UF

ҚЫЗ ҚУУ

Категориясы: Көңіл көтеру


ҚЫЗ ҚУУ - ұлттық ат спорт ойыны. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген. Соның бәрінен мүдірмей өткен жігітке «енді қызды қуып жетсең қаПодпись: ҢЫЗТЕКЕлыңдығың болады» деген талап қойылған.

Осы «езде қыз куу спорттың бір түріне айналды. Қыз қуудың бұрын тұрақты ережесі болмаған. Қыз қуудан Қазақстанда алғашқы спорттық жарыстар 1923 жылы ұйымдастырылды. Содан бері мейрам, түрлі мерекелердің программаларына енгізіліп жүр. Жарыс ұзындығы 300-400 м, ені 30-40 м тегіс жерде өтеді. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттің алдында 10 м жерде тұрады, бұдан кейін төрешінің белгісі бойынша жарыс басталады.

Жарыста жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстіңде құшақтап сүйеді. Бұл - жігіттің жеңгейі. Ал қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Жарыс барысында өз атын қарсыласының алдына тоқтатуға, қаптал сызықтан өтіп кетуге, айналып кайтатын жерге жетпей жарты жолдан қайтып оралуға болмайды. Ережені бұзған спортшылар жарыстан шығарылады.

Кыз қуу жарысына қатысушы командалар саны соңғы жылдары көбейіп келеді. Мыс., 1958 жылы 1-бүкіл одақтық ат спорты жарысына Қазақстан командасы ғана қатысқан болса, соңғы жылдары Кырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Азербайжан спортшылары да қатыса бастады. Сол алғашқы жарыста жамбылдық Ж. Жапбарбаева 1-орынға шықты. Ал командалық есепте азербайжаңдықтаралда болды. 1959 жылы Лейпцигте өткен халықаралық жәрмеңкеде СССР-де кең тараған ұлттық ойындардың бірі ретінде Қыз қуудан жарыс еткізілді. Мұнда алматылық Райхан Аблахатова жеңіске жетті.

  Жарияланған-2019-10-31 12:34:36     Қаралды-29717

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТОҚАШ-ПАХЛАВА

...

Бұл - ішіне жаңғақ салып, май мен бал сіңірілген, ашытылған қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰЗ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жер бетінде су және оның қатты көрінісі - мұз, бірақ әлі де бұл нәрсені жұмбақ табу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ

...

Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАБЫР-НАМЕ

...

«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КИНЗА НОГУЛЫ

...

Бұл - кинза дәнінен жасалатын домалақ, томпақ формалы ақ түйіршіктер. Мөлшері шпан ядросындай. Қант шырыны мен ұнға шыланды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »