UF

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ТАРИХИ ДАМУ СЕБЕПТЕРІНІҢ АШЫЛУЫ

 

XIX ғасырға дейін адамдар жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар, тіпті бүкіл табиғат өзгермейді деген пікірде болды. Олардың ойынша табиғаттағы бар нәрселер мен тірі ағзалар дәл қазіргі кездегідей ғасырлар бойы тіршілік етіп келген және одан әрі тіршілігін жалғастыра беретін тәрізді болды. Жануарлар әлемінің өзгермеуі туралы көзқарастар көп уақыт бойы ғылымның дұрыс дамуына кедергі келтірді, жануарлардың шығу тегін анықтауға, олардың көп түрлілігін дәлелдеуге мүлде мүмкіндік болмады. Алайда ғалымдардың жануарлар тіршілігі мен құрылысын зерттеуі нәтижесінде жануарлар әлемінің өзгеретіні туралы деректер жинақтала түсті. Тіпті қазба кезінде бұрын тіршілік етіп, жойылып кеткен жануарлардың қалдықтары мен тасқа айналған таңбасы табылды. Қазір тіршілік етіп жүрген жануарлар мен қазбадан табылған қалдықтарды салыстыру жануарлар әлемі эволюциясы туралы ілімнің дұрыстығын зерттеу нәтижесінде бір жануарлардың екіншісінен пайда болғанын ғылыми тұрғыда көз жеткізді.

Жануарлар әлемінің тарихи дамуының себептері мен заңдылықтарын зерттейтін эволюциялық ғылымның, яғни эволюциялық теорияның негізін ағылшынның ұлы табиғат зерттеушісі Чарлз Дарвин негіздеді. Ч. Дарвин өсімдіктер мен жануарлар ағзасының басты эволюциялық қозғаушы күштері өзгергіштік, тұқым- қуалаушылық және табиғи сұрыпталу (немесе қолдан сұрыптау) деп есептеді.

Дарвинизм немесе Дарвин негізін қалағап эволюцияның ғылыми теориясы. Ч. Дарвин ғылыми эволюциялық теория жасауда негізгі эволюциялық қозғаушы күштерге сүйенді. Ол «Бигл» кемесімен бүкіл жер шарын айналып шығу саяхаты соңынан көп кешіктірмей, 1842 жылы болашақ кітабының нұсқасын жазып, кітап 1859 басылып шықты. Ағылшын табиғат зерттеушісі Альфред Рассел Уоллес пікірі Чарльз Дарвин идеясына сәйкес келсе де эволюциялық теория жасаудағы Дарвиннің ерекшелігін мойындап, 1858 жылы «дарвинизм» деген терминді тұңғыш рет қолданды. Дарвинизм дегеніміз - ол органикалық дүниенің эволюциясын табиғи сұрыпталу арқылы түсіндіретін теория.

Жануарлардың өзгергіштігі негізінде кептерден кегершіннің қолтұқымдарын шығару.

Эволюциялық қозғаушы күштердің бірі - өзгергіштік. Чарльз Дарвин сан алуан өсімдіктер мен жануарларды зерттей келе тұқым қуалау барысында көмескі өзгергіштіктің болатынын байқады. Олардың қай-қайсысының болса да ата-енелерінен тараған ұрпақтарының белгілері біріне-бірі мүлде ұқсастықтарын табу мүмкін емес. Жабайы және мәдени өсімдіктерді немесе жабайы және асыранды жануарлардың қолтұқымдарын салыстырып байқасаңдар, олардың бірінен-бірінің көптеген өзгешеліктері бар екенін өздерің де айқын көре аласыңдар. Кез келген туыстықтың бір дарасынан немесе даралар тобынан байқалатын әр түрлілік өзгергіштік деп аталады. Қазір біз өзгергіштіктің мутация нәтижесінің, ДНҚ-дағы гендер құрылысының өзгеруі екенін білеміз.

Тұқымқуалаушылық та эволюциялық қозғаушы күштердің бірінен саналады. Чарльз Дарвин туа пайда болатын белгілердің қай-қайсысы болса да ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін анықтады. Ата-енелердің оз белгілерін келесі ұрпағына беру қасиеті тұқымқуалаушылық деп аталады. Тұқымқуалаушылықты ата-енелерінен берілетін дәлме-дәл белгілер көшірмесі деп түсінуге болмайды, алайда жануарлардың бір түрінен тек сол түрге тиісті ұрпақ, ал өсімдіктерден тек сол түрге жататын өсімдік пайда болуы заңды әрекет болып табылады.

Эволюциялық қозғаушы күштің тағы бірі - табиғи сұрыпталу. Кез келген тіршілік иесі Жер үстінде геометриялық озықтықпен дамиды, яғни дүниеге келген ұрпақтар саны олардың ересек дараларынан әлдеқайда көп болады. Қолайлы жағдай болса (қорегі жеткілікті болып, жаулары жоқ болса), кез келген түрлердің жалпы саны қисапсыз көп болып дамитынына шек келтіруге болмайды. Тіпті ең сирек балалайтын пілдің өзі 740-750 жылда бір жұбынан 17 млн дара өрбітеді екен. Ал соншама даралар жыртқыштардың тісіне тап болмай, ауруға ұшырамай, ыстық-суыққа қалмай және басқа да айналадағы әр түрлі әрекеттерге ұшырамай өсіп, жетіліп, тірі қалуы олардың тіршілік үшін күресуі болып табылады. Осылай қолайсыз жағдайларга қарсы тұрып, айналадағы ортаның жақсы мүмкіндік қорларын пайдалана алған даралардың тірі сақталып, ұрпақ дамытуы күмән келтірмейді. Түр үшін пайдалы осындай белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілу мүмкіндігін Чарльз Дарвин тіршілік иелерінің тіршілік үшін күресі деп атады. Бұл жағдай ұрпақтардың ондаған, мыңдаған жылдар бойы табиғи сұрыпталуы нәтижесінде жүзеге асады, сөйтіп эволюциялық негізгі қозғаушы күшке айналады. Адамның қатысынсыз, айналадағы орта жағдайларына тіршілік үшін күресте төтеп берген түр немесе ұрпақ тірі қалады да, басқа әлсіздері жойылады, мұны Дарвин табиғи сұрыпталу деп атады. Егер адам асыраған жануарды немесе өсірілетін дақылды өзіне қажетті белгісіне негіздеп іріктейтін болса, ол қолдан сұрыптау деп аталады. Мал мен үй хайуанаттарының адам қолдан шығарған қолтұқымдары - қолдан сұрыптау нәтижесі.

Табиғи сұрыпталу ұзақ та баяу жүзеге асады және қолдан сұрыптауды адам тарихи қысқа мерзімде қалыптастыра алады. Табиғи сұрыпталу кезінде - жануарлар мен өсімдіктерге қажетті белгілер, ал қолдан сұрыптау кезінде адамға қажетті белгілер пайда болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-18 15:57:09     Қаралды-453

БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

...

Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

...

Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге д

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

...

Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ

...

Жүзім немесе курага мен бадам салынып, бұлғанған кәмпит массасы, яғни белокпен шайқалған қант-сірне шырыны осылай аталады. Өлшенетін етіп шығарылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН

...

Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮРКІЛЕРДІҢ КӨНЕ ЖАЗБАЛАРЫ

...

Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот

ТОЛЫҒЫРАҚ »