UF

ШОЛАҚ БҰЛАҚ ҮҢГІРІ

Категориясы: Табиғат


Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі - Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ»  үңгірі. Ол «Арқалық» ауылындағы Едірей тауының ішінде. Үңгір аузы Едірейдің жатаған жартасты төбесінің алқымынан басталады. Жалғыз адам жүрелеп 1 кірердей үңгір ауызы 10-15 метрдей төмен құлдилап барады да, әрі карай кең сарай алаң болып кетеді. Бұл үңгірдің ұзындығы 400-500 метрдей. Табиғаттың осынау ғажайып жаратылысы, сөз жоқ, өз қойнына небір қызықты құпия-сырды бүгіп жатқаны анық. Жергілікті тұрғындардың айтуынша «ІІІолақ бұлақ» үңгірінің ішінде ақ сөңке сүйектер, кісі бойындай ақ жіліктер болған. Бұл жерде жыл сайын Едірей бөлімшесінің кой қырқымы өтеді. Ауыл балалары үңгірге кіріп ойнай бергең соң, үлкендер үңгірдің аузын тас пен құм араластырып бекітіп тастапты. Шынында да «Шолақ бұлақ» үңгірінің тас қараңғы тұңғиық көмейіне кіру балашағаның ойыншығы емес. 

  Жарияланған-2016-04-20 18:23:47     Қаралды-3346

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ФАКТІЛЕР

...

Біздің әлем таңғажайып және қызықты және бұл туралы көптеген дәлелдер бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕНТТЕН ҚАНДАЙ ТӘТТІ ТАҒАМДАР ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

...

Бұл - қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын, сондықтан да көшпелі халықтың дастарқанынан тиесілі орын алған ұлттық тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЗЕМЕЛӘК

...

Тоқаш қамырынан жасалатын тағам земелак деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІРЛЕР

...

Үңгір дегеніміз - ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әктас, гипс, доломит, т.б. жатады. Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰНДЫЗ

...

Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа қорек жинайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Юбкалардың түсінің саралануы

...

Kilt «киімді дене бойымен айналдыру» деп аударылады. Бірақ, заманауи килт – бұл материяның 3-8 ярдтан (7 метрден көп) тұратын аса күрделі конструкция.

ТОЛЫҒЫРАҚ »