UF

ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО АЛҒАШҚЫ КЕЗЕНДЕРІ

Категориясы: Тарих


ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО - турлі түсті кинофильмдерді түсіру, көрсету және олардың көшірмесін алу. Ол кинематографиямен қатар дамып келеді. Түрлі түсті кино тәсілдері турлі тусті фотографияның принциптеріне негізделген. Түрлі түсті кино проекциясын жасау тәсілін тапқаны үшін тұңғыш патент 1887 ж. неміс өнертапқышы Г. Изензеге берілді. Алғашқы түрлі түсті кино  түсірілген объектінің кинопозитиві қолдан немесе пантограф көмегімен бояу арқылы жасалған. 20 ғасырдың 20 жылдарында субтрактивті тәсілдердің пайда болуына байланысты екі түске (әдетте қызғылт сары және көк түс) негізделген түрлі түсті кино шығарыла бастады. Сондай-ақ «бипак» деп аталатын тәсіл де пайдаланылды. Бұл тәсілде фильм эмульсия қабаты беттестірілген екі пленкада қатар түсіріледі. Бипак тәсіліне негізделген екі түсті фильмдер шетелдерде, сондай-ақ СССР-де де («Груня Корнакова, 1936; «Сорочинск жәрмеңкесі», 1938) шығарылды.

Түрлі түсті киноның сапасы үш түске негізделген фильмдерді түсіру тәсілдерін игеруден бастап жақсара бастады. Үш түске негізделген алғашқы түрлі түсті фильм «Техниколор» (АҚШ) фирмасында түсірілді («Меңіреу симфониялар», 1933), яғни түрлі түсті фильмдер бір мезгілде 3 ақ-қара негатив пленкада кескінделіп, соңынан түрлі түсті позитив баспаның гидротивтік әдісі арқылы көшіріліп алынды. Жоғары сапалы түрлі түсті фильм дәл кино тусіргі аппараттар мен жоғары сапалы кинопленкаларды пайдалану нәтижесінде жасалады. 20 ғасырдың 30 жылдарынан бастап түрлі түсті кино көп қабатты түрлі түсті кинопленканы пайдалану арқылы түсірілуде. Бұл тәсілде негатив пен позитивтегі түрлі түсті кескін бірнеше қабатты түрлі түсті пленканы арнаулы ерітіндіде өңдеу нәтижесінде алынады. Көп қабатты түрлі түсті кинопленканы пайдалану түрлі түсті кино сапасының жоғары болуын, фильмді түсіруге және көрсетуге стандартты аппаратураларды қолдануды, аралық түрлі түсті негатив алу, фильм көшірмесін көптеп шығару мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Түрлі түсті кино өнімдерін көптеп пайдалану кино өнерінің көркемдік әрі творчестволық мүмкіндігін арттырды.

Әдеб.: Құдайқұлов М., Әуесқойлар киносы, А., 1974; Цветная кинематография, под ред. Е. М. Голдовского. М., 1955; Голдовский Е. М., От немого кино к панорамному, М., 1961.

  Жарияланған-2019-08-29 16:34:11     Қаралды-2474

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШЕЛПЕК НАНЫ

...

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘУКЕ ХАН

...

Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құйрықсыз ит пен мысықты елестету қиын. Неліктен жануарларға құйрық керек?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ ТЕРІСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Биологтар мен дәрігерлер адам терісін бұрыннан зерттеген және оның бізден ешқандай құпиясы қалмаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »