СУАРМАЛЫ СҰР ТОПЫРАҚТА МАҚТА ДАҚЫЛЫН ӨСІРУ АГРОТЕХНОЛОГИЯСЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы халыққа жолдауында, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттардың бірі болу керек деп атап көрсетті. Оңтүстік Қазақстан обл ысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін еліміздің негізгі аймақтарының бірі болып саналады.Егіншілік – аймақтың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің негізгі саласы [1].
Жаңадан ұйымдастырылған агроқұрылымдарда егіншіліктің ғылыми негізделген жүйесін тиімді қолдану арқылы, әрбір гектар жердің түсімін арттыру қажет. Бұл жүйені қалыптастыру үшін агроқұрылымдарда ауыспалы егістерді енгізу және игеру, топырақ өңдеудің дұрыс және тиімді жүйесін қолдану, өсіру агротехнологиясының ғылыми негізделген үнемді технологиясын енгізу, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, тәлімі жерлерде топырақ құрамындағы ылғалды және жауын-шашынмен түскен суды тиімді пайдаланумен егіншілік жүйесінің мәдениетін арттыру, тұқым өндіру тізбегін ғылыми негізде ұйымдастыру, жергілікті органикалық, биорганикалық және минералды тыңайтқыштарды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, зиянкестермен аурулардан және арамшөптерден қорғау, барлық озық агротехникалық шараларды механикаландыруды қалыптастырып, жалпы егіншілік жүйесінің ұтымды бағытын қолдану басты мақсат болып есептелінеді [2].
Өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде егіс көлемі жағынан ең үлкені бидай, жүгері, арпа, күріш сияқты дәнді-дақылдармен мақта қозасы құрайды. Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету.
Аймақта ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде ең негізгісі болып мақта өндірісі болып есептелінеді. Қазақстанның шитті мақтасының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Мақтаның егіс көлемі 2009 жылы облыс бойынша 145-150 мың гектар жерді құрады.
Аймақта мақта өнімінің салыстырмалы түрде төмен болуы шаруа қожалықтарының ауыспалы егісті қолданбай, тиімді агротехникалық іс-шараларды сапалы және өз уақытында жүргізбеуі себеп болуда.
Сонымен бірге бүгінгі таңда мақта өндірісіндегі ең үлкен проблемалардың бірі бұл мақта алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету болып есептелінеді. Жылдан жылға мақта алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету үлкен проблемаға айналуда. Республикамызда су ресурстарының жетіспеушілігі, шаруа қожалықтары мақта алқаптарында суды тиімді пайдаланбай, көп ысырапқа жол беруі себебінен 2008 егіс жылында жалпы мақта егістігінің 13 пайызы (23 мың гектар) вегетациялық сусыз қалды, ал егіс көлемінің 70 пайызға (124 мың га) жуығына екінші вегетациялық су берілген жоқ. Нәтижесінде мақта қозасының өнімділігі азайып, соңғы 4 жылдағы ең төменгі көрсеткішке (18,9 ц/га) жетті.
Диплом жұмысының мақсаты мақта өсіруде қатар аралығын және оны өңдеу, су қорын үнемдеудің жаңа технологиясын өдіріске енгізу болып есептеледі.
Диплом жұмысының міндетітері:
–мақтаның түп санын көбейту,қатар аралығын өңдеу тереңдігі тиімділігін, суарудың жаңа әдістерін зерттеу болып табылады.
-мақта алқаптарында ғылыми тұрғыдан негізделген жаңа тиімді суқорын үнемдеу технологияларын жаңарту
-ылғал сақтап тұру үшін жүргізілетін агротехникалық шараларды жетілдіру
- ағын суды тиімді пайдалануда тиімді суару жүйелерін (мөлшері, мерзімі) және әдістерін жаратылуы болып есептеледі.
Практикалық маңызы. Су жетіспеушілік проблемасы мақта қозасы өнімділігінің төмендеуіне ғана емес, сонымен бірге оның сапасының төмендеуіне әсерін тигізуде. Бұл тығырықтан шығу үшін мақта алқаптарында ғылыми тұрғыдан негізделген жаңа тиімді суқорын үнемдеу технологияларын, ылғал сақтап тұру үшін жүргізілетін агротехникалық шараларды жетілдіре отырып, ағын суды тиімді пайдалануда тиімді суару жүйелерін (мөлшері, мерзімі) және әдістерін өндіріске енгізу маңызды мәселердің бірі.
1 Аналитикалық бөлім
Су топырақпен бірге өсіп суару кезеңінде топырақ құрамындағы түйіршіктердің бұзылуына алып келіп, олардың үгітілуі нәтижесінде топырақтың тығыздалуына себепші болады. Судың тасып топырақты басып кетуінде, топырақпен су арасында болатын механизмі жөнінде Т.Н.Павлов жазады.
Топырақтың зиянды су – физикалық қасиеттерін төмендетудің негізгі жолдарының бірі арықтан суару. Арықтан суаруда арықтың деңгейінде кем мөлшерде ылғалданады, ал арықтың жолы және жағасы төменнен жоғары қарай су сіңіру (инфилитация) мен ылғалданады. Бұл жағдай топырақ құрлымы қабатының жақсы сақталуы, өсімдік үшін топырақтың сулы – физикалық қасиеттерін сақтайды және микробиологиялық тіршіліктің өркенденуіне жағдай таралады. Бірақта осындай жағдайда көктемнен күзге қарай топырақ құрылысында бұзылу тенденция, сақталып қалады. Топырақтың көлемдік салмағы және тығыздығы артып, судың сіңіру қасиеті төмендеп барады. Жаңа суару әдістерін және техникасын жетілдіру топырақ құрлысын сақтаудың суармалы егіншілікте маңызды мәселелердің бірі есептеледі. А.Е.Дудко жұмыстарында мақтаны бір арық тастап (сектрдің) суару, суаруда болатын қолайсыз жағдайлардың алдын алуын көрсеткен еді. Ең жоғары өнім (14,3ц/га) арық тастап суаруда алынғанын айтады. Автордың айтуынша арық тастап суару судың тиімділігін артық судың шығын кетумен арттырады. Содан – ақ арық алу қатараралығын өңдеу 40-45пайызын кемейеді [3].
Қатар арасы 70 см болған мақтаның алғашқы екі суы арық тастап суарылғанда суару нормасының 34 пайызға кемейгені есебіне жалпы суару нормасы 12 пайызға кемейіумен өнімділік 2,1 ц / га артты, сондай – ақ суаруға кеткен қаржы (еңбек) кемейуімен бірге әр центнер өнім есебіне гектарынан 194 м³ су тежелгенін баяндады. Автор бірінші – екінші суды арық тастап суаруды су сіңімділігі жоғары топырақтарында ыза сулары жақын болған жерлерде пайдалануды ұсынады. Алғашқы өсу дәуіріндегі суды арық тастап суаруды мақта арасы жақын болғанда пайдалануды ұсынады [4,5].
Сондай – ақ арық тастап суаруы гүлдеу – жеміс пайда болу дәуірлерінде жүргізуді Троцкий Фирсовтар ұсынады. Меднис жүргізген тәжірибелерінде тамырдың көбірек мөлшерде топталуы суарылмаған қатар арасында бақыланып анықтады.
А.Ф. Кучинаның Тәжікстанда жүргізген тәжірибелерінде барлық өсу дәуірлерінде суын арық тастап суарудың тиімділігі жөніндегі мәлімет береді.
Меднис арық тастап суаруды су сіңімділігі жоғары болған, аударылған, ыза сулары жақын жайласқан топыраққа ұсынады.
М.В.Мухамеджанова суарудың бұл әдәсән барлық балшықты топыраққа және ыза суы қолдануды ұсынады. Оның айтуынша суды 2 -3 тәулік ағызу су жүрмеген қатараралықтыда жақсы ылғандандыруын айтады.
Осыған сәйкес нәтижелер Азербайжан мемлекеті жағдайында алынғаны туралы Эльзенгер жазады.
Ю.Алиев арық тастап суаруды қарқынды технологиялардың бірі деп есептеді. Оның айтуынша арық тастап суаруда , өсімдік тамыры топырақ өңдеуде кемірек жарақаттанады және тамыр тереңдеуі су арылған арық жағына көбірек болғанын көрсетеді.
Григорян және Саркисяндар алғашқы екі суды арық тастап ал қалған суды әр арықтан суару мен ең жоғары нәтиже алғанын көрсетті. Техас штаты жағдайында Neman жер беті тегіс болғанда арық тастап суаруды ұсынады. Көптеген тәжрибе нәтижелеріне қарағанда ең жоғары өнім аралас суарылған жағдайда немесе алдыңғы суды әр бір арықта ал соңғы пісу дәуірінде арық тастап суару гектарына 151,0 центнерге дейін өнім берді. Су сіңгіштігі жоғары болған топырақты аударылғанда арық тастап суарудан жоғары өнім алып және бір центнер өнімге 13,5 м³ жетелдегені жөнінде мәліметтер береді.
Агротехнологиялық шаралар жүйесінде мақтаны жоғары өнім сапалы технологиялық талшық алуда негізгі ролді мақтаның түп санымен суару жүйесі атқарады. Бұл көрсеткіштер мақтаның өсіп өну дәуірі өтуіне, мақта өсімдік құрылысына, өсуші мүшелеріне, жеміс мүшелерінің топталуына үлкен әсерін көрсетеді.
Жүргізілген тәжрибелер көрсетуінше мақта түп қалыңдығымен суландыру арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдейді [6].
Отамалы егіндерде түп саны қатар арасы ұя арасы және ұядағы өсімдік саны белгілейді.
Ол замандарда техника болмағаны үшін өсімдіктер түбі кетпенде үйілген, соның үшін өсімдіктер түп қалыңдығы гектарына 40-60 мың өсімдікті құраған.
Р.Р.Шредердің тәжрибесінде түп қалыңдығын гектарына 9 мыңнан 157 мыңға дейін арттырғанда өнім 4-5 есеге артқандығы анықталды. Мақтада жүргізілген тәжрибелерде қатарарасын 54 см ұя арасын 9 см де 2 өсімдіктен қалдырып, түп қалыңдығы гектарына 630,3 мың болғанда жоғары өнім алынды. Сонымен бір қатарда қалың қатар аралығында өсуші бөліктерде 1-ші жеміс бұтақтың жемісі аралығы ұзаруы, жеміс мүшелер төгілуі, көсек пісуі созылады, соған байланысты өнімнің кемейуі жөнінде материалдар береді.
Балашов тәжрибелерінде есеп алып барумен ең жоғары өнімді түп қалыңдығы (100х45х1) гектарына 22,2 мың және (75х30х2) жүйеде түп қалыңдығы 88,9 мың болғанда гектарынан 38,2 және 30,0 ц өнім алды
Көптеген зерттеу жұмыстарында авторлар әр түрлі қалыңдықтағы өсімдіктердің сортына топырақ құрамына қарай суару режимін өзгерту қажет екендігін айтады [7].
Н.Яраславцев Мырзашөл өңірі жағасында мақтаның кеш пісетін сорттарында әр ұяда 2-өсімдіктен ал ерте пісетін бойы төмен мақтада 3 өсімдіктен қалдыруды ұсынады.
Мақташаруашылығы көпжылдық тәжрибелердің жиынтық нәтижелеріне қарағанда әдеттегі қатараралық 70 см егілгенде түп қалыңдығы құнарлы топырақтарда 70-80 мың / гектарда ал төмен құнарлы топырақтарда түп саны гектарына 100-300 мың болғаны жақсы нәтиже беруін айта кетеді [8,9].
П.П.Языков мақтаның түп қалыңдығы саны гектарына 110-120 мың болғанда өсімдік өсіп өркендеуіне қолайлы жағдай жасайды деп есептейді. Сондай-ақ ол құнарлы және құнарлығы орта ыза сулары жақын жайласқан, сонымен бірге мақта мүшелерінің өсуін реттеу қиын соғатын топырақ жағдайында мақта түп қалыңдығы саны гектарына 100 мың болуын айта кетеді.
Көптеген ғалымдардың айтуынша қатар арасы 70 см болған мақта егістіктерінде қолайлы түп саны қалыңдығы 90-95 мың болуын ал одан қалыңдықты көбейту мақтаның пісіп жетілуінің созылуына соның нәтижесінде мақта сапасының төмендеуін көрсетеді.
Мақтаның түп санын белгілеуде жаңа принциптегі мәселені Тәжікстандық ғалымдар ұсынды. Олардың айтуынша бұрынғы жұмыстар мақтаның өсімдік арасын қысқарту немесе ұзарту сондай-ақ ұядағы өсімдік санын көбейту есебіне емес мақтаның қатар арасын кеңейту немесе қысқарту есебіне мақтаның гектарына түп саны қалыңдығын реттеуді ұсынады [10].
Сондай-ақ олар алғашқы тәжрибелерінде қатар аралық 60 см болғанда, қатар аралығы 70 см-к болған мақта егісін салыстырғанда гектарына 3,4 ц өнімді арттырғанын көрсетеді.
Мақтаның қатар аралығын қысқарту практикада үлкен жетістіктерге ерісіп барлық мақта егілетін аудандарға кең жайылды. Қатар арасын қысқартудың жетістігі мақтаны квадрат ұялап егуге жол ашты, ол өсімдіктерді ұзынына және еніне өңдеу жұмыстарын жүргізуге жол ашып берді [11].
Мақташаруашылығы (СоюзНИХИ) тәжрибелеріне сүйене отырып (Кожакин 1946) жол қатарлап мақта егілгенде мақтаны сиректеуге 40 жұмысшы күні жұмсалса, квадрат ұялап егілгенде 13 жұмысшы күн кемейгенін көрсетеді.
Мақтаны қатарлап егуде өсімдіктің қатар бойлап жалғыз түрімен ерекшеленіп, өсімдіктерге жарықтың түсуі бір келкі болып, жеміс мүшелердің топталуы, жылдам өсіп өркендеуі ұялап, ұяда 2-3 өсімдік өсірілгеннен қарағанда үстемдігі болатыны жөнінде мәліметтер береді [12].
М.Мұхаммеджановтың жүргізген тәжрибелерінде квадрат ұялап егіліп, ені – ұзынына өңделгенде өнім тек көсек саны артуы және оның орташа салмағы көбейуіне байланысты, бірақ та квадрат ұялап егу өндірісте өз орнын табалмай кететінін айта кетеді.
Жалпы айта келгенде квадрат ұялап егілгенде қажетті болған түп саны үлкен мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Мақтаны ұзыны – еніне топырақты өңдеу Мақтаарал аймақтың тәжрибе станциясы тәжрибелеріне қарағанда арамшөптердің кемейуіне үлкен әсерін тигізеді, тек ұзынына өңдеуге қарағанда арамшөптер 3-5 есе кем болғандығын көрсетеді.
Бірақта соған қарамай ұзынына - еніне өңдеу өндіріске қолданылмайды. Оның себебі еніне өңдеудің өзіне жараса ерекшеліктері бар. Өңдеу техникасының өнімділігі бәсеңдейді. Суландыру жұмыстары қиындалады. Топырақты өңдеу саласы бұзылады т.б. [13].
Жоғарыдағыларды есепке алып топырақты ұзын – еніне өңдеу түп қалыңдығын сақтау, мақтаның сортына топырақ климаттың жағдайына қарай терең өзгереді деуге болады.
Меднис өз тәжрибелерінде мақтаның түп саны қалыңдығын гектарына 10 мыңнан 1000 – ға дейін көтеріп зерттеу нәтижелерінде топырақ тақтасы көлемі артып фотосинтез белсенділігінің төмендеуін, ал өнімінде түп саны қалыңдығына қарай өзгеріп ең максималды өнім гектарына 90 мың түп болғанда алынғанын дәлелдейді [14].
Мақтаның түп санының өзгеруімен, топырақтың тақташа көлемі және өсімдіктердің өзара көлеңкелеудің дәрежесінің артуына байланысты және мақта алқабының микроклиматының да өзгеруіне келіп соғады. Бұл жағдайдың барлығы топырақ ылғалдылығына да әсерін тигізбей қоймайды. Осыларды есепке алып мақтаның түп саны қалыңдығын реттеуде су қорында есепке алу қажет болады [15].
Мақтаны суландыру мәселелерімен көптеген ғалымдар еңбек етті. Олар су режимін суаруға байланысты топырақтың физикалық қасиеттеріне және мақта өнімділігіне байланысты зерттеулер алып барды.
Мақтадан жоғары өнім алу және оның қалыпты өсіп өркендеуі үшін топырақтағы ылғалдың мөлшері үздіксіз жағдай жасады. Топырақта ылғалдылықтың жетіспеуі өсімдіктің өсіп өркендеуіне күшті әсерін тигізеді. Сондай – ақ жалпы органикалық заттардың пайда болуына үлкен әсерін тигізеді.
Петиновтың айтуынша өсімдік талабы ылғалдылық және қоректік заттармен қаншалықты қамтамасыз етілсе соншалықты өнім және оның сапасы жоғары болады.
Өсімдіктің су режиміне сипаттама беруде әдетте жалпы топырақ ылғалдылығы, өсімдік жасушаларындағы еркін және байланған су тәрізді көрсеткіштерді есепке алынады.
Бірақта бұл көрсеткіштердің су режиміне сипаттама беруге жеткіліксіз екенін айта кетеді.
Солай етіп өсімдік су режиміне толық сипаттама беру үшін өсімдіктегі судың энергетикалық жағдай көрсеткіштері қажет бұндай критерияға тамырдың сору күшін есепке алу керектігін айтты. Бұл көрсеткіш жасушаға судың белсенділігіне байланысты.
Петинов жасуша (клетка) су режимін сипаттауға өсімдікті осматикалық көрсеткіштер есебінде осматикалық және тургорлық қысым және жасушаның сору күшін есепке алады.
Крафтс, Карнер, Стокингтер жазуынша өсімдікте су тапшылығы оның гидролитикалық және синтетикалық процестердің төмендеуіне келіп соғады. Сондай – ақ өсімдіктің суға талабы артуы оның онтогенез дәуірінде өзгеріп тұратынын көрсетті.
Осыған сәйкес болжамды Созакин айта келіп, жоғары өнім алудың негізгі өсімдікті үздіксіз сумен қамтамасыз ету деп есептелінеді. Ол сондай-ақ топырақ құрғақшылығы өсімдікте физиологиялық процестердің бұзылуына, өсімдік бойының өсуіне және анатомиялық құрылысының өзгеруіне алып келеді.
Сонымен бір қайтарда артықша топырақ ылғалдылығы немесе сумен бастырылу топырақ жасушасының суды ұстау қабілетін және сору күшін арттырады, бірақ судың өсімдіктер үсті бөлігіне сіңімділігі төменделеді, үшін жалпы сумен топырақ қамтамасыздылығы 4-5% төмен болады. Өсімдіктерді су басуы еркін су мөлшері төмендеп, ақуыз синтезі төмендеп май алмасуы бұзылады [16,17].
Суару жүйесінде жоғары өнім алу тек топырақ ылғалдылығына байланысты есмес көбірек айналасындағы қоршаған өсімдіктерге жағдай жасауға немесе микроклиматты жұмсарту, микробиологиялық процестерді күшейту нитрофикациялау процесін жақсылауға байланысты болады [18].
Ге Мецер суару энергетикалық материалдардың күшейуін қамтамасыз етіп, микробиологиялық құбылыстардың өркендеуіне ықпалын тигізеді. Суармалы топырақтарда бактериялар саны 5-10 есе суарылмайтын (богара) топырақтарға қарағанда көп болады. Сондай – ақ аэробты микроорганизмдер көбеюіне жақсы жағдай жасайды, топырақтың ылғалы төмен жағдайда микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі төмен болатынын айта кетеді.
Максимовтың жұмыстарында өсіп тұрған өсімдікті суландыру өсімдік тамырына судың енуін арттырады. Сонымен бір қатарда топырақ құрамындағы су әрекетін де жылдамдатады.
Топырақ ылғалдылығы дәрежесінде тек жалпы өнімді емес салыстырмалы булану немесе трансперация коэффициентіне әсерін тигізеді. Топырақ ылғалдылығын 30-дан 90%-ке дейін көтергенде трансперация коэффициенті 1,5-2 есеге артады, ал ауаның ылғалдылығы 90-нан 30%-ке төмендеген аралықта трансперациялық коэффициент 3,7 есеге артатындығын көрсетті [19].
Мақта. Мақта шаруашылығы аудандарында тек суландырылатын топырақтарда өндіріледі. Себебі мақта, шөл аймақтарында егіліп, ол климат жағдайында жаз айларында жауын – шашын болмауына байланысты жоғары өнім алуға болмайды.
Новиковтың вегетациялық тәжрибелерінде мақтаның жер үсті биологиялық массасының ең жоғары өскендігі топырақтың 60%-те өте төмен 40% ылғалдылықта өсуі анықталды, бірақта ең жоғары мақта өнімі топырақтың 60% ылғалдылығында алынды.
Мақта өсімдігі үшін топырақтың қолайлы ылғалдылық жағдайы алқаптық тәжрибелерде Рыжов жұмыстарында толық жаратылған.
Суарумен топырақ ылғалдылығын теориялық болжамы организм мен оның жасау жағдайымен белгіленеді. Оның негізін суару уақыты абсалют топырақ ылғалдылығымен емес, топырақтың суарудан алдыңғы алаңдық (топырақ) ылғалдылығымен есептелінеді. Көптеген тәжрибелер мәліметтеріне сүйеніп, топырақты суарудан алдыңғы алаңдық (топырақ) ылғалдылығы 70% - тен төмен болмауы анықталды. Топырақта ылғалдылық 70% - тен төмен болғанда капилярлар жүйесінде ауа үзілісі пайда болып су әрекеті жылдамдығы және сумен қамтамасыздығы кемейеді [20].
Еременко В.Е. болжамынша суарудан алдыңғы ылғалдылығы төменгі кпилярлар ауа үзілісіне қарай емес, топырақтың анық жағдайына, жүйесіне қарай белгілеуді ұсынады. Ол көптеген тәжрибелер жиынтығы нәтижелеріне сүйене отырып, топырақ ылғалдылығының қолайлы төменгі шегін мақтаның өсу дәуіріндегі топырақ типі, оның механикалық құрамына байланысты белгілеуді ұсынады. Оның алған нәтижелерін қарағанда күлгін топырақта, ыза суы терең жайласқан жағдайда топырақ ылғалдылығы мақтаның гүлдеу дәуірінде 65%, гүлдеуден – жеміс пайда болуы дәуірінде 55-50% болуын айта кетеді.
Сондай – ай жеңіл механикалық топырақ және күлгін – балшық жеңіл тұздалған топырақ жағдайында топырақ ылғалдығын 70-75%, ал пісу дәуіріне келіп 60-65%-ке түсірілуін ұсынады. Сорланған топырақта ылғалдық топырақтағы тұз концентрациясын ерітіп, төмендейтін мақтаның өсіп өркендеуіне жағдай жасалды [21,22].
Ковданың айтуынша күшті тұздалған топырақта өсу дәуіріндегі ылғалдық 80-85% - тен кем болмайды. Сонымен суару аралығын топырақта тұз концентрациясы артып, өсімдікке әсер етеді. Бұл теорияны Федорова қолдан тұзды топырақтарда ылғалдылықты 70-80% төмен ұстамай кем нормада жиі суаруды ұсынады.
Гумарованың алған нәтижелері бойынша топырақ тұздылығы мақта жапырағының сору күшін арттырады, сондай-ақ жапырақ сору күші тұздылыққа дұрыс пропорционал екенін көрсетеді. Тұзды топырақта жоғары ылғалдылық тұздың кері әсерін, оның концентрациясын кемейтумен уландыру әсері кемейеді және топырақтың суды ұстау күшін кемейтеді. Оның есебіне өнімділікті арттыруды дәлелдейді.
Бесполов Мақтаарал ауданы жағдайында жүргізген тәжрибесінде тұзсыз топырақта жаңбырлату әдісімен суаруда 70% ал тұзды топырақта 75% ылғалдылықта ұсталуы жақсы нәтиже беруін көрсетті.
Норозин және Азизовтар Қарақалпақстанның солтүстік мақта шаруашылығы мен айналысатын аудандарында жүргізілген тәжрибелерінде топырақ ылғалдығын мақтаның гүлдеуге дейін дәуірінде 82-75%, ал гүлдеуден – жеміс пайда ету дәуірінде 63-65% ылғалдықты ұстауды ұсынады.
Раимов өз жұмыстарында Орта Азия топырағының физикалық қасиеттері түрліше болып, олардың суды ұстау және өсімдіктерге беру қабілеті түрліше екенін есепке алып, топырақ ылғалдылығы 70% - тен кем болмауын айтады.
2 Тәжірибелік бөлім
Тәжірибе ОҚО Мақтарал ауданы «Кетебай» елді мекенінде Кетебай өндірістік кәсіп орнында жүргізілді, топырағы кәдімгі сұр топырақ болып құрамында қара шірік мөлшері 1,3 тең 1,8%- ке деген ауытқып тұрады. Жалпы азот мөлшері аударылатын және аударылмайтын қабатына қарай 0,08-ден 0,15%-ке деген.
Кәдімгі сұр топырақта жалпы фосфор 0,15-0,20%, ал жалпы калийге келсек 1,5-3,0%-ті құрайды. Топырақ денгейіне қарай төмендеген санын қоректік заттар мөлшері кемейіп барады. Топырақ сортаң болғандықтан қара шірік мөлшері төмен болады. Оның себебі сортаң топырақта биологиялық процестердің баяу жүруі есептеледі. Сортаң топырақтарда микроорганизмдер жасауына жақсы жағдай болмауы. Ол минерилизациялау процесінің байау жүруіне себепші болады.
Кәдімгі сұр топырақтарда жалпы азоттық 5-7% органикалық азот болып. Оның негізін ақуыздар құрайды, олар тірі жанды заттардың жасушалары есебіне пайда болады. Азоттық минералды түрі көбінесе нитраттты және аммиакты түрде кездеседі. Сұр топыраққа тиісті және бір ерекшелік себілген барлық тыңайтқыштар соңы нитрат күйіне айналумен жүреді. Топырақтың механикалық құрамына келсек орташа суглинка (балшықты) болып физикалық балшық аударылатын қабатта 46%. Аударылмайтын қабатта 48% құрайды [23,24].
2.1 Тәжрибе жүргізудің климаттық жағдайы және әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолйлы.
Тәжірибе ОҚО Мақтарал ауданы «Кетебай» елді мекенінде Кетебай өндірістік кәсіп орнында жүргізілді, топырағы кәдімгі сұр топырақ болып құрамында қара шірік мөлшері 1,3 тең 1,8%- ке деген ауытқып тұрады. Жалпы азот мөлшері аударылатын және аударылмайтын қабатына қарай 0,08-ден 0,15%-ке деген.
Кәдімгі сұр топырақта жалпы фосфор 0,15-0,20%, ал жалпы калийге келсек 1,5-3,0%-ті құрайды. Топырақ денгейіне қарай төмендеген санын қоректік заттар мөлшері кемейіп барады. Топырақ сортаң болғандықтан қара шірік мөлшері төмен болады. Оның себебі сортаң топырақта биологиялық процестердің баяу жүруі есептеледі. Сортаң топырақтарда микроорганизмдер жасауына жақсы жағдай болмауы. Ол минерилизациялау процесінің байау жүруіне себепші болады [25].
Кәдімгі сұр топырақтарда жалпы азоттық 5-7% органикалық азот болып. Оның негізін ақуыздар құрайды, олар тірі жанды заттардың жасушалары есебіне пайда болады. Азоттық минералды түрі көбінесе нитраттты және аммиакты түрде кездеседі. Сұр топыраққа тиісті және бір ерекшелік себілген барлық тыңайтқыштар соңы нитрат күйіне айналумен жүреді. Топырақтың механикалық құрамына келсек орташа суглинка (балшықты) болып физикалық балшық аударылатын қабатта 46%. Аударылмайтын қабатта 48% құрайды.
Бұл облыс солтүстік ендік бойынша 41 градустан 46 градусқа және шығыс бойлық бойынша 65 градустан 71 градусқа жайылып жатыр. Бұл өлкенің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 550 километрден жоғары, ал батыстан шығысқа қарай 470 километр, жалпы көлемі - 121,5 мың км2 жерді алып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шяньның батыс аласа бойлы тау тарамы мен айтрлықтай биік таулы жоталар бөлігін, осы жоталардың тау жиегі жазықтығын, Түркістанның байтақ кеңістігін, немесе Тұран ойпат жерлері мен Бетпақ даланың биік жазықтығын қамтып алып жатыр [26].
Облыс климаты – континенталды, әсіресе құмды, сазды және шөлді жазық жерлерде құбылмалы өзгеріп тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешелінеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 0 градустан жоғары болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікке 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдың орташы температурасы 8-14 градус аралығында болады.Жылдың ең суық айы - қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте 0 градустан солтүстікте минус 10 градусқа дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кейжылдары 30-35 градус суықты көрсетеді. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 24 градус, оңтүстікте 35 градус шамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-45 градусты көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 миллиметр, жартылай шөл – 250-300 миллиметр, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 миллиметр. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда жауады (5-7 пайыз). Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80 пайызын құрайды [27].
Облыс көлемінің жері Сібірден, Ираннан, Каспий теңізі жақтан соғатын ауаның жолында жатыр. Ираннан соғатын ауа мен Сібірден соғатын суық ауа кездесетіндектен бұл жердің ауа райы тұрақты болмайды. Қыста егіс жұмысын жүргізуге болатындай жылымық күндер де аз емес. Облысымыздың жеріне Арктикадан соққан ауа қатты жел тұрғызып, қар жаудырады. Содан соң температура кенет төмендейді де, ашық күнді қатты аяздар болады. Күз бен көктемде Арктикадан келген ауа боз қырау түсіреді.
Жазда облыстың жерінде ауаның мынадай үш түрі болады: Орта Азия мен Иранда пайда болатын жылы және ылғалды континентальды полярлық ауа, суық және құрғақ Арктикалық ауа мен тропикалық ауа. Бұл аудандардың қай-қайсысының болса да ерекшеліктерінің қалыптасуына, жергілікті ыстық ауаның айналуы да басты роль атқарады.
Жылдың барлық уақытында облыс жерінде солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғып тұрады. Соғатын желдің бағытына жер бедері үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, облыстың шығыс аудандарына солтүстігінде Боралдай тауы жатқандықтан жел шығыстан, ал Шаян, Созаққа солтүстік-шығыс және солтүстіктен соғады.
Желді күндердің саны әртүрлі. Желдің көп болатын жері Шаян, Түркістан, Түлкібас, тіпті бұл жерлерде жылдың барлық уақытында да жел соғып тұрады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 2,3-5,3 метр шамасында ауытқып отырады. Ең күшті желдің соғуы көктемде болады. Бұл кезде желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетеді. Жел ауа райын өзгертіп, кейде кенеттен жылытып, немесе қар жаудырады.
Орташа ауа температурасы Мырзашөл өңірінде 12,30С, Түркістанда, Келес аумағында – 12,50С, Шардарада – 12,60С, таулы аймақтарда 7-80С болып келеді. Облыстың орта шенінде бұл 11,80С–тан 12,2 градус мөлшерінде ауытқып отырады. Жазда ашық күндер және құрғақ ауа топырақтың үстіңгі қабатын мен ауаның төменгі қабатын қатты қыздырып жібереді. Жазық жерлердің шілде айындағы орташа температурасы 25-29 градусқа дейін көтеріледі.
Күнтәулігінің орташа температурасы 20 градустан асатын күндер 4 айға дейін созылады. Таулы аудандардың жазы салқын, таудың ортабелдеуінде орташа температура 8-10 градус болып келеді [28].
Оңтүстік аймақтарда орташа ауа температура жаз айларында 28 градус төңірегінде болады. Жалпы жылылық бойынша орташа тәулік температура 100С жоғары. Облыс көлемі бойынша вегетация кезеңінде мамыр айынан тамыз айлары бойынша тиімді температура 1700–1850 градус болады.
Жылы мерзімдердің ұзақтығы солтүстікте 170 күннен 190 күнге, ал оңтүстікте 230 күннен 250 күнге дейін ауытқиды.
Оңтүстік аймақта орташа жылдық ауа ылғалдылығы 51-56 пайызды құрап, солтүстікке қарай 60-65 пайызды дейін көтеріледі. Сонымен бірге жерлер үздіксіз суарудың және басқада гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жазғы кезеңдерде ауа ылғалдылығы төмендеп және көтеріліп отырады. Суарылмайтын аймақтарда жазғы кезеңдерде бұл көрсеткіш 20 пайызды құрап, ал суармалы жерлерде 30 пайызға дейін жетеді [29].
Жылдық булану дәрежесі солтүстікте 1150-1250 миллиметр, ал оңтүстік аймақтарда 1500-1600 миллиметрді құрайды.
Булану дәрежесі өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде жылдың булану мөлшерінің 75-80 пайызын құрап, 1000-1300 миллиметрге дейін жетеді.
Облыс көлемінде бірінші күздік суық кезеңі қазанның ортасында түседі, солтүстік-солтүстік шығыс бөлігінде - қыркүйектің соңында, ал соңғы суық мерзім болып сәуірдің ортасы болып саналады.
Бірінші кестеде көрсетілгендей жауын-шашын түсу деңгейі негізгі мақта егілетін аймақтарда орташа көпжылдық көрсеткіш бойынша 194 миллиметрден 364 миллиметрге дейін ауытқиды: Шардара және Түркістанда 194 миллиметрден 225 миллиметрге, ал Келес өңірінде 364 миллиметр, оңтүстік жақтарда 262 миллиметр.
Мырзашөл өңірі – жауын-шашын аз түсетін өңір, және де жылдың кезеңінде әр түрлі болып келеді. Жазда температура көтеріледі, қыста төмендейді. Жыл кезеңдерінде ауа құрғақталып, топырақтың жоғарғы беткейіне күшті булану жүреді. Көктемде (наурыз-мамыр) жылдық мөлшердің 39-51 пайызы түседі, жазда ( маусым-тамыз) 26 пайыз, күзде (қыркүйек - қараша) – 12-22 пайыз, қыста (желтоқсан- ақпан) – 31-40 пайыз жауын-шашын түседі.
Көпжылдық ауаның орташа температурасы көрсеткіші, солтүстік-батыс аймақтарда (Шардара-Мақтаарал) 12,0–12,5 градусқа тең келеді. Шілдеде орташа айлық температура Мырзашөл өңірінің солтүстүгінде 27-28 градусқа тең, оңтүстікте 30,1–30,4 градусқа жетеді (1 кесте).
Көктемде топырақтың жоғарғы беткейінде булану көлемі – 296,4 мм, жазда – 456,9 мм, күзде – 144,7 мм, қыста -71,5 мм, яғни жыл бойы орташа булану – 969,5 мм–ді құрайды, ал жылдық түсетін жауын-шашын 416 мм-ді құрайды. Жауын-шашынның аздығынан және буланудың күшті әсерінен көктемнен күзге қарай судың капиллярді булану әсерінен, топырақтың жоғарғы беткейіне тұздардың жинақталуына әкеп соқтырады [30].
Л. М. Теодорович температураның алмасу кезеңі 22-27 наурызда басталады деп айқындайды. Вегетациялық кезеңнің созылымы (Мақтаарал) 191 күннен 230 күнге созылады.
Жалпы вегетация кезеңінде мақта қозасы 2200 (Мақтаарал) градустан 2500 градустай тиімді теператураны алады. Сонымен ауаның жылу ережесі Мырзашөл өңірінің аймағындағы өсірілетін жылу сүйетін мақта қозасына қолайлы келеді.
Қорыта келгенде аймақтың ауа райы температурасының жоғары болып жауын-шашынның аз болуынан ерекшелінеді. Өсіп-өну мерзіміндегі жылылықтың қосындысы 4000 градус болады. Осындай табиғи жағдайлар барлығы ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрін соның ішінде мақта қозасының да жақсы өніп-өсіп, пісіп – жетілуіне мүмкіндіктер жасайды.
2.2 Күзгі жер жырту
Бұл шара өсімдіктің тамыр жаятын топырақтың жоғарғы қабатын қопсытуға үлкен әсерін тигізеді және топырақ көлем салмағын 20 пайызға төмендетеді.
Жерді 40 сантиметрге терең айдау топырақтың су өткізгіштігін жоғарылатып, сор шаюға кететін су мөлшерін 27 пайызға төмендетіп, бұрыннан қолданылып жүрген жер жырту технологиясымен салыстырғанда суды гектарына 300-400 м3 /га үнемдейді.
Топырақтын жоғарғы қабатындағы зиянды тұздардың мөлшерін 70 пайызға төмендетеді.
Жер жырту жұмыстарын сапалы жүргізу, оның мерзіміне де байланысты. Жер жырту жұмыстарын жүргізуде уақыт шектелген, себебі қазан айында бітетін жиын-терім жұмыстарынан кейін тез арада ауа райының суып кетуі немесе жауын-шашынның көп болуы бұл жұмыстарға кедергі болуы мүмкін.
Қазақстанның мақта егетін солтүстік аудандарында жер жырту жұмыстарын желтоқсанның біріне дейін, ал басқа аймақтарда желтоқсанның 10-на дейін аяқтау ұсынылады.
1-ші суретте көрсетілгенде» жоңышқа мен жүгеріден ерте босаған егіс алқаптарында жер жырту жұмыстарын солтүстік аудандарда қазанның 15-20, ал Оңтүстік аудандарында қазанның 20-25 жұлдыздарына дейін жерді 40 сантиметр тереңдікке жыртып жүргізген тиімді.
Сурет 1. Жер жырту
Егер бұл жұмыстар кұркүйек айында – ерте жүргізілсе, ерте көктемде егіс алқаптарында арам шөп қаптап, оларды құрту үшін қосымша шығын жұмсаумен бірге ерте көктемдегі егіс алды жұмыстарды терең жүргізуге тура келеді. Бұл қыста, көктемде жиналған ылғалды сақтап тұруға кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының минерализация процессі тез жүруіне байланысты, жиналатын шіріндінің мөлшерін азайтуы мүмкін.
Жер жыртудың тиімді әдістерін қолдану жердің тегіс болуына, суарған кезде егістікте судың бір келкі жайылуына, соның есебінен өсімдіктің жақсы өсіп дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Технология бойынша мақта егістіктерін жыртуда загонға бөліп айдау әдісі қолданылады. Загонмен жер жыртуды ішке немесе сыртқа қарай аударып жүргізуге болады. Жерді загонмен бөліп айдаған кезде загонның ені 40-50 метрден аспағаны жөн. Бірінші загонды ішке қарай аударып айдай отырып, екіншісін сыртқа қарай аударып жыртқанда егістіктің тегіс болуына қол жеткізуге болады. Соның есебінен сор шаю кезінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізіледі [31].
2.3 Жерді тегістеу
2-ші суретке қарағанда бұл шара агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есетелінеді. Сор шаю жұмыстарын және жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде судың егіс алқаптарында бір келкі жайылуына жағдай жасайды және соның есебінен кететің ағын судың мөлшерін азайтып суды 15-17 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
Сурет 2. Жерді тегістеу
Сурет 3. Топырақты кешенді баптау
Мақта қозасын баптауда агротехникалық шараларды сапалы жүргізуде жердің тегістігін қамтамасыз еткен жөн, сонда ғана мақта қозасын себуде және суару арқылы жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады [32].
Жер тегістігі сушылардың жұмыс өнімділігін де арттырады. Бір күнде тегіс емес жерде сушы 0,4-0,5 гектар жерді суаратын болса, күрделі тегістеуден өткен жерде бұл көрсеткіш 1,5-2,0 гектарға дейін жетеді.
Жақсы тегістелген жерде сор шаюға кететін су шығыны азайып, мақта біркелкі шығуымен бірге мақта қозасының керекті түп санын алуға қол жеткізіледі. Жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде де жүйектерге су біркелкі тарап топырақ біркелкі намданады, соның есебінен жүйекаралық қопсытуды сапалы жүргізе отырып, мақтаның біркелкі пісуіне жағдай жасалады.
Ауыспалы егіс кестесінде мелиоративтік жер болатын болса, күрделі жер тегістеу жұмыстарын жерді екіге бөліп жаз айларынан бастаған дұрыс. Жылдың бірінші жартысында бірінші жер бөлегіне тегістеу жұмыстарын жүргізіп, содан соң жүгеріні көк майсаға себу, ал жердің екінші жартысына керісінше жылдың бірінші жартысында жүгеріні көк майсаға себіп, ал жердің екінші жартысына күрделі жер тегістеу жұмыстарын жүргізген дұрыс.
Күрделі тегістеу кезінде кейбір жер бөліктерінің үлкен қабатын алуға тура келеді, бұл топырақтың құнарлығын төмендетуі мүмкін, сол үшін ол жерлерге суперфосфат тыңайтқыштарын гектарына 500-700 килограмм есебінде немесе көңді 30-40 тонна беру керек.
Күрделі жер тегістеу жұмыстарын әр 10-15 жылда жүргізе отырып, әр жылда ағымдық жер тегістеуді жүргізгенде мақта өнімділігін көтерумен бірге вегетациялық суару кезеңдерінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізуге болады.
2.4 Егіс алды топырақты өңдеу
Мақта қозасының өніп-өсуіне, мақта алқаптарындағы арамшөптерге, мақта зиянкестеріне қарсы күресуде маңызы өте жоғары.
Кәзіргі кезде жасап шығарылып жатқан жоғары тиімді ауыл шаруашылық техникаларының арқасында, бір жүргенде бірнеше технологилық операцияларды бірге алып жүру, бұл технологияның басты басымшылығы болып есетелінеді.
Өсіп даму кезеңдерінде мақта қозасын баптауда кемінде 32 агротехникалық шаралар жүргізіледі. Бірнеше агротехникалық шараларды бір мезгілде жүргізе отырып, кететін шығын мөлшерін азайтуға, алынатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге болады. Ерте көктемде жүргізілетін тырма жұмыстарын, тырмалардың қатарын көбейту арқылы 2 рет жүрудің орнына бір рет жүргізуге болады. Сонымен қатар чизелді, тырманы және маланы бір-мезгілде жүргізе отырып, көп мөлшерде кететін жанар жағармайдың, қаржының көлемін үнемдеуге болады. Жүйек аралық баптау кезінде минералды тыңайтқышты, мақтанын басын шырпуды бір мезгілде жүргізуге болады. Осы шаралардың арқасында агротехникалық шаралардың санын 32-ден 28-ге дейін қысқартуға, сонын есебінен кететін шығынды 33 пайызға азайтуға болады. Суқорүнемдеу технологиясын қолдана отырып топырақтың тұзданбауына, кететін шығынды азайта отырып өнімнің өзіндік құнын кемейтуге қол жеткізіледі [33].
Жер асты сулары жоғары жатқан, сор шаю жұмыстары жүргізілген сортаңданған жерлерге топырақтың тығыздалып қалуына байланысты, егіс алды чизелді 15-20 сантиметр тереңдікте жүргізіледі. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталық, солтүстік аудандарында көктемгі ылғал көтеру суару жұмыстары жүргізілген жерлерге чизелді саяз, 12-14 сантиметр тереңдікте жүргізген немесе дискілеген тиімді.
Көптеген шаруа қожалықтарының басшыларында, арам шөптері көп алқаптарды көктемде қайтадан соқамен аударып жыртқан дұрыс деген қате пікір қалыптасқан. Көктемде қайта жырту арамшөптердің шығуын шитті себу кезеңінде ғана азайта алады, ал кейін (жауын-шашын мол болған жағдайда) алқапта арам шөптер қайтадан қаулап кетеді. Сонымен бірге топырақтың ылғалдылығы төмендейді. Егер топырақ қатты тығыздалып қалып, көктемде соқамен аударып жыртқанның өзінде де, ол жерлерге ауыр дискілі тырмаларды жүргізіледі. Сонан соң ғана жеңіл тырмалау және малалау агротехникалық шаралары жүргізіледі. Дискілі тырмалар саз топырақты жерлерді өңдеуде таптырмайтын құрал болғанмен, тамыр жаятын арамшөптері көп егіс алқаптарына қолдануға болмайды, себебі дискілі тырмалар арамшөптерді көп бөлшекке бөлшекдеудің арқасында, олардың көбеюіне жағдай жасауы мүмкін.
Сонымен егіс алды агротехникалық жұмыстарды әр аймақтың топырағын, ауы-райын және әрбәр егіс алқаптарының мелиоративтік жағдайына қарап сапалы және дер кезінде жүргізгенде ғана, біркелкі және толық мақта өскінділерін алуға қол жеткізіледі.
2.4.1 Мақта қозасын себу және жүйек аралық өңдеу
Суқорүнемдеу технологиясының тағы бір басты элементтерінің бірі бұл жоғары өнімді, тез пісетін, сапасы жағынан дүниежүзілік стандарттарға сай және су жетіспеушілікке шыдамды отандық мақта сорттарын себу.
Республика мақта егісінің көлемі 2008 жылы 178 мың гектар жерді құрады. Бұл жердің 54 пайыздан астамына жоғары өнімді, су жетіспеушілікке шыдамды отандық «Мактаарал» мақта сорттары себілді.
2.4.2 Топырақты ерте көктемде және егу алдында өңдеу жүйесі
Көктемде егістікте сүдігер жыртады, егер егістікте суғарып шаю жұмыстары жүргізілгенде, жауған жауын-шашынның әсерінен егістік қабаты сәйкесінше шөгеді де топырақ тиімді қопсытылады.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» - ылғалдың белгілі бір мөлшерінде топырақты өңдегенде, дақылдарды сепкенде артық күш жұмсамай-ақ сапалы уатылу және құралдарға жабыспау қабілеті. Басқаша сөзбен айтқанда, топырақтың ерте көктемде қар кеткеннен немесе қолдан суарғаннан кейін өңдеуге дайын болуы.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» оның физикалық қасиеттеріне, ылғалдылық деңгейіне, ауа-райына байланысты.
«Піскен» топырақ жеңіл өңделеді, жақсы уатылады, ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабыспайды, топырақтың құрылымы бұзылмайды және үлкен кесекке айналмайды.
Физикалық «пісіп-жетілген» қара топырақтардың ылғалдылығы 15,0 – 24,0, қызылқоңыр топырақтағы 13,0 – 23,0, құба топырақтікі 12,0 – 24,0 пайыз аралықтарында болуы керек.
«Пісіп-жетілмеген»топырақтарды өңдегенде олар жақсы уатылмайды, кепкеннен кейін ірі-ірі кесектер пайда болады. Оларды ұсақтау үшін топырақты бірнеше рет қосымша өңдеуге тура келеді. Бұл топырақтың шаңдануына, ондағы ылғалдың буланып ұшып ысырап болуына, қосымша қаржы жұмсауға әкеліп соқтырады.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» оның гранулометрлік құрамына тығыз байланысты. Мысалы, гранулометрлік құрамы ауыр саз балшықты топырақтар оның далалық су сыйылымдылығы 50 – 66 пайыз аралығында «пісіп-жетіледі», ал гранулометрлік құрамдары жеңіл құм, құмдауыт, құмдақ топырақтарда бұл көрсеткіш 40 – 70 пайыз аралығында жатады.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуіне» көктемгі далалық жұмыстарды бастаудың мерзімі тікелей байланысты.
Егіншілікте физикалық «пісіп-жетілумен» қатар топырақтың биологиялық «пісуі» деген ұғым бар. Биологиялық «пісу» деп микробиологиялық процестердің белсенді дамуы арқасында көмірқышқыл газы мен қоректік элементтердің жеткілікті мөлшерде жиналған топырақ күйін айтады.
Мәселе мынада, яғни көктемдегі және егу алдындағы өңдеуден бастап, артық өңдеулер санымен топырақтың қопсытылуының тығыздығынан топырақтың тығыздығын жоғарлатпау керек, керісінше топырақтың тиімді қопсылуын ұзақ мерзімге дейін сақтау қажет.
4-ші суретте көрсетілгендей топырақты аз нығыздау үшін және егістіктің жақсы өңделуі үшін жеке-дара жүргізілетін жұмыстар қажет емес, яғни трактордың бір жүрісінде бірнеше агрегат тіркесіп өтуі тиіс. Мысалы бір тізбекке чизелді орнатады, ол бір мезгілде тыңайтқыш себеді және тырманы немесе маланы тіркейміз және т.б.
Келтірілгендерден мынаны көреміз, яғни теориялық негізге сәйкес топырақты артық өңдеудің, трактордардың құрал-саймандарымен егістікте артық жүруінің пайдалылығына басқаша жақындау қажет. Егістік қабатын өңдеу нәтижесінде аз тығыздауды және сонымен қоса сулы физикалық жағдайды сақтауды, ол мақта шикізатының өнімін арттыру үшін тиімді.
Топырақты ерте көктемде өңдеу. Ерте көктемдегі 8-10см тереңдікте тырмалау топырақтың құнарланып жетілуіне қабаттаспайды, яғни оның механикалық құрамы және ауа-райының жағдайына байланысты болады. Ерте көктемдегі тырмалауды механикалық құрылымы жеңіл топырақтарда ертерек жүргізеді, ол орташа және ауыр топырақта кейінірек жүргізіледі.
Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда тырмалау ерте жүргізіледі, яғни ақпанның ортасында және наурыздың басында. Сүдігерді ерте көктемде тырмалауды бір рет жүргізеді.
Қосымша шайылатын жерлерде, әсіресе шайып суғару нәтижесінде тығыздалған жерлерде егістік алқапты тырмалаудың орнына чиздельді - мала немесе дискіге тырма тіркеп орнату қажет.
Желді аудандарда ерте көктемдгі тырмалауды маламен агрегаттау керек, себебі мала егістік бетін тегістейді. Сүдігерді ерте көктемде тырмалауды екі ізбен трактордың бір жүрісінде жүріп өтеді. Сол үшін тырманы екі қатарға орнатады. Тырмалау үшін шынжыр табанды тракторды қолданады. Сонымен қоса топырақ аз нығыздалады және жұмысты ерте бітіреді.
2.5 Мақта қатараралығын өңдеудің негізгі міндеті
Себу жұмыстары жүргізіліп болғаннан соң топырақ міндетті түрде тығыздалады. Әсіресе жақсы өнім алу үшін жүйекпен суғарғанда және қатты жауын-шашын болғанда, сонымен қоса себу алдында топырақты тырмамен және маламен терең өңдегенде топырақ қатты нығыздалады. Топырақтың нығыздалған жағдайда ұзақ уақыт сақталуы өсімдіктің дамуын тежейді, жоғары сапада культивациялауды, суғаруды қиындатады және де ол арамшөптің дамуын жеделдетіп, мақта өсімдігінің даму жағдайын кешеуілдетеді, өнімділігін төмендетеді.
Топырақтың беткі қабаты майда қопсытылған жағдайда болуы, булану кезінде ылғалдың жойылуын төмендетеді және де зиянды тұздарды жердің астынан бетіне шығуын болдырмайды, ауаның топыраққа енуін жақсартады. Бұл топырақтағы микроорганизмдердің қызметін арттырады, ол өсімдіктерде пайдалы заттар қорының көп мөлшерде жинақталуында үлкен рөл атқарады. Топырақтың төменгі қабатына дейін ауаның кіруі, өсімдік тамырына қажетті оттегінің жетуіне мүмкіндік береді [34,35].
Қатар арасындағы топырақты қопсыту, оның су сіңіру қасиетін арттыру үшін қажет, терең суғару арықтары жоғары сапада суғаруға және жер асты суын өнімдірек қолдану үшін қажет болып табылады. Сонымен қоса бұл тыңайтқышты топыраққа терең енгізуге және ондан пайдаланудың жоғары тиімділігін арттыруға қажет.
Егістікті қопсыған және арамшөптерден таза күйде сақтау, қатараралықтағы жүргізілген жұмыстарға байланысты, оларға культивациялауды, жүйектерді тілуді, арамшөптерді отау және кетпенмен құртуды жатқызуға болады. Олардың ішіндегі ең маңыздысына трактормен культивациялау жатады, оның сапалылығы топырақты культивациялау және қатараралығын өңдеудің механизациялау деңгейіне байланысты болады.
Трактормен өңдеуге келесі талаптар жатады:
-культиватордың жұмысшы органы егістіктен өткенде арамшөптерді толық кесіп өту қажет;
-берілген тереңдікте кең қашықтықта культивациялап өңдеу;
-қатараралығында терең атыз салу; өңдеу кезінде өсімдіктерге зиянын аз тигізу және топырақты қопсытуда шаң, үйінді пайда болдырмау.
Егер өңдеу жұмыстары кезінде топырақтың 40% бөлігі 0,10-10мм және үйінді, кесектер 50мм мүлдем жоғары болмайтын болса, онда топырақ жоғары сапада қопсытылды дегенді білдіреді.
Мақта қатараралығын өңдеу мерзімі. Алғашқы қатараралығын өңдеудің кешеуілдеуі өсімдіктің дұрыс қоректенуін бұзады және 15-20%-ға өнімділігін төмендетеді, сонымен қоса жас өсімдіктерге өте қажетті қоректік заттармен су арамшөптерге оңтайлы жетеді.
Алғашқы қатараралығын өңдеудің қажеттілігі мынада, бұл уақытта мақта өсімдігі әлсіз болады, егер топырақты тереңірек өңдегенде өсімдікке зиян келтіреді.
Алғашқы қатараралығын өңдеудің пайдасы жауын-шашын мол түскен жылдарда өте қажет болады, яғни арамшөптер көп мөлшерде тез дамиды да өсімдікке зиянын тигізеді. Бұл жылдары тамыр шірмесі көп дамиды. Қатараралығын өңдегенде топырақтың беткі қабаты кебеді, қызады және осы ауруды тудырушыларды жояды, сонымен қоса мақта өсімдігінің тез дамуына әсер етеді.
Жер асты суы жақын топырақтардың қатараралығын тереңірек өңдеу қажет. Оның қажеттілігі көктемгі жауын-шашын көп мөлшерде жауған кезде, яғни топырақ едәуір тығыздалған және арамшөптер едәуір дамыған кезеңде пайдалы болады. Жер асты суы терең орналасқан жерлерде қатараралығын, өсудің алғашқы шаруашылық кезеңіне дейін бір рет өңдеу қажет, ал жерасты суы жақын орналасқан жерлерді екі рет өңдеу қажет. Бұл талаптар өте маңызды, себебі жақсы майдаланып кесектелген топырақтарға топырақтың құнарлану кезеңі тек культивация жүргізілген соң жетед [36].
Қатараралығын кеш өңдеген жағдайда топырақ ірі кесектеліп өңделеді және ылғалдылығы төмендейді. Қатараралығын үш - бес күнге кеш өңдегенде мақта өнімділігі 5-8 ц/га төмендейді.
Суғарғаннан кейін топырақ тез құнарланса, соншалықты механикалық құрамы жақсарады, сондықтан мақта өсімдігі тез дамиды. Мамыр-маусым айларында топырақты 2-3 күн бұрын суғарғаннан соң құнарлана бастайды, ал шілде -тамыз айында 5-8 күнде мақта өсімдігі топырақты жақсы қаптайды.
Артық ылғалды жоғалтпау мақсатында уақтылы культивация жүргізумен қоса, арамшөптерді де отау қажет. Мақта шикізатының 35-40 ц/га мөлшерін алатын шаруашылықтарда культивациялаудан 2-3 күн кейін арамшөпті отауды және кетпенмен шабуды аяқтау қажет.
Барлық егіс алқаптарында культивациялауды, отауды және кетпенмен шабуды уақтылы жүргізу үшін суғаруды дұрыс ұйымдастыру қажет. Ірі шаруашылық алқаптарда мақта өсімдігін 120-150 га ауданға сепкенде, оның күнделікті суғаруды жүргізе алмайтын ауданды ғана трактормен өңдеу қажет. Майда алқапты шаруашылықтарда күнде суғарылмайды керісінше күнара суғарады. Осыдан шығатын қорытынды мынадай, яғни егістік алқапты аз суғарып, бірақ культивациялауды және арамшөпті отауды уақтылы жүргізсе тиімді болады егер оны көп суғарып, қатараралығын кеш өңдесек, онда бізге тиімсіз болады.
2.6 Тыңайтқышты берудің мерзімдері және тәсілдері
Тыңайтқыштың әсері дұрыс болуы үшін оның салынатын мерзімін және оны қосу тәсілін білу керек, сонымен қатар тыңайтқыштың формасын дұрыс таңдап алу керек. Тыңайтқыштың берілетін уақытын белгілеп алғаннан кейін, өсімдіктің бұл көректіе элементтерге деген қажеттілігін білу кереке, топырақ құрамы осы элементтермен қаншалықты қамтамасыз етілген білу керек. Мақтаның көректік элементтерге деген қажеттілігі вегетация кезінде өзгеріп отырады. Өсудің бастапқы кезеңінде мақтаға азот және фосфор қажет болады. Түйнек байлаған кезде фосфорға деген қажеттілігі төменднп, азот пен калийдің маңызы артады. Сондықтан, түйін байлау кезінде міндетті түрде азотты мол мөлшерде беру керек. Гүлдеу кезінде – жеміс байлағанда мақтаға азот және фосфор қажет.
Азотты тыңайтқыштардың кез-келген формасы топыраққа түсе сонымен жылжымалы формаға ауысады – нитратқа айналады, олар жылдам шайылады. Сондықтан, азот түтіктерінің нормасына байланысты оларды айдалған жерге дақылды егудің алдынды қосу керек 25-тен 50%-ға дейін. Шайылмайтын, суды нашар өткізетін топырақтарға азоттың жылдық нормасына сәйкес етіп аммоний сульфатын қосады [37].
Егісті егуге дейін азотты аммиак селитрасы, мочевина, МФТ, аммоний сульфаты формасында қосалы. Фосфорлық тыңайтқыштардың жағдайы азотқа қарағанда басқашалау болады. Фосфор қышқылы топыраққа қосыла салысымен суда ерімейтін байланысқа айналады. Сондықтан, айдалған жерге Р2О5-тің жылдық нормасын 60-70%, мақтаның тамыр жүйелері жақсы дамыған бөліктеріне салу тиімді болады.
Тұзды және әлсіз тұзды топырақтарда, фосфор тыңайтқышының жылдық нормасын 60-70%, 50%-калий тыңайтқышын судігерге салу керек, ал көктемде айдалған топыраққа азоттың жылдық нормасының 20-50%-ын қосады. Судігерге немесе ерте көктемде топырақты оңдегенде аммоний сульфатын қосады. Фосфыордың одан кейінгі бөлігін (30-40%) егістікке гүлдей бастағанда береді, 50% калийді түйнек байлай бастағанда, ал 25-50% азотты екі рет үстеп қоректендерге береді. Егер, калийдің жылдық мөлшері аздау болса (50 кг/га-ға дейін) онда калий түтіктерін түгелімен өсімдіктің түйнек байлау кезінде беруі керек. Азоттың жылдық нормасына баайланысты 1-2 немесе үш рет үстеп қоректендіреді, бұны өсімдіктің әрбір даму базасына бөліп береді, екі-үш жапырақ шығарғанда, түйнектеу басталғанда, гүлдеген кезде. Егісті егу кезінде 20-40 кг/га Р2О5-ті 10-15 кг/га азотпен қосып салса өте пайдалы болады. Тұзды топырақтарда фосфрлық және калийлік тыңайтқыштарды сүдігердің астына салмайды, оны күзде салады.
Тыңайтқыштарды салу мерзімінде шашып және шоғырландырып салынуы мүмкін. Айдалаған жерге түктарды, әдетте, шашылып салады. Тыңайтқышты егістікке түкты шашатын сеялкалармен шашып айдалаған жерге ендіреді. Сонымен қатар салуды соқамен ендіреді, оның алдыңғы жағында шолақ түрекі болады. Бастапқы тәсіл тиімді болады.
Бұл жағдайда шитті мақтаның өніміне 1,5-2,0 ц/га қосылады. Осы мезгілде тыңайтқышты жинақтап тыңайтқыш салғыштың көмегімен шашуға болады, оны түренге бекітіп қояды. Кейінгі жылдары екі қатарлы түрендер падаланылып жүр, бұл жағдайда тыңайтқышты еекі қабат етіп шашады: 0-15; 15-30 немесе 0-20; 20-40 см бұлтопырақтың жыртылған тереңдігіне байланысты болады. Фосфорлық тыңайтқыштарды осындай жол мен салу шитті мақтаның түсімін 2,1 ц/га-ға жоғарылатты. Тыңайтқыштарды дақылды егуден біраз бұрын салудың маңызы зор. Азоттық тыңайтқыштардың жылжып кететіндігін ескерсек, оларды жерде жүретін машиналармен немесе самолетпен себуге болады, кех келген құралмен топыраққа ендіруге болады. Бұл кезде фосфорлық тыңайтқыштарды терең етіп чизелмен немесе тырмамен салуға болады. Егуге дейін тыңайтқышты топыраққа культиватормен салудан шитті-мақтадан мол өнім алуға болады [38].
Тыңайтқыш шашқыштарды чизелге орналастырып шашу өте тиімді болады. Тыңайтқышты ендіру тереңділігі 12 см-ден кем болмауы тиіс. Минералдық тыңайтқыштарды салуды культиватордың алдыңғы бөліктері арқылы жүзеге асырады, оныегу аппаратына іліп қояды. Түктерді қатардың бүйірлік жағына 8-10 см етіп қойып, топырақ бетінен 12 см-лік тереңдікке салады. Мақтаны қосымша қорктендіруді суғаруға арналған атыздарды тіліп жүзеге асырады, бұл кезде культивация да жасалады. Бірінші, ерте үстеп қоректендіруді (2-3 жапырақ пайда болғанда) өсімдік қатарына 15-18см жақындатып жасайды, екіншісі (түйнек байлағанда) 20-22см қатардың шетіне, гүлдеу кезінде қатар арасының ортасына, суғаратын атыздан 5см төменге салады.
Тыңайтқыштың жақсы әсері өсімдіктіылғалмен қамтамасыз етуге байланысты болады, үстеп қоректендіруді суғарумен ұластыру керек. Бұл кезде судың және қоректік заттардың шығыны өнім бірлігіне шаққанда едәуір төмендейді.
2.7 Топырағы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайы әр түрлі болып келеді.
Топырақтың басты ерекшеліктері - облыс жері көбінесе сұр топырақты болып келеді. Олар көп жағдайда суды жақсы өткізетін сары топырақ пен сары топырақ тәріздес жыныстардан құралады және олар бойына ылғалды, қоректі заттарды мол жинайды. Сондықтан топырақтың әр түрлі қалыптасуына әкеп соғады.
Мамандардың жасаған топырақ картасына сәйкес аймақта топырақтың басым көпшілігі төмендегідей.
1. Таулы қоңыр топырақ;
2. Қоңыр топырақ;
3. Күңгірт сұр топырақ;
4. Кәдімгі сұр топырақ;
5. Ашық сұр топырақ;
6. Қоңыр сұр топырақ;
7. Көгалды сұр топырақ;
8. Тоғайлы топырақ;
9. Сортаң топырақ;
10. Тұзды топырақ;
11. Құмдар.
Ауыл шаруашылығы үшін ең маңыздылары қоңыр, сұр және шалғынды сұр топырақтар. Шөл аймақ сұр қоңыр топырақты болып келеді. Сұр қоңыр топырақтар тұзды және сортаң генетикалық түрлерге бөлінеді. Ауыл шаруашылығында әлсіз дамыған сұр қоңыр топырақты жерлер жайылым ретінде пайдалынады. Бұл топырақтарды өңдеп, егіншілік жүйесін жүргізу мүмкін емес.
Созақ ауданы облыстың солтүстігінде Бетпақдала шөлі, Шу, Сарысу өзенінің бойы, Мойынқұм құмы, Қаратау тауымаңындағы жазықтың үлкен бөлігін алып жатыр. Субтропикалық аймақта негізінен ашық сұр, шалғынды сұр және тоғайлы топырақтар кездеседі, олардың тұздану дәрежесі әртүрлі деңгейде. Осы топырақтар Сырдария өзенінің бойын алып жатыр. Оған Шардара, Мақтаарал, Отырар, Арыс, Түркістан аудандарының егістік алқаптарының бөліктері де кіреді.
Ауыл шаруашылығында осы топырақты аймақтар суармалы егіншілік үшін қолданылады. Су Сырдария өзенінен алынады.
Күріштің 100 пайыз, мақтаның 70-80 пайыз және көкөніс, бақша, малазықтық дақылдар осы жерде өсіріледі.
Тау маңындағы ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақтың топырағы кәдімгі сұр топырақты және теңіз деңгейінен 400-600 метр биіктікте орналасқан. Бұл аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы орталық тұсының барлығын алып жатыр және оларға Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Түркістан (бір бөлігі), Арыс (бір бөлігі), Бәйдібек (бір бөлігі), Қазығұрт (бір бөлігі), Түлкібас (бір бөлігі), Төлеби (бір бөлігі) аудандары кіреді.
Топырақ құрайтын жыныстар ылғалдылық жағдайында және жер бедері ерекшеліктеріне байланысты кәдімгі эродирленген және аз дамыған генетикалық түрлерге бөлінеді. Бұл топырақтар тұзданбайды. Сондай-ақ бұл белдеудің агрошаруашылықта маңызы өте жоғары. Мұнда дәнді дақылдар және малазғындық дақылдар (жоңышқа) өсіріледі. Таулы аймақтың топырағы таулы қоңыр, қоңыр және күңгүрт сұр топырақты болып келеді [39].
Бұл аймақтың топырағы күрделі, рельефті және элливиальды-деллювиальды шөгінділер қалыптасқан, соның ішінде аз жетілген, эродирленген, тасты-қиыршық тасты түрлері кездеседі (әлсіз, орташа, қатты тастанған немесеқиыршық тасты және т.б.).
Ауыл шауашылығына жарамдылығы жағынан бұл аймақ (таулы қоңыр, күңгірт, сұр топырақ) мал жайылымы болып бағаланады. Тау қойнауында бау-бақша егіп, өркендетуге мүмкіндік бар. Тау бөктеріндегі және тау арасындағы тегістіктер жер өңдеуге қолайлы, атап айтқанда, дәнді және азықтық дақылдар егуге мүмкіндіктер мол.
Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді.
Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын аралық алқаптар да бар. Егіншілікті қолайсыз биік таулы жерлерді жайылымға ғана пайдалануға болады.
Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу орналасқан. Ол жауын-шашын жеткілікті, егіншілік үшін тұрақты тәлімі жер болып табылады. Беткі қабаты – таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр топырақ.
Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептәуір айқын рельефті ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан.Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.
Ең оңтүстік бөлікке көгалды, тек суармалы егіншілік үшін ғана жарамды көп карбонатты сұр топырақ басым келеді. Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар.
Аймаққа бөлінуі.
Облыс табиғи-шаруашылық тұрғысынан мынадай аймақтарға бөлінеді: I. Мал шаруашылығына жарамды шөлді аймақ облыстың ұлан-байтақ
жазық бөлігін, Қызылқұмды, сырдария өзенінің аңғарын, оның оң жақ жағалауындағы сазды жайпақ жазықтары және сол жақ жағалауындағы жазықтарды, Қаратау бөктерлерін, Мойынқұмды, Шу өзенінің аңғарын, Батпақдала сазды шөлін алып жатыр.
Бұл аймаққа Созақ, Отырар, және Шардара аудандары кіреді. Климатының жалпы белгілері – температураның өте-мөте құбылмалылығы, жауын-шашынның тұрақсыздығы және жеткіліксіздігі, ауаның тым құрғақтығы, жоғары инсоляция, қарқынды булану және тікелей түсетін күн сәулесін молдығы.
Топырақтың беткі қабатына құмды массивтердің, әртүрлі варияциялары тақыр тәрізді және ашық түсті сұр топырақтың молдығы тән.
Аймақ екіге: Қаратау сыртқы және Қызылқұм аймақшаларына бөлінеді.
Қаратау сыртқы аймақшасы. Қаратау жотасынан солтүстікке қарай орналасқан және оны Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері алып жатыр. Мұндағы климат – жазы құрғақ та ыстық, қысы ұзаққа созылатын айрықша континентальды. 100С –тан жоғары температуралы кезең ішіндегі жылы температура жиынтығы 3500 – 38000 болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері - небәрі 135 – 150 мм ғана. Мейлінше ылғалды мезгіл – көктем. Суықсыз кезеңнің орташа ұзақтығы – 164 күн, қары тұрақсыз жататын кезеңнің ұзақтығы 90 күнге жуық.
Шаруашылық жөніндегі Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері көктем мен күзде және қыста пайдаланылатын жайылымдар ретінде белгілі. Егіншілік нашар дамыған, дәндә дақылдар мен жоңышқа егістері негізінен алғанда Қаратау бөктерлеріне егіледі.
Қызылқум аймақшасы - облыстың батыс бөлігіне орналасқан құмды шөл. Бұл аймақшаның климаты Қаратау сырты аймақшасымен салыстырғанда едәуір жылы және құрғақшылығы да басым. 100С-ден жоғары температуралардың жиынтығы 4200-4600° болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 165-200 миллиметр, 10°С-ден жоғары температуралы кезеңде 60 миллиметрге жуық ылғал түседі. Суықсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 170 күннен 190 күнге дейін ауытқиды. Қысы қысқа әрі көбіне жылы келеді. Қар көп жатпайды.
Шөлді аймақта Сырдарияның сол жақ жағалауындағы орманды жазықтар суармалы егіншілікті ұйымдастыру үшін қолайлы. Суару үшін мейлінше болашағы зор жер - Қызылқұм мен Сырдария өзенінің аралығына орналасқан, Шардарадан Түркістанға дейінгі сазды шөлдің кең алқабы.
Топырақтың беткі қабаты - тақыр тәрізді сұр топырақ, сортаңдау топырақ, ішінара ашық түсті сұр топырақ және шалғын сұр топырақ.
Суармалы егіншілік аймағында мақта егісі басым, бұл аймақ Сарыағаш, Ордабасы және Түркістан аудандарының көп жерін қамтиды.
Жазы ыстық және ұзаққа созылады, жауын-шашын аз болады, қысы біршама қысқа. Жылы кезеңнің ұзақтығы 175 күннен 215 күнге дейін ауытқиды. 10°С-ден жоғары жылы температуралардың жиынтығы 4300- 4500° болады. Жауын-шашынның жыл ішіндегі жиынтық мөлшері Арыс-Түркістан аймақшасында - 180-200 миллиметр және Келес аймақшасында 200 - 300 миллиметр шегінде ауытқиды. Өсімдіктің көктеп-өсу кезеңінде ол тиісінше 70 және 140 миллиметр мөлшерінде түседі.
Топырақтың беткі қабаты негізінен алғанда оңтүстіктегі ашық түсті және әдеттегі сұр топырақтан құралады.
Бұл аймақтың жерінен Сырдария өзенінің мейлінше ірі тармақтары -Келес, Арыс және Қаратаудың батыс беткейлеріндегі өзендер ағып өтеді. Олардың бәрінде де өтпелі судың едәуір қоры бар.
Аймақтың айрықша жағдайлары: судың көп қоры және жылу молшылығы, суаруға қолайлы ірі алқаптар (Келес, Төрткөл далалары), жылуды жақсы көретін дақылдарды, мақта егісін, жеміс ағаштарын, жүзім және басқаларын өсіруге өте қолайлы.
Аймақ табиғат жағдайына карай үш аймақшаға бөлінеді. Олар: Келес-Сарыағаш, Арыс-Түркістан және Қызылқұм аймақшалары.
Келес-Сарыагаш аймақшасына Сарыағаш ауданы кіреді. Бұл - төбелі-жонды жазықтар. Топырақтың беткі қабаты әдеттегі карбонатты және ашық түсті сұр топырақ. Оңтүстік-шығыс бөлігінде аймақшаны Келес өзенінің аңғары және оған қатарласа Қүркелес өзені басып өтеді. Мүнда топырақтың беткі қабатында нашар түзданған ашық түсті сұр топырақ басым. Өзен аңғарларындағы сұр топырақ суармалы жерлердің негізгі қоры болып табылады. Аймақта болашағы зор суарылатын ірі алқаптар жеткілікті. Бұл - Келес өзенінің оң жағына орналасқан жерлер. Келес өзенінің табиғи жағдайдағы төменгі ағысында айына орта есеппен секундына 1,5 текше метр су шығындайтын баяу ағын бар. Бірак Келес өзені және оған қатарлас Құркелес өзені Зах және Ханым каналдарынан, өтпелі сулардың қоры орасан зор Шыршық өзенінен қосымша су алады.
Болашақта суармалы жер көлемін үлғайту мақсатында Шыршық өзенінің суын пайдалану үшін су қоймасын салып, Зах және Ханым каналдарын қайта салу керек.
Арыс-Түркістан аймақшасы басын Қаратаудан алатын шағын өзендердің жүйесіне орналасқан шаруашылықтарды қамтиды. Бұл аймақшаға Түркістан және Бөген аудандары кіреді. Келес-Сарыағаш аймақшасынан өзгешелігі мүнда жауын-шашынның мөлшері мен жауын-шашынды күндер аз. Суармалы егіншілік дамыған. Топырақтың беткі қабаты - оңтүстіктегі ашық түсті сүр топырақ. Каратаудың аласа жайпақ бөктері - әдеттегі сұр топырақ. Қаратау жотасынын оңтүстік-батыс беткейі осы аймақшаға ұласып жатыр. Онын жоғары бөлігінде жайпақ өзектердегі тау даласының топырағына шыққан алуан түрлі шөптерден құралатын бетегелі-селеулі өсімдіктер бар.
Аймақшаның егіске жарамды барлық жерінің 80 пайызына жуығы ирригация жүйесінде судың жетіспейтіндігі салдарынан ауыл шаруашылығына пайдаланылмай отырғанын атап көрсету кажет.
Қызылқүм аймақшасы Шардара ауданының суармалы жерлерін қамтиды. Бұл жерлер Сырдария өзенінің сол жақ жағалауына орналасқан. Топырағының беткі қабаты - балшықты шалғынның сұр топырағы, тақыр тәрізді жерлер, сондай-ақ кобінесе үстіңгі жағы түрлі дәрежеде түзданған тақырлар. Бұл жерлер топырағы 2-5 метр тереңдікте өзеннің ұсақ қиыршық құмына төселген саздақ пен саздан кұрылған. Шардара су қоймасы, ірі ирригациялык ғимараттарды салу және жылы климат болашақта бұл аймақшаның мақта, күріш, көкөніс және басқалары өсірілетін ірі аудандардың бірі болуына мүмкіндік береді.
Дамыған суармалы егіншілігі бар таулы-далалық аймақ облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Мүнда оң-түстік-батысқа карай Батыс Тянь-Шаньның тармақталған тау тізбегі созылып жатыр. Тау жоталарының арасында тау аралық аңғарлар мен шүңқырлар орналасқан.
Жер бедері күрделі болғандықтан мүнда мәңгілік мұз басқан тау жоталары да, шөбі мол жазғы жайылымдар да, бағалы жеміс ағаштарының қалың нуы да, тәлімі егіншілік аудандары да кездеседі. Сондай-ақ едәуір көлемді интенсивті суармалы егіншілікпен де айналысады.
Әртүрлі топырақтар жер бедеріне жөне теңіз деңгейінен биіктігіне қарай орналасқан. Мүнда таулы дала және әдеттегі кара қоңыр түсті сүр топырақ басым келеді.
Аймаққа Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандары жөне Қазығұрт, Ордабасы аудандарының бір бөлігі кіреді. Аймақтың климаты жағының ыстык та үзақтығымен, қысының біршама қысқалығымен сипатталады. Жылы температуралардың (10°С-ден жоғары) жиынтығы 3200-4200° аралығында ауытқиды. Теңіз деңгейінен биіктігіне, жер бедеріне және беткейлердің экспозициясына қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы үлкен шекте 400 миллиметрден 900 миллиметрге дейін ауытқып отырады. 10°С-ден жоғары температуралы кезеңде жауын-шашын 130-250 миллиметр мөлшерінде болады. Суықсыз кезеңнің орташа үзақтығы - 185-200 күн.
Егіске жарамды төлімі жерлер жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне қарай түракты, орташа түрақты тәлімі жерлер болып бөлінеді. Тәлімі жерлердің осылайша бөлінуін әртүрлі тәлімі аймақтардағы егін шығымының көлемі туралы нақты мөліметтер дәлелдеп отыр.
Жауын-шашын аз түсетін тәлімі жерлер негізінен алғанда шөл аймақта (Созақ ауданының таулы бөлігі), ішінара суармалы егіншілік аймақта (Түркістан, Сарыағаш, Ордабасы аудандары); таулы-далалық аймақта (Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандары) орналасқан тәлімі жерлерге жауын-шашын өте жақсы жауады, ал кейбір түстарына ішінара ғана түседі.
Таулы-далалык аймак табиғат жағдайына қарай екі аймақшаға: түрақты және орташа түрақты тәлімі егіншілік аймақшаларына бөлінеді.
Турақты тәлімі егіншілік аймақшасында суармалы егіншілік дамыған: ол облыстың шығыс бөлігін - аласа және биік таулы жерлерді алып жатыр. Мүнда климат онша жылы емес, жауын-шашын облыстың қай аймағындағыдан да немесе аймақшасындағыдан да көп болады.
Бұл аймақшада 10 градустан жоғары температуралардын жиынтығы - 3200-3900 градус. Суықсыз кезеңнің ұзактығы 150-190 күн. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-600 миллиметрге тең және одан да көп. Өсімдіктің өсіп-жетілуі кезеңінде 200-250 миллиметр және одан да көп мөлшерде жауын-шашын жауады. Қар 70 күндей жатады.
Орташа тұрақты тәлімі егіншілік аймақшасында суармалы егіншілік дамыған; ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Қаратаудың батыс бөлігінен бастап Қаржантаудың (Қазығұрт ауданы) оңтүстік шетіне дейін бүкіл облыс арқылы өтетін кең алкапты алып жатыр.
Аймақшаның климаты ауаның өте қүрғақтығымен, жауын-шашынның жоне жауынды күндердің аздығымен ерекшеленеді. 10 градустан жоғары температуралардың жиынтығы 3900–4200 градус, суықсыз кезеңнің ұзақтығы 185-215 күн. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-500 миллиметр.
Топырақтың беткі кабаты негізінен алғанда ашық түсті және оңтүстік типті сұр топырақ. Өзен жайылмаларында шалғынның тұзданбаған сұр топырағы тараған.
Мырзашөл аймағы Мақтаарал ауданының игерілген суармалы жерлерін қамтиды. Мүндағы климат өте ыстық жазымен, жауын-шашынның мүлдем аздығымен сипатталады. Мақтарал ауданында ауаның жылдык орташа температурасы - 13,2 градус. Жаз уақытында күннің ашық және ауаның қүрғақ болуы салдарынан топырақтың үстіңгі кабаты мен ауаның төменгі қабаты қатты кызады. Жазық бөлікте - шілдедегі орташа температура 25–29 градуске жетеді. Суықсыз кезеңнін ұзақтығы 220-230 күнге дейін созылады. Мырзашөлде ашық түсті сұр топырақ көп тараған. Жерінің едәуір бөлігінде ол тұзданбаған. Алайда мұнда нашар және орташа сортаңданған жерлер де бар. Бұл аймақта топырақтың тұздануы - жер асты суының жақындығынан болатын құбылыс. Механикалық құрамы бойынша ашық түсті сұр топырақ орташа саздақ топырақ қатарына жатады. Анағүрлым жеңіл топырақ негізінен алғаңда даланың солтүстік-батыс бөлігіне тараған.
Бұл аймақта негізгінен мақта егісімен айналысады, яғни мақта қозасының негізгі шоғырланған жерлерінде ашық түсті сұрғылт топырақтар иеленген. Олардың кейбір жерлері сортаңданбаған. Алайда мұнда мүлде сортаң және сортаң жерлерде бар. Топырақтың сортаңдығы – бұл аймақтағы басты құбылыс емес, ол ыза суларына таяу жатқандықтан болады.
Жер асты суының жер бетіне жақын жатқан салдарынан екінші тұздану дәрежесі кездеседі. Механикалық құрамы жағынан ашық түсті сұрғылт топырақтар орташа саздық топырақтар дәрежесіне жатады. Өте жеңіл топырақтар осы өңірдің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Мұнда қарашірік құрамы 1,1 пайызға дейін жетеді.
Мырзашөл өңірінің ашық түсті сұрғылт топырақтары жоғары биологиялық қарқындылық танытады, осы жағдайларға байланысты топырақта органикалық қалдықтар тез минералданады. Осы жердің топырақтары жақсы микроқұрылымдардан, суөткізгіштіктен және қоректі заттардан ерекшелінеді.
Мырзашөл өңірі бір миллион гектар көлемді алып, Сырдария өзенінің сол беткейінде өте үлкен ауқымда тегістікте орналасқан. Мырзашөл өңірінің суландыруға болатын көлемі 800 мың гектар аумақты алып жатыр. Оның 265 мың гектар жері Киров магистральді каналы (КМК) жүйесімен суарылады. Байырғы тың игерілген аймақ болып есептеліп, 300 мың гектар жері Оңтүстік Мырзашөл өңірлік каналымен (ОМК) суарылып, Мырзашөл өңірінің жаңа игерілген аймағы болып табылады.
Суландырудың көзі Сырдария өзені болып еептелініп, Киров (Достық) магистральді каналы 210 м3/сек – судың шығынымен, ал Оңтүстік Мырзашөл өңірлік каналы 300 м3/сек - судың шығынымен суды алады.
Мырзашөл өңірі Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасып, солтүстіке қарай Түркістан үстіртінің таулы етегіне дейін орналасқан. Мырзашөл өңірінің оңтүстік шекарасы Түркістан және Малгузар үстіртінің тау етегіне дейін созылады. Ал шығыстан Сырдария өзенінің даласы және солтүстік батыстан Қызылқұмның құмды даласы шекаралайды.
Мырзашөл өңірі даласындағы топырақтың басым көпшілігі сұр топырақты және сұр топырақты шалғынды болып келеді. Олар сары топырақтан және сазды-құмды топырақтан пайда болады. Бұл топырақтың өзіне тән ерекшелігі жоғары карбонаттылығында, топырақ ерітіндісіндегі сілтілік реакцияның кемдігінде.
Мырзашөл өңірі топырағы, осы өңір суландырылғанға дейін тіпті де сортаңданбаған болатын. Мырзашөл өңірін игеру мен суландыру жер асты суларының табиғи тепе-теңдігін күрт өзгертті. Мұның өзі әсіресе суды көп мөлшерде жұмсаудан және оның жерге босқа сіңіп мол мөлшерде рәсуа болуынан орын алғаны белгілі. Бұл ұлан байтаң өңір суландырылғанға дейінгі жер асты суының деңгейі 10-15 метр тереңдікте болатын. Ал суландырудың алғашқы жылдарында өзінде де, жер асты суының деңгейі күрт көтеріліп кетті. Топырақтың құрғауы мен сортаңдану процесстері күшейе түсті. Бұл деген егістікті суару мен сорын шаю кезінде суды мөлшерден тыс өте көп мөлшерде пайдаланудың салдарынан еді. Сондықтанда жер асты суының деңгейі топырақтың үстіңгі қабатына 2-3 метрге жақындап, тіпті одан да жоғары көтерілді.
Бұл қалыптасқан жағдайлар гидротехникалық, мелиорациялық және агротехнологиялық шаралардың шұғыл түрде жасауды талап етті.
Мырзашөл өңірінде – типті және ашық сұрғылт топырақ деп бөлінеді, бұл гидроморфты топырақ қабатына мыналар жатады:
1) су жайылған – аллювиалды шалғынды;
2) аллювиалды шалғынды;
3) батпақты –шалғынды;
4) сұрғылт – шалғынды;
5) сұрғылт – шалғынды және сортаң жер болып бөлінеді.
Мырзашөл өңірінің топырақты жағдайы бірнеше бөлікке бөлінеді:
1) суармайтын типті сұрғылт топырақ;
2) аллювиалды қабаттағы суармалы типті топырақ;
3) суармайтын сары топырақты және аллювиалды қабаттағы ашық сұрғылт топырақ;
4) сары топырақты және аллювиалды қабаттағы суармалы ашық сұрғылт топырақ;
5) сор шаюдағы суармалы сұрғылт топырақ;
6) сары топырақтағы және аллювиалдағы қабаттағы суармалы сұрғылт –шалғынды топырақ;
7) суармайтын аллювиалды шалғынды және батпақты - шалғынды топырақ;
8) суармалы аллювиалды шалғынды топырақ;
9) суармайтын шалғынды және батпақты – шалғынды сазды топырақ;
10) суармалы шалғынды және батпақты шалғынды сазды топырақ;
11) өте күшті сортаң топырақ (солончак).
Мырзашөл өңірінің климат жағдайлары аз бұлттанып, күн шуақты болып, жылу жеткілікті болады. Осының жағдайлардың барлығы мақта қозасының және де басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының өсуіне қолайлы жағдайлар туғызады.
Жер асты суы деңгейлерінің ережелері бойынша көптеген ғалымдар зерртеу жүргізген. Көптеген ғалымдар, суландыруға дейін жер асты суының тепе-теңдігі мен негізгі қалыптасу факторларының ережелері жер асты суының ағымы мен булану болып табылады деп тұжырымдаған. Нәтижеде жер асты сулары тұзданып, жердің жоғары қабатында да тұздар жиналған.
Жер асты сулары суландыру жағдайында қоректеніп суландыру сулары инфильтрация болды.
Мырзашөл өңірінің типтік топырағы ашық түсті сұрғылт топырақ болып келеді. Ашық түсті сұрғылт топырақ жоғары биологиялық қарқындылықты болып, соның себебінен органикалық заттар тез минералданады.
Осыған байланысты ашық түсті сұрғылт топырақта, қарашірінді құрамы 1,1-1,5 пайыз көлемде, азот 0,06 - 0,08 пайыз, жылжымалы фосфаттар құрамы 10,2- 33,1 мг/кг және калий құрамы 180-нен 325 мг/ кг- ға дейін құрамдалады. Ашық түсті сұрғылт топырақтың ерекшелігі, бұл топырақтың жоғары қабатында 6-7 пайызға, ал төменгі қабатында 10-11 пайызға дейін жоғары карбонаттар құрамы құрамдалған.
Жерді суландыру, аэрация аймағындағы топырақты және жер асты суларының сулы-тұздылық тепе-теңдігін өзгертіп жіберді. Жалпы тұздармен жер асты суларының көтерілуіне себебін тигізді. Дренаждар жоқ жағдайда, жер асты суларының көтерілуіне негізі суарудың өте жоғары мөлшерлері себеп болды.
Жер қорлары. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы жер қоры 10269,3 мың гектар. Ауыл шаруашылығы өндірісі мақсатында пайдаланылатын жер көлемі 9887,9 мың га. Өндеуге жарамды жер 786,3 мың га, оның 376,3 мың гектары суармалы жерлер. Көп жылдык егістер (бақ және жүзімдіктер) алып жатқан жерлер 39 мың гектардан асады.
2.8 Аймақтың суармалы жерлерінің қазіргі жағдайы
Көп жылдық суарулар нәтижесінде мақта қозасын өсіретін республикамыздың оңтүстік аудандарында (Мақтаарал, Шардара) жер асты суларының тұздану дәрежесі және топырақтың мелиоративтік жағдайлары үлкен өзгеріске ұшырады. Су мен тұздардың табиғи қозғалыс процестерінің бұзылуына байланысты жер асты суларының деңгейі қауіпті деңгейге дейін көтерілді. Бұл сулы-тұздық тепе-теңдіктің және топырақтың құрылымының нашарлауына алып келді. 90-ші жылдардың ортасында аймақтағы жер асты суларын бір деңгейде ұстап, топырақтың тұздануына жол бермей тұратын 800-ден астам тік дренаждардың жұмыс істеуін тоқтатуына байланысты жер асты сулары 1,5 метрге, ал кейбір жерлерде 2,7 метрге дейін көтерілгені байқалады. Бұл, аймақтағы жерлердің жаппай сортаңдауына алып келді.
Аймақта түрлі дәрежеде сортаңдаған жерлердің көлемі 110 мың гектар жерден асқан. Бұның ішінде әлсіз сортаңдаған жерлердің көлемі 65 мың гектарды, орташа сортаңдаған жерлер 28-30 мың гектарды, ал күшті дәрежеде сортаңдаған жерлер 17 мың гектарды құрайды.
Сонымен бірге аймақтағы топырақтардың құрылымыда үлкен өзгеріске ұшыраған. Топырақтың көлем салмағы 57 пайызға 1,15 г/см3-қа дейін ауырлап, суөткізгіштігі сөткесіне 2,5 литрден 0,5 литрге дейін төмендеген.
Топырақта зиянды тұздардың жиналуы геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға, суару жүйелеріне, топырақтың структурасы-мен басқада жағдайларға тығыз байланысты [40].
Суару кезеңдерінде тұз жиналу процессінің жылдам жүруі, суөткізгіштігі төмен жерлерде көптеп байқалады.
Тұздық жүйе топырақтың ылғалдылық жүйесімен тығыз байланысты, себебі тез еритін зиянды тұздардың қозғалысы сумен бірге жүреді. Жер асты сулары булану процессіне байланысты топырақтың жоғарғы қабаттарына көтерілуі және олардың (судың) буға айналып ұшып кетуі, топырақтарда көп мөлшерде зиянды тұзда қалып кетуіне алып келеді. Мақта қозасын өндіретін оңтүстік аймақтың топырақтарында тұздық қалдық 0,182-215 пайыздан 0,475-0,510 пайызға дейін, хлор 0,012-0,014 пайыздан 0,030-0,036 пайызға дейін көтерілген. Сонымен бірге сульфат-ион мен натрийдің бірнеше есе көтерілгені байқалады. Бұл процесс топырақтың тек қана жоғарғы, өсімдіктің тамыр жайатын қабатында ғана емес төменгі қабаттарында да байқалады.
Жер асты суларының көтерілуі тек қана топырақтың сортаңдау дәрежесіне ғана емес мақта қозасының сапасы мен өнімділігіне де көп әсерін тигізеді.
Егер аз сортаңдаған жерде өнімділік 20-30 пайызға, ал күшті сортаңдаған жерде 80-90 пайызға өнімділік төмендейтінің есепке алсаң, бұл бүгін үлкен проблемаға айналуда.
Кейінгі 27 жыл аралығында жер асты суларының көтерілуіне байланысты топырақтың сортаңданған жерлердің көлем және мақта қозасының өніміне келтірген әсері көрсетілген (кесте 1).
Кесте 1 - Мақтаарал ауданында жер асты суларын көтеруіне байланысты топырақтын тұздану дәрежесі
Жыл-дар |
Жер асты суларының деңгейі, см |
Жер асты сулары-ның көтерілуі, см |
Сортаң-данған Жерлердің көлемі, мың га |
Мақта Козасы егілген жерлердің көлемі, га |
Өндірілген өнімнің көлемі, мың тонна |
Орташа өнімді-лік, ц/га |
ӨӨнімнің төмен-деуі, ц/га |
1980 |
420 |
- |
38,4 |
103 |
319,3 |
31,0 |
- |
1985 |
390 |
30 |
42,1 |
108 |
326,2 |
30,2 |
0,9 |
1990 |
370 |
50 |
44,7 |
117 |
291,3 |
24,9 |
6,1 |
1995 |
280 |
140 |
56,3 |
109,7 |
258,9 |
23,6 |
7,4 |
2000 |
260 |
160 |
105,7 |
153,3 |
348,0 |
22,7 |
8,3 |
2005 |
220 |
220 |
108,5 |
220,0 |
473,0 |
21,5 |
9,5 |
2006 |
210 |
230 |
110,2 |
196,3 |
428,0 |
21,8 |
9,2 |
2007 |
110 |
310 |
112,1 |
205,9 |
438,2 |
22,4 |
8,6 |
Нарық жағдайында өзіндік құны төмен, жоғары сапалы өнім өндіру үшін жаңа технологиялар қолдануымыз керек. Бұл технологиялар әр аймақтың топырақ-климат жағдайларына сай, себілетін мақта сорттарының генетикалық және биологиялық ерекшіліктерін есепке ала отырып, ғылыми түрде негізделіп жасалған.
Бұл технологияны жасап шығару барысында мақта қозасының өнімділігі мен сапасына әсерін тигізетін барлық факторларды терең зерттеу және оларды реттеу арқылы қол жеткізілді. Бұл факторлар:
1) Өндіріске су тапшылығына шыдамды отандық, бәсекеге қабілетті мақта сорттарын енгізу;
2) Отандық мақта сорттарына ең тиімді суару жүйелерін жасау ұсыну;
3) Мақта сорттарына ең тиімді минералды тыңайтқыштардың мөлшерімен, мерзімдерін суару жүйелерімен сәйкестендіріп қолдану;
4) Ағын суды тиімді пайдалану әдістерін енгізу;
5) Ылғал сақтау бойынша ең тиімді агротехникалық шараларды қолдану.
Суқорүнемдеу технологиясын қолданудың арқасында суды 28-30 пайызға, минералды тыңайтқыштарды 35-40 пайызға үнемдеуге болады.
Технологияның ерекшілігі қоза баптауда тиімді агротехникалық шараларды, суды мақта қозасының өсіп-даму кезеңдерінде суға деген сұранысын қанағаттандыра отырып, минералды тыңайтқыштарды суару жүйелеріне үйлестіріп берілуінде және жетілдірілген суару тәсілдерін қолданылу арқылы ағын суды үнемдеу.
2.9 Топырақты өңдеу
Бүкіл агротехникалық шаралардың арасында топырақты мұқият баптап өңдеу аса маңызға ие. Топырақты дұрыс әрі дер кезінде себілген шиттің тез өніп шығуын және шитті мақта өнімін неғұрлым мол алуды қамтамасыз етеді.
Топырақты сапалы өңдеу оның құрылымын жақсартады және егіс алқаптарындағы арамшөптерді жояды, топыраққа ауаның кіруімен бір мезгілде онда ылғалдың барынша жақсы енуімен сақталуына игі ықпалын тигізеді, сондай-ақ өсімдікке қоректік заттардан тұратын пайдалы микроорганиздердің қызметін күшейтеді.
Бұл шара өсімдіктің тамыр жаятын топырақтың жоғарғы қабатын қопсытуға үлкен әсерін тигізеді және топырақ көлем салмағын 20 пайызға төмендетеді.
Жерді 40 сантиметрге терең айдау топырақтың су өткізгіштігін жоғарылатып, сор шаюға кететін су мөлшерін 27 пайызға төмендетіп, бұрыннан қолданылып жүрген жер жырту технологиясымен салыстырғанда суды гектарына 300-400 м3 /га үнемдейді.
Топырақтын жоғарғы қабатындағы зиянды тұздардың мөлшерін 70 пайызға төмендетеді.
Жер жырту жұмыстарын сапалы жүргізу, оның мерзіміне де байланысты. Жер жырту жұмыстарын жүргізуде уақыт шектелген, себебі қазан айында бітетін жиын-терім жұмыстарынан кейін тез арада ауа райының суып кетуі немесе жауын-шашынның көп болуы бұл жұмыстарға кедергі болуы мүмкін.
Қазақстанның мақта егетін солтүстік аудандарында жер жырту жұмыстарын желтоқсанның біріне дейін, ал басқа аймақтарда желтоқсанның 10-на дейін аяқтау ұсынылады.
Жоңышқа мен жүгеріден ерте босаған егіс алқаптарында жер жырту жұмыстарын солтүстік аудандарда қазанның 15-20, ал Оңтүстік аудандарында қазанның 20-25 жұлдыздарына дейін жерді 40 сантиметр тереңдікке жыртып жүргізген тиімді.
Егер бұл жұмыстар кұркүйек айында – ерте жүргізілсе, ерте көктемде егіс алқаптарында арам шөп қаптап, оларды құрту үшін қосымша шығын жұмсаумен бірге ерте көктемдегі егіс алды жұмыстарды терең жүргізуге тура келеді. Бұл қыста, көктемде жиналған ылғалды сақтап тұруға кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының минерализация процессі тез жүруіне байланысты, жиналатын шіріндінің мөлшерін азайтуы мүмкін.
Жер жыртудың тиімді әдістерін қолдану жердің тегіс болуына, суарған кезде егістікте судың бір келкі жайылуына, соның есебінен өсімдіктің жақсы өсіп дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Технология бойынша мақта егістіктерін жыртуда загонға бөліп айдау әдісі қолданылады. Загонмен жер жыртуды ішке немесе сыртқа қарай аударып жүргізуге болады. Жерді загонмен бөліп айдаған кезде загонның ені 40-50 метрден аспағаны жөн. Бірінші загонды ішке қарай аударып айдай отырып, екіншісін сыртқа қарай аударып жыртқанда егістіктің тегіс болуына қол жеткізуге болады. Соның есебінен сор шаю кезінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізіледі. Бұл шара агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есетелінеді. Сор шаю жұмыстарын және жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде судың егіс алқаптарында бір келкі жайылуына жағдай жасайды және соның есебінен кететің ағын судың мөлшерін азайтып суды 15-17 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
Сор шаю жұмыстары негізінен республиканың шитті мақтасының 75 пайыздан көбі өндіретін Мақтаарал және Шардара аудандарында жүргізіледі.
Бүгінгі таңда бұл аудандарда әртүрлі дәрежеде сортаңдаған жерлердің көлемі 110 мың гектарға жеткен.
Егер аз сортаңдаған жерде өнімділік 20-30 пайызға, ал күшті сортаңдаған жерде 80-90 пайызға өнімділік төмендейтінің есепке алсаң, бұл бүгін үлкен проблемаға айналуда.
Жер асты суларының 80-ші жылдары жер бетінен 4,2 метр деңгейде болып, өнімділік гектарына 31 центнерді құраса, ал 2000-ші жылдарға келіп бұл деңгей 2 метрге дейін көтеріліп мақта қозасының өнімділігі гектарына 22,7 центнерге дейін төмендеп кеткен. Сортаңданған жерлердің көлемі 2008 жылы 110 мың гектарға жетіп, 80-ші жылдарға қарағанда екі есеге көбейген. Бұл жағдай мақта қозасының өнімділігінің азаюымен қатар, оның сапасының төмендеуіне де әсер етуде. Кейінгі жылдардағы топырақты қалпына келтірудегі агромелиоративті шаралар еш нәтиже бермеді.
Институт ғалымдары бұл проблеманың күрделілігін түсіне отырып 3 жылдың ғылыми тәжирибе жұмыстарының нәтижесінде әр түрлі дәрежеде сортаңдаған жерлерге ең тиімді соршаю жүйесін жасап шығарды (кесте 13).
Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, әлсіз сортаңданған топыраққа 1500 м3/га мөлшерінде соршаю жүргізілгенде, топырақтың 0–60 сантиметр. қабатында хлор-ион 54,2 пайызға, тұздық қалдық 17,1 пайызға, ал 60-100 сантиметр қабатында хлор-ион 16,7 пайызға, тұздық қалдық 8,3 пайызға шайылғанын көреміз. Бұл көрсеткіштен байқағанымыздай топырақтың жоғарғы негізгі (тамыр жаятын) қабатында, төменгі (60-100 см) қабатқа қарағанда, тұздардың жақсы шайылғаны байқалды. Осы топыраққа суару 2000м3/га мөлшерінде жүргізілгенде бірінші нұсқаға қарағанда, екінші нұсқада топырақтың 0-60 сантиметр қабатында хлор-ион 73,7 пайызға, тұздық қалдық 31,2 пайызға, 60-100 сантиметр қабатында хлор-ион 31 пайызға және тұздық қалдық 3,9 пайызға көп шайылғаны анықталды.
Орташа сортаңданған топырақтарға соршаю мөлшері 2500 м3/га-ға қарағанда 3000м3/га суару мөлшері торыпақтың 0-60 сантиметр қабатында хлор-ион 87,8 пайызға, тұздық қалдық 69,2 пайызға, ал 60-100 сантиметр топырақ қабатында хлор-ион 80,6 пайызға, тұздық қалдық 73,2 пайызға шайылғаны байқалды.
Күшті сортаңданған жерлерге сор шаю шараларын 2 бөліп жүргізгенде ғана, өте жақсы нәтиже беретіндігі байқалды. Себебі 3500 м3/га мөлшерін екіге бөліп суғарғанымызда топырақ қабатының 0-60 сантиметрде хлор-ион 79,5 пайызға, тұздық қалдық 50,6 пайызға, ал 60-100 сантиметр қабатында хлор-ион 54,8 пайызға, тұздық қалдық 24,2 пайызға төмендегіні анықталды. Ал бұл мөлшерді 4000 м3/га жеткізгенде топырақтың екі қабатында да тұздардың жақсы шайылғанын байқаймыз (0-60 см хлор-ион 87,8 пайыз, тұздық қалдық 59,7 пайыз, ал 60-100 см қабатта 77,8 пайыз, 49,9 пайызға).
Түрлі дәрежеде сортаңдаған топырақтарда ең тиімді соршаю мөлшерлері ретінде төмендегі мөлшерлер ұсынылады.
1. Әлсіз сортаңданған топыраққа – 2000 м3/га
2. Орташа сортаңданған топыраққа – 2500 м3/га - 3000 м3/га
3. Күшті сортаңданған топыраққа – 4000 м3/га
Ескеретін нәрсе, 3000м3/га мөлшердегі соршаю бір рет, ал одан жоғары мөлшердегілер екі рет бөліп суарылғанда тиімді болады деп есептейміз.
Ал орташа топырақтарға соршаю үшін қаңтар айының басы, желтоқсан айының аяғы, жеңіл топырақты жерлерде қаңтар айы ең тиімді мерзім болып табылады.
2.10 Мақта қозасының жүйек аралығын 90 сантиметрден 70 сантиметрге қысқарту
Мақта қозасының түп саны өсімдіктің өсіп дамуына, соның есебінен өнімділікке әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді. Өсімдікті тиімді орналастыру арқылы жоғары өнімге қол жеткізуге болады. Бұл үшін әр аймақтың топырақ құнарлығын, тұздану дәрежесін, жер асты суларының деңгейін, сумен қамтамасыз етілу дәрежесін, қолданылатын агротехникалық шаралардың деңгейін және себілетін мақта сорттарының өзіндік ерекшеліктерін есепке алған жөн.
Шығарылған отандық жаңа Мақтаарал мақта сорттарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мақта егістіктерінің жүйек аралығын қысқартуға болады. Бұл сорттардың ерекшелігі тамырларының күшті дамуының арқасында топырақтан керекті қоректік заттарды ала отырып, көп мөлшерде жер асты суларын пайдалана алуында. Соның есебінен ағын суды үнемдей отырып, берілетін минералды тыңайтқыштарды да үнемдеуге қол жеткізіледі.
Әр аймақтың ауа-райы, топырақ жағдайларына қарап жүйек аралықты 70 сантиметр қысқарта отырып, 1 гектар егістікке өсімдіктің тиімді түп санын орналастыру 2-ші кестеде келтірілген.
Кесте 2- Бір гектар егістікке өсімдіктің тиімді түп санын орналастыру
Аймақтар |
Қолданылып жүрген технология |
Жаңа су қорүнемдеу технологиясы |
||||
орналас-тыру кестесі |
өсімдік ара-қашық-тығы, см |
1 га өсім-дік саны |
орналастыру кестесі |
өсімдік ара-қашық-тығы |
1 га өсім-дік саны |
|
Солтүстік |
90 х 10,6 х1 |
10,6 |
104340 |
70 х 8,3х1 |
8,3 |
170400 |
Орталық |
90 х 9,5х1 |
9,5 |
116550 |
70 х 7,4х1 |
7,4 |
191700 |
Оңтүстік |
90 х 9,1х1 |
9,1 |
122100 |
70 х 7,1х1 |
7,1 |
198800 |
Мақта қозасының жүйек аралығы 90 сантиметр болғанда, 100 метр ендікке 111 жүйек түсетін еді, ал жүйек аралық 70 сантиметрден 142 жүйек түседі, соның есебінен 1 гектар мақталыққа жаңа технология бойынша оңтүстік аймақтарда 76700 дана мақта қозасын қосымша орналастыруға қол жеткізіледі.
Өсімдіктердің ара қашықтығын 7,1 сантиметр ете отырып, 1 метрге 14 дана мақта қозасын орналастыру тиімді.
Солтүстік аймақтың топырағының құнарлығын, жер асты суларының тереңде жатуын есепке ала отырып, жаңа технология бойынша өсімдік арасын 8,3 сантиметр етіп, 1 гектар егістік жерге 170400 дана мақта қозасын орналастырған жөн. Қолданылып жүрген технологияға қарағанда бұл кесте бойынша 66060 дана мақта қозасын артық орналастыруға болады.
Бүгінгі таңда барлық мақта егістіктері 90 сантиметрлік жүйекаралықпен егілуде. Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей 1 гектар жерге ең тиімді түпсан көлемі 120 мың дана мақта қозасы болып есептелінеді. Аталған түпсанды 70 сантиметр жүйекаралықпен орналастырсақ, әр гектардан 0,22 гектар жер үнемдеуге болатынын есептеу қиын емес. Обылыс көлемінде бұл көрсеткіш 35-40 мың гектарды құрайды. Осы технологияның есебінен мақта өндірісінің көлемін азайтпай, 18-20 пайыз көлеміндегі бұрын мақта егілген суармалы жерді босатып алуға болады және босатып алынған жерге кететін шығындарды үнемдеумен бірге, суаруға кететін ағын судың мөлшерінде үнемдеуге (40-45 млн.м3) қол жеткізіледі.
Бұл технологияның бір кемшілігі мақта қозасын тығыз орналастыру арқылы әр өсімдіктің азықтанатын жер көлемінің азайыуында (0,08 м2-ден 0,05 м2-қа дейін). Бірақ бұл кемшіліктің орнын органикалық және минералдық тыңайтқыштарды көлем мөлшерін көбейту арқылы толтыруға болады.
2.11 Суару жүйесі
Мақта қозасы өзінің өсіп-даму кезеңдерінде суды әртүрлі мөлшерде талап етеді.
Мысалы, 1 кг құрғақ затты құруда тары 120-360 грамм, жүгері 250-450 грамм суды керек етсе, ал мақта қозасында бұл көрсеткіш 400-800 грамм құрайды. Аз су жұмсап жоғары өнім алу үшін суару мөлшері мен көлемін дұрыс анықтау, топырақ құнарлығын көтеру және де жоғары агротехникалық шараларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Мақталық егістің барлық су жұмсау көлемі өсімдіктің суды пайдалану мөлшері мен топырақтан судың булану көлемінен құралады. Егер барлық су шығынын 100 пайыз деп алсақ, оның 60-80 пайызы өсімдіктің, ал 20-40 пайызы топырақтан булану кезінде кететін су көлемі екенін білеміз. Булануға кететін су мөлшерін азайтуға жоғары агротехниканы қолдана отырып, топырақты сапалы өңдеу арқылы қол жеткізуге болады.
Мақта қозасының суды пайдалану көлемі әр түрлі факторларға байланысты. Негізгі факторларды, яғни жер асты суларының тереңдігін, топырақтың құнарлығы мен тұздану дәрежесін, жауын-шашынның мөлшерін, ауа-райы, температурасын есепке ала отырып, шитті мақта өндіретін әр аймаққа ең тиімді суару жүйелері мен мөлшерлерін анықтау керек.
Қазақстанның мақта қозасын өсіретін аудандарды үш аймаққа (солтүстік, орталық, оңтүстік) бөлген дұрыс. Бұл аймақтар ауа-райы, топырақ құрамының өзгешілігі, жер асты суларының тереңдік деңгейі айырмашылығы жағынан ерекшелінеді.
Топырақтың сортаңдау дәрежесі мен жер асты суларының деңгейлері мақталық егістіктің суға деген сұранысының көлемін анықтауда негізгі факторлар болып есептелінеді. Егер жер асты суларының тұздану дәрежесі әлсіз (2-3 г 1 литрге) болып 3 метрден тереңде жатса, жер суларын пайдалану пайызы 0-5 пайызды, ал 2-3 метр – 10-20 пайызды, 1-2 метр – 20-40 пайыз, 0,75-1 метр дейін тереңдікте жатса, жер асты суларын пайдалану 60-70 пайызға дейін жетеді.
Сортаңдаған топырақта мақта өскінділері ерте кезден-ақ зиянды тұздардың әсерін сезеді және бұл жерлерді ерте суаруға тура келеді, соның есебінен кететін ағын судың көлемі сортаңдамаған жерге қарағанда артып, судың шығыны көбейеді.
Суаруды суды әр жүйекке түсіру арқылы гектарына бірінші суды Оңтүстік аудандарда гектарына 800 текше метр, ал Орталық және Солтүстік аудандарда 1000 текше метр, ал екінші суды 600 м3 және 800 м3 мөлшерінде берген дұрыс. Онтүстік аудандарда жер асты суларының деңгейі жақын жатуына байланысты екі сумен шектелген жөн. Ал жер асты сулары терең (6-8 метр) жатқан Солтүстік және Орталық аудандарда жазғы вегетациялық суды 3-4 рет жүргізгенде жақсы нәтиже береді.
Мақта қозасын дөңестетеіп егу технологиясындағы суару кезеңдерінде түрлі реттегіш құралдарлы (түтікше-сифон, полиэтилендік пленка) қолдану арқылы жүйек тастап суару әдістерін қолданғанда жоғары тиімділікке қол жеткізіледі:
- Қолданылып жүрген технологияларға қарағанда гүлдеу кезеңінде 1-ші вегетациялық суды гектарына 500 м3/га, ал пісіп жетілу кезеңінде 400 м3/га мөлшерінде түтікше-сифондармен суару және полиэтилендік пленкаларды қолдана отырып жүйек тастап суару әдістерін қолданғанда гектарына 300 м3/га (25%) ағын су үнемделінеді.
- Суару кезеңінде еңбек өнімділігі 40 пайызға артады.
- Түтікше-сифондар және полиэтилендік пленкаларды қолдана отырып ағын суды сыздатып беру арқылы ендірілген тыңайтқыштардың нитрификациялану процесі тездейді.
- Суару кезінде басқа да агротехникалық шараларды (арамшөптерді отау, мақта қозасы ұшын шырпу, зиянкестерге қарсы биологиялық әдістер) жүргізуге қол жеткізіледі.
- Топрырақ бетінің суарудан кейін қабыршақтанып қалмауына және мақта қозасының жақсы тыныс алуына жағдай жасалынады.
- Жүйек тастап суару арқылы суарудан кейін жүргізілетін жүйек аралық баптауды қысқартуға қол жеткізіледі.
- Кейінгі агротехникалық шараларды сапалы жүргізу үшін жүйек-тердің бір келкі кебуіне жағдай жасайды..
- Мақта қозасының бойының биіктігін бір келкі өсуін қамтамасыз ету арқылы шитті мақтаны механикалық әдіспен жинауға қол жеткізіледі.
- Топырақтың бір келкі намдануының арқасында еңгізілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері 35 пайызға төмендейді.
- Мақта қозасының өнімділігі гектарына 5,0-6,0 центнерге артады.
- Судың, минералдық тыңайтқыштардың үнемделуі және мақта қозасымен жұмыс өнімділігінің артуына байланысты шитті мақтаның өзіндік құны 30 пайызға төмендейді.
- Топырақты терең өңдеу арқылы топырақтың суөткізгіштігі 25 пайызға жоғарылайды.
- Жүйекаралық баптаудың жетілдірілген агротехникалық баптаудың қолдану арқалы топырақта тиімді ылғалдылық сақталынады.
2.12 Күшті сортаңданған жерлерді қалпына келтірудің тиімді мелиоративтік әдістері
Республикамызда Мақтаарал ауданы мақта өнімін өндіретін ең үлкен аймақ болып есептелінеді. Бұл аймақта шитті мақта өнімінің орташа өнімділігі 21,0-23,0 центнерді құрап, елімізде өндірілетін барлық мақта өнімінің 60 пайызға жуығы өндіріледі. Ауыспалы егіс кестелерінің сақталмауы және суармалы жерлердің барлығына дерлік мақта қозасы үздіксіз егілуі нәтижесінде, бұл аймақтың 110 мың гектардан астам жері түрлі дәрежеде сортаңданған. Оның ішінде күшті сортаңданған жерлердің көлемі 17 мың гектарды құрайды. Егер күшті сортаңданған жерлерде өнімділік 80-90 пайызға төмен болатынын есепке алсақ, алынбаған өнімнің көлемі 30 мың тоннаға жететіні белгілі.
Күшті сортаңданған жерлердің мелиоративтік жағдайларын жақсартуда тиімді агротехникалық әдістерді жасап шығу үшін 2006-2008 жылдары арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тәжірибе жүргізілген аймақ жауын-шашынның аз (200-300 мм) болумен бірге жаз мерзімдерінде ауа температурасы жоғары ( 450С дейін), қыс мерзімінде – 25 0С градусқа дейін төмендеуімен ерекшелінеді.
Топырағы орташа сазды болып, топырақтағы гипстің мөлшері 1,5 пайызға дейін жетеді. Топырақтың жоғарғы 1-ші қабатында зиянды тұздардың орташа мөлшері 2,35 пайызды құрайды.
Қазақстанның оңтүстүгінде шитті мақта өндіретін шаруашылықтардың күшті сортаңданған жерлерінің зиянды тұздарын шаю үшін өте көп мөлшерде (гектарына 12 мың текше метр) ағын сумен ұзақ мерзімдік сор шаю жұмыстары жүргізілуі керек болады.
2006-2008 жылдарда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде, топырақтың су өткізгіштігін арттыру арқылы, күрделі сор шаюдың тиімділігін көтеру мақсатында топыраққа терең өңдеу жасалынды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 12 гектар алқапта, алты нұсқада, 3 қайтарымда жүргізілді.
2.13 Тәжірибе кестесі
Бірінші және екінші нұсқаларда күрделі сор шаю жұмыстары топырақты 30 сантиметр, қопсыту
3-ші және 4-ші нұсқаларда 40 сантиметр қопсыту.
5-ші және 6-шы нұсқаларда 35 сантиметр тереңдікте жыртумен бірге, соқалардың қайырмасын алып тастау арқылы 60 сантиметр тереңдікте қопсыту жұмыстары жүргізілді.
1, 3, 5 нұсқаларда әр 20 метр, ал 2,4 және 6-шы нұсқаларда әр 40 метр сайын уақытша су қашырғыштар алынды. Терең қопсытудың арқасында топырақтың көлем салмағы 10-12 пайызға төмендеп, су өткізгіштік дәрежесі жоғарылады. Егер кәдімгі жер жыртулардан кейін топырақтың су өткізгіштігі 6 сағатта 18-20 миллиметр болса, ал терең қопсытудан кейін бұл көрсеткіш 3-4 есеге дейін жоғарылады.
Барлық нұсқаларда күрделі сор шаю екі бөлініп гектарына 6 мың текше метр суару мөлшерінде жүргізілді. 3-кестеден байқағанымыздай, сор шаюдың жоғары тиімділігі топырақты терең жырта отырып, уақытша су қашырғыштардың ара қашықтығын жақын (20 м) алынған нұсқаларда көрінді.
Бұл агротехникалық әдістер топырақтағы тұздардың мөлшерін едеуір төмендеткенін байқаймыз. Тұздардың жақсы шайылуы топырақты терең қопсыту және уақытша су қашырғыштарды жақын, әр 20 метрден алынған 5- ші нұсқада айқындалды. Сонымен бірге 2-ші нұсқада тұздардың шайылуы топырақтың жоғарғы қабатында байқалды, ал төменгі қабатында тұздардың мөлшері бұрынғы көрсеткіште қалғаны бақыланды. Бұл нұсқада қолданылып жүрген жер жырту тәсілі қолданылған және уақытша су қашырғыштар жүргізілмеген болатын. Ал 5-ші нұсқада тұздардың шайылуы жоғары көрсеткішті, яғни 53 пайызды көрсетті. Бұл нұсқада тұз қалдықтары сор шаюға дейін 2,326 пайызды құраса, ал сор шаюдан кейін бұл көрсеткіш 1,106 пайызға дейін төмендеген. Себебі бұл нұсқада 35 см тереңдікте жерді жыртумен бірге топырақты 60 см тереңдікте қопсытып, әр 20 метр сайын уақытша су қашырғыштар алынған болатын. Екінші нұсқада тұз қалдықтары 2,326 пайыздан 1,596 пайызға дейін төмендеп, тұздардың шайылуы 31 пайызды құрады. Бұл нұсқада жер жырту 25 сантиметр тереңдікте жүргізіліп, ара қашықтығы 40 метр сайын уақытша су қашырғыштар алынған болатын (кесте 3).
Кесте 3 - Түрлі агротехникалық әдістерді қолданғанда, сор шаюға дейін және сор шаюдан кейін топырақтағы зиянды тұздардың мөлшері
Агротехникалық іс-шаралар |
Тұздардың құрамы,% |
|||||
жер жыртудың тереңділігі (см) |
су қашырғыш тардың ара қашықтығы (м) |
сор шаюға дейін |
сор шаюдан кейін |
тұздар- дың шайылуы % |
||
тұздық қалдық |
зиянды тұздар |
тұз- дық қалдық |
зиян- ды тұздар |
|||
25 |
20 |
2,298 |
1,284 |
1,516 |
0,814 |
34 |
25 |
40 |
2,326 |
1,605 |
1,355 |
0,921 |
31 |
40 |
20 |
2,264 |
1,381 |
1,238 |
0,755 |
39 |
40 |
40 |
2,286 |
1,440 |
1,314 |
0,827 |
37 |
35 (60 см - қопсыту) |
20 |
2,326 |
1,109 |
1,106 |
0,628 |
53 |
35 (60 см - қопсыту) |
40 |
2,263 |
1,321 |
1,228 |
0,785 |
44 |
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады. Күшті сортаңданған жерлердің агромелиоративтік жағдайын жақсартуда ең тиімді агротехникалық әдіс, топырақты 35 сантиметр тереңдікте жер жыртумен бірге, 60 сантиметр тереңдікте копсыту арқылы, уақытша су қашырғыштарды әр 20 метр сайын ала отырып сор шаю мөлшері екі бөлініп 6 мың текше метр суару мөлшерінде жүргізу тиімді деп танылды.
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбек қорғау
3.1 Санитарлы – техникалық іс шаралар
Өндірістік санитария дегеніміз – ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлы – техникалық шаралардың, құралдардың және қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін жұмысшыларға қауіпті әсердің алдын – алу жүйесі.
Жобаланып отырған нысан құрылысын жүргізу кезінде өндірістік санитария талаптарын орындау және осыған сәйкес өндірісті жүргізу қарастырылған. Өндірістік санитарияның негізгі көңіл бөлетін мәсмелелері адамға әсер ететін қауіптіліктен қорғау. Құрылыс мерзімі біраз уақытқа созылғандықтан, құрылыс алаңына жақын жерде уақытша тұрмыстық - санитарлы үйлер кешенін орналастыру қарастырылған. Бұл ғимараттардың ішіне жұмысшылардың жататын бөлмелері, демалатын жері, киім ауыстыратын жері, жуынатын жері, кептіру орындары кіреді [41].
Жерге орналастыру жобасы қыс мерзімінде де жүреді, сондықтан қоршаған ортадағы температураның өзгеруі ағзаның жылуды бөлуін төмендетеді, соның нәтижесінде оның температурасы көтеріледі, жүрек соғуы және тыныс алуы жиілейді назар аударуы төмендетіледі, қозғалу координациясы өзгереді, ағзаның реакциялық жылдамдығы төмендейді. Температураның төмендеуі сондай-ақ ағзаға зиянды. Температураның төмендеуінен организмнің салқындауы мүмкін, ол қан айналымының өзгеруіне, қандағы иммунобиологиялық қасиеттерінің төмендеуіне, тыныс жолдарының ауруларына, ревматизмге және т.б. әсерлерге әкеледі, сондықтан тұрмыстық – санитарлық ғимараттарда температураның қажетті дәрежеде қамтамасыз ету үшін жылыту жүйесі қарастырылған. Жылыту жүйесі жергілікті қазандықтармен қамтамасыздандырылады. Құрылыс аумағына ең жақын, қауіпсіз жерде, яғни крандар жұмыс алаңының сыртында жедел медициналық көмек көрсету бөлімі орналастырылған. Ішуге жарамды сумен де қамтамасыздандырылған. Ол сыйымдылығы 3000 литр болып келетін су тасығышымен, құрылыс алаңына жеткізіледі.
Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды қамтамасыз ететін қүрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа ылғалдылығын бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар гигиеналық түрғыдан белгіленеді. Ауадағы газ, бу және тозаңдар мөлшері адам денсаулығына зиян тигізсе, ылғал мен температура адамның көңіл-күйіне, жүмыс қабілетіне әсер етеді. Тіпті, кейбір өндіріс орындарында ауаға қойылатын талаптар технологиялық процестің бірі ретінде есептеледі. Ал кей жағдайда үйдегі ауа температурасы мен ылғалдылығы ондағы заттардың, жабдықтардың, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бұлінбеуі үшін де өте қажет. Өнеркәсіп орындарындағы технологиялық процестер нәтижесінде зиянды заттар, шамадан тыс ылғал және жылу пайда болады. Ал тұрғын үйлерде санитарлық тораптар мен ас үйден, әсірее газ плитасынан көбірек тарайды. Адам ағзасынан да зиянды заттар, жылу, газ жэне ылғал бөлінеді. Машина түтіні мен өндіріс қалдықтары да сыртқы ауаны ластап, үйге енуі мүмкін. Сонымен қатар терезеден түскен күн сәулесі мен үйдегі жарық көздері де бөлме температурасына әсер етеді. Осының бәрін жүйелі түрде реттеп, мөлшерлеп түрудың маңызы зор [42].
Желдету ағындата желдету, жалпылай алмастыра желдету, табиғи жэне механикалық желдету болып бірнеше топқа бөлінеді.
Ағындата желдету - ішке тек таза ауаның берілуін қамтамасыз етеді. Ал ауаның сыртқа шығуы іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады.
Ағындата желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Мұнда осы екі процестің қайсысының қарқынды өтуіне қарай, бөлмедегі ауа қысымы не артады, не кемиді. Соның нэтижесінде көрші бөлмедегі ауа қысымы күрт артады да, лас ауа оларға тарамайды. Ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана бұл әдіс тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету - қоғамдық және түрған үйлерде қолданылады. Үйдегі ауа тыстан келген таза ауаға араласып, құрамындағы зиянды заттар мөлшері залалсыз шекке дейін кемиді.
Табиғи желдетуде - ауа алмасуы сыртқы және іштегі температура айырмашьшығы негізінде, яғни желге байланысты жүреді. Бұл терезе, есіктегі, қабырғалардағы саңылаулар арқылы немесе арнайы жасалған ашпалы-жаппалы терезе көздері арқылы жүзеге асады.
Механикалық желдету көбіне электр жетекті желдеткіштер көмегімен асырылады. Ол үшін ауа алдымен арнаулы каналдар арқылы желдетілетін орындарға жетеді де, терезе жапқыштар мен үй бүйіріндегі арнаулы саңылаулар арқылы, яғни оңтайлы сәндік тор перделер т.б. арқылы ішке беріледі. Жалпылай алмастыра желдетуде - ауа сорылып алынып, каналдар арқылы сыртқа шығарылады. Егер ауа құрамында улы заттар болса, яғни өте қатты ластанса, оны тазартуға тура келеді. Ол үшін желдету жүйелеріне тазартқыш қүрылғылар, тозаң түтқыштар, сүзгілер т.б. орнатылады. Өнеркәсіп орындарында оны далаға қойған жөн. Егер желдету жабдықтарының шуы жүмысқа кедергі тигізбесе, оны ішке де орнатуға болады. Қазіргі кезде өндірістік және қоғамдық бөлмелерде механикалық ағындата желдету кең пайдаланылады. Көп жағдайларда ағындата желдетуді ауамен жылыту жүйесіне жалғастырып, қуатты ауа қыздырғашпен жабдықтайды. Ол берілетін ауаны бөлмедегі ауадан гөрі жоғарырақ температураға қыздырып, жоғалған жылудың орнын толтырып отырады. Егер ауа сапасы белгілі бір мөлшерде қатаң сақталуға тиіс болса, онда ол конденсацияланады. Ол үшін ауаның әр түрлі көрсеткіштері (ылғалдылығы, температурасы т.б.) сыртқы ауа райына жэне үйдегі жылумен ылғал мөлшеріне сәйкес кондициялауыш камералар көмегімен, автоматты түрде реттеліп түрады. Ауа кондициялау және жіберу әдістерін жетілдіру желдетудің тиімділігін арттыруға көмектесетін болады. Бөлмеде жұмысшылардың жақсы ахуалын қамтамасыз етуі - жағдай жасау деп аталады.
Авариялық желдету. Авариялық желдету өндірістік бөлмелерде авария себебінен немесе технологиялық процестер бұзылғаннан, токсикалық және зиянды заттардың концентрациялары көбейіп кеткенде ауаны тез арада тазарту үшін қажет. Ол тек қана цехтағы ауаны сорып шығаратын етіп жасалады. Сорғыш еселігі салалық қауіпсіз техникасы ережесімен және өндірістік санитариямен анықталады.
3.2 Жарықтандыру
Еңбекті қорғаудың негізгі сұрақтарының бірі болып өндіріс бөлмелерін және жұмыс орнын жарықпен қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістегі жарық, оның дұрыс жобалануы және орындалуы көру жұмыстарының жағдайын жақсартады, шаршағандықты төмендетеді, еңбек өнімнің жоғарлауына көмектеседі, және өндірілген өнімнің сапасымен жақсартады. Өндіріс ортасына жақсы әсерін тигізеді, жұмысшыға жағымды психологиялық әсерін тигізеді. Еңбектің қауіпсіздігін жоғарлатып, жарақаттануды төмендетеді. Экономика жағынан тиімді болғандықтан барлық өндіріс бөлмелерінде күндізгі уақытта табиғи жарықты алдын ала қарастырады.
Табиғи жарықтың түсуіне байланысты үш жүйеде : жанынан, жоғарыдан, қиылыстырған болып бөлінеді.Табиғи жарықталу коэффициентінің нормасының шамасы жарықтың климатына, күн сәулесінің коэффициентіне және жарық жүйесіне байланысты СНиП П-4-85 бойынша ҚР, Ш-ші жарық аймағында жатады (кесте 4).
Кесте 4 - Қауіпті заттар мен жеке қорғаныш киімдерінің мінездемесі
№ |
Зиянды заттың аталуы |
Қауіптілік дәрежесі (ГОСТ 12.007 – 76) |
ШМК (мг/м ) жұмыс аумағында |
Жеке қорғаныш киімдері ГОСТ 12.4.011-75 12.4.090-80) |
1 |
Цемент, топырақ |
4 |
6 мг/м |
Тыныс жолын қорғайтын құралдар |
2 |
Әктеу |
4 |
6 мг/м |
Тыныс жолын қорғайтын құралдар |
3 |
Түйіскен жерлерді асбестоцементті ерітіндімен бітеу |
4 |
6 мг/м |
Тыныс жолын қорғайтын құралдар |
4 |
Шаң |
4 |
2 мг/м |
Тыныс жолын қорғайтын құралдар |
Жабдықтарды құру, пайдалану, жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Құрылыс алаңында жұмысшылардың қауіпті заттармен немесе шаңды жерлерде жұмыс істеу барысында жеке қорғағыш заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылысты жүргізу кезіндегі негізгі мәселенің бірі шаңның әсерін азайту болып табылады. Ол үшін төмендегі шаралар орындалуы тиіс:
- Уақытша жолдарда шаңның көтерілуін төмендету үшін жол жабыны құм аралас шағал таспен жобаланған және жылдың шаңды мезгілдерінде (күз, жаз, көктем) осы жолдарға ауық – ауық су сеуіп шаңын басып отыру қажет. Ол үшін өрт гидранттарын пайдалануға болады.
- Шаңды көп қоздыратын құрылыс процестерін орындағанда (жер жұмыстары, жұмыс орнын күл – қоқыстан тазарту, цемент – құм аралас процесстер) жұмысшыларды арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз ету қажет.
Шаңның адам денсаулығына зияндылығы аз мөлшерде болғанымен ол жұмысшыларды өкпе ауруларына және құрғақ жөтел, бисинозаға шалдықтырады. Бұл шаңдар желдің әсерінен зауыт маңындағы елді мекендерге жайылады және адамдардың тыныс алу органдарының түрлі ауруларға әкеп соғады.
3.3 Дәрігерлік және тұрмыстық тазалық сақтау қызметі
Ауылшаруашылығы жерге орналастыру өндірісінде жобалаудың санитарлық нормаларына сәйкес денсаулық сақтау пункт қарастырылған. Денсаулық пункті ауылшаруашылығы жұмысшының жұмыс қабілеттілігін, денсаулығын қадағалап отыру үшін қажет. Ол қажетті медикаменттермен қамтамасыз етіледі, медициналық қондырғылармен жабдықталады. Мүның барлығы ауылшаруашылығы жұмысшыларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізіп отыру үшін қарастырылады. Ауылшаруашылығы өндірісте түрмыстық тазалықты сақтау мақсатында қосымша бөлме бөлінген, онда сумен қамтамасыз ету, гигиеналық құралдар, тазалағыш заттар қамтылған [43].
Жекебас қорғаныс құралдары. Арнайы киімдермен камтамасыз етудің типтік нормаларына және техника қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жобаланып отырған өндірістің негізгі және қосымша бөлімдерінде жүмысшыларды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету қарастырылған. Шаң бөле жүретін машиналар мен жер арасын аралауда жұмысшылардың тыныс алу мүшелеріне кері әсер беріп кәсіби ауруға шалдықпас үшін респираторлар, дайын өнім бөлімдерінде ақ халат, орамал, алжапқыш беру қамтылған.
3.4 Электр қауіпсіздігі
Қазіргі уақытта қандай да болсын өнеркәсіпті электр энергияны қолданусыз жұмыс істеуінің өзін елестету қиын. Еліміздегі халықшаруашылы-ғының қарқынды даму, өндірісте жаңа техника, автоматизация ендіру технологиялық процесс механизациясы электр энергиясын тұтынуға үлкен қажеттілік тудырады.
Оны кең көлемде адамдардың да электр қондырғысының эксплуациялық қауіпсіздік ережесінің кең көлемде танылуға қажеттілік тудырады. Бұл ережелерді сақтамау өртке, адам өміріне, бұзылуға әкеледі.
Құрылыстың электр қауіпсіздігі пайдалану қызметі үшін қарастырылған түрақты ЛЭП-10 кв пайдалану кезінде, сондай-ақ уақытша электр тогын қолданған жағдайда, электр энергиясын бақылау ережелеріне сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
Жоғары сапалы гидротехникалық араласпасын алу үшін, оны электрлік тербелмелі қондырғылар пайдаланады. Бұл жағдайда электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар, тұманда, тәуліктің қараңғы мезгілдерінде, сондай-ақ құрылымның жеке бөліктерін машинист бақылай алмайтын жағдайларда алаңды жарықтандыру қарастырылған. Ол үшін алаңның приметрі бойынша ПЗС-35 маркалы прожекторлар орналастырылған. Бірқалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін құрылыс алаңдарының барлық аумағында жұмыс істеуге қажетті жарықтандыру жасалу қажет. Адамдардың ары-бері қатынауына және көліктің қозғалуына, сонымен қатар жарықтың кенет сөніп қалу жағдайына байланысты апаттық жарықтандыру қарастыру қажет.
Электр тоғымен зақымдану жергілікті электрожарақаттар (электрлі күю, электрлік таңба, терінің металдауны, электроортальмия) және электрлі соққылар (жалпы адам ағзасының зақымдануы).
Адамның электр тоғымен зақымдану дәрежесі токтың күші және жиілігіне, адам денесінің кедергісі, электр токтың өту ұзақтығы, қоршаған ортаның жағдайларына байланысты болады.
Электрлі күю – 1-2 кВ кернеулі электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен дененің контактісі жерінде терінің күюі деп аталады.
Электрлі таңбалар – токтың әсерінен пайда болған адамның терісіндегі сұр түсті дақтар, жаралар.
Электроофтальгия – электр токтың әсерінен бұлшық еттердің қысқарулары (сокращение) нәтижесінде көздің сыртқы қабатының ісінуі.
Электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану.
Кернеу жүйесіне қосылған электро қондырғылармен жұмыс істеу кезінде электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану үшін жалпы және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет. Жалпы қорғану құралдары деп қоршаулар, жерге қосулар нольге қосу және электроқондырғылардың корпустарын өшіру, қауіпті жерлерде ілінетін ескерту плакаттары және т.б. Изоляцияның жоғарғы деңгейлі күйі – қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі. Изоляцияның тағайындалуы – сымдардың қыстқа тұйықталуларын және өрттердің пайда болуын алдын алу үшін. Изоляцияның кедергісі жүйеде кернеуді белгілейтін саннан мың есе көбейтілген болуы қажет.
Электр қондырғылардың ток жүретін қорғалмаған бөліктерінің барлығы (сымдар, шиналар, рубилниктер және т.б.) қоршауға алынуы қажет.
3.5 Өрт қауіпсіздігі
Өрт деп жанудың апаттық таралуын және оның адамзаттың бақылауынан шығып кетуін айтады.
Өндіріске және құрылыс алаңдарында барлық жұмысшыларды және қызметшілерді өрт қауіпсіздік ережелеріне ұйымдасқан түрінде оқыту керек. Нұсқауды өтпеген жұмысшылар мен қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс.
Өрт қауіптілігі күшті аумақтарда жұмыс істейтін жұмысшыларды және қызметшілерді, сонымен қатар дәнекерленушілерді және басқа да отқа байланысты жұмыстармен айналысатын адамдарды арнайы өрт-техникалық минимумды тапсырмаға дайындау керек. Ол, үшін өндірістің ерекшелігіне қарай бағдарлама жасалып, қызметшілердің ішінен сабақты жүргізуге адамдар таңдалынып, содан кейін топтар құрастырылып, сабақтар уақыты белгіленеді. Бұл сабақ бағдарламасы тікелей өндіріс аймақтарында жүргізілуі қажет. Сабақ біткеннен кейін жұмысшылар есеп береді.
Инженерлік-техникалық қызмет етушілерді, қызметшілерді және жұмысшыларды өртке қарсы сақтандыру шараларына қатыстыру мақсатымен өрт-техникалық комиссия сайланады, оның негізгі міндеттеріне жататындар:
- Қондырғылар жұмысында өрт қауіпсіздігі туралы кемшіліктерді және ережелерді бұзуды табу, өйткені олар өрт шығуына, жарылыс болуына себеп болуы мүмкін, сонымен қатар сол кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар жоспарын жасау.
- Өрттен қорғануды ұйымдастыру және алдын ала өрттен сақтандыру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар аймақтарда өртке қарсы режимді қатаң орындау.
- Инженерлік-техникалық қызмет етушілердің, қызметшілердің және жұмысшылардың арасында өртке қарсы ережені және режимді сақтау сұрақтары бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Өрт қауіпсіздігі мақсатында, өрт қауіпсіздігі өте күшті аймақта жұмыс жасайтын жұмысшылардың жұмыс орнында темекі тартпауын қадағалау керек, яғни темекі тартатын жұмысшыларға арнаулы темекі тартатын жер жасап беру керек. Өрт қауіпсіздігі өте күшті аймақтарда арнайы белгілі жерлерде өртке қарсы, өртті тез сөндіруге қажетті құралдармен жабдықтау керек. Осы айтылған іс-шаралар толығымен орындалатын болса, тілсіз жау - өрттің алдын алуға зор мүмкіндік болады [45].
3.6 Төтенше жағдай кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орсан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сыйяқты құбылыстар жиі болып тұрады [46].
Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім – жетім болатын табиғат құрылысы.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады.
Сел -тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күр өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстау мен іс-әрекетіне зілзіланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін.
Су тасқыны – бұл құбылыс біздің құрылысымызда жиі болып тұрады. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Бұған қарсы құрылыс басшылары тиісті шаралар қолданып, (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі жатады.
Найзағайдан қорғану іс – шараларына есептеме жүргізу
Найзағай адамзат үшін табиғи қауіп туғызатын табиғи құбылыс. Ғылым мен білімнің дамуы арқасында найзағайдан қорғану жолдарын ойлап тапты.
5 Экономикалық бөлім
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өндірісіне мамандандырылған агроқұрылымдардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды. Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайды сараптауға мүмкіндік береді. Топырақтың көлемдік массасы мақтаның өсіп-өркендеуіне, өніп шығуына, тамыр жүйелеріне, гүлдеу және пісіп жетілу динамикасына, көсек саны және өніміне әсері экспериментальді дәлелденді солай етір жүргізілген алқапты және вегетациялық тәжірбиелер нәтижесінде топырақтағы химиялық және билогиялық процестерге тұқымның өніп өсуіне, мақтаның өсіп өркендеуіне жоғарғы өнім алуға топырақтың негізгі белгілеуші фактілері болып, оның әр жер топырағы жағдайындағы тығыздығы болып есептеледі.
2012 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8 мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді (кесте 9).
Кесте 9 - Облыстағы жалпы шаруа (фермер) қожалықтары, соның ішінде мақта шаруашылығындағылар саны туралы мәліметтер (01.01.2012 ж.)
№ |
Қала, Аудандар |
Ауылшаруа-шылық құрылым-дарының саны |
Соның ішінде |
|||
Белсенді шаруа қожалықтар-ының саны |
Жұмыспен қамтылған адам саны |
Мақта шаруашылы-ғындағы шаруа қожалықтар-ының саны |
Мақта шаруашы-лығында қамтылған адам саны |
|||
|
Шымкент |
60 |
32 |
87 |
- |
- |
|
Арыс |
576 |
529 |
1627 |
529 |
1580 |
|
Кентау |
123 |
110 |
351 |
110 |
351 |
|
Түркістан |
5563 |
5535 |
11903 |
3568 |
10740 |
|
Бәйдібек |
1435 |
1321 |
2688 |
350 |
1040 |
|
Қазығұрт |
3150 |
3150 |
4500 |
105 |
312 |
|
Мақтаарал |
22547 |
21527 |
79406 |
21527 |
79406 |
|
Ордабасы |
3806 |
3650 |
7041 |
2107 |
6321 |
|
Отырар |
1928 |
1827 |
7474 |
1604 |
4346 |
|
Сайрам |
3886 |
3650 |
8219 |
- |
- |
|
Сарыағаш |
7644 |
7573 |
11844 |
3548 |
10644 |
|
Шардара |
4775 |
4742 |
14924 |
4475 |
13425 |
|
Облыс бойынша |
60916 |
60157 |
159837 |
37923 |
128161 |
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды (кесте 10.
Кесте 10 - Агроқұрылымдар санаты бойынша мәліметтер
№ |
Барлығы: |
2008 |
2009 |
2010
|
2011 |
2012 |
% өсімі |
1. |
Мақта алқабы мың, га |
183,9 |
167,8 |
196,4 |
219,3 |
201,2 |
109,4 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
417,4 |
360,7 |
402,7 |
467,1 |
465,0 |
111,4 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
22,7 |
21,5 |
20,5 |
21,3 |
23,1 |
101,3 |
Соның ішінде: Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары |
|||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
28,8 |
22,8 |
24,0 |
20,5 |
16,6 |
57,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
44,3 |
31,7 |
29,6 |
27,1 |
22,4 |
50,6 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
15,4 |
13,9 |
12,3 |
13,2 |
13,5 |
87,7 |
Шаруа (фермер) қожалықтары |
|||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
127,3 |
116,7 |
162,3 |
198 |
182 |
143,3 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
315,9 |
261,5 |
338,0 |
428,0 |
440,2 |
139,3 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
24,1 |
22,5 |
20,9 |
21,6 |
24,2 |
100,4 |
Жұртшылық шаруашылығы |
|||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
27,8 |
28,3 |
13,1 |
4,4 |
2,1 |
7,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
57,1 |
67,4 |
35,1 |
11,6 |
2,4 |
4,2 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
20,4 |
23,8 |
26,8 |
26,4 |
11,4 |
55,9 |
Мақта жетістіруде атқарылған жұмыстар құны барлығы бақылау вариантына сәйкес келгені үшін тек қосымша өнім құны және жұмсалған мыс элементі, қосымша өнімді жинауға жұмсалған қаржыны есепке алып қосымша өнім жалпы құныныан алынып тасталып, қосымша өнімнен алынған таза пайда анықталды.
Зерттелген ауыспалы егістердегі дақылдардан 1 га майданнан алынған жалпы өнімнің сомасынан 1 га майданға жұмсалған тікелей шығынды айыру жолымен шартты таза пайданы анықтадық. өнімді өндіруге жұмсалған тікелей шығын мөлшері өсірілетін дақылдың өнімділігіне, тұқымның аз нормада себілуіне (мақсары 15 кг/га, ноқат 70кг/га), өнімнің жоғары бағада сатылуына (мақсары 38 тг/кг, ноқат 150 тг/кг), жоңышқа өсіруге шығынның өте аз жұмсалуына (4 жыл бойы өнім береді) және қуат көздерін үнемдейтін технологияны қолдануға тікелей байланысты.
Осы нәтижелерді В.С.Зайцев атындағы АзНиХИ қоңыр топырақ жағдайында мақта өсіре алды.
Кейінгі кездерде топырақтың көлемдік салмағы мақтаның өсіп өркендеуіне әсері анықталғаннан кейін ол жағдайда қалай сақтау жөнінде мәселелер пайда болды.
Өз тәжірибелерінде топырақты өңдеу жұмыстарында арық немесе жалдап оны терекпен тамшылап суландыру топырақтың тығыздығына тиімді әсерін айтып өтеді.
Топырақты өңдеу технологиясы ерекшелігі айдалған топырақ бараланалып, малаланылып кейін ары және жал алынды, алынған арықтық деңгейіне жоғарыға дейінгі биіктігі 26-30 см-ді құрады, ал арық арасы 160 см, жалдар арасы 80- см құрады.
6 Бизнес-жоспарлау
6.2 Түйін
Ғылмый негізде жүргізген тәжірибелерінде алған нәтижелерінде сүйене отырып мақтаны Орта Азияда арықтан егуді ұсынды оның айтуынша арықтан егуді арық көктемде су баспайды.Топырақ жұмсақ жағдайын ауа алмасуы жақсы жүреді. Мақта өсімдегі қол еңбегін өте көп талап етеді. Көктемде мақта егілгеннен кейін оны өндіру үшін су беру қажет бұнда тегіс аймақтарда қатарларды су басу нәтижесінде тамыр шіруі, қатқалақ болуы, жабайы шөптердің басып кетуіне алып келеді.
Мақта егіліп келе жатқан аудан топырақтарында микроэлементтердің сарылып бара жатқандығы анық.
Оның себебі өсімдіктердің алып шыққан элементтердің, өз орнына қайтып толтырылмауы себепті болуынан. Карбоннатты топырақтарда мақтаға себілгенде мыс, мырыш және бор элементтері тиімділігі төмен болу себебі, топырақта аталған элементтердің жоғары дәрежеде меңгерілуі деп есептеледі.
Микроэлементті тыңайтқышты ертіп, ертіндімен тұқымды дәрілеп немесе мақта егісін тамырдан тыс үстен қоректендіру арқылы беру керек. Борлы тыңайтқыштармен мақта егісін қоретендіргенде шығымдылығын, тығыздығын және өнімділігін арттырып, пісу мерзімін қысқартқан.
Зерттеу жүргізілген топырақ қабатының жамылғысы кәдімгі сұр болып, сазды және құмдақ қалың қабатты кұрылымды құрайды. Кәдімгі сұр топырактың ерекшелігі ол карбонатты көмірқышқылы 6-8% құрайды, жеңіл тұздар мен натрий тұзы сұр топырақта болмайды. Топырақ қабаттары біркелкі, жоғарғы қабатының кұрылымы нашар.
6.3 Өнім сипаттамасы
Оңтүстік өңірдің жер асты ыза сулары жақын топырақ жағдайында көктем айларында топырақтың ылғалдылығы артады, топырақтың жылуы баяулайды. Осындай жағдайда мақтаның өніп шығуы төмендейді тамыр шіруі көп болады және өсімдіктің өсіп өркендеуі нашарлайды.Жоғарғыдай жағдайда мақтаны жалдап егуге өтуді ұсынды. Ол жалдау жұмыстарын көктем айларда жүргізуді ұсынды.
Оның алған нәтижелері бойынша мақтаны жалдап егу, оның тегіс өніп шығуына, өсіп өркендеуінің қарқынды жүруіне және қосымша өнімнің гектарына 4 центнерге дейін артуына алып келгендігін айтады. Мақтаны 40-45 см биіктікте көктем айларында дайындап егіс жүргізуі мұнда тегіс мақтаның өніп шығуына ұзақ уақыт суландыруға дұрыс келді.
Себебі биік жалданғанда топырақта ірі кесектер көп болып қарқынды ауа алмасуы нәтижесінде топырақтың құрғап кетуіне себепші болды. Бірақ-та жалданған топырақта мақтаның өсіп өркендеуіне әсер ететін қоректік заттардың мол болғандығы анықталды. Мақта шаруашылығы ғылмый институты жүргізген тәжірибелерде, тәжірибе сорланбаған батпақты топырақта ыза сулары 1,2-1,6 болған жағдайда, жалдау жұмыстары көктемде егуден 2-3 апта бұрын биіктігі 18-20 см еьіп жасалды.
6.4 Сала және кәсіпорын сипаттамасы
Алынған нәтижелерге қарағанда бақылау вариантына қарағанда мақтаның өніп шығуы топырақтың жылуы және мақтаның өсіп өркендеуі жоғары дәрежеде болды. Нәтижеде гектарынан 3,7 центнер қосымша өнім алуға келіп соқты.
Өндірістегі мақтаға азоттың пайдалы әсер коэффициентінің жоғарлауы мен төмендеуінің маңызы зор, төмендеген кезде сыртқы орта нитраттардың және нитриттердің зиянды қосылыстарымен ластанады. Аммофостың азотының тиімділігін арттыруда оны нитрификацция ингибиторымен бірге қолдану жақсы көмек береді.
Өсімдіктің өсіп өркендеуінде оның бойы, жеміс бұтағы жемісін саны негізгі көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Біз өз тәжірибемізде мақтаның 3-4 жапырақ, бутондау және жеміс пайда болу кезеңдерінде бақылау жұмыстары жүргізілді, алынған нәтежелер көрсетілген. Мақтаның жеміс мүшелері пайда болу кезеңінен бастап жалпы азот мөлшері бір қалыпта сақталып қалғанымен, белоксыз азоттың төмендегенін көрдік. Мыс элементін аммофос және мочевина құрамында мақтаға пайдалану жапырақта белоксыз азотты 0,76 –0,54% - дейін төмендетті.
Бұндай жағдай мыс элементі аммофос және мочевина минералды азотты ораникалық түріне айналдыруға әсерін тигізді, алған нәтежелерге сүйене отырып мыс элементі аммофос және мочевина құрамында минералда азотты белокты азотқа айналдырып жеміс мүшелеріне ағымына әсерін тигізеді деген болжамға келеміз.
Сондай ақ біздің алған тәжірибе нәтежелеріне қарағанда мыс элементін аммофос құрамында мақтада қолдану өсу кезеңі басында ақ жалпы органикалық және бейорганикалық түрлерінің артуына әсерін тигізеді. 3 кестеде фосфордың мөлшері мысты мочевина және аммофос құрамы берілген вариантта жоғары болды (бақылау 0,69%; аммофос 0,75%; мочевина 0,77% ).
Тәжірибе жағдайында мыс элементі фосфордың органикалық түрінің артуына әсерін тигізеді. Алынған нәтежелерді қорыта келе мыс элементі аммофос пен мочевина құрамында мақтаның жапырағы жұмысын белсендіріп фосфордың органикалық түрге өтіп күшейтумен жеміс мүшелерінде көбірек топталуына сонымен бірге мақта өнімінің артуына әсерін тигізеді деп болжамдаймыз.
Оңтүстік Қазақстан облысының егістік жерлері әр түрлі болып, топырағының агрохимиялық көрсеткіші алуан түрлілігімен сипатталады. Облыстың тау бөктеріндегі топыракта өсімдікке кажетті қара шірік мөлшері мен қоректік химиялық элементтер мол болып, ал жазық далалы шөл-шелейтті егістік жерлердің топырағының химиялық көрсеткіштері төмен болып келеді.
6.5 Маркетингтік жоспар
Аммофос физиологиялық қышқыл тыңайтқыштарға жатады. Фосфордың қалыпты мөлшерін енгізген кезде топыраққа аммонийлі азоттың аздаған мөлшері түседі, ол топырақты қышқылдандырмайды. Азоттың фосфорға тепе-теңдіксіз қатынасына байланысты аммофос негізінен фосфорлы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Аммофос қарапайым тыңайтқыштарға қарағанда үлкен концентрацияға ие, құрамында екі қоректік элемент бар. Сондықтан басқа жай тыңайтқыштарға қарағанда, оның топырақтағы қоректік элементтерінің айналымын өсімдіктерге басқаша қолданады
Микро элементінің аммофос құрамында мақтаға әсері тимегенін мыс элементі фосформен күрделі тұздар түзумен түсіндіруге болады. Тамыз айына келіп мыс аммофос құрамында көсек санына әсері тигізбеді, ал мыс мочевина құрамында 7,7 дана болып бақылау вариантымен 1,4 көсекке арттық болды.
Аммофос мақта себетін аудандар үшін қолайлы тыңайтқыш болып табылды, Орталық Азияның Республикаларында мақтамен жүргізілген 67 егістік тәжірибелер жай тыңайтқыштарға қарағанда аммофостың артықшылығы көп екендігін көрсетті. Аммофостың есебінен мақта шикізатының өнімі орташа 2,5 ц/га артты.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы аммофостың Н2РО4 анионды бөлігінің топырақтағы әрекетімен көп немесе аз болса да зерттелгенін, ал NH4 тыңайтқышының катионды бөлігінің әзірге зерттелмей қалып отырғанын көрсетеді. Сондықтан аммофостың азотының тиімділігін анықтау маңызды.
6.6 Өндірістік жоспар
Соңғы жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолдануға байланысты даму үстінде. Оны қолдана отырып жасалынған көптеген зерттеулер, азотты тыңайтқыштардың формасы мен мөлшеріне байланысты вегетациялық тәжірибелерде 50-60% аралығында және егістік тәжірибелерде 30-50% аралығында өзгеруі мүмкін. Аммофосты енгізгенде нитраттардың топырақта алмасу реакциясына түспейтінін және аммонийге қарағанда суда жақсы еритінін ескеру қажет. Сондықтан аммофосты енгізгенде тек газ тәрізді жоғалтура ғана болмауы мүмкін.
Сонымен қатар, азотты тамыр тіршілік қабатынан тысқары нитраттар түрінде жуу. Бұл өз кезегінде ағынды судың басталуына әкелуі мүмкін. Сондықтан аммофостың азоттың жоғалтуын төмендететін және қолдауң коэффициентін жоғарлататын шығару үлкен ғылыми өндірістік маңыздылыққа ие.
Қазіргі таңда белгілі болғандай агрохимиялық ғылым мақта және басқада ауылшаруашылық дақылдарында қолданылатын жоғары нәтижелі минералды тыңайтқыштардың ғылыми негіздерін шығару үшін маңызды көптеген фундаментальді еңбектерге ие. Кейінгі жылдары бұл өңдеулер азоттың тұрақты изотобын қолданумен байланысты аса жоғары дамуға жетті. 15N және 14N изотопты бөлігінің көмегімен топырақтағы азоттың тыңайтқышқа айналу табиғатымен әр түрлі жағдайларда оны өсімдіктерді қолдануын танып білу мүмкін болды.
6.7 Ұйымдастырушылық жоспар
Еңбек және еңбек ақы бойынша салыстырмалы есептеу мына көрсеткіштер арқылы анықталады: Адам саны, жалпы еңбек ақы қоры, орта жылдық еңбек ақы және орта айлық еңбек ақы.
Жұмысшылар мен персоналдардың саны мен еңбекақы қоры бойынша есептеулер нәтижесі осылай етіліп кестеге түсірілген.
Жер тек қана мемлекет меншігі, оны сатуға, сатып алуға болмайтыны, тек пайдалануға берілетіні көрсетілген. Сондықтан да жерді қорғау мемлекеттің, бүкіл халықтың міндеті, төл ісі болып саналады.
Жерді пайдаланудың қатаң тәртібі белгіленген. Суармалы, құрғатылған жерлерді, егістіктерді, көпжылдық жеміс ағаштарды отырғызылған бауларды, шабындықтар мен жайылымдарды басқа қажетке пайдалануды тек Республика Министрлер Кабинеті, әрі арнайы уәкілдік берілген басқа органдар мен лауазымды адамдар ғана шешеді.
6.8 Қаржылық жоспар
Зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті шикізатқа, материалға және тыңайтқыштарға кеткен шығындар ресурстың әр түрі үшін келесі формуламен анықталады.
Талдау көрсеткішінде экономикалық тиімділігін тамырдан тыс үстеп қоректендіру мөлшерін қолданғанда, өте тиімді үстеп қоректендіру мөлшері болғанда.
1 га егістікке және егістіктің жалпы ауданына жұмсалатын минералдық тыңайтқыштардың пайдалану есебінен алынған таза кірістің өсімі.
Осы көрсеткіш жер шаруашылығымен байланысты жүргізілетін іс шаралардың экономикалық тиімділігі туралы толық түсінік береді.
Жобаның технологиялық және экономикалық бөлімдерінде жүргізілген есептер негізінде негізгі бизнес жоспардың экономикалық көрсеткіштерінің 10- кестесі жасалады.
Кесте 10 - Экономикалық тиімділік мақтаға берілген минералдық және органикалық тыңайтқыштардың жоспар бойынша өнімділіке әсері.
№ |
Көрсеткіштер |
Бақылау |
Бизнес жоспар бойынша |
|
Аммофос+Сu |
Мочевина+Сu |
|||
1 |
Мақта өнімі. ц/га |
33,8 |
35,5 |
37,0 |
2 |
Өнім құны. тенге. |
22788,0 |
25049,0 |
25264,2 |
3 |
Жалпы қаржы. тенге. |
18540,0 |
19721,0 |
19689,0 |
4 |
1 га жерден алынған таза пайда, тенге |
4348,0 |
5328,0 |
5555,2 |
5 |
Қосымша пайда, тенге |
- |
980,0 |
1207,2 |
6 |
Рентабельдік деңгейі, % |
24,0 |
27,02 |
28,22 |
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды берілген кезінде өте төмен шығын кезінде негізгі көрсеткіші мақтадың екінше нұсқада, минералдық тыңайтқыш Аммофос+Сu берілді. Қосымша пайда 980,0 тенге, ал үшінші нұсқада бақылау нұсқаға қарағанда 1207,2 тг. құрады.
Сондықтан, экономикалық тиімділік мақтаға берілген минералдық және органикалық тыңайтқыштардың өнімділігіне әсері үшінші нұсқада органоминералды тыңайтқыш берілгенде болды. Осыны қолданғанымызда минералдық тыңайтқыш нұсқадағыдай, рентабелдік деңгейі 27,02% және 28,22% ды құрады.
6.9 Жұмыстың тәуекелділігін талдау
Тәуекел түрі |
Жобаның тиімділігіне теріс әсері |
Теріс әсерді азайтуға бағытталған іс шаралар |
Жабдық-тың тозуы |
Жұмыстың тоқтап тұруы шығындардың артуы |
Қызмет аясын кеңейту |
Жаңа мамандар |
Мамандарды оқыту шығындары артады |
төмен әрі қол жетімді бағалар ендірілген |
Бәсекелестердің бағаны төмендетуі |
Сұраныстың төмендеуі |
Қызмет аясын кеңейту |
Бәсекелестердің бағаны төмендетуі |
Бағаның төмендеуі |
Қызмет сапасын жоғарылату |
Салықтың өсуі |
Таза пайданың азаюы |
Бағаны тиімді жоғарлату |
Қызметкерлер жалақысының өсуі |
Жалақының өсуінен пайданың азаюы |
Тәуекелдің осы түрін жобада мұқият бағалау |
Қорытынды
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстаноблысының суармалы жерлерінде мақта қозасын баптаудың технологияларыбойынша төмендегідей корытынды жасауымызға болады.
Сор шаю жұмыстары жүргізілгеннің өзінде де ғылыми негізде дәлелденген мөлшерлері мен мерзімдері сақталмауы себебінен, бұл агромелиоративтік шараның тиімділігі төмендеп, көп мөлшерде ағын судың ысырап болуына әкеп соқтырады.
Сонымен бірге мақта шитін себудің ғылыми түрде негізделген мөлшерлері мен мерзімдерін сақтамау себепті, шаруа қожалықтары мақта өскінділерінің тұрақты түп санын ала алмай, тұқымдық шитті 2-3 рет қайта себу салдарынан көп шығын жұмсап, шитті мақтаның өзіндік құнының жоғарлауына жол беруде.
Су қорын үнемдеу технологиясын өндіріске енгізе отырып, бүгінгі күнде үлкен проблемаға айналып отырған мақта егістіктерін ағын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге болады.
Отандық мақта сорттарының ерекшіліктерін ескере отырып, мақта қозасын баптаудың жаңа су қорын үнемдеу технологиясының негізі, жаңа су үнемдеу жүйелерін қолданып, ылғал үнемдейтін агротехникалық шараларды жетілдіре отырып, ағын суды тиімді пайдалану және сонымен бірге мақта өнімінің сапасын түсірмей мол өнім алуға қол жеткізіледі.
Топырақты өңдеу технологиясын өзгертудің негізі, жерді терең етіп жыртқаннан кейін тырмалау немесе малалап келешекте себетін бағытта жүйек алу болып есептелінеді.
Жүйектерді терең алып оның үстіне шит себу мен топырақты суару кезеңдерінде жақсы және бір келкі ылғалдануына және топырақтың жақсы қызуына байланысты мақтаның өсіп-дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауы: Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы. Егемен Қазақстан // ақпан 2006ж. 167-171б.
- ҚР статистика агенттігі. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы // Алматы 2005-2006 ж.ж. 83-91б.
- Л. Милов. Үдерістің ерекшеліктері және ұлы орыс жер жыртушысы // Москва. 2006ж.206-210б.
- ОҚО статистика агенттігі, ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы // Шымкент. 2000-2005 ж.ж 155-160б.
- Ауылшаруашылық жерлерін ағылшын әдісімен сату туралы хабарлама. Мақтаарал // № 32-33. 11 тамыз, 2006ж.130-136б.
- Б.Серіков. Мақташыға көмек. Талант // Алматы, 2002ж .66-72б.
- А.В. Чаянов. Шаруа қожалығы. // Москва. Экономика. 1989г.180-192б.
- А.Б.Молдашев. МҚМ АӨК ЭҒЗИ. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының орта және ірі тауарлы құрылымдардың ұйымдық- экономикалық негіздер // Алматы.2004.90-98б.
- Ш.Көпешов. Мақта өндірудің экономикасы // Қайнар.Алматы.1975ж .306-311б.
- И.Үмбетаев, Батькаев Ж. Қазақстанның Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі // Құс жолы Алматы. 2000ж .121-130б.
- Ли Тен Хан және т.б, Пахтаарал // Қайнар Алматы. 1998ж .201-209б.
- “Кетебай” ӨК және “Хает” шаруа (фермер) қожалықтарының жарғылары, бухгалтерлік балансы және салық деклорациялары 2001-2005 ж.ж. 96-101б.
- Ливерпуль тауар биржасындағы А.Котлук индексі // Жаршы. Алматы 2006ж. 203-210б.
- А.Б.Мулдашев, Г.Р.Мадиев,Ж Шаракымбаева. и др. Нормативы прямых затрат на одно животное, единицу продукции. Алматы, РГП “НИИ экономики АПК и РСТ”. 2005 г.С.79-89.
- A.M.Марс, И.М. Фетисов Нормы высева и способы посева житняка на сено на темно-каштановых почвах Западно-Казахстанской области //Жаршы -Издательство «Бастау», г. Алматы, 2004г. - №7.С.86-93.
- A.M.Марс. Изменение содержания поглощенных оснований при мелиорации сильно солонцеватых почв и степных солонцов в Северной части Прикаспийской низменности //Сборник научных трудов РГКП «Уральская сельхозопытная станция». - г. Уральск, 2005г. С.268-270.
- И.М. Фетисов,A.M.Марс. Мелиорация темно-каштановых сильно солонцеватых почв, солонцов полупустынных в Северной части Прикаспийской низменности Западно-Казахстанской области //Вестник сельскохозяйственных наук Казахстана. Издательство «Бастау», г. Алматы, 2005г. - №1. С.31-33.
- С.Б.Кененбаев, А.И.Иорганский. Основные итоги НИР по проблемевоспроизводства плодородия неполивных темно-каштановых почв Казахстана//Материалы межд. научн.-практ. конф. «Перспективные направлениястабилизации и развития агропромышленного комплекса Казахстана всовременных условиях», посвящ. 90-летию со дня образования Уральской с.-х.станции и 100-летию со дня рожденя Н.И. Башмакова. Уральск 2004г. С.184-187.
- А.С.Сапаров Р.Х. Рамазанова. Пути повышения продуктивностисельскохозяйственных культур и плодородия почв в условиях рынка //Вестниксельскохозяйственной науки Казахстана. 2002г. №8. С.27-29.
- В.В.Вьюрков. Сохранение и повышение плодородия темно-каштановыхпочв Приуралья //Материалы межд. науч.-практ. конф. Оренбургскогорегионального института переподготовки и повышения квалификациируководящих кадров и специалистов АПК «Земельные отношения насовременном этапе: проблемы, пути решения».Оренбург, 2004 г. С.185-191.
- Э.Э.Браун. Выводное поле многолетних трав, как основной факторповышения плодородия земель /Э.Э. Браун, С.Г. Чекалин, В.Б. Лиманская, Г.К.Жакселикова //Материалы межд. науч.-прак. конф. «Экономическое, социальноеи культурное развитие Западного Казахстана: история и современность»,посвящ. 180-летию Оружейной палаты Букеевского ханства. Уральск 2008г. С. 287-288.
- М.М.Фартушина,Т.Е.Дарбаева. К вопросу изменения физических,физико-химических и химических свойств почв при орошении // Материалыдокладов межд. научн.-практ. конф. «Перспективные направления стабилизациии развития агропромышленного комплекса Казахстана в современныхусловиях», посвящ. 90-летию со дня образования Уральской с.-х. станции и 100-летию со дня рожденя Н.И. Башмакова Уральск. 2004г. С.203-209.
- Р.Е.Елешев, Ж.Е.Елемесов,Қ.М. Мухаметкәрімов. Топырақтану практикумы // Алматы 2006ж. 156 б.
- Н.Ш.Сулейменова,Ә.Ә.Әуезов, Қ.Н.Оразымбетова. Егіншілік практику-мы // Алматы. 2006ж. 227 б.
- Т.К.Салихов. Практикум по почвоведению. // Астана, Евразийскийнациональный университет имени Л.Н. Гумилева. 2009г. С.172.
- А.М.Мещеряков,Х.И.Рашидов,Г.И.Чернова. Эффективность предпосевного внесения азотных удобрений. // Хлопководство. №1. 1998г.С.135
- И..И.Мадраимов,П.В.Протасов,А.С.Султанов,Г.И.Яровенко. Применение удобрений под зяблевую пахоту // Сельское хозяйство Узбекистана. №11. 1996г. С201-205.
- М.А.Панков. Почвы Узбекской ССР. // Хлопководство. 1997г. С.306.
- М.А. Панков. Почвоведение. Изд. Укитувчи // Ташкент. 1997г. С.268-271.
- П.В. Протасов.Г.И.Яровенко. Питание хлопчатника в ранний период роста и развития // Селькое хозяйство Узбекистана. №2. 1999г. С.308-310.
- Н.Б.Протасов,Г.И. Кровенко.О формах азотных удобрений под хлопчатник при основной их внесении // Хлопководство. №6. 1995г. С.203-209.
- П.В.Протасов. Азот в хлопководстве Средней Азии // Ташкент. 1996г. С.186.
- Д.Н.Прянилников. Азот в жизни растений и земледелии т 1. 1998г. С.204-206.
- С.П.Сучков. Почвы хлопковых районов Узбекистана // Ташкент. 1997г. С. 303-305.
- Справочник по хлопководству // Изд. Узбекистан. Ташкент. 1999г. С.360-369.
- М.А Белоусов. Минеральное питание хлопчатника и его химический состав. Краткий справочник по применению удобрений // Ташкент. 2000г. С.136.
- Д.М.Гафуров. Азот при посевном внесении под хлопчатник. Сельское хозяйство // Узбекистана. №3. 1998г. С.127-129.
- М.И.Братчева,И.Н.Чумаченко.Агрохимические своиства почв // Монография Хлопчатник Ташкент. 1998г. С.256.
- Н.Ф.Беспалов. Особенности водопотребления и режима орошения культур хлопкового севооборота. Орашение хлопчатника и других культур хлопкового комплекса // Тр. СоюзНИХИ. Вып.34. Ташкент. 1997г. С.178.
- М.Камалов. Условия эффективного использования пахотных удобрений тонковолокнистым хлопчатником. Т2 // Душанбе 1996г. С.301-307.
- Еңбек қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан, 23. 02. 04.
- Өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан, 23. 03. 98.
- Г.В. Макаров и др. Охрана труда в хим. Промышленности // Химия,
1997г. 568с - В.Д.Линецкий, Ж.И. Пряников. Охрана труда и техника безопасности и пожарная профилактика на предприятиях хим.промышленности // М. Химия, 1996г. 440с.
- В.Л. Кушелев. Основы техники безопасности на предприятиях хим. Промышленности // М. Химия, 1997г. 232с.
- В.П.Кораблев. Электробезопасность на предприятиях хим. Промышленности // М. Химия, 1999г. 232с.
- В.М.Эльтерман. Вентиляция хим. производств // М. Химия, 1999г. 540с.
- Қоршаған ортаны қорғау туралы // Алматы, Казахстан 15. 06. 97.
- В.Г. Сахаев, Б.В. Щербицкий. Справочник по охране окружающей среды // Киев, Бидивельник 1996г. 35-42с.
- Концепция экологической безопасности республики Казахстан // Казахстанская правда от 10.12. 2007г. 7-8с.
- Ж.Ж. Жұмаев. Ауыл шаруашылығының кешенді дамуына жаңа бағыт // Алматы №11 2002г. 3-7с.
Жарияланған-2023-12-22 13:46:25 Қаралды-384
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы