, қалши, оңал, селти. Мысалы: -Рахмет, жаным, күшің әлі қайтпаған екен деді.Мола соғып аң-таң делдиіп тұрған шалға қараған  жоқ (О.Бөкей).  -Ә, келіңіздер, келіңіздер!-деп алдынан жүгірді. Біздің Бекболат та ұшып түрегеліп, босағада қаздиып тұра қалды (Ж.Аймауытов). Дауыс жер астынан шыққандай, селк етіп, зәресі зәндемге кетті, жығылып барып оңалды (Ж.Аймауытов). Махамбеков купе ішінде бірнеше минут үнсіз селтиіп тұрғаннан кейін ақырын бір күрсініп отыра кетті (Д.Исабеков). Бұл семадағы сөздер де бейнелеуіш негізді етістіктерден жасалады. Сөздің компоненттік мағынасы жағынан олар денонативті мағынада кездеседі. "Тұру" семасындағы сөздер, бізщдің байқауымызша, экспрессив, экспрессив-бағалауыштық компоненттерге тең келеді.

         "Құлау" семасы: омақас, сылқ, тыраң т.б. Мысалы, Ей, тәңірім-ау! Осы келе жатқанда бір қазаға ұшырасамшы! Астымдағы ат омақасып, астында тіл қатпай қатсамшы! (Ж.Аймауытов). Алыс-жұлыс, ауыр күйік, аттың соққысымен Ақбілектің сілесі қатып, аттан түсіргенде сылқ ете түскен (Ж.Аймауытов). Комисарлар қалай болса солай портфельдерін лақтырып тастады. Балташ кроватқа барып тыраң ете түсті (Ж.Аймауытов). Бұл сөздердің де негізі бейнелеуіш сөздерде жатады.Бұлар денотат компоненттерден жасалып эмотивті-экспрессивті-бағалауыштық (3-ші сөйлем) мағыналы сөзге тең келеді.

         "Кейбір заттың орналасу қалпын білдіретін" семалар: жылмырай, шерми, куши, шоңқит, жапырай т.б. Мысалы: Қарны шермиіп, борбайы шыт-шыт боп, тек жыл сайын бір баладан қоздата беруд білуші еді (Ж.Аймауытов). Самсап қадалған көздер "айттырармыз шыныңды"- деген түрде еді. Ерғалидің жағы қушия түсті (Б.Майлин). Жарма көттік қылып, қызыл-жасыл шары жіппен иттіс шалып, сірісін қошқар мүйіздеп қойып, тақасын шоңқита қаза мінеп тастаған екен (Ж.Аймауытов). Төмпейден орылып шыға бергенде жапырайған тас қоралардың күнгей беттері таңның қызғыл сәулесіне шомылып, күлімсіреп тұр екен (Ж.Аймауытов).

         Бұл мысалдардан байқайтынымыз, бұлар да бейнелеуіш негізді етістіктерден жасалған, бірақ бұлардың құрылымынан эмотив-экспрессив-бағалауыштық мағыналы сөздерді ғана кездестіреміз. Сол себептен ол коннотаттық компонентке тең келеді. Аталмыш семаны жанды затқа қатысты және жансыз заттарға байланыты деп екіге бөліп қарауға болады. Бірінші, екінші сөйлемдегі мысалдар адамның қандай да бір дене мүшесіне байланысты болса, қалған мысалдар жансыз заттарға байланысты қолданылған.

         Қимыл-қалпын білдіретін эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары. Оларды жалпы адамға,  жан-жануарларға қатысты деп жалпылап және олардың кейбір дене мүшесінің қимыл-қалпын білдіретіндер деп жалқылап іштей шағын екі топқа жіктеп қараймыз. Адамға қатысты: бұраңда, бұрти, бұртаңда, бүгжи,  дүрди,  жампаңда, зең, кержи, қоқилаң, қопаңда, қуши, мелши, салбыра, шалжи, шошаңда т.б. Мысалы: -Енем екеуіміз дүниенің шөбін орып тастадық деп дүрдиіп жүрсек, тией келгенде машинаның бортынан сәл-ақ асты (Д.Исабеков). Не болғанын білмей отырған жұрт  ұшысынан шошынып оянған сәбидей көздерін ашып-жұмып зеңеді (О.Бөкей). -Қой, сорлы, жетер, өле алмаспыз, көресіні көрмей көрге кіру жоқ. Әйда, арбаға мініңдер, -деп, Сейпен мықшиы таяғына сүйеніп, орнынан тұрды (Б.Майлин). Шаруаның жайы мынадай; реніш анадай болған соң, "оқимын" деп бекінген Қартқажаның үні өшті, тіл күрмелді, ойын тұман басты, іші-байыры, өзегі өртелгендей болып, иығы түсіп, еңсесі салбырап кетті (Ж.Аймауытов).

         Жануарларға қатысты: ерби, тырандас т.б. Мысалы: Еңірекей, Бесшоқы, Ақши, Жарма секілді жаңадан ұйымдастырылып, қаз тұра бастаған артельдің қысқан , қысқайғы соғымнан аман қалған арық-тұрақ бірлі жарымды малдары ербиіп қырға шықты (О.Бөкей). Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың , алтай сынды анасының көкірегін аймалысып, тырыңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны (Ж.Аймауытов).

         Адамның кейбір дене мүшесінің қимыл-қалпын білдіретін лексика-семантикалық топтар: бұлтың, былғаң, қалтаң т.б. Мысалы: -Тіккізесің, шамаң келеді ғой!- деп: "Саған арам болар" деген кісіше, Шәмши қасын керіп, төмендегі ернін бұртың еткізді (Ж.Аймауытов). -Ой, құдай атқыр! Осындай жылқыдан бір тәуір мал қолыңа түспеді ме? -дегеннен-ақ. Шекер  мойнын былғаң еткізіп, кзін төңкеріп жіберді, іш білді, мұрт күлді (Ж.Аймауытов). -Ерте кеп қалдық па?- деп басын қалтаң еткізді (Ж.Аймауытов). Бұл топтағы сөздер көріп отырғанымыздай адамның , жануардың қимыл-қалпымен  бірге , жай күйін,  сонымен бірге мінезін де береді. Сол себептен де олар (екінші мысалдан басқасы) коннотаттық компонентке тең келеді. Бұлардың компоненттік құрамы эмотив-экспрессив-бағалауыштық сөздерге тең. Ал зең сөзінің табиғаты бұлардан басқа. Ол сөйлемде денотаттық мағынаға сәйкес келіп, экспрессив мағыналы сөзге тең келіп тұр. Ал зең сөзінің табиғаты бұлардан басқа. Ол сөйлемде денотаттық мағынаға сәйкес келіп, экспрессив мағыналы сөзге тең келіп тұр.

         Физиологиялық процесті білдіретін эмоционалды сөздер. Бұл топтағы эмоционалды сөздер "ішу", "жеу", "күлу", "жылау", "сөйлеу", "қарау", "түкіру" сынды семаладан тұрады.

         "Ішу", "жеу" семалар: борылдат, сылқит, қақши, қаужаңда, салпылда т.б. Мысалы: - Бізге табылғаны бола береді, -деп, борылдатып сора бастады (Ж.Аймауытов). -Мына филосовқа жатар орын тауып беріңдер, -деген Ерік орнынан шапшаң тұрып далаға шығып кетті.  Таған сырадан тағы бір стакан салқитып алды (О.Бөкейхан). Біздің Ұлтарақтар шетке шапшаң бауырсақты қасқыршка қақши берген соң, бай: -Ана жаққа бауырсақ жіберші, -деді (Ж.Аймауытов). "Ішу" мен "жеу" бір процесті білдіретіндіктен, оларды бір топтың ішінде қарап отырмызБұл сөздің құрамы тек коннотаттық сема немесе денотаттық сема болып келеді, 1-ші сөйле эмотив-экспрессив-бағалауыштық компоненттен тұрса, 2,3-ші сөйлемдер экспрессив компоненттен тұрады.

         "Күлу" семасы: жымың-жымың, кеңкілде т.б. Мысалы: Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап отырса, сонда оның жаны кіріп, жымың-жымың етер еді (Ж.Аймауытов) -Аумаған Түйебай! Құдды сол... -деп кеңкілдеп өзі де күлді (Ж.Аймауытов).  ябұлардың құрылымдық табиғаты жоғарыдағы "ішу", "жеу" семаларымен ұқсас. Бірінші сөйлемдегі эмоционалды сөз денотатқа тең келіп экспрессив мағынасында қолданылса, келесі мысалдағы эмоционалды сөз коннотаттық мағынада тұрып, экспрессив-эмотив-бағалауыштық мағынадағы сөзге тең келіп тұр.

         "Жылау" семасы: еңіре зарла, кемсенде, кеңкілде, қыңқылда, солқылда, сұңқылда т.б. Мысалы: -Қайран әкем-ау, Бөрібасар да сенің мұнда жатқаныңды сезед... -деп Гүлия өксіп-өксіп қайта еңіреді (О.Бөкей). -Өсек айтқан да, жыбырлаған да кедейді жеп зарлатқан да өнер боп па? -деп тайталасты (Ж.Аймауытов). -Мал ұстаймыз ба? -деді қыз солқылдап. Дархан еріксіз күліп жіберді (О.Бөкей). -Бати шырағым, -деді көзі жіпсіп кемсеңдеген бай (О.Бөкей). "Жылау" қалыпты нормадағы нейтралды етістік болса, еңіреу, зарлау эмоционалды сөздері нормадан жоғары, яғни жылаудың жай жылау емес, оның күшті жылағанын көрсетсе, кемсеңде, солқылда қалыпты нормадан төмен, ақырын жылағанын білдіреді. Бұлардың компонент  құрамы жеке экспрессивті макрокомпоненттен тұратын себепті, мағынада денотатқа тең келіп тұр.

         "Сөйлеу" семасы: ағатайлар, баж ет, бажылда, барқылда, бастырмала, безекте, безілде, бұрқыра, бұртыңда, былдырақта, былдырла, былжыра, былықтыр, гүілдес, гүр ет, дарық, дүңк ет, ежіректе, елжіре, жекі, жөлпілде, жыбырлат, зарла, зарлан, зекі, зығырлан, кейі, кеңк ет, көкі, күбір ет, күбірле, күмпілде, күмілжі, күңк ет, күңкілде, кіжің, қақса, қалжырама, қиқулас, қоқылда, қыңба, қыңқылда, лепір, маңыра, мөңіре, мұжы, мылжаңда, мыңқ ет, мыңқылда, міңгірле, осқырын, отта, сампылда, саңқылда, солқылда, судырат, сыбырла, тәжікелес, тоңқ ет, тықырт, қақ ет, шақылда, шаптық, шүйіркелес, шырылда, шытына, ызыңда, ыңылда т.б. Мысалы: Қазақ болсам, өз қаныма неге мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, "ағатайлап" жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып, орыстарға ұстап бердім-ау! (Ж.Аймауытов). -Құрысын, пәлесіне қаларсың, барма! -деп ол сорлы баж ете түсті (Б.Майлин). -Не дейді, құдайым - қолыңдағы шай құйған кесені дастарханға ақтара лақтырып, есікке қарай тұра ұмтылған Дарханның соңынан ала, етегіне сүріне-мүріне Гүлия да безектеді (О.Бөкей). Ережеп. Тіл жағынан жаман емес едіңіз ғой. борандата жөнелмедіңіз бе? (Қ.Мухамеджанов). Бейтаныс есік тұтқасына екі саусағын тигізіп: -Әлі тұр екенсің-ау, амансың ба?- деді ескі досыммен кездескендей елжірей сөйлеп (Д.Исабеков). Байқап отырғанымыздай, тілімізде эмоционалды сөздердің ең көп кездесетіні осы сөйлеу процесін бейнелейтін сөздер болып келеді. Бұлардың құрамы да жоғарыдағы семалардан еш айырмасы жоқ. Олардың макрокомпонент құрамы жеке экспрессивті болып келіп денотатқа тең болып тұрады.

         "Қарау" семасындағы сөздер: адырай, ажырай, алақта, жаутаңда, ожырай, шұқши, бақши т.б. Мысалы: Ерғали қорқақ адам еді, көзі адырайып кетті (Б.Майлин). Ашулы қалыппен ажырайып қарады. Төр алдындағы сабалақ жүнді тері көркенің үстінде отырып омырау қалтасынан көзілдірігін алып киді (Б.Майлин). Есіп алдындаелу адымдай жерде өзек бар. Оның ар жағы-өзен. Со жақта шығар деп, аяғына кебіс іліп, ақырын басып алықтап жөнелді (Ж.Аймауытов). (О.Бөкей). Ол "Автоматика, телемеханика и связь" журналын алып, біраз шұқшиып жатады да, бас жағына қайта тығып қояды (Д.исабеков). "Қарау" семасындағы сөздер негізінен бейнелеуіш негізді етістіктерден жасалады. Берілген мысалдарда айқындалған эмоционалды сөздер денотативті Алакөлеңке үйдің бұрышында бір уыс болып қоянның көжегіндей әр кімге жаутаңдап отырған дым сыздай отырған бала тықылдап жөтеліп еді оны Дархан жаңа байқап, таң-тамаша болды компонент болып қолданылып тұр. Сонымен бұлардың макрокомпоненті экспрессивті болып, мағынада денотатқа тең келеді.

         "Түкіру" семасы: былш, шырт, балш т.б. Мысалы: Оны көген Ұлтарақтар қалай болса солай былш еткізуді доғарып, қақырғысы келсе, тысқа шығатын болды (Ж.Аймауытов). бұл мысалда берілген эмоционалды сөз экспрессивті макрокомпонентке де келіп, денотат мағынасында қолданылып тұр.

         Адамның физикалық, психикалық немесе көңіл қалпын білдіретін эмоционалды сөдердің лексика-семантикалық топтары.

         "Ұялу" семасы: албыра, қылымсы т.б. Мысалы: Қысылғаннан екі беті албырап, бірде маған, бірде төмен қарады. (Д.Исабеков). -Ә-ә, өзің сөйлесе алмадың ғой, -деді ол мектептен сәл ұзай бергенімізде. -Ештеңе етпейді, алда әлі күн көп. Алғашқы кезде қыздар өстіп қылымсиды. Бәрібір көнеді (Д.Исабеков). Біздің жинаған материалдарымызда "ұялу" семасына қолданылған эмоционалды етістіктер денотаттық макрокомпонентке тең келіп,сөйлемде экспрессив мағыналы сөздер болып қолданылған.

         "Шаршау" семасы: қалжырау т.б. Мысалы:  Бес жасар қыз бен кішкене бала ұйықтап қалыпты. Апа. келеді деп күтіп -күтіп, қалжырап ұйықтапты. (Д.Исабеков). "Шаршау" семасындағы етістіктер "ұялу" семасындағы етістіктер сияқты қолданылған, сол себепті олардың тарқатын айтуды ортық көрдік.

         "Қайғыру" семасы: күйреу күйзел, құлаз т.б. Мысалы: Жұрт айтты: "Күйреме", -деді бірақ өздері қатты күйзелді (Д.Исабеков). Мұндай жалғыздық сезімімен Айтөренің жаны бұрыңғысынан да құлази түсті (Д.Исабеков). Мұндай жалғыздық сезіммен Айтөренің жаны бұрынғысынан да құлази түсті (Д.Исабеков). "Қайғыру" семасының да табиғаты "ұялу", "шаршау" семаларымен ұқсас.

         "Қобалжу" семасы: лепір, елегіз, жетімсіре т.б. Мысалы: Нан, жұмыртқа, сүт, балықсата келген жиек қалалардың мәтүшкелері де қазаққа бір жақындығы бардай, жылы көрінеді. Қартқожаның жүрегі лепірпі  (Ж.Аймауытов). Ақбілек елегзи бастады (Ж.Аймауытов). Өзі кеткен соң бала көңілі оданда жетімсіреп, жасып қаларын ойлап тұрған ана екі өкпесін қолына алып, осында жетуін жеткенмен енді қайтіп ажырасудың жолын таппай, бауыры езіліп қабырғасы қайысты. (Д.Исабеков).

         "Қорқұ" семасы: қыпылда, үрейлі, үрпейіс т.б. Мысалы: Қарқожа басын шұлғыды, қағаздан шаттық табама деп, қыпылдап барады (Ж.Аймауытов). Түн екен дейді. Орман қараңғы, Орманда аю, жолбарыс жүреді деп еститін, Қартқожа үрейленді (Ж.Аймауытов).  Оншақты минут өтер өтпесте большевиктің комисары-қасында үш төрт солдаты бар- съезге келді. Қазақ азаматтары үрейлесіп қалды (Ж.Аймауытов).

         "Ренжу" семасы: томсырай, бұри т.б. Мысалы:  ""Қызым әлі жас, он сезізге толмай күйеуге бере алмаймын", -деген жауабын қорлады, менсібедіге жорып қасқыр ішіктерін жүре киіп, томсырайып аттанған (Д.Исабеков).

         "Жағымпаздану" семасы: бипаздан, жалпақта, жампаңда, жылпылда, қалбалақта, қауқалаңда, қаутаңда, мәймөңкеле т.б. Мысалы: Мен келгенде қызыл көзді пәле келе жатқанда атын, дүниесін тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығарды (Ж.Аймауытов). Жігіттер үн-түн жоқ, жүгіріп қауқалаңдап, мықшыңдап, бұйрығын орындап жүр (Ж.Аймауытов). -Әншейін, балалық шағым есіме түсіп, -деп мәймөңкелеп, түлкі құрыққа басты Оспан (О.Бөкей).

         "Ашулану" семасы: қалшылда, тұтық т.б. Мысалы: -Адасыппын! Арманды жастың жалындап жанған махаббаттың қол жетпейтін биікке көтерудің орнына батпаққа былығыппын, -деп қалшылдап кетті (Ш.Хұсайынов).

         "Ыңғайсыздау" семасы: қипалақта, қылымсы, қыпылда т.б. Мысалы: -Ештеңе емес... Кішкене әлгі не еді...-деп қолын үстелдің астына таман ұстап, қипалақтады (Ж.Аймауытов). -Неменені? -деп, шешесі құсып көзін төңкеріп қылымсып, Мұсатайдың бетіне қарады (Ж.Аймауытов). -Е, мына қыз да сәнденіп шығыпты ғой. Мынау атты бұған кім берген? -деп Күнекейге көзі түсіп кетті.Күнекей қыпылықтап, сазарып, түк айта алмай қалды. (Ж.Аймауытов).

         "Қулану" (қу қалыпқа ену) семасы: жылмаңда, құтаңда, сумаңда т.б. Мысалы: Содан кейін Өрік бірталайға дейін Ақбілекпен араздығын ұмытқан кісідей сөйлеп, жылы ұшырап жылмаңдай қалды (Ж.Аймауытов). Қашан көсеңізде осы жаңа ғанақымыз ішіп, ет жеген жаялықтай аузын сүртіп сумаңдап, сол бәйекеңнің ақ отауынан шығып келе жатыр (О.Бөкей).

         "Мазақтау" семасы: мысқылда, мырсылда т.б. Мысалы: Біреудің мысқылдап, біреуін кемеп, бірін түк білмейтін қып, неше түрлі дәлелдер келтіріп, сыбағасын береді-ау (Ж.Аймауытов).

         "Қуану" семасы: арсалаңда, жадыра, жалбаңда т.б. Мысалы: Енді біреулер қатарласып, солдат ойнын ойнасқан, тағы біреулер қарсыласып, найзагерлікке үйреніскен, бір қатары қалмақ ойынын десіп, бірін-бірі көтеріскен, бәрі де арсалаң, уайым қайғы жоқ, көңілді шат (Ж.Аймауытов). -Е, бәсе, -деді жадырап. -Домбыраның көкесі мынау екен (О.Бөкей).  ... Ерекең үйіне барып едім. Әйелі де өзі де  жан жоқ адамдар ғой. жоғары жақ деп жалбаңдап қалды (Б.Майлин).

         "Жақтырмау" семасын: тыржит, тырыс, қырқи т.б. Мысалы: Күнекей мұрнын тыржитып, жаратпады (Ж.Аймауытов).

         "Қобалжу", "қорқу", "ренжу", "ашулану", "ыңғайсыздану", "қуану" семаларындағы сөздердің қолданылу сипаты жоғарыдағылардай. Олар денотаттық компонентке тең келіп, экспрессивті немесе экспрессив-бағалауышты мағынадағы сөздер ретінде қолданылған. Ал "жағымпаздану", "қулану", "мазақтау", "жақтырмау" семаларындағы сөздер тобы коннотаттық копонентке тең келіп, эмотив-экспрессив-бағалауыштық мағынадағы сөз болып қолданып тұр.

         Еркелету мәтінде қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары. Олардың мағынасына қарай іштей бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады.

         Бір нәрсеге теңеу арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық таптары: адалым-ай, айбарым, айдарлым, айым, алақайым, алтыным, аңқауым-ай, арысым, аспаным, балапаным, жаным, жарқыным, жарығым, жарықтығым, жолбарысым, көгершінім, көлеңкем, күнім, қалқам, қалқатайым, қалқаш, қанатым-ай, қарағым, қарашығым, қозым, қорғаным-ай, қошақаным, құлыным, қымбаттым, періштем-ау, сабазым, сәулем, тарланым-ай, шүкірім, шырағым, шыбыным, шырайлым, шырақтарым т.б. Мысалы: -Әй, аңқауым-ай, адалым-ай, енді осы жалғыз үйді басыма көтеріп "Құл-қу аллалап" отырсам, "апам құтырған екен" демейсіңдер ме (О.Бөкей). Асан (екіленіп). Уа, жолбарысым, айбарым, әлсіреген қайратым, қайдасың. Құрбан, қайдасың? (Қ.Мұхамеджанов). -Жарығым, жалғызым, күнім, айым, аспаным.....

         Жер бетінде ол теңемеген, ол айтпаған қасиетті нәрсе қалған жоқ (Д.Исабаев). -А, балақайым, алақайым, шырақайым.... Қайдан келесің? -деп басын сипады (Ж.Аймауытов). Кебек. Оны тағы тура. Алды-артымды орап, қамап болдың ау, жарқыным. Ендеше мен тобықты жуантаяқ ем ... Атым Кебек (М.Әуезов). Бике (елжіреп). Ақылың көп қой, құлыным. Айым да сен, күнім де сен, апаңның ақылы ақыл-ақ ... (Ш.Хусайынов). Тілімізде бұндай сөздер көптеп кезедесі. Бұл келтірілген мысалдағы сөздер табиғаттағы қандай да бір затқа теңей қолданылып, адамның ішкі эмоциясын білдіріп тұр. Яғни олар адамның эмоцичсын береді. Ал эмоция бар жерде баға қатар жүреді. Бұл жерде сөйлеуші басқа бір таңбалаушыны жақсы көріп, оған өзінің таңбасын беріп тұр. оның формуласы былай болады: коннотат компоненттегі эмотив-бағалауышты мағынадағы сөз. Бұлардың жасалу жолдары ерекше. Оның келесі тарауда сөз етпекпіз.

         Туыстық атау арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары: ағажан, ататай, апатай, балақай, жеңеше, жеңешетай, келінжан, көкетай, көкешім, папатайым, папашым, шешетай, інішек т.б. Мысалы: -Ағажан-ай! -дегеннен басқа сөз түспей, ағасын бас салып, солқылдап ағыл-тегіл жылады (Ж.Аймауытов). -Ағатай ... енді апам қайтіп табады мені? .. (Д.Исабеков). Жұмажан. Ассалаумуалайкум! Амансыңдар ма? Аман жатырсыңдар ма? (Мәржанды көріп ұмтылып) Мәржан, апатай, зар қалдың ғой бір көруге (М.Әуезов). -Көк есегің болайын, көкетай. -Шөге түсіп аяғынан құшақтады. -Зекетіңмін, құлыңмын (О.Бөкей). Бұндай сөздердің бойында еркелету мен қоса жалыну да бар, жалынумен бірге жек көру де бар. Оны жоғаныдағы екінші мысалдан байқауға болады. Сондай-ақ бұлардың жасалуларында да бірізділік бар. Бұлардың формуласы - коннотативке тең эмотив-бағалауыштық мағынадағы сөздер.

         Жалқы атаулар арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары: Ереке, Еркежан, Ергешжан, Жака, Жәке, Ләтифажан, Мәке, Мәрияш, Мырзаш, Нұркенжан, Нұркет, Омаштай, Сафуражан, Сәке т.б. Мысалы: Жақан. Бұл ақ ниетімізді өлсемде ұмытпаймын ғой, Ереке. Оңға басып, ой орындалса, өмір бойы қызметіңізге даярмын (Қ.Мухамеджанов). -Еркежан, бері келші! Сен маған бала болсаң қайтеді? -деп, Ұрқия Сараны алдына алып, қысып-қысып сүйді (Ж.Аймауытов). -Ләтифажан, -дейді апам бір кезде, тап өзінің қызы келініндей-ақ (Д.Исабеков). Бұларды жақсы көру, еркелету мағынасы бар.Негізінен осы сияқты кейбір сөздеркекету мақсатында да айтылу мүмкін. Бұлардың қалпы коннотативті компонентке тең эмотив-бағалауыштық мағанадағы сөздерге саяды. [26,82].

         Әлеуметтікатаулар арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық тобы: байеке-ау,  тақсыр-ай, төрем т.б. Мысалы: -Не болды, байеке-ау! От басыңда отырғаның қалай? -деген бәйбішенің үні оның ойын бөліп жіберді (Д.Исабеков). Тақсыр-ай! Жаныма теңеп жүрген жануарым еді. Айғырымды алғаннан баламның біреуі өлгені жақсы еді (Ж.Аймауытов). Бұларда да еркелету мен бірге жалыну, жалынумен бірге жек көру мағынасы бар. Бұл сөздердің қалпы да коннотативті компоненттегі эмотивті-бағалауыштық мағынадағы сөздер.

         Зооморфизмден. Ш.И.Нұрғожина "Зооморфизм сөздердің эмоциялық және экспрессиялық реңк өте күшті, өйткен олардың лексикалық мағыналарының ішінде адамның сыртқы ішкі ерекшеліктерін басқа бір заттармен (жан-жануарлар, өсімдіктер, заттар) салыстыру реңкі бар, бұлай салыстыра сөйлеу әр түрлі кәсіби-әлеуметтік ортадағы адамдардың ауызекі тіліне тән" [25,55] дейді. Сөздердің сөйлеу кезінде, сөйлемді қолданылуында, контекстте қолданылу жүйесіне қарай қалыптан тыс басқадай ерекше үстеме мағына жамайды. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасын тіл білімінде синтаксистік шартты мағына деп атайды. [26,82]. Тілімізде мұндай сөздер эмоционалды мән туғызады. Сөздің ауыс мағынасы затқа тікелей бағытталмайды, басқадай зат, заттар арқылысоған салыстырма ретінде қолданылады. Мұндай сөздерді жиналған материалдарымызда зооморфизмдеге, адамның дене мүшелері мен тұрмыстық зат атауларына және демонологияға байланысты қолданылатын сөздер қатарынан көптеп кезестіруге болады. Сөйлеуші жан-жануарлардың, адамның дене мүшелері мен тұрмыстық зат атаулары және демонологияға байланысты қолданылатынсөздердің өздеріне тән қасиеттерін негізге ала отырып субъектіге өзінің бағасын береді. Егер сөз заттар мен олардың қатынасы жөнінде объективтік шындық туралы ақпарат әкелсе, олар объективті мағына болады (алаң, ұшаң, жүгіру, сөйлеу, көктемгі т.б.). Егер сөз айтушының (сөйлеушінің) санасындағы әртүрлі бағалау жағдайлары туралы ақпара әкелсе, олардың (сөзде) субъективті мағына болады (құрттай, апандай, есерсоқ, тамаша және т.б.) Эмоциялы немесе экспрессивті сөздер негізінен осы субъективті мағыналы сөзде болады. Бұлармен қоса сөз тіл жүйесіндегі басқа сөз немесе басқа тілдік элемент жөнінде ақпарат бере алатын болса, онда ол сөзге құрылымдық мағына балоды. Жоғарыда сілтеме жасалған оқулықтағы "бір адамның надандығын айтқымыз келсе, айуан (хайуан) дейміз, пысықтығын айтқымыз келсе, қасқыр дейміз, оңбағандығын айтқымыз келсе, ит дейміз, айлакерлігі мен қулығын айтқымыз келсе түлкі дейміз, әз әзілдігін айтқымыз келсе, шайтан дейміз, суға жүзгіштігін айтқымыз келсе, балық дейміз, мейрімсіздігін, қатыгездігін айтқымыз келсе, тас дейміз, қаһарлығын айтқымыз келсе, арыстан дейміз, көлгірлігі мен қаярлығын айтқымыз келсе, маймыл дейміз, мықтылығын айтқымыз келсе, тарамыс дейміз, әншілігін айтқымыз келсе бұлбұл дейміз, көрегендігін айтқымыз келсе, қыран дейміз"  [78,82] деген үзіндіні төмендегі мысалдар толығымен ашатынын байқауға болады. Сондай-ақ бұған қосарымыз зар есімдерден жасалған эмоционалды сөздер бінеше семаны береді. Тілде бұндай сөздер сөйленімдік қолданымға жатады. Яғни бұл топтағы сөздер тілге (язык) емес сөйленімге (речь) тән.

         Жалпы атау. Мысалы, айуандық, жыртқыш, хайуан, хайуандық т.б. Мысалы: -Қандай айуансың, итше тіміскіленген жауыз екен, - деді Дүрия (О.Бөкей). Мына тұрғандар үй ме? Жыртқыш, жалмауыздар ғой (Ж.Аймауытов). Бәріміз бірге оқыдық, сабақтаспыз, зеректілігі бізден кем емес, бірақ бастап оқығаннан-ақ Түйебайға молданың қылығы келіспеді. Алғашқы кезеде "ақымақ, хайуан" деп сөгетін болды (Б.Майлин). Не деген арсыздың не деген хайуансың! (Д.Исабаев). Бұлардың эмоциялық қалпы сигнификатты компонентті экспрессивті-бағалауышты мағынадағы сөзге тән болып тұр.

         Жеке атауы. бұларды іштей жыртқыш аңдар және үй хайуандары деп екі топқа топтап қараймыз.

         Жыртқыш аңдар: арыстан, аю, барсық, бөлтірік, доңыз, көкжал, қасқыр, қорқау, қоян т.б. Мысалы: -Ағаны түсіну қиын, бір қарасаң бейшара секілді, енді бір қарасаң арыстан секілді, -деді Қазтайдың келіншегі (О.Бөкей).   -Жо, -жо, ол болмайды, -деді аю басын шайқап. -Әкеңе сәлем айту үшін сенің, сөз жоқ, тірі болуың керек (Д.исабеков). Шәкен. (Бөлтірікке месті көрсетіп). Міне, совхоздың борсығы. (Құсбекті көрсетіп). Міне, алыңдар (М.Әуезов). -Неге үндемейсің, доңыз, жат бері, -деп қолындағы екі айыр қамшысымен сандығының жанын көрсетті (Б.Майлин). Байбол сияқты түйені түбімен жұтып жүрген алаяқтарға, Кәрімбай сияқты көкжалдарға қарсы күрес салармын деп еді (Б.Майлин). "Ақырында сартау елінің қазағы - ғой, Әбен Матайұлы - қасқыр. Қой қанша көп болса да қасқырға қарсы келе ала ма?" (Ж.Аймауытов). Жыртқыш аңдардың негізгі ішкі қасиеттерін басшылыққа алка отырып, адамдарды теңеу арқылы олардың мінез-құлқын, күштілігін немесе әлсіздігін сол сияқты тағы басқа қасиеттерін білдіре алады. Жоғарыдағы мысалдардағы арыстан-күштілікті, аю-қорқыныштылықты, үлкендкті, борсық пен доңыз-семіздікті, көкжал, қасқыр-қатыгездікті, тойымсыздықты т.б. білдіреді. Біз жоғарыда зат есімдерден жасалған эмоционалды сөздердің бірнеше семаны білдіретіндігін сөз еткенбіз. Осы құбылысты қасқыр сөзінен айқын байқауға болады. Сөзімізді дәлелдеп болу үшін бірнеше мысал берейік: Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды-шетінен қасқыр (Б.Майлин). -Менің үйімнен кім дәм татпады- ит те, қасқыр да, қоян да, жылан да келіп ақ ішіп қайтқан (О.Бөкей). Сапар (Құсбекке). Оның фамилиясын білмеймісің? Осы малдарды қырып сойып, ат көпір қып қолға түспей жүрген нағыз қкасқыр деді ғой (М.Әуезов). Бірінші мысалда қасқыр сөзі "батыр", "күшті" деген семаны білдіріп тұрса, екінші мысалда "жемқор", "тойымсыздық" семасын білдіреді. Тілімізде қасқыр сөзінің негізгі семасы - күштілікті, жыртқыштықты білдіреді. Мұндай топтағы сөздер экспрессивті-бағалауыштық мағынадағы сөздерге тән келеді.

         Үй жануарлары: ит, күшік, төбет, дүлдүл, жампоз, қой, қошқар, өгіз шошқа т.б. Мысалы: -Тағы шырылдаған екен ғой.

         -ол ит жылатпай мал берушіма еді? Қолынан берді ме? (Ж.Аймауытов). -Қора күзеті, көрінгенге обалар иттік сенен қалған өнер, қу соқыр. Маған күлер артың жоғы - деді Бати тілін тартпай (О.Бөкей). Ө. ө, күшік ... Балажанын жаманын. Бесіктен белі шықпай жатып баланы қайтеді-ау бұл шірік неме (Д.Исабеков). -Бажылдап төбетте келді ұмтылып. "Соғымға арнағаным еді" ... пәлен-түген еді деп қырады (Ж.Аймауытов). -Ойбай-ау, әжей-ау, самолетті ұмытып кетіппін ғой! -Айтөре бір күліп алды да, сағатына қарады. Мұндайда уақыт деген дүлдүл болып кетеді (Д.Исабеков). Сөлкебай. Ойпырмай, не дейді, не дейді мынау шошқа, мен бе екен кеңестің қасы (ұмтыла берді) (М.Әуезов). Ит, күшік, төбет, шошқа -оңбағандық семасын, дүлдүл жылдамдық семасын беріп тұр. Ит, күшік, төбет, шошқа т.б. осындай эмоционалды сөздер арнайы сөздер тобына жатады. Қазақ тілінде күшік сөзі сонымен қатар еркелету мәнінде де кездеседі. Үй жануарлары тобы да көп семалы болып келеді. Бұлардың да қалпы денотатив компонентті экспрессив-бағалауыштық мағынадағы сөзге тең келеді.

         Құс, құрт-құмырсқа атаулары: жарқанат, күшіген, құзғын, мегезін, аждана, атжалман, жылан, паразит т.б. Мысалы: Көксау мойыны маңырайған, көзі бақырайған, бет-аузы жұртта қалған сірідей тырысқан, қол-аяғы шидей, бойы шүкиттей бір жарқанат еді. (Ж.Аймауытов). Өкиесі тықылдаған, бөксесі бүркілдеген, жұрттың аузынан сөзін тартып алып сөйлейтін бір мегежін болып шықса қайттық (Ш.Хусайынов).Сәрдәр. Бибішті көрдік, бибішті. Сиқырлы аждананы көрдік (М.Әуезов). -Өй-өй мына көр тышқан атжалды болып кеткен бе, қайтеді-ей! (Д.Исабеков). Бұл мысалдарда жарқанат - арықтықты, мегежін- қақшаңдап қалған пысықтықты, аждана-айналасын арбап кететін айлакерлікті, атжалман-көр тышқанмен салыстырыла қолданылып ірілік, күштілім мағынасын беріп, денотатты компонентті экспрессив -бағалауышты мағынадағы сөзге тән келіп тұр.

         КАдамның дене мүшелеріне және тұрмыстық затқа қатысты атаулар. Адамның кейбір мүшелеріне қатысты: борбай, сақал, шүйкебас т.б. Мысалы: -Айдаңдар! -деді ол ақырып. Көштен қалып қоятын болдың ғой, кеуделеріңде жандарың бар ма, пәдеріңе нәлеттер! Әй, боқмұран, нағып тұрсың сүмірейіп, шығар тайларды (Д.Исабеков). Ережеп. Бар бәле сол оқығандардан шығып жатқан жоқ па? Жайлаубайдың қызыда бірге оқығансып борбайдың бірімен кетіпті (Қ.Мұхамеджанов). -Дұрыс сөз, мақұл айтасыз, -деп сақал тағы селкілдеді (Ж.Аймауытов). -Балаларды жүдетпей бір шүйкебас алуыңыз екен, -деп басып өтті (Ж.Аймауытов). Бұлардың да қалпы денотатты компоненті экспрессив-бағалауыштық сөзге тең келіп тұр.

         Тұрмыстық не басқа да затқа қатысты: мешкей, сынақ, тымақ, шоқпар, шомыт, қолжаулық, құйыршық, желбегей, іншк т.б. Мысалы: Қаптаған ит, жетім бала, жаман кемпір, қайыршы сықылдылардымешкейлер мүйізімен жайпап қуып жур (Ж.Аймауытов). Фурмонова. Орыстың ішінде Жетісу, құлағының шоқпары, боп кеткенін сезейін деген кедейлер болу керек қой (М.Әуезов). -Мен сізді айтпаймын, -деді Жұман: -сіз адасасыз біле-көе адасып отырған жоқсыз, сізді адастырып отырған елдің қулары. Елдің қуларына қолжаулық болып кетіп отырсыз (Б.Майлин). Құжырасы бір інішек екен. Қарт шешесі, қоңыр ғана келіншегі бар екен.(Ж.Аймауытов). Мешкей -тойымсыздықты, шошқа - шабармандылықты қолжаулық - пайдалануды, іншік - жаман үй, лашық семасын беріп, денотатты компоненті экспрессивті мағынадағы сөзге тең келіп тұр.

         Демонология сөздер: албасты, дәу, диуана, дүлей, жалмауыз, кәпір, көкпері, құбыжық, мыстан, перизат, періште, сайтан т.б. Мысалы: Дүрияның есінен ауысуына өзін ешқашан да кінәлі санап көрген жоқ. Сондықтанда жұмысты аяқсыз істей берген. Тек, сай сүйегін сырқыратар сөзі жаман албастының (О.Бөкей). Әлима (ызалы). Күнде көріп жүрген Жақаңнан сонша құтың қашады.  Ана келе жатқан дәудә көрген жан тәсілім етпесең жарар еді (Қ.Мұхамеджанов). Жалғыз немересін дүлей Омаштың суға тұншықтырып жатқаны елестетеді (Д.Исабеков). Өтірік өсек таратып, бізді келемеж қылып, бізді елге құбыжық қылып көрсетіп, осы күнгі істемей тұрғаны бар ма? (Б.Майлин). Албасты - әзәзіл, дәу-үлкендік, дүлей-ұр да жық, құбыжық-қорқыныштылық семасында қолданылып, бұның да қалпы денотатив компонентке экспрессив - бағалауыштық мағынадағы сөзге тән келеді.

         Әлеуметтік баға беруге байланысты қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары. Сын есім сөздер зат есімнің орнына қолданылып, өзінің қандай да бір субъектіге бағасын білдіреді.Тілімізде мұндай сөздер сөйлемде қызмет жағынан зат есімдерге жатса, түбір негізе сын есімдерге жатады. Бір қызығы бұлар етістіктер сияқты жеке-жеке семаларға ажыратылады. Жинаған материалдарда "қу", "өтірікші", "сорлы";  "дойыр", "қатыгез", "ақымақ", "жынды", "ұятсыз" т.б. семалар кездеседі. Солардың негізгілері секілді мына семаларды жатқызуға болады. "Қу" семасы: айлакер, алаяқ, залым, зәлім, зымиян, қу, суайт т.б. Мысалы: Бекмырза. Қырғызымның Алатауы, сені көрер күн бар ма? Уәлиге бәрібір. Атамекені осы жоқ болып кеткен алаяқ (Қ.Мухамеджанов). Ит-ай, мұндай зәлім болар ма. Ол ойыңды іске асырмассың асыртпасын (о.Бөкей. "Сорла" семасы: байғұс, бейбақ, бейуаз, бейшара, жігерсіз, маубас, мәлжубас, пақыр, сүмелек, ынжық, т.б. Мысалы: Мен қалдым бейбақ болып бедеу күйімде, сен кеттің артыңа жалтақ-жалтақ қарап (О.Бөкей). Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намаз оқып: "А құдай, беғргеніңе шүкір" деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз (Ж.Аймауытов).  "Дойыр, қатыгез" семасы: бейміт, дойыр, есерсоқ, жауыз, қанішер, қатыгез, содыр, тасбауыр т.б.: Қуып жетсе мына бейміттің оңдырмайтынын біліп шал да екеуінің соңынан жүгірді (Д.Исабеков). Бике (не қыларын білмей) О, қатыгез қатып қал ... Өз дегенің болмаса көнемісің (Ш.Хұсайынов).

         Адамның әртүрлі мінез қылықтарын білдіруші эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары.

         1. Адамның және жан-жануарлардың әр түрлі ерекшеліктерін білдіретін эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары: "Ашу" Айданарбай, көкайыл т.б. Мысалы: Сақалы шошаңдап, бір көкайыл тоқалдың тіліне еріп, саған неге сойыл шабады? (М.Әуезов). -Басымды қатырмай кет өзің -деп еді. Қыз жылап үйіне барғанда айданардай ысқырып бәйбіше шыққан (О.Бөкей). "Қу" Айлакенр алаяқ жалмауыз , желаяқ, қушыкер т.б. Мысалы: -Есебін тапқан дағы, ол иттің өзі айлакер, жанкешті неме екен... (Ж.Аймауытов). -Сен, желаяқ артист тұра тұр, -деп Ашабай шынтағымен Жантөбетті қағып жіберіп (Ш.Хұсайынов). "Қатыгездік" Бүйрексіздік, безбүйрек, қаныпезер, қатыгез, озбыр т.б. Мысалы: Абыр-сабыр кезінде айдаладағы жалғыз үй қойшыға адам қолы аса қажет болатынын түсінсем, жаман болсын, жақсы болсын, туған адамның үш күннен кейін келіншек әкелетінін біле тұра, сол қуанышқа ортақтаспай, өз жөніммен аттанып кете беруім бүйрексіздік болар деп түйдім  (Д.Исабеков). Бай атаулының бәрі озбыр, қатыгез еместігіне алғаш рет көзі сонда жеткен, сол уақыттан бері ішінен сәуле жүгірген (О.Бөкей). "Жынды": есалаң, есерсоқ, есуас т.б. Мысалы: Қайшы. Ой, ісің құрысын, есалаң неме, жынды көбелек секілденбе! (М.Әуезов). Досберген. Бұл енді менің есерсоқтығым болды, кешірерсіз, Айша апай (Қ.Мұхамеджанов).

         2.Өлшем және санды білдіруші эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары: "Ақырын" өгізаяң. тасбақаша т.б. Мысалы: Дұрыстап сайланып, жеткізбейтіндей боп қашудың өзі - өнер ғой, ақсақал. -деп Бати әңгімеге араласты. -Не қуа алмадың, не қаша алмадың, озбадың да қалмадың - өгізаяң тірліктің соңында тентіреп жүргеніміз (О.Бөкей). Өлмеген соң өзегі тала ілгері жылжыды. Екі аяғы жүруден қалған, тасбақаша тырмысты (О.Бөкей).

         3.Адамның, заттың, құбылыстың әр түрлі сапасын білдіретін эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары. Адамның: адамсы, жігітсі, кісімсі, қораздан, жылмаң, қуарған т.б. Мысалы: Өкіл қабағын шытып, Қожамбердіге ұнатпай қарады, Қожамбердінің аузын жапқан мұрты, бөтегелі денесі, күржиіп адамсып отырған пішіні - мына топтан өзгеше тәрізденеді (Б.Майлин). -Әупілдекше кекіріп, қымыз кеңірдекке келіп, көзі қызарған қонақтар шүлеңгер жігітсіп:

         -Мә, қарындасым, ішіп ал! -деп кезек-кезек Шәкетті сыйлайды (Ж.Аймауытов). "Мынау атты, анау егізді жіберу керек екен ғой ..." деген тәрізді, малсақ кісімсіп, суыған көліктерді қоя берді, жіберді, жібертті (Ж.Аймауытов). Оны айтқаны: бір есептен жақындықты білдіру үшін, өз әлемінде хабар берген еді, екінші - "губерня азаматтарымен де әріптеспіз дегендей, күйеу баласына кішкене қоразданбақ еді" (Ж.Аймауытов).

         Қайшы. Не оттайсың, өңшең қуарған! Қайтып тигізбейсің сен? Қыздың иесі сен шығарсың?! Ертең қолынан ұстап жетектетіп жіберейін. Алшы менің қолымнан! (М.Әуезов). Бұл топтағы сөздер зат есім негізді болып келеді. Сөйлемде коннотаттық компонентке тең келіп эмотив-экспрессив-бағалауыштық мағынадағы сөзм болып тұр.

         Заттың: Аңыраған (суық), арбиған (дәу), кілбиген (арық), бықырлаған (көп), жұтынып (күшті), топырлан (көп), лапылда (толу), монти (қысқка), оқшит (тез), оңал (түзел), өңкиген (дәу), саңқ (қатты), селдіре (сирек), селти (тік), сопи (жалғыз), сорайған (ұзын), сымпи (таза) т.б.

         Берілген мысалдардағы жеке адамның қолданысындағы, яғни оккозионалды сөздер сөз табында сын есімденген, үстеуленген етістік болады. Бұлардың қалпы эмотив-экспрессив-бағалауыштық мағынадағы сөзге тең келіп, сөйлемде денотаттық та, коннотаттық та макрокомпоненттерге сәйкес келеді.

         Құбылыстың: зең, зырқыры т.б. Мысалы: Оның үстінде келерде тер қатып, бойын суық ұстап, тұла бойы сіресіп, танауы таре бітіп, басы зеңіп келе жатыр еді (Ж.Аймауытов). Жілік-жілігінің арқасынан әлдекім сым өткізіп, бір ұшын миға тартқандай зырқырап, есеңгіреп кетті (Д.Исабеков). Жиналған материалдардағы бұл топтағы сөздер санаулы ғана. Бұлардың қолданылу табиғаты денотаттық компонент болып, экспрессив-баалауыштық мағынадағы сөзге тең болып тұр.

         Бұлардан басқа адамның іскерлігін көрсететін эмоционалды сөздердің лексика-семантикалық топтары (1. тынымсыз, ебедейсіз, тұрақсыз; 2. пысық, алғыр, өткір т.б. сияқты) бар. Бірақ бір жиналған материалдарда аз кездесуі себепті, оларды жеке-жеке топ ретінде бере алмадық.

         Сонымен, тарауымызды-қорыта келгенде, мынадай нәрселерді байқадық:

         тілдік қордағы жалпы адамның эмоциясының жетегімен көрініс беретін сөздерді эмоционалды сөздер деп, олардың категорияларын адамның қоршаған болмысқа деген әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздерді "эмотив" деп, адамның қоршаған ортаға деген әртүрлі әсерін білдіретін эмоцияның (кейде олар қатыспайды), сезім, ерік қатысу арқылы тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнеленген сөздерді "экспрессив" деп қолданамыз. Олар тілдік деңгейде негізінен үш тұрғыдан (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) да көрініс береді.

         -эмоционалды сөздер лексика-семантикалық деңгейде денотат компонентте және сонымен бірге коннотаттық компонентте (денотат-коннотат) де кездеседі. Коннотаттық мағынада экспрессивтіліктің семасы эмотивтіліктің семасына тәуелді болады. Ал баға өзінен - өзі эмотивтілік семасының жетегінде қолданылады. Денотаттық мағынада экспрессивтілікпен бағалылықтың семалары өзара байланысты (кейде керісінше байланысты болмайды) болады. Денотаттық мағынада эмотивтіліктің семасы қатыса алмайды. Баға бірде экспрессивтілікпен байланысса, бірде олардың арасында ешқандай да байланыс болмайды. Бағалауыштық семасы эмоционалды сөздер жүйесінде ғана семантикалық белгі ретінде "эмотивтілік" семасымен байланысады. Бааның коннотаттық параметрлері "жағымды" / "жағымсыз" болса, денотаттық параметрлері "жақсы" / "жаман" болып келеді.

 

         2 Эмоционалды бірліктердің сөзжкасамдық сипаты

         Тілдегі эмоция арқылы пайда болған сөздер тобын зерттеу эмоционалды  лексиканы жете тану үшін өте маңызды болып табылады. Себебі тарихи тұрғыдан эмоционалды лексика қалыптасу жолында өз бастау бұлағын  осы негізден алатыны сөзсіз. Бұндай сөздерге адамның ішкі эмоциясын білдіретін одағай сөздермен бүгінде түбір күйінде мұндай қасиетінен айырылып қалған, тек етістік тудыратын жұрнақтар арқылы ғана қандай да бір эмоционалды мәнге ие болатын еліктеуіш сөздерді жатқызамыз. Бұл екеуін бір-біріне жақындастыратын жағы бұлардың пайда болуында (тарихи тұрғыдан) адамның эмоциясы қатысады. Әсіресе пайда болуы жағынан одағайлар мен дыбыс еліктеуіштер бір-біріне өте ұқсас. Бұлар адамның эмоциясының құбылмалылығы кезінде сөйлеу апараттарының қатысуымен пайда болған дыбыстар немесе дыбыстар жиынтығы ретінде қараймыз. Ал бейнелеуіш сөздердің табиғаты бұлардан бөлектеу.

         а) Одағай.Одағай сөздер қазіргі кезде сөз табында өзіндік орны бар, жеке сөз тобы ретінде танылады. Одағайлардың эмоционалды сөздерімен байланысы осы кезге дейін жарық көрген грамматикалық оқулықтарда, ғылыми еңбектерде, мақалаларда жиі сөз болады. "Одағай" терминін алғаш қазақ тіліне қолданған - А.Байтұрсынұлы. Ғалым "Одағай дейміз - одағайланып, оңаша айтылған сөздер Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі көрсету үшін айтылатын, барша шабыттану үшін айтылатын, барша жекіру, ақыру, тыйу, қайғыру, тоқтату, басу, жұбату үшін айтылатын, барша қуаныш, реніш, кейістік, уайым, қайғы, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошынғанда, тамсанғанда, жан я тән күйзелгенде, я рахаттанғанда айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар - бәрі одағай болады" [27,26] дей келе, одағайларды ілездік, еліктеу, шақырыс деп үш топқа бөліп көрсетеді.

         Одағай сөздерді зерттеген Ш.Ш.Сарыбаев одағай сөздерді еліктеуіш сөздерден 8 түрлі ерекшеліктерімен айқындалатынын нақты дәлелдермен көрсетіп, одағайлар мен еліктеуіш сөздерді жеке-жеке сөз табы  ретінде қарауды  ұсынады [28].

         А.Ысқақов одағайларды мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біріне ұқсамайды, сонымен қатар одағай сөздер  түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тән лексикалық мағыналары болғанымен , сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байланыстыратын грамматикалық дәнекер болып қызмет атқармайды, одағайларда бұл қасиет жоқ.

         Одағайлар-өз алдына ерекшеліктері банр сөздер [29,374] деп көрсетеді.

         "Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы" одағай сөздер басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғаққа, эмоционалдылық құбылмалыққа, интонацияға өте бкай [30,566] деп түсіндіріледі. Яғни одағай дегеніміз ағыл. Interjection, фр. Interjection, нем. Interjection,  Ausruf. Empfindungswort - эмоционалдылық және ерік-жігерлік сезімдерді білдіретін грамматикалық көрсеткіш жоқ сөздердің өзгермейтін тобы. О.мәнді сөздер табына да, көмекші сөздер табына да жатпайтын, өзінің ерекше орны бар Сөз табы. Синтаксистік қатынасы жағынан О. өзіндік интонацияға ие бола алады және жеке ой түрінде қолданылады. Семантикалық қатынас жағынан эмоционалды-экспрессивті О. (мыс, ор. т. ах! ох! ай! оғо! т.б. қаз. т. ә! бәсе! құп! оһо! т.б.) және императив О. (мыс, ор. т. тсс! Алло! эй! оғо! т.б. қаз. т. тәй-тәй! құп! жә! эй! т.б.) болып бөлінеді (қара. Императив). Сол сияқты императивтер қатарына хайуанаттарға бағышталған О. да жатады: ор. т. кис-кис! қып-қып! т.б. қаз.т. тәйт! мон-мон т.б. [23,214]. Бұл жердегі эмоционалды-экспрессивті (эмотив-экспрессив) одағайлардың эмоция негізінде пайда болғаны даусыз, басы ашық мәселе.

         "Эмоционалды реңк барлық сөздерде болады десек те болады, бірақ таза эмоционалдылық жағынан негізінен одағайлар құрайтыны сөзсіз" [31.146] деп бекер айтылмаған болса керек. Десек те, одағайлардың келесі тобын (императив) эмоция арқылы шыққан сөз екенін түсіндіру үшін, аталмыш сөздердің бұл тобына соқпай өту мүмкін емес. Одағайлар, жоғарыдағы сілтемелерден байқағанымыздай, эмоция мен ерік-жігерді білдіретін сөздер.

 

         2.1 Түбір эмоционалды сөздер

         Эмоцияның негізінде қазіргі лингвистикалық сөздіктерде, грамматикалық оқулықтарда көрсетіліп жүрген эмоционалды - экспрессивті (эмотив-экспрессив) топтардағы сөздер пайда болса, ерік негізінде пайда болған сөздер адамның қорыққан кезінде ах, а т.б., қуанған кезінде оһо, еһе т.б. осы сияқты дыбыс немесе дыбыстардан шыққан, яғни дыбыс пен дыбыстық шоғыр сөйлемін үрдісінде күнделікті қайталана келе, сөйлемінен (речь) тілге (язык) өткен. Олар тіл дамуында тілдік бірлік ретінде қалыптасып, санамыздағы тілдік қордан орын алған деп шамалаймыз. Аталмыш сөздер тобы шындық өмірде қорыққандықты, қуанғандықты т.б. осындай әсерлену, толқуды білдіретін сөздер болып саналады. Тілдегі бұндай сөздерді қазіргі тілдегі эмотив-экспрессивті одағайлар деп танитынымыз белгілі. Императив одағайларының да даму жолы осыған ұқсас. Біріншіден бұл топтағы одағайлардың тілде синонимдер бар. Мысалы: тәйт, -кет, қой; сап-сап-сабыр; әуп-тұр; моһ-моһ, кә-кә - кел-кел т.б. Сонымен бірге, екіншіден оларда аталмыш мағыналарынан басқа эмоционалды да мәндері бар: құлап қалған баланы "немесе затты) көтергенде әуп дейміз. Бұл жерде біз балаға немесе затқа бұрық бермейміз, ауыр затты көтергенде өзіміздің ауырсынған демімізді шығарамыз. Шақыру да солай, малға кел-кел деумен бірге оның тілді түсінбейтінін ескеріп, тағы да эмоцияға жүгініп, қандай да бір дыбыстар жиынтығын құрап, моһ-моһ немесе құрау-құрау, кә-кә, шеп-шеп деп дыбыстаймыз. Кейбір шақыру мәнді одағайлар, мысалы, тауықты шақырғандағы шеп-шеп басқа тілдердегі аталмыш құстың балапанының шығарған дыбысына еліктеу арқала пайда болған сөздерімен сәйкес келеді (ағылшын тілінде сһер-сһер, орыс тілінен чик-чик, қазақ тілінде шық-шық және т.б.). Осы негізге сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады. Мүмкін, барлық тілдердегі шақыру одағайлары осындай уәжділікпен қалыптасқан болса керек. Имитатив теориясы бойынша формаға ат бергенде бір халық оның бір белгісін (қасиетін) негіз етіп алса, енді бір халық оның басқа бр белгісін (қасиетін) негіз ете алады деген де көзқарастар бар.

         Бұлардың эмотив-экспрессив одағайлардан бөлініп алынуына оларда адамның эмоциясын білдіруден қарағанда бұйыру, өтіну мәні басымдығынан болса керек. Мұндай сөздер тобы қазір толық мағыналы аталмыш сөздердің құрамына өту үрдісін басынан кешіруде. Сол себептен де тіл ғалымдары олардың пайда болуында ерік қатысады дейді. Ал ерік адамның өз мінезін-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті екенін жоғарыда айтып кеткенбіз. Сонымен, қорыта келгенде, эмоция арқылы шыққан сөздерді сананың қалыптасуында саналы түрде дамушы адам өзінің тілдік санасынан бұларға жаңа мағына беріп тілге (язык) өткізген деп шамалаймыз. Сондай-ақ шақыру, жекіру одағайларында бұл үрдіс кері жүргендігін байқауға болады. Алдыңғы топтағылар мағыналы сөзге өтсе, соңғы топтағылар кері мағыналы сөзден эмоционалды сөзге өткен. Бұл үрдіс саналы адамның тілінің қалыптасуының тағы бір көрінісі. Тілдің эмоция негізінде пайда болу теориясының тағы да бір дәлелі бола алады.

         Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің даму жолы тіл тарихында одағайлармен байланысты болғаны анық. Оның қалыптасу жолын алдыңғы тарауда сөз етіп кеткенбіз. Енді бірден еліктеуіш сөздердің эмоцияның негізінде пайда болған сөз екендігін дәлелдеуге көшеміз.

         Қазіргі қказақ тілінің эмотив-экспрессивті лексиканың құрамының біраз бөлігін еліктеуіш негізді етістіктер құрайтынын осыған дейн аталмыш мәселе жайындажазған еңбектерде кездестіруге болады. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясына арналған оқулықта бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш сөздерде екені баса айтылады [32,179]. Ш.И.Нұрғожина қазақ тілінің ауызекі тілінің эмоционалды-экспрессивті лексикасын зерттеуге арналған ғылыми еңбегінде осы лексиканың бір бөлігін етістіктерден жасалған эмоционалды-экспрессивті лексика толықтырады деп танып, оларға еліктеуіш сөздерден жасалған етістіктерді жатқызады [25,89-106].

         Қазіргі қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер дыбыс еліктеуіштер мен бейнелеуіш сөздерден тұратыны белгілі. Дыбыс елітеуіш сөздердің морфологиялық құрылымына арнап жазылған ебектер тілімізде көптеп кездеседі. Солардың негізгісі ретінде К.Ш.Хұсайынның "Звукоизобразительность казахского языка" атты еңбегін жатқызуға болады. Қазақ тілінде, сонымен қатар түркі тілдерінде де бейнелеуіш сөздердің құрылымына және сөз жасалуындағы ерекшеліктеріне арналған зерттеу еңбектер жоқтың қасы деуге болады.

         Аталмыш мәселе ғылыми зерттеу еңбектерінде тек дыбыс еліктеуіш сөздер жайлы айтылғанда болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Тек Б.О.Оспанованың "Бейнелеуіш етістіктердің этнолингвистикалық сипаты" атты дисертациясында сөз болады [33]. Бірақ бұл еңбекте аталмыш мәселеге жеке тарау арналғанымен, бейнелеуіш етістіктердің сөзжасамдық модельдерін, дыбыс еліктеуіш сөздердің морфологиялық құрылымымен аралас қарастырылған.

         Әрине, еліктеуіштердің (дыбыс еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің) түбір негіздерінің құрылымы және сөзжасаудағы аффикстері бір қарағанда ұқсас болғанымен, тарихи талдау кезінде бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерге қарағанда жасалу, даму жолы ерекше екені байқалады. Олар, яғни, бейнелеуіш сөздер дыбыс еліктеуіш сөздер сияқты қазіргі тілде кейбіреулері модификаторсыз қолданылмайды. ол туралы кейінірек сөз болады.

         Сондай-ақ, кейбір көрсеткіштердің жеке бейнелеуіш негіздерге ғана тән екені байқалады. Мысалы: -аң, -ең, -ақ, -ық, ем - сияқты форманттар бейнелеуіш сөздердің құрамында ғана болданылатыны болмаса, дыбыс еліктеуіш сөздер құрамында қолданылмайды. Бұндай форматтар тілде эмоционалды сөз жасауға қызмет етеді. Аталмыш форматтар жалғанған дыбыс еліктеуіш сөздер мағынасы жағынан бейнелеуіш сөздерге айналып кетеді. Мысалы, Ол кітапты тарс еткізіп қойдым деген сөйлемдегі тарс сөзінен, Ол тарсақтады (Ауызекі тіл) дегендегі тарсақ сөзінің мағынасы екі түрлі. Бірінші сөйлемдегі тарс бір заттың бір затпен қатты соқтығысуынан пайда болған дыбыс, екінші сөйлемдегі тарсаң осының негізінде пайда болған дыбыс еліктеуіш емес адамның мінезін, қалып күйін эмоция арқылы бейнелеп тұрған эмоционалды немесе бейнелеуіш сөз. Сондай-ақ, Маңырамай отыршы немесе Ол кісінейді де отырады (Ауызекі тіл) деген мысалдағы маңырау, кісінеу сөздері дерексізденіп, яғни, нақтырақ айтсақ, дыбыс еліктеуіштік мағынасынан айырылып бейнелеуіштік мәнге ие болып, адамның мінезін бейнелейтін эмоционалды сөзге айналған.

         Қазіргі қазақ тілі лексикасындағы еліктеуіш етістіктердің тарихи дамуында өзінің бастау бұлағын еліктеуіш сөздерден алғаны, тілдің осы саласымен шұғылданып жүрген ьарша мамандарға мәлім. Жалпы тілдің пайда болу тарихына шегініс жасасақ, тарихта алғашқы адамдардың саналы адам  дәуіріне өте бастаған кезінде, тілдің қарым-қатынас құралы ретінде ең алғаш пайдалануда, ол сөздердің "Имитатив теориясы" бойынша дыбысқа, сондай-ақ құбылыс-қозғалысқа, бейнеге, жарық-сәулеге т.б. еліктеу кезінде қолдана бастаған сөздер болғанын, қазіргі тілмен айтсақ "елітеуіш сөздер" екні көтеген ғалымдар растайды. атап айтсақ, Н.И.Ашмарин, Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Л.Н.Харитонов, А.Г.Спиркин, А.М.Газов-Гинзберг, Г.Е.Корнилов, сонымен берге қазақ ғалымдары Ә.Қайдар, К.Ш.Хұсайын және т.б. Ал еліктеуіштер қоршаған ортадағы дыбысқа, қимылға, қимыл-қалыпқа т.б. әсер тудырушы құбылыстарды адамның қабылдау мүшелері арқылы эмоциясын қоздырып, соның нәтижесінде өзінің дыбыстау мүшелеріне, қимыл, бет қимыл (мимика,жест) арқылы сыртқа шығарып отырған. Яғни бұлар да, эмоцияның негізінде пайда болған дыбыстар немесе дыбыстар шоғыры. Бұны дыбыс бейнелеуіш сөздердің морфологиялық құрылымының тарихи дамуынан байқауға болады. Сол себептен де біз жұмысымызда еліктеуіш сөздердің морфологиялық құрылымына тарихи шолу жасауды жөн көріп отырмыз. Осы арқылы эмоционалды сөздердің табиғатын ашумен бірге кейбір басқа да сөз табына жататын сөздердің және сөз жасалу жолында шешімін таппай келе жатқан кейбір түбірлердің (өлі түбірлердің) лексика-грамматикалық мағына беретін, я бермейтін қосымшалардың мәнін тануға мүмкіндік алуға да болады. Сондай-ақ, эмоционалды сөздердің қазіргі лексикалық қордан негізгі орын алатын атауыш сөздер құрамын толықтырып, байтып отыратынын да байқауға болады.

         Сонымен, қазір азақ тілінде эмоционалды лексиканы құрайтын елітеуіш етістіктердің түбірін шартты түрдееліктеуіш түбір морфемадеп танып жүрген түбірлерімізөлі түбір мен өлі қосымшалардан тұратын туынды түбірлер. Шартты түрде деп отырғанымыз, бұлар бүгінде түбірдің анықтамасына сәйкес келмейді. Себебі түркі тілдерінде түбір дегеніміз әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, сол сөздің реалды мағынасын беретін бөлігі. Қазақ тіліндегі түбір сөз құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі [30,177].

         К.Ш.Хұсайын дыбысбейнелеуіш сөздердің түбір морфемасын жалпы мағынасы түсініксіз, құрылымы өзіне жасалу формалары ұқсас тұлғалармен салыстырылу арқылы ғана айқындалатын бөлшек деп емес, қайта сөз және форма тудыру жүйесінде арнайы орны бар, тілде реальды кездесетін дыбысбейнелеуіш сөз ретінде қарастырады [34,48].

         Екінші дәрежелі грамматикалық көрсеткіштерге де ғалымдар әр түлі атау береді. С.Құдайбергенов, М.Худайкулиев, Л.Н.Харитоновтар бұл көрсеткішті "құрылымдық элемент" деп атайды. М.Худайкулиев, С.Құдайбергенов бейнелеуіш құбылыстың кенеттілігін білідретін сөзге жалғанатын құрылымдық элемент (структурный элемент) -ыр жалғанады дейді. Бұл қосымшалардың сөзге жаңа лексика-грамматикалық мағынасына үстей алмайтындығын ескере келе, Л.Н.Харитонов аталмыш көрсеткіштердің еліктеуіш сөздердің басқа сөздерден ерекшелігі дей келе, мұны жоғарыдағы ғалымдардың ізімен "структурный элемент" деп атап, оны былай деп түсіндіреді: "Құрылымдық элементтер мағынасы бойынша еліктеуіш негіздердің категориялық шеңберінен шықпайтын, яғни басқа сөз таптарына өткізбейтін еліктеуіштердің негізін құрауға жұмсалады. Түркімен тілінде басқа сөз таптарына қатысы жоқ. Құрылымдық элементтереліктеуіш сөздерді басқа сөз таптарынан ажырататын формальді белгілердің біріне жатады. Бұл құрылымдық элементтер түбірлер мен негіздерге жалғанып оларға қосымша мағыналық реңк үстейді" [35,58].

         Б.М.Юнусалиев бұл көрсеткішті тек жалғыз дыбыстан тұратын -р деп танып, сөзге дыбыстың, жарық-құбылыстың, қимылдың дүркін-дүркін қайталанушылық қасиет беретінін айтып, бұны да "ерекшелегіш" деп атайды [36.181]. Акад. Ә.Т.Қайдар бұл көрсеткішті бірінші дәрежелі грамматикалық көрсеткіштермен бір дәрежеде деп есептеп, индикаторлар немесе модельдеуші форманттар деп таниды. К.Ш.Хұсайынның еңбегіне аталмыш көсеткішті аффикстер деп қарайтынын байқауға болады [37,64]. Ал, Ш.Ш.Сарыбае көп жерлерде -аң, -ең, -ың, -ің - жұрнақтарын бөліп алу қиын екенін айта келіп, біз бұл жердегі -аң / -ең / -ың / -ін форматтарын жұрнақ демей шартты түрде "қоспа" (наслоение) деп атап отырмыз. [37,25] дейді. Бұл атаулардың бәрін жинақтап қарағанда, аталмыш көрсеткіштердің әр түрлі аталғаны болмаса, барлығы да бір қызметте қолданылатынын байқау қиын емес. Келтірілген тұжырымдарды қорыта келгенде, бейнелеуіш сөздердің мағына тудыратын ілкі түбірінің СГС немесе ГС типіндегі сөздер екенін мойындауға болады. Осындағы сөз соңындағы мағына үстейтін дауыссыздың атауына келсек, оның "идеофон" деп аталуына ешкім де талас туғызбаса керек. "Идеофон" деген ұғымды, бір сөздіктердеоны банту тіліндегі, негізінен еліктеуіш негіздердегі кластық көрсеткіштердің біреуі [38,165] десе, енді бір лингвистикалық сөздіктерде дыбыстық символизмге байланысты қолданылады. "Дыбыстық символикалық (идеофон, образды сөз) негізінен қимылдың әр түрін, жарық құбылысын, түрді, көлемді, нысанның ерекше сипатын, олардың сыртқы қасиетін, бет әлпет қимылын, адамның жеке хайуандардың физиологиялық қалпын білдіреді " ...  [39,166] деп анықтама береді. Шуаш тілін зерттеуші Г.Е.Корнилов идеофонды  табиғаттағы ққандай да бір жанды не жансыз қасиетті символдандырушы айтылымдағы дыбыс деп түсіндіреді [40,8-10]. Біздің ұғымымызша "идеофон" дегеніміз алғашқы дыбысқа немесе дыбыстық шоғырларға мағына үстейтін және еліктеуіш сөз тудыратын қосымша болып табылады. Осы алғашқы дыбысқа немесе алғашқы дыбыстық шоғырға жалғанған идеофон, дыбысты немесе дыбыстық шоғырды, сөздің алғашқы ілкі түбіріне айналдырады. Бұл ілкі түбірге жалғанған грамматикалық көрсеткіштердің тіл білімінде әр түрлі аталатынын жоғарыда келтірген едік. осы келтірілген атаулардың ішінен "модификатор" деген атауға тоқтағанды жөн көріп отырмыз. Себебі шет тілдер сөздерінің сөздігінде "модификатор"  атауына мынадай мағына берілген: "тетік, оның белгілену қатысымен машинаның жұмысын ауыстыру" [41,326], ал модификатордың қатысымен болған қимылды былай деп түсіндіреді: өзгеріс енгізу, бір нәрсеге жаңа белгі, қасиет беру, түр өзгерту [41,326]. Тілдегі модификатордың да қызметі осыларға ұқсас. Алғашқыілкі түбірге жалғанған модификатор оған жаңа белгі, қасиет, яғни жаңа мағына үстеп түрлендіреді. К.Ш.хұсайын модификаторлардың тарихи даму жолын былай көрсетеді: жеке дара сөз , көмекші етістік, аффикс, модификатор.

         Екінші жіне үшінші дәрежелі грамматикалық көрсеткішті "формант" деп атауға болады. Формант сөзін латын тілінен аударғанда "құраушы", оның бір мағынасы -1) Салыстырмалы тіл білімінде түбірге тарихи жағынан талдау жасаған кезде анықталатын көне морфемалар (аффикстер) [41,549]. Бұл сияқты көрсеткіштер бүгінгі тілде, кейбір сөздерді ескермегенде, сөзге ешқандай мағына бермейді, модификатор сияқты түрлендірмейді.  Десек те, қазіргі тілде, бірен-саран сөздерде олардың сөз тудырушылық қасиетті сақтаған. Сол себептен екінші, үшінші дәрежелі грамматикалық көрсеткіштер - әлі аффикстік мағынасын толықтай жоя қоймаған көне морфемалар. Модификаторла мен форматтардың тілде атқарар қызметі  бірдей болғанымен, бұл жерде оларды еліктеуіш сөздердің даму кезеңімен байланысты болып отырмыз. Модификаторлар форматтарға қарағанда көне болып табылады. Бұлардың екеуі де ертеректе аффикстік қызмет атқарған және модификаторларға қарағанда форматтардың құрылымы толықтай сақталған. Ал, төртінше дәрежелі грамматикалық көрсеткіштердің сөз тудырушы аффикстер екенін ешқандайда күмән келтіре алмаймыз.

         Қазақ тіліндегі бейнелеуіш сөздердің құрамындағы идеофондар деп мынадай дыбыстардың қатарын бере аламыз: Б, Д, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, Ш; модификаторлар қатарына Б, Ғ, Д, Ж, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, Ш сияқты дыбыстарды жатқызуға болады, ал форманттар деп мыналарды көрсетеміз: -ЫР, -ІР, -АЛ, -ЕЛ, -АҢ /-ЕҢ,- ЫҢ /-ІҢ, -ЫЛ/-ІЛ, -АҚ /-ЕК, -ЫҚ , -ЕМ Міне осылардан кейін барып қана қазіргі тілдік негізде адамның  ішкі сезімімен байланысты сөздер пайда бола бастаған деп болжауға болады.

 

         2.2 Эмоционалды лексиканың сөз таптары жүйесіндегі орны

         Жоғарыда сөз болғаны эмоция арқылы шыққан сөздері қазақ тілі білімінде әр түрлі сөздер тобына жатқызады. Бұл тұрғанда әсіресе елітеуіш сөздер жиі сынға ұшырайды. Аталмыш сөздер тобына негізінен атауыш сөздердің ішінде қарау орын алған. Ал одағай сөздерді жеке топ ретінде кейде көмекші сөздердің құрамында кейде атауыш сөздерге жатқызып қарау дәстүрге айналған.

         Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер А.Батұрсынұлының "Тіл тағлымы" атты еңбегінде сөз болады. Бұл еңбегінде ғалым сөз таптарын топтастыруда аталмыш сөздерді одағайлардың ішінде ілездік одағайлары, еліктеу одағайлар, (шақыру одағайлары) [27.261-262] деп қарайды. Ғалым еліктеуіш сөздерді одағай сөздің ішінде қарауында басты сүйенер негізі етіп, олардың, яғни еліктеу сөздердің дыбыстық интонациялық құбылмалылығын алады. Кейінгі аталмыш мәселе жайында жазылған зерттеулерде де еліктеуіштерді одағайларға жақындататын жағы деп, осы критерийді көрсетіп жүр. Қазақ тілі тарихында  сөздерді топтастыруда  епроф.Қ.Жұбановтың пікірі ерекше. Ғалым сөздерді алдымен мүшесі , мүшесіз деп бөліп, мүшеліге түбір, шылау сөздер тобын жатқызады [42,232]. Бірақ, бұл топтауда еліктеуіш сөздер жайлы ешқандай да мәлімет жоқ.

         Осыдан кейін А.Ысқақовтың "Елктеуіш сөздер туралы" деген мақаласына дейін аталмыш сөздер тобын сөз табының қай тобына жатқызу мәселесі шешілмей келеді. Оларды бірде одағайлар деп, одағайлар мен еліктеуіштерді бірге қараса, енді бірде үстеу сөздер тобында қарады А.Ысқақов еліктеуіш сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын мынадай бес түрлі критерийді көрсетеді. Олар: 1) олардың өз алдына лексикалық мағынасы бар; 2) олардың өздеріне тән сыртқы пішіні (формалық структурасы) бар, 3) олардың дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де сөйлемдегі сөздерді байланыстыратын жалғаулар (септік, көптік, тәуелдік, жіктік) тікелей жалғанбайды, демек өзгермейді, сондықтан грамматикалық сөз табы жағынан олар үстеулерге жатады; 4) олар сөйлемде әрқашан пысықтауыш болады; 5) олардың бастапқы түрлеріне түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатынын есепке алып, оларды жеке топ [43,53] деп топтайды. Осы пікірді қолдай отырып Ш.Ш.Сарыбаев еліктеуіштер одағайлардан алты түрлі критериймен ерекшеленіп тұратынын көрсетеді. Ал одағайлармен жақындастыратын жағы деп - ол екі категорияның дыбыстық, интонациялық құбылмалылығын атайды. Семантикалық, сыртқы пішінді құрылысы, морфологиясы, синтаксистік ерекшеліктері жағынан алып қарағанда еліктеуіш сөздер одағайлардан бөліп тұратынын алып көрсетеді [44,37]. Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер туралы ең алғаш арнайы еңбек жазып, дисертация қорғаған Б.Ш.Катембаева жоғарыда келтірілген ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып, бұл сөздер тобын жеке сөз табы екенін дәлелдеп шыққан. Ізденуші "қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерді семантикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері олардың жеке сөз табыретінде басқа сөз таптарынан бөліп алуға негіз бола алады" [45,23] деп көрсетеді.

         Өткен ғасыр ширегінде жасалған осындай тұжырымдар еліктеуіш сөздер одағай сөздерге де, үстеу сөздерге де жатпайды деген тұжырымға келеді. Бұндай қорытында басқа да тілдердегі еліктеуіш сөздер туралы айтылған [46.112-121]. Эвенк және маньчжур тілін зерттеуші В.А.Горцевская эвенк тілі жайлы былай дейді: "... қаралған материалдар эвенк тілінде еліктеуіш сөздерсөз табы болып саналмайтындығын мүмкіндігінше растайды, бұл категориядағы сөздер әр түрлі сөз табына: зат есімге, сын есімге, үстеуге және негізінен етістікке ауысқан және ауысады да" [47,188]. Осыған ұқсас көзқарасты қарақалпақ тілі бойынша жазылған Н.А.Баскаковтың еңбегінен де байқаймыз: " ... осындай жағдайлармен, дыбыс еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің едәуір бөлігі туынды негізбен атауыш сөздер (есім немесе етістік) болып табылатын түбірді құрайды" [48,245]. Осыған байланысты тіл білімінің аталмыш саламен айналасушы ғалымдардың көкейінде бұл сөздер тобын сөз табының қай сөз табына жатқызу керек деген сауал орын алады. А.Ысқақов сөздерді топтастырғанда ең әуелі атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздердеген үш топқа бөліп, ол топтарды лексика-грамматикалық жақтарынан саралап, ішінара тағы да топтарға бөлінеді. Мысалы, "атауыш сөздер әуелі есімдер және етістіктер деген топтарға бөлінсе, есімдердің өздері іштей атауыш есімдер және үстеуші есімдер болып жіктеледі, Ал атауыш есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер іштей үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді" [29,139-140] деп көрсетеді. Яғни ғалым еліктеуіш сөздерді атауыш сөздер шеңберінде қараса, одағайларды атауыш сөздер деңгейіндегі жеке топ ретінде қарайды. С.Исаев "Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты" атты еңбегіндегі сөз топтастыруда " .. осы көсетілген принциптердің негізінде атауыш сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін - зат есім,заттың әртүрлі сынын, қатыстық белгісін білдіретін - сын есім, заттың сандық мөлшерін білдіретін - сан есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер - есімдік, қимыл іс-әрекетті білдретін - етістік, қимыл іс-әрекеттің әр түрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін т.б.) білдіретін - үстеу, әр түрлі дыбыстарға, қимыл қозғалыстарға еліктеп аталатын- еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атауыш сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл күйін білдіру немесе модальдылық) мәндер қосады" [45,292-293] деп, еліктеуіш сөздерді атауыш сөздер тобында қараса, одағайларды көмекші сөздер тобында қарайды. Сол сияқты қазіргі академиялық грамматикаларда да сөздерді осылай (еліктеуіштерді атауыш сөздер тобында, одағайларды көмекші сөздер тобында) қарауға орын алған [30,437-438].

         Бұл жоғарыда келтірілген ғалымдардың тұжырымдамалары елітеуіштерді басқа сөз табынан (үстеу, одағай) бөліп алуға негіз болғанымен, оларды сөз табы жүйесінде еліктеуіш сөздерді атауыш сөздер тобында қарауға негіз бола алмайды. Біздің пайымдауымызша, еліктеуіш сөздерді атауыш сөздердің ішінде қарау мүмкін емес. Жә не одағай сөздер лексикалық мағынасы жоқ тек атауыш сөздермен тіркесіп қана қандай да бір лексика-грамматикалық мағынаға ие бола алатын көмекші сөздердің шеңберіне сыймайды. Енді осылар жайлы бірер сөз айтсақ, тілдегі белгілі бір сөздер тобы жеке сөз табы болу үшін мынадай принциптерге жауап беру керек екені белгілі: лексика-семантикалық, грамматикалық (морфологиялық), синтаксистік. Дәстүрлі түрде осы негізде сөздерді ең бірінші атауыш сөздер, көмекші сөздер деп бөлінеді. Атауыш сөз тобына жататын сөздердің толықтай лексикалық мағынасының болуына қарай және грамматикалық түрлене алуына қарай топтаса, ал көмекші сөздердің лексикалық мағынасының жоқ болуымен түсіндіріледі. Ал қарастырып отырған сөздеріміздің (одағай, еліктеуіш сөздер), біріншіден, лексикалық мағынасы солғындау, не бар, не болмаса мүлдем жоқ деуге болады. Екіншіден, грамматикалық тұғыдан есімге немесе етістікке айналып барып қана түрлене алады. Ал көмекші сөздерде мұндай қасиет жоқ. Яғни грамматикалық принципке толықтай жауап бере алмайды. Үшіншіден, сөз табы ретінде тануда оған синтаксистік қызметі де негіз бола алмайтынын жоғарыдағы сілтеме жасалған ғалымдардың еңбектерінен айқын аңдауға болады.

         Сонымен: 1) Эмоция арқылы шыққан сөздердің лексикалық мағынасысолғындау болады. Олардың (одағай мен елітеу сөздерінің) лексикалық мағынасы субстантивтенген жағдайда немесе зат есім, етістік тудыратын жұрнақтар жалғанғанда ғана айқындалады. Мысалы, ах, ой, пан, түу, аре, гүрс, борт, жылт, лап, кумп, шыж т.б. дегенде біз ешқандай мағына бере алмаймыз. олар тек дыбыстаушының қандай да бір сыртқы қоршаған ортаға әсерлену арқылы, сонай-ақ табиғаттағы дыбыстарға еліктеуге, бейнелердің қимыл-қозғалысын, қалпын т.б. күйлерін бейнелеуде іштен ерекше бір әсермен шыққан дыбыстар екендігін білеміз. Ал енді бұның ойы бітпейді; алыстан жарылған бомбаның гүрсілі естілді; біраз жүрген соң, ауыл оттарының жылтылы көрінді деп заттандырсақ, бірінші мысалда ерінгендікті (ойы), екінші және үшінші мысалдарда дауыстың, жарықтың атын білдіріп тұр. Немесе осыларға деді, етті көмекші етістігін тіркесек. белгілі бір процестің болғандағын, яғни адамның бір жерінің ауырғанда немесе т.б. жағдаяттар себеп болғанда айғайлағанын (ой деді), бір ауыр заттың жерге қатты құлағанын (гүрс етті), бір жарықтың немесе бейненің көзге көрінгенін, елестегенін т.б. (жалт етті) ұғына аламыз. Осы сияқты еліктеуіш негіздерге сөз тудыратын жұрнақтар жалғасақ та, жоғарыдағыдай нәтижеге ие болуға мүмкіндік аламыз. Осы жерде айта кететін бір нәрсе бар, одағай мен дыбыс еліктеуіш сөздердің бейнелеуіш сөздергеқарағанда сәл де болса лексикалық мағынасы болады. Мәселен одағай, дыбыс еліктеуіш сөздерді басқа тілге аудара аламыз, яғни оларды туыс емес өзге тілдерде баламалар кездеседі. Ал бейнелеуіш сөздерді басқа тілге аударғанда олардың негізінен тек түсіндіріп қана бере аламыз. Одағайлар мен дыбыс еліктеуіш сөздердің бейнелеуіш сөздерге қарағанда сәл де болса лексикалық мағынасының басым болу тарихи тұрғыдан алғанда олардың қазіргідей емес ертеректе толыққанда мағынасы болған деген ойға жетелейді, бірақ қазіргі кезде олардың мағыналары солғындап, басқа сөздермен тіркесу арқылы ғана айқындалады. Олардың көпшілік бөлігі жеке тұрғанда ешқандай ұғым бере алмайды.

         2) Эмоция арқылы шыққан сөздер сөз топтастыруда грамматикалық принципке толықтай жауап бере алмайды. Аталмыш сөздер тобы өздігінен жеке тұрып (түбір күйінде) белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды, яғни атауыш сөз топтарының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу секілді атауыш топтарына сұрақ қойған сияқты, оларға сұрақ қоямыз. Тек етістіктермен тіркесіп келіп қайтті? қалай? кейде зат есімдермен тіркесіп қандай деген сұрақтарға жауап береді. Сондай - ақ бұл сөздер тобы түбір күйінде дара түленеді де, қосарланған түбірлеріне де грамматикалық категориялар туғызатын қосымшалар жалғай алады. Бұл сөздер тобы тек субстантивтеніп (заттанып) барып қана жіктеледі, көптеледі, септеледі, тәуелдененді. Және де етістік тудырушы жұрнақтар жалғап, етістіктеніп барып қана грамматикалық тұрғыдан түрлене алады. Мысалы, ертегідегі "тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек" дегендегі тоңқылдақ, шіңкілдек сөздері сөз тудыратын қосымшалар жалғау арқылы өзінің еліктеуіштік қасиеттерінен айырылып заттанып тұр. Осы мысалдағы "тоңқылдақ" атауын тоңқылдақпын, тоңқылдақтар, тоңылдақты деп жіктеуге, көптеуге, септеуге, тәуелдеуге болады. Одағайлар да осы сияқты. Ал осы сөздерді тоңқ деп түбір күйінде тоңқпын, тоңқтар, тоңқты, тоңқым деп түрлендіре алмаймыз. Көмекші сөздерде ондай қасиет жоқ. Ол мүлдем түрленбейді.

         3) Сөз таптастырудың синтаксистік принципі эмоция арқылы шыққан сөздерді таптастыруда негізі бола алмайды. Оны одағай, еліктеуіштер туралы еңбек жазған ғалымдар нақты мысалдармен дәлелдеп берген. Сондақтан бұл мәселеге тоқталуды жөн көрдік.

         Сонымен, бұл келтірілген үш негіз (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік) тілдегі эмоция арқылы шыққан сөздерді атауыш сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайтынын айқын аңғаруға болады. Сонда оларды  қандай сөз  табына жатқызамыз? Тіл білімінің тарихына жүгінсек, А.Байтұрсынұлы бұл топтағы сөздерді кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады деп оларға қазіргі еліктеу сөздері мен одағай сөздерін жатқызып одағай деген атау беріп, жеке топ ретінде қарайды [27,196]. Автор бұл жерде "одағай" сөзін, дәлірек айтсақ, терминін "жеке", "дара" мағынасында қолданған. Қазір жалпы лексикалық қорда бұл сөз аталмыш мағынада пассив қолданылғанымен, бір кездері олар актив қолданысқа ие болғанын автордың замандасы Б.Майлиннің шығармасынан байқауға болады: Дабырласып сөйлескен күйлерімен бізге төніп келді ме, бір келіншек:

         -Ибәйі, көтек, мал десек адам екен ғой,-деді.

         Одағайланып шеттей бастады (Б.Майлин).

         Одағай сөзін о одағаймен байланыстыратын да пікірлер бар. Ш.Ш.Сарыбаев бұл терминнің этимологиясын біз былай түсінеміз дейді: ол этимологиялық тұрғыдан о - деген - ай деген үш құрама бөліктен тұрады, оларды "о" - одағай, "деген" - етістіктің деу сөзінің есімше тұлғасы, ал "ай" - одағайдан пайда болған эмоционалды-экспрессивті шылау [49,22]. Сондай-ақ, автор "одағай" терминін бұл тұрғыдан қарау түркімен "умлук", татар "ымлық", башқұр "ымлық", ұйғыр "имлик", өзбек "ундов", қарақалпақ "танглак" (таңқалу), қырғыз "сырдық", әзірбайжан "нида" тілдерінде де бар құбылыс деп көрсетеді. Бұл жерде келтірілген екі пікір де көңілге қонымды.А.Байтұрсынұлы одағай сөздерін (елітеуді де) ешқандай да сөздер тобына (атаушыға да, шылауға да) жатпайтын бөлек, оңаша, одағай топтағы сөздер ретінде қарайды. Ал кейінгі авторлар А.Ысқақов, Ш.Ш.Сарыбаев, Б.Ш.Кетембаева, С.Ы.Ыбыраев "одағай" сөзін жоғарыда келтірілгенекінші мағынада түсініп, еліктеуіш сөздерді одағай (жеке) сөздерінен бөліп алуға тырысқанын жоғарыда айтып кеттік. Десек те, шамалауымызша, жеке мәндегі "одағай" да, таңғалу арқылы шыққан "одағай" да түбірлес сөздер. Егер адам баратын жерінің қашық екенін білсе о деп, ренішін білдіреді. Сонымен бірге қашықтықты білдіретін айдала деген де күрделі сөз бар, яғни "алыс, жарық, шет" деген мағынаны білдіреді. Он томдық түсіндірме сөздікте етістік тудыратын -ла формасымен келген одағай сөзін өз алдына жеке дараланып бөліктену, бөліну, шеттеу, оқшаулану деп түсіндіреді. Қазіргі тілде "одақ" (бірігіп бөліп шығу, бөліну, жеке мемлекет болу) деген де сөз бар. Бұлардың барлығының түбірі о/ай  алғашқы дыбысы немесе дыбыстық шоғыр - "алыс, жарық, шет, жеке" мағынасындағы одағай сөзінен шыққан. Бұл одағай сөзі жоғарыда "жеке" деген мағынадағы "одақ" сөзінен эмотив-экспрессив - ай шылауы жалғанған сөзінен шығарамыз. Түбірдегі соңғы қ қатаң дауыссызы қазақ тілінің үндестік заңы бойынша а дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғану себепті регрессивті ассимиляцияға ұшыраған. Қазір "одағай" сөзі адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін, біреуге бұйрық беретін, ишара білдіретін т.б. сөздер тобын білдіретіндіктен, А.Байтұрсынұлының жеке, оңаша мәтінде қолдана алмаймыз. Сол себепті эмоция арқылы шыққан сөздер тобын (одағай, елітеуіш сөздер) эмоционалды сөздер деген топқа топтауды жөн көреміз. Сонда сөз топтастыруда  толық мағыналы грамматикалық жағынан түрлене алатын сөздерді атауыш сөздер (номинатив) тобына, лексикалық мағынасы солғындау тек заттанып не етістіктеніп барып қана грамматикалық тұрғыдан түрлене алатын сөздерді эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер тобына, лексикалық мағынасы мүлдем жоқ, грамматикалық тұрғыдан түрлене алмайтын сөздерді көмекші сөздер тобына топтаған болар едік.

         Ал пайда болуына қарай уәжсіз сөздер тобына атаушы, көмекші сөздерді, уәжді сөздер тобына эмотив-экспрессив сөздерді жатқызуға болады. Эмоционалды (экспрессив-эмотив) топтағы сөздерді одағай, еліктеу деп, одағайларды дәстүрлі түрде 1) көңіл-күй одағайлары (пан-пан, қап, пай-пай т.б.), 2) императивтік ишара одағайлары (тәйт, шөре-шөре т.б.) деп жіктеуге болады. Ал еліктеуіштерді дәстүрден тыс басқаша жіктеу керек. Себебі қазіргі жіктеуімізде еліктеуіш сөздер толықтай қамтылмайды. Қазіргі зеттеулерде еліктеуіш сөздерді семантикалық мағынасы жағынан табиғаттағы әр түрлі дыбыстарға еліктеу, құбылыстарды бейнелеуіш сөздер деп екіге бөлуге болады. Кейбір ғылыми еңбектерде жоғарыдағы екі топқа қосымша екі жарыққа байланысты сөздер деп үш топты көрсетіп жүр. Еліктеуіштерді былай жарыққа байланысты үшінші топ ретінде жеке алып қарау, біздң ойымызша, орынсыз. Себебі қоршаған ортадағы жарықты да, қимыл-қозғалыстарды да, қалыпты да адам көз арқылы қабылдайды. Сол себептен олар көз арқылы қабылданатын бейнелеуіш іш сөздер тобында қаралу керек. Еліктеуіш сөздер адамның сырттағы ақпаратты қабылдауында барлық қабылдау мүшелерінің (психологиялық түрде түйсік) қатысу себепті оларды топтастыруда адамның қабылдау мүшелерінің барлығы қатысты. Сол себептен де жоғарыдағыдай топтау еліктеуіш сөздерді толықтай қамти алмайды деп санаймыз. Олар тек адамның көз, құлақ арқылы  ғана қабылданған құбылыстарын ғана қамтиды. Бұлай топтау адам сезімі арқылы қабылданып, бейнеленген сөздер (мысалы, мүңк, ащ, dip т.б.) еліктеуіштердің шеңберінен шығып қалады. Сондықтан қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерді эмоцияның әсері жоғары болғандықтан ең алдымен айтылуына қарай ілездік, жай деп, содан кейін іштей мағанасына қарай 1)дыбыс еліктеуіш (топ, ыр, т.б.); 2) бейне бейнелеуіш (жыбыр, жалт т.б.); 3) иіс бейнелеуіш (мүңк, ақ т.б.); 4) дене бейнелеуіш (дір, шым т.б.) деп төрт топқа бөлуге болады.

         Тіліміздегі дәм арқылы бейнеленетін еліктеуіш сөздерді кездестіре алмадық. Олардың дені атауыш сөздердің тобына өтіп кеткенге ұқсайды. Атауыш сөздер тобындағы ащы, тәтті сөздері осы дәм арқылы қабылданған бейнелеуіш сөздер болса керек деп шамалаймыз.

         Байқағанымыздай, иіс арқылы қабылданған бейнелеуіш сөздер де қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайды. Тек етістік күйінде ғана қолданысқа ие бола алады. Олар қазір атауыш сөзге өту үрдісінде де шамалаймыз. Екіншіден, дыбыс еліктеуіштерді жанды/жансыздығына қарай жанды, жансыз деп, дене бейнелеуіштері ішкі, сыртқы деп шағын топтарға жіктейміз.

 

         2.3 Туынды эмоционалды сөздер

         Тіліміздегі туында эмоционалды сөздерді грамматикалық тұрғыдан үш үлкен топқа бөліп қарастыруымыз болады: 1) синтетикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер; 2) аналитикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер; 3) лексика-семантикалық жолмае эмоционалды мәнге ие болған сөздер. Бұл жерде үш топқа байланыты сөздерді жұмысымыздың  бірінші тарауында қарастырғанбыз.

         а) Синтетикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер.

         Қазақ тілінде, сондай-ақ, қосымша тілдерде бұл тәсіл арқылы жасалған сөздер тілдік қорды байытып отырады. Сол себептен қазақ тілінде де басқа да түркі тілдеріндегі сияқты синтетикалық тәсіл сөз жасауда айтарлықтай үлкен қызмет атқаратыны бәрімізге аян.

         Лексикалық мағыналы сөздер;

         "Сөзжасамдық жұрнақтар"[30,203].

         Қазақ тіліндегі аталмыш тәсіл арқылы эмоционалды сөз жасау осы заңдылықтарға толықтай жауап бере алады. Мысалы, жылтыра, дәусі батыреке, әкежан, жемқор, құлынымда т.б. секілді сөздердің бірінші бөлігі, яғни түбір морфемалары (жылтыр, дәу, батыр, әке, құлыным, жем) толықтай мағыналы сөздер, ал екінші бөлігі, яғни көмекші морфемалары -а, -сі (етістік тудыратын жұрнақтар), -еке, -жан (сөз түрлендіруші, реңк тудырушы жұрнақ), -ым, (тәуелдік жалғауы), -қор (аффиксоид қосымша). Берілген мысалдардан бір қатар жұрнақтар сөздің лексикалық мағынасын өзгертсе, енді бір жұрнақтар лексикалық мағынаны өзгертпей, негізі сөздің мағынасын түрлендіріп тұрғанын байқауға болады. Сол себептен де бұл айғақ синтетикалық тәсіл арқылы жасалған эмоционалды сөдерді төртке бөліп қарауға негіз болады: сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған эмоционалды сөздер; сөзге реңк мәнін үстейтін жұрнақтар арқылы жасалған эмоционалды сөздер; аффиксоид қосымша арқылы жасалған эмоционалды сөздер, меншік тұлғасы арқылы жасалған эмоционалды сөздер.

         Қазақ тіл білімінде аффикстерді эмоционалды сөздердің негізінде зерттеу аталмыш сөздердің семантикасына арналған кейбір еңбектерде және қосымшалар жайлы айтылғанда сөз болғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналған емес. Ал орыс тіл білімінде бұл мәселе ертеден-ақ сөз болып келеді.Тілдегі қосымшалардың жұмсалымдық қызметінің мүмкіндігін зерттеу тілдегі күңгірт болып келе жатқан көтеген мәселелердің шешімін табатын проф. м.Балақаев атап көрсеткен болатын: " ... тіпті бір форманың өзі толып жатқан қызмет атқарып, бірнеше мағынаға ие болады. Ол ең керекті, ең қызықты зерттеу объектісі болғанымен, қазақ тілі мамандары оған бөлмей келеді. Егер бір әрбір жеке қосымшаны ... бақайшағына шейін шығып тексерсек, олардың өзіне тән толып жатқан өзгешелітері анықталып, заңдылық мөлшері айқындалар еді де, оларға қатысы бар басқа тіл фактілерінің де беті ашылар еді" [50,9]. Шынында да, еркелету, кішірейту, сыйлау мәнін білдіретін жұрнақтар әлі күнге дейін дау туғызып жүр. Ғалымдардың бір тобы оларды сөзжасамға жатқызса, бір топ ғалымдароларды сөз түрлендіруші деп дәлелдейді [30.190]. Сол сияқты кейінгі қоғалған кандидаттық диссертацияларда тәуелдік, көптік жалғауларын жұрнақ деп санау керек деген де ұсыныстар айтып жүр [51].

         Тілдегі барлық сөз тудырушы жұрнақтарэмоционалды мәнге ие бола бермейді. Және олардың сөз табында жасалу деңгейі де әртүрлі. Солардың сан жағынан ең көбі - етістік тудыратын жұрнақтар. Оның себебін етістік тудырушы жұрнақтар эмоция арқылы шыққан сөзге жалғанып жаңа сөз тудыра алуын түсіндіреміз. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі грамматикасында сөзді түбір мен қосымшаға жіктеуде шатастырулар әсіресе, еліктеуіш негізі етістіктерді бөлуде орын алған. Мысалы, -ай/-ей қосымшалы де оларға қақ-қақақ, -қоқ/- қоқай, тыр - тырай ... [30,234] т.б. сөздер қатарын жатқызуға болады. Тілдегі осындай шешуін таппай келе жатқан қосымшалардың, яғни сөз тудыру арқылы оған лексикалық мағына үстейтін жұрнақтардың,  сонымен бірге аффикксойд қосымшалардың, тәуелдік жалғауының кейбірі шылаулардың да осындай қасиетке ие болу, сөз тудырушы жұрнақтардың түбір мен қосымшаға бөлуде шатастыруларды түзеу т.б. болып жатқан осы секілді мәселелер эмоционалды сөздердің морфологиялық тұрғыдан, нақтырақ айтсақ, түбір мен қосымшаға бөле отырып зерттеуде біржақты шешімге келеді деп ойлаймыз.

         Қазіргі қазақ тіліндегі түбірге кірігіп кеткен кейбір жалғаулар, атап айтқанда, өзге, басқа, шалқасынан, етпетінен, бірге сияқты үстеуге көшкен сөздер осындай зеттеудің арқасында анықталмағанын ғылыми еңбектерден байқауға болады. Яғни бұндай жалғаулар бүгінде өздерінің сөйлемде сөз бен сөзді байланыстырушы қызметінен айырылып, сөзжасамдық қызметке көшкен. Сол себептен де осы мәселені еңбегімізде арнай зерттеу нысанына айналдырып отырмыз. Қазақ тілінде аффикстер арқылы эмоционалды мәнге ие болған сөздерді саралай келе, олар бірнеше қосымшалардың бойынан байқалатынан анықтадық. Олар 1) сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, 2) сөзге реңк мәнін үстеуші морфемалар арқылы, 3) аффиксойд қосымшалар арқылы, 4) меншіктеу тұлғасы арқылы, 5) шылаулар арқылы сөзге эмоционалды мән береді. Осының негізінде аффикстер арқылы эмоционалды мәнге ие болған сөздерді сөз тудырушы морфемалар арқылы, сөзге реңк мәнін үстейтін морфемалар арқылы, аффиксойд морфемалар арқылы, меншіктеу тұлғасы арқылы, кейбір шылаулар арқылы деп бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

         Сөз тудырушы морфемалар арқылы эмоционалды мәнге ие болған сөздер

         Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы әр сөз табынан жасалған эмоционалды сөздердің жасалуында өздеріне тән заңдылықтары бар. Тілде барлық сөз тудырушы жұрнақтар эмоционалды мән тудыруға ие бола бермейді. Және олардың сөз табында жасалу деңгейі әр түрлі. Солардың сан жағынан көбі де, негізгісі де - етістік тудырушы жұрнақтар. Оның себебін етістік тудырушы жұрнақтар эмоция арқылы шыққан сөзге жалғанып жаңа сөз тудыра алу мүмкіндігімен түсіндіреміз. Етістіктен жасалған эмоционалды сөздер қазір тілде бейнелеуіш негізді не болмаса, бейнелеуіш негізге ауысқан дыбыс еліктеуіш сөздер арқылы жасалады. Оларда эмоционалды сөз тудыруда қосымша немесе түбір негіз болады. Сол себептен еліктеуіш сөздердің түбіріне тоқталмай кету мүмкін емес. Аталмыш жолмен жасалған эмоционалды етістіктер екі жолмен дамиды. Бірі еліктеуіш сөздерден етістік жасауда форматтарды қажет етсе, енді бірі оларды қажет етпей, түбірге тікелей жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші топқа сипаңда, қайқаңда, делбеңде, салпақта, сүмеңде, құнжыңда тақылда, мөңіре т.б. жатса, екінші топқа қайқай, сөлпи, шұңтый, мөлти торси т.б. сияқты сөздер қатар жатады.

         Бірінші топқа  жататын етістіктердің даму жолындағы морфологиялық құрылымын екіге бөліп, етістік жасалуында -ЫР, -ІР- форматтарына -а / -е; -ла / -ле сөз тудырушы аффикстері жалғану арқылы және сөзжасамда кейде осы форматтарды, сондай-ақ  -АЛ-, -ЕЛ- қажет етіп, немесе тікелей -АҢ-, -ЕҢ-, -ЫҢ-/-ІҢ-, -ЫЛ-/-ІЛ-, -АҚ-/-ЕК-, -ЫҚ-, -ЕМ- форматтарына -да/-де, -та/-те секілді етістік жасалу жұрнақтары арқылы жасалған деп қарастырамыз. Алдыңғыларға мынадай бейнелеуіш етістікті эмоционалды сөздерді жатқызуға болады: аңыра, балбыра, божыра, бұлбыра, былжыра, жарқыры, елжіре, қалтыра, қолбыра, маужыра, салбыра, сөлбіре, тентіре, жыбырла т.б. Соңғыларға: собалаңда, сидиқта, сидаңда, шидеңде, жылтылда, кикіңде, елшілде, білемде т.б. сияқты сөздерді жатқызамыз. Осындағы -ЫР-, -ІР-, -АЛ-, -ЕЛ-, -АҢ-/-ЕҢ-, -ЫҢ-/-ІҢ-, -ЫЛ-/-ІЛ-, -АҚ-/-ЕК-, -ЫҚ-, -ЫМ- секілді көрсеткіштерді формант ретінде қарайтынымызды жоғарыда айтқан едік. Енді осылардың қалыптасу жолында тоқталар болсақ, еліктеуіш сөздердің дамуына екінші дәрежелі грамматикалық көрсеткіш ретінде қолданылатын -ЫР-, -ІР-, -АЛ-, -ЕЛ- форматтарының алар орны ерекше.

         Н.А.Баскаков еліктеуіш түбірлерге жалғанғандай бұндай форматтар (-ыр-, -ир-,-ыл-, -іл-) еліктеуіш сөздердің атауыш сөздерге айналдыруына негіз болады дейді. Және де бұл форматтар кез келген еліктеуіш сөздерге жалғана бермей, оларды таңдап жалғанатынын айта келе, бір түбірлер -ыл-/-іл-, ал бір топ түбірлер -ыр-/-ир- аффикстері қабылдануға бейім болады дейді. Еліктеуіш сөздердің табиғатында осындай -ЫР-,-ІР- секілді форматтар белгілі бір топ көлемінде ғана жалғанады. Олар етістік жасауда кейде ІІІ дәрежелі форматтар қажет етсе, кейде қажет етпей тікелей етістік тудыратын жұрнақтарды жалғай береді. Сондай-ақ бұлар осы үрдісті ешқандай да модификаторларды қажет етпейді, яғни тікелей ілкі түбірге жалғанады. -ал-, -ел- сөз жасалу үрдісінде рет қатарын (ілкі түбір + модификатор + -ал-, -ел- +ІІІ дәрежелі грамматикалық көрсеткіш + ІV дәрежелі грамматикалық көрсеткіш) сақтай отырып дамиды.

         Түркітануда бұл форматтарды (-ыр-, -ір-) -ра деп қарап, етістік тудыратын аффикстер немесе тарихи қалыптасуында -ыр-, -ір- деп оларды ир- көмекші етістік ретінде қалыптасқан дейтін екі түрлі көзқаркас бар.

         Б.М.Юнусалиев -ыр- форматтарын жалғыз дыбыстан тұратын -р деп қарап, жарқ негізгі -р ерекшелеуішімен (отличитель) жеке қолданылмайды, сол себептен де мағыналы мофемасын жарқыра дегендегі -ра болуы мүмкін деп түсіндіреді. Бірақ та тарихи тұрғыдар талдағанда шындыққа жанасымды болып, жарқыр +-а > жарқыра табылатынын айтады  [36,182].

         Б.А.Серебренников туркологиялық әдебиеттерде -ylda,  -yrda түркі тілінде кең таралмаған -1а сөз тудырушы аффиксінің фонетикалық бір түрі ретінде түсіндірілетінін сөз ете келе, мұндай еңбектерде бірінші құрылымды элемент -уг- мүлдем бөлінбейтіндіктен, оны еліктеуіш сөздердің құрамына жатқызады.  Жеке аффикс ретінде кей кездері -ylda айқындалады деп, өзі де  -ylda,  -yrda- аффикстерінің -lа-, -га- аффикстерімен генетикалық жақындығы бар екенін ескерте келе, оларды осы аффикстердің бір түрі ретінде қарастырады. Сондай-ақ, -ар (варианттары -ра-, -уг-) аффиксінде қимылдың дүркінділігін беретін жанама дәлелдемелері бар. Ол қимылдың дүркінділігін беретін -stir- аффиксінің бір компоненті болып табылады. Түркі тілдерінде қимылдың дүркінділігін беретін -уг- аффиксі осы шақтың көрсеткіші ретінде қолданылған.

         Сонымен бірге татар тілінде еліктеуіш етістік тудыратын -yyr-, -qyr- аффиксінің бар болуы назар аударады. Осы кезде дүркінділік аффиксі -уг- басқа көне дүркінділік аффиксі -q  мен бірге қолданылып жүр [52,5-6]  дейді. Бұл жерден  байқайтынымыз, жоғарыдағы ғалымдар -ыр- форманты бірде етістік тудыратын аффикстердің құрамында, бірде олардың құрамын -қыр деп қарастырса да, тарихи тұрғыдан бұл форманттардың -ыр- екенін мойындайды.

         Әзірбайжан тілінің деректері бойынша Э.В.Севортян да осындай ұқсас көзқарасты береді. Ғалым: "әзірбайжан және басқа да оңтүстік батыс тілдерінің тобында, етістік формасы -да емес, -ылда немесе -ырда деп, бірақ -ыр-//-ыл- грамматикалық  көрсеткіштерін модификатор деп бөліп, олар еліктеуіш түбірлерге созылыңқылық мағынасын үстейді" [53,195-199] деп, олардың бойында дыбыс немесе бейненің бейнеленуінде процестің ұзақ уақыт болғандығын білдіретін қасиет бар екенін айтады. Біздіңше, бұл форманттың шығуы "мағыналы сөздің тарихи дамуына модификаторға айналуы" теориясына сәйкес, қазіргі тіліміздегі негізгі немесе көмекші етістікпен байланысты деп ойлаймыз.

         М.Худайкулиев: "еліктеуіш сөздерден етістік тудыратын өнімсіз аффикстер қатарына -ыр, -ир, -ур, -гыр, -гур, -гүр жатқызады. Еліктеуіш түбірлерге және өте сирек бейнелеуіш сөздерге жалғанған бұл аффикстер негізінен, сол немесе басқа дыбыстар тұғызатын мағынадағы түрленбейтін етістіктер жасайды" [54,99] дейді.

         А.М.Щербак кейбір түркі тілдерінде ur- көмекші етістік есебінде, сыртқы себептерге байланысты қолданылады [55,10] деген  ur- етістігінің көмекші етістік екендігі туралы көзқарас білдіреді. Қазіргі тілімізде мұндай форманттармен келетін жарқыра, жалтыра, жылтыра, қалтыра, мөлдіре, мөңіре, тәлтіректе т.б. эмоционалды сөздері кездеседі. Біз бұндағы -ЫР-, -ІР- формонттарын М.Худайкулиевтің түркімен тіліндегі уг- - "ұру", "соғу" дегендегі сөзімен байланыстыра қараймыз. Олар - аналитикалық жолмен пайда болған жұрнақтар. Сонай-ақ, бұл форманттардың тіл тарихында ІІ дәрежелі грамматикалық көрсеткіш сияқты есім тудыратын да омонимдес аффикстердің де вариаттары бар.

         -АҢ-/-ЕҢ, -ЫҢ-/-ІҢ, -ЫЛ-/-ІЛ-, -АҚ-/-ЕК-, -ЫҚ-, -ЕМ- ІІІ дәрежелі грамматикалық форманттары.

         С.Құдайбергенов: "-ң -мен келген етістіктер жай және күрделі болады, бұл етістіктердің арасында ешқандай да айырмашылық жоқ, олардың екеуі де бейнелейтін заттың жылжымалылығында дүркінділік мағынасын береді. Сол себептен де -ң негізі  де еліктеуіш етістіктердің жылжымалық формасы ретінде қаралатынын, және де -ң мен -к -ның бір мағына беретінін айтады. -ыл формант туралы ол негізінен аффикс қатарына өтіп -ылда түрінде -ла аффиксінің бір элементі ретінде қолданылады" [56,17-21] дейді. Біздіңше бұл форманттар тілде ешқандай да етістік тудыратынаффикстердің қрамында емес, жеке еліктеуіш сөздерден есім тудыратын көне аффикс ретінде қолданылған.

         Сын есім тудыратын -қ, -ық-//-ік қосымшасы. Бұлар эмоционалды сын есім тудыруда негізінен еліктеуіш негізді етістікке жалғанады. Мысалы, бажылдауық, қорсылдақ, дызылдақ т.б.: Осы ойлармен мен та ата бөлмемнің шамын өшіріп, бажылдауық төсегіме барып қисайдым (Ә.Нұршайықов, Махаббат). Жә-жә, бері кел - деп қолынан тартып, бауырына басты да, осы тым дызылдақсың, оны қой! (Ж.Молдағалиев, Торғай толғауы.). Бұл мысалдар да аталмыш жұрнақ етістіктердің сапасын беріп тұр. Бірінші сөйлемде жай төсек емес, оның баж-баж ететін "бажылдақ төсек" екенін, екінші мысалда сөз болып отырған нәрсенің тым мазасыз "дызылдақ" екенін білдіріп, туынды сөзге эмоционалды бояу үстеп тұр. Сондай-ақ бұлардың басқа жұрнақтардан бір ерекшелігі олар мәтінде метефораланып қолданылады.

         Эмоционалды сын есім тудыратын -ай//-ей қосымшалары еліктеуіш негізді зат есімдерге жалтанып барып сын есім тудырады. Сонымен бірге бұлар да осыдан бұрын жоғарыда сөз болған -қ, -ық//-ік жұрнақтарындай мәтінде метафорланып қолдануға бейім болады. Мысалы, ербекей, жалбақай, ыржақай т.б.: Әкесіндей ар-намыстан, адамның абзал қасиетінен жұрдай, жағымпаз, жалбақай болып өссеші (Б.Аманшин, Жар мұңы). Кей кезде әйелі "қойсаңшы, не деген, орынсыз ыржақай бұл" деп тастайды (Д.Исабеков, Қара шаңырақ). Бұл жерде жалбақай сөзі жарамсақ сөзінің орнына қолданылып тұрса, ыржақай сөзі адам бойындағы ойсыз ыржаң қағып жүретін қасиетін көрсетіп тұр.

         Сөзге реңк мәнін тудыратын морфемалар арқылы эмоционалды мәнге ие болатын сөздер.

         Сөзжасам жұрнақтарыныңбір тобы әртүрлі сөздерге түрлі реңк тудыратын жұрнақтардан тұрады. Оны тіл білімінде сөз түрлендіруші, реңк тудырушы жұрнақтар деп атайды. Бұл жұрнақтар адамдардың бір-біріне түрлі қарым-қатынас кезінде сан-алуан мәнде көңіл-күйін, ризи болғандығын, үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіруін, кішіге ізет, еркелету сезімін білдіруін және жақсы көру, сонай-ақ жек көруді білдіруде қолданылады. Олар түбір, туынды түбір сөздерге жалғанып, сөз тудырушы жұнақтардай жаңа сөз жасамай түбір сөздің лексикалық мағынасын әр түрлі реңкке құбылтады. Олар сөз табында негізінен зат есімдерде кездеседі.

         Қазіргі қазақ тілі грамматикалырында зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мәнін үстейтін 24 жұрнақ бар екендігі көрсетіліп жүр. Олар: -еке, -қа//-ке; -й; -тай; -жан; -қан; -ақан; -қай//-кей; -шақ//-шек; -шық//-шік; -ша// -ше, -ш; -сымақ; -шығаш//-шегіш; -жын//-жін; -ес; -қа; -ат; -қан; -қал; -пат; -пан; -анақ; -қалақ; -ақай; -ек; -бай [30,321]. Ғ.Ғ.Мұсабаев: "қазақ тілінде қандай да бір затқа немесе құбылысқа эмоционалды қатысты білдіру үшін арнайы форманттар қабылданады" [14,134] десе, А.Ысқақов "лексикалық мазмұны жағынан жаңа сөз тудырмай, сөздерге әрқилы эмоция әсер, экспрессивті реңк үстейтіндей қосымша семантикалық мағыналар ғана жамайтын жұрнақтар бар. Олар зат есімнің ішкі категориялық формалары, демек, зат есімнің реңк тудыратын жұрнақтары делініп танылуға тиіс" [29,165] дейді. Ш.Ы.Нұрғожина бұндай жұрнақтарға келесідей жұрнақтарды жатқызады: -еке (-қа, -ке), -й, -тай, -жан, -қай, -шақ (шек), -шық (шік), -ша (-ше), -ш, -сымақ, -шығай (-шігіш), -екеш және т.б. Біз осының дәлелі ретінде мынадай жұрнақтар қатарын бере аламы: -еке, -қа//-ке; -й; -тай//-тей; -ш; -сымақ; -жан; -қан; -ша//-ше; -бай; -ее; -шані (күншәні).

         Ф.М.Мұсабекова: "бұндай эмоциялық реңкке ие болатын жұрнақтарды, біріншіден, сыйлау, құрметтеу мағынасын береді (Жұмеке, Секе, апай, ағай), екіншіден, еркелету мағынасын береді (Қайратжан, Мерекетай, бөпеш), үшіншіден, қомсыну, кекету мағынасында жұмсалады (жатақхана-сымақ, келін-сымақ, бала-сымақ)" [57,.53-54] деп, үш топқа бөліп көрсетеді. Бұл мәтінге жұрнақтар жоғарыда берілген үш топтың шеңберіне сыймайтын болғандықтан өзімізше бес топқа бөліп көрсетеміз. Бірақ аталмыш жұрнақтарды шартты түрде ғана топтай аламыз. Себебі, олар сөзге жалғанғанда негізгі мағынамен бірге бірнеше мағынаны қатар үстейді. 1. Сыйлау, құрметтеу мағынасын білдіретін жұрнақтар. Оларға -еке, -қа, -ке, - й жұрнақтарын жатқызамыз. Мысалы: -Иә, алшынның ақсақалы, сіздерге атамекен біржолата жер белгілеп беріпті ғой (С.Бегалин. Бала Шоқан). Батырекесі, ондай бекініс бізге әлі кезескен жоқ қой? -деді Жәуке (Ш.Хусайын. Таныс адам.). Бір күні аңнан кештетіп келе жатқан Омар атай дәл аяғының астында ұша жөнелген жылқышының байқамай қалды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Бірінші қатардағы жұрнақтар есімдерге жалғанып эмоционалды мән береді. Бұл жұрнақтың қазіргі тілде -ақ, -а, -е, -ш, -тай секілді мағыналас варианттар бар. Бірақ бұлардың кейбіреулеріқазір жалғанған сөздеріне ешқандай да эмоциялық мән туғызбайды. Ертеректебұлар белгілі бір адам атарын еркелету мақсатында қолданылғаны сөзсіз. Қазіргі тілде  бұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Садуақас-Сәкен, Қанапия-Қаныш, Жәмылә - Жәміш, Қожахмет-Қожаш т.б. Бұл берілген жалқы есім сөздерінің екінші сыңырларының -кен, -ш, -іш секілді қосымшалары еркелетумен бірге кішірейту мәнді қосымшалар болған деп жорамалдаймыз. Себебі бұлардың қазіргі тілде әлі де болса жалғанған сөзінен кішірейтушілік мағына үстейтін қызметке сақталған. Мысалы, олар қазіргі тілде кісі аттарын қысқартуда кеңінен қолданылады. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойынша бала атын қысқартумен бірге, үлкен адамдардың атын қысқартып,  оған сый-құрмет қосу қалыптасқан. Бл жұрнақтар кісі аттарына жалғанғанда, кісі аттарының бір немесе бірнеше буыны қысқарып қалады. осы жұрнақтар қазақ тілінде көне заманнан келе жатқан сөз қысқартудың жолымен тікелей байланысты.

         Тіліміздегі -й жұрнағы -да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Бұл жұрнақтың қолданылу аясы тар, ол туыстық мәндегі  атауларға ғана жалғанады және олардың бәрінен емес, тек апа, аға, шеше, ата әке, жезде, әпке т.б. сол сияқты сөздеріне жалғанады: ағай, апай, шешей, атай, әкей, жездей, әпкей т.б. Осылардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары ағай, апай сөздері. Бұл сөздердің әлеуметтік мәні басқа тілдердегі синьор, ханым сөздерінің мәніне жақын. Олар танитын да, танымайтын, аты-жөнін білмейтін адамға да қолданыла береді [30,322]. Бірақ бұлардың көбі қазір атаушы сөздердің құрамына өтіп кеткен, яғни үстелген сөзіне эмоционалды мән бермейді.

         2.Жақсы көру, еркелету, еркелету мағынасын білдіретін жұрнақтарға -ш, -тай, -жан жұрнақтарын жатқызамыз: Қас қабағын мұнар түн, Айналайын аташым. Көріп тұрмын, бұл қалпын, әлі талай жатасың (Ә.Дүйсенбаев, Көңілді көше). Сағындым сағынғаннан қалшақ сені, Қиял мен ойдың саған ауып дені Қайғы да, қасірет те мен жүргенде. Ойға алмай жүр ме екнсің әлде мені? (С.Сейфуллин, Шығ.). Ататай-ай бұл нке сұмдық, -деді Таусоған қораққаннан Айғақты құшақтай алып (Ә.Әбішев, Заман перзенті). Солдат бермейміз деп азамат атқа мінгенде менің қарағатайым да бір тайға мініп далбаңдап шауып жүрді (ғ.Мүсірепов, Таңд.шығ.) Әкежан бауыздамашы! Жауынбай кейіп баласын шынтағымен құлатты (Б.Майлин, Таңд.). Бұл жұрнақтар да жақсы көрумен бірге жалыну, құрметтеу, еркелету сынды мағыналары бар.

         3. Еркелету әрі кішірейту мағынасындағы жұрнақтар тобына -қан, -шақ/-шек қосымшаларын жатқызамыз. Мысалы: Былдыр-былдыр үн қатқан, Балаңан-ау, балақан. Сүт пісіріп сен үшін. Дем алмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов, Алау). -Інішек, тым-тым түңіле сөйледің-ау. Құдайға шүкір біздің артымызда көп дүние қалады. Қазіргі жастардың бәрі ақылды, - деді Дархан (О.Бөкей). Аталмыш жұрнақтардың кішірейту мәнді жұрнақ екенін қазіргі тілдегі ботақан, қошақан, бұзауқан сынды сөздерден кездестіруге болады. Бұл көрініс Жамбыл ақынның мына бір өлең жолдарынан айқын байқалады: Мамыш жүнді жас лакан, Ұйықтап қырда ботақан, Алтын жылды құлыншақ, жұмып көзін бұзауқан, Сида сирақ қошақан, Төлдің бәрі ұйықтады, Ұйықта сен де балақан! (Жамбыл, Төл.жин.). Тілде малдың төлін, адамның ұрпағын кішірейту осы жұрнақ ерекше рөл атқарады. Е.М.Галкина-Федору: "орыс тіліндегі кішірейткіш-еркелеткіш қосымшаларды олардың барлығында лексика-семантикалық синонимдер болатынын (домик-маленький дом, комнатка-маленькая комната) алға тартып сөз тудырушы қабілетке ие, сол себептен де оларда не эмоция, не экспрессия жоқ" [3,124] дейді. Ф.М.Мұсабекова қазақ тіліндегі мұндай жұрнақтар әуел баста мағыналы сөздер болғанын растайды. Бертін келе олардың толық мағыналы қасиеті әлсіреген де, сөзге мағыналық жағынан әр түрлі реңк қосқан  [57,54] деп топшалайды. Ғалымның пікірі шындыққа жанасымды. Себебі ертеректе малдың жаңа туған төлін осылай атаса керек. Ол жоғарыда келтірілген Жамбыл ақынның өлеңдерінен айқын байқалады.

         4. Кішірейту әрі менсінбеу мәнді жұрнақтар болып -ша//-ше, -шық//-шік секілді жұрнақтар қолданылады: Бұрышта жаюлы тұрған атамның бөстекшесі мен көрпе жастығын бұрқ еткізіп босағаға бір-ақ соқты (Қ.Ысқақов, Менің ағам.). Әне бір бұлақшаны айтасың ба ... Тәйірі оны қойшы, суы бір қора қойға жетпейді ("Лен. жас"). Жартылай қираған кемешіктен өзге ешнәрсе қалмағандай, бұрын қаптап жүрген кемелердің бүгін бірі де жоқ (Тұлпар). Сондай-а -ішік жұрнағы тек кішірейті мағынасын ғана бере алады. Мысалы, Ауызғы бөлмеде көлеңке саялап кірген серкешкік жатыр екен (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Бұл жағынан аталмыш жұрнақ жоғарыда берілген топтарға жақындайды.

         5. Кемсіну, қомсану, менсінбеу және кемеліне келмегендік немесе белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендік мәнін білдіретін жұрнақтарға -сымақ, -шікеш, -бай, -ек, -ес қосымшаларын жатқызамыз: Келін кеше кетем депті, Белді будым бекем депті, Байсымағы бірдеме айтса, Оны келін көтермепті (Б.Майлин, Шығ.). Келген адамның арызын тыңдап, ақ-қарасын айырудың орнына бишікештер алдына келген Жекен етке пышақтарын суырғандай, жандарына қолдарын салысып мөрлерін суырысып жатты (І.Жансүгіров, Шығ.). Иіс алмас, мондабайлар ғой, жұмған аузын ашпайды (Т.Әлімқұлов, Шежіре). Жәлелдің артында қалған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (с.Жүнісов, Жапанда.). Кемпес, кел бермен. Отырсаңшы, - деді Бақан дауысын жұмсарта (М.Сүндетов, Ескексіз).

         Осы жерде біздің -сымақ, -шікеш, -бай жұрнақтары ерекше назар аударады. Олардың жартылай мағынасының сақталуы (-сымақ, -сияқты, -шікеш, -сияқты, -бай - бір нәрсенің ерекше көп екендігін білдіреді) бұлар күні кеше аффиксоид болмады ма деген ойға жетпейді. Бұл жайлы кейінірек сөз болады. Сондай-ақ олар кейде сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай сөз тудырушылық та қызмет атқарады. Мысалы, Петро көп сақтықпен бірнеше айнала жүріп, жазаңдау созылған жөнсымақ жерге жайлы қонда. (М.Әуезов, Өскен өркен.). Әжібайдың ағасынан қалған қайны, Жанғабыл би байшікеш малға сыйлы. Жалғыз қызы Жаңылды әуелде де, Беріп еді деп ойлап, орны жайлы (С.Торайғыров, Шығ.). Осы қазақбай тірлігіңді қойсаң қайтеді? - деп тастады сөз арасында (Ауызекі тіл).

         Аффиксоид морфемалар арқылы эмоционалды мәнге не болған сөздер Қ.Б.Кудеринова қазақ тіліндегі БС (біріккен сөз) жасайтын аффиксоид құрастыруыштардың қатарына, тану, құмар, жай, жанды, хана, аралық жұрнақтарын көсетеді [58,55]. Мысалы, ас+хана (үй), аң+құмар (ынтық, ынтызар, асық), халық+аралық (ара), абай+тану (тану, білу), мал+жанды (құмар, әуес) т.б. Бұлардың ішінде жалғанған сөзіне эмоционалды мән туғызатындары - құмар, -жанды қосымшалары. Қалғандарында ондай қасиет байқалмайды.

         -құмар аффиксойды. Тілде бұл тұлға арқылы жасалған кез келген сөз эмоционалды реңкке боялады. Себебі бұл сөз (құмар сөз) бір нәрсеге ынтық, ынтызарлығын, асықтығын білдіреді. Осы негіз сөзге жалғанғанда бір нәрсенің ұғымын беріп, оған адресаттың әуестілігін, үйірлігін, құмарлығын білдіреді: араққұмар, арызқұмар, дүниеқұмар, қанқұмар, мансапқұмар, нәсіпқұмар, өсекқұмар т.б. секілді сөздерді тілімізден көптеп кездестіруге болады. Бұл мысалдарда қандай да бір адамның арақ ішуге,арыз жазуға, дүние жиюға, қан ағызуға, мансапқа жетуге, нәпсіге, өсек айтуға т.б. әуестігін, үйірлігін, құиарлығын білдіріп тұр.

         Қ.Б.Кудеринова құмар дербес сөзінің аффиксоид қатарына өтуіне мынадай тілдік фокторлар себеп болғанын көсетеді: 1) батыс септік жалғауының жасырын тұруы; 2) "құмар" сөзіні сигнификаттық, яғни ұғымдық мағынасы: ол белгілі бір затты атамайды, субъектінің хал-күйінен хабардар етеді. Егер ол "ынтызарлық" ұғымын бірнеше денотатқа қатысты айтылса (арақа құмар, әнге құмар), оның танықтық бағыты күшейе түсіп, сөз жалпы мағынаға көше бастайды. Семантика  тұрғысынан сөз мағынасының кеңеюі дееніміз- сөз мағынасының идеографиялық, стилистикалық, эмоционалдылық сипатта ашатын, дәлелдейтін бірқатар диференциялық амалдың көмескеленуі; 3) құмар сөзінің өзімен мағыналас - қой, -қор жұрнақтарына қарағанда әмбебаптық қабілеті басым, - қор жұрнағы тек жағымсыз ұғымда береді де (араққор, дүниеқор, мансапқор, пайдақор, шайқор, ызақор, жемқор, жалақор, пәлеқор т.б.), -қой қосымшалы сөздер юморлық сипат беріп, өте жағымсыз әсер қалдырмайды (жеңісқой, әуесқой, арызқой, жеңісқой, сауыққой, сәнқой, даңққой, әзілқой, қалжыңқой т.б.). Ал құмар аталған екі жұрнақтың да орын ауыстыра алады: араққұмар, пайдақұмар, арызқұмар, сәнқұмар т.б. Әрі -қой, -қор жұрнақтары жалғана алмайтын сөздерге де жалғана алады: атқұмар, әзілқұмар, әнқұмар, әңгімеқұмар, баққұмар, кітақұмар, аңқұмар, сөзқұмар т.б. Бұл құбылыс құмар сөзінің бүтіндей қосымша қатарына өтіп болмағанын және дербес мағынасынан толықтай алшақтамағанын да көрсетеді  [58,57].

         -жанды аффиксоиды. Бұл жұрнақтың да реңкке ие болуын К.Б.Кудеринова талдап көрсетіп береді. "ҚТТС-те мұның мағынасын "құмар, әуес" деп берген /ҚТТС, 3 т/. Ал жанды сыңырлықұрамы сөздердің бере мағынасы басқаша. Мысалы: ақынжанды, әйелжанды, дүниежанды, ержанды, жуажанды, итжанды, қызылжанды, малжанды, балажанды. Мұндағы кейбіркомпозитарлардың ғана тірек компонентін құмар сыңырымен ауыстыруға келеді:  ақынқұмар, әйелқұмар, дүниеқұмар, жауқұмар, қызылқұмар, малқұмар, балақұмар. Синонимдес екі аффиксоидтың қатар қолданыс табу себебін біреуінде бір зат, құбылыс, жалпы нысаға деген әуес, құмарлық, соңына түсу мағынасы белең алуынан, екіншісінде, "жаны соның үстінде, жаны сонымен бірге" сияқты экспрессивті реңк сипат алуынан  деуге болады. Субъект тарапына ұнамды көқарас туғызады. Сондықтан аффиксоид қатарына өткен  - құмар  сөзімен қатар, бұл сөздің не жартылай жұрнақ дәрежесіне жетуіне негіз бар"[58,60].

         Меншіктеу морфемасы арқылы эмоционалды мәнге ие болған сөздер

         Меншіктеу морфемасы арқылы эмоционалды мәнге ие болған сөздерге тәуелдік жалғау жалғанып, эмоционалды реңк тудырған сөздерді жатқызамыз. Олардың меншіктеу тұлғасы арқылы деп алуымыз шартты. Себебі бұл тұлға арқылы жасалған эмоционалды сөздерге тәуелдік жалғауы өзінің қызметінен айырылып қалған сөздерді жатқызамыз және де тілде барлық тәуелдік жалғау осындай қасиетке ие бола бермейді, олардың сөзге жалғануында белгілі бер заңдылықтар сақтады.

         Тәуелдік жалғаудың мұндай қызметі ғылыми еңбектерде жиі сөз болады. Соның бірі "Қазақ грамматикасында": "қаратпа мәнінде қолданылатын сөздердің құрамында жиі ұшырайтын тәуелділіктің бірінші жақ жекеше түріндегі қарағым, шырағым, айым, күнім, айым деген сөздер эмоциялы-экспрессивті реңкті зат есімдер деп аталады"[30,448] десе, А.Ысқақовтың еңбегінде, тілімізде арнайы назар аударып, әдейі ілтипат қойып тыңдату мақсатымен жасы үлкен адамға құрметтеу, сыйлау, ізет көрсету, жасы кіші адамға кішірейту, еркелету райын білдіре отырып, сөйлеу дағдыларынан туып қалыптасқан кейбір грамматикалық формалар бар дей келе, осыдан бұрын сөз болып кеткен сөз түрлендіруші жұрнақтарын келтіре келіп, сонымен қатар сол жұрнақтарға қосымша дәнекерлік қызмет ететін формалар да бар. Солардың бірі-тәуелдік жалғауы.

         Тәуелдік жалғаулар өздеріне тән (жоғары айтылған) негізгі қызметтерімен қатар, қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады [59,68] деп, оларға айым, күнім, әкем, көкем, құлдығым, жарығым, сәулем, қарағым, қанатым, жаным, қалқам, шырағым, құлыным, жарығым, сәулем, қарағым, қанатым, жаным, қалқам, шырағым, құлыным, ботақаным, әкешім, көкешім, сәулешім, қарашығым,қалқағиым, құлыншағым, ботақаным деген тәрізді І жақ формаларындағы сөздерді келтіреді. Ал қазақ тіліндегі зат есім стилистикасын жазған Ф.М.Мұсабекова: тәуелдік жалғауының барлық үш жағындағы сөздерді қолдануда да стильдік мақсат көзделшеде деп, қазақ поэзиясында, әсіресе адам портретін жасауда тәуелдіктің І жағын пайдалану стилі көзе түсетінін сөз ете келе, Махамбет ақынның өлеңіндегі Исатай бейнесін суреттеген жерін өте ұтымды талдап көрсетеді:

 

Құлындай ащы дауыстым,

Құлжатай айбар мінездім,

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым, Теңіздей

терең ақылдым!-

 

         ... осындағы (і жақтағы тәуелдікжалғаулы сөздермен берілген түрінде), ең алдымен, поэтикалық образға ақынның сезімін (қатысады) көрінеді, яғни Исатай батырдың образы ең қымбат, ең жақын, ең аяулы екендігі білінеді, екіншіден,образ жасап тұрған осы сөздерге ой екпіні де түсіріледі. Мұнда ілік септіктегі  иеленушіні білдіретін сөз менің айтылмаған, айтқан ой қызығы- иеленуші мен соған меншікті заттың білдіруде емес, батырдың құлындай ащы дауысты, құлжадай айыр мүйізді ... деген портретінде, соны білдіру. Сондақтан мұндай ситуацияда стилистикалық тұрғыдан ілік септігінде сөздің келтірілу мүлде қажетсіз болып табылады [57,82].

         Тәуелдік жалғаудың ІІ, ІІІ жақтарының қосымшалары кей жағдайларда қолданылуына қарайүлкен тұрып сыйлау, құрметтеу немесе керісінше кекету, мысқылдау, қомсыну сияқты әр түрлі эмоционалды блдіреді. Мысалы, байекең, Ерекең, Жәкең, белсекең т.б.: Қай жерде де "бәлсекеңнің" ағасы бар, Бишара, - "сын" жамылған тағасы бар, "Сынына" бұлардың да құлақ қойдым. өзінше сарқылмайтын бағасы бар (С.Сейфуллин, Өлеңд.);

         Тәуелдік жалғауын әдеттегі қалыптан қолданылуын А.Ысқақовтың жоғарыда келтірілген еңбегінің толықтырып қайта өңделген нұсқасынан да кездестіреміз. Ғалым осы категориясының өзіне тән ерекшелігі тәуелдіктің үшінші жағынан да байқалады. Мысалы, Қай төрелерді айтасыз, ағасы (Ғ.Мүсірепов); Еткен шайың тәтті-ақ екен, апасы (Ғ.Сыланов). Осындағы ағасы, апасы дегендер  әрине, оның ағасы (оның апасы) деген ұғымды білдірмейді. Бұлардан көпке аға деген тәрізді түсінік аңғарамыз. Өйткені байекесі дегенді оның байекесі деп айту тіпті мүмкін емес дей келе, бұл жағдайларда тәуелдік жалғаудың вокатив категориясын жасайтын дәнекерлердің бірі екенін дәлелдейді деген қорытынды жасайды [59,57-58].

         Ғалымдардың берілген тұжырымдарын саралай келе, қазіргі қазақ тіліндегі тәуелдік жалғауларын біріншіден, эмоционалды мән беруде тек қаратпа сөзге ғана жалғанбайды, басқа да жай сөздерге жалғанылып эмоционалды мәнге ие бола алады.

         Екіншіден, сөзге эмоционалды реңк беруде тәуелдік жалғаудың 3 жағы да қатыса алады. Мысалы, 1 жаққа қарағанда, күнім, ақылдым т.б. сөздер жатса, 2 жаққа Ерекең, Сәкең, Жәкең т.б. осы секілді сөздер жатады. Ал, 3 жаққа ағасы, апасы, мамасы т.б. сөздерді жатқызуға болады.

         Үшіншіден, тәуелдік жалғауының дәстүрлі түрде екі грамматикалық қызметі бар болса (біріншісі-меншіктеу, екіншісі-жақты білдіру), бұған қоса, үшінші қызмет ретінде сөзге эмоционалды реңк тудыратын да қызметті қосуға болады. Ол жалғанған сөзін дерексіздендіріп эмоционалды сөзге айналдырады. Яғни сөзге лексикалық мағына үстейді. Мысалы, қошақан, құлын, бота атауыш сөздерді қойдық, жылқының, түйенің төлін білдірсе, осыған қошақан+ым, құлын+ым, бота+м деп тәуелдік жалғауын жалғасақ, өзінің бастапқы атауыштық мағынасынан ажырап, ешқандай да төлдің атауын білдірмей, оны дерексіздендіріп, эмоционалдысөзге айналдырып жібереді.  Бұлар бкастапқыда ата-ананың, әженің, атаның т.б. үлкендердің өзінен кіші немесе өзінің баласын, немересін т.б. балаларын жақсы көрген себепті, жоғарыда аталған малдың төліне теңеуден пайда болса керек, қазіргі кезде олар теңеулік қасиетін жоғалтқан, мүлдем айырылған десе де болады. Сондай-ақ, төртіншіден, -еке қосымшалы сөзге жалғанып, жалғанған сөзіне басқа реңк та үстей алады. Мысалы, Байеке бір ашуыңызды маған беріңіз, өзі сорлап жүрген байғұсты зарлатып қайтесіз -десе, -еке қосымшасы жалғанған сөз сөзге қаратпалықпен бірге жалыну, құрметтеу, мағынасын беріп тұр.

         Бесіншіден, орыс тілінде бұндай эмоционалды сөз екі сөздің тіркесуі арқылы берілсе (голубь мой, солнышко мое, серце мое, золоце мое, сладкий мой), қазақ тілінде ілік жалғаулы сөзді қажет етпей жеке қолданыла алады. Оған жоғарыдағы мысалдардағы, дауыстым, қарағым, белсекең, ағасы т.б. осы секілді сөздер дәлел бола алады.

         Кейбір шылаулар арқылы эмоционалды мәнге ие болатын сөздер.

         Қазақ тілінде сөзге эмоционалды реңк  туғызуда кейбір шылаулардың да айтарлықтай орны бар. Тіліміздегі толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе белгілі бір сөздің жетегінде қолданылатын сөздер бар. Мынадай көмекші сөздер тіл білімінде шылаулар деп аталатына белгілі. Шылаулар әртүрлі грамматикалық мағыналарымен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай жалғаулық, септеулік, демеулік шылаулар деп іштей үш топқа бөлінеді. Осылардың ішінде қатысты сөзімен бірігіп келіп сөзге эмоционалды реңк үстейтініне демеулік шылаулар жатады. Ол жайында грамматикалық оқулықтарында, жеке зерттеулерінде де кеңінен сөз болған. Демеуліктер - өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі грамматикалық мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальды-экспрессивті сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер [30,502].

         Ш.Ш.Сарыбаев: "Туркологиялық әдебиеттерде шылауларға, сонадай-ақ  одағайларға жататын көп  мағыналы -ай, -ау қосымшалары әлі толық зерттелген жоқ" [49,29] дейді. Бұлардың ішінде де кейбіреулері ғана эмоционалды реңк туғыза алады. Мысалыға күшейткіш демеуліктерді, болжаулық реңк туғыза алады. Күшейткіш  мәнді демеуліктерге -ау, -ай, -ақ т.б. шылаулар жатады. Олар адамның түрлі көңіл-күйін (аяу, таңырқау, қуану, ренжу, күйіну) білдіреді: - Айдарлым-ау жап-жас боп аяуды қайдан білесің (Ж.Аймауытов). Ой болыс-ай! Қорғаным-ай! Арыстаным-ай!Арманда айырылдым! Қапыда айырылдым (Ж.Аймауытов). Бұлар жалғанған эмоционалды сөздерге одан сайын эмоционалды реңк үстей түседі. Ш.Ш.Сарыбаев "олар әлі одағайлық мағанасынан айырыла қоймаған шылаулар" деп түсіндіреді [49,29-30].

         Болжалды демеуліктерге-мыс, -міс, -ау шылаулары жатады. Олар сөйлеушінің айтылған ойға күмәндануын, сенімсіздік білдіруін береді де, жалғанған сөзінің эмоционалдылық мәнін арттырады: Ахметбек те оның күйеуге шығып кеткенге естейді-мыс. (Ауызекі тіл).

         Қомсану мәнді демеуліктерге -екеш шылауы жатады. Бұл шылау тіркескен сөзге қомсыну, менсінбеу мағынасын үстейді. Мағыналық жағынан бұл да жоғарыда сөз болған шылау секілді кемсіну, қомсыну, менсінбеу және кемеліне кемелгендікті немесе белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендікті білдіретін сөз түрлендіруші жұрнақтарға жақындайды.

         ә) Аналитикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер.

         Қазіргі қазақ тілінде екі немесе одан дка көп дара сөздердің бірігуі, тіркесуі, қайталануы арқылы жасалып, эмоционалды мәнге ие болатын сөздер біршама. Олар сөз жасамныңи ішінде үлкен орын алатын аналитикалық тәсіл арқылы жасалатыны грамматикалық оқулықтардан, еңбектерден белгілі. Күрделі сөздер жалпы тіл білімінде неміс, ағылшын, жапон, хинди, орыс тілдерінде кең тараған. Әйтсе де жалғамалы тілдерде де соның ішінде қазақ тілінде соның ішінде қазақ тілінің лексикалыққорытынды да аталмыш сөздер біршама пайызды құрайды. Жиналған материалдарымызда, эмоционалды сөз деп тапқан лексикалық бірліктеріміз тіл білімінде аналитикалық жолмен жасалған күрделі сөздердің басқа сөздерден ерекшеленетін ұстанымдарына толықтай жауап береді. Олар біріншіден, бірнеше мағыналы сыңырлардан жасалғанына қарамастан, біртұтас лексикалық мағына береді. Дәлірек айтсақ, күрделі сөздердің мағына бірлігі, тұтастығына толықтай келеді. Мысалы, Өгізаяқ, кербез, ит, дүлдүл, Ереке т.б. Бұл мысалдардағы бірініш эмоционалды сөз екі мағыналы сөздің (өгіз+аян) бірігу арқылы (өгіздің маң-маң басқан жүрісін сипаттау) ақырын жүрісті білдірсе, мысалдағы екінші эмоционалды сөз дербес екі сөздің тіркесуі арқылы қырсықтықты білдіреді. Мысалыдағы үшінші сөз мағыналы сөздің қайталану арқылы жүйріктікті білдіреді. Ал мысалдағытөртінші эмоционалды сөзі толық мағыналы сөздердің қысқаруы арқылы сыйлау, құрметтеу мағынасын білдіріп тұр.

         Екіншіден, күрделі сөздердің мағына тұтастығынан туындайтын басқа белгілерінің бірі - олар бір лексикалық бірлік болып танылады. Мысалы, өгіз-аяң - ақырын, кербез ит - қырсық, дүлдүл - жылдам, Ереке - сыйлау, құрметтеу.

         Үшіншіден, тілде дайын лексикалық бірлік қалпында болады. Сөйлеуші ойын жеткізуде күрделі сөздерді тілдік қордан, яғни санада дайын тұрған қалпында алып қолданады. Мысалы, Оралхан бөкей ақырын, баяу өтіп бара жатқан өмірді бейнелі сипаттау үшінбасқа дербес мағыналы сөздерден жасамай, лексикалық қорда дайын тұрған "ақырын", "жай" мағынасындағы өгізаяң күрделі сөзін қолданады: -Дұрыстап сайланып, жеткізбейтіндей боп қашудың өзі - өнер ғой, ақсақал, -деп Бати әңгімеге араласты, Не қуа алмадың, не қашан алмадың, озбадың дақалмадық өгізаяң тірліктің соңында тентіреп жүргеніміз (О.Бөкей).

         Төртіншіден, олардың мағына тұтастығы құрамындағы сыңарларға байланысты. Кез келген күрделі сөз тілде қандай да бір құрамда тұрғанда, бір мағына беретін мағына болып қалыптасады. Айталық, өгізаяң, кербез ит дегендердегі эмоционалды күрделі сөздердің құрамын аяң өгіз, ит кербез деп өзгертсек, жоғарыда көрсеткендей эмоционалдылық мағына берілмейді.

         Бұл жерден осымен  байланысты күрделі сөздердің мағынасына ғана емес, сонымен бірге құрамында да тұтастығын көсететін бесінші белгі шығады. Мысалы, өгізаяң, кербез ит дегендегі өгіз, кербез деген сыңарлары өзінше, аяң, ит дегендер өзінше сөз тіркесін жасамайды.

         Алтыншыдан, күрделі сөздер сөйлемге дайын қалпында алынатын лексикалық бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде бір сөздің қызметін атқарып, сөйлемнің бір мүшесі болады. Осыған байланысты бір сұраққа жауап береді.  Мысалы, өгізаяң тірліктің - анықтауыш (қандай тірліктің?) , уақыт деген дүлдүл боп кетеді- баяндауыш (не боп кетеді?), Ереке - қаратпа сөз болу себепті ешқандай сөйлем мүшесі бола алмайды, әйтсе де кім? деген сұраққа  жауап беріп, кейде бастауыш, кейде баяндауыш болады.

         Осымен байланысты жетінші белгі шығады. Күрделі сөздер белгілі бір сөз табына жатады. Жоғарыдағы мысалдардағы өгізаяң, кербез ит - сын есім, дүлдүл, Ереке- зат есім.

         Ф.М.Мұсабеков қазақ тілінде  эмоционалды мағына зат есім сөзге сөз тіркесіп келу арқылы беріледі дейді [57,54]. Біз жинаған материалдарда күрделі сөздердің эмоционалды мәнге ие болу барлық деңгей де іске асады.

         Қазақ тіл білімінде  күрделі сөздер бірнеше жолман жасалады: 1) сөзқосым арқылы (біріккен, кіріккен сөздер), 2) қосарлану арқылы (қос сөздер), 3) тіркесу арқылы (тіркесті күрделі сөздер), 4) қысқарту арқылы (қысқарған сөздер). Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер осылардың барлығында да кездеседі. Бірақ мөлшер жағынан бір деңгейде емес. Мысалы, тілімізде біріккен, кіріккен эмоционалды сөздер көп болса, қос сөздер арқылы жасалған эмоционалды сөздер өте аз. Тіркескен сөздер біріккен сөздермен бір деңгейде деп айтуға болады. Ал қысқарған сөздер тек жалқы есімдерде, оның ішінде адам аттарымен байланысты сөздерге ғана кездеседі.

         Аналитикалық жолмен жасалған біріккен және кіріккен сөздердің эмоционалды мәнге ие болуы. біріккен сөз деп сыңарлары мағына жағынан да, тұлға жағынан да бірігіп, біртұтас мағынаны білдіретін біртұтас дыбыстық құрамдағы, бір екпінмен айтылып сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаратын сөздерді айтамыз [30,254]. Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен тұлғалы эмоционалды сөздерге мына секілді сөздерді жатқызамыз: көкдолы, көкбезер, көкайыл, көкпері, шүйкебас, маубас, малжубас, қкбас, қанішер, дөңайбат, қолжаулық, боқмұрын,атжалман т.б. Сондай-ақ аффиксоидтар арқылы, арызқұмар, мансапқұмар, ақынжанды, дүниежанды, малжанды т.б. біріккен сөздер де осы қатарға енді. Сөз құраушы сыңырларының дерексіз, нақты болу сиепатына қарай аффиксоид тұлғаларға - құмар , -жанды қосымшалары арқылы жасалған біріккен сөздерді жатқызамыз. Ал стандарт тұлғаларғы көк, бас тұлғалары арқылы жасалған сөздерді жатқызамыз. Қазақ тілінде біріккен сөздердің Қ.Б.Құдеринова мағыналарының -дерексіз -жалпы, -нақты (бүтіннің бөлшегі) сипатына қарай: аффиксоидтар, стандарт тұлғалар және жинақтаушы тұлғалар деп үшке бөліп қарайды [58,55]. Байқағанымыздай эмоционалды сөздерге олардың екеуі ғана бар. Бұлардың саны біршама көп, ал тіркескен сөздер құрылымдағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған эмоционалды кіріккен сөздер тілімізде аз, тіпті алақу, есерсоқ т.б. секілді брді-екілі сөздерді есептемегенде жоқ деуге болады.

         Тіліміздің сөздік қорында мұндай лексикалық бірліктер сөз табында зат есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: (мұрын+боқ, боқ+мұрын, қол+жаулық т.б.) сын есіммен зат есімнің тіркесуі арқылы (жез+өкше, көк+пері, көк+айылт.б.), зат есіммен етістіктің тіркесуі арқылы (бет+пақ, ат+жалман, қан+ішер т.б.) сын есіммен етістіктің тіркесуі (көк+безер, есер+соқ т.б.) және басқа да сөз таптарындағы сөздердің өзара тіркесуі арқылы жасалатындар деп бөлінеді. Эмоционалды мәнге ие болуы жағынан бұлардың парадигмада білдретіндер - бетпақ, жезөкше, қусоққан, атқамінер т.б. деп екі топқа бөлуге болады.

         Аналитикалық жолмен жасалған қосарлы күрделі сөздердің эмоционалды мән беруіне түбір еліктеуіш сөздер мен одағай сөздерін жатқызуға болады. Мысалы: пай-пай, пан-пан, жылтың-жылтың, ырбың-ырбың т.б. Атауыш сөздерден балтай-шалтай, күйіп-пісу, тау-тау, топ-топ, қора-қора, қан-қан т.б. көптеген сөздердің тізбегін беруге болады. Ш.Ы.Нұрғожина өзінің жұмысында қос сөздер қазақ тілі ауызек тіл эмоционалдылық пен экспрессивтілікті беру тәсілі деген тақырыпша арнап, эмоционалдылықты беруші қос сөздердің табиғатын кеңінен түсіндіріп береді. Автор қос сөздерді қазақ тілінің ауызекі тілінде интенсивтілік пен экспрессивтілікті беру тәсілі ретінде ерекше орын алады [25,119] дейді.

         Аналитикалық жолмен жасалған қысқарған күрделі сөздердің эмоционалды реңктенуі. Қазақ тілінің эмоционалды лексикалық қорында қысқару арқылы жасалған сөзге адам аттарының еркелету, құрметтеу негізінде қысқарып жасалған сөздерді жатқызамыз. Олар қысқару үрдісінде арнайы жұрнақ жалғайды. Мысалы, Ережеп- ер+еке, Жақыпбай - Жа+ңа, Мырзабек - Мырза+ш т.б. Бүгінде осы негізде Айнаш, Қанаш, өміртай, Нұркен, Ақан т.б. толып жатқан адам есімдері әуелгі эмоционалды мәнін жойып, деректеніп, әдеби нормадағы жеке атауыштық жалқы есімдерге ие болған сөздерді көптеп кезедстіруге болады.

 

Қорытында

         Сонымен, қорыта келгенде, мынадай нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуымызға болады:

- тілдегі эмоционалды сөздер грамматикалық деңгейде түбір негізбен туынды негізде көрініс табады. Түбір негіздегі эмоционалды сөздер одағай, еліктеуіш сөздер бойында байқалса, туынды негізде сөз тудырушы қосымшалар мен сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы эмоционалды реңкке ие болады. Сондай-ақ кейбір жалғаулар, атап айтқанда, тәуелдік жалғау мен кейбір шылаулар жалғанған сөзіне эмоционалды мән үстейді.

- түбір негізді эмоционалды сөздерге қазіргі одағай мен еліктеуіш сөздерді жатқызамыз. Себебі бұлардың пайда болуына тікелей адам эмоциясы әсер еткен деп шамалаймыз. Сол себепті де бұла сөз табында, қазіргі топтауымыз бойынша, ешқандай топқа (атауыш, көиекші) жатпайды. Олар жеке топ ретінде топтауға сұранып тұрғанын байқауға болады.

- туынды негізді эмоционалды сөздер үш түрлі жолмен дамиды. 1) сөз тудырушы қосымшалар арқылы (кейбір аффикстер арқылы, сонымен бірге жалғанған сөзінен реңк мәнін тудыратын жұрнақтар арқылы, аффиксоидтар арқылы, кейбір жалғаулар арқылы); 2) аналитикалық тәсіл арқылы жасалған эмоционалды сөздер; 3) лексика-семантикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер. Эмоционалды сөздер қарым-қатынас құрал ретінде адам сөйлеуінің барлық аясында қамтиды да, теориялық тұрғыдан көптеген тұжырымдардың негізі бол алады. Сондықтан да бұл құбылысты зерттеу тіл тілімінің маңызды да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатыны зерттеу барысында анықталады;

- эмоционалды сөздер сөз уәждемесі, тілдік бірліктердің табиғаты, тілдің пайда болу даму мәселесімен тығыз байланысты. Аталған бірліктерді жан-жақты және толық зерттеу тіл теориясының дамуына, оның кейбірмаңызды мәселелерінің шешімін табуына (сөздің семантикалық, сөзжасамдық, фоносемантикалық дамуына және оның табиғатын ашуына) өз септігін тигізетіні белгілі болады;

- әдетте аталған құбылыс тілдің стилистика, семантика, кей жағдайда грамматикалық деңгейі негізінде зерттеліп келеді. Десек те, бұл бірліктердің дыбыстық құрылымын да зерттеудің айтарлықтай маңызды екендігін анықталады;

- тіл білімінде аталмыш сөздерді атауда қарама-қайшылық байқалады. Бүгінгі таңда аталмыш мәселеге арналған лингвистикалық еңбектерден тілдік қордағы мұндай сөздерді "эмоционалды", "экспрессивті", "эмоционалды-экспрессивті", "бейнелеуіш сөздер", "образды сөздер" деп аталатынын байқаймыз. Жұмысымызда тілдік қордағы адамның эмоциясының жетегімен көрініс беретін мұндай сөздерді эмоционалды, кейде эмотив-экспрессив сөздер деп атаймыз. Бұл термин номинатив терминімен құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, қарсы мағына қолдана алатын анықталды;

- эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздердің категорияларын адамның қоршаған болмасқа деген әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздер - "эмотив" сөздер деп, адамның қоршаған ортаға деген әртүрлі әсерін білдіретін эмоцияның (кейде олар қатыспайды), сезімнің, еріктің қатысуы негізінде тілдің көркемдеуші құралы арқылы бейнеленетін сөздер - "экспрессив" сөздер деп анықтаймыз;

- сондай-ақ жұмыс барысында олар лексика-семантикалық деңгейде денотат компонентте және сонымен бірге коннотаттық компонентте (денотат-коннотат) де кездесетіні, коннотаттық мағынада экспрессивтілітің семасы эмотивтіліктің семасына тәуелді болатына, ал баға эмотивтіліктің семасы эмотивтіліктің семасына тәуелді болатыны, ал баға эмотивтіліктің семасының жетегінде қолданылатындықтан, өзінен-өзі экспрессивтіліктің семасымен байланысты болатыны анықталады. Ал денотаттық мағынада экспрессивтілікт бағалауыштық семасымен бірге байланысса, енді бірде байланыспайтыны белгілі болды. Себебі, бағалауыштық эмоционалды сөздер жүйесінде семантикалық белгі ретінде "эмотивтіліктің" семасымен байланысты. Бағаның денотаттық параметр л ері "жақсы"/"жаман" болып келеді. Ал эмотивтілік бұл деңгейде мүлдем байқалмайды, яғни қатыса алмайды. Қазақ тілінде эмоционалды сөздер бірнеше лексика-семантикалық топтарға (қимылды, қимылдың санын, заттың атауын, заттың санын және адамның көңіл-күйін білдіредін) топтауға болатыны анықталады. Олар іштей бірнеше семаларға жіктеледі; эмоционалды сөздер грамматикалық деңгейде түбір негізбен туынды негізді көрініс табады. Түбір негіздегі эмоционалды сөздер одағай, елітеуіш сөздер бойында байқалса, туынды негізде сөз тудырушы қосымшалар мен сөз түрлендіруші қосымшаларарқылы эмоционалды реңкке боялатыны анықталады. Сондай-ақ, кейбір жалғаулар, атап айтқанда, тәуелдік жалғауы мен кейбір жалғаулық шылаулар жалғанған сөзінен эмоционалды мән үстейді; Аталмыш түбір негізді эмоционалды сөздер тарихи тұрғыдан эмоцияның негізінде пайда болуы себепті осы жерде тағы да бір даулы мәселе туындайды. Ол- бұл сөздер тобы сөз табында қай топқа жату керек деген мәселе. Бұл тұғыдан әсіресе елітеуіш сөздер жиі сынға ұшырайды. Аталмыш сөздер тобын көпшілік еңбектерде атауыш сөздердің ішінде қарау орын алған. Ал одағай сөздерді жеке топ ретінде, кейде көмекші сөздердің құрамында, енді бір еңбектерде атаушы сөздерге де, көмекші сөздерге де жатқызып қарау дәстүрге айналған. Біз одағай мен еліктеу сөздердің мағыналық ұқсас жақтарын  ескере отырып, олар сөз табында эмоционалды немесе эмотив-экспрессив сөздер деген топқа бөлуді ұсындық;

- эмоционалды сөздер дыбыстық деңгейде дыбыс символикалық жүйеде көрініс беретіні анықталды;

         Бұл құбылыстың қалған қалдықтарын семантикалық жолмен жасалған толық мағыналы эмоционалды сөздердің бойында да байқауға болады. Біз қазіргі тілде дыбыс пен форманың байланысы толықтай сақталған деуден аулақпыз. Бұл құбылыс арқылы тілдің пайда болуына дыбыс пен форма байланысты, уәждік сипатқа ие болған деп шамалаймыз. Бірақ қазіргі тілде олар еліктеуі сөздерде 60-70 пайызы дейін сақталса, толық мағыналы сөздерде 50 пайызға да жетпейді. Кейбір сөздер тек шаттылыққы құралған.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Лукчнова Н.А. О термин экспрессив и о функциях экспрессивов руского языка //Актуальные проблемы лексикологии и словооброзования. Сборник научных трудов. Аып.ХІ, - Новосибирск, НГУ, 1980. - с.3-22.
  2. Джунисбеков А. Гласные казахского языка. – Алма-Ата, 1972
  3. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. – Алма-Ата, 1987.
  4. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алма-Ата, 1980.
  5. Джунисбек А. Сингармоническая фонетика. – Алматы, 2008
  6. Джунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. – Алматы, 2009.
  7. Джунисбек А. Казахский язык без грамматики. Ч.ІІ. – Алматы, 2010.
  8. Джунисбек А. Казахский язык без грамматики. Ч.ІІІ. – Алматы, 2011.
  9. Джунисбек А. Казахско-русский словарь популярно-профессиональных терминов. – Алматы, 2010.
  10. Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. ІІ бөлім (лексика). – Алматы, 1955.
  11. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. – Алматы,1969.
  12. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. – Алматы,1974.
  13. Есенов Қ. Қазіргі әдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мәселелері. – Алматы, 1975.
  14. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985
  15. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы,1995.
  16. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. – Алматы, 1982.
  17. Есенов Қ. Синтаксис осложненного предложения в казахском языке. – Алматы, 1992.
  18. Жаманбаева Қ. Түркі тілдеріндегі тілдік ерекшеліктер.– Алматы, 2001 ж. -112 б
  19. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы,1968.
  20. Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар). – Алматы, 1976.
  21. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Ауезова). Алматы, 1989.
  22. Жанұзақ Т. Жер-су атаулары. – Алматы, 2011.
  23. Жанұзақ Т. Тарихи жер-су аттарының төркіні. Алматы: Сөздік-Словарь, 2010.
  24. Жанұзақ Т. Есімдер сыры. Тайны имен. Алматы, 1974.
  25. Жанұзақ Т. Есіміңіз кім? Ваше имя? – Алматы: Қазақстан. 1989.
  26. Жанұзақ Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы,1971.
  27. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Алматы-Астана: «Іс Сервис» ЖШС, - 2006.
  28. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры. – Алматы: Дайк Пресс, 2007.
  29. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Топонимика. – Павлодар, 2008.
  30. Жанұзақ Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы,1965.
  31. Жанұзақ Т. т.б. Қандай есімді ұнатасыз? Какое выбрать имя? – Алматы, 1968.
  32. Жанұзақ Т., Рысбергенова Қ. Қазақ ономастикасы: Жетістіктері мен болашағы. – Алматы, 2004.
  33. Жанұзақ Т., Әбдірахманов А. т.б. Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Ғылым, 1989.
  34. Жанұзақ Т., Есбаева К. Қазақ есімдері. – Алматы: Ғылым. 1988.
  35. Жанұзақ Т., Рысбергенова Қ. Қазақ есімдерінің анықтамалығы. – Алматы, 2009.
  36. Жонкеш Б.С. Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносематика). – Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы», 2009. – 192 бет.
  37. Жубанов А.К. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы, 2002.
  38. Жунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. – Алматы, 2009.
  39. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы, 2009.
  40. Жүнісбек Ә. Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. – Орал, 2009.
  41. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін модельдер арқылы оқыту (электронды оқулық). – Қарағанды, 2011.
  42. Жұбанов А.Қ. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
  43. Жұбанов А.Қ. Қазақ сөзінің «Тіл – қазына» деректер базасы және оның теориялық негіздері. База данных «Тіл – қазына» казахского слова и ее теоретические основы. – Алматы: Арыс, 2009.
  44. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004,2007.
  45. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: формалды модельдер: Оқу құралы. – 2 басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
  46. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы тіл білімінің мәселелері. Вопросы прикладного языкознания. – Алматы: Арыс, 2008.
  47. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы, 1996.
  48. Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. – Алматы, 1978.
  49. Жұбанов Е., Малбақов М. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының текстологиясы. – Алматы, 1994.
  50. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966; 1999.
  51. Ибатов Ә. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. – Алматы, 1966.
  52. Ибатов Ә. Қазақ тіліндегі есімдіктер. – Алматы, 1961.
  53. Ибатов Ә. Сөздің морфологиялық құрылымы. – Алматы, 1983.
  54. Ибатов Ә. Хандар жарлықтарының тілі. – Алматы, 1990.
  55. Иманбердиева С. Қала ономастикасының кейбір мәселелері. – Алматы: Арқас, 2004.
  56. Иманбердиева С. Тарихи ономастикалық кеңістік (10-14 ғғ. Түркі жазба ескерткіштері негізінде). – Алматы: «Сөздік – Словарь» ЖШС, 2010.
  57. Иманбердиева С., Мәдиева Г. Ономастика: зерттеу мәселелері. – Астана: «ІС-Сервис» ЖШС, 2005.
  58. Қажыбеков Е. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явления синкретизма). – Алма-Ата,1986
  59. Қайдар Ә. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алматы: Дайк-Пресс, 2004.
  60. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. – Алматы: Атамұра, 2000
  61. Қайдар Ә. Қазақ қандай халық? – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.
  62. Қайдар Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан. 1993.
  63. Қайдар Ә. Қазақ тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік. – Алматы, 2010.
  64. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.
  65. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. 1-том. Адам. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009.
  66. Қайдар Ә. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. – Алматы, 1992.
  67. Қайдар Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. – Алматы, 1991, 2004.
  68. Қайдар Ә., Айтбаев Ө. Тіл майданы. – Алматы: Арыс, 2000.
  69. Кайдаров А.Т. Инструкция по составлению казахско-русского словаря. – Алма-Ата, 1986.
  70. Кайдаров А.Т. Парные слова в современном уйгурском языке. – Алматы,1959.
  71. Кайдаров А.Т. Развитие современного уйгурского литературного языка. Ч.І. – Алма-Ата, 1969.
  72. Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основы в казахском языке. – Алма-Ата, 1986.
  73. Кайдаров А.Т. Уйгурский язык и литература (библиографический указатель). – Алма-Ата, 1962

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-06-11 21:48:10     Қаралды-53500

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »