UF

МОЗАИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРДІҢ БІРІ

Категориясы: Өнер


Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.

Ежелгі мысыр перғауыны Тутанхамонның тағы асыл тастар сынығынан құрастырылған мозаикамен әшекейленгенді.

Италия музейлерінде бір кезде ежелгі ғимараттар қабырғаларын безендірген мозаикалар өте көп-ақ. Ол кезде үйдің төбесіне, еденіне, есігіне түрлі-түсті смальтадан құрастырылған ою-өрнек салынатын. Кейде тіпті кемелердің өзін мозаикамен нақыштайтын. Ежелгі Помпей, Пергам қалаларын қазған кезде табылған мозаикалар ақ, сары, қара су тастар мен күйдірілген ал қызыл қыш-сынықтарынан құрастырылған. Бір үйдің едені тұп-тұтас мозаика боп шықты. Онда қалай болса солай шашылып жатқан гүлдер, жемістер мен көкөніс қалдықтары бейнеленгендіктен, ол «сыпырылмаған еден» атанып кетті.

Орта Азияның ескі мешіттері мен сарайлары ақ, сары, көкшіл шытыра тастар жапсырылған кірпіш мозаикамен көркемделген.

Император Юстиниан. Равеннад шіркеуіндегі мозаика. 547 ж.

Мозаиканың ерекше бір етек жайған жері - Византия. Мұнда Равенна қаласындағы шіркеулердің бірінен табылған император Юстинианның мозаика портреті берілген. Ол VI ғасырда жасалған.

Ежелгі Русьта да түрлі-түсті шынылар жасауды білген. X-XI ғасырларда Киевте, Черниговта, Владимир-Суздальда салынған шіркеулер түрлі-түсті смальтадан құрастырылған суреттермен әсемделген.

Олардан қалған азғантай жұрнақ осы кезге дейін әдемілігімен, бояуларының қанықтығымен қайран қалдырады.

Кейін бұл өнер тоқырап, атымен ұмыт болды.

Русьте мозаика өнерін Михаил Васильевич Ломоносов қайта жандандырды. Ол арнайы лабораторияда түрлі-түсті шыны жасау жолында мыңдаған тәжірибелер жасады. Ломоносов смальтаның 112 реңкін тапты.

Асыл тас та, алтын да емес, шыныға,

Арнаймын мен мақтау, мадақ жырымды.

деп жазды ол. 1753 жылы Петербург түбіндегі Усть-Рудницкое селосында түрлі-түсті шыны жасайтын фабрика ашты, кейінірек Петербургте мозаика шеберханасын ұйымдастырды. Сол шеберханада шәкірттерімен бірге аса көркем «Палтава шайқасы» мозаикасын құрастырды. Жасыл көк орыс мундирінде көздің жауын алып қызыл оқа жарқыраса қара көк швед мундирі түнеріңкі сезіледі. Аспан мен жер ақшыл, күлгін, қызғылт бояуларды астастырып бейнеленген.

«Полтава шайқасын» жасауға екі жыл уақыт, 1030 000 түрлі-түсті қиықша тас кетті. Егер Мәскеуде болсаңдар, «Комсомольская» метрополитенін барып көріңдер. Самаладай жарқыраған сәнді залдың күмбезінен Куликова шайқасын бейнелейтін суреттерді көресіңдер.

Өне бойы әскери сый-сияпатқа толы Дмитрий Донской ақ боз ат мініп тұр. Алдында - әскері. Қасында - орыс жерінің айбынды қаһармандары Пересвет пен Ослябя.

Ол картина - мозаикалық шығарма. Авторы - П. Д. Корин.

 

  Жарияланған-2016-11-16 19:53:29     Қаралды-8251

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТЕҢІЗ КӨЛІ

...

Теңіз көлі Ақмола облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп кұйылады. Тереңдігі - 2-2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

...

Казақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен, XV-XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »