UF

КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Категориясы: Денсаулық


Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді. Көздің сыртқы жағынан қарағандағы құрылысын суреттен көресің. Бұл суреттен көздің жанары (алмасы) жас безі арқылы үздіксіз суланып-жуылып, жуылған жас мұрын, көз түтігі арқылы мұрын қуысына ағып кететінін байқайсың.

Көз осылайша үздіксіз тазаланып суланып тұрмаса, оның алыстағы, жақындағы және жанындағы нәрселерді тез арада көруі, күндіз және түнде көруі, сондай-ақ түрлі түсті ажыратуы және көргенді есте сақтау қызметтері нашарлайды. Сондықтан да екі жанарыңды сақтай біл.

1. Ымыртта, ала-көлеңкеде, жарық нашар түскенде оқыма, жазба, жұмыс жасама.

2. Күндіз үйде жұмыс жасасаң, жарық (терезе) сол жағыңда болсын. Жарық түскен тесіктен (терезеден) аз да болса аспанның бір бөлегі көрініп тұрсын. Кез алдыңдағы (колыңдағы) істеп отырған жұмысына, жазып отырған кағазыңа, тігіп отырған киіміңе күн түспесін. Күннің шуағы тимесін.

3. Кешке шаммен жұмыс істегенде шам кішкене сол жаққа таман, жарты метрдей (үш жарым қарыстай) алыста тұрсын. Шамның қалпағы (абажур) қара не кызыл, көк, сары секілді түсті болмай, ак шыныдан (фарфордан) болсын. Шамның мұржасы (тұрбасы, шишасы) буылтықсыз, шелек қалыпты болсын. Жыпылықтаған жарықта, ат үстінде жүріп келе жатқан арба-шана үстінде, от арбаның, транспорт ішінде жұмыс жасау, кітап оку көзіңді бұзады. Жатып оқыма, жатып ас ішпе, көзіңді тез бұзасың.

4. Жазғанда қою қара сиямен анык көрінетін сызыктың үстінен жаз. Жазғанда жолмен (транспарант) пайдаланба. Ең жақсысы сызықсыз кағазға түзу жазып үйрен.

5. Жұмыс уақытында кезің талса, жұмысыңды кой да, көзің дем алғанша (талғаны басылғанша) терезеге қара.

6. Қатты ауырып тұрғанда әбден айыққаныңша, біраз уақыт көзіңді күтіп, сақтанып жүр.

7. Еш уақытта көзіңді уқалама, қолыңды тазалап жумай тұрып көзіңе тигізбе.

8. Козіңе қиқым не бөтен нәрсе түсе қалса, көзіңді уқалама, жоғарғы қабағынды қолыңмен жай ғана мұрныңа қарай сипа.

Көзіңе түскен нәрседен солай еткенде де кұтыла алмасаң, дәрігерге көрін. Қазактың әдетінше көзіңе үрлетпе, көзіңді жалатпа.

9. Көруін кемісе иә көзің ауырса, дәрігерге көрін. Козіңе көзілдірік керек пе? Не бөтен дәру керек пе, тек дәрігер ғана біледі. Көзілдірік керек болса, қандай көзілдірік керектігін (көзілдіріктің нөмірін), кай уақытта киюге болатынын дәрігер айтып береді. Орынсыз киген көзілдірік көзді бұзады. Дәрігермен кеңеспей көзілдірік киме!

10. Бөгде адамның бет орамалымен (сүлгісімен) бетіңді, көзіңді сүртпе. Өзіңнің бет орамалың жеке болсын.

Сурет. Көздің құрылысы

(Жас безі және көз бен мұрынның жас жолы жарып көрсетілген)

1-жас безі; 2-үстіңгі қабақ, оның кірпіктері; 3-жас түтігі; 4-көз көлі, 5-жас қапшығы; 6-көз бен мұрынның жас жолы - көз жасы мұрынға қарай ағады; 7-тәменгі қабақ, оның кірпіктері; 8-көз алмасы; 9-көздің түсті қабаты - көздің қара немесн көк болып көрінетін бөлігі; 10-көздің қарашығы - түсті қабаттың ортасындағы тесік; сондықтан да кандай көз болса да қап-қара болып көрінеді; 11-көздің қиығы; 12-қас.

  Жарияланған-2016-09-28 15:48:49     Қаралды-11747

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН КҮЛШЕ (коржик)

...

Қант, жұмыртқа, қаймақ араластырылып, оған жуылған мейіз, жүгері үлпегі және сода қосылады да, 1 минут бойы тағы араластырылып, қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАНИКУЛ СӨЗГЕ СҮМБІЛЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?

...

Біздің әрқайсысымызға сонша үйреншікті осынау сөздің түп негізі...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

...

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЙ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ?

...

Ядролық жарылыс түрлері қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы мүмкін: биіктегі, әуедегі, жер бетіндегі, су үстіндегі, жер астындағы, су астындағы жарылыстар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »