UF

ОҚО ТАУ БӨКТЕРІНДЕ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІ ӨСІРУДІҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

 

Кіріспе

 

Мемлекетіміздің егемендік алуы ғылымдардың дамуына, оның ішінде еліміздің табиғи байлығын зерттеп, өңдеуге шексіз мүмкіндік туғызды.

Нарықтық жағдайда мемлекетіміздің экономикасын көтеруге және жаңа өндірістердің даму кезеңінде еліміздің өсімдік ресурстарын пайдалануға шексіз талап қояды.

Қазіргі кезде, фармацевтика өндірісінде дәрілік шикізаттың жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Себебі барлық өндірістер негізінен шет елдік шикізатты пайдалануға бейімделген.

Оңтүстік Қазақстанның табиғи байлығы және ауа-райының жылылығы көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Түрлі емдік қасиеті бар өсімдіктерге сұраныс ұлғаюына байланысты оларды жинап, интродукциясын кешенді түрде зерттеуді және келешегі бар, сұранымы өсе түседі деген. Дәрілік өсімдіктерді өңдеу технологиясын Оңтүстік Қазақстан өңірінде түрлі экологиялық аймақтарда анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр.

Оның ішінде фармацевтикалық өндірісте жоғары бағаланатын және химиялық-фармацевтикалық өндірістің шикізаты болатындай көптеген дәрілік өсімдіктер кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар емдік дәрілік шөптердің 60-қа жуық ерекше түрлерін тапты.

Оңтүстік Қазақстанда дәрілік өсімдіктерді зерттеуді 1996 жылы ҰАА корр. – мүшесі С.А. Абдраимов қолға алды. Бұл жерде экспедиция арқылы дәрілік шөптердің ұрығын жинау жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар коллекциялық питомник ұйымдастырылып, дәрілік шөптерді өсіру агротехникасы зерттелді. Дәрілік шалфей, мускат шалфейі, түймедақ, қырмызгүл т.б. өнімдерді шығарады.

Дәрілік шөптерге деген сұранымның ұлғаюына байланысты оны жинау, интродукциясы, кешенді түрде зерттеу және келешекте дәрілік өсімдіктерді дұрыс өңдеу жұмыстары маңызды мәселе болып табылады.

Дәрілік шөптерді дайындау және өңдеу Шымкентте фармацевтикалық зауыт құрудан басталады. Қазіргі «Химфарм» акционерлік қоғам. Бұл зауытқа шикізат өндіруде қазақтың дәрілік өсімдіктер тәжірибесі стансасы (БДӨЗИ) елеулі еңбек қосты. Олар майкене, сана т.с.с. өндірісте ендіріп, дәрмене, тау қылшасы қоры анықталды. Бұл ізденістер шаруашылықтарға дәрілік өсімдіктердің өнімін ұлғайтуға себепкер болды, сондай шикізаттарды дайындау негізінде зауыт фармацияға өте құнды жартылай дайын саласымен, антросенин, глауцин, мукалтин және т.б. өнімдерді шығарады.

Зерттеудің негізгі мақсаты: Оңтүстік Қазақстанның таулы аумақтарында жерсіндірілген және сұранымы мол дәрілік өсімдіктердің биологиясын және морфологиясын зерттеп, меңгеру, жіңішке жапырақты эхинацеяның систематикасын және анатомиялық құрылыстық ерекшелігін салыстырып агротехникасын игеру.

Зерттеудің міндеті:

  1. Оңтүстік Қазақстан жағдайында жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің осы жағдайға бейімдеп өсіріп шығару және коллекциялық алқапты осы өсімдіктердің есебінен кеңейту.
  2. Болашақта мол өнім беретін дәрілік қасиеті күшті түрлерінің агротехникалық әдістерін жасап, өндіріске ұсыну.

Дәрілік өсімдіктердің келешегі мол өнімдерін анықтау, зерттеу негізгі – тұқымдық материал, интродукциялық және агротехникалық егістік.

Зерттеудің жаңалықтары:

Оңтүстік Қазақстан таулы аймағында дәрілік өсімдіктердің жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігін жерсіндіріліп, оның өндіру технологиясын және анатомиялық құрылысын зерттеу. Бірінші рет жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің анатомиялық ерекшелігі зерттелді.

 

1. Әдебиетке шолу

 

Оңтүстік Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер

Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер медицина тәжірибесінде миллион жылдардан бері адамдар мен жануарлар арасындағы адамдар мен микроорганизмдер арасындағы тепе-теңдікті сақтап келеді. Ерте заманнан бері елшілердің негізгі емдік әдісі өсімдіктерге негізделген. Медицинаның бұл саласы фитотерапия деп аталған. Оның негізгі қағидасы – адамның денсаулығын ұзақ мерзімге дейін нығайту және қалпына келтіру болған. Қазіргі дәрі-дәрмектің 40 пайызы өсімдіктерден жасалады және де 400-ге жуық өсімдіктер пайдаланылады. Тибет медицинасының көзқарасымен бұл өте аз. Ерте заманда емдік қасиеті жоқ өсімдік кемде-кем делінген. Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жағынан Қазақстан одақ көлемінде бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді айтпаса да түсінікті.

Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болып келеді. Оның үстіне өнеркәсіпке дәрілік шикізаттардың күннен-күнге көп керек болуына байланысты өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстан территориясының көп жеріндегі дәрілік өсімдіктер барынша аз зерттелген. Олар әсіресе шөл және шөлейт жерлерде көп. Ол жерлерде басқа аймақта кездеспейтін құнды – құнды дәрілік өсімдіктер бар екені даусыз  айтуы бойынша соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысырапсыз пайдаланудың, жерді аяусыз жыртудың, мал жайып таптатудың салдарынан мүлдем жоғалып барады. Осыған байланысты біз тек қана дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды қолымызға алуымыз керек.

Дәрілік өсімдіктердің әр түрлі ауруларды жазудағы тиімділігі олардың қадір-қасиетін, оларға деген сұранысын арттырып келеді.

Адам денсаулығын қорғауда дәрілік өсімдіктердің қызметі жылдан-жылға өсіп келеді, өйткені көптеген ауруларды емдеуге өсімдік тектес дәрілік заттары қолданылады. Мысалы, кейбір ауруларға қарсы қолданылатын дәрілік өсімдіктер мыналар: жүрек-қан тамыр ауруларына дәрілік мысықтамыр, бес салалы сасық шөп, көкшіл-көкшегүл, дәрілік мелисса, кәдімгі жұпаргүл т.б.; орталық нерв жүйесі үшін жень-шень, марал шөп-тамыр, қызғылт семізот т.б.; бауыр ауруларына құмдық салаубас, шұбарала тікен, жүгері шашағы т.б.; асқазан ауруларына қарсы үлкен жолжелкен, түзу қазтабан т.б.; ағзаның иммундық жүйесін жақсарту мақсатында күңгірт эхинацея және жіңішке жапырақты эхинацея [1].

Өсімдіктерден алынатын дәрілер синтетикалық дәріленген құрамындағы биологиялық белсенді заттарымен, макро және микроэлементтердің табиғи жүйеде болатындығымен, сондай-ақ тірі табиғи қосылысының адам ағзасына қолайлы қатынаста болуы және оңай сіңірілетіндігімен ерекшеленеді [2].

Өсімдіктер және өсімдік тектес дәрі-дәрмектермен емдеу уақыттың қатаң сынақтарынан өткен қазіргі уақытта барлық елдердің медицина саласында кең қолдау тауып отыр. Өсімдік тектес дәрі-дәрмектерді шығаруда тұрақты шикізат құрудың негізгі жолы дәрілік өсімдіктерді егіс алқаптарда дақыл ретінде кең көлемді өсіру болып табылады.

Қазақстанның өсімдіктер дүниесі өте бай және алуан түрлі, олардың ішінде көптеген дәрілік өсімдік түрлері бар. Бұрын табиғи орталықтарда өскен дәрілік өсімдіктер фармациялық өндірістің негізгі шикізат қоры болып табылатын. Кейінгі кезде оларды көзсіз, есепсіз жинау салдарынан кейбір өсімдіктер жойылып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан олардың табиғи қоры өндірістік шикізатқа деген сұранысын қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Оған қоса кейбір дәрілік өсімдіктер Қазақстанда табиғи орталықта өспейді, ал фармацевтика өндірісінің оларға деген сұранысы өте үлкен. Сол үшін бұл өсімдіктерді жерсіндіру жұмысымен шұғылдандыру қажет. Жерсіндіру ісі негізгі үш бағытта жүргізіледі.

  1. Басқа елден мәдени өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын әкелу.
  2. Дақылдарды бір аймақтан 2-ші аймаққа көшіріліп, сол жерде қолдану.
  3. Дақылдар қатарына отандық шетелдік табиғи жолдармен жаңа өсімдік енгізу.

Қазақстан Республикасында небәрі 3% қана дәрі-дәрмек өндіріледі, қалған дәрілер шет елден алып келінеді. Осыған байланысты мемлекеттік фармацевтика және медициналық өндірістің даму бағдарламасында «Қазақстан – 2030» стратегияы бойынша өз мемлекетімізде тәуелсіз фармацевтикалық өндірісте дамыту мақсатында, өзімізде шикізат дайындауды қолға алу керектігін атап көрсетеді.

Дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 1996 ж. басталды. Алғашқы кезде БӨИ әдістемелік нұсқауына байланысты жеке коллекциялық питомник құрудан басталады.

Бүгінгі таңға коллекциялық питомникте 100-ден астам дәрілік шөп түрлері өсіріледі. Олардың арасында келешекте сұранымы жоғары болатын және Оңтүстік өңірге бейім дәрілік шөптер бөлектеніп, олардан биологиялық ерекшеліктері, өсіп-өну ерекшеліктері, өндірудегі агротехникасы, дәнінің өсу ерекшеліктері және биологиялық белсенді заттардың құрамы зерттелді. Ол өсімдіктер: күңгірт эхинацея, жіңішке жапырақты эхинацея, дәрілік валериана, дәрілік ромашка, дәрілік қырмызгүл, дәрілік шалфей, мускат шалфейі.

Дәрілік өсімдіктердің табиғи көп өсіп кездесетін жері біздің мемлекетіміздің оңтүстігі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында дәрілік өсімдіктердің 3075 түрі бар. Оның ішінде, фармацевтикалық өндірісте жоғары бағаланатын және химиялық-фармацевтикалық өндірістің шикізаты болатындай көптеген дәрілік өсімдіктер кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде ғылымдар емдік дәрілік шөптердің 60-қа жуық ерекше түрлерін тапты. Ергежейлі итмұрын, Северцев унгерениясы, Регел күшәләсі, орташа қылша және басқалар [3].

Атақты ойшыл және Шығыстың Абу Али Ибн Сина [4]. өткен мыңжылдықтың басында өзінің «дәрігерлік ғылымның негізі» деген еңбегінде өзі зерттеп анықтаған 900 дәрінің сипаттамасын және оны қолдану әдістерін берген. Негізінде ол дәрілер өсімдіктерден жасалған.

Ғылыми медицина ХVІІІ ғасырда пайда болды. Ресейде бірінші аптека құрылуы (1581ж) және фармакологиялық маңызы бар «Ол жақтың және бұл жақтың шөптік тұнбасы» атты бірінші кітаптың жарық көруі (1588ж) фито- (өсімдік) терапиясының дамуына негіз болды.

Аптекарлық қала-баулар ұйымдастырылды, соның бірі соңынан КСРО ғылым академиясының Ботаникалық инстиуты болды. 1921 жылы дәрілік өсімдіктерді жинау (теру) және мәдени түрде өсіру жөнінде декрет шыққан. 1930 жылы әр жағрафиялық аймақтарда арнайы тәжірибе стансалары құрылды (Лубінде, Могилевте, Дермене, Сухуми және т.б.). 1931 жылдан олардың барлығы БОДӨИ қарамағына өтті. Осы өте сирек, бірегей ғылыми орталықта 100-ге жуық фитопрепараттар дүниеге келген.

Еліміздің әр түрлі табиғи аймақтарында дәрілік қасиеті бар жабайы шөптерді жинаумен қатар тәжірибелік және арнайы дәрілік өсімдікпен айналысатын шаруашылықтар қоса құрылды. 30-шы жылдың басының өзінде 129 түрлі дәрілік өсімдіктерден 90-ға жуығы мәдени түрде өсіріліп, фармацевтикалық өндіріске шикізат ретінде қолданылатын болды.

Дайындалатын шикізаттарддың 70%-ға жуығы жабайы өсетін дәрілік шөптерден тұрады.

Мол көлемдегі дәрілік шикізатты өндіру химико-фармацевтикалық өндірістің нығая түсуіне себепкер болады. ТМД 250-ден астам Минмедбиограмма зауыттар және 82 фармацевтикалар бар. Олардың міндеттері дәрілік өсімдіктерді өңдеп, одан дәрі өндіру.

Қазақстанда 1940 жылдан бері фармацевтикалық өндірістік кәсіпорындар өмірге келген. Ал 1968 ж. Алматылық фармацевтикалық фабрика ашылып, жергілікті және сырттан әкелінетін шикізаттан галогенді препараттар – тұнба, тамшы, сықпа, май, қойыртпа жасалынады. Соңғы 5 жылдың ішінде Республикада түрлі тұнба мен тамшының өзі 1218 т. дайындалды, экстракт – 113 т, сироптар – 567 т. Бұл тұнбалар: жалбыз, жолжелкен, долана, әдемі қырмызыгүл, ащы жусан және басқалардан дайындалған.

Оңтүстік Қазақстанның табиғи байлығы және біркелкі жылы ауа-райы көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Сол себепті, осыдан 100 жылдан астам уақытта республикада бірінші боп Шымкенттің химико-фармацевтикалық зауыты құрылды. Соның өнімдері шет ел ақшасын түсіретін бірден-бір өндіріс болып келді.

Осыған шикізат өсіріп дайындайтын өндіріс ретінде 50-ші жылдары «Дермене» (Арыс ауданы) және «Фрунзе» (Сайрам ауданы) атындағы арнайы мамандандырылған шаруашылықтар құрылды. Табиғат жағдайы жақсы жылдары «Дермене» шаруашылығы 2-20-,5 мың т. дәрілік өсімдік өндіреді. Оның баса көпшілігі дермене, тау қылшасы, мыңжапырақ, черкез, т.б.

Жабайы өсетін өсімдіктерден бөлек, шаруашылық мәдени түрде де дәрілік өсімдіктерді өндірумен айналысқан: майкене, сана, қызғыш катарантус, т.б.

Жылдық өндіріс көлемі 600-700 т. құраған. Дайындалған шикізаттың басым көпшілігін Шымкент фармацевтика зауытына және республикасының (дәріханалық) құрылымдарына өткізіп тұрған. Өнімнің кейбір түрін, мәселен кассияны Ресейге өткізген.

«Фрунзе» шаруашылығы 70 жылдары 1 мың гектарға дейін дәрілік дақылдар еккен. Шикізат өндіруінің көлемі жыл сайын 2 мың т. болған. Негізгі дақылдар: майкене, сана, сары шашақтыгүл, т.б.

Бүгінгі таңғы сұранымның болмауы салдарынан, шаруашылық дәрілік шикізат өндіруді қысқартып, тек азғантай жерге (50 га) мачка мен дәрілік жалбыз тікен айналысады.

1954 жылы Шымкентте бірінші рет және Оңтүстік ауданға жалғыз болып Бүкілодақтық дәрілік өсімдік зерттеу институтының (БДӨЗИ) тәжірибелік стансасы ретінде Қазақтың ғылыми-зерттеу мекемесі құрылған. Оның міндеті зерттеу және өндіріске төмендегідей дақылдарды ендіру еді: майкене, сана, қызғыш катарантус, сары шашақтыгүл.

Қазақстанның егемендік алуымен бірге бұл жүйе күйреді, арнайы мамандырылған шаруашылықтар басқа күнделікті өтімді дақылдарға ауысып кетті, тәжірибелік станса жойылды. Соның салдарынан, зауытқа тапсыратын фитопрепараттарды өндіру күрт төмендеді. Бұл республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге үлкен нұқсан келтіруде. Ғылыми және өндірістік тұрғыдан дәрілік дақылдарды өндіріп, одан әрі қарай өңдеу бүгінгі күннің осы тақырыптың өзекті мәселесі болып табылады [5].

Қазақстан және Орта Азия флоралы өсімдік қорына өте бай. Олар көз жетпес биологиялық белсенділігі өте күшті заттар. Оның ішінде көптеген өсімдіктері ертеден медицинада кең қолданып жатсақ кейбіреулері зерттеулерді қажет етеді.

Адам дами келе, өз санасының, ойының күрделене түсуіне байланысты, халық емшілігі өсімдіктердің емдік қасиетіне ие екенін, ұғына түсті. Тек қана емдік қасиетіне ғана емес, оның ішінде, улысын, хош иістісін, сұлулығын, асқа пайдалылығын түсінді. Бұл адамның мұқтаждығынан келіп шыққан жағдай. Кейбір өсімдіктер ғылым жағынан, биологиялық, химиялық қасиеттерін зерттелсе кейбіреулері әлі белгісіз.

Емдіктану және фитотерапия бұл туралы тікелей айту түсініксіз, себебі тарихтан шет кете алмаймыз. Бұл ғылым тарихи кітаптардан, ғалымдардың көптеген еңбектерінен, медициналық, философиялық Таяу Шығыс, Қытайдағы, Греция, Ежелгі Рим мектептерінен келіп шығып отыр. Бұл тарихты шеттеп өтпеуіміздің себебі, ол кезде медицина мен фармация Қазақстанда өз жолымен дамып жатқан еді.

Қазақстанның флоралы өсімдіктері әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл жердің ауа-райы өсімдіктердің қолайлы өсуіне, өздеріне емдік заттар жинауына оң әсерін тигізеді. Кеңес уақытында Қазақстанда және Орта Азияда 80 % дәрілік шикізат дайындалғаны бекер емес.

Табиғи өсімдіктер барлық ауруға шипа айта алмаймыз, бұл түсінікті, бірақ, олмедицинада, синтетикалық және биоқұрылғыларда, физиотерапия методтарында үлкен рөл атқарады.

Атап айтсақ, адам организмінде үлкен қорған ретінде белгісіз бір ішкі күш бар және ол адамның емделіп кетуіне әсерін тигізеді. Бұл көптеген медициналық ежелгі философиялық мектептерде, дүниежүзі дінінде, дәрігерлерде айтып өткен. Бұл кісілердің барлығы ішкі күш, адам денсаулығына да емделуінде, шешуші рөл атқаратынын білдіруде.

ІІ (а) Аққаңбақ түсті (колючелистник кечимовидный, cем. гвоздичные) – таулы орманды ұзындығы 50-80см шөптесін өсімдік. Сабағы тік келген, ақшыл жалаңаш немесе қызғылт түстес сабақтардан тұрады. Жапырағына келетін болсақ қарама –қарсы орналасқан, сызықты, 1-2см немесе одан көп ұзындықта. Жалаңаш, төмен жағында толық ортаңғы сабақтан тұрады. Гүлі майда, теріле орналасқан, ақ күлгін түсті.

Тау –далалы жерде тек Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл облыстарында тас далалы құрғақ жерлерінде өседі. Және бұл жерде 5 түрі өсіріледі. Терім уақыты сәуір – мамыр айлары.

Химиялық құрамына келсек, тамырында 25% тритерпендік сопонин, гликозид гипсогениннен тұрады.

Дәрілік қасиеттері. Тамырынан тұндырмасы халық емшілігінде бронхитке, құры жөтелге қолданады.

Андыз тамыр көпжылдық горизонтал бойлап, қызғылт тамырлы, өрмелеп шыққан тамырларымен жапырақтары қатарласа орналасқан. Сабағы тамырын есепке алмағанда 100 см ұзындыққа дейін болады. Гүлі майда сары –жасыл. Қазақстанның Батыс – Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кездеседі. Тамыры 5% -ға дейін хош иісімен эфир майын, құрамында озерон (73 %), анерон және колонан комфен (73%), бор неол (3%), комфора (8%) сонымен проазумен. Сонымен қатар құрамындағы ащы гликозид, анорин, аскорбин қышқылы және химиялық зерттелмеген заттар табылған. Емдік қасиеттеріне келетін болсақ, акорин және эфир нязік дәмділікті, арттырады. Ішектегі сөлдерді, өтті асқазан жұмыстарын жақсартады.

Дәрілік жалбызтікен.

Тамыры жуан келген көпжылдық өсімдік. Жапырақтары қатарласа орналасқан. Гүлшоғыры көк жасыл 3-5 см жоғары орналасқан гүлі толық болып келеді. Гүлдері сабағын айнала орналасқан. Гүлдері жапырағы үстіне айнала орналасқан ал-қызыл гүлдер.

Әсіресе Оңтүстік Қазақстанда Жамбыл, Қызылорда облыстарында орналасқан. Тамырын көктемде алады.

Емдік қасиеті жалбызтікен тамырын жасалған тұндырманы, гастрит, іш бүруі, асқазан жарасы, он екі бармақ ішек, әсіресе іш кету жағдайларында пайдаланады. Ас қасықпен 4-5 рет ішеді.

Қырғыз жантақ. Шөл –далалы жерде өсетін өсімдік. Шалажапырақты сабағы 90 см-ге дейін барады.

Сабағы жапырағы жалаңаш жасыл. Жапырақ жай ұзынырақ. Сабақтары тікенекті жайылған балып келеді. Гүлі ал-қызыл. Тамыр жүйесі 6-м-ге дейін барады. Жартылай шөлді немесе құмды шөлді жерде өсетін өсімдікке жатады. Әсіресе, Сары-су Қарағанды облысы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан Жамбыл, Алматы облыстарында, құмды, игерілмеген жерлерде кездеседі. Шөбін дайындау мамыр айында жүргізіледі.

Шикізат – шөбі сабағы және жапырағы жасыл түсті тікенделіп келген. Иіссіз ащы-тұщы дәмді.

Химиялық құрамы. Шөбінде құрамында флевоноид –гликозидті изорамнетина тамориксетин, витетин С, органикалық қышқылдар, кетехиндар, лейноцианидиндер көп мөлшерде болады.

Бұл өсімдіктің емдік қасиетіне келсек, халық емшілігінде бұл өсімдіктердің тұнбасын қолданады.

(Infusumet Decoctum). Бұл тұнбаны геморойға (сырттай) асқазан жарасына, бауыр ауруларына, ангинаға, іріңді жараларға қолданады. Олар токсинді емес. Бұл өсімдіктің тікенегінен, жапырағынан, қант сұйықтығы бөлінеді. Бұл сұйықтықты балалар тамақтарына қосылады. (манны крупа).

ІІІ. Оңтүстік Қазақстан өсімдік қорына өте бай. Оның 26% дәрілік өсімдік осында өседі екен. Мысалы Шымкент химиялық-фармацевтикалық заводы қанша дәрілік өсімдіктердің шикізатын өндіреді. Дәрілік өсімдік жайында, олардың қаншама дертке дауа екенін айтып өтсек, (верблюжи комочка) қырғыз жантақ – бұл өсімдіктің шикізатынан ісік ауруларына қарсы дәрілер жасалады екен. Зерттеуші –ғалымдар анализ жасап көрген де Оңтүстік Қазақстанда (боярышника) долана, (шиповник) итмұрын, шайшөп т.б. көптеген дәрілік өсімдік қорлары бар екенін білді. Оңтүстік Қазақстан дәрілік өсімдіктерін көптеген зерттеушілер нақтылап өтті, олардың арасында атап айтсақ: М.С. Массагетов (1932), А.А.Иващенко (1978), И.Х. Карамышева (1983), Р.Г.Зарипов (1985), Р.В.Камелин(1990), Н.В. Нелина (1993), Н.В. Павлов «Растителные ресурсы Южного Казахстана» (1947) деп бекерге баға бермеген [6,7,8,9,10,11,12].  Көпшілік халық емшілігіне теріс көзқарас береді. Ол неге. Олар жергілікті өсімдіктерден қолданады. Емдеккеде , асқада тағы басқаға жағдайларға қолданады. Этноботаникалық зерттеулер. Қазір кезде ауылшаруашылығына келсек, гербенцидтер, пастицидтер қолдану нәтижесінде қалаларда құрғақшылық нәтижесінде, мысалға өкімет шешімі әсерінен Ақсу-жабағылы қорығында режимі бұзылып кеткен. Бұл жағдайдың барлығы антропогендік, экологиялық факторлардың әсерінен болып тұр. Осы антропогендік факторлардың әсерінен ауаға қаншама газдар азот қышқылы, концерогенді көмірсулар, фосфор қосындысы, күкірт газы амиак, фенол тағы басқа заттар ауаға көтерілуде. Ол дегеніміз көлмен суларда қоймаларға келіп түсуде. Кейін адамға жұғады. Бірінші жағдайда бұларды асқазан ішек органдарын жұмыстан шығарады, яғни тікелей әсерін тигізеді. Бұл фитотерапияға көңіл аударуымыз толық себеп болды. Ботаникалық ресурсы мыналарды зерттейді: өсімдік түрлерін, олардың халық арасында қандай жағдайларда қолданатынын, халық арасында қандай айналымда 2)өсімдік бөліктерін, қайта өңдеу үшін (шикізатын).  3) Өсімдіктердің өзара бір-бірімен байланыстылығын. 4) Популяциясын өсінділерін зерттейді екен. Кез –келген ғылым өздерінің белгіленген шарттарына мойынсұну керек.  1) Белгілі бір объекті зерттеу.  2)Жаңа фактілерге сүйеніп, оларды жүйелеу классификацияға бөлу.  3) спецификалық методтармен, зерттеулерге сүйену; 4) эксперимент қойып, результатын білу     5) жақсылап үйреніп шығып, жаңа теориялар, жаңа заңдар шығару   6) өзіңнің алдыңғы тарихын біліп, кейінгі жолыңды айқындап алу.

Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер медицина тәжірибесінде миллион жылдардан бері адамдар мен жануарлар арасындағы адамдар мен микроорганизмдер арасындағы тепе-теңдікті сақтап келеді. Ерте заманнан бері елшілердің негізгі емдік әдісі өсімдіктерге негізделген. Медицинаның бұл саласы фитотерапия деп аталған. Оның негізгі қағидасы-адамның денсаулығын ұзақ мерзімге дейін нығайту және қалпына келтіру болған. Қазіргі дәрі-дәрмектің 40-пайызы өсімдіктерден жасалады. Және де 400-ге жуық өсімдіктер пайдаланады. Тибет медицинасының көзқарасымен бұл өте аз. Ерте заманда емдік қасиеті жрқ өсімдік кемде-кем делінген. Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік  түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жағынан Қазақстан одақ көлемінде бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді айтпаса да түсінікті.

Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болып келді. Оның үстіне өнеркәсіпке дәрілік шикізаттардың күннен-күнге көп керек болуына байланысты өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау аса маңызды міндет болып келді. Оның  үстіне өнеркәсіпке дәрілік шикізаттардың күннен-күнге  көп керек болуына байланысты өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау  аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстан территориясының көп жеріндегі дәрілік өсімдіктер барынша аз зерттелген. Олар әсіресе шөл және шөлейт жерлерде көп. Ол  жерлерде басқа аймақта кездеспейтін құнды-құнды дәрілік өсімдіктер бар екені даусыз [13]. Ә. Іскендіровтың [14]. айтуы бойынша соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысырапсыз пайдаланудың, жерді аяусыз жыртудың, мал жайып таптатудың салдарынан мүлдем жоғалып барады. Осыған байланысты біз тек қана  дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды қолға алуымыз керек.

Дәрілік өсімдіктердің әр түрлі ауруларды жазудағы тиімділігі олардың қадір-қасиетін, оларға деген сұранысын арттырып келеді.

Адам денсаулығын қорғауда дәрілік өсімдіктердің қызметі жылдан жылға өсіп келеді., өйткені көптеген ауруларды емдеуге өсімдік текткс дәрілік заттары қолданылады. Мысалы, кейбір ауруларға қарсы қолданылатын дәрілік өсімдіктер мыналар: жүрек-қан тамыр ауруларына, дәрілік мысықтамыр, бес салалы сасық шөп, көкшіл-көкшегүл, дәрілік мелисса, кәдімгі жұпаргүл т.б.; орталық нерв жүйесі үшін жень-шень, марал шөп-тамыр, қызғылт семізот т.б; бауыр ауруларына қарсы үлкен жолжелкен, түзу қазтабан т.б; асқазан ауруларына қарсы үлкен жолжелкен, түзу қазтабан  т.б. [15].

Өсімдіктерден алынатын дәрілер синтетикалық дәріленген құрамындағы биологиялық белсенді заттарымен, макро және микроэлементтердің табиғи жүйеде болатындығымен, сондай-ақ тірі табиғи қосылысының адам ағзасына қолайлы қатыната болуы және оңай сіңірілетіндігімен ерекшелінеді [16].

Өсімдіктер және өсімдік тектес дәрі-дәрімектермен емдеу уақыттың қатан сынақтарынан өткен қазіргі уақытта барлық елднрді медицина саласында кең қолдау тауып отыр. Өсімдік текткс дәрі-дәрмектерді ығаруда тұрақты шикізат құрудың негізгі жолы дәрілік  өсімдіктерді егіс алқаптарда дақыл ретінде кең көлемді өсіру болып табылады.

Қазақстанның өсімдіктер ішінде көптеген дәрілік өсімдік түрлері бар. Бұрын табиғи орталықтарда өскен дәрілік өсімдіктер фармациялық өндірістің негізгі шикізат қоры болып табылатын. Кейінгі кезде оларды көзсіз, есепсіз жинау салдарынан кейбір өсімдіктер жойылып кету қауіпі төніп тұр. Сондықтан олардың табиғи қоры өндірістік шикізатқа деген сұранысын қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

Оған қоса  кейбір дәрілік өсімдіктер Қазақстанда табиғи орталықта өспейді, ал фармацевтика өндірісінің оларға деген сұранысы өте үлкен. Сол үшін бұл өсімдіктерді жерсіндіру жұмысымен шұғылдандыру қажет. Жерсіндіру ісі негізгі үш бағытта жүргізіледі.

  1. Басқа елден мәдени өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын әкелу.
  2. Дақылдарды бір аймақтан 2-ші аймаққа көшіріп, сол жерде қолдану.
  3. Дақылдар қатарына отандық шетелдік табиғи жолдармен жаңа өсімдік енгізу [17].

Қазақстан Республикасында небары 3% -қана дәрі-дәрмек өндіріледі, қалған дәрілік шет елдерден алып келінеді. Осыған байланысты мемлекеттік фармацевтика және медициналық өндірістің даму  бағдарламасында «Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша өз мемлекетімізде тәуелсіз фармацевтикалық өндірісте дамыту мақсатында, өзімізде шикізат дайындауды қолға алу керетігін атап көрсетеді.

Дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 1996 жылы басталды. Алғашқы кезде БӨИ әдістемелік нұсқауына  байланысты жеке коллекциялық питомник құрудан басталады.

Бүгінгі тиаңда коллекциялық питомникте 100-ден астам дәрілік өсімдіктер түрлері өсіріледі. Олардың арасында келешекте сұранымы жоғары болатын және Оңтүстік өңірге бейім дәрілік шөптер бөлектеніп, олардан биологиялық ерекшеліктері, өсіп-өну ерекшеліктері, өндірудегі агротехникасы, дәнінің өсу ерекшеліктері және биологиялық белсенді заттардың құрамы зерттелді. Ол өсімдіктер: дәрілік валериана, дәрілік түймедақ, дәрілік қырмызыгүл, дәрілік шалфей, мускат шалфейі.

Дәрілік өсімдіктердің табиғи көп өсіп кездесетін жері біздің мемлекетіміздің оңтүстігі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында дәрілік өсімдіктердің 3075 түрі бар. Оның ішінде, фармацевтикалық өндірісте жоғары бағаланатын және химиялық-фармацевтикалық өндірістің шикізаты болатындай көптеген дәрілік өсімдіктер кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде ғалымдар емдік дәрілік шөптердің 60-жуық ерекше түрлерін тапты. Ергежейлі итмұрын, Северцев унгерниясы, Регел күшәләсі, орташа қылша және басқалар [18].

Қазақстанның егемендiк алуымен бiрге бұл жүйе күйредi, арнайы мамандандырылған шаруашылықтар басқа күнделікті өтімді дақылдарға ауысып кеттi, тәжiрибелiк станса жойылды. Соның салдарынан, зауытқа тапсыратын фитопрепараттарды өндіру күрт төмендедi. Бұл республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге үлкен нұқcaн келтіруде.

Fылыми және өндiрiстiк тұpғыдaн дәрілік дақылдарды өндіріп, одан әpi  қарай өңдеу бүгiнгi күннің осы тақырыптың өзекті мәселесi болып табылады.

Соңғы он жылдың ішінде химия саласының жетістіктері мен синтетикалық препараттардың көптігіне қарамастан өсімдік тектес дәрілік заттарға деген қызығушылық анағұрлым артты. Шығу тегі жағынан табиғи болып келетін дәрілік заттар едәуір әсерлі деген көзқарас барған сайын арта түсуде, өйткені өсімдіктегі белсенді заттар әдетте жан-жақты болады және табиғатта ешқаншан кездеспейтін заттардан тұратын синтездеу жолымен алынған химиялық заттарға тән жанама әсер «жасыл дәріхана» преператында айтарлықтай болмайды.

Дамушы елдердің халықтарының басым бөлігі дәріханалардан дәрі сатып алуға хал-жағдайларының келе бермейтіндігін және осы күнге дейін емдеудің дәвтүрлі әдістерін қолдануларын ескере отырып, бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы өсімдік тектес дәрілік заттарға көп көңіл бөлуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауына қарағанда әлемнің 80 % халықтары осындай жағдайда болып отыр.

Қазіргі кезде дәрілік заттар шығыратын өндірістік орындар еліміздін қажеттілігінің небары 3-5 % ғана қанағаттандырады. Еліміздің дәрілік  заттарға жалпы қажеттілігі шамамен 300 млн. АҚШ долларын құрайды және оның 55 пайызын ТМД елдерінен, 42 пайызы алыс шетелдерден тасымалданады. Өзіндік фармацевтикалық өндіріс құру өте көп қаржы және ұзақ уақыт қажет етеді. Дәрілік өсімдіктерден емдік заттар өндіру, медицинада дәрілік өсімдіктердің өзін және жиынтығын қолдануды көбейту жұмыстарын ұйымдастыру анағұрлым тез болар еді. Дәрілік өсімдіктерді кең көлемді егіс алқаптарында өсіруге көп көңіл бөлінуде, өйткені отандық шикізат қорын жетілдіруге байланысты бұл бағыттың болашағы зор болып отыр. Осыған байланысты шикізат қорын құрып отырып өсімдік тектес дәрілік заттар алу мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын манадай бағыттарда жүргізу қажет: дәрілік өсімдіктерді дақылдар санына енгізу, өсірудің үдемелі әдістер жиынтығын жетілдіру, сақтау және алдын-ала өңдеу.

Асқазан ауруы, iшек-қабынғанда, бас айналу, бауыр қабынуларында,  жөтел-бронхит ауруларын емдеуге қолданатын дәрі-дәрмектердің ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұраныста болуын және осы дәрілік және мускат  шалфеилердің шикізаттарының тапшылығын ескере отырып табиғи қоры өте бай, әрі өсіруге ауа-райы жағдайлары ыңғайлы, сондай-ақ олардың қайта өңделуін жүргізуге мүмкіншілігі бар химия фармацевтикалық зауыты бар Оңтүстік Қазақстан облысында осы дәрілік өсімдіктерді мәдени дақылдар санына еңгізу, оны өсірудің үдемелі әдістер жиынтығын жетілдіру, сақтау және алдын-ала өңдеуге,  жерсіндірілген және сұранымы мол дәрілік өсімдіктердің биологиясын және морфологиясын зерттеп, меңгеру,  шалфейдің екі түрінің систематикасына  тоқталу, анатомиялық құрылыстық ерекшелігін салыстырып агротехникасын игеру  тиіс.

 

Оңтүстік Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің қазіргі жағдайы және олардын  дамыту жолдары

 

Дәрілік  өсімдіктер адам және мал денсаулықтарын сақтауда, ауруларды емдеуге маңызды орын алады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметі бойынша жер шары тұрғындарының 80 пайызы қазіргі таңдағы медицинамен қатар халық емшілігін де пайдаланады. Мәселен, АҚШ –та қолданылатын дәрі-дәрмектердің 25-0 пайызын дәрілік өсімдіктер құрайды. 2001 жылы «Қызыл қышлақ», «Қызыл қия» және «Әмір-Темір» шаруа қодалықтарының суармалы егістіктерінде 160-170 гектарға жуық жерге дәрілік шүйгіншөп және басқа дәрілік шөптер егілді. Арыс ауданының «Дермине» өндірістік кооперативінде дермине, жусан өсірумен айналасады.

Қызылмия тамырын және де басқа дәрілік өсімдіктер дайындауменг айналасатын маманданған шағын кәсіпорындар бар.

Дәрілік өсімдіктер Шымкент химия фармацевтикалық зауытында қайта өңделеді.

Қазіргі кезде Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылымы өңдірістік орталағының ғалымдары көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді суармалы жерлерде және нақты табиғат жағдайларына байланысты жерсіндірумен айналасуда. Сондай-ақ Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылымы өңдірістік орталағының ғалымдары шөл және шөлейт аймақтардағы дәрілік өсімдіктердің табиғи қорларын тиімді пайдалану бағытында табанды еңбек етіп келеді.  Фармацевтика өңдірісінде кеңінен қолданылатын, арзан әрі тиімді дәрідәрмектермен республикамыздың тұрғындарын толық қамтамасыз етуді жақсарту үшін дәрілік өсімдіктерді жерсіндіру, оларды өсірудің қарқынды әдістер жиынтығын жасау және көлемді егіс алқаптарында егу, өсімдіктерді биологиялық белсенді заттардың жиналуын жоғарылату, сондай-ақ сақтау әдістері жиынтығын жетілдіру, жаңа фитопрепараттар алу қажет.

Дәрілік өсімдіктердің табиғи қорын сақтау, жергілікті және жерсіндірілген өсімдіктерді көбейту, басқа жақтан алып келінген жаңа дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық қасиеттерін зерттеп, олардың ішіндегі ең тиімділерін медицинаға, мал дәрігерлігіне, тамақ өнеркәсібіне енгізу мәселе болып отыр.

Оңтүстік өңір тұрғындарын дәрілік өсімдіктермен және фармацевтика, тамақ өндірісін шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін дақыл ретінде егуге ұсынылған дәрілік өсімдіктер егістерінің көлемін арттыру жолымен және табиғи жағдайларда өсімдіктер  дайындауды дұрыс жолға қою керек. әр түрлі меншіктегі шаруашылықтарды дәрілік өсімдіктерді көлемді егіс алқаптарында егуге ынталандыру үшін фармацевтика өндірісі және дәрілік өсімдіктерді жерсіндірумен, өндіруді, өндеуді, сақтауды жетілдірумен айналасатын ғылымы мекелелер маркетинг жүргізу арқылы шаруашылықтарға қандай өсімдік егу пайдалы екенін дер кезінде хабарлап отыруы және өндірілген шикізатты сақтауға көмектесуі қажет.

Медицинада, мал дәрігерлігінде, өсімдік және қоршаған ортаны қорғауда, тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіпте, парфюмерияда Қазақстанда өсетін 200-ден астам дәрілік шөптер қолдануға болады.

1970-1985 жылдарда Оңтүстік Қазақстанда кейбір дәрілік өсімдіктердің (алақа, өткір жапырақты кассия, ақжусан,  дәрілік ноғаттық, сасық мендуана) егіс көлемі 1500-1600 га болды. Ол кезде өсімдіктердің егіс көлемін 6000 гектарға жеткізу көзделген еді.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтарының 160-170 га егіс алқаптарында дәрілік мысықтамыр (валериана лекарственная), дәрілік түймедақ «ромашка аптечная), өткір жапырақты кассия (кассия остролистная), дәрілік қырмызыгүл ( календула лекарственная) өсірілуде.

 

Жіңішке жапырақты эхинацеяны жерсіндіру маңыздылығы

 

Адамзат денсаулығына өте маңызы зор дәрілік өсімдіктер қатарына жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігі бірден-бір қажет өсімдік. Ауаның ластануынан, завод-фабрикалардың қалдықтарының молаюынан жылдан жылға дәрілік өсімдіктерге мұқтаждық артуда. Оның және бір себебі табиғи өсу аймақтарында дәрілік өсімдіктердің қатары кемейіп, жоқтың қасы. Оларды жылма-жыл малдың аяғымен тапталуынан және адамдардың жұлуынан да кемеюде, олардың кейбір түрлері 3-8 жылда бір мәрте көбейеді. Осы мақсатпен соңғы жылдары әр түрлі дәрі өсімдіктерді жерсіндіріп, жойылу үстіндегі кейбір өсімдіктердді сақтап қалу мақсатында «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми өнідірістік орталығында» дәрілік өсімдіктер тобы құралған. Онда таулы аймақтарда, шөлді, шет елдерден әкелініп жерсіндірілген 154 түрлі дәрілік өсімдіктер қоры бар. Мен осы өсімдіктердің ішінен Солтүстік Америкада өсетін, адамның ауруға қарсы тұру қабілетін арттыратын, иммундық жүйеге үлкен көмегі бар жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігін таңдадым. Бұл өсімдік ең бастысы биологиялық қасиеттері біріншіден, бұл иммундық жүйеге тиімді әсер етсе, екінші жағынан, антисептік және антиоксиданттық қасиеттерімен ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктерді жерсіндіруде барлық Республикаларда ғылыми орталықтар мен ботаникалық институттар зерттеп, мол нәтижелерге жетуде. Көршілес Өзбекстан Республикасының ботаникалық саябағында 305 түрлі өсімдіктер тек Ю.М. Мурдахаевтың еңбегі неге тұрады. Қазақстанда Фитохимияға ҚР ботаникалық саябақта 270-300 түрі әлемдік флорадан, 60 туысы әр жерлерден әкеліп, жерсіндіріп ғылыми жұмыстарды жүргізуде.

Бұл өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін ХVІІІ – ХІХ ғасырларда Европада, ХХ ғасырда ТМД, ХХ ғасырдың соңында Қазақстанда мәлім болды. Химиялық және фармацевтикалық құрамы 1897 жылы зерттелген, дегенмен әлі де толық зерттеліп болған жоқ.

Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәліметтеріне сүйенетін болсақ Қазақстанда өсетін 100-ден артық дәрі-дәрмектік өсімдіктердің түрлері бар. Солардың ішінде фармаколог және фитотерапия мамандарын қызықтырып отырған өсімдіктердің бірі – эхинацея. Соңғы жылдары Алматыда, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өсірілуде.

Рудбекия тұқымдасынан [Rudbeckia L] эхиноцеяның тұқымдасы келіп шығады [Echinacea Moench] күрделі гүлділер тұқымдасына (Сompositae) оның ең көп тараған күнбағыс туысына [Heliantheae] жақын. Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің отаны Солтүстік Америка. Бұл өсімдікпен шет ел ғалымдары 1898 жылы ғылыми жұмыстар жүргізген. Britton and Brewa: An illustrated Flora of the Northern United States, Canada and the British Possession Vol. I, II, III. (1898); Britton and Brown – The new illustrated Flora; Vol, I, II, III. (1952), L.H. Balley – The standard және СССР Флорасы /Т. ХХV, 1959/ және басқа әдебиет мәліметтеріне қарасақ, жіңішке жапырақты эхинацея Совет мемлекеті жанында жаңадан енген. Рудбеки жіңішке жапырақты эхинацея туысының 30 түрі бар. Оның табиғатта Оңтүстік, жартысы Солтүстік Америкада. Эхиноцея 5 түрі, оның 2 түрі Мексикада, 3 түрі Солтүстік Америкада. Табиғи таралу ареалы жіңішке жапырақты эхинацеяның жайындағы әдебиеттерді бәрі шет тілінде және орыс тілінде соңғы зерттеуші Н.А. Аврорина, 19561 еңбегінде онша толық емес. Географиялық анықтауға қарасақ, тек штаттарда кездеседі. Жабайы табиғаттан алып келіп, жерсіндірген және егу агротехникасын зерттеген Москва – Ботаникалық саябақ, Ташкент – ботаникалық саябақ.

 

1 сурет. Зерттеу жұмыстарының сызбасы

 

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің  химиялық құрамы

 

Эхинацея өсімдігінің химиялық құрамы жайлы да аздаған мәліметтерді айтуға болады. Бұл жайлы Самородовтің және т.б (1996) еңбегіне жүгінуге болады [19]. Бұл өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің барлығында да көптеген полисахаридтер, эфир майлары болады. Эфир майының бастысы – сексвитерпендер. Тамырында глюкозит, эхинакозит, бетаин, шайыр, органикалық қышқылдар, пальмитинді, меналинді, церотинді, сонымен қатар фетостериндер кездеседі. Эхинацеяның құрамындағы полисахаридтердің болуы иммундық жүйенің активтілігін жоғарылатады деген сөз. Осындай химиялық қасиеттері эхинацея тамырында зерттелді, оның дәрілік қасиеттері де әлемге әйгілі бола бастады. Мысалы, Германияда эхинацеядан жасалынған препараттарға сұраныс 110 млн-нан астам додолларды құраған. Сонымен қатар бұл өсімдікті мал азығы есебінде де пайдалануға болады. Оның құрамында протеиннің мөлшері 15,8%.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты Іле Алатауының бөктерінде өсетін эхинацея өсімдігінің химиялық құрамын, оның ішінде ауыр металдардың мөлшерін анықтай отырып, зиянсыз дәрі-дәрмектерді жасау.

Анализге эхинацеяның сабағы, жапырағы, гүлшоғыры және тамыры алынды. Ерітіндінің рН анықтау потенциометриялық әдіс арқылы жүргізілді. Сонымен қатар колориметриялық әдістер де қолданылды. К.С. Дениже (К.S. Deniges) әдісін пайдаланып, фотоэлектрокалориметрдің көмегімен өсімдіктің құрамындағы фосфорды анықтадық. Эфир майларының химиялық құрамы сулы бумен айдау әдісі қолданылды.

Топырақтың қышқылдығы оның құрамындағы сутектік (Н+) және гидроксильдік (ОН-) иондарына байланыс. Осыдан басқа тамыр жүйесі тіршілік ету процесінде анион және катиондар (Н+, ОН-, НСО3-, СО2-) бөліп шығарады. Аталған әр айда эхинацея өсімдігінің тамыр аймағынан алынған топырақтың рН (қышқылдығын) потенциометрия және колориметрия әдісімен анықталды. Мұнда келесі нәтижелерге ие болдық.

 

1 кесте

Колориметриялық әдіс арқылы топырақтың сулы ерітінділеріндегі рН анықтау  

                                                                                                    

Тәжірибе реті

рН орташа мәні

m

мамыр

5,6

± 0,16

маусым

5,4

± 0,08

тамыз

5,7

± 0,12

 

2 кесте

Колориметриялық әдіс арқылы топырақтың тұзды ерітінділеріндегі рН анықтау    

                                                                                    

Тәжірибе реті

рН орташа мәні

m

мамыр

7,4

± 0,01

маусым

7,3

± 0,08

тамыз

7,4

± 0,01

 

Келесі 3-кестеде алынған көзрсеткіштер бойынша, топырақтың қышқылдығы әр айдың топырағымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Эхинацея құрамындағы эфир майлары

Дәрілік өсімдіктерден алынған препараттардың емдік қасиеті олардың құрамына кіретін компоненттермен анықталады.

3  кесте

Эхинацеяның мүшелерінің құрамындағы эфир майларының мөлшері (%)

 

Өсімдік мүшелері

Мөлшері

жер үсті

0,35

тамыр

0,15

гүлі

0,7

 

 

 

 

 

 

 

Алынған мәліметтерде көрсетілгендей,  эфир майларының аса көп мөлшері тамыр жүйесінде жинақталған 0,15 пайыз болса, ол гүлшоғырымен салыстырғанда үш есе жоғары көрсеткішке ие. Жалпы жер үсті мүшелеріне қарағанда тамырдың құрамындағы эфир майларының мөлшері 5 есе арта түседі.

 

Эхинацея өсімдігінің құрамындағы макроэлементтердің мөлшері

 

Фосфор – өсімдіктің қоректенуіндегі ең негізгі элементі болып табылады. Өсімдіктер фосфорды жоғары қышқылды РО4- түрінде сіңіреді және өзгермейді. Фосформен қосылыстардың үлкен бөлігі топырақ ерітіндіде онша ерімейді, бір жағынан топырақтың шайылуына байланысты фосфордың мөлшерін төмендетеді, ал басқа жағынан өсімдіктердің сіңірілуін тежейді.

Сонымен қатар фосфор өсімдіктердің пісіп-жетілуін тездетеді. Фосфорлы қорек жетіспегенде өсімдік жапырағында көмірсутектің мөлшері көбейеді және жапырақ жасыл көк түске айналады.

Өткізген бақылауларда фосфордың эхинацея өсімдігінің әр түрлі мүшелеріндегі және топырағындағы фософрдың концентрациясын анықтадық.

 

4 кесте

Эхинацея өсімдігінің жер үсті, жер асты және топырағының құрамындағы фосфордың мөлшері (%)

                                                                                               

Зерттеу заты

Құрамындағы фосфор

Эхинацея тамыры

0,55

Эхинацея сабағы

0,73

Топырақ

1,09

Эхинацея жапырағы

0,37

Эхинацея гүлшоғыры

0,29

 

Зерттеуге алынған дәрілік өсімдіктің әр түрлі мүшесінің құрамындағы фосфордың мөлшерін анықтау барысында біз топырақтағы фосфордың мөлшері өсімдікке қаншалықты мөлшерде жылжуын зерттедік. 14 -кестеге көңіл аударатын болсақ, өсімдіктің тамыр аймағындағы топырақ құрамындағы фософр мөлшері 1,09% болса, ал өсімдік тамырында 0,55%, ең көп сабағында 0,73%, ең аз гүлшоғырында кездеседі. Сонда мына тізбек бойынша бұл көрсеткіштерді мына қатармен орналастыруға болады.

Сабақ > тамыр > жапырақ > гүлшоғыр

 

 Эхинацея өсімдігінің құрамындағы ауыр металдардың мөлшері

 

Жұмыстың негізгі қойылған мақсатына байланысты эхинацея өсімдігінің гүлдену кезеңінде микро, соның ішінде ауыр металдар және макроэлементтердің мөлшерін анықтау 10-нан астам микро және 6 макроэлементтерінің мөлшерін анықтадық. Бұл ауыр металдарға жататындар: Рb, Cu, Zn, Ni, Co, Cr, V, Mo, Ba, Mn, ал макроэлементтер құрамына: K, Fe, Al, Mg, Si, Ca.

5 кесте

Эхинацея өсімдігінің гүліндегі және жер үсті мүшелеріндегі  микроэлементтер мөлшері, мг/г 

                                                      

 

К

Рb

Cu

Zn

Ni

Co

Cr

V

Mo

Ba

Mn

Гүл

87,0

2,9

13,8

8,04

1,0

1,0

2,9

4,02

28,7

17,24

22,99

Жапырақ

96,0

2,6

10,4

7,3

0,94

0,94

2,1

3,6

20,8

15,63

31,25

 

6 кесте

Эхинацея өсімдігінің гүл және жер үсті мүшелеріндегі макроэлементтер мөлшері, %

 

 

Fe

Al

Mg

Si

Са

Гүл

0,23

1,15

0,9

1,15

> 3

Жапырақ

0,21

1,04

0,83

1,51

> 3

 

6-кестеге назар аударсақ, ең көп мөлшерде жер үсті мүшелерінде жиналған Mn орташа саны Mo, ал аз мөлшерде табылғаны Ni, Co болып табылады. Ал гүл құрамында дәл осында заңдылық бойынша жинақталған.

Сонымен қатар Ве, Sr, Sb, Cd кездеспейтінін байқадық. Мына элементтер таңбалы түрде ғана кездеседі. Аталған өсімдіктің құрамында мырыш пен селен жоғары мөлшерде жинақталған.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда сирек кездесетін дәрілік эхинацея өсімдігінің фармакологиялық қасиеті: иммундық жүйеге оң әсер ететін антисептикалық және антиоксидантты қасиеттермен сипатталады. Эхинацеяны стандарттауда полисахаридтер, алкиламиттер, гликозиттер негізгі маркер болып табылады.

 

2.  Материал және зерттеу әдістері

 

  1. Лабораториялық және дала жағдайындағы зертханалық жұмыс

Оңтүстік-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының физиологиялық кешені қаладан 15 км Солтүстік Батыста орналасқан. Шөлді-шөлейтті таулы, жазық аймақ. Болашақта да осы жұмысты жүргізем десең де мұнда үлкен мүмкіншіліктер жетеді. Егілген алқапта өсуі мен дамуының биологиялық ерекшеліктері зерттелді. Агротехникалық әдістері және дәрілік өсімдіктердің дәнінің өсу ерекшеліктері есепке алынды.

Тұқымның сапасының ең жоғарғы көрсеткіші болып, олардың дәнінің өсімталдық энергиясының неғұрлым процентінің жоғары болуымен саналады.

Зертханада және дала жағдайында дәрілік өсімдіктердің шығымдылығы М.Г. Николаевтың мәліметі бойынша [20] көптеген тұқымдардың сыртындағы қабықтары ыстықты және суықты өткізбейді. Қабықтың ішіндегі дәнді қаптап дымқылдық тез өтуіне кедергі жасайды. Тұқымның тез өнуіне көптеген факторлар әсер етеді, солардың ішіндегі ең керектісі ылғалдық, температура, сақтану қажеттілігі.

Егілген алқапта жіңішке жапырақты эхинацеяның биологиялық өсу-даму ерекшеліктері зерттелді. Тұқымның ең негізгі сапалық көрсеткіштерінің бірі олардың өсу энергиясының жоғарылығы. Жіңішке жапырақты эхинацея тұқымының шығымдылығын зертхана жағдайында 4 рет қайтара қойылып, t+22-250С қойылды. Тұқымды өндірудің сапалығын Петри табақшасында, сорғыш қағазды суландырып, әр табақшасында 50 түйір дәннен салып өндірдік. Өнімдердің шығымдылығы тоқтағанша күнделікті су бүркіп, шыққанын алып тастап отырдық. Күнделікті таңғы (9-10) уақытта өнген тұқым саналып, дәптерге жазылып, зертхананың ауасының температурасы мен ылғалдылығы зерттеліп, тексеріліп отырылды.

 

2.2 Биологиялық қасиеттері

Қазіргі таңдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстанда өсетін жүздеген дәрі-дәрмектік өсімдіктердің түрлері бар. Солардың ішінде фармаколог және фитотерапия мамандарын қызықтырып отырған өсімдіктердің бірі – эхинацея. Соңғы жылдары осы өсімдік Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясының қарауындағы Ботаника және өсімдіктерді қолдан өсіру институтында және Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу өндірістік орталығында өсіріледі.

Бұл өсімдіктің ең басты биологиялық қасиеттері біріншіден бұл иммундық жүйеге тиімді әсер етсе, екінші жағынан антисептік және антиоксиданттық қасиеттерімен ерекшеленеді, үшінші қасиеті дене күйгенде немесе денедегі әр түрлі ірің ауруларына қарсы пайдаланады. Сонымен қатар улы жыландардың уын қайтаруға, қан тоқтатуға, адам организміндегі биологиялық ырғақтардың қалыпты жүруіне де аса пайдалы. Эхинацеяның мұндай құндылықтарға ие болуының басты себебі, оның химиялық құрамында болатын эфир майы, шайыр, органикалық қышқыл заттардың болуынан.

Ал осы өсімдіктің Қазақстанда өсетін түрінің биологиялық және химиялық құрамы толық зерттеліп біткен жоқ. Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысы Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу өндірістік орталығында тау алды, сұр түсті топырақта өсетін жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігіне жүргізілді. Жұмыстың мақсаты мен міндеті өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерімен қатар, оның тұқымының өнуі, өсу энергиясын, өсу көрсеткіштерін (фенологиялық әдіспен), химиялық құрамын (фосфор, эфир майы) тамыр жүйесінің өсіп тереңдеуін, егу агротехникасын анықтай отырып, ауыр металдардың жинақтау процесін зерттеу.

Эхинацея өсімдігінің биологиялық сипаттамасына тоқталатын болсақ, бұл өсімдіктің туыстасы 22 таксоннан тұрады (Eangustifolia D.C.). Көптеген түрлері АҚШ-та таралған. Соңғы жылдары эхинацеяның үш түрі зерттелді, оның ішінде:

  1. Бозғылт эхинацея `(E. Pallida Nult);
  2. Жіңішке жапырақты эхинацея (E angustifаlia D.);
  3. Күңгірт эхинацея (E. purpurea (Z) Moenh).

Эхинацеяның туыстары да жер бетінде таралған, мысалы АҚШ пен Канадада 9 түрі және 2 түршесі белгілі. Эхинацея туысы (angustifаlia) көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Ал оның ішіндегі дәрілік шөптесін өсімдігінің тамыр-сабағы өрмелегіш. Сабағы тік өседі, биіктігі 90-120 см-ге дейін өрмелеп, қалқанша тәрізді, гүлшоғыры ұсақ себетті. Себеттері 5 мм-ге дейін болады, 5 ақшыл ашық және қызғылт түсті, тілімделген, 14-20 сары, ақ түтікшелі гүлдерден тұрады, жемісі тұқымша. Шілде айларында гүлдеп, қыркүйек айларында өсіп-пісіп жетіледі. Жіңішке жапырақты эхинацеяның көп жылдық шөптесін, өсімдік бойы 60-120 см. Тамыры өте тереңге бойлап өсетін, қуатты жуан, ұзын, жан-жағына жанама тамырлар шығарады. Біздің сұр түсті боз топырақта өскен жіңішке жапырақты эхинацеяның 1-ші жылы – 40-55 см, 2-ші жылы – 95-68 см, 3-ші жылы – 105-98 см тереңдікте зерттелді.

Жанама бұтақтары онша көп емес, аз бұтақты, жапырақтары ұзынша, өте түкті ені – ұзындығы, ақшыл, сұр, жасыл түсті, ал түпкі бұтақшалары қоңыр-қызғыш түсті. Жанама бұтақшалары 15-300 орналасады. Орта тұста жанама бұтақшалары көп болады.

Жапырақтары түкті, ұзын-жіңішкелеу болып келеді. Ені – 4,5-5,5 см, ұзындығы – 8-17 см. Жапырақтың астыңғы жағы 5 қатарлы жүйкеленген. Бұтақтың астыңғы жағынан жоғары қарай жапырақтар саны кемейіп, ені мен ұзындығы қысқара береді, жоғарғы жағында жіңішкеріп, үшкірленген кішкене жапырақша болып қалады. Гүлі әр бұтақшада 3-5-1 дана гүл шоғыры болады. Шақталмаған, ұзын бұтақта гүлшоғыры майда, түсі қызыл, ені – 12 см, диаметрі – 7-4 см болады. Ұрығы жартылай шар тәрізді, тікенді, қатты, қанық қоңыр түсті, үш қатарлы, ұрықтың қауашағындағы жапырақтары ланцет түрінде, әр қатарда 10-18 шт, ұрық үстіндегі үшкірлі үсті-үстіне орналасқан, түктер қаптаған, ұзындығы – 0,8-1,6 см, ені – 0,2-0,4 см.

Гүлдеп болған соң ұрық қауашағы өте тығыз ұрықтарға толы, сыртынан қатты тікенекті қауашақпен қоршалған, ашық қоңыр түсті. Ұрығы жіңішке тілше тәрізді, үстінде 2-3 тілшелерден, 10-20-дай ортасында өте тығыз көп орналасады. Әр шұңқыршада бір-бірден ұрықтар орналасқан, ені – 0,4-0,3 мм, ұзындығы – 4,5-5 мм.

Тозаңы ашық-сары түсті. Ұрығы төрт түрлі, сұр-қоңыр түсті. Ұзындығы – 5-6 мм, жоғарғы жағы енділеу, төмен қарай енсіз болып келеді, 1000 дәннің салмағы – 4,0 г.

Өз отанында шілде айында гүлдейді, ал бізде, Шымкентте маусым айының басынан тамыз айына дейін гүлдейді, қыркүйек, қазан айларында ұрығы пісіп-жетіледі. Оңтүстік Қазақстанда «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу өндірістік орталықтың» дәрілік өсімдіктерді жерсіндіру бөлімінде 2004 жылдан өсірілуде.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес бұл өсімдіктің гүлінің себеттерін шілде, тамыз айларында, ал тамыр-сабақ пен тамырын күзде жинайды. Дәрілік шикізатқа өсімдіктің гүл шоғырын, жер үсті мүшелерін, тамырын пайдаланады.

Қазақстанда жіңішке жапырақты эхинацея дәрілік өсімдіктер генофонын жасау және ғылыми негізде агротехникалық әдіс арқылы кең қолданыс табу үшін біршама жұмыстар жасалып жатыр. Бұл өсімдіктің басты бағалы қасиеті дәрі-дәрмектік препараттар жасауға ең бағалы шикізат.

Сонымен қатар, соңғы кездердегі ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, бұл өсімдіктің табиғи популяциясының күрт төмендеуінен, оның түр есебінде Жер бетінен жойылып кетуіне де қауіп төндіруде. Сондықтан бұл жағдайларды болдырмау үшін жасанды жолмен өсіріп, оның табиғи ортаға бейімделу жолдарының әдістерін қолдана отырып, популяциялық санын, сапасын, таралуын қалпына келтіру қазіргі таңдағы басты мақсат.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің химиялық құрамы жайлы да аздаған мәліметтерді айтуға болады. Бұл жайлы В.Н. Зайцевтің (2001) еңбегіне жүгінуге болады. Бұл өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің барлығында да көптеген полисахаридтер, эфир майлары болады. Эфир майының бастысы – сексвиттергендер. Тамырында глюкозит, эхинакозит, бетален, шайыр, органикалық қышқылдар, пальмитиндер, менаминді, церотинді, сонымен қатар фитостериндер кездеседі. Эхинацеяның құрамындағы полисахаридтердің болуы иммундық жүйенің активтілігін жоғарылатады деген сөз.

Осындай химиялық қасиеттері эхинацея тамырларында зерттеліп, оның дәрілік қасиеттері де әлемге әйгілі бола бастады. Мысалы, Германияда күңгірт эхинацеядан жасалынған препараттарға сұраныс 110 млн-нан астам долларды құраған. Сонымен қатар бұл өсімдікті мал азығы есебінде де пайдалануға болады. Оның құрамында протеиннің мөлшері 15,8%.

Мал азығында құрамының әр түрлілігіне байланысты және жасыл балаусаның молдылығына байланысты силос жасалады және күнбағыстан жоғары орында тұрады. Жіңішке жапырақта эхинацеяны толық гүлдеп болғаннан кейінде силос – сүрлеуге болады. Бұл жұмысты 2 бағытта алып баруға болады, 1-ші осы аймақты декаротивті гүлдендіріп, соңынан 2-ші мал азықтың сүрлем жасауға болады.

Ұзақ уақыт ашық қызғыш түсті және жұпар иісті дамылсыз гүлдеуіне байланысты омарта шаруашылығында бал жинау мақсатында қолдануға болады. Бұл тәжірибе А.Н. Левшин мырзаның Белорусия ауыл шаруашылығы академиясында 1950-1951 жылдарда зерттелген. Нәтижеде 1952 жылы басқа өсімдіктерге қарағанда екі есе мол бал жиналған.

Бұл бал жинау мақсатындағы тәжірибе Өзбекстанда да институт ботаника АН УзССР аспиранты Г. Хамидов та ғылыми жұмыстар жүргізді. Ғылыми жұмыстың нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

7 кесте

Ташкент қаласындағы эхинацея өсімдігінің гүл нәрінің құрамы  /Г. Хамидов/

Өсімдік аты

Гүл саны (шт)

Моноза

(мг)

Сахароза

Сахара типа моноза

Қант құны

100 гүл қант саны

Күңгірт эхинацея

100

17,6

4,7

15,2

37,4

24,7

Жіңішке жапырақты эхинацея

100

21,65

6,45

20,30

49,60

29,5

 

Бұл кестеден біздің көріп тұрғанымыз күңгірт түсті эхинацеяға қарағанда жіңішке жапырақты эхинацеядан мол өнім алуға болатынына көз жеткізуге болады. Экологиялық жағынан да өте тиімді, онша жер таңдамай өсе береді, ыстыққа да төзімді, қуаңшылыққа да тамырының терең бойлай өсуі және жуан болуына байланысты төзімді. Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігі ыстыққа төзімді, себебі жапырақтары, тамыр сабақтары майда, кедір-бұдырлы түкшелерден құралған, ксероморфты, тамыры жуан, жан-жақты терең бойлай өсе береді. Оңтүстіктің қысына да, суығына да төзімді. Бұл өсімдіктің 3 жыл бойы өнімділігі өте жоғары.

 

2.3  Зерттеу әдістері

Зерттелуге алынған жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің тұқымы Алматы өсімдіктерді жерсіндіру және ботаника институтынан, Ташкенттегі ғылыми өндірістік орталық УзРҒА-тан және ВИЯР (Мәскеу облысы) алынған. Бұл алынған тұқымды Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының» дәрілік шөптерді жерсіндіру бөлімінің эксперименталды учаскесінде зерттелді. Бұл учаскеде бұл күнде 154 түрлі жан-жақтан әкелінген жерсіндірілген өсімдіктер түрі өсіріліп, зерттелуде. 1996-2007 жылдар аралығында 154 түрлі дәрілік өсімдіктердің 29 туыстасы, 42 туысы, 4 биоморфты, бір жылдық – 20, көп жылдық шөптесін – 28, жартылай бұталы – 5, шала бұталы – 3, бұталы – 2 өсімдіктер бар. 17 флоралық облыстарға бөлінеді. 1 – Иран-Турандық, Циркумбореалды, Жер орта теңіздік – 9, Шығыс Азиялық – 5.

Фенологиялық зерттеу Бейдеман әдісімен [22]  тәжірибе алаңында күнделікті бақылау жасалынды. Бірінші өскіннің шыққан күнінен бастап саналып, ұзындықтары өлешніп отырылды. Өсімдіктің көшетін отырғызар алдында топырақты майдалап, жерді дайындап, тегістеп аламыз. Себуді тұқымның өсуіне, дәніне қарап кең қатарлы бірдей қазықтар жасап, оған белгі қойып, қолмен себу жұмысын жүргіздік. Ара қашықтығы 70 см, егу тереңдігі 2-4 см, тәжірибе 4 вариантта, 4 рет қайтара егілді. Егілердің алдында тұқымның шығымдылығы тексерілді. Көктемде жаппай өнген соң өлшеу мен бақылау жүргізілді.

Оптимальді егу мерзімінің қолайлы уақытын білу үшін көктемгі әр түрлі мерзімде 15 наурыздан бастапәрбір 10 күн сайын 15/ІІІ, 25/ІІІ, 5/ІV, 15/ІV есептеп отырылды.

Тұқымды себу сапасына (өсу энергиясы, өну) М.К. Фирсованың әдісімен ғылыми жұмыс арып барылды [23]. Тұқымның 1000 дана салмағы ГОСТ Р. 51096-97 бойынша өлшенді [24]. Жіңішке жапырақты эхинацеяның құрамындағы эфир майының мөлшері ГОСТ 24027-80 Гинзбугтың әдісімен [25] анықталды.

Егілген майда арықшаларды физиологиялық кешенде 25-50 м2 көлемде, арықтар аралығы 70 см, егілу тереңдігі 2-4 см-ді құрайды. Жауын мөлшері жеткілікті, топырақ қызғанда, Б.А. Доспехов әдісімен методикаға сай (1985) [26].  қол күшімен алып барылды. Суару мерзімі өсімдіктің жағдайына, топырақ ылғалдылығына қарап анықтадық. Топырақты қопсыту, арам шөптерден арылту уақтылы жасалды.

Фенологиялық қадағалау және окопқа егілген өсімдіктер саны күнделікті қадағалап есепке алынды. Тұқымнан өніп шыққан екі жапырақтан бастап өсу динамикасын Т.А. Работновтың [27] және И.Н. Бейдеманның [28]  әдістемесімен жүргізілді.

Ең алғашқы тіршілік формасын E. Warting (1884), одан кейін тереңдетіп, оның классификациясын түрдің әр түрлі тіршілік формасын зерттеген С. Raunkier. Олардан кейін зерттеген атақты морфологтар И.Г. Серебряков [29], Л.Е. Гатцук, Е.С. Смирнова [30].

 

2.4 Климаты

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймағы климатының айрықша ерекшеліктері – инсоляция мен жылу қорының молшылығы. Жалпы мұндағы жыл маусымдары климатының сипаттамасы туралы деректер жетерлік .

Сондықтан бұл жұмыста зерттеу жүргізген жылдардың ауа райының ерекшеліктерін Шымкент қаласындағы теңіз деңгейінен 552 м. биіктікте жатқан «Шымкент» ауа райын бақылау бекеттерінің мәліметтеріне, сондай-ақ өз бақылауымызға сүйене отырып, келтірдік. Осы аймақта жылу жиынтығының көп жылдық орташа көрсеткіші 40490; жауын-шашын мөлшері 448 мм. Жауын-шашынның мол түсетін кезеңі қараша-мамыр айлары. Маусым айында жаңбыр күрт азайып, шілде-қыркүйек айларында мүлдем болмайды десек те болады.

Жылдың жауын-шашын мөлшері ақпанда -89,4 мл, минимальді – тамызда -0,8 мм. Жаз айларында күн ыстық, ылғал сондықтан қолмен суғарып тұру керек.  

Зерттеу жылдары алынған мәліметтерден жоғарыда аталып өткен ерекшеліктер жалпы сақталғанын байқаймыз. Дегенмен ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері кейбір жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштерден ауытқып отырғанын атап өткен жөн .

2006 жылдың бірінші жартысында келтірілген мәліметтерден қаңтар айының өте суық, ал ақпан айы керісінше жылы болғанын байқаймыз. Шымкент жағдайында көктемнің бірінші айы жауынды, ал соңғы екі айында жауын-шашын өткен жылдарға қарағанда төмен келді, ал маусымның соңғы екі күнінде жаңбыр жауып, өсімдіктердің өсуіне оң әсер етті. Осы өңірдегі келтірілген 7 айдағы жауын-шашын мөлшері көп жылдық орта көрсеткіштен 70,7 мм жоғары.

8 кесте

2007 жылғы метеорологиялық ауа-райы

 

Айлар

10 күндік

Т0С

R,

мм

F,

%

Норма

R, мм

t0

Қаңтар

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

-4,8

-1,7

4,5

-0,5

31,1

20,7

 

51,8

64

73

54

63

20

20

20

60

-2,3

-2,8

-2,7

-2,6

Ақпан

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

7,1

2,9

-0,1

3,6

23,1

12,5

60,7

96,3

73

80

75

76

21

21

21

63

-1,7

-0,4

1,2

-0,3

Наурыз

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

2,5

8,0

9,2

6,6

9,7

7,0

55,8

72,5

62

61

76

67

29

29

29

87

2,8

5,4

8,0

5,4

Сәуір

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

12,1

19,0

17,3

16,1

51,6

23,9

8,6

84,1

72

69

72

71

26

26

26

78

10,6

12,8

15,0

12,8

Мамыр

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

17,9

17,7

22,2

19,4

8,7

35,8

0,0

44,5

63

67

47

59

14

14

14

42

17,0

18,8

20,3

18,7

Маусым

 

 

Орташа

 

І

ІІ

ІІІ

 

22,9

24,6

27,4

25,0

2,5

2,7

 

5,2

46

39

37

40

6

6

5

17

21,9

23,2

24,5

23,2

Шілде 

 

 

Орташа

 

І

ІІ

ІІІ

 

27,0

27,4

26,1

26,8

0,0

1,4

0,0

1,4

39

39

35

38

2

2

3

7

25,7

26,3

26,4

26,1

Тамыз 

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

27,3

24,5

26,6

26,1

1,1

 

 

1,1

37

31

27

32

1

1

1

3

25,9

24,66

23,0

24,5

Қыркүйек 

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

25,5

 

29

2

21,1

 

 2.5     Топырағы

Тәжірибеде жүргізген жерлердің топырағы алуан түрлі, жер деңгейі теңіз бетінен биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді.

Топырақтың құнарлығы туралы мәліметті Оңтүстік Қазақстан гидрогеолого-мелиоративті экспедицияның АШМ ҚР көрсеткішінен алынды. Фосфор құрамы 27 мг/кг, гумус А-О-10 см-де 1,25%, 20 см тереңдікте 0,94% кеміді. Топырақ аз негізді РН-6,6-7,4. Ауаның орташа жылдық температурасы +13,40С. Ең ыстық +260С. Ең суық (қаңтарда) -0,80С.

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысын Г.А. Жихарева, А.Б. Құрманғалиев, А.А. Соколов [31], Т.Т. Тазабеков [32]жалпы сипаттаған.

Осы еңбектерге сәйкес физиологиялық кешеннің тәжірибе жайы қалыпты боз топырақ аймағына жатады. Физиологиялық кешеннің топырақ жамылғысы жоғарыда көрсеткеніміздей, қалыпты боз топырақ. Мұнда жауын құртының тіршілігінің ізі төменгі 20-40 см қабаттарында жақсы байқалады. Сондықтан топырақ құрылымы түйіршектене бастайды. Жеңіл еритін тұздардың мөлшері өте аз.

Топырақ кескінінің сипаттамасы төмендегідей:

А1 0-15 см.     Сұр, құба дақты, шымды, тамырлы, жоғарғы жағы қабат- 

                        қабаттау, одан төменгісі кесекті, саздақты.

А2  15-30 см.  Ашық сұр, құба дақты, тығыз, аз тамырлы, кесекті-

                        түйіршікті, ауырсаздақты.

В1  30-45 см.   Құбалау, ашық сұрлы, карбонат көгі кездеседі, тығыз, аз        

                        тамырлы, түйіршікті, ауырсаздақты.

В2  45-70 см.   Жауын құрты жүріп өткен қуыстардың қабырғасына

                        карбонат зеңінің көптеген дақтары жабысқан сұрлы, ашық

                        құбалы, тығыз, ауырсаздақты.

Вс  53-80 см.  Карбонат зеңі тараған құба қыртыс, аз тамырлы,

                       түйіршікті, жаңғақ ұқсастау, ауырсаздақты.

С1  90-110 см.   Ақшыл дақты, карбонатты сары, тығыз, піллә ұқсас

                           топырақ кездеседі, майда жаңғақты, ауырсаздақты.

С2  110-140 см.  Ашық сары, ылай дақтары басталады.

Басқа боз сұр топырақтармен салыстырғанда физиологиялық кешеннің сұр топырағы құнарлы келеді. Мұндағы топырақтың 0-10 см қабатындағы шірінді мөлшері 1,25%, 10-20 см – 0,94%. Топырақтың реакциясы 6,6-7,4% тұздардың қосындысы жоғарғы қабаттарда 0,088-0,11%, ал төменгі қабаттарда – 0,059-0,095% құрайды (9-кесте).

10 кестеден көрінгендей, көлемі 1,0-0,25 мм топырақ түйіршіктерінің мөлшері жоғары 0-20 см қабатында төменгілерге қарағанда екі еседен жоғары, ал басқа түйіршіктер мөлшері барлық қабаттарда бірдей дерлік.

 

9 кесте 

Физиологиялық кешендегі қалыпты боз топырақ түрінің құрамындағы ерітінді заттардың мөлшері

пайыз есебімен

 

Топырақ қабаты, см

Тұздар қосындысы

Сілтілігі

Cl’

SO4

Ca’

Mg”

Na+K

карбонатты СО3

гидро-карбонатты НСО3

0-10

0,088

жоқ

0,043

0,07

0,014

0,12

0,002

0,009

10-20

0,11

жоқ

0,043

0,007

0,029

0,010

0,002

0,018

20-30

0,095

жоқ

0,043

0,07

0,019

0,010

0,002

0,014

30-40

0,088

жоқ

0,043

0,007

0,014

0,008

0,004

0,012

40-50

0,088

жоқ

0,043

0,004

0,019

0,010

0,004

0,009

50-60

0,095

жоқ

0,037

0,007

0,024

0,008

0,006

0,012

60-70

0,095

жоқ

0,037

0,011

0,019

0,012

0,002

0,007

70-80

0,059

жоқ

0,031

0,005

0,007

0,006

0,002

0,009

80-90

0,059

жоқ

0,031

0,005

0,007

0,004

0,002

0,009

90-100

0,059

жоқ

0,031

0,004

0,010

0,008

0,002

0,005

 

10 кесте

Физиологиялық кешендегі қалыпты боз топырақ түрінің механикалық құрамы

 

Топырақ қабаты, см

Түйірлер көлемі, мм; олардың мөлшері абсолютті-құрғақ топырақтағы % есебімен

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

<0,00

<0,01

0-10

1,29

54,65

22,16

5,43

11,05

5,39

21,87

10-20

1,44

57,72

19,91

5,72

9,22

5,99

20,93

20-30

0,65

53,99

22,5

6,51

9,60

6,45

22,56

30-40

0,57

56,36

20,01

6,57

8,37

8,12

23,06

40-50

0,41

56,42

19,52

6,12

9,43

8,10

23,65

50-60

0,52

55,41

20,80

5,01

9,49

8,71

23,21

60-70

0,61

55,85

21,24

6,17

7,83

8,30

22,30

70-80

0,66

56,0

20,69

5,60

8,33

5,72

22,65

80-90

0,45

58,1

18,43

5,32

8,71

8,99

23,02

90-100

0,56

56,35

20,73

4,58

9,04

8,74

22,36

 

3. Зерттеу нәтижелері

3.1 Тұқымының биологиялық өсу ерекшеліктері

Экологиялық факторларға мән бере отырып, жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің оңтүстіктің ыстық және құрғақ жазына, суық, ызғарлы қысына төзімділігін және өсіп, өну, гүлдеу, пісіп-жетілу фазаларына кеңінен мән берілді.

Морфологиялық өсу, өну, өсімдіктің бойы, диаметрі, тамыр сабақтар саны, жапырақтар саны, оның формасы, өлшемі, гүл шоғырындағы гүл себетінің саны, буын аралығы, оның ұзындығының формасы, реңі, гүлінің мөлшері, тұқымы, тұқым қауашағы, гүлдерінің мөлшері, гүлдеу ұзақтығы, ашылуы И.Г. Серебряковтың [33], А.А. Федоровтың [34] әдістемесімен жүргізілді.

Жіңішке жапырақты эхинацеяның динамикалық белгілерін, жапырағының, тамырының, сабағының, тамырының анатомиялық кескінін Ташкент ботаникалық саябағының ғалымдарымен бірлесе отырып жасадық.

Анатомиялық кескіннің шілде-тамыз айларында қазып алып, тазалап 70% этил спиртінде жеткіздік. Кескінді өте өткір алмаста қолдан кесіп М.Н. Прозинаның [35] әдістемесімен жүргізілді.

Кескінді флороглюцин ерітіндісімен және концентрациясы өте жоғары тұз қышқылымен өңделді. МБИ – 3 (үлкендігі 84х21) микроскопта зерттеліп, суретін салдық.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің тұқымы физиологиялық және морфологиялық белгілермен ажыратуға болады. Жіңішке жапырақты эхинацеяның 1000 дана тұқымының салмағы 3,8-4,0 г, ұзындығы 0,4-0,5 мм, ені 0,1-0,2 мм. Бұл көрсеткіштер келешекте ұрықты себу нормасын анықтауда керек болады. Тұқымның өніп-шығуына көптеген факторлар әсер етеді – ылғалдылық, температура, сақталу мерзімі, сақталу орны [36,37,38].

Лабораториялық жағдайда бөлменің температурасы 19-210С болғанда шашка Петрияға 50 дана дәннен 4 мәрте қайталау әдісімен, түбіне фильтр қағазын төсеп, оны дистиленген сумен нәмдап өну қоямыз. Нәтижеде үшінші тәлікте өне бастайды. Өніміділігін анықтау үшін күнделікті бір мезгілде назар аударып, қарап, өнген дәнді санап отырамыз. Соңынан пайыздық есеппен өнімділігін анықтаймыз. Жіңішке жапырақты эхинацеяның лабораториялық өнімділігі 84-97%.

Ең жоғары өну көрсеткіші 6 тәулікке дейін, одан кейін дәннің өну сапасы күрт төмендейді.

Дәндерді ұзақ уақыт лабораторияда сақтау үшін дәннің биологиялық қасиетін қандай ауа ылғалдылығында, қандай температурада сақтағанда келешекте мол тұқым қорын сақтап қалу мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әр түрлі уақытта сақталған дәндерді алдын осылардың нәтижелеріне қарасақ, әр түрлі мәлімет алдық. Жіңішке жапырақты эхинацеяның дәні жыл өткен сайын өну қуаттылығы төмендей береді. Мысалы бізде 3 жылдық жіңішке жапырақты эхинацеяның дәні 74%, С. Худжониязованың [39] мәліметі бойынша 55%. 

11 кесте

Жіңішке жапырақты эхинацея дәнінің сипаттамасы

 

Өсімдік аты

1000 шт. салмағы, г.

Мөлшері, мм

Түсі

ұзындығы

ені

Echinacea purpurea

4,15±0,06

5,6±0,19

2,88±0,08

Ақшыл қоңыр, сұр түсті

Echinacea angustifolia

3,93±0,08

5,3±0,11

2,67±0,07

Қоңырлау,

сұр түсті

 

Зерттеу нәтижесінде төмендегідей мәліметке сүйенсек болады. Ұзақ сақталғанда кейбір өсімдіктің дәндері өсу энергиясы жоғары болса, жіңішке жапырақты эхинацеяның өсу қабілеті жыл өткен сайын төмендейтініне көз жеткізуге болады.

Жер бетіне сепкендегі дәннің өнушілігін физиологиялық кешеннің экспериментальді учаскеде жүргізіледі. Ауаның орташа жылуы 10-150С, ал топырақтың ылғалдылығы 70-80% болғанда өну процесі жоғары болатынын анықтадық.

Екі  жылдық мәліметтерді салыстырғанда, өте қолайлы жыл 2007 жыл болды, жер бетіне себу өнімділігі 29,2-54,6%. 2007 жылғы өнім 35,0%, ал 2008 жылы – 32,5%. Сәуір-мамыр айларында ауаның температурасы өткен жылдағыдан төмен болды.

 

12 кесте

Жер үсті өну қасиеттері, %

 

Өсімдік аты

2007 ж

2008 ж

Жіңішке жапырақты эхинацея

48,0±3,52

41,0±3,53

 

3.2 Жіңішке жапырақты эхинацеяның морфогенезі, өнімділігі

Өсімдіктің морфогенезі негізінен биология мамандығын меңгерген және ауа райының қолайлы болуына тікелей байланысты. Әрбір өсімдік өзіне тән өміршеңдік (биоморф) және онтогенезге ие. Жіңішке жапырақты эхинацеяда экологиялық, өміршеңдік, жерсіну формаларын көруге болады. Өсімдіктің морфологиясы және өміршеңдік формаларын кеңінен зерттеген ғалымдар Я.Е. Гатцук [40], Е.С. Смирнова [41], F. Halle және W. Troll [42]. Биоморфологиялық қасиеттерін И.Г. Серебряков, экологиялық-морфологиялық, фитоценотичестволық қасиеттерін – Г.М. Зодулин [43], экологиялық-биологиялық – В.Н. Голубев [44]. Осы жоғарғы ғалымдардың ізденісіндегі заңдылықтарға сүйене отырып, бізде жерсіндірілген жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігін Оңтүстік облысы аймағында тәжірибе жүргіздік.

Өсімдіктің онтогенезі – өсімдіктің дәнінің өнуінен бастап өміршеңдердің формасы тоқтағанша зерттелді.

  1. Латентті (дәннің бөртуі).
  2. Виргинильді (дәннің өнуі, ювенильді, имматурлі), (жас өркендердің өсуі).
  3. Генеративті (жас, орташа және кәрі генеративті өркендер).
  4. Постгенеративті (субсенильді және сенильді өсікіндер).

Echinacea angustifolia – жіңішке жапырақты эхинацея. Эхинацея тұқымдасының 5 түрі бар, 2 түрі Мексикада, 3 түрі Солтүстік Америкада. Бұл түрді бірінші болып К. Линнеем 1753 жылы – Рудбекия пурпурная – Rudbekia purpureah деген атпен анықтады, 1794 жылы К. Моеnch деген ғалым эхинацеяны әр түрге бөлді, гүлінің сондай әсемдігі, қатты тікенекті ұрығына қарап «эхинацея» деген атпен жариялады. «Echinos» - «тікенек» ағылшыннан аударғанда тікенек немесе кірпі деген мағынаны береді. Медицинада 3 түрі, Echinacea purpurea (L) Моеnch, Е. рallida (L) (Nutt) және E. аngustifolia (L), бұлар күрделі гүлдер тұқымдасына Asteraceae Dumort жатады. Таралуы: Солтүстік Американың субтропикалық белдеуінде және Қазақстанда, Украинада, Солтүстік Кавказда жерсіндіріліп, өсірілуде [45].

Экология: Аралас жапырақты орманда, орманда, орман алды және  жазықтарда өседі. Дегенмен онша нәзік өсімдік емес. Жер таңдамай түрлі климаттық жағдайларда өсе береді.

Көп жылдық, тік өсетін бойы 85,0-105,0 м. тамыры жуан, тереңге бойлай өседі. Сабағы тік, қатты, аз сабақты, сабағы түкті. Жапырағы кезектеті, қарапайым жүйкеленген, шеткі жиектері түсті-иректі түкті болып келеді. Гүлі – гүл шоғырын жайласқан – жалғыз себетті, ұзын гүл сағақты. Гүл шоғырында 238 гүлшелер, оның көбісі түтікшелі, толық, тілшелерден құралған.

Жіңішке жапырақты эхинацея шілде-тамыз айларының 25-35 күн аралығында гүлдейді. Гүлі өте жақсы тозаңданады, жұпар иісті, насекомдарды өзіне жақсы тартады. Онтогенезін Украинада В.А. Меньшова [46], Қазақстанда У.Х. Суюншалиева [47], Оралда Е.С. Васфилова [48], ал морфологиялық характеристикаларын және гүлдеу маусымын, биологиясын бірінші болып Ташкентте С. Худжониязова [39], суару мерзімін О.А. Ильинский [49]зерттеген.

Латентті кезең (Sl). Дәні – төртқырлы орташа, күлгін-сұр түсті. Дәнінің жоғарғы жағы төртқырлы, кедір-бұдырлы, жалпақтау, төменгі жағы жіңішкеленіп, үшкірленеді.

Виргинильді кезең (V). Өскіндер (р). Тұқымын күзде сепсе, жақсы өнім береді. Көктемде еккенде, топырақ қызғанда 15-18 күнде, сәуір-мамыр басында шығады. Дәннің өне бастағанда бір шетінен жарылады да, сол жерден алғашқы нәзік өскін, содан тамыр талшықтары пайда болады. Тамыр жүйесінің негізін алып өскеннен кейін гипокотель өскіні қарқындап өсе бастайды. Жер бетіне жаңа қылтиып шыққан қос жарнақты жапырақшасы

3.1  сурет. Жіңішке жапырақты эхинацеяның гүлдеу кезеңі

 

қалың, етті, қысқа, кең-домалақтау, жапырақшаның үстіңгі түсі ақшыл жасыл, төменгі жағы қанықтау, ұзындығы 0,9 см және ені 0,5 см. Кейінгі жапырағы жасыл түсті, ернеуі кедір-бұдырлы, тістешелі, ұзындығы 1,5-2,0 см, ені 0,5 см. Тамыры стерженді, 2,5 см тереңдікке жетеді. Алғашқы жапырақ қарапайым, сопақша, шет жақтауы жай толқымасы, кішкене тісшеленген ұзындығы – 1,3 см, ені 1,0 см, 13-15 күн дегенде келесі жапырақ 2 аптадан кейін пайда болады. Алғашқы қос жарнақ мамыр айының ортасында жойылады. Ювенилді өзекше (j) 3-4 жұп жапырақ өскенде ұзындығы 6,5 см, ені 3,0 см болады.

Имматурлі кезең (im). Маусым айының ортасында сабақша пайда болып, қысқа сабақты жапырақтар пайда болады, ұзындығы 9,0-11,0 см, ені 4,0-6,0 см, буын аралығы өте қысқа 0,5-0,6 см. Шілде айының соңында қуатты, ұзын, жалпақ жоғарғы жапырақтар пайда болады. Ұзындығы 20,0-22,0 см, ені 9,0-9,1 см. Негізгі тамыр – цилиндрлі, осының арқасында өсімдік шақтана басталады.

Виргинильді кезең (V) – мұнда өсімдіктің өнім беруші бұтақшалары пайда болады. 10-25% гүлдей бастайды, өсуінің соңына қарай 35-37 см биіктікте болады, ал жапырағының ұзындығы 27,0-28,0 см, ені 9,0-9,2 см. Өсімдік қысқы демалуға жасыл жапырақтарымен қалады. Үстіңгі сабақтары өлгенімен, астыңғы сабақтары сол күйінде сақталады.

Генеративті кезең (g). Екінші жылы өсімдіктің 85%, ал үшінші жылы түгелімен гүлдеп өнім береді. Жаппай гүлге кіру уақтысы мамыр айының ортасынан басталады. Гүлдеу мерзімі көктемгі ауа райына да тікелей байланысты, егер ерте болса15 мамырдан кештеу болғанда 20-25 мамырдан (g1).

Жіңішке жапырақты эхинацея үлкен гүлді, үстіңгі жағы 8,0-13,0 см, жанынан 6,0-10,0 см гүлі тілшелі, ұзындығы 5 см, ұрықсыз, трубчаткалы ұзындығы 15,0 мм. Екі жылдық эхинацеяда 4-5 данадан гүл құрайды, ол үш жылдықта 5-6 дана (g2) 3.1 суретке сәйкес. Гүлдердің барлығы бір мезгілде болмайды, үстіңгі сабақтағы гүлдері ерте, кейіннен төменгі жанамалы сабақтары гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 2-2,5 айға, мамыр айынан тамыз айының соңына дейін. Бір гүлдің гүлдеу мерзімі – 45 күн. Гүл себетіндегі пайда болғанм ұрықтардың бәрі бірдей жетіле бермейді. Бір гүлден орташа 240 дән пайда болады, орташа салмағы 0,62-0,65 г. Бүкіл гүлдеу мерзімінде орташа 8-10 гүл себеті болады. Шілде айының ортасында біздің тәжірибелік учаскеде 75 см-ден 127 см ұзындықта болады. Бұтақтары жоғарылай бастағаннан жапырақтар саны кемиді. Буын аралықтары жоғарыда 4,4 см-ден 12,6 см-ге дейін. Бұл аралықта жапырағының ұзындығы 5,4-13,7 см, ені 2,2-5,5 см 3.2- суретке сәйкес. Орта тұстағы сабақтардан жанама сабақтар ІІ порядкалы, кейіннен гүл себеттерін құрайды. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы 130-145 күн. Кейіннен ұрық берген сабақтардың үстіңгі жағынан құрай бастайды, алғаш 70% кейіннен жерге дейін.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің өсу көрсеткіштеріне назар аударсақ 7 кестеде 3-ші жылдық өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің құрғақ салмағының 2 және 4 жылдық өсімдіктерге қарағанда едәуір жоғары екенін байқаймыз. Ал енді жер асты мүшелерінің құрғақ салмағын қарастырсақ, мұнда 3,4-ші жылдық өсімдіктердің құрғақ салмағы бір деңгейде байқалады.

Мұнда 2-ші жылдық өсімдіктердің жер асты мүшелерін жер үсті мүшелерінің салмағымен салыстырғанда басқа жылдарға қарағанда төмен.

Сонымен жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің өсу мерзіміне, өсу көрсеткішіне көңіл аударсақ, 3 жылдық өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің құрғақ салмағы тамыр мүшелерінің құрғақ салмағынан артық. Бұл көрсеткіштер іріктеме ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.

13 кесте

Жіңішке жапырақты эхинацеяның жер үсті және тамырының өсу динамикасы

 

Тәжірибе жүргізген

жыл

Өсу мерзімі

жыл

Жер үсті гүлі

Ұзындығы, см

Жер асты

Өркен саны

құрғақ

шикі

құрғақ

шикі

2007 ж.

2

3

4

39

90

64

163

244

276

90

95

92

35

64

66

78,5

173

203

12

13

13

 

Өсімдіктің тамыр жүйесі ең күрделі морфологиялық және структуралы құрылымға еге және жер асты құнарлығына да байланысты. Өсімдіктің тамыр жүйесі жер астының ылғалдылығына, шірінді құрамына, жер асты суы, топырақ құтылымына, химиялық құрамына, тікелей байланысты.

Біздің зерттеулер нәтижесі өсімдіктің жылма-жыл өсуіне, бірінші жылы өсімдіктің тамыры онша тереңге бойламайды. Мысалы күңгірт түсті эхинацияның тамыры қысқа, жанамалы, майда, көп тамыршалардан құралған. Негізгі тамыры 1 жылдық эхинацияның 10 см тереңдікте топыраққа енеді. Жанама тамырлары I-II-III. 5-8, 10-18, 18-21 см негізінен зерттелгендей 2 жылыға эхинация тамыры 55,0 см жанама I-II-III тамырлары 5-10 см, 10-22 м, 30-41 см, ал төртінші асылы бұл-көрсеикіштер күрт төмендеп, өле бастайды.

Жіңішке жапырақты эхинацеяның тамыры бұл эхинацеяға мүлдем ұқсамайлы. Тамыры жуан, ұзын, жанама тамырлары онша көп емес. Кіндік тамыр жердің астына тік бойлап, жыл өткен сайын жуандап ұзара бастайды. Бір жылдық жіңішке жапырақты эхинацея 43,0 см тереңдікке, 2-ші жылы 97,0 см, 3-ші жылы 103,0 см жетті 3.2-3.3 суреттерге сәйкес.

Жіңішке жапырақты эхинацеяның тамыр жүйесінің диаметрі және жанама тамырларының мөлшері аз болады. Олардың төменгі қабаттарда тармақталуы  өте нашар. Тамырдың ұзындығы жыл сайын өзгеріп отырды (43,0, 97,0, 103,0 см). Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен жіңішке жапырақты эхинацея, күңгірт эхинацеямен салыстырғанда, тереңге кеткен тамырының арқасында күшті болады. Тамыр жүйесі (113,0 см дейін)  топырақтың төменгі жағынан ылғалды сорып алады. 3-жылы тамыр ұзындығы жақсы дамиды. Осылайша, зерттелген өсімдіктердің тамыр жүйесі топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғал мен қоректі заттарды барынша тиімді пайдалануға бейімделгендігін көрсетті. Осыған байланысты олардың сәуір-мамыр айларында алшындап өсуі, жазға қарай өсіп-дамуының нашарлауы, күзге – өсіп-дамуының  дұрыс-талуы, топырақтағы ылғал өзгерісімен анықталады.  

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырға байланысты әр түрлі болды. Жанама тамырларының санына және тарамдалу дәрежесіне байланысты, бұл топырақ ылғалын әр түрлі дәрежеде пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен эхинацея түрлерінің тамыр жүйесі өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер әр жылдары қалыптасқан ауа-райына байланысты өсімдіктердің өсіп дамуына әсер етеді.

3.2 сурет.  Жіңішке жапырақты және күнгірт эхинацеяның тамыр жүйесі

 

1 жыл                                                  2 жыл                             3 жыл

 

3.3 сурет. Жіңішке жапырақты эхинацея тамыр жүйесінің  өзгеруі

 

14 кесте

Жіңішке жапырақты эхинацея тамыр жүйесінің  жылма-жыл өзгеру морфологиялық белгілері

 

Жылы

Тамыр ұзынды-ғы, см

Диаметрі, қосалқы тамыр, см

Тамырдың горизонтальді диаметрі, см

Тамырдың ұзындығы

0-10

10-30

30-40

І поряд.

ІІ поряд.

ІІІ поряд.

1

2

3

43,0±2,8

97,0±3,1

103,0±3,5

-

12,0±1,1

16,0±1,5

2,1±0,09

5,5±0,2

5,8±0,3

1,8±0,07

3,5±0,1

3,6±0,1

 0,7±0,05

2,5±0,09

2,2±0,09

8-17

12-30

10-28

20-29

40-53

36-51

30-36

71-85

77-89

 

Дегенмен жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің тамыр жүйесін зерттегенде жазғы ыстық, құрғаққа төзімділігі жоғары екенін көрдік, осы тамырлары арқылы топырақ астындағы ылғалдылық өзіне пайдаланады. Жіңішке жапырақты эхинацеяның 3-ші жылы тамыр жүйесі жақсы жетіледі.

Эхинацея өсімдігінің тамыр жүйесінің жылдар аралығындағы морфологиялық негіздері

Өсімдіктердің жерсіндіруін биологияны терең түрде білгенде ғана жетістікке жетуге болады. Оларды әр түрлі экологиялық жағдайларда өсіргенде ғанонтогенезі, келе морфогенезінің ерекшеліктерін білуге болады.

Әр өсімдіктің өзіндік биоморфосы, ерекше онтогенезі болады. Қазіргі жағдайда әрқайсысының өмірлік формасы – терең экологиялық категория, әр түрдің пайда болуының, сол ортаға бейімделуіне байланысты.

А.П. Хохрякованың анықтамасы бойынша тіршілік формасы өсімдіктің белгілі жағдайда бір қалыпты тіршілік етуі. Осы авторлардың негізінде Оңтүстік Қазақстан жағадйында коллекциялық алқабында жіңішке жапырақты эхинацеяның биоморфологиялық анализ жасалынды.

Қайсыбір шөп түрі болмасын, оның биологиялық-экологиялық ерекше-ліктерімен, өсіру агротехникасының тиімділігімен ғана емес, шаруашылық құндылығымен де, яғни жоғары сапалы өнім мен жайылымдық азық және тұқым өнімділігімен анықтадатыны белгілі.

Біздің тау бөктері аймағында жүргізген алғашқы жұмыстарымыздың нәтижесі эхинацея өсімдігінің біздің ауа райына қолайлы өсетінін басқа елдермен салыстырғанда тұқымды егу тереңдігі мезгілі бірдей болмай, ерекшеленетінін айтуға болады.

Жалпы байқалғаны, зерттеуге қамтылған эхинацея түрлері тіршілігінің бірінші жылында тау бөктері аймағын тиімді өнімді қалыптастырмайды. Тіршілігінің екінші және кейінгі жылдары өнімділігі жоғары және тұрақты.

Тау бөктерінің ылғалмен орташа қамтамасыз етілген тәлімі жерде екі түрдің де өнімділігі жоғары. Әсіресе, күңгірт эхинацеяның көк балауса шығымдылығы 716,0- 1052,5 г/м2метр аралығында ауытқыды және егілген жылдарына, тіршілік жасына қарамастан жоғары деңгейде болды. Мәліметтер көрсеткендей, салыстырмалы көрсеткіші көктем айы құрғақтау болған 2006 жылға тура келді. Айта кету керек, 2004 жылы егілген өсімдіктердің тіршілігінің 4-ші жылында биік болуына қарамастан, көк балауса шығымдылығы 764,0 құрғағы 196,5 г/м2 метр болды. Басқа жылдарда егілген өсімдіктердің шығымдысы салыстырғанда төмен болуының басты себебі, өсімдіктер түбінің сиреуімен түсіндіріледі. Егер екінші-үшінші жылдардағы 1 қума метрде 14-18 түп болса, төртінші жылы 6-9 түп қалды. Сол себептен үшінші жылдан кейін өсімдіктің шығымдылығы күрт төмендейді.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің аралығы 1 м2 – 14 дана, бұл көрсеткіш үшін 50 дана дәнді 1 м2 еккенде мәлім болды. Бірінші жылы жер үсті өнім 140,3 г/м2, тамыры 120,2 г/м2, ол 2-ші жылы 300,0-240,2г/м2 және дәні 26,4-25,0 г/м2 (кесте 15).

1 м2 жерге 14 дана болғанда өсімдіктің өміршеңдігі де жоғары екенін анықтадық.

Күңгірт және жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің байқалған қасиеттерінің бірі – тіршілігінің екінші және кейінгі жылдарында өсімдік-терінің өсу қарқынына сәйкес өнімділікті қалыптастырады.

Олардың өнімі әсіресе көк балаусасы мамырдың аяғына дейін қалыптасады. Бұл кезеңде күңгірт эхинацеяның балаусасында 75-84%, жіңішке жапырақты эхинацеяда 72-82% ылғал болады. Осылайша сәуірдің 20-нан маусымның ортасына дейін созылатын шанақтау-гүлдеу кезеңі эхинацеяның көк балаусамен қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын айтуымыз керек.

 

15 кесте

Жіңішке жапырақты эхинацеяның өміршеңдігі және өнімділігі

 

Дәннің себу нормасы

шт/м2

Өсімдік аралық қашықтығы, шт/м2

Жер үсті өнімділігі, г/м2

Тамыр өнімі,

г/м2

Дән,

г/м2

1

2

3

1

2

3

1

2

3

2

3

25

12±0,48

11±0,30

11±0,25

135,3

283,0

270

161,7

204,3

214,1

25,0

22,7

50

14±0,40

13±0,25

12±0,25

160,7

300,0

285,1

185,0

240,2

250,7

26,4

25,0

75

19±0,75

18±0,64

17±0,62

154,2

250,8

230,4

175,7

221,4

229,2

23,5

220

100

23±0,91

21±0,70

19±0,28

136,4

243,5

223,5

165,0

219,2

227,1

25,5

21,4

 

3.3. Echinacea аngustifolia L. Dc. Жіңішке жапырақты эхинацеяның вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылысы

 

Жіңішке жапырақты эхинацея – көп жылдық шөптесін өсімдік, бойы 60-120 см. Сабағы қалқанша тәрізді, гүлшоғыры ұсақ себетті. Себеттері 5 мм-ге дейін жетеді, күлте жапырақшасы 5, ақшыл ашық және қызғылт түсті, тілімделген, 14-20 сары, ақ түтікшелі гүлдерден тұрады, жемісі тұқымша. Шілде айларында гүлдеп, қыркүйек айларында өсіп-пісіп жетіледі. Тамыры өте тереңге бойлап өсетін, қуатты жуан, ұзын, жан-жағына жанама тамырлар шығарады. Біздің зерттеулерімізде сұр түсті боз топырақта өскен жіңішке жапырақты эхинацеяның тамыры 1-ші жылы – 40-55 см, 2-ші жылы – 95-68 см, 3-ші жылы – 105-98 см тереңдікті құрады.

Жанама бұтақтары онша көп емес, жапырақтары ұзынша, өте түкті,  ақшыл, сұр, жасыл түсті, ал түпкі бұтақшалары қоңыр-қызғыш түсті. Жанама бұтақшалары 15-300 орналасқан. Орта тұста жанама бұтақшалары көп болады.

Жапырақтары түкті, ұзын-жіңішкелеу болып келеді. Ұзындығы – 8,0-17,0 см, ені – 4,5-5,5 см. Жапырақтың астыңғы жағы 5 қатарлы жүйкеленген. Бұтақтың астыңғы жағынан жоғарыға қарай жапырақтар саны кеміп, ені мен ұзындығы қысқара береді де, жоғарғы жағы жіңішкеріп, үшкірленген кішкене жапырақша болып қалады. Гүлі әр бұтақшада 3-5-1 дана гүл шоғыры болады. Шоқталмаған, ұзын бұтақта гүлшоғыры майда, түсі қызыл, ені – 12 см, диаметрі – 7-4 см құрады.

Ұрығы жартылай шар тәрізді, тікенді, қатты, қанық қоңыр түсті, үш қатарлы, ұрықтың қауашағындағы жапырақтары ланцет түрінде, әр қатарда 10-18 дана.  Ұрық үстіндегі үшкірлі үсті-үстіне орналасқан түктер қаптаған, ұзындығы – 0,8-1,6 см, ені – 0,2-0,4 см.

Гүлдеп болған соң ұрық қауашағы өте тығыз ұрықтарға толы, сыртынан қатты тікенекті қауашақпен қоршалған, ашық қоңыр түсті. Ұрығы жіңішке тілше тәрізді, үстінде 2-3, ортасында 10-20-дай тілшелерден өте тығыз, көп орналасады. Әр шұңқыршада бір-бірден ұрықтар орналасқан, ені – 0,4-0,3 мм, ұзындығы – 4,5-5 мм.

Тозаңы ашық-сары түсті. Ұрығы төрт түрлі, сұр-қоңыр түсті. Ұзындығы – 5-6 мм, жоғарғы жағы енділеу, төмен қарай енсіз болып келеді де, 1000 дәннің салмағы – 3,2 г құрайды.

Өз отанында шілде айында гүлдейді де, ал бізде, оңтүстік өңірде маусым айының басынан тамыз айына дейін гүлдейді, қыркүйек, қазан айларында ұрығы пісіп-жетіледі.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің өсу көрсеткіштеріне назар аударсақ, 3 жылдық өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің құрғақ салмағы-ның 2 және 4 жылдық өсімдіктерге қарағанда едәуір жоғары екенін байқал-ды. Ал енді жер асты мүшелерінің құрғақ салмағын қарастырсақ, мұнда 3,4 жылдық өсімдіктердің құрғақ салмағы бір деңгейде болды.

Мұнда 2 жылдық өсімдіктердің жер асты мүшелерін жер үсті мүшелерінің салмағымен салыстырғанда басқа жылдарға қарағанда төмен.

Сонымен жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің өсу мерзімі 3 жылдық өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің құрғақ салмағы тамыр мүше-лерінің құрғақ салмағынан артық екендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер іріктеме ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.

Күңгірт эхинацея тәрізді бұл зерттеулер Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп отыр. Жапырақ  жалпақтығы 12 см, ұзындығы 2 см, көлденеңі – 15 см сағақта орналасқан. Жапырақтың негізі созыңқы, әлсіз қырлы болып келеді. Жүйкеленуі қауырсын қанатты. Жіпшелері жан-жаққа шашыраңқы. 3 жіпше жүйкесі  көзге көрініп тұр: 1 – бастысы және 2 бүйірлік ірісі бір бірімен қатпарласып орналасқан, салбырап көп жасушалы түктермен байланысқан. (3.4 сурет а, б). Жоғарғы эпидерманың жасушалары жіңішке сала-сала, изодиаметрикалық болып, иректелген қатпарлардан тұрады. Көлденең кесіндісі жоғары (30,5 мкм) 3.4 суретке сәйкес орналасқан.

Лептесіктерінің саны көп, аномицидтік, гемипарацидтігі сирек, дөңгелек сәл сопақша болып келеді, ұзындығы 34 мкм, көлденеңі 21 мкм. Эпидерманың төменгі жасушалары майдалау, бірақ қалың (37,9 мкм) болып, сала-сала  және қабырғалары қатпарланып тұрады  3.4 суретке сәйкес  Лептесіктері сопақша, майда, жоғарғы эпидермамен салыстырғанда, аномоцитті, сирек гемипарацидті, батып кетпеген болады.

Жапырақ мезофиллі изолатералды – 2 қатар жасушалармен жоғарғы бетінен және 1-2 қатар төменгі жағынан қоршалған. Бағаналы жасушалар борпылдақ болып орналасқан 3.4-д  суретке сәйкес Жапырақтың ірі талшықтары жоғарғы жағынан аздаған шығыңқы келіп, ал төменгі жағынан одан  да артығырақ  болады.

Өткізгіш шоқтары коллатералды, бірақ шелденбеген, олар 3-4 тізбек тамырлардан және флоэмадан тұрады. Үстінде және астында паренхима жолдары болады, майда тамырлар да қабықшамен қоршалған 3.4-е суретке сәйкес. Жапырақтың негізгі түрі көлденең кесіндіде орақ тәріздес болып, 1- алғашқы, 2-бүйірлік және 8-9 майда тамырлармен қосылып, паренхимамен қоршалып тұрады. Оларда 20-30 ірі тамыр және 10-15 майда тамыр болады. Флоэманың саны көп болмайды. Жапырақ қанатшасы колленхималық жасушалар тобынан тұрады 3.4 ж. суретке сәйкес

Сабақтың жоғарғы бөлігі жұмсақ, шөп тәріздес бір қатарлы хлорофиллді эпидермадан тұрады. Қабықтың сыртқы 4-5 қабаты да хлорофиллді. Сабақтың негізі  паренхималы болып келеді. Өткізгіш жүйесі коллатералдық шоқтардан тұрады. Периметрлері бойынша бір орамда әр түрлі шамадағы 25-30 шоғыр болады. Олар 10-15 тамырдан және талшық-танған мардымсыз флоэмадан тұрып шоғырдың сыртын склеренхималар қаптап тұрады 3.5 -а, б суретке сәйкес. Сабақта эпидерма және алғашқы қабық

 

Л – лептесік; Кол – колленхима;

ӨШ - өткізгіш шок; СК – склеренхима;

Б – борпылдақ паренхима

а – сабақтың жоғарғы бетінің сызба-нұсқасы;

б – сабақтың анатомиялық құрылысының үлгісі;

в – сабақтың төменгі бетінің сызба-нұсқасы;

г – сабақтың төменгі бетінің анатомиялық құрылысының үлгісі

 

3.4 сурет – E. аngustifolia L. Dc.-жапырағының анатомиялық құрылысы

 

 

а – сыртқы көрінісі; б – жоғарғы эпидерма;

в – төменгі эпидерма; г – трихома;

д – жапырақ тақтасының көлденең кесіндісі;

е – негізгі жүйкелену; ж –жапырақ тақтасының негізгі үлгісі;

з – жапырақ тақтасының негізгі сызбасы

 

3.5 сурет – Сабақтағы ұлпаның орналасу үлгісі

сақталған. Эпидерманың төменгі жағында 2-3 қатар колленхима жасушалары болады. Қабықшада секреторлық каналдар орналасқан. Азырақ қабықтың майда өткізгіш шоғырлары кездеседі. Олар жіпшелерден, флоэма және перициклді  талшықтардан тұрады. Бұл жағдайлар C.R.Metcalfe, L.Chalk (1950) еңбектерінде атап өтілген. Флоэманың үстінгі жағында негізгі шоғырлар және перициклді талшықтар орналасқан. Ағаштың дөңгелек діңі, ірі тізбекті болып орналасқан тамыр-ларды, либриформды, вазиорталықтандырылған қабықтың паренхимасын құрайды. Радикалдық сәулелер бірқатарлы болады (15-в, г сурет). Өзектерінің қабырғасы қалың болып 5-6 қырлы жасушалардан тұрады. Кіндік тамырдың жоғарғы жағы жуандаған, төменге қарай аздаған бүйірлік жанама тамырлардан тұрады. Көпжылдық тамырлар қабықпен қапталған. Ірі каналдар орналасқан қабықтың ішінде эпидермалды жасушалар бар. Олардың айналасын түсі  қара сұйықтық заттар құрайды. Екі жылдық тамырдың ксилемасы айнала майда тамырлар мен паренхима және шырынды каналдардан түзілген, радиалдық сәулелер көрінбейді.  Бүйірлік жанама тамырларда қабық, сүтті каналдардан, орталық-тағы тамырлардан және көптеген паренхимадан тұрады. Майда жіпше тамырлар 4 қатарлы ірі жасушадан және ортадағы майда топ тамырлардан құралған. Тамыр жүйесінің құрылымы, қоректік заттар мен сүтті шырындарды жинауға арналған. Бұл паренхималық  және шырынды каналдармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қорыта келе, жіңішке жапырақты эхинацея дәрілік өсімдігі Оңтүстік Қазақстан аймағында жақсы бейімделген. Оны күңгірт түсті эхинацея сияқты шаруашылықта пайдалануға толық мүмкіншілік бар.

3. 4 Эхинацея өсімдігінің зиянкестер және аурулармен зақымдануы

Егістікте кездесетін зиянкестер және өсімдіктерін зақымдайтын аурулар туралы ғылыми деректер Т. Турабалаева [50], В.Е. Камбулин [51], Г.Я. Косолапова [52], Н.Н. Алмуратов [53] және басқалардың еңбектерінде келтірілген.

В.Е. Камбулин [51] мәліметі бойынша оңтүстік-шығыс аймақта 104, солтүстік аудандарда 133 зиянкес жәндіктер тіршілік етеді. Ал Алмуратов [53]тұқым өнімділігіне, өсіп дамуына көптеген саңырауқұлақ аурулары және бактериялар түрлерінің зиян келтіретінін атап өткен.

Тау бөктері жазығында эхинацеяның тамыр мойнының қара шірік ауруымен ауырғаны байқалады. Оның келтірген залалы 2 балл төңірегінде болды. Байлаған тұқымдарының ішінен жұлдыз құрттар табылды. Кейбір жылдары жемісінің 10%-ға дейін зақымдалатыны анықталды. Жапырақтарының астында кейде кіші кенелер болады. 2005 жылы оның желден ықтасындау жерге егілген екі жылдық өсімдіктері маусым айында жатаған жапырақтары сары дақталып, ортасынан ойылып қара шірік ауруымен ауырды, өйткені маусым айында аракідік жауын-шашын болып тұрды. Шілде айы құрғақты келді. Тамыз айының бірінші онкүндігінде нөсер жаңбырлар өтіп, артынша жертаған жапырақтары сұр дақтар байқалды. Бірақ, өсімдіктің жалпы жақсы өсіп-дамуына кері әсері байқалмады.

Сонымен, зерттеу жұмысына қамтылған эхинацея өсімдігі Оңтүстік Қазақстанның аймағы үшін жаңадан жерсіндірілген, дәрілік қасиеті мол өсімдік болып табылады. Оның биологиялық ерекшеліктерін және шаруашылық құндылығын зерттеу нәтижелері эхинацеяны өндіріске енгізуге және селекция іс-жұмыстарына пайдалануға болатындығын анықтап отыр. Жер таңдамай, тез өсіп-дамуы, ағзаны тіктеу үшін биоқоспалар жасауда, иммундық жүйені арттыруда өнімін ерте қалыптастыруы, жақсы тұқым байлауы және өздігінен көбею қасиетінің жоғары болуы маңыздылығын арттыра түсті. Мұның өзі экологиялық ауқымдылығының кең екенін көрсетеді. Осыған байланысты эхинацея өсімдігінің өсіп-дамуына бірінші кезекте септігін тигізетін агротехникалық тәсілдерді анықтау жұмыстарын жүргізуді дұрыс көрдік.

 

4.  Жіңішке жапырақты эхинацеяның өсіру агротехникасы

 

  • ұқымды дайындау

Зерттелген эхинацея түрлерінің тұқым өнгіштігін тексеру кезінде дән суды жақсы сіңіретінін анықтаған болатынбыз. Бұл өсімдіктің дәнін жемісінен бөліп алу қиын екенін айтуымыз керек. Себебі, жемісінің сыртқы қабатының тікенді болуы тұқымын жай қолмен бөлектеп алуға қиындық туғызады, жеміс қабығындағы жіңішке, ұзынша тікендер оның жемісінің ажырауына көп күш және уақыт жұмсауды қажет етеді. Сол себепті латын тілінен аударғанда «эхинацея» – кірпі деген мағынаны береді. Тұқымын жемісінен ажыратып алатын еш техника жоқтықтан, ұзақ уақыт қолмен тазартуға тура келеді.

  • ұқымды себу мерзімі

Ауа райы құбылмалы құрғақшылық аймақта тұқымды дер кезінде себудің маңыздылығы ерекше. Эхинацея тұқымын себу мезгілі туралы айтатын болсақ, республикада, облыстарда ауа райына байланысты әр түрлі.

В.М. Кузнецов [54] Москва қаласының түбінде себудің қолайлы мезгілін ерте көктем деп көрсеткен. Ташкентте С. Худжаниязова [39] зерттеу нәтижесінде наурыз айының бастапқы онкүндігінде егіледі деп көрсеткен, Украинада В.А. Меньшов [46] ерте көктемде тиімді екенін айтады. Эхинацея тұқым себу мерзімін талқылай келе ерте көктемде топырақтың 0-10 см қабатында 8-100С жылылық қалыптасқан мезгілде тұқымды сепкен дұрыс. Қыс түсер алдын себу кей жылдары оң нәтиже бермейтінін, өйткені аракідік күн жылынып өнген өскіндері кейінгі суықтарда түгелдей опат болатынын атап өткен. Оңтүстік Қазақстанның құрғақшылық аймағында эхинацея түрлері тұқымның өнгіштігіне себу мерзімінің әсері туралы деректерді біз алдында айтып кеткен болатынбыз. Егер қайталап айтатын болсақ, жазық тау алды аймағында оңтайлы себу мерзімі қазан және наурыз айларына тура келеді. Айта кетер жағдай, қыс түсер алдында немесе ерте көктемде жүргізілетін тұқым себу жұмысы көбіне ауа райының жұмсақ кезінде атқарылады. Мұның өзі жұмыстың сапалы жүргізілуіне, тұқымның оңтайлы себу тереңдігіне орналастыруға мүмкіндік береді. Қыс кезінде мұндай қолайлы жағдайлар бола бермейді.

2005 жылдың көктем айлары қолайлы келіп, барлық мерзімде егілген өскіндердің саны бірдей деуге болады. Вегетациялық кезеңінің соңына қарай жіңішке жапырақты эхинацеяның 75-83% құрады. Физиологиялық кешенде 2006 жылдың ақпан айының бас кезі жылы келіп, қараша мен желтоқсанда егілген тұқымдардың өнуіне себеп болды. Ал наурыздың 7 жұлдызында егілген тұқымдар 20 наурыздан бастап өскіндер бере бастады. Наурыз айының орта кезеңі жаңбырлы әрі салқын келді. Дегенмен наурыз айында егілген дән, қазан-қараша айларында егілген дәннен 4,5 ц төмен өнім берді. Көктем айларының ылғалды келуі екі түрдің де ұрығын наурыз айында да егуге болатынын көрсетіп отыр. Дей тұрғанмен алынған мәліметтер оңтайлы себу мерзімі қазан-қараша айлары деп тұжырым жасауға негіз береді.

  • ұқым себу тереңдігі

Жазы ыстық, құрғақ аймақта өсімдіктердің тұқымын себу тереңдігін анықтаудың қаншалықты маңызды екенін З.Ш. Шамсутдинов [55] және басқалардың жүргізген тәжірибелер нәтижесі көрсеткен.

Эхинацея түрлері күрделі гүлділер тұқымдасқа жататын түрлердікімен салыстырғанда орташа келеді, мың дәннің салмағы 4,0-3,8 г аралығында. Сондықтан да П.В. Величко [56] эхинацея тұқымының себу тереңдігін көктемгі жауын-шашыны молдау аймақта 3-4 см, құрғақ топырақта 5 см деп көрсеткен. Қуаң далалы аймақта жауын-шашынның түсетін кезі жаз айлары болатындықтан және оның тез кеуіп кетуіне байланысты себу тереңдігін 4-5 см деп ұсынған.

Қ. Боранғазиев [57] сазды ауыр топырақтарда 3-4 см, құмдауыт жеңіл топырақтарда 4-5 см тереңдікте егу дұрыс дейді. Қ.С. Нұрғалиев [58] таулы аймақта оңтайлы себу тереңдігін 5 см деп тұжырым жасаған.

Ауа райының жылма-жыл ауытқуына байланысты біздің тәжірибеміз көрсеткендей дәннің өнгіштігі 1-2 см тереңдікте егілгенде дұрыс нәтиже алуға болады. 2004 жылдың қаңтар айы құрғақты, көктем айлары ылғалды болғаны белгілі. Сондықтан 2 см тереңдікте егілген өсімдіктің сақталуы 12 мамырда 75,6%, 0 см тереңдіктегі – 44,4%, 1 см тереңдіктегі – 51%, ал 3 см тереңдіктегі 80%. 9 маусымда тиісінше 56,1; 28,9; 36,1 және 80% болды. Өсімдіктің биіктігі біркелкі келіп 8-12 см болды. Демек құрғақшылық жылдары тереңдеу егілген өсімдіктердің сақталуы жоғары келетіні байқалды. Келесі жылы байқаулар көрсеткендей, көктемде түгелдей дерлік нашар көрсеткішке ие болды.

Наурыз айы ылғалды, сәуір-мамыр айлары құрғақ келген 2005 жылы өсімдіктің себу тереңдігіне байланысты сақталуы 15-30% болды. Олардың өсіп-дамуы да біркелкі болмады (16 кесте).

16 кестедегі мәліметтерден 0,0-2,0 см тереңдікте себілген тұқымдардың бір қума метрдей саны 8,0-10,1 дана болса 3,0 см тереңдіктегіде – 6,6 дана болды. Шілде айының бас кезінде 4 өсімдіктен, 2 см тереңдіктегіде – 5 дана, 3 см тереңдіктегіде – 1 өсімдік қалды. Шілде айы кезінде 2 см тереңдікте егілген өсімдіктердің биіктігі 8,8 см құрады. Тіршілігінің екінші жылында өсімдіктің сақталуы 30,3% болды.

Жалпы алынған мәліметтерді талдай келіп, жіңішке жапырақты эхинацея тұқымын 2-3 см тереңдікте егу тиімді деп санаймыз.

 

16 кесте

Эхинацея өсімдігінің сақталуы мен өсіп-дамуына тұқым себу тереңдігінің әсері (2007 жылы егілген).

 

Тұқым себу тереңдігі, см

Өсімдіктердің саны дана/қума метр

19.05.

02.07.

Бірінші жылы

Жапырақ саны, дана

Өсімдіктер-дің биіктігі, см

Өсімдік биіктігі, см

14.04.

19.05.

02.07.

0,0

1,0

2,0

3,0

8,0

8,0

10,1

6,6

6,0

6,0

6,0

3,2

4

4

6

1

4,1±0,5

5,0±0,5

4,6±0,2

3,2±0,2

6,2±0,8

7,1±1,2

9,4±1,4

4,4±0,3

12,1±3,1

10,4±1,2

13,8±1,0

8,0±0,2

 

  • ұқым себу мөлшері

Дәрілік өсімдіктердің егіп-өсіру тәсілдерінің бірі тұқымның себу мөлшері болып табылады. Өсімдіктердің өнімділігі оның жиілігімен, сабақ санымен, биіктігімен және басқа көрсеткіштермен анықталатыны белгілі.

Өсімдіктің жиілігі мен сақталуы тұқымның биологиялық ерекшеліктеріне, әр жылдарда қалыптасқан ауа райына байланысты біркелкі болмайды. Ғылым мен ортақ тәжірибе нәтижелері көрсеткендей себілген тұқымның барлығы дерлік өскін бермейді, оның үстіне шыққан өскіндердің өзі толық жетіле бермейді. Сондықтан да, қандай дақыл түрі болмасын оның тұқым себу мөлшерін анықтау маңызды болып табылады. Ал көпжылдық түрлер үшін оның маңыздылығы бастапқы жиілігін дұрыс қалыптастырумен анықталады.

Жалпы, эхинацея түрлерінің тұқым себу мөлшерін анықтау туралы ғылыми мәліметтерді талдау нәтижесі жіңішке жапырақты эхинацеянікі өте аз зерттелгенін көрсетеді. Осыған байланысты біз өз жұмысымызда осы түрдің тау алды аймағында тұқым себу мөлшерін анықтауды бірінші кезекке қойдық. Жіңішке жапырақты эхинацея жан-жаққа тармақталып өседі. Оның жетілген өсімдіктерінің екі бағыттағы ені 61,9х56,2 – 61,0х63,0 см аралығын-да болады. Осыған байланысты бұл түрдің себу мөлшерін қатарарлығы 60 см болатын танаптарда зерттедік. Бір шаршы метрдегі тұқым саны 25, 50, 75, 100, яғни 400 000 дана/га; 800 000 дана/га, 1 200 000 дана/га, 1 600 000 дана/га мөлшерінде болды. Бір гектарға егілген тұқым салмағы нұсқаларға тиісінше 2,0 кг/га, 2,5 кг/га, 3 кг/га, 3,5 кг/га аралығында алынды. Себу мөлшерін анықтау тәжірибесінде себу мерзімі мен себу тереңдігінде байқалған заңдылықтар сақталды, яғни қаңтар айы құрғақты келген 2004 жылы өскіндер аз шығып, кейінгі айларда болған жауын-шашын есебінен бірінші жылғы өсімдіктердің сақталуы дұрыс болса, қыс айлары мен көктемнің наурыз айы ылғалды болған 2005 жылы өскіндер мол алынды, бірақ сәуір-мамыр айларының құрғақты келуі өскіндердің жақсы сақталуына кері әсер етті.

Жіңішке жапырақты эхинацея Оңтүстік аймақта бірінші өсірілуіне байланысты жақты агротехникасы зерттелмеген. Бұл өсімдіктің күзде немесе көктемде жоғары өнім беруін анықтау үшін күзгі – 4, көктемгі – 4 уақыт таңдап алынды. Көрсеткіштердің нәтижесі бойынша топырақ жылуы 13,8-14,80С, ылғалдылық 60,3-127,0 м сәуір айының екінші он күндігінде, ал күзгі нәтиже қазан айының ортасы тиімді екенін байқадық (16-кесте).

Сонымен эхинация өсімдігінің өсу мерзіміне, өсу көрсеткішіне көңіл аударсақ, 3 жылдық өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің құрғақ салмағы тамыр мүшелерінің құрғақ салмағынан артық. Бұл көрсеткіштер іріктеле байланысты болуы мүмкін.

Тәжірибеде сонымен қатар топырақтардың ылғал сиымдылығы анықталады. Іле Алатауының тау бөктерінің топырағының ылғалы, ылғал сиымдылығы мамыр, маусым, тамыз айларында алған көрсеткіштері анықталады.

Мамыр айында тамыр аумағындағы зерттелген топырақтың 100 г салмағында 0,42 г су бар. Ылғал сиымдылығын бақылауда – 45%.

Маусым айында 100 г топырақта 0,48 г су бар, ылғал сиымдылығы 47%-ға жететіні анықталды.

Тамыз айында 100 г топырақта 0,50 г судың мөлшері болса, ал ылғал сиымдылығы 53% -ды құрайды.

Осы көрсеткіштер бойынша топырақтың құрамындағы өсімдікке қажетті судың мөлшерін есептеп шығаруға болады. Тамыр жүйесінің аймағындағы алынған топырақтың ылғалдылығы және ылғал сиымдылығын біле тұра су тапшылығын есептегенде орташа көрсеткішпен 20-25% шамасында болуы мүмкін.

Топырақтың қышқылдығы оның құрамындағы сутектік (Н+) және гидроксильдік (ОН-) иондарына байланысты. Осыдан басқа тамыр жүйесі тіршілік ету процесінде анион және катиондар (Н+, ОН-, НСО3-, СО2-) бөліп шығарады. Күңгірт эхинацея өсімдігінің тамыр аймағынан алынған топырақтың рН (қышқылдығын) потенциометрия және колориметрия әдісімен анықтады.

 

17 кесте

Жіңішке жапырақты эхинацеяның өнуі топырақ жылуына, ылғалдылығына байланысты

 

Егілу мерзімі

2006

2007

2008

t0С

жауын мөлшері, мм

өнген дәннің

%

t0С

жауын мөлшері, мм

өнген дәннің

%

t0С

жауын мөлшері, мм

өнген дәннің

%

15 Х

13,5

65,6

47±3,52

13,8

105,0

49

12,8

122,0

35,0

30 Х

13,2

70,6

33

12,8

110,0

34

11,8

132,0

32,0

15 ХІ

13,6

72,0

30

13,1

127,0

35

11,9

130,0

31,0

30 ХІ

13,8

68,2

32

13,5

140,0

37

12,0

125,0

33,0

15 ІІІ

14,2

61,5

37

13,8

145,0

38

12,3

57

31,0

30 ІІІ

14,5

60,3

41

14,1

160,0

45

12,5

57,5

33,0

15 ІV

14,8

62,3

48

14,7

127,0

50

13,2

85,0

41,0

30 ІV

18,0

15,4

43

14,9

78,0

48

13,8

98,0

43,0

 

Қорытынды

 

Оңтүстік Қазақстандағы тәжірибелік ВИЛАР станциясының жойылуына байланысты дәрілік өсімдіктерді зерттеу орны тоқтатылды. Сол себепті 1996 жылы дәрілік өсімдіктерді зерттеуді Қазақ ғылыми зерттеу қаракөл институтында қолға алынды. Бұл институттың физиологиялық кешенінде дәрілік өсімдіктерді жерсіндіру мақсатында дәрілік өсімдіктердің 50 тұқымдасы егілді. Осы өсімдіктердің ішіне жан-жақты пайдалануына, ауруларға төзімділігі, дәнінің біздің ыстық және құрғақ ауа райында тез өнуіне байланысты және фармацевтикалық сұранысы өте жоғары болуына байланысты осы жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігі таңдалып алынды.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің мекені Солтүстік Америка болғандықтан, біздің аймақта қалай өсуі, өнуі, морфология – фенологиясы, анатомиясы және осы жердің топырақ құнарлығы, ылғалдылығы, су тапшылығы біршама зерттелді.

Эхинацея өсімдігінің дәнінің ұзақ уақыт сақталғанда, оның жыл өткен сәрі өну қасиетін жоятыны анықталды. Зерттеу нәтижесі 19-210С, ылғалдылығы, жарықтың түсу бір қалыпты болғанның өзінде 1-ші жылғы дәннің өнгіштігі лабораториялық жағдайда 98%, екінші жылы 80%, үшінші жылы 74% құрады. Ал Ташкентте С. Худжаниязованың көрсеткіші одан да төмен 55% құрады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда сирек кездесетін дәрілік эхинацея өсімдігінің фармакологиялық қасиеті: иммундық жүйеге оң әсер ететін антисептикалық және антиоксидантты қасиеттермен сипатталады. Эхинацеяны стандарттауда полисахаридтер, алкиламиттер, гликозиттер негізгі маркер болып табылады.

Қазақстанда жаңадан жерсіндіру, интродукциялауға қолданған құнды дәрілік өсімдігінің түрі – эхинацеяның биологиялық сипаттамасы және өсу көрсеткіштері жер үсті мүшелері мен тамыр жүйесінің салмағының ара қатынасы анықталды. Бұл көрсеткіш іріктеме ерекшелігін сипаттайды.

Сондай-ақ кейбір доминантты фенотиптік белгілері де іріктеме ерекшелігіне байланысты екені белгілі. Қазақстанда Іле Алатау бөктерінде өсетін эхинацеяның химиялық құрамы оның ішінде ауыр металдар зерттелмеген.

Демек осы өсімдіктің өсуіне, өнуіне, түсіміне топырақтың қышқылдығы, ылғалдылығы, топырақтың құрамындағы әр түрлі минералдық элементтердің әсері зерттелген. Сонымен қатар, кейбір ауыр металдар топырақтың құрамындағы фосфордың жетіспеушілігін туғызады.

Өсімдіктің ерекше қасиеті – ол өз мүшелерінде көп мөлшерде ауыр металдарды жинақтайды және барлық тірі организмдерде ауру туғызады.

1. Эхинацеяның 3 жылдық өнімділігі 2-4 жылдық өсімдікке қарағанда, жер үсті мүшелерінің тамырының құрғақ салмағы мен салыстырғанда едәуір жоғары.

2. Эхинацея мүшелерінің құрамында эфир майларының мөлшері әр түрлі, ең көп – жер үсті органдарында, ең аз – гүлінде табылған.

3. Фосфордың өсімдік мүшелеріндегі мөлшерін мына тізбек бойынша көрсетуге болады:

Сабақ > тамыр > жапырақ > гүлшоғыры

4. Эхинацея құрамында 15 ауыр металдар зерттелінді. Мn ионынан басқа барлық анықталған ауыр металдар көбінесе гүлде жинақталады. Эхинацея өсімдігінің жер үсті мүшелерінде мына иондар: Ве, Sr, Sb,Сd кездеспейтіндігі байқалды.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің лабораториялық өсу энергиясының ең сапалы көрсеткіші: t 22-250С болғанда өну энергиясы 98% құрады.

Ал егілген алқапта ара қашықтығы 70 см, егу тереңдігі 2-4 см, тәжірибе 4 вариантта, 4 рет қайталап егілді. Оптимальді егу мерзімінің қолайлы уақытын ьілу үшін күзгі және көктемгі әр түрлі мерзімде егілді. Күзде 10/Х, 20/Х, 30/Х, 10/ХІ, 20/ХІ, көктемде 15/ІІІ, 25/ІІІ, 5/ІV, 15/ІV есептеп отырды.

Бұл зерттеулер нәтижесінде эхинацея өсімдігінің көктемгі егілгені топырақ жылуы 13,8 – 14,80С, ылғалдылық 60,3-127,0 мм сәуір айының екінші он күндігінде, ал күзгі нәтиже қазан айының ортасы тиімді екенін байқадық,

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің аралығы 1м2 – 14 дана, бұл көрсеткіш үшін 50 дана дәнді 1м2 4 рет қайталап еккенде мәлім болды. 1м2 жерге 14 дана болғанда, 1 га жерге 2,5 кг дән себу нормасын анықтадық.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігінің өміршеңдігі дән байлаумен аяқталады, көп жылдық өсімдік болғандықтан гүлдеу мерзімі негізінен 2-ші жылы басталады, имматурлы кезеңі. Екінші жылы жіңішке жапырақты эхинацея ерте көктемде марттың ортасында басталады. Бұл өсімдіктің тағы бір қасиеті біздің төмен температурасы қысқы суықта төзімділігі. Осы зерттеулердің нәтижесі дәннен көбейіп, уақытылы дән салатындығы осы аймаққа тез бейімдеушілігі.

Сонымен бұл өсімдіктің тез жерсінуін, дәннен көбеюін, фармацевтік қасиетінің өте жоғары екендігі, эфир майларының құрамы мол, экологиялық қасиеті де баршылық, ауыл шаруашылығында мал азықтық дәрумен екенін, омарта шаруашылығында да қажетті өсімдік екенін дәлелдедік. Мұның мақсаты келешекте еліміздің мұқтаждығын, шет елдерден дәрілік қасиеті жоғары өсімдіктерді тасымалдау шығынын, айналаны көгалдандыру мақсатында да тиімді екенін атап өтуге болады.

Жіңішке жапырақты эхинацея өсімдігін күңгірт түсті эхинацея сияқты шаруашылыққа енгізуге болады. Күңгірт түсті эхинацеяны Оңтүстік Қазақстан Сайрам ауданындағы Қызыл қышлақ ауылына егіліп, өсіріліп жатқанына 3 жыл болды. Мұнда фармацевтік саласында шикізат есебінде өсірілуде және әртүрлі биоқоспаларға пайдалануда.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Адекенов С. М. Современное состояние и перспективы производства отечественных фитопрепаратов и биотехнологической продукции для медицины. «Фармация Казахстана» 2003. №2. – С. 21-22.
  2. Алехин А. А., Кошер З.В. Изучение и использование эхинацей.  //Матер. Межд. науч. конф. – Полтава. Верстка. 1998 – С. 7-9.
  3. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы: Єылым, 1999. – С. 160.
  4. Абу Али Ибн Сина  Канон врачебной науки. В 10т. (пер.

С. араб. М.А.Салы). 3-е  изд-Ташкент; «Чудпон» -1996.

  1. Доскалиев Ж.А. Итоги деятельности органов и организаций здравоохранения в 2002 году и задачи на 2003 год //Фармация Казахстана. 2003. №3. С.3-6.
  2.  Массагетов П.С. Источники растительного сырья для химической промышленности Казахстана // Пути химизации Казахстана. - Алма-Ата. 1932. - С.119 - 134.
  3.  Иващенко А.А. Безвременник желтый в западном Тянь-Шане (экология, морфология, биология: Автореф. дисс. … канд. биол. наук. - Алма-Ата. 1978.   26 с.
  4. Кармышева Н.Х. Флора и растительность западных отрогов Таласского  Алатау. - Алма-Ата: Наука. 1982. - 160 с.
  5. Зарипов Р.Г. Флора и фитоценотическая характеристика редколесий боярышника понтийского и фисташки настоящей в Боралдайтау: Автореф. дисс. … канд. биол. наук. - Алма-Ата. 1985. - 23 с.
  6. Камелин Р.В. Флора Сырдарьинского Каратау. - Л.: Наука. 1990. -145 с.
  7. Нелина Н.В. Анализ древесно-кустарниковой флоры Киргизского        Алатау: Автореф. дисс. … канд. биол.  наук. - Алма-Ата.  1993. - 23 с.
  8. Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана. М.: МО ИП. 1947. - 200 с.
  9.  Қожабекова М, Қожабекова Г. К  Дәрiлiк өсімдіктер. Алматы. Қазақстан 1982 ж, 182 б.

14.  Ә.Iскендiров. Қазақстанның дәрiлiк өсiмдiктерi. Алматы, Қазақстан 1982 ж.

15 Растение целители. Смоленск «Русич» -1996.-604 с.

16 Қурамысова И.И. и др. Лекарственные растения,  Алматы. Қайнар - 1989.

17 К.А.Дөңгелбаева. «Дәрiлiк өсімдіктерді жерсіндіру технологиясы».

Жаршы журналы. Алматы. Бастау, 2004ж -631бет.

18 Кукенов М.К. Ресурсы официальных и перспективных    лекарственных растении Юго-Востока Казахстана. Дисс. .. на соиск. уч. степени. д.б.н.-Алматы, 1988. 

19 Самородов В.Н., Поспелов С.В., Моисеева Г.Ф., Сулда А.В. Фитохимический состав представителей рода  эхинацея (Echinacea Moench), его  фармакологические свойства //Хим.- фарм. журн. 1996.  № 4. -  С. 32 - 37.

  1. Николаева М.Г. Особенности проратания семян в зависимости от филогенетического положения и эколого-географических условий их обитания. - Л. 1999.Т.46. №3. С. 432 - 437.
  2. Хамидов Г.Химический состав соцветий эхинацеи в городе Ташкенте //Узбекский биологический журнал. 2008. № 3. -  С. 12 - 17.
  3. Бейдеман И.Н. Методика изучения фенологии растений в растительных сообществах. Новосибирск: Наука СО. 1974. – 154 с.
  4. Фирсова М.К. Методы исследования и оценки качества семян. М.:          Изд –во АН СССР. 1955. 365 с.
  5. ГОСТ Р 51096 - 97. Семена лекарственных и ароматических культур. Сортовые и посевные качества. Технические условия. - М.: Стандартов. 1997. 20 с.
  6. ГОСТ 24027.1-80. Сырье лекарственное. Методы определения подлинности, зараженности амбарными вредителями, измельченности и содержания примесей. М.: Стандартов. 1980. С. 27 - 30.
  7. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). -  М.: Агропромиздат. 1985. - 351 с.
  8. Работнов Т.А. Методика изучения семенного размножения травянистых растений в сообществах //Полевая геоботаника. Т. 2 - М., Л.: Изд-во АН СССР. 1960. -  С. 20 - 40.
  9. Бейдеман И.Н. Методика изучения фенологии растений в растительных сообществах. Новосибирск: Наука СО. 1974. – 154 с.
  10. Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высших растений. - М.: Советская наука.  1952. 391 с.
  11. Гатцук Л.Е., Смирнова Е.С. Геммаксиллярные растения и система соподчиненных единиц побегового тела //Бюлл. МОИП. Отд. биол. 1974. Т. 79 а. Вып.1.- С.100 -113.
  12. Жихарева Г.А., Курмангалиев А.А., Соколов А.А. Почвы Чимкентской области. –Алма-Ата: Наука, 1969. -411 с.
  13. Тазабеков Т.Т. ) Қазақстанның топырағы -Алматы: Қайнар, 1974.-140 б.
  14. Серебряков И.Г. Жизненные формы высших растений и их изучение //Полевая геоботаника. Т.3 - М., - Л.: Изд-во АН СССР. 1964. - С.146 - 208.
  15. Федоров Ал. А., Кирпичников М.Э., Артюшенко З.Т. Атлас по описательной морфологии высших растений. Лист. -М., Л.: Изд-во АН СССР. 1956. - 304 с.
  16. Прозина М.Н. Ботаническая микротехника. - М.: Высшая школа. 1960. - 206  с.
  17. Пак Т.А. О всхожести семян Halimiphyllum atriplicoides  boriss. (Zygophyllaceae Lindl.) //Узб. Биол. журн. 2003. № 1 - 2.  С. 56 - 62.
  18. Кулешев Н.Н. Процесс семенообразования и полноценность семенного материала //Биологические основы повышения качества семян сельскохозяйственных растений. - М.: Наука. 1964. С. 43-47.
  19. Костылев Д.А., Исмагилов Р.Р., Пименов К.С. и др. Зависимость полевой всхожести, формирование урожая и качества семян календулы лекарственной от предпосевной обработки семенного материала микроэлементами и стимуляторами роста //Генетические ресурсы лекарственных и ароматических растений: Тез. докл. Межд. конф. 12 -14 июля 2004. – М. ВИЛАР. 2004. С. 210-211.
  20. Худжаниязова С. Морфологическая хоректеристика и биология цветения рудбекии и эхинации в условиях Ташкента. Дисс.раб. 1964. 52-56 с.
  21. Гатцук Л.Е. Геммаксиллярные растения и система соподчиненных единиц побегового тела //Бюлл. МОИП. Отд. биол. 1974. Т. 79 а. Вып.1.- С.100 -113.
  22. Смирнова Е.С. Биоморфологические структуры побеговой системы тропических и субтропических цветковых растений в природе и оранжерейной культуре // Интродукция тропических  и субтропических растений. -М.: Наука. 1980. - С. 52 - 91.
  23. Halle F., Oldeman R.A., Tomlinson P.B. Tropical trees and forests. An architectural analysis. - Berlin. 1978. - 441 p.
  24. Зозулин Г.М. Система жизненных форм высших растений  //Бот. журн. 1961. Т. 46. № 1. - С.3-20.
  25. Голубев В.Н. Принцип построения и содержание линейной системы жизненных форм покрытосеменных растений //Бюлл. МОИП. Отд. Биол.1972.  Т.17. Вып. 6. - С.72 - 80.
  26. Баймухамбетов М.А. Целебные растения. – Шымкент. 1995. С. 63 – 183.
  27. Меньшова В.А. Биология цветения и плодоношения интродуцированных на Украине видов рода эхинацея //Охрана, изучение и обогащение растительного мира.- М.: Наука.  1989. Т.16. - С. 53 -55.
  28. Суюншалиева У.Х., Егеубаева Р.А., Аверина В.Ю., Коваленко Т.А., Тажкулова Н.Т. Опытная культура шалфея лекарственного в предгорьях Заилийского Алатау // Матер. Межд. науч. конф. - Алматы. 2003. – С. 297-298.
  29. Васфилова Е.С. Онтогенез Echinacea purpurea (L.) Moench в  Средний Урал // Растит. Ресурсы. 2000. - С.38 – 44.
  30. Ильинский О.А. Особенности динамики водного режима Echinacea purpurea (L.) Moench  // Бюлл. ГБС. 2004.  Вып. 186. - С. 233 - 241.
  31. Турабалаева Т. Видовой состав насекомых, повреждающих эспарцет //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. -Алматы: Кайнар, 1978.                       -№12. –С.44.
  32. Камбулин В.Е. Вредители эспарцета и некоторые приемы снижения их численности на северо-востоке Казахстана //Защита полевых культур, пастбищ и сенокосов от вредителей, болезней и сорняков. –Алма-Ата: ВО ВСХНИЛ, 1981. –С.90-108.
  33. Косолапова Г.Я. Вредители семян кормовых трав при хранении и борьба с ними //Защита полевых культур, пастбищ и от вредителей, болезней и сорняков. –Алма-Ата: ВО ВАСХНИЛ, 1981. –С.126-133.
  34. Альмуратов Н.К. Мучнистая роса эспарцета //Семеноводство, биологическая оценка селекционируемых кормовых растений и их возделывание в Казахстане. –Алма-Ата: ВО ВАСХНИЛ, 1983. –С.71-75.
  35. Кузнецов А. Выращивание эхинацеи узколистной в условиях Москвы // Растит. Ресурсы. 2007. - С.18 – 25.
  36. Шамсутдинов З.Ш.Проблемы фитомелиорации пустынных пастбищ //Проблемы освоения пустынь-1986-№5.-С.34-43.
  37. Величко А. Основы системного мировозрения в земледелии //Земледелие-1990-№2 С-25-27.
  38. Боранғазиев Қ. Қазақстанда екпе шөп өсіру.-Алматы: Қайнар,1974.-201 б.
  39. Нургалиев И. Зависимость развития корневой системы псаммофитов от длины вегетационного периода и свойств почвогрунта. – Уч. зап. Алма-Атинск. пед. института им. Абая. Сер. естеств. – геогр., 1959, Т.10.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-12-27 16:18:29     Қаралды-106

БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖАЗҒАН?

...

Ертеде желім, күйе және су қоспасы қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР НЕ ЖЕЙДІ?

...

Қоректену тәсілі бойынша балықтар шөпқоректілер (фитофагтар)...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰМЫРСҚАЛАР ИІС СЕЗЕ МЕ?

...

Құмырсқалардың иіс сезімі иттер сияқты жақсы дамыған!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА 10 ПАЙДАСЫ

...

Алма қабығында антиоксидант кверцетиннің көп мөлшері бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ УАҚЫТТА ТІСТЕРІН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАҒАН?

...

Ақ және сау тістерге арналған ұнтақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАРСТА ӨМІР БАР МА?

...

Түнгі аспанда жұмбақ жыпылықтайтын қызыл түсті жұлдыз – Марс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

...

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМДАР ШАЙ ІШУДІ ҚАШАН БАСТАДЫ?

...

Жабайы шай бұталарын бүгінгі күнге дейін Қытай тауларында кездестіруге болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЙ ӨСІМДІКТЕР ПАРАЗИТТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Басқа өсімдіктің ұлпаларына жабысып, одан су мен қоректік заттарды бөліп алатын...

ТОЛЫҒЫРАҚ »