МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………...
1 Аналитикалық бөлім ……………………………………………………
1.1 Қазақстанның оңтүстік өңірінде астық дақылын өсірудің ерекшеліктері……………………………………………………………....
1.2 Астық дақылдарына тыңайтқыштар қолданудың ғылыми негізі….
2 Тәжірибелік бөлім………………………………………………………..
2.1 Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа райының ерекшеліктері…….
2.2 Жер бедері……………………………………………………………...
2.3 Бидайдың «Интенсивная» сортын өсіруге бейімделген жерлердің топырақ сипаттамасы………………………………………………………
2.4 Тәжірибе нысаны және зерттеулердің әдістемелері………………..
2.5 Бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының далалық өнгіштігіне, түптенуіне және өсу ерекшелігіне әсері………………………………………………………………………...
2.6 Зерттеулер нәтижесінде себу мөлшері мен қоректендіру аясының бидайдың «Инстесивная» сортының өнім құрылымына әсері………………………………………………………………………...
2.7 Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнімділік деңгейі………………...
2.8 Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының технологиялық сапа көрсеткішіне әсері…………………………………………………………
2.9 Күздік бидайдың «Интенсивная» сортын жалдап-қыраттап өсіруде егіс алқабындағы арам шөптермен күресу жолдары…………..
2.10 Күздік бидай егісінде кеңінен кездесетін арам шөптер және олардың биологиялық ерекшеліктері……………………………………
3 Тіршілік қауіпсіздігі…………………………………………………….
3.1 Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі……………………………………………….
3.2 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы .......................................
3.3 Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар ……………….
3.4 Электр қауіпсіздігі…………………………………………………….
3.5 Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама…………….
3.6 Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі……………………...
4 Қоршаған ортаны қорғау……………………………………………….
4.1 Дипломдық жұмыста қауын шыбынына қарсы қолданылған инсектицидтердің қоршаған ортаға кері әсері…………………………..
4.2 Шаруашылықта табиғатты қорғау шаралары……………………….
5 Экономикалық бөлім.................................................................................
6 Бизнес жоспар...........................................................................................
Қорытынды………………………………………………………………...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………...
Кіріспе
Республикамыздың 2000-2015 жылдар ішіндегі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында атап көрсетілгендей, егін шығымдылығын арттыру мақсатында жоғары өнімді әрі сапалы сорттарды пайдаланып, егіншілікте озық технологияны кеңінен қолдану және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген агротехникалық әдістер жүйесін енгізу астық өндірісінің тиімділігін көтерудегі басты шарттар болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет -халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық -түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, ал мал шаруашылығын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күн талабына сай әр аймақтың өзіне тән топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің аймақтық технологиясын немесе жетілдірілген жеке агротехникалық тәсілдерді енгізу айтылған мәселені шешудегі апғашқы қадамдардың бірінен саналады.
Оңтүстік Қазақстанда күздік бидай астықты дақылдардың ішіндегі негізгі дақыл. Егіс көлемі соңғы жылдары 200 мың гектардың төңірегінде қалыптасып, өнімділігі 8,2-21,3 ц/га ауытқып келеді. Бұл көрсеткіш өте төмен. ҚаҚазіргі кезде аудандастырылған сорттардың потенциалдық өнімділігі тәлімі жерлерде 40-45 ц/га, ал суармалы егісте 90-100 ц/га жетеді. Демек, бүгінгі таңда шаруа қожалықтарындағы өнімділік потенциалдық өнімділіктің 20-30 пайызын ғана құрайды.
Өнімділіктің төмен болуының басты себебі шаруа қожалықтарында әр түрлі себептерге байланысты күздік бидайды өсірудің агротехнологиялық жүйесі өрескел бұзылған. Әр түрлі себептермен орындалатын агротехникалық іс-шаралар уақытында орындалмайды, ал орындалған жағдайда сапасыз атқарылады. Басты себеп шаруа қожалықтың иелерінің жаңа агротехнологиялық жүйеден хабарсыз немесе маман болмағандықтан мән берілмей келеді. Озық тәжірибе мен ғылыми нәтижелерге сүйенсек, әр гектардан 60-70 ц/га алуға болатыны дәлелденген.
Облыс көлемінде соңғы жылдары күздік бидайдың Красноводопад 210, Стекловидная 24 сорттары тәлімі жерлерде, ал Интенсивті, Алмалы, Жетысу, Октябрина 70, Южный 12 суармалы жерлерге егуге ұсынылған.
Соңғы жылдары шет мемлекеттерде астықты дақылдарды егудің үнемді агротехнологиялық жүйесін өндіріске ұсынып кеңінен егіліп келеді. Нарықтық экономиканы елімізге ендіргелі барынша шығынды аз жұмсап бәсәкеге қабілетті өнім алу, ауыл шаруашылығындағы қалыптасқан ортаның ең басты мақсаты болып отыр. Яғни, шаруа қожалықтары жаңа тиімді технологияны ендіріп, астық дақылдарының өнімділігін арттыруы бүгінгі күн талабы.
Зерттеу жұмыстары Агроөнеркәсіп факультетінің «Агротехнология» кафедрасына қарасты тәжірибе алаңшасында жүргізілді. Алғаш рет күздік бидайдың «Интенсивті» сортын жалдап-қыраттап егу технологиясын жетілдіріп, себу мөлшерін азайтып, минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру зерттеліп тұжырымдама жасалынды.
Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты суармалы егіншілік жағдайында күздік бидайды жалдап-қыратқа егу кезінде себу мөлшері және үстеп қоректендіру мақсатталынған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін суармалы жерге өсіру бағытында аудандастырылған «Интенсивті» сорты егілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алғаш рет күздік бидайдың «Интенсивті» сортын суармалы жерлерде жалдап-қыратта өсіру технологиясын қолданылып себу мөлшері мен үстеп қоректендірудің өнім құрылымына әсері байқалды.
Бұл мәселені жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:
-күздік бидайдың «Интенсивті» сортын өсіруде дақылының өнімділігін арттыруға бағытталған себу мөлшері мен үстеп қоректендіру туралы тұжырымдамалар жасау;
- себу мөлері мен қоректену аясы байланысты күздік бидайдың «Интенсивті» сортының өнімін қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу.
- үстеп қоректендіруде күздік бидайдың «Интенсивті» сортының өнімділігін оңтайландыратын факторларды анықтау;
- бидай өнімділігі мен оны құрайтын элементтердің қоректену аясы мен тұқым себу мөлшеріне тәуелділігін зерттеу;
- күздік бидайдың «Интенсивті» сортын өсірудің зерттелген агротехникалық тәсілдерін экономикалық тұрғыда бағалау.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
- бидайдың «Интенсивті» сортын өсіруде өсімдік жиілігі мен үстеп қоректендірудің дақылдың тұрақты өнім қалыптастыру ерекшеліктеріне әсері.
Практикалық маңызы. Ауыл шаруашылық дақылдар ішінде ең негізгісінің бірі – бидай дақылы болып табылады. Іс-тәжірибе барысында көрсеткен нәтижелер бойынша бидайдың «Интенсивті» сортынан жоғарғы өнім алуда қолайлылығы анықталды. Бұл сорттың ерекщелігі көктемде де күзде де егіп жақсы өнім алуға болады.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Қазақстанның оңтүстік өңірінде астық дақылын өсірудің ерекшеліктері
Қазақстанда астық өсіру және өндіру ауыл шаруашылығының басты бағыты. Соңғы жылдары астықты дақылдардың егіс көлемі 12 млн. Гектар төңірегінде қалыптасып 12-17 млн. Тонна астық жиылып келеді.
«Интенсивная» - Сорты факультативті бидай түріне жатады. Интенсивная сортын Кыргыздың егіншілік ҒЗИ «Безостая-1» х «Казахстанская-126» сорттарын іштей будандастыру тәсілімен шығарған.
Әртүрлілігі: ферругинеум. Күзде және көктемде себуге болады (Двуручка).
Масағы өстіленген, қызыл түсті, түксіз, цилиндр пішінді, орташа тығыз, ұзындығы 10-12 см. Дәні қызыл түсті, стеклотәрізді. 1000 дәннің салмағы - 38-45 г, сабағының ұзындығы 90-110 см, жатуға төзімді.
Ерте пісетін сорт, даму кезеңі - 104-114 күн көктемгі себуде, ал 245-250 күн – күзгі себуде. Бұл сорт жергілікті кездесетін сары, сабақ және қоңыр тат аурулары мен қатты, тозаңды және ақ ұнтақ ауруларына төзімді [1].
Дән өнімділігі 34,2-58,2 ц/га. Суармалы егіншілікте потенциальды өнімділігі - 100 ц/га күзгі себуде, 80 ц/га көктемгі себуде, тәлімі жердегі сүрі танапта - 70 ц/га өнім береді. Дәні нан бұйымдарын жасаудағы сапасы өте жоғары.
1978 жылдан бастап Қырғызстанда егілген, ал 1981 жылдан бері – Өзбекстанда себіледі. 1987 жылдан бастап – ОҚО өсірілуде.
Академик И.И.Синягинның тұжырымдамасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірген кезде оңтайлы түп санын қалыптастыру басты агротехникалық шара. Демек, оңтайлы қоректендіру алаңын анықтау себу нормасына гектарына егілетін дән санына тікелей байланысты /3/. Алматы облысында жүргізілген зерттеу нәтижесінде суармалы күздік бидайдан жоғары өнім алу үшін гектарына 300-400 кг/га тұқым немесе 70-10 млн. өнгіш дән себу керектігін ұсынады.
В.П.Кириченко, Г.П.Фисенко суармалы жерлерде күздік бидайды егу мөлшерін 6-7 млн/га жеткізу тиімді екенін дәлелдейді.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша күздік бидайдың себу норма 3-10 млн. шт/га төңірегінде себілгенде өнімділік көрсеткіші көп ауытқымай бір деңгейде болатынын анықтаған И.Ефимов, Е.Величко/5/, И.Ефимов, С.Вертий, К.А.Асанов, М.И.Исаков.
Күздік бидайды жалдап- кыратқа еккенде себу мөлшерінің 1.5-3.5 млн. өнгіш дән еккенде өнімділіктің жоғары болатынын Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары зерттеп анықтаған Оспанбаев Ж. және т.б. /8/. Демек күздік бидайдан жоғары сапалы өнім алу үшін және өндірісте шығынды аз жұмсап бәсәкелестікке сай өнім сапалы дән өндіру үшін агротехниканы жетілдіріп отыру және аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты себу нормасы мен тыңайтқыштарды топыраққа ендіру тәселдемесін зерттеу ғылымның басым бағытына ие тақырып екендігі анық.
Осы жағдайды ескере отырып күздік бидайды жаңа агротехнологиясын зерттеп тиімді өсіру жүйесін өндіріске ұсыну үшін осы дипломдық жұмысты жүргіздік.
1.2 Астық дақылдарына тыңайтқыштар қолданудың ғылыми негізі
Қазіргі нарық экономикасы кезінде егіншілік танапта топырақ құнарлылығын арттырып, жаңа технология негізінде жүргізу қажет. Бұл жаңа технология өсімдіктердің тіршілік кезеңінде топырақты жеткілікті деңгейде минералды және органикалық заттармен қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштардың орнын алмастыратын микробиологиялық активті биотыңайтқыштар дайындап қолдануға негізделеді.
Минералды тыңайтқыштардың топырақ пен ондағы микроорганизмдер популяциясымен байланысы тек егіншілік қана емес, қоршаған ортаны қорғау және агроэкологияның да алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Өйткені бұл дақылдардың минералды (N, P) заттармен қоректену жағынан да топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап қалу тұрғысынан алғанда да аса қажетті фактор. Мұның басты себебі агроценоздардың өнімділігін көтерудегі, топырақ құнарлығын сақтап қалудағы және атмосферадағы ең маңызды процесстердің жүруіндегі азоттың атқаратын зор мәнінде жатыр [2].
Р.Қ.Жапаев, Ж.О.Оспанбаев пікірлерінше тыңайтқыштардың тиімділігі күрделі кешенді жағдайлармен белгілі болады: олар топырақ құнарлылығы, ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері, агротехника тәсілдері, қолданылған тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасы, сондай–ақ табиғи және ауа-райы жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Тыңайтқыш қолдану жүйесі құрғақ егіншілік жағдайында ерекше маңызға ие, өйткені ылғал кем жерлерде топырақтағы ылғал қорының тиімді пайдалануына тыңайтқыштардың оң әсері зор.
Су -өсімдік өміріндегі негізгі факторлардың бірі. Ол тұқымның көктеп шығатын кезінде, өсімдік тіршілігінің алғашқы күнінен бастап, өсіп-дамуының барлық кезеңдеріне қажет. Топырақтың ылғал сиымдылығы механикалық құрамына, қарашірік мөлшеріне және қалыптасуына байланысты болады, сонымен қатар күздік бидайдың сумен қамтамасыз етілуі олардың агротехникалық шаралар жиынтығына тәуелді .
Ылғалдың кіріс бөлігі оның көктемгі ылғал қорынан және маусым (вегетация) кезіндегі жауын-шашыннан тұрады, ал негізгі шығын бөлігі –булану мен транспирация. Ылғал қорының ең көбі көктемде жиналады, яғни дәнді дақылдардың дамып жетілуі үшін көктемгі жауын-шашынның маңызы зор [3].
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде өндіріске қарқынды, экономикалық тиімді технологияны енгізу астық өндіруді арттырудың қайнар көзі болып табылады. Соның ішінде бидай – бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігіне жатады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Қазіргі таңда Қазақстанда бірінші рет әрі қарқынды, әрі тиімді жалдап себу тәсілі қолданылуда. Дәстүрлі технологиямен салыстырғанда егу мөлшерін 2-2,5есе төмендетеді, суару мерзіміне кететін судың мөлшерін 20-30% үнемдейді, түрлі агротехникалық шараларды, қатар аралық өңдеу жұмыстарын жүргізуде, арамшөптермен күресуде, тыңайтқыш енгізуде тиімділігі жоғары. Күздік бидайдан мол өнім алуда себу мерзімі өте маңызды роль атқарады. Дәнді дақылдар егістігінде мол өнім құрылуының негізі –танаптағы өсімдіктер мен масақтағы сабақтар саны, түптенуі, масақтағы дәндер саны және олардың салмағы қоректендіруге тікелей байланысты болады. Масақ өнімділігіне сәйкес дән өнімі де артады [4].
М.А.Егоров топырақтың жоғарғы қабатындағы фосфордың көп болуын олардың төменгі қабаттардан жылжуына себеп болатын өсімдік тіршілігімен түсіндіреді, себілетін дақылдардың жоғары және тұрақты өнімін алу үшін топырақта қоректік заттардың резервті қорын жасау қажет. Бұл, әсіресе жуылып кетпейтін және ұзақ уақыт өзінің тұрақты әсерін сақтайтын фосфор элементіне тиісті екендігін айтады.
Зерттеу нәтижелерінде фосфор аясында азот тыңайтқыштарын енгізу мерзімі, мөлшері және тәсілдерінің өнім құрылымына әсері берілген. Сөйтіп бір масақтағы дән санының құралуы, біріншіден, азотпен қоректену жағдайына әсер етеді. Сонымен қатар тыңайтқыштардың тиімділігін төмендетпеу үшін мезгілінде енгізу, яғни өсімдіктің қоректік затқа сұранысы артқан мерзімінде енгізу қажет, одан кейін азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру масақтағы дән санын көбейтеді және масақтану кезеңінде дәннің дұрыс толысып пісуіне, 1000 дән салмағының ұлғаюы нәтижесінде өнімділіктің артуына мүмкіндік береді [5].
Дәнді дақылдар басқа да тірі ағзалар сияқты өзінің вегетациялық дәуірі кезеңінде әр түрлі даму сатыларынан өтеді. Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің басты көрсеткіштерінің бірі -өсімдіктер вегетациясы кезеңінде түзілетін құрғақ заттар. Мұның өзі өсімдіктерде өтетін әр түрлі физиологиялық процесстерге (фотосинтез, өсімдіктердің тыныс алуы, көмірсутектер мен ақуыздардың алмасуы) байланысты болады. Өсімдіктердің жеке кезеңдері кезінде құрғақ заттардың түзілуіне тыңайтқыштар жоғары әсер ететіні белгілі [6].
Тыңайтқыштарды қолдану кезінде өсімдіктердегі құрғақ заттар салмағының артуы түптенуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сонымен қатар өсімдіктің құрғақ затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа-райына (жауын-шашын мөлшеріне) байланысты болады.
Күздік бидай құрғақ затты жинақтаған кезде азотты тез сіңіреді. Күздік бидайдың түптену дәуірі мен дәннің толық пісуіне дейін азотпен жақсы қамтамасыз етілуі оның өнімділігін көбейтеді. Бидай сабақтанудан бастап масақтану дәуіріне дейін азот сіңіруі кемиді. Вегетацияның соңында ол өсімдікте 50% дейін кемуі мүмкін, ал ескі жапырақтардағы калийдің төмендеуі жаңбырмен шайылу әсерінен болады [7].
Ғылыми –зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша, күздік бидайды суармалы жерлерде тыңайтқыш қолданбай өсірсе, онда бұл дақыл дәндерінің құрамындағы ақуыз бен клейковинаның мөлшері азайып, нанның сапасы және өнімділігі төмендейді.
Жаздық бидай егісін гибберсибпен өңдегенде берілген тыңайтқыштар мөлшеріне қарай дақылдың түптенуі, өнімді (масақты) сабақтардың саны артып, әрбір сабақтағы жапырақ көлемі, әсіресе жоғарғы үш жапырақтың көлемі ұлғаяды [8].
Тек фосфор тыңайтқышы Р90кг/га ә.е.з берілгенде немесе тыңайтқыш берілмеген (бақылау) нұсқаларда егістікті гибберсиб өсу реттегішімен өңдегенде қосымша өнім алынған жоқ. Азот тыңайтқышы мөлшері көбейтілген (N120P90кг/га ә.е.з) және бөлшектеп берілген (N90P90+ N30P30кг/га ә.е.з) нұсқаларындағы егістікті гибберсиб өсу реттегішімен өңдегенде ең жоғарғы дән өнімі алынып, қосымша өнім 3,3-3,7 ц/га болды. Сонымен, дағдарысты Арал өңірі жағдайында күріш ауыспалы егісіндегі топырағы тұздалған танаптарда өсірілген жаздық бидай егісін гибберсиб өсу реттегішімен өңдегенде ең жоғары дән өнімі (31,4-36,2 ц/га) егістікке тыңайтқыштар қолайлы мөлшерде берілгенде алынды. Яғни, гибберсиб өсу реттегіші тыңайтқыштардың оң әсерін күшейте түседі. Жаздық бидай өніміне гибберсибтің және тыңайтқыштар мөлшеріне әсері.
