UF

АҚАН СЕРІ

 

Ақан Қорамсаұлы қазіргі Көкшетау облысында Қоспал деген жерде 1843 жылы туған.

Ақан ертерек оянып бозбалалық құрады. Ақанның сырлы сөзі, лирикаға толы, нәзік үні елдің назарын аударады. Ел ақынға сері деген атақ беріп, құрметтейді. Ақан Бәтима деген қызға үйленеді. Бәтимадан бір ұл, екі қыз туады. Он жылдан кейін Бәтима дүниеден өтеді.

Құсбегі, тазышыл, аңшыл Ақан жүйрік тазы, алғыр қыран ұстайды. Тазысына Базаралы, алғыр қыран құсына Қараторғай деп  ат қояды. Көп ұзамай-ақ ел аузында аңыз болып кеткен өрен жүйрік Құлагерге ие болады.

Ақан өз еліндегі Ұрқия деген қызға үйленеді. Бірақ ол да үш ай отасқаннан кейін қайтыс болады. Мұнан кейін жақын інісі өледі. Осы екі қаза Ақанға қатты батады.

Ақан кезіндегі қоғамдық мәні зор үлкен мәселелердің бірі жер мәселесі туралы толғанып, өкімет алдында заңды тілектер қояды. «Пара-пар крестьянға тең болмадық» дейтін өлеңінде ақын:

 Пара-пар крестьянға тең болмадық,

Тартылып қай жағаға ем болмадық?

Малымыз жерімізден пайда тиіп,

Қалайша патшамызға дем болмадық.

Орыс, ноғай, сарт-сабан, саудагерге,

Қалайша малмен, жермен тең болмадық? – дейді.

Ақан би, болыс, байлардан түңілсе де, ел үшін күресетін жастар деп ұғып, оларға деген сенімін жоғалтпайды.

«Заман туралы» өлеңінде жастарды өнерге, ғылымға шақырады.

Жігіттер өнер үйрен заманында,

Денсаулық әлің келген аманыңда,

Жайылып сахарада жатамыз деп,

Мінекей қалдың дұшпан табанында.

Ақан артта қалудың бір себебі – еріншектік, жалқаулық екенін айтады да, жастарды сақтандырады.

Ақан – лирик ақын. Бірқатар өлеңдері заман туралы ақынның көзқарасын, ой- сезімін көрсететін саяси лирикалар тобына жатса, бір алуаны, тіпті махаббат, достық, жастық тақырыбындағы лирикаға жатады. Ақанды әдемі табиғат та, алғыр қыран да, жүйрік атты да сұқтандыра қызықтырып, сұғына жырлатады. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың бәрін де ол егіле, беріле суреттейді. Оның «Ақиық пен ақ түлкі», «Ақ көйлек», «Сұлу қызға» т.б. лирикалық сұлулықты мадақтап, сүйсіне жырлайтындығы айқын аңғарылады. Ақан адамның түсі де, жаны да, ісі де сұлу болуын тілейді.

Ақан лирикалары өмірге құштарлықпен қарайтын, өмірді сүйетін жастардың жан сезімін танытқан. Сондай-ақ ақын адамның жас ерекшеліктерін де өлеңге қосты («Жастық шақтар», «Кәрілік», «Жиырма бес»).

Ақан өлеңдеріне ән шығарған («Сырымбет», «Майда қоңыр», «Көк жендет», «Қара торғай», «Әйкөк» т.б.).

Ақанның шығармашылығы дамып келе жатқан әдебиетіміздің, мәдениетіміздің қорына қосылған салмақты үлес болды.

 

Пайданылатын әдебиеттер:

1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997

2. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиет. Алматы, 1967

3. Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1986

4. Ақын – жыраулар. Алматы, 1979

5. Жұмабаев М. Ақан сері. Ақынның өмірі. // Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы, 1989. 318-345-б.б.

6. Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956

7. Бес ғасыр жырлайды. II том, Алматы, 1989, 143-165-беттер

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:41:42     Қаралды-3585

БАС КИІМДЕРДІ ТАЗАЛАУ

...

Бас киімдерді әр түрлі әдіспен тазалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР КҮЗДЕ НЕЛІКТЕН ҰШЫП КЕТЕДІ?

...

Мүмкін қардан қорқатын шығар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

...

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКБҰТА

...

Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БУНГЕ КИІКОТЫ - АТЕРОСКЛЕРОЗКЕ ҚАРСЫ

...

Бунге киікоты, райхан биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »