UF

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

Адам қауымының қазіргі даму кезеңінде қоғам сан алуан мемлекеттерге бөлінген.

Әрбір жеке мемлекет өз ішінде қабылдаған заңға бағынады және ол занды бұзушы жауапқа тартылады. Жеке мемлекет өзінің аумағынан тыс жерде халықаралық үйлесімділікті (гармония) таңдауы мүмкін немесе халықаралық тәртіпке бағынбауды тандауы мүмкін, бұл таңдау оның еркіне беріледі.

Әрбір жеке мемлекет шағын мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынасты үлкен жауапкершілікпен жасауы мүмкін не керісінше қарым-қатынас орнатып, басып алу саясатын жүргізуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас басқа мемлекеттерге де әсерін тигізеді.

Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасындағы ең басты мақсаты - осы қатынастарға ықпал ету арқылы өз елі үшін көп пайда әкелу, бірақ ол өз мүддесі үшін басқа мемлекеттерге қатысты жүргізетін саясатын тұжырымдауға міндетті. Жеке мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралык үйлесімділік мүддесіне сәйкес жүргізеді, соғыстарды болдырмай, соғыстардың алдын алу саясатын ұстанады және мемлекет байлығын талан-таражға салдырмау - басты мақсаттарының бірі.

Сыртқы саясат тұжырымдамасының болуы - сол ұлттың ақыл-ойының бір көрінісі. Сыртқы саясатты тұжырымдау - саясатшылардың ісі, ал халықаралык қатынастарды жүргізу, сыртқы саясаттағы баса назар аударатын жайларды икемге келтіріп шешу - дипломаттардың ісі.

Дипломатияның негізі - ойлар мен идеялар арқылы мемлекеттердің өзара және халықаралық ұйымдармен қарқынды қатынас жасау жолдары. Бұл қатынас жолдары үкімет басшылары арқылы тікелей немесе елшілер арқылы делдалдардың көмегімен жүзеге асырылады. Ірі мемлекеттер мен көршілес мемлекеттер араларындағы дипломатия-өзінің ең жоғары деңгейінде үкімет басшылары көзбе-көз кездесіп, ой толғап, әңгімелескеннен кейін ғана оңай және үйлесімді жүргізіле алады. Бірақ дипломатиялық қатынастардың көп түрлігіне және қиындығына орай бұл қатынастар мемлекет басшыларының тікелей қатынасынсыз жүргізілуіне болады.

Адамзат қауымының ғасырлар бойы даму тәжірибесі осы мақсатқа жету жолында қызмет істейтін елші тұлғасының аса маңызды екенін көрсетті. Бірақ елші мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын ұстанады. Елші - дипломатиялық миссияның басшысы. Елшілік біртұтас команда сияқты жұмыс істеп, мемлекет пен мемлекет немесе мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы өте маңызды байланыстарды қамтамасыз етеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-11-01 17:35:22     Қаралды-4787

САДАҚПЕН КӨЗДЕП АТУЫ

...

Англияның садақпен ататын әскери құрамалары 1627-1628 жылдарға дейін қызмет еткен деген тарихи дерек бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН САН БАР МА?

...

Бір кездері адамдар соңғы нөмірге ие болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

...

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.

ТОЛЫҒЫРАҚ »