Қазіргі таңда Павлодар АШҒЗИ ғалымдары АТМ-4 (Аспалы тарақтаушы модель) тарақтаушы қондырғының көмегімен орылған егістік және дәнді дақылдар сабағының негізінде күзгі-қысқы және көктемгі жауын-шашыннан ылғал қорын жинайтын энергия үнемдейтін, табиғи жағдайды имитациялайтын жаңа технологияны ойлап тапты және өндіріске енгізді [9].
Дәнді дақылдарды жинау бұл жағдайда дәннің толық піскен кезеңінде өсімдік тамырында тұрған кезде дәндік бөлігін тарап алу арқылы жүргізіледі. Таралған өсімдік түбірлері тік күйінде қалып және жасалған түр биіктігін 93-97 пайызға сақтайды. Осы жағдайда, күзде қалдырылған аңыздық топырақ қабатын эрозиядан берік сақтайды, ал қыс кезінде, алғашқы қар жауғаннан бастап, егістікте желдің қай бағытта соққанына қарамастан, белгілі механикаландырылған қар тоқтатушысыз-ақ қар тоқтатылады. Егістіктен қар бұл жағдайда мүлдем жоғалмайды. Көктемде қар кеткен соң аңыздық топырақ қабатын жел және су эрозиясынан, топырақ бетіне тура түскен күн сәулесінен, үлкен жаңбыр тамшыларынан және физикалық буланудан жақсы сақтайды [10].
Сонымен бірге егістіктерде табиғи процесстер имитациясын жасауға табиғи органикалық зат алмасуына үлкен мүмкіндіктер бар. Егіс алқаптарында ылғал жинаушы ретінде еріген қар суларын тиімді пайдаланып, осындай тәсілді құрғақшылықты болдырмауға қарсы күресте қолданылып және топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға себепші ретінде қаралуы қажет [11].
Қазіргі ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары коэффицентті топырақты қорғау және энергия қорын үнемдеуші технологиялар: топырақты жеңіл өңдеу, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану ең жоғарғы көрсеткіштерді иеленеді. Солтүстік Кубан тәжірибе бекетінде ұзақ уақыт (1974-2003 жж.) жүргізілген тәжірибеде топырақтың агрофизикалық және агрохимия-лық қасиетттеріне байланысты топырақты негізгі өңдеу жүйесі және органоминералдық тыңайтқыштардың әсері мен бірге егістіктің ластануы және өсірілген дақылдың өнімділігі қарастырылды. Зерттеу алты танапты астықты отамалы егістікте дақылдар қатары күздік бидай-жүгері -күздік бидай -күздік бидай -күнбағыс -күздік бидай, қоректік ая ортасы N95P50K45 мөлшерінде жүргізілді [12].
Арпамен жасалған тәжірибе егін түсімі өңдеу түріне емес, тыңайтқышқа байланысты екені анықталды. Тыңайтқыш бермей жыртылған жерде ол 40,3- нөлдік өңдеуде 27,1 ц/га, 56 кг/га азот берген кезде тиісінше 45,1 және 42,9 ц/га, 84 кг/га азот бергенде 53,9 және 51,0; 112 кг/га берген кезде 50,7 және 55,5 ц/га-га артқан. Азот мөлшерінің артуымен нөлдік өңдеудің тиімділігі де артқан. Азотты тыңайтқыштың топырақты жеңіл өңдеудегі пайдалы әсері биологиялық белсенділік төмендеуі мен нитраттар жиналуымен түсіндіріледі [13].
Р.Е.Елешев, А.Бекмағанбетов мәліметтері бойынша ауыспалы егіс жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық дақылдар үшін бірдей болмайды. Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің 3 тәсілі бар: 1-негізгі тыңайту, 2-тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп қоректендіру. Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл вегетациялық кезеңінде қоректік элементпен қамтамасыз ету.
Азот тыңайтқыштарын қолдану мейлінше тиянақты зерттелген, яғни көптеген зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына оң әсері анықталған [14].
Суармалы жағдайда күздік бидайға тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру Н.К.Болдырев пен А.М.Белоусовтың тәжірибелері көрсеткендей, құрғақ биомассаның түзілуі 180-190 ц/га жеткізді, ал 240 кг/га азот енгізу кезеңінде егістіктің жығылуы орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кг/га, фосфор Р90-120 кг/га мөлшермен беру кезінде өнімнің қарқынды өсуі байқалмады. Оңтайлы тыңайтқыш беру әр гектарға N180 Р90 кг/га екені анықталды.
Көңді 90т/га және N60Р90К90 тыңайтқыштарын қолдану күздік бидай өнімділігін 1,5-3,2 ц/га арттырды.
Өсімдіктің бастапқы өсу кезеңінде фосформен толықтай қамтамасыз етілуі-оның қарқынды өсуіне, соның әсерінен жоғары өнім алуға мүмкіндік туғызады.
Тыңайтқыш енгізу арқылы өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартуға, фотосинтез қызметін арттыруға, жоғары өнім жинауға жол ашылады [15].
А.А.Гапиенко мәліметі бойынша қара топырақты Қырым облысы жағдайында азот және фосфор тыңайтқышын егістікке біркелкі шашып беру, әрбір қатарға беруге қарағанда тиімді, бұл жағдайда еңбек өнімділігі артады.
Азот және фосфор тыңайтқышын топырақты әртүрлі өңдеу нұсқаларына берген кезде, ең қолайлы тәсіл негізгі өңдеу алдында N120Р60 беру болып табылады. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының пайдалану кезінде оларды бағалаудың негізгі көрсеткіші әр гектардан алынған өнім екендігі белгілі. Ғылымның дамуына, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуге байланысты дәнді дақылдардың бағалануы жалғыз түсім мөлшерімен қоса, оның сапа көрсеткішімен де анықталуы қажет. Орманды сұр топырақ жағдайында жүргізілген тәжірибеде тыңайтқыш қолданудың жоғары тиімділігі егісті себер алдында N70Р120К120, ерте көктемде өсімдік көктегенге дейін N100кг/га және өсімдік масақтану кезеңінде - N30кг/га енгізгенде алынды. Қосымша өнім 20,8-16,5 ц/га құрады.
Тыңайтқыштардың тиімділігі топырақта табиғи қалыптасқан құндылығына, жаңа сорттарға, себу мерзіміне, себу тәсіліне тыңайтқыштардың мөлшеріне, тағы көптеген факторларға байланысты. Қазақстанның ғалымдары жұмыстарында күздік бидайдан 30-35 ц/га дән алу үшін және осы мөлшерге байланысты сабанды қоса есептегенде, 108 кг азот, 30 кг фосфор (Р2О5) және 168 кг/га (К2О), ал 55-60 ц/га өнімге тиісінше 205-215 кг/га азот; 60-65 кг/га фосфор; 235-250 кг/га калий жұмсалды.
Күздік бидайға қолданылған минералды тыңайтқыштар, оның тек өнімін жоғарылатып қана қоймай, олардың сапа көрсеткіштерінің өзгеруіне де әсерін тигізеді.
Азот тыңайтқыштары өнімділікті және дән құрамындағы жалпы азоттың мөлшерін жоғарылатады және өсімдіктің өсіп-дамуы өте қарқынды жүреді.
Ашық қара қоңыр топырақта өсірілген күздік бидайға тыңайтқыштардың N120Р60-120 мөлшерлерін қолданғанда, дәндегі ақуыз мөлшері 12,0-14,0 пайыздан 15,1-15,9 пайызға, шикі ұлпа 26,2-33,7 ден 34,5-42,1 пайызға артқан.
Өсімдікті өсуінің алғашқы кезеңдерінде фосфордың көп мөлшерде болуы бидайдың тамыр жүйесінің жақсы өсуіне әсерін тигізеді. Күздік бидай кұрғақ затты жинақтаған кезде азотты қарқынды түрде сіңіреді. Күздік бидайдың түптену кезеңімен дәннің толық пісуіне дейін азотпен жақсы қамтамасыз етілуі оның өнімділігін көбейтеді [16].
Топырақтағы фосфор қорегін оңтайландыру сіңірілетін тыңайтқыш түрлеріне, ертіндіде болатын қосылу және айналу процестерінің бағытына гікелей тәуелді. Жер қыртысындағы фосфордың табиғи қоры, кескіндер бойынша бөлінуі оның топырақ түзуші жыныстардағы мөлшерімен анықталады. Мәселен, сұр топырақтан басталып қара топыраққа дейін, яғни шіріндінің мөлшері мсн қалыңдық қабаты ұлғайған сайын ондағы жалпы фосфордың шамасы да өсе түседі. Бірақ аталған көрсеткіштің сандық мәні топырақтың генетикалық ерекшеліктеріне, оның механикалық, минералдық және химиялық құрамына сәйкес айтарлықтай мағынада ауытқып отырады [17].
Е.Т.Муражанов мәліметтеріне қарағанда қоңыр құмдақ топырақтарда азот-фосфор тыңайтқышының қайырымдылығы жоғары. Зерттеу нәтижесі бойынша топыраққа N30 енгізгенде арпаның қосымша өнімі 0,6 центнерге, Р40-0,5 ц, ал N30P40 мөлшерін қоса пайдаланғанда -1,4 центнерге артқан.
Ж.І.Қожабаев мәліметі бойынша Р15 кг/га әсер етуші заты бар суперфосфатты арпамен себерде бірге енгізу егіннің шығымдылығын жақсартып, тұқымның егістік өнгіштік сапасын 5-7 пайызға, өнімін 15-20 пайызға арттырады. Сұр топырақты тәлімі аймақта арпа өсірудің тиімділігін арттыру үшін сүрі танапты ауыспалы егісте тыңайтқышты бір рет енгізуді ұсынады.
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және қоректік элементтердің шығарылуы топырақтың құнарлылығы мен тыңайтқыштардың енғізілуіне байланысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі аймағында тыңайтқышты N60Р60 мөлшерінде енгізгенде арпаның өнімділігі гектарына 49,9-54,5 центнерге жетіп, бақылау егісімен салыстырғанда түсім 7,6-10,3 ц/га көбейді. Ылғалды жылдары тек азот тыңайтқышы өсімдіктің жатып қалуына әсерін тигізгенімен, өнімділігін төмендетпейді [18].
Қазақстан егіншілігі минералды тыңайтқыштар мен өсімдік қорғаудың химиялық заттарын қолдану жөнінен дамыған Батыс Европа елдерінің деңгейіне әлі жете қойған жоқ. Сөйте тұрса да химиялық заттарды бір жақты және есепсіз қолданудың келтіретін зиянынын алдын алу шараларын дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор. Топырақ құнарлылығын және өсірілетін дақыл өнімділігін арттыру үшін барлық биологиялық заттарды қазірден бастап қолдана бастау керек. "Өндірістің және минералды тыңайтқыштар қолданудың өсуіне байланысты басты тыңайтқыш ретінде көңнің ролі кемиді деу үлкен қателік болар еді, - деп жазды Д.Н.Прянишников. Керісінше, химияландыру кең тараған сайын көңнің мәні одан әрі арта береді... Көңді пайдаланғанда топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар көбейеді. Осы заттардың үш түрлі көзі: минералды тыңайтқыштар, бұршақ тұқымдас өсімдіктер және көңді үйлесімді қолдану өнім мен топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік береді».
Органикалық тыңайтқыштардан жоғары қайтарым алудың маңызы топырақ өңдеудің қайырмасыз сыдыра жырту тәсілінің кеңінен қолданылуына байланысты арта түседі. Жалпы қабылданған технология бойынша көң енгізудің дәстүрлі тәсілі оны топыраққа терең сіңіру болып табылады. Әдетте, көң терең жыртылған судігерге енгізіледі. С.С.Сдобников зерттеулері бойынша көңді жыртылатын қабаттың (20-30 см) төменгі бөлігіне жоғары мөлшерде терең сіңіру алты жыл бойы қосымша өнім алуға мүмкіндік береді, ал әдеттегідей сіңірілгенде қосымша өнім не бары екі-ақ жыл алынады. Және бірдей нәтиже алуға көң екі есе аз жұмсалады. Оның көп бөлігі қарашіріндіге айналады. Бұл тәсілдің тиімділігіне Украин Полесьесі топырағында да көз жетті [19,20].
Әдебиетке шолу барысында көптеген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты және өсірілетін дақылдың биологиялық өзгешелігін ескере отырып, тиімді агротехнологиялық жүйені жасақтау бүгінгі нарықтық бәсекелестік жағдайда басым бағытқа ие екенін байқадық. Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде күздік бидайдың «Интенсивті» сортын жаңа агротехнологиялық жүйемен өсірудің үлгісін жасақтау осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа райының ерекшеліктері
Көп жылдық мөлшермен салыстырғанда 2011-2013 жылдар ішінде температуралық режим, жауын-шашын көлемі және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бойынша едәуір айырмашылықтар байқалды. Дегенмен тәлімі жердегі жаздық арпаның бірқалыпты өсіп-дамуы мен өнімінің ойдағыдай қалыптасуына оның өсу кезеңіндегі (сәуір-маусым айлары) метеорологиялық элементтердің ағымы үлкен әсер етеді (кесте 1).
Кесте 1 - Метеостанция мәліметтері бойынша бидайдың өсу кезеңіндегі климат көрсеткіштері
Жылдар |
Ауа температурасы,°С |
Жауын-шашын мөлшері,мм |
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,% |
||||||
|
IV |
V |
VI |
IV |
V |
VI |
IV |
V |
VI |
Көп жылдық |
10,6 |
17,0 |
22,6 |
25 |
30 |
22 |
59 |
52 |
46 |
2011 |
11,8 |
15,3 |
23,5 |
43,0 |
138,0 |
80,5 |
63 |
56 |
54 |
2012 |
12,1 |
16,0 |
21,2 |
38,3 |
47,7 |
60,0 |
64 |
56 |
53 |
2013 |
11,6 |
20,0 |
24,0 |
25,0 |
31,5 |
11,5 |
59 |
49 |
50 |
Атап айтар болсақ, осы мерзім аралығындағы ауа температурасының мәні жекелеген 2011-2013 құрғақшылық жылдары үйлесімді мөлшерден айтарлықтай басым. Тәлімі аймақта қуаңшылық әдетте көп жағдайда маусым айында байқалып, ол кезде ауаның орташа температурасы 25-26 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан да осы айдағы темлература шамасы жоғарыда көрсетілген құрғақшылық жылдары қалыпты мөлшерден 1,4-2,0 градусқа артық болуы кездейсоқтық емес.
Жалпы алғанда, жазғы мезгілдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығының күрт төмендеуі - құрғақшылықтың алғашқы нышаның білдіретін, табиғатта жиі кездесетін заңды құбылыс. Мәселен, бұл көрсеткіштін маусым айындағы көп жылдық мәні 46 пайызға тең болса, ал қуаңшылық байқалған жылдары ол 39-29 пайызға дейін төмендеген [21].
Зерттеу жүргізілген жылдары жауған жауын-шашын көлемі мен оның маусым бойынша бөлінуінде де біршама ауытқушылық бар. Арпаның өсу кезеңіндегі ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарап, 2012 жылды өте қолайлы деп есептеуге болады. Көп жылдық мөлшердегі 77 мм орнына 133,8 мм жауын жауып, егістіктің ылғалмен жабдықталуы да біркелкі жақсы жағдайда өтті.
2011-2013 жылдар аралығы жалпы ауыл шаруашылығы жылы бойынша да, көктемгі-жазғы кезеңнің ылғалдылығына да қарай жауын-шашынның жетімсіздігімен ерекшеленді. Тек қана аса құрғақ 2010-жылды жеке атап өткен жөн, өйткені осы ауыл шаруашылығы жылында мөлшердегі 221 мм орнына небары 125 мм жауын-шашын түссе, ал арпаның өсу кезеңінде бұл көрсеткіш тиісінше 84 және 26 мм құрады. Нәтижесінде ауа райының тым қолайсыздығынан тәлімі аймаққа себілген дәнді дақылдардың егіс көлемінің бірқатар бөлігі жұмсалғап шығынды ақтай алмады.
Ылғалдылығы жағынан 2011- 2013 жылдарды орташа деңгейлі топқа жатқыздық. Әсіресе, 2011 ауыл шаруашылығы жылы 300 мм жауын-шашын түсіп, оның маусым бойынша бөлінуі де сәтті қалыптасты. Мәселен, осы жылдың маусым айында көп жылдық мөлшердегі 22 мм орнына 50,9 мм жауын жауып, зерттелген жылдардағы арпаның ең жоғары өніміне қол жетісті.
2011-2013 жылдардың алғашқы және соңғы жылдары қуаңшылық жағдайда, 2011-2013 жылдар жауын-шашынды, ал 2005-жыл орташа қалыпта өтті. Ақырғы 2012 жылы аса қуаңшылықта өткен соңғы жылдан басқа ылғалдың тапшылығы байқалған жоқ, яғни ауа-райы өзгерістері тәлімі жерлерге тән деңгейде қалыптасты деуге толық негіз қаланды.
Жоғарыда баяндалған ауа-райы сипаттамасынан кейін мынадай тұжырымды айта кетуіміз тиіс: тәлімі аймақтағы өсірілетін жергілікті дақылдардың тұрақты өнімін алуға айтарлықтай қиыншылықтар тудыратын климат ерекшеліктеріне жауын-шашынның жетімсіздігі, сондай-ақ ауаның құрғақтығы мен жазғы мезгілдегі температураның шектен тыс жоғарылығы жатады. Оның үстіне жауатын жауын-шашынның негізгі бөлігі дәнді дақылдардың дамуының бастапқы кезеңіне сай келеді де, екінші жартысында температура күрт көтеріліп, ылғалдың жетіспеушілігі айқын аңғарылады. Дәл осы тұста ауа-райының күрделі құбылыстары орнығып, қоршаған ортада термиялық және гидрологиялық факторлардың арасындағы сәйкессіздікке еріксіз жол беріледі. Табиғаттың тәлімі жердегі мұндай келеңсіз көріністері өз кезегінде мәдени дақылдардың өнімі мен сапасына кері әсер етері сөзсіз.
ОҚО топырақ ерекшелігі, жауын-шашын мөлшері, температуралық ерекшеліктері және мәні. Тәжірибе жүргізу арқылы яғни, Оңтүстік Қазақстан облысының 2012-2013 жж. жүргізілуі бойынша, ауданның климаты, топырағы, рельефі, жауын-шашын күздік бидайды өсіруге өте қолайлы. Ауданның климат жағдайы тым алуан. Климат ерекшелігі – сенсоляция мен жылу ресурстарының молшылығы. Аймақтың климаты ыстық жазының ұзақтығымен, қысының біршама қысқалығымен сипатталады. 100С-ден жоғары жылы температуралардың жиынтығы 3200-42000 аралығында ауытқиды. Теңіз деңгейінен биіктігіне, рельефіне және беткейлердің экспозициясына қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы үлкен шекте – 400 миллиметрден 900 миллиметрге дейін ауытқиды. 100С-ден жоғары температуралы кезеңде жауын-шашын 130-250 миллиметр мөлшерінде болады. Тау бөктелерінде 400-700 миллиметр және одан да көп. Алайда жауын-шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80-100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 миллиметрге дейін жетеді, таулы аудандардағы жауышн-шашын тиісінше 300-500 миллиметрден 1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. Жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезең бар: ол – көктем мен күз. Жауын-шашынның ең көп болатын кезі – наурыз бен сәуір, ең аз (5-7%) болатын кезі – жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы – көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80% болады. Суықсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 185-200 күн.
Аймақтың топырағы сазды тегіс жазықтардың үстінгі беті алуан түрлі сұр топырақпен бүктелген. Олардың ең жақсысы – ашық түсті сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақтың айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтықтүрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақыры шалғынның топырағы. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғарғы жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын рельефті, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағегіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын рельефті, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр [22,23].
Мерзімінде және жоғары сапада өңделген топырақ күздік дақылдардан жоғары өнім алудың бірден-бір дұрыс жолы. Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты қөңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады [24].
Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналармен өңдегіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп аталады.
Топырақты өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ендіруге, көпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арам шөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, әрі тұншықтырады.
Егіншіліктің ұзақ жылғыц тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түріне бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруі әсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді. Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды жинауға болады. Арам шөптермен күресуде топырақты өңдеудің роліне баға жетпейді. Танапқа себілетін тұқымдық дән топырақтағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және толысып өсетіндей етіп өңдеу қажет [25].
Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ өңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан құнарлығы тқмендеген топырақтарға да егін егудің қажеттілігінен туып отыр.
Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
1. Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына ыңғайлы біркелкі майда түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
2. Арам шөптерді жою.
3. Танап топырағына органикалық, минералды тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4. Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топыағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.
6.Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдамайтын зиянкестермен ауру қоздырғыштарды жою.
7.Танап топырағына ғылыми негізделген тереңдігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
8. Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
Топырақ өңдеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын аудару,араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, аарам шөп тамырларын қырқу, оларды топырақ бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.
Күздік бидайды негізінде еліміздің құрғақшылық аймақтарында жақсы тыңайтылған таза пардан немесе ықтырмалы пардан кейін себеді. Қара парды өңдеу алғы дақыл орылғаннан кейін аңызды сыдырата жыртумен басталады. Аз жылдық арам шөппен ластанған танапты 5-7 см тереңдікте, ал тамыр сабақты 10-12 см-ге өңдейді. Арам шөп қайтадан өскеннен кейін топырақты толық тереңдікке (22-25 см) шолақ түренді соқамен жыртады. Көктемде парды ылғал сақтау үшін тырмалайды, одан кейін жаз уақытында бірнеше рет арам шөптің шығуына қарай культиватормен қайталап өңдейді. Бірнеше өңдеу10-12 см, ал қалған өңдеу одан аздау тереңдікте жүргізіледі. Топырақты бұлайша өңдеу ылғал сақтап, егістікті арам шөптен тазалайды. Себу алдындағы культивацияны тұқым себу тереңдігінде жүргізіледі. Парлы егістік жаз бойы қолайлы түйіршік топырақты болып және арам шөптен таза болуы керек.
2.2 Жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі – 117,4 мың шаршы километр.
Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке бөлінген: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық-оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шань бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан слотүстік-батысқа қарай облысты екіге – солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.
2.3 Бидайдың «Интенсивная» сортын өсіруге бейімделген жерлердің топырақ сипаттамасы
Шаруашылық танаптарының топырағы - кәдімгі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ түзуші жыныстары көбіне лес тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары әлсіз көрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см). Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.
Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Қарашірік қабаты төмендеген сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер жүргендіктен) құрылысты болады [26].
Карбонатты- иллювиальді қабатының құрылымы бойынша жаңғақты. НСl - да қайнауы жоғары. Өнделетін топырақ қабаты кесекті немесе сазды кесекті құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен ерекшеленеді. Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:
Аг 0- 10см. Сұр, кұрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (5см-ге дейін)
қабатты-созымды, төменірек-үйінділі, ауыр саздақты.
А- 10-20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті, кесекті, дәнді, ауыр саздақты.
В1 - 20-40 см. Карбонатты көгерген құба ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.
В - 40-65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ, тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.
С -65-120 см. Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз, ұсақ дәнді, ауыр саздақты.
В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.
Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты.
Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы азот 0,07-0,08%, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады.
Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен-орташа, фосформен- әлсіз, калиймен - жақсы.
Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозанды және сазды фракциядан тұрады.
Танаптың жоғары қабатында су өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35-40 пайызын құрайды, суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылатын қабатының көлемдік салмағы орташа 1,3 г/см2.
Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықган топырақтың сілтілі
реакциясына қарамастан (рН-8,2-8,5) топырақ тұзданбаған (кесте 2).
Кесте 2 - Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы
Топырақ қабаты |
Жалпы құрамы |
Сулы суспен зиялық, рН
|
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г |
|||||
|
Қара шірік, % |
Азот,% |
СО2, % |
СаСО3, % |
Гидро лизді азот |
Р2О5 |
К2О |
|
0-10 |
1,3 |
0,08 |
4,8 |
10,8 |
8,2 |
13,3 |
2,7 |
40,6 |
10-20 |
1,2 |
0,07 |
4,9 |
11,0 |
8,2 |
10,8 |
2,7 |
43,9 |
20-35 |
0,5 |
0,05 |
6,9 |
15,8 |
8,3 |
6,5 |
1,6 |
30,8 |
35-50 |
0,3 |
0,05 |
8,7 |
19,7 |
8,5 |
- |
1,4 |
32,0 |
50-100 |
- |
- |
9,0 |
20,5 |
8,5 |
- |
- |
- |
Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін азот және фосфор немесе органо-минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. Бұл суармалы танаптар үшін өте маңызды болып табылады.
2.4 Тәжірибе нысаны және зерттеулердің әдістемелері
Бидайдың «Интенсивная» сортын себу әдістемелігі және сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты үстеп қоректендірудің өнімділік пен сапа көрсеткішіне әсерін анықтау мақсатталған.
Зерттеулер нәтижесінде күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнімділігі оның егістік алқапта бірқалыпты тегіс себіліп, белгілі бір тереңдікке дән ендіргенімізде тұрақты өнімділік пен сапалы астық жинайтынымыз дәләлденді. Орыс ғалымы И.И.Синягинның тұжырымдамасы бойынша, астықты дақылдар өнімділігі егістік алқапта тұқымның біркелкі орналасып әр түрлі әдістемелік тәсілмен себуге байланысты жоғары өнім алуға қол жеткізуге болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде көп жағдайда күздік бидайды кәдімгі бір бағытта 15 см етіп бүгінгі таңда кеңінен өндірісте қолданылатын дән сепкіштермен себіліп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында Елімізге белгілі ғалым Қ.Ә.Асанов және М.И.Исаковтардың нәтижелеріне сүйенсек күздік бидайды тар қатар аралық сепкенде және тор көздеп немесе төрт бұрыштап екі бағытта сепкенімізде кәдімгі бір бағытта 15 см қатар аралықпен салыстырғанда дән өнімділігі мен сапасының төмендейтіні анықталған. Демек көп жағдайда өнімділік пен астықтың сапасы себу тәсілдемесіне тікелей байланысты болатыны ғылыми зерттеу нәтижелері көрсетті.
Дүние жүзінде және Қазақстанның оңтүстік өңірінде ауа-райының ерекшелігіне байланысты бидайдан қалыпты өнім алу үшін суармалы жерлерде өсіру тиімді екені дәлелденген. Суармалы жерлерден ауа-райының құрғақшылығына қарамай әр жылы тұрақты өнім алуға болатынын ғылыми деректер мен өндірістік озық тәжірибе жан-жақты дәлелдеп келеді. Дегенмен, біздің бұрынғы зерттеулеріміздің нәтижесінде суармалы жерлерде күздік бидайды тегіс 15 см қатар аралықта СЗ-3,6 дән сепкіштерімен себуді ұсынып гектарына 5,0-6,0 млн өнгіш дәннің жоғары репродукциялы сертификация-ланған өндіріске қолдануға жіберілген сорттарын біркелкі тереңдікке (3,5-5,0 см) ұсынған. Елімізде жүргізілген ауыл шаруашылығындағы реформаларға сәйкес және нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты барынша шығынды аз жұмсап өнімділік деңгейі мен сапа көрсеткішін арттыру және бәсекелестікке қабылетті өнім өндіру бүгінгі күн талабы. Сол себептен суармалы жерлерде күздік бидайдан қалыпты өнім алу үшін әр түрлі сорттардың себу әдістемелігін жетілдіру бағытында зерттеулер жұмысы жүргізілді [27,28].
Осыдан бірнеше жыл бұрын Мексика мемлекетінде Яки Вели ойпатының солтүстік-батысында алғаш рет күздік бидайды жалға егу әдістемесі зерттелініп оң нәтижелер алынды. Осы жылдардан бастап бидайды қыратты жалға егу агротехнологиялық жүйесі құрғақ климаттық Елдерде кеңінен қолданыла бастады. Мысалы үшін Оңтүстік Азияда бұл тәсілді қолданған егіс көлемі 25 миллион гектарға жетті, ал Қытай мемлекетінде 13 миллион гектардан астам жерге бидай егіліп келеді. Аталмыш әдістемені бидай еккенде қолданып келе жатқан мемлекеттер саны жылдан-жылға артып келеді (Түркия, Ауғанстан, Иран, Египет, Судан, Эфиопия, Зимбабье, Нигерия, Мексика, Чили т.с.с.) деп В.Г.Пажарский, М.Дж.Акималиев, А.А.Барко мәлімдейді.
Тәжірибе алқаптарында жүргізілген деректер бойынша, күздік бидайды қыратты жалға еккенімізде себу нормасы 90 кг/га немесе 2,0 миллион өнгіш дән сепкенімізде күздік бидай өнімділігі және оның сапасы кәдімгі бір бағытта 15см қатар аралықта сепкенге қарағанда (250 кг/га немесе 5 миллион/га өнгіш дән) едәуір артты.
Зерттеулер нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде күздік бидайды себу мезгілі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында болатыны дәлелденген. Күздік бидай үшін суармалы жерлерде тиімді алғы дақыл болып көп жылдық жоңышқадан соң және отамалы дақылдардан соң егілгені тиімді екені ғылыми негізделген. Осы жағдайды ескере отырып күздік бидайды ауыспалы егіс жүйесінде жүгері дақылынан соң ектік. Зерттеулер жүргізілген жылдары себу мерзімі ұсынысқа сәйкес 25 қыркүйек және 1 қазан күндері қолдан реконструкция жасалынған көкөніс сепкішімен СО-4,2 егілді.(сепкіш тетіктерін модернизациялап 70 см арақашықтықта жалдың қыратына 20 см 2 қатарлы егу қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысы 6 танапты астықты - шөптік ауыспалы егісінде жүргізілді.
Алғы дақыл - дәндік жүгері.
Зерттеу нысаны бидайдың «Интенсивная» сорты.
Далалық тәжірибе төрт қайталама бойынша мөлдектерді орналастыру тәсілімен қойылды (кесте 3).
Кесте 3 - Бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының әдістемелік үлгісі
Сорт |
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
«Интенсивная» |
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
Р45 күзде N60 көктемде |
||
Р45 күзде N90 көктемде |
||
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
|
Р45 күзде N60 көктемде |
||
Р45 күзде N90 көктемде |
||
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
|
Р45 күзде N60 көктемде |
||
Р45 күзде N90 көктемде |
||
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
|
Р45 күзде N60 көктемде |
||
Р45 күзде N90 көктемде |
Нұсқалар мөлдектердің бөлшектену әдісімен орналасқан. Бірінші реттегі мөлдектердің есепті ауданы 100, екінші реттегі - 25 шаршы метр.
Тәжірибеде мынадай бақылаулар, есептеулер мен талдаулар жүргізілді:
- Бидай өсімдіктерінің негізгі даму кезеңдері мемлекеттік сорт сынау комиссиясының әдістемесі бойынша тіркелген.
- Мөлдектегі өсімдіктер саны өскін кезінде және жинар алдында алты тұрақты алаңнан есепке алынды.
- Топырақтың 1 метр тереңдігіндегі ылғалдылығы әрбір 10 см қабаты сайын термостатты - таразылы әдіспен арпаны себерде, түптенгеңде, масақтанғанда және жинар алдында анықталған. Қайталануы үш ретті топырақ үлгілері АМ-16 бүрғысымен алынды.
4. Топырақтың 0-20 және 20-40 см қабатындағы сіңімді қоректік элементтердің мөлшері мөлдектің 6 нүктесінен алынған аралас үлгілерден анықталды. Нитрат азоты дисульфофенол қышқылы арқылы Грандваль – Ляжу әдісімен, жылжымалы фосфор Мачигин бойынша, ауыспалы калий жалынды фотометрде жүргізілген.
5. Тамыр жүйесінін морфологиялық құрылымы, даму қарқындылығы және буын тамырлардың саны И.О.Байтулиннің әдістемесі арқылы жүзеге асырылды.
- Бидай өсімдіктерінің құрғақшылыққа төзімділігін бағалау П.А.Генкель және А.А.Ничипорович нұсқауларының көмегімен атқарылған.
7. Егістіктің арамшөппен ластануы бидайды жинар алдында қайталануы 6 ретті сандық-таразылы әдіспен есепке алынды.
8. Бидай дәнінің толық пісу кезеңінде әр бір мөлдек бойынша биологиялық өнімділігі анықталды;
9. ОҚО суармалы егіншілік жағдайында бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының экономикалық тиімділігі есептелді.
2.5 Бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының далалық өнгіштігіне, түптенуіне және өсу ерекшелігіне әсері
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде себу мөлшерінің күздік бидайдың «Интенсивная» сортының далалық өнгіштігіне әсер ететіні анықталды. Мысалы үшін, жалпы зерттеуге алынған күздік бидай «Интенсивная» сортының далалық өнгіштігі 2011-2013 жылдары 64,0% - 89,5% аралығында ауытқыды [29].
Күздік бидайдың «Интенсивная» сортының себу мөлшеріне байланысты төмендегіше нәтижелер болды. Үш жылдық көрсеткішке сүйенсек 2,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның далалық өнгіштігі үстеп қоректендіру мөлшеріне байланысты 64,0-86,0% деңгейінде болды, ал 3,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның өнгіштігі 75,2-89,5% аралығында ауытқыды. Интенсивная сортының 4,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның далалық көрсеткіші 57,8-81,2% болса, 5,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның далалық өнгіштігі53,8-74,7% құрады. Демек, күздік бидай Интенсивная сортын 3,0 млн. өнгіш дәнді жалға еккенде, осы нұсқаның өнгіштігі зерттелген басқаларға қарағанда далалық өнгіштігі артатынын анықтадық. Яғни күздік бидайды жалға еккен кезде өсімдік жиілігі қалыпты жағдайда болып, күзгі ылғал сақтау бағытында суаруы кезінде арықшалар арқылы суарылған алқапта су бірқалыпты таралып егістік алқаптың бір келкі ылғалдануына және суару сапасының едәуір жақсарып күздік астық өскінінің уақтылы және біркелкі шығуына жағдай жасалынып далалық өнгіштігінің жоғары болатыны дәлелденді. Жоғарыда көрсетілгендей далалық өнгіштік зерттелген Интенсивная сортын 3,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның өнгіштігі басқа нұсқалараға қарағанда біршама жоғары деңгейде болатынын байқадық (кесте 4).
Кесте 4 - Бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының далалық өнгіштігіне әсері
Сорт |
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
орташа |
||||
шт/м2 |
% |
ш т/м2 |
% |
шт/м2 |
% |
шт/м2 |
% |
|||
Интенсивная |
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
142 |
57,0 |
154 |
69,8 |
146 |
65,2 |
147,3 |
64,0 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
161 |
76,7 |
178 |
84,8 |
155 |
73,8 |
165 |
78,4 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
190 |
90,5 |
165 |
78,6 |
187 |
89,0 |
181 |
86,0 |
||
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
158 |
71,6 |
169 |
72,0 |
175 |
82,0 |
167,3 |
75,2 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
165 |
78,6 |
177 |
84,3 |
182 |
86,7 |
175 |
84,2 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
191 |
90,9 |
182 |
86,7 |
190 |
90,5 |
188 |
89,5 |
||
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
150 |
63,0 |
148 |
50,0 |
162 |
60,2 |
153,3 |
57,8 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
156 |
74,3 |
162 |
77,1 |
185 |
88,1 |
168 |
80,0 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
160 |
76,2 |
168 |
78,2 |
189 |
89,2 |
172,3 |
81,2 |
||
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
145 |
58,4 |
143 |
45,8 |
153 |
57,2 |
147 |
53,8 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
158 |
72,1 |
154 |
70,3 |
168 |
78,4 |
160 |
73,6 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
159 |
72,5 |
158 |
72,4 |
171 |
79,2 |
163 |
74,7 |
Күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өсімдік жиілігі мен қоректендіру аясының өнімділік көрсеткіштеріне оң әсерін тигізетіні анықталды. 5- кесте нәтижелеріне сүйенсек түптену коэффициентері зерттеуге алынған сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігін байқаймыз және егу мөлшері де осы көрсеткішке тікелей әсер ететіні анықталды. Зерттелген нұсқалар ішінде түптену коэффициенттінің ең төменгі көрсеткіші ұсынылған 5,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқада болғанын байқадық, ал 2,0 және 3,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның түптену коэффициенті 1,4-1,6 жоғарылағанын анықтадық. Осы нұсқалардағы өсімдік биіктігі 87,4-90,6 см аралығында ауытқыды.
Зерттеулер нәтижесінде күздік бидайдың өсуіне және түптенуіне 70 см арақашықтықта жалға 2 қатарлап 2,0 және 3,0 млн. өнгіш дән еккенімізде оң әсер ететіні дәлелденді. Түптену коэффициентінің ең төменгі көрсеткіші «Интенсивная» сортын 4,0 және 5,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқада 1,1 төңірегінде болғанын байқаймыз (кесте 5).
Кесте 5 - Бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясына байланысты түптену және өсу ерекшелігі
Сорт |
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
Түптену коэффициенті |
Өсу биіктігі, см |
Интенсивная |
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
1.6 |
8,7 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
1,5 |
90,6 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
1,5 |
89,8 |
||
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
1,5 |
87,4 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
1,4 |
89,4 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
1,5 |
88,5 |
||
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
1,1 |
85,2 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
1,1 |
87,3 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
1,1 |
86,5 |
||
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
1,1 |
84,8 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
1,1 |
86,2 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
1,1 |
85,2 |
Демек, өнімді түптену коэффициентінің көрсеткіштеріне себу мөлшері тәсілдемесі оң әсер ететінін және зерттелген сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі деңгейде болатынын анықтадық. Сонымен қатар зерттелген Интенсивная сортын жалға 70см арқашықтықта жалға 2 қатарлап (20) еккенде ең жоғарғы түптену коэффициенті болатыны белгілі болды.
2.6 Зерттеулер нәтижесінде себу мөлшері мен қоректендіру аясының бидайдың «Инстесивная» сортының өнім құрылымына әсері
Күздік бидайдың өнім құрылымы көптеген ескертін немесе елемейтін кешенді фактарларға және зерттеуге алынған сорттың биологиялық ерекшелігіне тікелей байланысты. Жалап – қыратқа әр түрлі мөлшерде себілген бидайдың көктері қыстан шыққанда әлсіз болатыны байқалды. Алайда себу мөлшері 2,0 және 3,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқалардың өскіндері ауа райының қолайсыздығына қарамай көктерінің қарқынды өсуімен ерекшеленді (кесте-6). Зерттеу нәтижесінде байқағанымыз бидайдың «Инстесивная» сортын жалдап қыратқа өсіруде өсімдік жиілігі мен қоректендіру аясының маңызы ерекше екені анықталды. Бақылау нұсқаларынан басқа барлық нұсқаларға фосфор тыңайтқышы бірдей мөлшерде Р45 енгізілді. Көктемде дақылдың түптену кезеңінде азот тыңайтқышымен нұсқаларға байланысты әдістемеге сәйкес 60 және 90 кг/га мөлшерде үстеп қоректендірілді. Бір шаршы алаңдағы өсімдік жиілігіне байланысты дән байлаған сабақтар саны есептеліп әр бір нұсқа бойынша анықталды [30,31].
Дәннің себу мөлшері 2,0 млн. өнгіш дән егілген бақылау нұсқасында дән байлаған сабақтар 164 дана/м2 болса, үстеп қоректендіру мөлшеріне қарай дән байлаған сабақтар саны 166 және168 дана/м2 құрады. Себу мөлшерінің ең аз нұсқасы болғанымен өсімдік биіктігі басқа нұсқалармен салыстырғанда жоғары болып 88,7 - 90,6 см төңірегінде ауытқыды. Сонымен қатар өнімді түптену және сабақтағы масақ ұзындығы жағынан 2,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқада ең жоғары көрсеткіш байқалып, фосфор тыңайтқышын 45 кг/га, азот 90 кг/га нұсқада өнімді түптенуі - 1,6 дана, ал масақ ұзындығы 9,2 см болды. Бұл көрсеткіш дақылдың қалыпты дамуына шаршы алаңдағы өсімдік жиілігі тікелей байланысты екенін байқатады. Осы нұсқалардағы масақтағы дән саны орташа 41 дана болса, бір масақтағы дән салмағы, 1,3г болып, басқа себу мөлшерімен салыстырғанда жоғары екенін аңғартты. Алайда барлық көрсеткіштері жоғары болғанымен шаршы алаңдағы өсімдік жиілігі, яғни саны аз болып өнімділігі орташа болды. Ал дәннің себу мөлшері 3,0 млн. өнгіш дән себілгенде бақылау нұсқасынның дән байлаған сабақтар саны 2,0 млн. өнгіш дән себілгенде бақылау нұсқасынан 50 дана/м2 артық түзілді, ал үстеп қоректендіру мөлшеріне қарай дән байлаған сабақтар саны 221 және234 дана/м2 құрады. Себу мөлшерінің артуына қарай өсімдік биіктігі басқа нұсқалармен салыстырғанда жоғары болып 87,4 - 90,5 см төңірегінде ауытқып, 1 см төмен болды. Сабақтың өнімді түптену және сабақтағы масақ ұзындығы жағынан 3,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқада 2,0 млн. себілгенмен салыстырғанда деңгейлес және 1,2 см төмен көрсеткіш байқалды, қоректену аясына қарай фосфор тыңайтқышын 45кг/га азот 90 кг/га нұсқада өнімді түптенуі - 1,5 дана, ал масақ ұзындығы 8,7 см болды. Бір масақтағы дән саны 42 дана, албір масақтағы дән салмағы ең жоғары 1,4г құрады. Өнім құрылымының сапа көрсеткіші 1000 дән салмағы 38,8г болып, ең жоғары өнімділік 47,3 ц/га дән жиналды.Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егістік алқабындағы бидайдың «Интенсиная сортының өсімдік жиілігіне байланысты өнім құрылымының өзгеріске ұшырайтыны байқалды. Бұл себу мөлшері 4,0 және 5,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқалардың шаршы алаңдағы орташа дән байлаған сабақтар саны сәйкесінше 283 және296 дана/м2 құрады. Күздік бидайды жалдап қыратқа себу тәсілінде бұл жиілік өте жоғары екені анықталды. Зерттеу барысында осы нұсқалардағы өсімдік биіктігі 85,2-87,4 см төңірегінде болып, өнім түптену 1,1дананы құрады (кесте 6).
Кесте 6 - Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнім құрылымына әсері, 2013ж.
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
Дән байлаған сабақ, дана/м2 |
Өсімдік биіктігі. см. |
Өнімді түптенуі, дана |
Масақ ұзындығы см |
Масақтағы дән саны, дана |
Бір масақтағы дән салмағы, г. |
1000 дәннің салмағы г. |
Өнімділік, ц/га |
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
164 |
88,7 |
1,5 |
7,8 |
40 |
1,3 |
33,9 |
34,9 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
166 |
89,8 |
1,5 |
8,9 |
41 |
1,3 |
34,6 |
36,0
|
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
168 |
90,6 |
1,6 |
9,2
|
42 |
1,3 |
35,9 |
38,1 |
|
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
214 |
87,4 |
1,4 |
8,0 |
41 |
1,3 |
32,2 |
41,8 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
221 |
89,4 |
1,5 |
8,5 |
42 |
1,4 |
37,0 |
45,4 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
234 |
90,5 |
1,5 |
8,7 |
42 |
1,4 |
38,8 |
47,3 |
|
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
275 |
85,2 |
1,1 |
8,2 |
39 |
1,3 |
32,1 |
37,7 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
284 |
87,3 |
1,1 |
8,4 |
40 |
1,3 |
32,8 |
40,3 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
290 |
86,5 |
1,1 |
8,6 |
40 |
1,4 |
33,1 |
42,3 |
|
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
289 |
84,8 |
1,1 |
8,3 |
33 |
1,0 |
30,7 |
33,5 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
298 |
86,2 |
1,1 |
8,8 |
34 |
1,1 |
31,6 |
35,2 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
302 |
87,4 |
1,1 |
8,5 |
34 |
1,1 |
32,8 |
37,3 |
Өнімділікті анықтайтын негізгі көрсеткіштер бір масақтағы дән саны ең төмен 33-40 дана, ал 1000 дән салмағы 31,6-32,8 г төңірегінде болды. Жалпы алғанда бақылау немесе минералды тыңайтқыш енгізілмеген нұсқаларындағы өнімділіктің төменгі көрсеткіші 5,0 млн өнгіш дән себілгенде 33,5 ц/га ал ең жоғарғы өнімді 3,0 өнгіш дән себілгенде 41,8 ц/га астық жиналды. Ал шаршы алаңдағы өсімдік жиілігі мен үстеп қорентендіруде фосфор тыңайтқышын 45кг/га азот 90 кг/га нұсқада 5,0 млн өнгіш дән себілгенде 37,3 ц/га ал ең жоғарғы өнімді 3,0 өнгіш дән себілгенде 47,3 ц/га, яғни 10ц/га артық өнім жиналды.
2.7 Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнімділік деңгейі
Астық түсімін молайту бағытындағы қолданылатын арнайы агротехникалық әдістердің негізгі міндеті - егістік танаптарындағы өсімдіктердің өсу жағдайын оңтайландыруды қамтамасыз ету. Ол ең әдепкіде жоғары өнімді сорттардың көлемі жағынан ірі әрі біркелкі, сондай-ақ өнгіштігі, өсу күші мен энергиясы және өсімдік жиілігі мен қоретену аясына басқа егістік қасиеттері жөнінде стандартқа сай келетін сапалы тұқымын себуден басталады. Дәнді дақылдар өсіру технологиясында мұндай алғы шарттарды қатаң сақтау және іске асыру тұқымның жер бетіне бірдей, толық көктеп шығуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан себер алдында нақты белгіленген межелі егістік жиілігін астық алқаптарында қателіксіз сенімді құрауға алдын ала негіз қаланары даусыз [32].
Күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнімділік деңгейі, қоректену аумағы мен аясына сәйкес өсімдіктердің тіршілік барысында өсу және даму жағдайларының белгілі бір бағытта өзгеретіндігі белгілі. Демек, түпкі өнім деңгейін айқындайтын алаң бірлігіндегі өсімдіктер саны, олардың түптену қабілеті, масактағы дән саны мен массасы және сол сияқты өнімділік құрылымының қалған бөліктері де осы кезеңі бойына біршама өзгерістерге ұшырайды.
Суармалы егіншіліктегі өсімдіктердің тіршілік сипатын шектейтін басты фактордың ылғал екендігін ескерсек, екпе дақылдардың өнім құрылымы мен мөлшері топырақта жиналатын пайдалы ылғал қорына және егістіктің оны тұтыну мүмкіндігіне қарай түзіледі. Жалпы, кез келген топырақ-климат жағдайында өсірілетін дәнді дақылдардың немесе жекелеген сорттардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі және генетикалық жолмен бақыланатын төзімділік қасиеттері жүргізілетін агротехникалық тәсілдер мен өсу кезеңіндегі ауа райына байланысты түрліше дәрежеде қалыптасады. Сондықтан да біздер танаптағы егістікті, не болмаса оның құрамдас бөлігі -біртұтас жеке өсімдікті тірі ағза мағынасында қабылдай келіп, оларды өсу кезеңінің басынан аяғына дейін өздігінен реттеліп отыратын өте күрделі биологиялық жүйе ретінде қарастырғанымыз жөн (кесте 7).
Кесте 7 - Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының өнімділік көрсеткіші (үш жылыдық орташа)
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
Дән өнімділігі, ц/га |
өнім көрсет-кішінің бақылаудан ауытқуы, +, - |
|||
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. |
үш жылғы орташа өнім |
|||
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
33,3 |
36,9 |
34,6 |
34,9 |
- |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
34,5 |
38,5 |
35,0 |
36,0 |
1,1 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
36,3 |
39,1 |
39,0 |
38,1 |
3,2 |
|
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
39,5 |
43,4 |
42,5 |
41,8 |
- |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
43,7 |
46,5 |
46,1 |
45,4 |
3,6 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
45,3 |
48,0 |
48,7 |
47,3 |
5,5 |
|
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
36,3 |
38,7 |
38,2 |
37,7 |
- |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
38,1 |
41,3 |
41,0 |
40,3 |
2,6 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
40,3 |
43,5 |
43,1 |
42,3 |
4,6 |
|
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
30,3 |
35,2 |
35,0 |
33,5 |
- |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
31,9 |
36,9 |
36,7 |
35,2 |
1,7 |
|
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
34,7 |
38,7 |
38,5 |
37,3 |
3,8 |
Біздің зерттеу барысындағы дақылдың үш жылдық өнімділігін негізге ала отырып, орташа өнімділік бойынша әр бір нұсқаны салыстырып атап кеткеніміз дұрыс деп шештік. Ал дәннің себу мөлшері 2,0 млн. өнгіш дән себілгенде бақылаудан өнім көрсеткішінің ауытқуы үстеп қорентендіру мөлшеріне байланысты жоғарылап 1,1 және 3,2 ц/га құрады. Зерттеу барасындағы ең жоғары өнімділік пен бақылаудан өнім көрсеткішінің ауытқуы 3,0 млн. өнгіш дән себілгенде нұсқада болып, 47,3 ц/га және ауытқу 5,5 ц/га болды.
Ал 4,0 млн. өнгіш дән себілгенде үстеп қорентендіруде фосфор тыңайтқышын 45кг/га азот 60, 90 кг/га нұсқада және 5,0 млн өнгіш дән себілгенде өнімділік төмендеді алайда қоректену аясына қарай бақылаудан өнімділік 1,7-4,6 ц/га төңірегінде жоғарылады.
2.8 Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының технологиялық сапа көрсеткішіне әсері
Нарықтық қатынас жағдайында бәсекелестікке қабілетті ауыл шаруашылығын өндіру басты бағыт. Сол себептен зерттелген және салыстырмалы түрде байқалған агротехнологиялық жүйелер нәтижесін 8 –кестеден байқаймыз. Көп жылдық зерттеулер дерегіне сүйенсек жаңа тәсілде себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты өнімділік артуымен қатар сапа көрсеткіштерінің артатынын байқадық.
Зерттелген «Интенсивная» сортының технологиялық сапа көрсеткішіне ішінде сапалық көрсеткіші жағынан басқа нұсқаларға қарағанда мол өнім беруімен қатар дән жылтырлығы 93,2%, клейковинасы 25,6%, ал ақуыз мөлшері 13,9% артатынын анықтадық (8 – кесте).
Кесте 8 - Себу мөлшеріне және қоректену аясына байланысты күздік бидайдың «Интенсивная» сортының технологиялық сапа көрсеткіші
Сорт |
Дәннің себу мөлшері, млн.дана/га |
Минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру мерзімі мен мөлшері, кг/га |
Дән жылтырлығы, % |
Клейко-винасы |
Ақуыз (белок), % |
Интенсивная |
2,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
87,2 |
22,4 |
11,5 |
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
90,1 |
23,4 |
12,8 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
91,8 |
25,1 |
13,2 |
||
3,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
88,5 |
23,2 |
13,1 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
92,6 |
24,0 |
13,4 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
93,2 |
25,6 |
13,9 |
||
4,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
70,5 |
23,1 |
11,8 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
84,1 |
27,6 |
13,1 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
88,8 |
28,8 |
13,8 |
||
5,0 |
Тыңайтқышсыз (бақылау) |
83,2 |
25,3 |
11,2 |
|
Фон Р45 күзде N60 көктемде |
85,1 |
26,5 |
12,37 |
||
Фон Р45 күзде N90 көктемде |
85,2 |
27,2 |
12,63 |
Мысалы үшін, себу мөлшері 2,0 млн. өнгіш дән себілгенде бақылауда еккен нұсқада дән жылтырлығы 87,2%, клейковинасы 22,4 %, ақуыз (белок) 11,5% деңгейінде болды, ал қоректену аясына байланысты көрсеткіштер едәуір жоғарылап 90,1%; 23,4%; 12,8% артты.
Зерттеулер жүргізілген жылдары сапалық көрсеткішінің ең төменгі дәрежедегі деңгейі 5,0 млн өнгіш дән себілгенде нұсқасында болғанын айта кеткен жөн. Бұл сорттың сапасы себу әдістемелігінің жаңа жүйесін қолданған жағдайда да аса өзгеріске ұшырамағанын байқадық.
Дән жылтырлығы 85,1-85,2 %, клейковинасы 26,5-27,2 %, ал ақуыз көрсеткіші 12,37-12,63 % деңгейінде болды. Айта кеткен жөн себу тәсілдемесінен және нормасынан 2,0 млн. өнгіш дән басқа агротехнологиялық жүйе ұсынылған бағытта жүргізілді(жерді тереңдете айдау 25-27см, егіc алдындағы егістік алқапты өңдеу, тегістеу, ұсынылған уақытта себу 10.10. 2011-2013 жылдары күзгі ылғал сақтап, көктемгі үстеп қоректендіру 90 кг/га ә.з.е., өсімдікті вегетация кезінде суару, зиянкестерден қорғау т.с.с.). Ерте көктемде наурыз айының бірінші жартысында культиватор-растениенитательдермен (КРН -4,2) арықшаларға жалда өсіп тұрған бидай өскініне 10см арақашықтықта топыраққа ендіріп үстеп қоректендіруді 70 кг/га ә.з.е. жүргізу ұтымды агротехникалық шара екенін айта кеткен жөн. Екінші рет үстеп қоректендіру сәуір айының бірінші он күндігінде күздік бидайдың түтіктену фазасында атқарылғаны тиімді екені дәлелденді. Бұл агротехникалық шараны суару арықшаларын қопсытып арамшөптермен күресу мен арықшаларды жаңалап жүйектеу кезінде орындағанда және бірінші вегетациялық суаруды жүргізгенімізде өнімділік пен сапа көрсеткішін едәуір арттырады [33].
2.9 Күздік бидайдың «Интенсивная» сортын жалдап-қыраттап өсіруде егіс алқабындағы арам шөптермен күресу жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде күздік бидайды жалдап-қыраттап өсірудегі егіс алқабында арам шөптермен күресу жолдары.
Күздік бидайларды суармалы жерлерде өсіргенде қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде арам шөптермен күресудің айрықша маңызы бар. Суармалы жерлерде арам шөптермен күресу жұмыстары – агротехникалық сақтандыру және химиялық шаралар жиынтығынан тұрады. Арам шөптермен күресудің агротехникалық шараларына жататыны – арам шөп дәнінің көктеуіне жағдай туғызып, сосын ол өскіндерді құрту. Түптену кезеңіне жеткенде, ондағы арам шөптерді құрту үшін гербицидті қолданған тиімді. Ол – арам шөптердің 95-98% құртып, астық түсімін гектарына 1,5-2,3 центнерге дейін арттырады.
Күздік бидайды негізінен күздік және қыстайтын арам шөптер басады, арпа, бидай сияқты ерте пісетін дақылдарды ерте шығатын жаздық арам шөптер басады. Егер келер жылы дақылды бұрынғы орнына қайта сепсе, оның үйреншікті арам шөптері емін-еркін өседі, өйткені танапта өткен жылдан қалған көптеген тұқымдар мен олардан өніп шыққан арам шөптер өзіне таныс екпе дақылды басып кетеді. Химиялық күресу шаралары – арам шөптерді жоятын химиялық заттарды қолдануға негізделген. Гербицидтер ауыл шаруашылығы дақылдарын, жеміс-жидек алқаптарын, жайылымдар мен шабындықтарды арам шөптерден тазартып қана қоймай, сонымен қатар олардың өнімділігін де арттырады. Гербицид латын сөзі. Ол латынның «герба» шөп және «цидо» өлтіремін – деген сөзінен шыққан [34].
Арам шөптердің тамырларын топырақ өңдейтін құралдармен бірнеше жолы қырқып, тамыр жүйесін әлсірететін агротехникалық әдістерді қолдану арқылы өрмелеп өсетін кекіреге қарсы күресуге болады. Таза, қара және екпе парлар арам шөптерді құртудағы маңызды құрал болып табылады. Тікелей себу кезінде күздік бидай ауыспалы егіс жүйесінде мақсары дақылынан соң орналастырады. Оңтүстік Қазақстанның суармалы аймақта 5 – танапты ауыспалы егіс жүйесі ұсынылған: 1) таза немесе екпе пар; 2) күздік бидай; 3) мақсары; 4) күздік бидай (тікелей себу); 5) жоңышқаның жанама танабы. Төменде күздік бидайды тікелей жерді өңдеусіз еккен алқапта қолданылмайтын гербицидтер ұсынылған. Кекіренің жаңа шыққан өскіндерін жою үшін күздік бидайға 2,4 –Д гербицидтері бүркіледі.
Күздік бидай толық түптелген кезде егіс алқабын химиялық жолмен өңдеу оң нәтижесін береді. Осылайша өңдегенде гектарына 0,3-0,5 килограмм мөлшерінде күші бар 2,4-Д эфирін (октильді және С7-С9 аз ұшпалы эфир) қолдану тиімді болады. Эфирлер жоқ болса гектарына 0,8-0,9 килограмм мөлшерінде 2,4 –Д амин тұзын және оның 2,4-Д эфирлерімен синергиялық қоспасын пайдалануға болады. Бұл қоспа ұсынылатын мөлшердің жарымынан жасалады. Жұмсалатын ерітіндінің нормасы жер бетіндегі құралдармен өңдегенде гектарына 250-350 литрге, авияцияның көмегімен бүріккенде әр гектарына 25-50 литрге тең.
Қолдану тәсілдері – самолетпен бүрку, топырақ бетін тұтастай, ленталы (30-35 см аралықта ғана өңдейді), дистанциялық қашықтық, штанга арқылы бүрку. Суармалы егіншілікте суарылатын сумен қолдануы да мүмкін. Соңғы жылдары (Швецария) фирмасының Диален супер 480 с.е. гербициді 0,5-0,7 литрді гектарына қолданғанда оң нәтиже беріп келеді.
Бүріккіш машиналармен және самолеттермен бүріккенде гербицидтерді қолданудың тиімділігі ауа температурасына, желдің күшіне, жауын-шашынға сұйық заттың жұмсалу мөлшеріне, гербицидтердің өсімдіктер клеткасына ену жылдамдығына байланысты анықталады [35].
Өсіп -өніп келе жатқан арам шөптерді жою үшін қолданылатын гербицидтердің ауаның жылылығы 18-24 градуста уыттылық әсері ең күшті болады, 25-30 градуста уыттылық әсері мүлдем болмайды. Сонымен гербицидтермен өңдеуді ауаның жылылық температурасы 18-25 градус аралығында болғанда, жел күші секундына 4 м ден артпаса егісті өңдеу тиімді. Ондай жағдай таңертеңгі 5-тен 10-ға дейін, кешкі 17-ден 22-ге дейін тиімді болады.
Ал, енді 1 гектарға жұмсалатын гербицид есебін қарастырайық. Гербицидтер ұнтақ, сұйық, эмульсия, концентрат және түйіршік түрінде шығарылады. Әр гектарға техникалық препараттың жұмсалу нормасын есептеп анықтау үшін гербицидтің құрамындағы әсерлі заттың мөлшерін білу керек. Ол мына формула бойынша есептелінеді.
М =A * Б/100
мұнда, М – техникалық препаратты бір гектарға жұмсау мөлшері (килограмм); А – препараттың тигізетін әсері бойынша бір гектарға алынатын мөлшері; Б – препарат құрамындағы әсерлі зат (процент). Мәселен, күздік бидайды 2,4-Д амин тұзымен өңдеу үшін бір гектарға 1,5 кг. Препарат (тигізетін әсері бойынша) жұмсалу керек. Препараттың құрамында 40 проценттей әсерлі заты бар.
Сонда Д=1,5*100/40=3,75 кг (бір гектарға).
Сонымен бір гектарға қолдану үшін 3,7 кг техникалық препарат өлшеніп алынады.
Жұмсалатын судың мөлшері бүріккіштің түріне, гербицидтің қасиетіне және оның жұмсалу мөлшеріне, гербицидті қолдану мерзімі мен әдісіне, арам шөптің түрі мен оның егістегі санына және мәдени өсімдіктердің түріне байланысты. Жанаспалы гербицидтер үшін (ДНБФ, ДНОҚ, ПХФ) бір гектарға 500-800 литр су (машинамен бүрку үшін) қолданылады. Бұл улағыштар арам шөп көгіне бүркілетін болғандықтан, өсімдік жапырақтарымен толық жанасуы қажет. Сол үшін су көп мөлшерде қолданылады, егістікті топыраққа енгізілетін жүйелі гербицидтер мен тұқымды себу алдында және көктеп шығар алдында өңдеу үшін бір гектарға 200-400 литрдей су жұмсалады.
Бидай, арпа егістеріндегі қарасұлыны 76-89 процентке дейін құртуға мүмкіндік беретін триаллат гербициді тиімді. Түйіршікті триаллат күзде қолданылады. Триаллат сұйықтай түрінде (әсер етуші 10 процент) бидайды себу алдында бірден топыраққа сіңіруге қолданылады, улағыштың мөлшері гектарына 2,0-4,0 (гектарына әсер етуші заты 0,8-1,6 кг).
Трефлан қарасұлыға өте улы әсер етеді. Оны пайдаланғанда бидай тұқымын гербицид сіңірілген тереңдіктен тереңірек себу керек. Бұған СЗС – 2,1 сеялкасы өте тиімді. Трефлан әсер ететін мүмкіндігі триаллатқа қарағанда әлдеқайда мол – ол итқонаққа, қарасұлыға, шырмауық таранға, қара қаңбаққа улы әсері күшті [36].
Оңтүстік Қазақстанда күздік бидайды егуге гербицид Диален супер 480 в.р. пайдалынады. Диален супер 480 в.р. – 0,6 л/га қолданғанымызда арам шөптер санының 96,4%, ал массасының мөлшері 93,6% кемігені анықталды. Өнімділігі 20,8 ц/га жетіп әр гектардан гербицид қолданбаған нұсқаға қарағанда қосымша 7,02 ц/га өнім жиналады. Диален супер 480 в.р. тікелей себуде тырмалау кезінде қолданады. Сонымен қатар суармалы жерлерде арам шөптерді жою және тұқымды себудің, орудың агротехнологиялық жүйесі (кесте 9).
Кесте 9 - Суармалы жерлерде арам шөптерді жою және тұқымды себудің, орудың агротехнологиялық жүйесі
№ |
Орындалатын жұмыстар |
Технологиялық шаралардың параметрлері |
Жүргізілетін мерзім |
Агрегаттың құрамы |
|
трактор |
машина-лар |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Суару |
Жерді жыртудың алдын 1 га 800-1000 м3 |
тамыз |
қолмен |
|
2. |
Жер жырту |
Алғы дақылды алғаннан соң топырақты негізгі өңдеу 22-25см тереңдікте жүргізіледі. |
шілде айының бас кезінде дақылды орып болысымен |
ДТ-75 |
ПН-4-35 |
3. |
Егісті егу алдындағы жер өңдеу |
жер жырту бағытына 45-500 бұрышпен тегістейді, топырақты майдалайды, тырмалайды. |
қыркүйектің үшінші он күндігі |
ДТ-75 |
БЗСС-1,0 |
4. |
Тұқымды дәрілеу |
Витавакс – 75% ұнтақ -2,5 кг/т Даразол – 5,0% Ұ.-2,0-2,5л/т Девидент -3% С.К.-2,0л/т Колфуга-супер -20%-260-2,5л/т Раксил 6%С.Е.Р.-0,5-0,6л/т ТМТД-80% Ұ-1,5-2,0кг/т |
қыркүйек |
электр қозғаушы |
ПСШ-5 ПС-10 |
5. |
Егіс себу |
Себу кезінде тұқымды біркелкі 3,5-5 см тереңдікке фосфор тыңайтқышын қоса отырып себеді(100кг/га физикалық салмақ есебінде) |
қазанның бірінші екінші он күндігі |
ДТ-75 МТЗ-80 |
СЗ-3,6 СЗЛ-3,6 |
6. |
Азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру |
Ерте көктемді танапты азот тыңайтқышымен мөлшерімен үстеп қоректендіру |
наурыздың бірінші екінші он күндігі |
|
|
7. |
Тырмалау |
Ерте көктемде ылғал сақтау үшін жеңіл немесе орташа тырмамен 2-3см тереңдікте тырмалайды. |
наурыздың бірінші күні |
ДТ-75 |
БЗСС-1,0 |
8. |
Суару |
Түтіктену кезеңі 1 га 600-800м3 |
сәуір айының үшінші онкүндігі |
қолмен |
|
9- кестесінің жалғасы
№ |
Орындалатын жұмыстар |
Технологиялық шаралардың параметрлері |
Жүргізілетін мерзім |
Агрегаттың құрамы |
||
трактор |
трактор |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
9. |
Суару |
Масақ түзілу кезеңі 1 гектарға 800-900м3 |
мамыр айының екінші онкүндігі |
қолмен |
|
|
10. |
Егісті арам шөптерден, зиянкестерден, т.б. аурулардан қорғау. |
Гербицидтер: Ресер – 1,5кг/га; 2,4Д амин тұзы(40%)-1кг/га Фунгицид-Импакт-0,5л/га Инсектицид-Каратэ-0,1-0,2л/га |
сәуір-маусым |
МТЗ-80 |
ОВТ-1а ОПШ-1,5ПОУ |
|
11. |
Егін жинау |
Дәннің толық піскен кезеңінде тікелей ору. |
шілде |
СК-5хедерЛУИ-5 |
2ПТС-4-887А |
|
12. |
Комбайнмен астық тасу |
Шығын мөлшері 0,1% асырмайды. |
шілде |
К-701 |
1ПТС-9 3ПТС-12 |
|
13. |
Сабанды тиеу және тасу |
Астықты жинап алғаннан соң жүргізіледі. |
шілде |
ЛТ-0,5 К-700 |
1ПТС-9 3-ПТС-12 |
|
1. |
Көп жылдық өсімдіктердің қыртысын өңдеу |
жоңышқаның мойын тамырын қырқу екінші орылымнан соң 10-12см тереңдікте жүргізіледі, құрғақ жылдары бірінші орымнан соң тыңайтқыш беріп Р60К40 жерді тереңдете жыртады. |
Маусымның үшінші он күндігі |
Т-150 ДТ-75 |
КПГ-250 ЛДГ-10 |
|
2. |
Тыңайтқыштарды енгізу |
жерді жыртар алдын фосфор (Р60)және калий(К40) тыңайтқыштарының бір жылдық мөлшері беріледі |
шілде |
МТЗ-80 |
ПРГ-16 РУМ-3 |
|
3. |
Жер жырту |
жоңышқаның мойын тамыры әбден қурағаннан соң (2-3аптадан соң) сүдігер жырту 27-30см тереңдікте жүргізіледі. |
Шілде |
Т-150 ДТ-75 |
ПЛН-5-35 П-4-35 |
|
4. |
Тырмалау |
жер жырту бағытына 45-500бұрышпен 5-6см тереңдікте жүргізіледі. |
Қыркүйек айының соңы |
ДТ-75 |
3БЗТУ-1,0 |
|
5. |
Тұқымды дәрілеу |
Витавакс – 75% ұнтақ -2,5 кг/т т.б. жоғарыда аталған дәрілер қолданылады. |
Қыркүйек |
электр қозғаушы |
ПСШ-5 ПС-10 |
|
6. |
Егіс себу |
Себу кезінде тұқымды біркелкі 3,5-5 см тереңдікке фосфор тыңайтқышына қоса себеді. |
Қазанның бірінші он күндігі |
ДТ-75 МТЗ-80 |
СЗ-3,6 СЗЛ-3,6 |
|
9- кестесінің жалғасы
№ |
Орындалатын жұмыстар |
Технологиялық шаралардың параметрлері |
Жүргізілетін мерзім |
Агрегаттың құрамы |
|
трактор |
трактор |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7. |
Азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру |
Ерте көктемде танапты азот тыңайтқышымен N60-80 н.з.е. мөлшерімен үстеп қоректендіру. |
Наурыздың бірінші екінші он күндігі |
МТЗ-80 |
РУМ-3 РУМ-5 |
8. |
Тырмалау |
Ерте көктемде ылғал сақтау үшін жеңіл немесе орташа тырмамен 2-3см тереңдікте жүргізіледі. |
Наурыздың екінші он күндігі |
ДТ-75 |
БЗСС-1,0 |
9. |
Егісті арам шөптерден, зиянкестерден, т.б. аурулардан қорғау. |
Гербицидтер: Ресер – 1,5кг/га; 2,4Д амин тұзы(40%)-1кг/га Фунгицид-Импакт-0,5л/га Инсектицид-Каратэ-0,1-0,2л/га |
сәуір-маусым |
МТЗ-80 |
ОВТ-1а ОПШ-1,5ПОУ |
10. |
Егін жинау |
Дәннің толық піскен кезеңінде тікелей ору(тұқым ылғалдығы 14%). |
шілде |
СК-5хедер ЛУИ-5 |
2ПТС-4-887А |
11. |
Комбайнмен астық тасу |
Шығын мөлшері 0,1% асырмайды. |
Шілде |
К-701 |
1ПТС-9 3ПТС-12 |
12. |
Сабанды тиеу және тасу |
Астықты жинап алғаннан соң жүргізіледі. |
Шілде |
ЛТ-0,5 К-700 |
1ПТС-9 3-ПТС-12 |
Фитосанитарлық агробиоценоздың күй-жағдайын, қорғаныш проблемаларының табысты шешімін өсімдіктерді дәл бағалаусыз мүмкін емес. Сондықтан біздің шаруашылықтардың егістік аудандарының маршруты тексеру жолымен есеп беру жолда дәнді және жылдық шөптердің егістерінде зерттеу жағдай фитосанитары өткізіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы әртүрлі табиғи климаттың аймағында орналасқан. Мамыр айының II жартысында егістік аудандардың маршрутты тексеруі бағалау мақсатымен күй-жағдай фитосаниторы өткізіледі. Дәл осы кезде, егістік жерінде кездесетін арам шөптердің толық мінездемесін алуға болады. Тексерулер нәтижесінде анықталған арам шөптердің негізгі түрлерін келесі кестеден көре аламыз.
2011 жылдан бастап дәнді дақылдардың тұқымын және одан кейінгі жылдарда себілген тұқымның 40-50%-на дейінін дәрілеу көлемінің азаюына байланысты топырақта және тұқымдас материалда фитопатогендердің шоғырлануы үдеп бара жатыр.
Егістіктердің дәнді дақылдар ауруларының барлық түрімен зақымдануы жоғары күйінде қолып отыр- тамыр шірігі жыл сайын 40-50%-да байқалады, бидай мен арпаның тозаңды қаракүйемен залалдануы – 13%, арпа егістіктерінің қатты қаракүйемен залалдануы – 6%-ға дейін, жаздық және күздік бидай егістіктерінде -8 %.
Дәнді дақылдар егістіктерінің ақ дақпен және өсімдік татымен залалдануы 1 млн. гектарданартық алқапта байқалады, залалдану деңгейі 30-40%-ға жетеді, ал фунгицидтер қолданудың көлемі -5%-дан 20%-ға дейін жетеді (кесте 10).
Кесте 10 - Егістік алқапта кеңінен кездесетін арам шөптердің түрлері
қазақша аты |
латын аты |
Жабайы арпа |
Hondeum spontaneum |
Тұтқыр Подмаренник |
Jalium aparine |
Далалық қыша |
Sinapis arvensis |
Көкнәр |
самосейка |
Қарапайым Якорца |
Tribulus terrestris |
Прицепник липучковый |
Caucflis lappyla |
Дала домалат |
Salsola ruthenica |
Далалық бұршақ |
Pisum arbensis |
Шырмауық таулық |
Poligonum convolvulus |
Тегіс Гольдбахия |
Goldbachia laevidata |
Далалық Торица |
Spergula arbensis |
Далалық Ярутка |
Thlaspi arvesis |
Хош иіссіз түймедағы |
Matricaria inodera |
Бақташынікі дорба |
Capsella bursa-pastoris |
Курай, поташник |
Salsola olarecea |
Көп жылдықтар |
|
Далалық қырыққабат |
Brassica campestris |
Сасық ферулла |
Ferula assa |
Ферула широкрылая |
Ferula Foetida |
Тонколистный ұсақ бұршағы |
Vica tenifolia |
Жорғалап жүруші сарғалдақ |
Ranunculus repens |
Пырей жорғалап жүруші |
Elytrigia repens |
Кәдімгі Сурепица |
Barbarea vuldaris |
Жорғалап жүруші кекіре |
Acroptilon repens |
Кәдімгі жусан |
Artemisia vulgares |
Қызғылт кекіре |
Acroptilon repens |
Софора толстоплодная |
Sophora pachycarpa |
Софора парнолистная |
Sophora difolia |
Түйе тікен |
Alhagi camelorum |
Далалық шырмауық |
Convolvulus arvensis |
Ажырық |
Cynodon dactylon |
Далалық осот |
Sonchus arvensis |
Яғни, бұл кестеден көріп отырғанымыздай, Оңтүстік Қазақстандағы егістерді дәнді және көп жылдық шөптердің ластаушылары.
Мінездемеге арналған дәнді мәдениеттердің егістердің арам шөптілік дәрежелері Оңтүстік Қазақстанның облыс аумағы бізбен 4 аймаққа бөлінген болатын.
Бірінші аймақ: батыстағы Тянь-Шань жоталары, таулы және таулы аймақ. Бұл аймақ Түлкібас дәнді егістері, Сайрам, Төле би және Қазығұрт аудандарының шығыс бөлімін қамтиды.
Екінші аймақ: орталық аймақ. Орталық аймақ жүйесін Сарыағаш аудандарының егістік аудандары және Ордабасы аудандары кіреді.
Үшінші аймақ. Арыс аудандарының жантайған жазығы және Түркістан аудандары.
Төртінші аймақ: Қызылқұм аймағы және Шардара дәнді егістіктері және Отырар аудандары жатады.
Дәнді егістердің арам шөптілік есебіне арналған төрт баллдық шкаланы қолданды.
- балл – жеке арам шөптер (әлсіз арам шөптілік)
- балл – егістердің жалпы жер оттылығының 25 % арам шөптер (орта арам шөптілік)
- балл – шөп-шалаң және егістігі мәдени өсімдіктердің балы бірдей (күшті арам шөптілік)
- балл – арам шөптер мәдени өсімдіктердің үстінде басым болады(өте күшті арам шөптілік).
Нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстанда егістердің суармалы жерлердегі арам шөптілік тексерулерін көрсетті. Арам шөптілік дәрежесі және егістерінің характерінің алмасуына байланысты территориялық жеріне тәуелді.
Тексеруі бойынша әртүрлі егістік шаруашылықтағы арам шөптілікті айқындайды, бірінші аймақ егістерінде (шығыс бөлімі Қазығұрт ауданы және Түлкібас, Сайрам, Төле би аудандары) дәнді мәдени көп жылдық шөптер ылғалымен қамтамасыздандырылған суармалы шарттары негізінде өңделеді, жас және тамыр шөп-шалаң өсімдіктерібасым болады. Егістердің жалпы арам шөптілігі мамандардың пікірі бойынша 1995 жылдан түрі мен саны артып келеді. Көріністі құрамда жас арам шөптерден салыстырмалы салмақ өсу шегі тенденциясы келе-келе белгіленді: жабайы арпа, далалық бұршақ, далалық троица, далалық ярутка, ал көп жылдықтардың: далалық қырыққабат, сафора толстоплодная және парналистная, сасық ферула және қызғылт жорғалап жүруші кекіре т.б.
Ылғалмен жабдықталмаған қамтамасыз етпеген суармалы жерлерде – екінші аймақ (Сарыағаш, Ордабасы аудандар) арам шөптердің түрлерінің саны және олардың ареалы соңғы жылдары қарқынды өсті. Мына аймақта дәнді және көп жылдық шөптердің егістері әсіресе күшті тамырсабақтылармен ластанған (жорғалап жүруші кекіре және түйе тікен т.б.) және тамырлы (далалық қырыққабат, сафора толстоплодная, сафора парнолитная, сарғалдақ т.б.) арам шөптермен. Мына аймақтарды белгілеп қоюға болады. Яғни дәнді және көп жылдық шөптердің егістері соңғы жылдары ластанды, қырыққабатпен далалық және жабайы арпамен және олардың ареалы жыл сайынғы қарқынды кеңеюде.
Үшінші аймақта (Арыс және Түркістан аудандары) дәнді егістерде, негізінде құрғақшылыққа төзімді арам шөптер басым болды. Көп жылдықтардың түйе тікен, қызғылт және жорғалап жүруші кекіре, далалық жусан, ал жастардың жабайы арпа, далалық торица, далалық ярутка т.б. таралған.
Төртінші аймақта (Қызылқұм, Шардара аудандары) арам шөптер эфемерымен сондай күшті зиян келтіреді, ақ шашты триходесма, тегіс гольдбахия және жусан түрлері. Сайып келгенде, барлық облыс аймақтарында дәнді егістерде жабайы арпа санының ұлғаюы белгіленген және далалық қырыққабаттар егістікте жыл сайын көбейіп келе жатқаны анықталды. Демек, жабайы арпа және далалық қырыққабаттың үлкен қозғалмалығын көрсетеді.
Сондықтан арам шөптермен және шөп-шалаң өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері анықталды, мәдени өсімдіктердің дамуына гербицидтердің ең жаңа ассортименті және әртүрлі агротехнологиялық тәсілдерді қолдануы арам шөптердің кемуіне оң әсер етеді. Егістіктердің фитосанитарлық жағдайы туралы агроқұрылымдарда тексеру жыл сайын жүргізу қажетті, арам шөп өсімдіктерін анықтау нақты хабар алуына арналған және егіншілік жүйесінде арам шөптермен күресудің стратегиялық бағытын анықтайды.
2.10 Күздік бидай егісінде кеңінен кездесетін арам шөптер және олардың биологиялық ерекшеліктері
Көптеген аурулардың курайларға да шабуыл жасайтынын, ал насекомдардың арам шөп жапырағын «сүйсіне жейтінін» диқандар бұрыннан білген. Қазір зиянды организмдермен биологиялық жолмен күресуәдісі өсімдік қорғаудың бүкіл жүйесінің құрамды бір бөлігі болып отырғанда,оның шүбәсіз артықшылығын дәледеп жатудың қажеті жоқ.
Ең бастысы – белгілі бір, оның ішінде екпе өсімдіктердіңқаһарлы жауын химияның қатысуынсыз-ақ жою мүмкіндігінің тууы өйткені химия өзінің қуатылығының арқасында толып жатқан зардаптар туғызатыны мәлім.
Сондықтан да кейінгі кезде арам шөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдарын іздестіруде.
Биологиялық күрес деп – арам шөптердің табиғи жауларын (насекомдарды, фитофагты, ауру қоздырғыш жәндіктерді), оларға қарсы пайдалануды айтады. Арам шөптермен биологиялық күресте ең бастысы көңіл аударатын мәселе – қауіпсіздік. Арам шөптерді толық жойған соң не болмақ? Бұған жауап ретінде ғылымда көптеген тәсілдер қабылданған. Олардың ішіндегі маңыздысы – зиянкестерді белгілі бір мол жерде көбейте отырып, оларды ұзақ мерзім ашықтырады, осыдан кейін лоарға әртүрлі өсімдіктерді, оның ішінде осы насекомдар биологиялық күрес үшін пайдаланатын екпе дақылдарды да ұсынып көреді.
Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай арам шөптер топтарға бөлінеді. Қазақстанда 300-ге жуық арам шөп түрлері анықталған. Аймақтардың топырақ-климат жағдайларындағы арам шөптердің қайсыбір түрлерін биологиялық топтарға бөлудегі мақсат оларға қарсы күресу шараларын тиімді қолдану.
Арам шөптердің бірнеше топтары бар. Соның ішінде мекендейтін ортасы бойынша: а) егіс арам шөбі немесе аңыздағы арам шөптер; б) тұрғын үйлерге, қора-жай құрылысына т.б. жақын маңда өніп-өсетін сыпырынды арам шөптер; в) шалғын мен жайлауда өсетін арам шөптер. Мекендейтін ортасы бойынша арам шөптердің осы аталған үш тобының арасында айқын шекара жоқ екенін еске алған жөн. Мәселен, түйе тікен құлан далада, жайлауда, тіпті аңызда да өсе береді.
Арам шөптерді агробиологиялық топқа бөлудің егіншілікте мәні зор. Бұл топтың негізінде мынандай белгілер алынған. Қоректену әдісіне қарай барлық арам шөптер паразиттер, жартылай паразиттер және паразит еместер болып бөлінеді.
Агротехнологиялық шаралар.
Ерте пісетін дақылдарды жинау кезінде немесе жинап алғаннан кейін дереу аңызды 6-8см (ылғалдылығы жеткілікті аудандарда) немесе 8-10см (құрғақшылық аудандарда) тереңдікте дискілі сыдыра өңдейді. Ал, жер эрозиясы немесе су эрозиясы бар жерлерде аңызды сыдыра өңдеу үшін культиватор – қыршуыштар (КПП -2,2) қолданылады. Олар топырақты 10-15 см тереңдікке дейін өңдей отырып, аңызға 70-80 пайызға дақыл сабағын қалдырады.
Аңыздық арам шөптермен күресуде танапты сыдыра өңдеудің тиімділігі оңтүстік аудандарда байқалады. Мұнда астықты жинап алғаннан кейінгі жаздың соңы мен жылы күз айлары арам шөп тұқымының өніп шығуына игі әсерін тигізеді. Жауын – шашын тапшы аудандарда жазғы және күзгі жүргізілетін сыдыра өңдеу арам шөп тұқымының өніп шығуына онша әсерін тигізе қоймайды, бірақ топырақты осылай өңдегенде көпжылдық арам шөптер өте жақсы қиылады және топырақ өңдеу жұмысы сапалы жүргізіледі.
Аңызды сыдыра өңдеудің пайдасы тек арам шөп тамырын қиюмен, топырақ қабатындағы ылғалды сақтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар сыдыра өңдеген танап топырағының беткейі тегіс болады да, оны өңдеу жеңіл болады.
Дәнді дақылдар бүркемесінде арам шөптер баяу өседі, бірақ егінді жинап алғаннан кейін олардың өсіп дамуына қолайлы жағдай туады, сондықтан арам шөптерге қарсы күресті дер кезінде жүргізу керек. Топырақты сыдыра өңдеуді дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін бірден жүргізген тиімді.
Оңтүстіктегі құрғақшылық аудандарда, сол сияқты астықты жинап алғаннан кейінгі кезеңі қысқа болатын аймақтарда кейбір жылдары күзгі уақыт жылы әрі ылғалды болса, арам шөптерді жою үшін сүдігерді біртегіс етіп жыртқан танапты культиватор немесе сыдыра жыртқышпен 10-12 см тереңдікте өңдейді [37].
Таза парға қалдырылатын танаптарды күзде өңдеу негізінен алғы дақылдар егісіндегі арам шөптердің түрлеріне және егінді жинау мерзіміне, сондай-ақ топырақтың ылғалдылығына және оның механикалық құрамына байланысты болады. Ерте парды өңдеуде арам шөптермен күресті күзде жүргізілгені тиімді. Алғы дақыл жиналып алғаннан кейін іле-шала танап топырағы сыдыра өңделеді. Мұндай жағдайда парды жақсартылған ерте пар деп атайды. Егер танап күзде сыдыра өңделмесе, онда оны көктемде жүргізеді, содан кейін ғана жыртады.
Көктемде топырақ жыртудың алдында сыдыра өңдеудегі мақсат көпжылдық арам шөптердің вегативтік жолмен өсіп-көбеюіне жол бермей толық қию. Мұндай жағдайда топырақ аз құрғайды және топырақ жырту сапасы артады. Таза парда топырақты жаппай өңдеу арқылы арам шөптермен күресуге мүмкіндік бар.
Топырақты көктемде және жазда өңдеудегі мақсат ылғал жинап оны сақтау, топырақты арам шөптердің тұқымынан және вегативтік мүшелерінен барынша тазарту, сондай-ақ мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың сіңірілетін түрлерін жинау болып табылады.
Егістік алқапты қара сүрі танапқа қалдырған жылы алдыңғы масақты дақылды жиып болысымен жерді сыдыра жыртып 10-12 см (ЛДГ 10 немесе БДТ-7 агрегаттарымен) өңделгені жөн. Күзде жауын-шашын түсіп, топырақ қабатының 20-25 см тереңдігіне ылғал жеткен кезде, жердің беткі қабатындағы арам шөптердің тұқымы толық шығады. Осы кезде сүдігерді тереңдете 27-30 см айдау қажеттілігі туындайды. Бұл қазан айының III онкүндігінде, қараша-желтоқсан айларында орындалуы қажет. Ылғал аз түсіп, күз құрғақ болып келген жылдары жер жырту тереңдігін 20-22 см қабатында жүргізген тиімді.
Жерді жырту алдында гектарына 20 тоннадан көң немесе Р40-60 кг/га нәрлі зат есебінде ендірілу қажет. Бұл топырақтың құнарлығын арттыру үшін тиімді агротехникалық шараның бірі.
Келесі жылы ерте көктемде уаыр тырма (БЗТС-1,0) салу арқылы ылғалды жауып, сонымен қатар арам шөптердің бірқалыпты өсіп-өнуіне жағдай жасау қажет. Соңынан арам шөптердің өскіні жетілмеген, жас кезінде сүрі танаптық жерді чизелдеу (16-18 см) қажет.
Жас кезінде 2-3 рет культивацияны арам шөптердің түп саны мен өскініне байланысты 14, 12 және 10см тереңдікке жүргізген тиімді.
Сүрі танапта ылғалды сақтау үшін, ерте көктемде жүргізілетін өңдеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуі, соның ішінде тереңдете чизелдеу (ЧКУ-4,0) немесе құс қанатты сүдіре жыртқышпен (КПШ-5, КПГ-2,2) жерді қопсыта өңдеу ылғалды молынша жинақтап, топырақтың терең қабатындағы ылғалдың буланып ұшып кетпеуінен сақтайды.
Топырақты жаз кезінде – негізінен көпжылдық арам шөптерге қарсы (түйе жантақ, кекіре, жатаған кекіре, тікен курай т.б.) күресуге және егістік алқаптың беткі жоғарғы қабатын қопсытып, ылғалды барынша мол сақтауға бағытталады. Ерте сүрі танапта топырақты негізгі өңдеу қыстың соңына ала көктемде (ақпан, наурыз айларында) тереңдете жер жырту, аудару және ауыр тырмалардың көмегімен ылғал жабуға бағытталып отырады. Ылғалды сақтау үшін және арамшөптердің жас өскініне қарсы күресу кезінде дискілі сыдыра жыртқыштарды суармалы жерлерде (ЛДГ-10, ЛДГ-20) қолданған өте тиімді агротехникалық шара болып табылады.
Жартылай сүрі танапта көпжылдық жоңышқаның бірінші орымын шөптік азыққа жиып алысымен, жерді тереңдете 27-30 см шым аударғышы бар қайырмалы соқамен жырту керек, бұл көп жағдайда мамыр айында жүргізіледі. Аударылған жерді жаз кезінде 2-3 рет чизелдеп өңдеуді ұсынамыз. Жоңышқалықтан кейінгі танап күздік бидай үшін тиімді, басымдылығы мол егіс болып табылады.
Суармалы жердегі дәнді дақылдардан жоғары түсім алу үшін оларды ауыспалы егісте жақсы алғы егістер орнына егу керек. Күздік бидай үшін ең жақсы алғы егіс – отамалы дақылдар және жоңышқа.
3 Тіршілік қауіпсіздігі
Тіршілік кауіпсіздігі - бұл адамды өндірісте, өндіріс ортасындағы кауіптен сақтар шаралары жиынтығы яғни, ол өндірістік процессте қалыптасқан адам өміріне денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің төнуі, енбек қызметінің жағдайы.
Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді, бұл қызметкерлердің еңбек орнында қалыптасқан әртүрлі қауіпті зиянды әсерлер өндірістің барлық ортасын ластайды. (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорау саласында ҚР нормативтік құқықтық актілерін әзірленген.33-тарау, 306-баптың бірінші тармағы, Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі ммемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ереже талаптарға сәйкес болуы тиіс 34 тарау, 311- баптың 1 тармағы 22.05. 2007жыл)
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады [38].
2) Қызметкерлер саны елу адамға дейін болатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымен енгізу туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып кабылдайды немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер қосып атқару үшін басқа маманға жүктеледі делінген.
Осы бапқа сәйкес "Микробиологиялық" еңбекті қорғауды басқарудың жүйесінде. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын бақылау тарауы жасалып қабылданған. Осы тарауда:
1) Бригадада жұмыстардың жүргізілуінің кауіпсіздігін бақылау барлық жұмыс уақытында (смена) бригадирлермен, мастерлермен, енбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлармен және жұмысшылар мен қызметкерлердің өздерімен жүргізіледі.
Барлық жұмысшылар - бригада мүшесі басқа жұмысшылармен қауіпті жұмысты қолдануды және еңбекті қорғау бойынша инспекциясын ескерте отырып жұмысты қауіпсіз жүргізуді өзара бақылау жүргізуге міндетті.
Ғалым М.И.Семенованың «Оңтүстік Қазақстанның агроклиматтың анықтамасы» деген еңбегінде жазылған .
3) Жұмысшы жұмыстың басталар алдында күн сайын жұмыс орнын еңбекті қорғауды өзіндік бақылауды қамтамасыз етуге міндетті: қондырғылардың, құрал - саймандардың, жұмыс орнын қауіпсіздік жағдайын және іске жарамдылығын тексеру және жеке бас қорғанысы құралының іске жарамдылығын тексеру.
4.Жоғарыда көрсетілген "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" туралы заңы, "Микробиология" құжаттары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жұмыс беруші жағынан жұмысшыға залал келген жағдайда төлем ақы төлеу, еңбек шартына сай қамтамасыз етілмесе, соңы жұмысшының жарақат алуына толықтырады, сонымен қатар жұмысшы жағымен жұмыс берушіге ол дегеніміз өндірістік инструкция, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамастан жабықтар мен шешімдерге зиянын келтіреді.
Жекетапсырма. Жасанды жарық табиғи жарық жетіспеген кезде жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарық жоқ ғимараттарда қолданылады.
Жасанды жарық функционалды белгілеумен жұмыстық және авариялық болып бөлінеді. Қажет болғанда әйтеуір бір жарықтың шырақтарының бөлігі кезекші жарықты қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Жұмыс жарығы - барлық ғимараттар мен үйлерді қамтиды сонымен қатар жұмысқа арналған ашық учаскелерді, адамдардың жүретін жерлерінде транспорт жолдарын қамтиды.
Авариялық жарық - жұмыс орнының авариялық өшіргенде жұмысты жалғастыру үшін арналады.
Эвакуациялық жарық ғимараттардағы жұмыс жарығы авариялық өшірілгенде адамдарды сол жақтан эвакуациялау үшін қолданылатын жарық. Адамдардың жүруі үшін қауіпті жерлері ескеріледі, қайда бір мезгілде адам саны бола алады.
3. Индивидуалды қорғау құралдары. Ауылшаруашылығындағы жұмыс орындарындары атмосфераға газ, пар, шаң түрінде денсаулыққа қауіпті зиянды заттар бөледі.
Жалпы және жергілікті аспирацияны қолдану әрқашан ауа ортаны толықтай тазарта алмайды. Тыныс алуға қауіпті рұқсат етілген нормадан асатын концентрациялар бөлшектеніп зиянды заттар анықталынып жатады. Бұл жағдайда жеңіл фильтрлеуші корғау құралы респираторды қолдануға ұсынады.
Өзінің тағайындауы бойынша респираторлар үш негізгі топқа бөлінеді: олар шаңға қарсы, газға қарсы және әмбебапты (әмбебапты бұл бір мезгілде аэрозолдан және басқада газдардан қорғайды).
Қазіргі уақытта ФГШ - 15 қолдану тапты. Бұл мата емес материалдар арнайы технология бойынша жоғарғы полимерлі шайыр негізінде алынған заттан тұрады. Бұл талшықтар электростатикалық зарядқа ие, бұл бірдей аэрозолды фильтрлеуге үнемділікті жоғарылатады.
Шаңға қарсы респираторға келесілер жатады: ШБ - 1 "Лепесток" моделді респиратор, бұл модельден үш түрлі респиратор шығарылады: Атаудағы цифрлар 200 есе рұқсат етілген шектен асатын концентрация кезінде 1мкм кем емес диаметрлі бөлшектермен жоғары дисперциялық аэрозолдан қорғайтын респиратор екенін көрсетеді. Дөрекі өндірістік шаңнан қорғану үшін бұл респиратордың қай -қайсысы болсын қолдануға болады, бірақ 200 еседен көп рұқсат етілгіш шекті концентрациядан аспайтын шаңдануда. "Лепесток респираторы эксплуатациялық қасиет пен жоғары қорғанысқа ие оларға шаңдану кезінде жайлап үдеуі және тыныстың үлкен емес қарсыласы тән.Олар әр түрлі дәрежедегі жұмыста шаңнан қорғануға ұсынылады.
Көзді қорғау құралдары. Өндірісте көздің зақымдануы және оның салдары әр түрлі болады- индиферентті шаңмен ластануынан және жеңіл әсер етуші соринкадан айтарлықтай зақымдануға жеке немесе толыктай көруден айыруға әкеледі. Көздің механикалық зақымдануы әдетте қатты бөлшектерден болады (жаңқадан, үккіш шаңынан, шьны сынықтарынан). Механикалық зақымдану қатарына сондай-ақ балқыған металл шашырандысынан көздің күйіп қалуы, жоғарғы температуралы қыздырылған сұйық, ыстық бумен, газбен күйіп қалу жатады.
Өндірісте көздің жоғарыда көрсетілген және басқа да көптеген зақымдану түрі, шүбәсіз индивидуалды корғаныс профилактикалық шара қабылдау және еңбек шартын жаппай сауықтыру жолын ескертуге болады. Көздің индивидуалды қорғаныс құралына бірінші кезекте көзқорғайтын ашық және жабық типті көзілдірік, жартылай маска, орбиталар және бет бөлігін жабушы, қолды және баскиімдік қалқан, арнайы тағайындалған маскалар.
Қоғамымыздың басты мақсаты - еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.
Қысқасы еңбек қорғау дегеніміз - тиісті заң және нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.
Еңбек қорғаудың зандылықтарын: Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, кәсіподақ ұйымдарымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Өндірістік санитария дегеніміз - еңбекшіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмауды ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық - техникалық шаралармен құралдардың жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі дегеніміз - өрттің алдын-алудың, өрт шығу себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі.
Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау.
Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, түрлі жарықтық, т.б. түрлі өндірістік жағдайларда әсер етеді. Осының бәрі белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті және оның жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Жоғарыдағы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, еңбеккерлердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.
Сонымен, еңбек жағдайы дегеніміз - еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.
Ауыл шаруашылығының ең басты саласының бірі - егін шаруашылығында, еңбек қорғаудың өз ерекшелігі бар. Егін егу мен жинау науқандары негізінен далалық қоста механизаторлармен жұмысшы звенолары қону арқылы атқарылады. Далалық қостың санитарлық-гигиеналық жағдайы қатаң нормативтерге сай болуы тиіс. Әсіресе механизммен жұмыс істейтін механизаторлар мен көмекшілеріне ерекше енбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау. Қазіргі заман өндірістік шаруашылықтары үздіксіз жаңа және күрделі машина, техника, агрегаттар құралдармен жабдықталып тұрады. Олар қауіпсіздікті қорғау талабына сай ғимараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаруашылықта электр энергиясынан пайдалану жұмыстарды, қызметшілерді электр қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігімен танысу міндетті болады. Шаруашылықты химиялндыру ауылшаруашылығы қызметкерлерін улы заттар және тыңайтқыштар жұмыс атқару тәсілдерін терең үйренуді талап етеді. Себебі аталған заттармен білімсіз жұмыс атқару тек улануға емес тіпті жарылыс және өрткеде алып келеді.
Еңбекті қорғау ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жасау жағдайын жақсартуда қорғауда санитарлық-гигиеналық техникалық жұмыстарды жүргізуде заңмен қадағаланады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс атқарудың күрделігі ауыл шаруашылығы өсімдіктері және жануарлардың үздіксіз өсіп-өніп өркендеп баруы және олардың өнімін асыруда өз уақытында алдын-ала шараларды қолдану болып табылады.
Түрлі табиғи және кездейсоқ жағдайларға байланысты жоспарланған жұмыстар өз уақытында атқарылмай қалып кейде жұмыс уақытынан кейін түнде жұмыс атқаруға тура келеді. Солай етіп жұмыстың жүру реті бұзылады. Бұл жағдайда шешуші ролді шаруашылық басшыларының жұмысшылар еңбегін дұрыс ұйымдастыру қабілеті қажет.
Техникалық қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талабына сай барлық өзі жүретін техникалар конструкциясы бойынша таратылады. Ауыл шаруашылығы машиналар, тракторлар айдаушылар травма қауіпсіздігі үшін алынатын, ығыстырылатын, көшірілетін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыдағы аталған қауіпсіздік талаптарына жауап беретін (механизм болмауы, жабдықталмаған жұмыс орны, жөнделмеген тежегіштер, дыбысты белгілері болмаған, алғашқы жәрдем дәрі-дәрмек құтысы және температураны түсіретін дәрмек болмаған техникалар) жұмыс атқаруға жіберілмейді.
3.1 Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі
Минералды тыңайтқыштар химикаттармен жұмыс атқару агроөндіріс, ауыл шаруашылығын химияландыру басқармасының кепілдемелерімен ауыл шаруашылығы кәсіп союзы (профсоюз) келісімімен қамтамасыз етілу қажет. Минерал тыңайтқыштар және химикаттар тарату арнайы складтардан пайдаланады.
Минералды тыңайтқыштар, химикаттарды сақтау жағдайы, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, арнайьшығына байланысты болғаны үшін склдтар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Көбінесе сұйық химикаттарды сақтауда үлкен қауіп туылады, сол үшін оларды сақтауда және тасымалдауда крандардың толық жабылуына, тесік жарық болмауына, монометр жағдайына, сұйықтың көлеміне, тағы басқа қауіпсіздік шараларға үлкен назар аударылуы қажет.
Химиялық өсімдіктерді қорғау препараттардан пайдалануда, үлкен сергектік сакталуымен бір қатарда жеке қорғаныс заттарынан дұрыс және өз уақытында пйдалану қажет.
Химиялық препараттармен жұмыс атқаруда тек дені сау медициналық көріктен өткен және химиялық препараттар қасиеттерін әсерін жақсы білетін олармен дұрыс жұмыс істей алатын адамдарға рұқсат беріледі. Химиялық заттармен жұмыс атқару тәулікте 6-сағаттан артпауы қажет. Әр бір шаруашылықта химиялық улы заттарды ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиянкестерге қарсы жұмсалуы қатаң есепке алынуы керек [39].
Химиялық қауіпті заттармен жұмыс алып барғанда жұмысты бастаудан алдын сол аймаққа жақын тұрғандар және медициналық пункт қызметкерлері құлақтандырылуы қажет. Уақытшалық қауіпті аудандарда қорғаныс, түсті маталар, жалаулар, белгілер қойылады.
3.2 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
Дипломдық жобада санитарлы-техникалы гигиеналық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.
Өндірістік санитария мынадай санитарлық жұмыстарды мерзімді түрде жүргізіп отыруды талап етеді, яғни күнделікті жұмыс орнында ылғалды тазалау жүргізіп отыру, ал эстетикасы жұмыс орнын көру рецепторларының реакциясын есепке ала отырып дайындауды талап етеді, себебі жұмыс қалай болғанда да технологиялық процеспен байланысты болғандықтан организмнің жүйесіне зиянды әсер етеді.
Өндірістік санитария жұмыс алаңдарында зиянды өндірістік факторлардың әсерін тоқтататын ұйымдық, гигиеналық және санитарлы-техникалық іс шаралар мен құралдар жүйесін береді.
Автоматтандырылған жұмыс орындары орнатылған жұмыс жайларында олардың өлшемі (ауданы, көлемі) ең алдымен оларда орнатылған және жұмыс істейтін аппараттық құралдар комплектісінің санына сәйкес келу керек. Оларда ауа температурасының, жарықтанудың, ауа тазалығының сәйкес параметрлері қарастырылады, өндірістік шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді және т.с.с.
Еңбектің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін санитарлық нормаларды бір жұмысшыға орнатады, жұмыс аумағының көлемі 15 м кем емес. Қабырға көтерілген немесе тұйық қоршаулармен салынған алаң жасанды жарықтанумен және жалпы алмастырғыш желдеткішпен қамтылғандықтан ауданы 4,5 м3 кем емес. Машиналар залы мен магнитті тасығыштар сақтайтын орындарға арнайы сұраныстар қойылған. Машина залының ауданы жабдықтардың берілген типінің зауыттағы техникалық шарттарына сәйкес келуі керек.
Көлеңке жақта орналасқан, яғни жарық аз түсетін жайларда жасанды жарық немесе араласқан жарықты қолданады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жұмыс орнының рационалды түрде түстік дайындалуы еңбектің санитарлы-гигиеналық шартын жақсартуға, оның өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жұмыс орнының бояу түсі адамның жүйке жүйесіне, оның көңіл күйі мен соңғы есепте еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Негізгі өндірістік жұмыс аумақтарын мақсатты түрде техникалық құралдардың түсіне сәйкес бояу керек. Жұмыс аумағы мен жабдықтың жарықталуы жұмсақ, жылтырсыз болуы қажет.
3.3 Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар
Дипломдық жобада метеорологиялық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.
Өндірістік ортадағы метеорологиялық шарттар — температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы адам организмінің жылу алмасуын анықтайды және организмнің түрлі жүйелерінің функцияналдық жағдайына, қалыпты жағдайына, жұмыс істеу қарқындылығы мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Одан қоймай, жылу алмасудың бұзылуынан (салқындап кетуі немесе ысып кетуі) адамға зиянды заттардың, вибрациялар мен басқа да өндірістік факторлардың әсер етуі күшейеді.
Метеорологиялық факторлар жеке дара да немесе олардың бір-бірімен үйлесімі адамның функциялдық іс әрекетіне, қалыпты жағдайы мен денсаулығына үлкен әсерін тигізеді.
Мемлекеттік стандарттармен оптималды микроклиматтық жағдайлар орнатылған. Олар жылулық комфорт пен жоғары жұмыс қабілеттілігі үшін жайлы жағдайлар қамтамасыз етеді. Температураның рұқсат етілген нормасы - 18 ден 250C, қатысты ылғалдылық - 75% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы — 0,5 м/с, қысым 760-765 мм. рт. ст.
Жұмыс алаңында қысқы және өтпелі жыл кезеңінде ылғалдыққа, ауа қозғалысының жылдамдығына қатысты температураның оптималды және рұқсат етілген нормалары келесі таблицада көрсетілген.
1-жұмыстар, отырып, тұрып жасайтын немесе жүрумен байланысты, бірақ ауыр заттарды көтеріп, жылжытуды, физикалық күшті қажет ететін жұмыстар.
2-жұмыстар, жүріп істеумен байланысты, бірақ ауыр заттарды жылжытумен байланысты емес.
3-жұмыстар, жүйелі түрде физикалық күш жұмсауды талап ететін жұмыстар (10 кг асатын ауыр заттарды үнемі көтеріп, жылжыту).
3.4 Электр қауіпсіздігі
Қазіргі уақытта қандай да болсын өнеркәсіпті электр энергияны қолданусыз жұмыс істеуінің өзін елестету қиын. Еліміздегі халық шаруашылығының қарқынды дамуы, өндріске жана техника, автоматизация ендіру технологиялық процесс механизациясы электр энергиясын тұтынуға үлкен қажеттілік тудырады.
Бұндай болмауы үшін, электр қондырғышының ток жүрмейтін металл
бөлігінен жерлендіру қорғанысы жүргізіледі.
Электр қондырғышының апатсыз жұмыс істеуі, сондай - ақ электр жарақат жағдайы көбінесе басшылықтың квалификациясы мен қызмет етуші қызметкерлер және электр желісі, электр қондырғыда жұмысты ұйымдастыруға тәуелді. Осы мақсаттар өнеркәсіпте арнайы дайындалған электротехникалық қызметкерлер қатарынан өнеркәсіп электр шарушьшығының жалпы эксплуатациялық күйіне жауап беруші тұлға тағайындалуы тиіс [40].
3.5 Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама
Жану процесі күрделі физика-химиялық процесс болып саналады, жанатын заттармен оксидтеушілер, қышқылдар арасында жылу және жалын бөлумен жүреді.
Өрт пайда болуына жану процесі көзі, жанатын заттар және 14% көбірек ауада оттегі болуы керек.
Өрт дегенде арнайы жану көзі болмаған жерлерде басқарылмайтын және материалдық шығындарға алып келетін жалын көзін айтамыз. Өрттің себептері түрліше, көбінесе өрт адам әсерінде пайда болады. Кейбір жағдайларда электрленген найзағай әсеріненде болуы мүмкін.
Өндірістік ғимараттар, құрылыстың барлық А. категориясы сондай-ак, тыңайтқыш складтары, химиялық препараттар, өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар складтары, тұрғындар жасайтын ауданнан бөлек, ашық және техникалар еркін жүре алатын жерлерге құрылысы қажет. Ауылдық өңір шаруашылық басқармасы жұмыс орындарында өрттен сақтау және құтқару бойынша өрттен қорғау қарауылдық штаттар немесе өз еркімен өрт дружинасын түзеді. Ал үлкен өндіріс орындары, мал шаруашылығы фермаларында өрттен қорғау бөлімшелері қызмет атқарады.
Өртті өшіру жабдықтарына: су, химиялық қосылыстағы көбікті жанбайтын сұйықтық, булы сұйықтық, көмір қышқыл газы механикалық жолмен өрттен қорғауға барлық топырақ түрі, киіз, жабуға жарайтын жабынғыштар кіреді. Жоғарылардан басқа оттегінің төмендетілген концентрациясы инертті газ - азот қолданады. Өрт сөндіруде өртті сөндіргіш балон және порошоктарды пайдаланамыз. Өрттің алдын алу шаралары. Өрт себептері. Сөндіргіш құралдар мен өрт сөндіру ұйымдары [41].
Өрт сөндіру құралы ретінде келесілер қолданылады: сұйық және булы күйдегі су, құм, химиялық және механикалық заттарды қосу нәтижесінде алынатын көбік, көмірқышқыл газы, грунттың барлық түрлері. Барлық өрт сөндіргіштердің ішінде ең тиімдісі - өртсөндіргіштер. Оның 2 түрі бар: көбікті және көмірқышқылды.
Көбікті өртсөндіргішті ОХП – 10 кішкене өрттерді сөндіруде қолданылады.
Көмірқышқылды өртсөндіргіштерді ОУ – 2, ОУ – 5 және ОУ – 8 мекемелерді, тоқ астындағы және жанып жатқан құралдарды сөндіруде қолданады. 30 мың адам жасайтын ауылдық жайлы және поселкаларда судың бір ғимаратқа жұмсалуы (15 л/с) дұрыс келеді. Ауылдық құс фермасы, жалпы ғимараттар үшін 2,5- 5 л/с ағатын су дұрыс келетін. Ауылдық жерлерде сумен қамтамасыздандыру көзі болып (өзен, көл, тоғандар немесе жасанды өрт сөндіру бассейндері ) есептеледі. Сыртқы және ішкі өрт өшіру су жұмсалу нормасын төмендегідей формуламен есептеуге болады:
Qп = 3,6 х 1х 3 х 2500 = 28600
Бұнда: q – ішкі және сыртқы өрт өшіруге кететін су сығым нормасы; Тn - өрт уақыты; Пn – бірдей басталған өрт, өрт бассейні жұмсалмайтын су қоры м3.
Wп = 28600 +2400 + 0,5х 2000= 31000
Бұнда: Qт – техникалық бағытта жұмсалған су м3/сағ.; Qх – шаруашылық бағытына жұмсалатын су м3/сағ.
Өрт өшіруде су құндағынан ағатын су жылдамдығы төмендегі формуламен анықтайды:
V0 = √ 2 х1х9,8 = 9,6
Бұндағы: Н – құдықтағы су сығымы м.; g = 9,8 м2/с.
Ауа қарсылығын есепке алмағанда судың атқылауының теориялық қашықтығы, теңдеуге қарасақ:
L = 9.6 / 1 * 35 = 336
Бұндағы α = 350
Бір құндақтағы су жұмсалуын төмендегі формуламен анықтауға болады.
Qқұн. = 0,5х 32 х √2х 9,8х36 = 120
Бұнда: М – жұмсалу коэффициенті, ол атқылау диаметрі (0,5) есебінде; S – құндақ тесігі көлемі мм2.
Өндірістік және мәдени қызмет ғимараттарында өрт сөндіруде негізгі мақсат және атқарылатын қызмет адамдарды эвакуациялау және бағалы нәрселерді тасымалдып құтқарып алу болып есептеледі.
Эвакуациялауға кететін уақыт адамдар жағдайының жоғары критикалық көрсеткішіне байланысты. Оларға: температура 600 С жоғары, бөлмедегі ауада оттегінің мөлшері нормадан (20%) төмендеуі, түтін нәтежесінде көру қашықтығы кемиді.Ауада улы заттардың пайда болуы кіреді.
3.6 Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" туралы заңы қабылданды, осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым - қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезінде, процесінде енбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай - ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау саласындағы мемлекеттің саясатының ең негізгі принциптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді.
Осы Заңның 5 - ші тарауының (Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру) 21 - бабында (Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметте):
1) Қызметкерлер саны елуден асатын өндірістік ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметін кұруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.
Төтенше жағдай - бұл авариялық табиғи қауіпті құбылыстан, апаттан, стихиялық және басқа да қауіпті және зиянды факторлардан пайда болатын белгілі бір аймақтағы, сонымен қатар өмір жағдайын бұзатын және материялдық шығын әкеліп соқтыратын апат жері [42,43].
Төтенше жағдай ошақ көзінің мінездемесімен және масштабымен классификацияланады.
Ошақ көзінің мінездемесі бойынша төтенше жағдай екіге бөлінеді:
Техногендік және табиғи.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай тыныштық жағдайда болуы мүмкін. Бұл қауіпті уландыратын химиялық заттардың қалдықтарынан пайда болады, өндірістік авариялар, өрт және жарылыс қаупі, көліктік авариялар: темір жолдағы, машиналық, теңіздегі және өзіндік, сонымен қатар метрополитендегі қауіпті жағдайлар.
Масштабы бойынша төтенше жағдай аварияларға бөлінеді. Бұл жағдайда техникалық жүйенің құрылыстың, көлік құралдарының бұзылуы байқалады. Ал апат жағдайларға материалдық құндылықтардың бұзылуы ғана емес, сонымен қатар адам өлімі деп байқалады.
Барлық апат түрлеріне, олардың аумағына тәуелді емес келесі критериялар қолданылады:
- апат кезіндегі өлім саны;
- жарақат алғандардың саны (жарақаттан қайтыс болғандар, мүгедекке ұшырағандар);
- жекелік және қауымдық жағдай;
- физикалық және психологиялық жағдай;
- материалдық шығын.
Өндірістің барлық сферасында пайда болатын апаттар саны күннен күнге дейін өсуде. Бұл жағдайлар жаңа техникалық және материалдарды, ауылдық тұрмыстарды қолдану және т.б. факторлармен байланысты болып келеді [42].
Авариялардың болу себептері:
- жобалау кезіндегі қателіктер және құрылыстардың қауіпсіздігін қорғаудың кемшіліктері;
- сапалы емес құрылыс,
- өндірістің дұрыс орналыстырмауы;
- жеткіліксіз дайындықтан техникалық процесс талаптарының бұзылуы;
-өндірістің түрлеріне байланысты организациялық объектілердегі авариялар мен апаттар және көліктегі апаттар келесі сипатта кездесуі мүмкін. Олар: жарылыс, радиоактивті заттардың қалдықтары, өрттің пайда болуы және т.б.
4.1 Күздік бидай «Интенсивная» сортын өсіру ерекшеліктері және қоршаған ортаға ықпалы
Қазақстанда астық өсіру және өндіру ауыл шаруашылығының басты бағыты. Соңғы жылдары астықты дақылдардың егіс көлемі 12 млн. Гектар төңірегінде қалыптасып 12-17 млн. Тонна астық жиылып келеді /1/.
«Интенсивная» - сорты факультативті бидай түріне жатады. Интенсивная сортын Кырғыздың егіншілік ҒЗИ «Безостая-1» х «Казахстанская-126» сорттарын іштей будандастыру тәсілімен шығарған.
Зерттеулер Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде күздік бидайды себу мезгілі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жүргізілді. Күздік бидай үшін суармалы жерлерде тиімді алғы дақыл болып көп жылдық жоңышқадан соң және отамалы дақылдардан соң егілгені тиімді екені ғылыми негізделген. Осы жағдайды ескере отырып күздік бидайды ауыспалы егіс жүйесінде жүгері дақылынан соң ектік. Зерттеулер жүргізілген жылдары себу мерзімі ұсынысқа сәйкес 25 қыркүйек және 1 қазан күндері қолдан реконструкция жасалынған көкөніс сепкішімен СО-4,2 егілді (сепкіш тетіктерін модернизациялап 70 см арақашықтықта жалдың қыратына 20 см 2 қатарлы егу қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысы 6 танапты астықты - шөптік ауыспалы егісінде жүргізілді.
Зерттеу нысаны бидайдың «Интенсивная» сорты.
Далалық тәжірибе төрт қайталама бойынша мөлдектерді орналастыру тәсілімен қойылды.
Тәжірибеде мынадай бақылаулар, есептеулер мен талдаулар жүргізілді:
- Бидай өсімдіктерінің негізгі даму кезеңдері мемлекеттік сорт сынау комиссиясының әдістемесі бойынша тіркелген.
- Мөлдектегі өсімдіктер саны өскін кезінде және жинар алдында алты тұрақты алаңнан есепке алынды.
- Топырақтың 1 метр тереңдігіндегі ылғалдылығы әрбір 10 см қабаты сайын термостатты - таразылы әдіспен арпаны себерде, түптенгеңде, масақтанғанда және жинар алдында анықталған. Қайталануы үш ретті топырақ үлгілері АМ-16 бүрғысымен алынды.
4. Топырақтың 0-20 және 20-40 см қабатындағы сіңімді қоректік элементтердің мөлшері мөлдектің 6 нүктесінен алынған аралас үлгілерден анықталды. Нитрат азоты дисульфофенол қышқылы арқылы Грандваль – Ляжу әдісімен, жылжымалы фосфор Мачигин бойынша, ауыспалы калий жалынды фотометрде жүргізілген.
5. Тамыр жүйесінін морфологиялық құрылымы, даму қарқындылығы және буын тамырлардың саны И.О.Байтулиннің әдістемесі арқылы жүзеге асырылды.
- Бидай өсімдіктерінің құрғақшылыққа төзімділігін бағалау П.А.Генкель және А.А.Ничипорович нұсқауларының көмегімен атқарылған.
7. Егістіктің арамшөппен ластануы арпаны жинар алдында қайталануы 6 ретті сандық-таразылы эдіспен есепке алынды.
8. Бидай дәнінің толық пісу кезеңінде әр бір мөлдек бойынша биологиялық өнімділігі анықталды;
9. ОҚО суармалы егіншілік жағдайында бидайдың «Интенсивная» сорты себу мөлшері мен қоректендіру аясының экономикалық тиімділігі есептелді
Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ өңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан құнарлығы тқмендеген топырақтарға да егін егудің қажеттілігінен туып отыр [46].
Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
1. Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына ыңғайлы біркелкі майда түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
2. Арам шөптерді жою.
3. Танап топырағына органикалық, минералды тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4. Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топыағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.
6. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдамайтын зиянкестермен ауру қоздырғыштарды жою.
7.Танап топырағына ғылыми негізделген тереңдігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
8. Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
Топырақ өңдеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арам шөп тамырларын қырқу, оларды топырақ бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.
Есептеу бөлімі.
Қатты қалдықтарды топыраққа тастаудың экологиялық шығынының жылдық көрсеткішін есептеу.
Aуыл шаруашылығының қалдықтарының шығынын келесі формуламен есептейміз:
Уn=Zn*Kc*Mn
Zn - Қалдықтарды арнайы бөлінген территориялар, полигондар жинақтаушылар жэне рұқсат етілген қоймаларда сақтаудың төлем ақысы, тенге/1 тонна қалдыққа.
Күздік бидай өсірудың қалдықтары зиян әсерінен V қауіптілік класына жатады, оның 1 тонна қалдыққа төлем ақысы 11683 теңгені құрайды.
Кс - нақты қәсіпорнының өндірістік қалдықтарын жинақтаушысы орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық маңызы жағынан көрсеткіші. Оңтүстік Қазакстан облысы үшін бұл көрсеткіш 1,8 құрайды.
Мп - қалдықтардың салмағы, т/жыл. Гербидцидтің тәуліктік калдықтарының көрсеткіші – 3,75 кг. Яғни, 5 гектарға 18,75 қалдықтар шығарады.
Үп =11683*1,8*3*18,75=118290 теңге/ жылына
Гербицидтерді практикада қолдану өте күрделі әрі арнайы біліктілікті, экологиялық білімді және тәжірибені талап етеді. Оны қабылдаудың мерзімі, мөлшері алдын-ала жоспарланып, қолдануды, агроном-эколог немесе өсімдік қорғау мамандары жүзеге асырады. Өйткені әрбір химиялық препараттың өзіне тән қасиеттері, әсер ету аясы бар. Оның бәрі мемлекеттік стандарт пен сертификациялау мекемелері, Экологиялық сараптау орындарының, өсімдік қорғау институтының, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бақылауында болады.
Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары
Шаруашылықта қоршаған орта мәселесі ерекше мәнге ие. Егістік танапты дұрыс пайдаланбау, танаптың ластануына, эрозияның тууына әкеледі. Оларды қалпына келтіру үшін көп уақыт керек. Сондықтан шаруашылықтың мына қағидаларын орындап отыру керек.
- Егістік танапта ауыспалы егісті қолдану;
- Топырақты қасиетіне қарай керекті агротехникамен өңдеу;
- Топырақ ылғалдылығын сақтау;
- Жер жыртқанда керекті тереңдікті ескеру;
Қорытынды
1.Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр топырағында күздік бидайдың«Интенсивті» сортын өсіруде дақылының өнімділігін арттыруда минералды тыңайтқыш енгізілмеген нұсқаларындағы өнімділіктің төменгі көрсеткіші 5,0 млн өнгіш дән себілгенде 33,5 ц/га ал ең жоғарғы өнімді 3,0 өнгіш дән себілгенде 41,8 ц/га астық жиналды. Ал шаршы алаңдағы өсімдік жиілігі мен үстеп қорентендіруде фосфор тыңайтқышын 45кг/га азот 90 кг/га нұсқада 5,0 млн өнгіш дән себілгенде 37,3 ц/га ал ең жоғарғы өнімді 3,0 өнгіш дән себілгенде 47,3 ц/га, яғни 10ц/га артық өнім жиналды,бұл 3,0 өнгіш дән себудің тиімді екені тұжырымдалды.
2.Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егістік алқабындағы бидайдың «Интенсиная сортының өсімдік жиілігіне байланысты өнім құрылымының өзгеріске ұшырайтыны байқалды. Бұл себу мөлшері 4,0 және 5,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқалардың шаршы алаңдағы орташа дән байлаған сабақтар саны сәйкесінше 283 және296 дана/м2 ,ал өнім түптену 1,1 дананы құрады.
3. Күздік бидайдың «Интенсивная» сортының себу мөлшеріне байланысты төмендегіше нәтижелер болды. Үш жылдық көрсеткішке сүйенсек 2,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның далалық өнгіштігі үстеп қоректендіру мөлшеріне байланысты 64,0-86,0% деңгейінде болды, ал 3,0 млн. өнгіш дән егілген нұсқаның өнгіштігі 75,2-89,5% аралығында ауытқыды.
4. Өнімділікті анықтайтын негізгі көрсеткіштер бір масақтағы дән саны 3,0 млн. өнгіш дән себілген нұсқада бір масақтағы дән саны 42 дана, ал бір масақтағы дән салмағы ең жоғары 1,4г құрады. Өнім құрылымының сапа көрсеткіші 1000 дән салмағы 38,8г болып, қоректену аясына қарай фосфор тыңайтқышын 45кг/га азот 90 кг/га нұсқада өнімді түптенуі - 1,5 дана, ал 1,4г құрады. Себу мөлшері 5,0 млн. бір масақтағы дән саны ең төмен 33 дана, ал 1000 дән салмағы 31,6 г болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Т.С. Мальцев. Вопросы Земледелия // М.: Колос, 1995. 390 с.
- Т.С. Мальцев. Өмірімнің өзегі жер // Алма-Ата: Қайнар, 1995г. 31-34б.
- Е.Ш.Шоханов, Б.А. Мустапаев. Влияние стерновых кулис на влаго-обеспеченность яровой пшеницы в условиях южных карбонатных черноземов Павлодарской области // Почвозащитная система земледелия – основа устойчи-вого производства зерна в степном регионе. –Шортанды, 1996г. Т.2. С.20-23.
- Н.Н.Бакаев. Почвенная влага и урожай // Алма-Ата: Кайнар, 1995. С.7-9.
- Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях // Сб.докл. межд.науч.-практ.конф., посв.95-летию со дня рождения академика ВАСХНИЛ А.И.Бараева. Шортанды, 2003г. С.211-212.
- В.В.Докучаев, П.А.Костычев. Наши степи прежде и теперь // М.: Сельхозиздат, 1995г. 151 с.
- А.Г. Дояренко. Жизнь поля // М.: Колос, 1996г. 71 с.
- М.И.Рубинштейн. Богарные почвы предгорных равнин Тянь-Шаня (физические свойства и водный режим) // Алма-Ата: Наука, 1998г. 131 с.
- С.С. Сдобников. Острые проблемы теории обработки почвы //Земледелие. М., 1998г. №12. С.16-22.
- Л.Н.Барсуков, К.М. Забавская. Изучение условия плодородия в различ-ных прослойках пахотного слоя в зависимости от обработки // Почвоведение. М., 1995г. С.18-23.
- М.Б.Ревут. Плотность почвы важнейший фактор ее плодородия // Пути регулирования почвенных условий жизни растений. Л.: Колос, 1999г. С.47.
- В.Р.Вильямс. Почвоведение. Земледелие с основами почвоведения // Основы земледелия. М.:Сельхозиздат, 1999. Ч.2. С.279-290.
- В.В. Докучаев. Почвоведение // М.: Изд-во «Высшая школа». 1997г. С. 4-10.
- Ю.Б. Мощенко. Почвозащитное земледелия степной зоне Сибири // Земледелие. М., 1996г. №9. С.26-28.
- А.А.Зайцева, И.П. Охинько. К вопросу плодородий южных карбонатных черноземов в Целиноградской области при отвальной и почвозащитной обработке // Теоретические вопросы обработки почв. Л.: Гидромедиздат, 1999г. Вып.2. С.71-84.
- Е.Н.Нұрманбетов. Тәлімі жерлердің пар танабын сыдыра таяз өңдеп, сабан шашудың су режиміне ықпалы // Жаршы. Алматы: Бастау, 2002ж. №3. Б.12-15.
- М.К.Сулейменов. Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия в изменившихся социально экономических условиях. // Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях. Шортанды, 2003г. С.8.
- В.К.Бугаевский, В.М.Кильдюшкин, А.А.Романенко. Условия эффективности нулевой обработки почвы на Кубани. Краснодарский НИИ сельского хозяйства им. П.П. Лукьяненко / /Земледелие. М., 2005г. №2. С.21.
- Х.Х.Хабибрахманов, В.Д. Мареев. Основная обработка почвы под яровую пшеницу // Земледелие. М., 1995г. №5. С.39-40.
- Э.Ф. Фолькнер. Безумие пахаря (пер.с анг.) // М.: Сельхозиздат, 1999г. С.19-27
- Л.М.Любарская, Э.А.Бабарина, А.Н.Братерская. Влияние длительного применения легко- и труднорастворимых фосфорных удобрений на накопление и превращение фосфора в почвах // Удобрение и плодородие почв. М. 1996. С. 53-104.
- Дж. Миллз. Химическая вспашка почвы // Сельское хозяйство зарубежом. Растениеводство. М., 1996г. №1. С.16.
- И.П.Макаров. Дифференциация пахотного слоя по плодородию и способы обработки дерново-подзолистых почв //Земледелие. М., 1985г. №3. С.7-11.
- С.С. Сдобников. Двухъярусная вспашка // Земледелие. М., 1999г. №2. С.56-59.
- Н.А. Сапожников. О биологической основе глубокой обработки дерново-подзолистых почв // Сб.науч.трудов ин-та микробиологии. М., 1995г. Вып.VII. С.79-83.
- Н.З. Станков. Корни и почвы // Земледелие. М., 1995г. №10. С.56-59.
- Я.П.Худяков. Биологические основы окультуривания подпочвенных горизонтов подзолистых почв // Сб.науч.трудов ин-та микробиологии. –М., 1995г. Вып.VII. С.45-51.
- И.Б. Ревут. Физика почв // Л.: Колос, 1995г. 67 с.
- Е.П. Мишустин. Биологические пути повышения эффективного плодо-родия почвы //Сб.науч.трудов ин-та почвоведения. М., 1995г. Вып.II. С.37-41.
- Л.Н.Барсуков, К.М. Забавская. Изучение условия плодородия в различ-ных прослойках пахотного слоя в зависимости от обработки // Почвоведение. М., 1995г. №12. С.18-23.
- Ш.А. Чулаков. Влияние различных способов обработки почвы на динами-ку микробиологических процессов // Сб.науч.трудов ин-та микробиологии АНКазССР. Алма-Ата, 1996г. №7. С.249.
- К.И. Балтян. О перемещении пахотного слоя при безотвальной обработке по методу Т.С. Мальцева // Изд-во АНСССР. М., 1995г. №4. С.117-125.
- В.Н. Береснева. Влияние различных способов обработки дерново-подзолистой почвы на микробиологические процессы // Изучение влияние обработки почвы на микробиологические процессы: сб.науч.трудов ин-та микробиологии АНСССР. М., 1998г. Вып.VII. С.81-87.
- Стебут И.А. Обработка почвы //Русское сельское хозяйство. М., 1997г. XII.3. С.11-17.
- В.Г. Мосолов. Углубление пахотного слоя // Сб.сочинении. М.: Сель-хозгиз, 1996г. –С.565.
- А.А. Измаильский. Избранные сочинения // М.: Сельхозгиз, 1999. 335 с.
- А.В. Советов. Избранные сочинения. М., 1999г. 441 с.
- Еңбек қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан, 23. 02. 04.
- Тұрғылықты жердің радиациялық қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан 23. 03. 98.
- Г.В. Макаров и др. Охрана труда в хим. Промышленности // Химия, 1997г. 568с.
- В.Д.Линецкий, Ж.И. Пряников. Охрана труда и техника безопасности и пожарная профилактика на предприятиях хим.промышленности // М. Химия, 1996г. 440с.
- В.Л. Кушелев. Основы техники безопасности на предприятиях хим. Промышленности // М. Химия, 1997г. 232с.
- В.М.Эльтерман. Вентиляция хим. производств // М. Химия, 1999г. 540с.
- Қоршаған ортаны қорғау туралы // Алматы, Казахстан 15. 06. 97.
- В.Г. Сахаев, Б.В. Щербицкий. Справочник по охране окружающей среды // Киев, Бидивельник 1996г. 35-42с.
- Концепция экологической безопасности республики Казахстан // Казахстанская правда от 10.12. 2007г. 7-8с.
Жарияланған-2022-05-31 11:06:27 Қаралды-791
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы