UF

АУА

Категориясы: Ғылым


АУА – жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады. Ауа мен судың әсерінен жер бетінде аса маңызды геологиялық процестер жүріп жатады. Ауаның негізгі құрам бөлігі оттек – тыныс алу үшін өте қажет. Оттек пен жануарлар мен өсімдіктер тыныс алады, ал өсімдіктер көмір-қышқыл газын ассимиляциялағанда оттекті атмосфераға кері қайтарады. Азот белоктар құрамына кіреді. 18 ғасырдың ақырына дейін Ауа элемент деп саналған. Оның құрамының күрделі екенін 1775-1777 жылдар А. Лавуазье анықтады. Осы кездегі дәл анықталған Ауаның құрам бөлігі төмендегідей.

Газдар аты

Колем  бойынша, %

Салмақ

бойынша, %

Азот

78,10

75,51

Оттек

20,93

23,15

Аргон

0,933

1,286

Көмірңышңыл газ

0,03

0,04

Гелий

5 ∙ 10-4

7 ∙ 10-5

Неон

1,8 ∙ 10-3

1,2 ∙ 10-3

Криптон

1 ∙ 10-4

3∙10-4

Ксенон

9 ∙ 10-6

4 ∙ 10-5

Озон

1 ∙ 10-6

-

Радон

6 ∙ 10-18

-

Сутек

5 ∙ 10-5

3 ∙ 10-6

 
Теңіз деңгейінде (ылғалсыз, шаңсыз) Ауаның орташа құрамы бүкіл жер шарында бірдей десе де болады. Бұл газдардан басқа Ауада өте аз мөлшерде су буы мен басқа да газ тәрізді қосылыстар болады. Ауа құрамы (шамамен 100 км биіктікке дейін) өте аз өзгереді. Жердегі Ауаның жалпы массасы 5 ∙ 1015 т. Су буы мен көмірқышқыл газы жоқ Ауаның 1 л салмағы 0° С және 760 мм сын. бағ. қысымында, 45° ендікте 1,2928 г-ға тең. Егер ауа дербес газ болса, оның грамм-молекула салмағы 29 г-ға тең болар еді, сондықтан орташа молекула салмағы «29» деп алынған. Ауаның кризистік температурасы - 140,7°С, кризистік қысымы 37,2 атм. 192°-тан төменгі температура мен 760 мм сын. бағ-на тең қысымда Ауа - көкшіл, жеңіл қозғалатын сұйық, тығыздығы 0,96 г/см3. Техникада жұмсалатын ауа мөлшері орасан зор, мыс., өндірісте 1 т қара металл алу үшін 16 мың м3 Ауа, 1 т мыс алу үшін 57 мың м3 ауа жұмсалады. Ауа өндірісте отын жағумен байланысты процестерге, түрлі реакцияларда кейбір газдарды, мыс., оттек, азот, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий алуда т. б. қолданылады.

Әдеб.: Бірімжанов Б. А. Жалпы химия. А., 1962; Некрасов Б. В. Курс общей химии. -М.-Л., 1952.

  Жарияланған-2019-12-19 15:17:51     Қаралды-15363

Мәлімет сізге көмек берді ма

Плутон зерттелген

...

«Жаңа горизонттар» - НАСА автоматты планета аралық станса, ол «Жаңа шекаралар» New Frontiers) бағдарламасы шеңберінде ұшырылды және Плутонды және оның табиғи спутнигі Харонды зерделеуге арналған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кейбір амфибиялар дене бөлігін қалпына келтіре алады

...

Аксолотль — қосмекенді амбистомалардың кейбір түрлерінің неотениялық дернәсілдері, құйрықтылар отрядының амбистомалар тұқымдасына жатады. Бұл қосмекенділер өз аяқтарын регенерациялаумен шектелмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОЛАҚ БҰЛАҚ ҮҢГІРІ

...

Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі - Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ» үңгірі. Ол «Арқалық» ауылындағы Едірей тауының ішінде.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ

...

Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

...

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »