UF

ТОБЫЛҒЫ

Категориясы: Өсімдікті


Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды. Оны бәкімен кесіп, гүлін сілкілеп, тұқымын түсіріп алатын болған. Тобылғы өскен жерге мал жаймаған, тіпті бейберекет аяқпен басуға да рұхсат етпеген. Тобылғы өскен жерде ылғал мол болатынын халқымыз байқап білген. «Тобылғы шөпке жетеді, шөп көпке жетеді» - деген мәтел соның айғағы. Тобылғының дәрілік қасиетін де халқымыз жоғары бағалаған. «Қараған - кен, тобылғы – ем» деген мәтел, тобылғының емдік қасиетін аңғартып тұр. Тобылғының майын от жалына ұстап ерітіп алып, жарақаттанған жерге, темірткіге қарсы пайдаланған. Тобылғы түтінінде ерекше қасиет бар. Тобылғы түтінінен микробтар мен бактериялар жойылады. Тобылғыдан тіс шұқығыштар дайындалып тіс арасындағы микробтарға қарсы пайдаланған. Тобылғы түтінімен сабаны, күбіні, торсықты ыстаған. Тобылғыдан түрлі бұйымдар жасаған. Тобылғы шыбығының түсіне қарап халқымыз ауа-райының қандай болатынын да болжаған. Мысалы, жауын шашын көп болатын маусымда тобылғы шыбығының түсі қоңыр, ал жауын-шашын аз болатын маусымда оның түсі күлгін болады. Егерде мамыр айының алғашқы он кундігінде тобылғы шыбығының түсі қоңыр-қызыл болса жаз жаңбырлы, ал оның түсі күлгін болса, жаңбыр аз жауады деп топшылаған.

  Жарияланған-2015-12-07 18:02:01     Қаралды-43409

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

...

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО АЛҒАШҚЫ КЕЗЕНДЕРІ

...

Турлі түсті кинофильмдерді түсіру, көрсету және олардың көшірмесін алу. Ол кинематографиямен қатар дамып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жапон көпірі

...

Көпірлер әртүрлі болады: төмен, биік, ұзын, қысқа, ажырайтын, аспалы. Бірақ, Жапонияда орналасқан Ешима Охаши көпіріне қарап, шын мәнісінде осындай нәрсенің бар екендігіне сену өте қиын және оны тұрғындар белсенді түрде қолдануда.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫСТА ШЫРША ҚЫЛҚАНЫ НЕЛІКТЕН ЖАСЫЛ БОЛАДЫ?

...

Күздігүні барлық ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалады да, шыршалардын қылқандары жасыл күйінде түспей тұра береді?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)

...

Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »